Тәуекелді басқару саясатын анықтаудағы кәсіпорынның қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін талдау


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Тәуекелді басқару саясатын анықтаудағы кәсіпорынның қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін талдау

Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметіне сипаттама

«Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес 1994 жылы 27 желтоқсанынан, ҚР Министрлер Кабинетінің «Қазақтелеком» ұлттық акционерлік қоғамын құру туралы» 1994 жылғы 17 маусым №666 Қаулысына сәйкес құрылып қызмет етеді.

"Қазақтелеком" АҚ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар Министрлігі тарапынан 2004 жылдың 28 мамырсында берілген № АБА №1 . лицензиясы негізінде жұмыс істейді.

Қоғам Қазақстан Республикасының барлық территориясы бойынша өз қызметін таратады, ол қоғамның жарғылық қорына берілетін филиалдардан тұрады. Филиалдар заңды тұлға болып табылмайды. Филиалдар акционерлер Кеңесімен бекітілетін филиал туралы ереже негізінде өз қызметін атқарады.

“Қазақтелеком” халықаралық оператор ретінде алыс шетелдердің 154 операторымен және ТМД мен Балтық елдерінің 23 операторымен тығыз ынтымақтастықты жүзеге асырады. Қазақстандықтарды әлемнің 230-дан астам елімен байланыстырады.

“Қазақтелеком” - бүгінгі таңда тұрақты және игі беделі жыл сайын “үлкен төрттік” аудиторлары тарапынан расталып отыратын бизнес-бағытталған компания. Компания ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды жаңғырту жөнінде белсенді жұмыстар жүргізеді және жаңа технологиялар енгізу мен телекоммуникациялық қызметтердің аймақтық рыногын қалыптастыруды, бірыңғай ақпараттық кеңістік құруды және Қазақстанның халықаралық телекоммуникация рыногындағы ұстанымын арттыруды қамтамассыз етеді.

Компанияның акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне және “көгілдір фишкалар” мемлекеттік пакеттерін жүзеге асыру бағдарламасына енген.

Fitch халықаралық рейтингтік агенттік “Қазақтелекомға” жергілікті және шетелдік валюта бойынша “ВВ” деңгейіндегі ұзақмерзімдік корпоративтік несиелік рейтинг тағайындады. Компанияның рейтингтік келешегін агенттіктер “тұрақты” деп бағалады.

Компания бизнес жобаларымен қатар ауылдық елді мекендерді телефон байланысымен қамту және мектептерді Интернет желісіне қосу жөнінде әлеуметтік міндеттерді шешеді.

Озық телекоммуникациялық технологияларды енгізу сапа менеджметі жүйесіне басты рөл берілетін басқару технологияларымен тиімді үйлеседі. Өткен жылы компания филиалдарын сертификаттау үдерісі табысты аяқталды. “Қазақтелеком” компаниясының клиентпен тікелей қатынас жүргізетін барлық филиалдары ISO 9001:2001 халықаралық сапа стандартына сәйкестікке сертификаттау аудитінен табысты түрде өтті.

Қазақстанның жетекші байланыс операторының табысты қызметіне лайықты баға берген «Euromoney» халықаралық баспа үйі 2005 жылы “Қазақтелекомды” ТМД-дағы үздік телекоммуникациялық компания ретінде таныды.

“Қазақтелеком” бүгінгі таңда - телекоммуникациялық бірегей қызметтер көрсететін және икемді тарифтік саясаты мен сервистің тиісті сапасымен ерекшеленетін компания.

Клиенттерге қызмет етудің және көрсетілетін қызметтерінің сапасын арттыру, олардың түрлерін кеңейту компанияны дамыту саясатының негізгі алғышарттары болып табылады. Бұл мәселелер әсіресе байланыс рыногында ырықтандыру үрдістерін тереңдету және бәсекелестіктің артуы жағдайында, сондай-ақ Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі қарсаңында өзекті бола түсуде.

“Қазақтелеком” өзінің телекоммуникация саласындағы жүйе құрушы ретіндегі жауапкершілігін сезіне отырып, көшбасшы ұстанымын сақтап қалуға және Қазақстанның ақпараттық қоғамы мен бәсекелі экономикасын құруға лайықты үлес қосуға ұмтылады.

"Қазақтелеком" АҚ - Республикадағы ең үлкен компаниялардың бірі, онда 30 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Толық жұмыс кезеңі - қызметтерді өндіруден оны тұтынушыға сатуға дейін және оларды сатудан кейінгі қолдау - атқарылатын функциялардың көп түрлігінде және Қазақстан Республикасының барлық территориясында орналасқан құрылымдық бөлімшелер мен филиалдар санында көрсетілген.

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамын стратегиялық дамытудың
негізгі бағыттары:

Миссиясы. Қазақстан Республикасы телекоммуникациялар рыногының бастаушысы болу. Бір бірімен және бүкіл әлеммен қатынаста болу - сапалы, қолайлы және қарапайым. Халықаралық телекоммуникация ауқымына толық құқықты шоғырлану

Мақсаты. Телекоммуникация секторының ырықсыздануы және әлемдік экономиканың ғаламдануы жағдайында ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекелесе алатын, маркетингтік-бағдарланған, жаңартпалық, технологиялық, ұйымдық және экономикалық тиімді Компания құру.

Қызмет көрсету спектрі. Желінің техникалық мүмкіндігін абонент қатынауы деңгейінен магистралдыққа дейін дамыту жолымен тұтынушыларға бүкіл республика аумағында Интернет желісіне кең жолақты қатынаудан корпоративтік клиенттерге көп делдалдық қызмет көрсетуге дейін телекоммуникациялық қызметтердің кең көлемді спектрін ұсыну. Ұтымды байланыс желісін құру.

Тарату өрісі. Қазақстан республикасының бүкіл аумағына, оның ішінде ауылдық жерде телекоммуникациялар қызметін көрсетуді тарату. Қазақстан Республикасын әлемдік экономикаға шоғырландыру, сыртқы рынокқа шығу. Ресей, Орталық Азия және Қытай телекоммуникациялық рыноктарында Қоғам тұғырларын енгізу және нығайту. Қазақстанның транзиттік әлеует мүмкіндіктерін тұтастай іске асыру.

Телекоммуникациялар қызметін тұтынушылар. Рыноктың жоғары кірісті сегменттерінде бизнеспен белсенді айналысу, жоғары табысты корпоративтік клиенттердің үлесін арттыру және қызмет түрлерін көбейту. Сараланған маркетинг арқылы Қоғам абоненттері санының тұрақтауын және көбеюін, оларға қызмет көрсетудің кең көлемді спектрін және жоғары сапалы сервис ұсынуды қамтамасыз ету.

Қатынау мүмкіндіктерін арттыру. Дәстүрлі арналар (телефондар, факстар, ұтымды аппараттар, Сервис-бюро, Call-орталықтар және т. б. ) бойынша да, Парасаттық желі негізінде де телекоммуникациялар қызмет көрсетулеріне қатынау мүмкіндіктерін арттыру. Абоненттермен өзара әрекет жасаудың интерактивтік түрлерін енгізу (Интернет арқылы клиенттерге қашықтан қызмет көрсету, оның ішінде ұжымдық қатынау орындары, Интернет-кафе, аударымдық төлем түрлері, CRM-шешімдер және т. б. арқылы) .

Сапа. Технологиялық пайдаланудың, тұтынушыларға қызмет етудің әлемдік стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатымен сапа менеджментінің ISO 9001:2000 жүйесін енгізу.

Акционерлік қоғамдағы қаржылық талдаудың негізгі мақсаты кәсіпорындардың табысы мен шығынының, активтер мен пассивтердің құрылымындағы өзгерістерді, дебиторлар мен кредиторлармен есептесудің нақты бейнесін сипаттайтын, ( едәуір ақпаратты) негізгі кіші параметрлі санды алу болып табылады, бұнымен бірге, аналитик пен басқарушы (менеджер) кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жағдайы, оның болашағы мен күтілетін қаржылық нәтижеге мүдделері бар.

Қаржылық нәтиже - табыс түрінде көрінген кәсіпорынның шаруашылық қызметінің экономикалық қорытындысы. Табыс -кәсіпорынның бүкіл ұжымының қызметін сипаттайтын маңызды көрсеткіш. Өндірістік кәсіпорындарда табыс өнімнің сатылу процесінде және толық өзіндік құнын қайтару негізінде пайда болады. Кәсіпорынның шаруашылық есеп қызметінің негізінде табыс жатыр. Ол екі маңызды қызметті орындайды:

1) кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижелерін, ақшалай қорларының көлемін сипаттайды. Табыстың көлемі сатылған өнімінің, ақша көлеміне, өнім сапасына ( марапаттау үстемелері), негізгі қорларды тиімді және нәтижелі қолдану, материалды және еңбек қорлары ( өзіндік құнының төмендеуі), кәсіпорын жұмысының сапасынан ( жабдықтаушылар, сатып алушылар, банк алдында міндеттердің орындалуы) тұрады;

2) табыс кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік даму шығындарын қаржылауының негізгі көзі болып табылады, ал бюджетке табыстан- мемлекеттік бюджеттің табыстың маңызды элементі болып табылады. Кәсіпорынның табысы тек қаржылық қажеттікті ғана емес, тұтынудың қоғамдық қорларын, ғылымның дамуын, денсаулық сақтау, білім беру, елді қорғауды қамтамасыз ету қажет. Алдын ала бекітілген мөлшерлеме арқылы табысының бір бөлігін мемлекетке бөледі, осыдан кәсіпорынның қаржылық қарым-қатынасы пайда болады;

1) бюджетпен;

2) құрылтайшылармен.

Өндірістік- шаруашылық қызметтің нәтижесінде кәсіпорын іске жаратылмайтын табыс алып, шығынданады. Оларға, өнімнің өзіндік құнына жатпайтын әрекет ету арқылы түрлі шығынға апатаратын қызметтер, тұрмыстық- коммуналдық шаруашылықты қолдану, уақыттың өтуіне байланысты қарызды шығынға жазу, апат шығындары және т. б. жатады.

Осындай келеңсіз әрекеттерді болдырмау үшін, жоғарыда атап өткендей кәсіпорынның қыржылық жағдайын талдап отыру қажет.

Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі оның қаржылық - шаруашылық іскерлік көзі негізінде іске асырады. Бухгалтерлік есептің жан-жақты және түбегейлі оқылуы қол жеткен сәттіліктер көзін ашады, сонымен қатар кәсіпорын жұмысының қиыншылықтарын, оның іскерлік жолына түсуге көмектеседі. Есептің мұндай талдауы жеке меншігіндегі және акционерлерге, сонымен қатар кәсіпорын басшылығына керекті қаржылық-шаруашылық істерді бағалауға қажет. Ережеге сәйкес, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын мәлімдейді. Шаруашылықтың иелігінде орналасқан баланстың активі кәсіпорынның мүліктік жағына, материалдық бағалымдардың құрамы мен жағдайына мінездеме береді.

Өз кезегінде баланстың пассиві осы бағалымдардың құрамы және жағдайының құқықтарын мінездейді, ал кәсіпорын іскерлігіндегі әртүрлі қатысушылар арқасында пайда болатын процесс: жеке іс-шара қолданушылар, бизнесмендер, акционерлер, үкіметтің, инвесторлардың, банктер және т. б.

Баланс активіне баптар қосылған, олар функционалдық құрылым бойынша шаруашылық айналым элементтерін анықтайды. Біздің қарастырып отырған зерттеу объектіміз - «Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы филиалының негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін төмендегідей сипаттауға болады.

«Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы филиалының 2010 жылғы қызмет көрсетуден түскен табысы 107 785 427 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 108 %-ға өсті. Оперциялық пайда 2009 жылға қарағанда 102 %-ға өсті. Таза пайда 2010 жылы 31 999 390 теңгені құрады. Жоспар бойынша 29 394 756 теңгені құраған болатын, яғни ол жоспарға қарағанда 109 %-ға өсті. Ал 2009 жылмен салыстырғанда таза пайда 97 %-ға кеміді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ең маңызды критерийлерінің бірі оның төлеу қабілеттілігі болып табылады, ол кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттері бойынша төлеу қабілеттілігі деп түсіну қабылданған. Демек, активі көп, сыртқы міндеті аз кәсіпорын төлеуге қабілетті болып саналады.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті - кәсіпорынның ағымдағы жағдайын сипаттайды. Ол өз міндеттемелері мен күтілетін шығындарды жабу үшін актив жеткіліктігін айтады.

Кесте 2

«Қазақтелеком» АҚ филиалының 2009-2010 ж. негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері

мың теңге

:
2009 жыл: 2009 жыл
2010 жыл жоспар бойынша: 2010 жыл жоспар бойынша
2010жылнақты:

2010

жыл

нақты

:

Қызмет көрсетуден түскен табыс

Операциялық пайда

Операциялық пайданың өтімділігі (сатудан түскен %)

Таза пайда

Таза пайда өтімділігі (сатудан түскен %)

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

Мерзімді өтімділік коэффициенті

Жалпы қаржылық қарыздың меншікті капиталдың баланстық құнына қатынас коэффициенті

Жалпы қаржылық қарыздың меншікті капиталдың нарықтық құнына қатынас коэффициенті

Салынған капиталдан пайда (ROACE=NOPAT/ACE)

Меншікті капиталдан пайда (ROE=Net Income/AEC)

Капиталдың орташа құны (WACC)

Экономикалық қосылған құн (EVA=(ROACE-WACC) *ACE)

2009 жыл:

99 558 265

25 995 268

26, 1

32 846 214

33, 0

1, 30

1, 03

0, 33

0, 25

26, 93

33, 28

11, 10

20 128 731

2010 жыл жоспар бойынша:

100 019 165

22 286 697

22, 3

29 394 756

29, 4

≥1, 0

≥0, 6

≤1, 0

≤1, 0

20, 40

11, 10

13 795 663

2010жылнақты:

107 785 427

26 419 049

24, 5

31 999 390

29, 7

0, 79

0, 67

0, 40

0, 10

20, 66

29, 41

11, 23

15 711 732

:

Тиімділік көрсеткіштері

Дәстүрлі телефония (мың теңге)

1 ТАС есептегендегі табыс (операторлық сегментті есептемегенде)

Еңбек өнімділігі (ТАС/1 жұмысшы)

Абоненттік линияға (MOU) минут көлемі, мың мин.

1 жұмысшыға келетін таза пайда

2009 жыл:

69 384 551

27 081

78

630

1 007 491

2010 жыл жоспар бойынша:

73 857 532

27 144

89

630

912 314

2010жылнақты:

78 770 024

28 492

89

675

1 026 345

Дерек көзі: www. telecom. kz

Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттері бойынша төлеу қабілеттілігі өтімділік деп аталады. Басқа сөзбен айтқанда, егер кәсіпорын өзінің қысқа мерзімді міндеттерін орындауға жағдайы болса өтімді болып саналады, ағымдағы активтерін жүзеге асырады. Аналитикалық жұмыстың тәжірибесінде өтімділік көрсеткіштердің толық жүйесін қолданады. Олардың ең маңыздысын қарастырайық.

Кәсіпорынның өтімділігі - бұл төлеу мерзімі кез келген барлық қажетті төлемдерді жабу үшін өз активтерін ақшаға айналдыру қабілеті. Өтімділік дәрежесі активтерді ақшаға айналдыру мерзімінің уақытша ұзақтығы кезеңімен анықталады. Кезең неғұрлым қысқа болса, аталған активтердің өтімділігі соғұрлым жоғары болады. «Қазақтелеком» АҚ-ның ағымдағы өтімділік коэффициенті 2009 жылы 1, 30 болса, 2010 жылы ол 0, 79 болды. Ол ағымдағы активтердің қаншалықты қысқа мерзімде ағымдағы міндеттемелерді жаба алатындығын айқындауға мүмкіндік береді және кәсіпорынның төлемқабілеттілігінің мүмкіндігін көрсетеді. Аталған кәсіпорынды төлеуге қабілетті деп санауға болады.

Бір телефон аппаратынан түсетін табыс 2009 жылы 27 081 мың теңгені құрады. Ал 2010 жылы 52 %-ға өсті, яғни 28 492 мың теңге болды.

Кесте 3

«Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы филиалының 2009-2010 жылдардағы рентабельділік көрсеткіштері

Көрсеткіш атауы
Есептеу әдісі
Жылдар

Өзгеріс мәні

(+), (-)

2009
2010
Көрсеткіш атауы: 1. Өнім рентабельділігі
Есептеу әдісі: (Таза табыс/өткізуден табыс) *100
Жылдар: 40, 28
Өзгеріс мәні(+), (-): 45, 06
+4, 78
Көрсеткіш атауы: 2. Жалпы рентабельділік
Есептеу әдісі: (салық салудан бұрын қарапайым қызметтен табыс/өткізуден түскен табыс) *100
Жылдар: 44, 56
Өзгеріс мәні(+), (-): 43, 27
-1, 29
Көрсеткіш атауы: 3. Меншікті капитал рентабельділігі
Есептеу әдісі: (таза табыс/меншікті капитал) *100
Жылдар: 53, 37
Өзгеріс мәні(+), (-): 59, 74
+6, 37
Көрсеткіш атауы: 4. Экономикалық рентабельділік
Есептеу әдісі: (таза табыс/баланс) *100
Жылдар: 32, 79
Өзгеріс мәні(+), (-): 38, 17
+5, 38
Көрсеткіш атауы: 5. Қор рентабельділігі
Есептеу әдісі: (таза табыс/ұзақ мерзімді активтер) *100
Жылдар: 37, 1
Өзгеріс мәні(+), (-): 41, 92
+4, 82
Көрсеткіш атауы: 6. Негізгі қызмет рентабельділігі
Есептеу әдісі: (негізгі қызметтен табы/өткізілген өнімнің өзіндік құны) *100
Жылдар: 93, 79
Өзгеріс мәні(+), (-): 91, 11
-2, 68

Дерек көзі: www. telecom. kz

«Қазақтелеком» АҚ филиалының рентабельділігін сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу келесі тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді. Сонымен, таза табыс бойынша өнім рентабельділігін есептегенде, есеп беру кезеңінде әр бірлік бойынша өткізілген қызмет үшін 11, 9% таза табыстың өсуі анықталды. Алайда, жалпы рентабельділік 2, 9%-ға төмендеген.

Меншікті капитал рентабельділігін есептеу 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы «Қазақтелеком» АҚ иелері салған әр ақшалай бірлік таза табысты 12%-ға көбірек тапқан.

Экономикалық рентабельділікті есептеу кезінде келесі анықталды: 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы кәсіпорынға қаражаттарды табу кезіне тәуелсіз табыстың 1 ақшалай бірлігін алу үшін ақшалай қаражаттар 16, 4%-ға көбірек қажет. Қор рентабельділігін есептеу кезінде анықталатын негізгі құралдар мен басқа да ұзақ мерзімді активтерді пайдалану тиімділігі 13%-ға өсті.

Негізгі қызмет рентабельділігін есептеу өткізуден табыстың төмендеуін көрсетті, 1 теңге шығысқа келетін 2009 жылмен салыстырғанда 2, 9%-ға төмен. Өткізілген талдау негізінде кәсіпорын қызметінің жағымды және жағымсыз жақтарын көрсетуге болады.

«Қазақтелеком» АҚ филиалының қызметінің жағымды жақтары келесілер болып табылады:

  • жұмыс тәжірибесі үлкен мамандардың жоғары дәрежелілігі;
  • негізгі өнімді өндіру және өткізу процесінің ұйымдастырылғандығы;
  • өндірілетін өнімнің жоғары сапасы;
  • кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін әрқашан жетілдіру.

Кәсіпорын қызметінің жағымсыз жағы:

  • ұзақ мерзімді активтердің жоғары үдемелі салмағы және оның сомасының өсуі кәсіпорынның меншік қаражаттарын ағымдағы активтерге емес, айналымнан тыс активтерге салатынын куәландырады.

2. 2 Кәсіпорынның қаржы активтерінің табыстылығын талдау және бағалау

Жалпы төлемқабілетсіздік жағдайы және барлық кәсіпорындардың кәсіпорынроттық іс әрекеттері және нақты қаржылық жағдайды бағалау қазіргі кезде маңызды орын алады. Мұндай бағалаудың басты критериі кәсіпорынның төлемқабілеттілік көрсеткіштері және өтімділік деңгейі болып табылады.

Кәсіпорын өтімділігін талдауға көшуден бұрын, актив, баланс, кәсіпорын өтімділігі не екенін анықтау қажет. Өтімділіктің екі концепциясы белгілі. Бірінші концепцияға сәйкес, өтімділік - бұл кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін төлей алуы. Келесі концепцияға сәйкес өтімділік - ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу дайындығы мен жылдамдығы. Кәсіпорынның өтімділік мәні өзімен бірге баланс өтімділігін ұсынады. Баланс өтімділігін талдау өтімділік деңгейі бойынша топтастырылған актив қаражаттары және өтеу мерзімі бойынша топтастырылған пассив міндеттемелерін салыстыруға негізделеді. Өтімділік қаражаттары мен міндеттерді сәйкестендіру мынадай көрсеткіштерді есептеуге мүмкіндік береді: ағымдағы өтімділік пен перспективадағы өтімділік. Ағымдағы өтімділік кәсіпорынның қарастырылатын уақыт ішінде төлемқабілеттілігі және төлемқабілетсіздігі туралы куәландырады және келесі формуламен есептелінеді:

ТЛ = ( А 1 + А 2 ) - ( П 1 + П 2 ), (2. 1)

мұндағы ТЛ - ағымдағы өтімділік, А 1 және П 1 - актив және пассив бойынша сәйкес топтардың қорытындылары.

Перспективалық өтімділік - бұл болашақтағы түсімдер мен төлемдер негізінде болжау. Ол келесі формуламен есептелінеді:

ПЛ = А 3 - П 3 , (2. 2)

мұндағы ПЛ - перспективалық өтімділік, А 3 және П 3 - актив және пассив бойынша сәйкес топтардың қорытындылары[10] .

Активтер пайдалылығын талдау 3- кестеде көрсетілген. Абсолютті өтімділік көрсеткіштері (2. 1) және (2. 2) формулалары арқылы есептелінеді.

ТЛ 2009 = ( 9841 + 151381 ) - ( 9181120 + 0 ) = - 756898 мың теңге

ТЛ 2010 = ( 1861 + 142034 ) - ( 904030 + 0 ) = - 760135 мың теңге

ПЛ 2009 = 119729 - 0 = 119729 мың теңге

ПЛ 2010 = 82793 - 0 = 82793 мың теңге

Кесте 4

«Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы филиалының 2009-2010 жылғы активтер пайдалылығын талдау

Активтер
2009ж.
2010ж
Міндеттемелер
2009ж.
2010ж.
Төлемдік артықшылық (+), жеткіліксіздік (-)
2009ж.
2010ж.
Активтер: Ең өтімді активтер, А 1
2009ж.: 9841
2010ж: 1861
Міндеттемелер: Жедел міндет-темелер, П 1
2009ж.: 918120
2010ж.: 904030
Төлемдік артықшылық (+), жеткіліксіздік (-): -908279
-894169
Активтер:

Тез өтімді активтер,

A 2

2009ж.: 151381
2010ж: 142034
Міндеттемелер: Қысқа мерзім-ді міндетте-мелер, П 2
2009ж.: 0
2010ж.: 0
Төлемдік артықшылық (+), жеткіліксіздік (-): +151381
+142034
Активтер: Баяу өтім-ді актив-тер, A 3
2009ж.: 119729
2010ж: 82793
Міндеттемелер: Ұзақ мерзімді міндетте-мелер, П 3
2009ж.: 0
2010ж.: 0
Төлемдік артықшылық (+), жеткіліксіздік (-): +119729
+82793
Активтер: Қиын өтімді ак-тивтер, A 4
2009ж.: 2099281
2010ж: 2277002
Міндеттемелер: Тұрақты міндет-темелер, П 4
2009ж.: 1462112
2010ж.: 1599660
Төлемдік артықшылық (+), жеткіліксіздік (-): +637169
+677342
Активтер: БАЛАНС
2009ж.: 2380232
2010ж: 2503690
Міндеттемелер: БАЛАНС
2009ж.: 2380232
2010ж.: 2503690
Төлемдік артықшылық (+), жеткіліксіздік (-): -
-

Дерек көзі: «Қазақтелеком» филиалының қаржылық есебі 2009-2010 ж.

Есептеу нәтижелері кәсіпорынның есеп беру кезеңінің соңына активтер мен міндеттемелер бойынша топтар нәтижелерін сәйкестендіру келесі нәтижелерді көрсетті: А 1 < П 1 , А 2 > П 2 , А 3 > П 3 , А 4 < П 4 . Осыған байланысты баланс өтімділігін жеткілікті деп атауға болады. 2009 жыл мен 2010 жылы ағымдағы өтімділік көрсеткіштері төлемділік жеткіліксіздігін көрсетті, яғни қарастырылып отырған кезеңге жақын уақытта кәсіпорын өз міндеттемелерін төлеуде қиындыққа шалдығады.

Бірақ, перспективалық өтімділік көрсеткішінің өсімі болжамды төлемқабілеттілігінің артуын куәландырады, яғни болашақ ақшалай түсімдерге қарағанда кәсіпорын қаржылық қиындықтарға ұшырамайды.

Нәтижесінде есеп беру кезеңнің соңында кәсіпорын жеделдігі жоғарылау міндеттемелерінің 0, 2 % төлей алады, бұл қаржылық жағдайдың шектелгендігін көрсетеді.

Қаржылық жағдайды талдаудың басты міндеті кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштерді зерттеу болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ең маңызды критерийлерінің бірі оның төлемқабілеттілігі болып табылады, ол кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттері бойынша төлеу қабілеттілігі деп түсіну қабылданған. Демек, активі көп, сыртқы міндеті аз кәсіпорын төлеуге қабілетті болып саналады.

Кесте 5

«Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы филиалының 2009-2010 жылдардағы қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері

(мың теңге)

Көрсеткіш атауы
Жылдар
2010ж. 2009 жылмен салыстырғанда абсолюттік өзгеріс
2009
2010
Көрсеткіш атауы: 1. Меншікті капитал
Жылдар: 1462112
2010ж. 2009 жылмен салыстырғанда абсолюттік өзгеріс: 1599660
+137548
Көрсеткіш атауы: 2. Ұзақ мерзімді активтер
Жылдар: 2103175
2010ж. 2009 жылмен салыстырғанда абсолюттік өзгеріс: 2279897
+176722
Көрсеткіш атауы: 3. Меншікті айналым қаражаттары
Жылдар: 641063
2010ж. 2009 жылмен салыстырғанда абсолюттік өзгеріс: 680237
+39174
Көрсеткіш атауы: 4. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Жылдар: 0
2010ж. 2009 жылмен салыстырғанда абсолюттік өзгеріс: 0
-
Көрсеткіш атауы: 5. Запастар мен шығыстарды құру үшін меншікті айналым қаражаттары және ұзақ мерзімді міндеттемелер болуы
Жылдар: 641063
2010ж. 2009 жылмен салыстырғанда абсолюттік өзгеріс: 680237
+39174
Көрсеткіш атауы: 6. Қысқа мерзімді міндеттемелер
Жылдар: 918120
2010ж. 2009 жылмен салыстырғанда абсолюттік өзгеріс: 904030
-14090
Көрсеткіш атауы: 7. Ағымдағы активтер
Жылдар: 277057
2010ж. 2009 жылмен салыстырғанда абсолюттік өзгеріс: 223793
-53264
Көрсеткіш атауы: 8. Запастар мен шығыстар көлемі
Жылдар: 115835
2010ж. 2009 жылмен салыстырғанда абсолюттік өзгеріс: 79898
-35937
Көрсеткіш атауы: 9. Запастар мен шығыстардың құрылуы үшін меншікті айналым қаражаттарының артықшылығы (жеткіліксіздігі)
Жылдар: 756898
2010ж. 2009 жылмен салыстырғанда абсолюттік өзгеріс: 760135
+3237
Көрсеткіш атауы: 10. Запастар мен шығыстардың құрылуы үшін негізгі құралдардың артықшылығы (жеткіліксіздігі)
Жылдар: 161222
2010ж. 2009 жылмен салыстырғанда абсолюттік өзгеріс: 143895
-17327

Дерек көзі: «Қазақтелеком» филиалының қаржылық есебі. 2009-2010 ж.

«Қазақтелеком» Акционерлік Қоғамы филиалының қаржылық тұрақтылығын жалпы бағалау 4 кестеде көрсетілген. Есептеу мәліметтері көрсеткендей кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты емес екендігі байқалады. Бұл қорытынды келесілер негізінде жасалады:

  • запастар мен шығыстар өзіндік айналым қаражаттарымен өтелмейді;
  • кәсіпорын қаржылық жағдайынынң тұрақсыздығын ұстап тұрған басты себеп - запастар мен шығыстар өсімінен құрылу көздері өсімінің төмендеуі, пайда болу көздерінің жалпы көлемі 19, 22%-ға төмендесе, запастар мен шығыстар құны 31, 02% төмендеді.

Сурет 4. Кәсіпорын активтерінің құрамы мен құрылымының өсу қарқыны

Дерек көзі: «Қазақтелеком» филиалының қаржылық есебі. 2009-2010 ж.

Сурет пен кестеден байқап отрығанымыздай, меншікті капиталдаң бірлігі 2009 жылға қарағанда 137548 мың теңгеге жоғарылаған. Қысқа мерзімді міндеттемелер төмендеген, бұл жалпы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын білдіреді.

Кесте 6

«Қазақтелеком» Акционерлік Қоғамы филиалының 2009-2010 жылдардағы дебиторлық қарызын талдау

Бап атауы
2009ж
2010ж
Ауытқу (+, -)

Сома,

мың тг

Үлес салмақ, %
Сома, мың тг
Үлес салмақ, %
Бап атауы: Алынуға тиісті шоттар
2009ж: 138051
2010ж: 91, 19
Ауытқу (+, -): 132342
93, 18
-5709
Бап атауы: Басқа дебиторлық қарыз
2009ж: 13330
2010ж: 8, 81
Ауытқу (+, -): 9692
6, 82
-3638
Бап атауы: Барлығы
2009ж: 151381
2010ж: 100
Ауытқу (+, -): 142034
100
-9347

Дерек көзі: «Қазақтелеком» филиалының қаржылық есебі. 2009-2010 ж

Сонымен бірге, дебиторлық қарыз кәсіпорын активтерінің негізігі бөлігі болып табылады. Дебиторлық қарыз жағдайын талдау 6- кестеде көрсетілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызметтің негіздері
Операциялық тетік нәтижесін талдау және бағалау
Банктердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың кезеңдері
Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқару ерекшеліктері. «Аққайнар» АҚ - ның қаржылық жағдайын талдау
Кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру
Коммерциялық банктердегі несие саясатына талдау жүргізу (АҚ «БТА» банк тәжірибесінде)
Өндірістік кәсіпорынның тәуекел көзі мен факторлары
Кәсіпорынның қаржыландыру көздерінің құрылымы
Ет өнімдерін өндіретін ЖШС «Казмясопродукт-М» кәсіпорынның ақша ағындарын жоспарлау мен басқару тиімділігін зерттеу және оны басқарудағы негізгі мәселелерді анықтау
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын ұйымдастыру және оларды пайдалану тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz