Мемлекеттік кредиттің теориялық аспектілері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 МЕМЛЕКЕТТІК КРЕДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . . 5
- Мемлекеттік кредиттің экономикалық мәні және маңызы
1. 2 Мемлекеттік кредиттің түрлері, нысандары мен әдістері
1. 3 Мемлекеттік қарызды басқарудың шетелдік тәжірибесі
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СЫРТҚЫ БОРЫШ ЖӘНЕ ОНЫҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ
2. 1 Қазақстан Ресепубликасындағы макроэкономикалық ахуал және
сыртқы борыш жағдайының өзара байланысы
2. 2 Жалпы сыртқы және ішкі борыштың даму серпінін талдау
2. 3 Мемлекеттік және мемлекеттік кепілдік берген сыртқы борыштың
динамикасы
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШТЫ БАСҚАРУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі заманда бюджеттік дефицит мәселесі мен мемлекеттік борышдарының өсе беруіне тап болмайтын бірде-бір мемлекет жоқ. Барлық әлем борышға өмір сүреді. Келешек ұрпақтар өмірге келмей жатып, әлеуетті борышгер болады. Ішкі салымдарды жүзеге асыру, мемлекеттік бюджеттің дифицитін жабу, әлеуметтік-экономикалық өзгертулер енгізу және сыртқы борыштар бойынша борышдық міндеттемелерді орындау үшін елдердің көбінде өз ресурстары жеткіліксіз. Біреуі көбіне борышгерден гөрі кредитор болса, екіншісі керісінше. Бірақ бұл елдердің барлығында дерлік борышдық экономикалық жүйе қалыптасқан. Сондай-ақ ұлттық шаруашылықтардың сырттан келетін көмекке деген сұранысы қаржы нарықтарының либерализациясы мен глобализациясы жағдайында одан әрі күшейе бермек.
Ірі мемлекеттік борышдарды тек кедей, дамушы елдер ғана емес, сондай-ақ АҚШ, Канада, Жапония сияқты дамыған мемлекеттер де иемденеді. Сонымен қатар, мемлекеттік борышдардың өсуі бір жағдайларда экономиканың мемлекеттік реттеуін жүргізумен байланысты болса, кей кезде ел экономикасын реттейтін шараларды жүргізудің керектігін білдіреді.
Қазіргі нарықтық шаруашылықтардың әр түрлі модельдердің барлығына тән - ол, нарықтық механизмнің мемлекеттік реттеумен толықтырылатын аралас экономика. Осындай жағдайда мемлекеттік қызметті қаржыландыру көздері жөніндегі мәселе маңыздана түседі. Мұндай қаржы көздеріне салықтармен қатар, мемлекеттік борышдар да жатады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік борышды басқару - еліміздің макроэкономикалық тұрақтылығының маңызды факторы. Бұл борышдық мәселені шешуден Қазақстанның бюджетінің қызмет көрсетуі, оның валюталық резервтерінің жағдайы, яғни ұлттық валютаның тұрақтылығы, пайыздық қойылымның деңгейі, инвестициялық климат, отандық қаржы нарығының барлық сегменттерінің жұмысы анықталады. Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді. Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін ең алдымен мемлекеттік қаржы саласында мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет. 1990-шы жылдардың басындағы Қазақстан экономикасын қайта құру әлеуметтік-экономикалық реформаларды қаржыландыруға және ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге өз қаржы қорының тапшылығымен (жетіспеуімен) сипатталды. Бұл несие капиталының сыртқы және ішкі нарығында мемлекеттік борыш алу қажеттігін туғызды. Қаржы нарықтарынан қаражатты борышға алу әлеуметтік-экономикалық даму мұқтаждары мен мемлекеттің өз қаржы қоры тапшылығының арасындағы қайшылықты жоюға мүмкіндік берді. Несиелер мен борышдар алу арқылы қосымша мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың жағымсыз салдары ақша шығару практикасын қолданудан гөрі азырақ болды.
Халықаралық тәжірибе көрсеткеніндей, борышға алу саясатын ойластырылған түрде қолдану және мемлекеттік сектордың борышын басқару мен жеке сектордың сыртқы борышын реттеу саласында мемлекеттің әлеуетін нығайту үшін уақытында қажетті шаралар қолдану елдің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады.
Осы курстық жұмысты жазарда алдыма қойған мақсаттарым - мемлекеттік борыш мәселесін жалпы түсінігін анықтау, борышдарды тиімді реттейтін механизмдермен танысу және Қазақстанның борышдық жағдайын талдау. Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру келесі міндеттерді шешуді көздейді:
-мемлекеттік борыш алу құбылысының түсінігін анықтау
-нарық жағдайындағы сыртқы борышдардың тиімділігін, олардың экономикалық дамуға ықпалын бағалаудың көпшілік мақұлдаған тәсілдемелерін қарастыру, мемлекеттік сыртқы борышды басқарудың қаржылық әдістерін жіктеу;
-Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы борышының өсімін талдау, сыртқы борышдардың тиімділігін бағалау, түйткіл мәселелерді анықтап, елдің дамуына қауіп төндіретін жағдайларды қарастыру
Зерттеудің объектісі - Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы борышы.
Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді. Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін ең алдымен мемлекеттік қаржы саласында мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет. 1990-шы жылдардың басындағы Қазақстан экономикасын қайта құру әлеуметтік-экономикалық реформаларды қаржыландыруға және ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге өз қаржы қорының тапшылығымен (жетіспеуімен) сипатталды. Бұл несие капиталының сыртқы және ішкі нарығында мемлекеттік борыш алу қажеттігін туғызды. Қаржы нарықтарынан қаражатты борышға алу әлеуметтік-экономикалық даму мұқтаждары мен мемлекеттің өз қаржы қоры тапшылығының арасындағы қайшылықты жоюға мүмкіндік берді. Несиелер мен борышдар алу арқылы қосымша мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың жағымсыз салдары ақша шығару практикасын қолданудан гөрі азырақ болды.
Халықаралық тәжірибе көрсеткеніндей, борышға алу саясатын ойластырылған түрде қолдану және мемлекеттік сектордың борышын басқару мен жеке сектордың сыртқы борышын реттеу саласында мемлекеттің әлеуетін нығайту үшін уақытында қажетті шаралар қолдану елдің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады.
Осыған байланысты борышды басқару жүйесін негіздеу мен жалпы сыртқы борышды басқару тетіктерін жетілдірудің тиімді нысандары мен әдістерін анықтау өзекті болып табылады.
Тақырыпты зерттеудегі мақсатым - елдің орта мерзімді кезеңдегі жалпы сыртқы борышының мөлшерін жалпы ішкі өнімге қатысты белгіленген қатынастар шеңберінде азайтып, жалпы сыртқы борышды ел үшін қауіпсіз деңгейде ұзақмерзімді болашаққа ұстап отыруға мүмкіндік беретін борышдарды басқарудың бірыңғай және тиімді қызмет ететін жүйесін қалыптастыру, сонымен қатар жекеменшік секторының борыш капиталының сыртқы нарығында борыш алу мәселелерін тиімді реттеуге себін тигізу.
Дипломдық жұмыстың ғылими жаңалығы мыналар:
- рынок жағдайындағы мемлекеттік борышты басқаруды теориялық тұрғыдан негіздеу;
- нарық жағдайындағы сыртқы борышдардың тиімділігін, олардың экономикалық дамуға ықпалын бағалаудың көпшілік мақұлдаған тәсілдемелерін қарастыру;
Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы борышының динамикасын талдау:
- түйткіл мәселелерді анықтап, сыртқы борышдардың тиімділігін бағалау.
- елдің жалпы сыртқы борышын, оның Қазақстан экономикалық жағдайларындағы ең шекті көрсеткіштерін неғұрлым дәл есептеудің әдістемесін анықтау;
- борыш алу және жекеменшік сектордың борыш капиталының сыртқы нарығындағы міндеттемелерін өтеу мәселелерін мемлекеттік реттеудің тетіктерін анықтау;
- сыртқы борышдардың қалыптасқан деңгейі шеңберінде Қазақстанның қаржы және ақша-несие саясатын жүзеге асырудың ұсыныстарын дайындау.
1 МЕМЛЕКЕТТІК КРЕДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1Мемлекеттік кредиттің экономикалық мәні және маңызы
Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі борышға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынстарды банк несиесімен шатастыруға болмайды
Мемлекеттік кредиттің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландырута бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік кредит жөніндегі қатынастар мына негіздерде қаржы қатынастарына кіреді:
1) мемлекеттік кредит жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі қажеттіліктерді - өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты стратегиялық, оперативтік қажеттіліктерді қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттің қаржы ресурстары ретінде қаралады;
2) алынған және берілген кредиттер үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің - үкіметтің борыш алулары кезінде орталық (республикалық) немесе биліктің жергілікті органдарының борыш алулары кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан борышдар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар " салықтар", яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады.
Мемлекеттік кредит ақша қаражаттарын (оларды кейін қайтару шартында) қайта бөлу функциясын орындайды. Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік кредит жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Кредиттің көмегімен біршама азғантай, орташа жинақ ақша мемлекетте шоғырландырылады және оның қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталады. Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында орналастырылатын мемлекеттік борышдардың облигацияларын шығару, мемлекеттің бағалы қағаздарының басқа түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді, қазынашылық бондарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жетеді. Бұл функция іс-әрекетінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдайы өндірістің ауқымын арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады.
Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың қарамағына елдің заңи және жеке тұлғаларының бос ақша қаражаттары да, сонымен бірге, басқа елдердің (үкіметтердің, қаржы-кредит мекемелерінің) және халықаралық қаржы-кредит институттарының ресурстары да несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.
Мемлекеттік кредит- жалпы мемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредиттік қатынастардың жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет кредитордың да, борыш алушының да, гаранттың да (борыш алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін. Кредиттік қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, ал заңи және жеке тұлғалар кредиторлар немесе борыш алушылар болып табылады.
Мемлекеттік кредиттің жекеше кредиттен айырмашылығын мына төмендегі кестеден көре аламыз:
1 кесте
Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жекеше кредит
айырмашылықтары
Дерек көзі: Құлпыбаев С., Ынтықбаева С. Ж., Мельников В. Д. Қаржы негіздері: Оқулық. -
Алматы LEM, 2009 - 670 бет
Мемлекеттік кредиттің көздері- кәсіпорындарда, банктерде, зейнетақы қорларында, сақтық қорларында, халықта пайда болатын уақытша бос қаражаттар.
Мемлекет кредиттік ресурстарды:
1) бюджет тапшылығын қаржыландыру;
2) ұлттандырылған және аралас кәсіпорындарға жұмсалатын күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру;
3) биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдарын қаржыландыру:
4) елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланады.
Мемлекеттік кредиттің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік кредит бойынша қатынастарды қаржылық қатынастарға мына негіздемелер бойынша кіріктіреді:
1) мемлекеттік кредит жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі мұқтаждарды өндірістік сияқты, өндірістік емес мұқтаждарды да, сол сияқты стратегиялық, сондай-ақ оперативтік мұқтаждарды да қаржыландыруға бағыт-талатын мемлекеттің қаржылық ресурстары ретінде қаралады;
2) алынған және берілген кредиттер үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің үкіметтің борыш алулары кезінде орталық (республикалық) немесе биліктің жергілікті органдарының борыш алулары кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан борышдар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар «антиципацияланды- рылған салықтар», яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады.
Қаржының ұдайы өндірістік функциясы шектерінде мемлекеттік кредит ақшалай қаражаттарды (оларды кейін қайтару шарттарында) қайта бөлудің қосалқы функциясын орындайды. Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік кредит жинақақшаны ұйымдасты- ру нысандарының бірі болып табылады [2] .
Кредиттің көмегімен халықтың, кәсіпорындардың шамамен көп емес орташа жинақ ақшалары мемлекетте шоғырландырылады және экономиканы, әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымның қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталады. Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында орналастырылатын мемлекеттік борышдардың облигацияларын шығару, мемлекеттің бағалы қағаздарының басқа түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді, қазынашылық боналарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жетеді.
Мемлекеттік борыш алудың сан алуан құралдарының болуы халыққа жинақ ақшалардың ұйымдық нысандарын таңдау еркіндігіне мүмкіндік береді. Бұл функция іс-әрекетінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдайы өндірістің көлемін арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады.
Ағымдағы кезеңде пайдаланылатын қаражаттар кредиторға ондаған жылдардан кейін, яғни келешектегі ұрпақтардан өнді ріп алынатын салықтар есебінен қайтарылуы мүмкін болғанда мемлекеттік кредиттің қайта бөлгіштік функциясы сонымен бірге оның «мерзімінен бұрын төлену» қасиетінде көрінеді, сөйтіп, келешектегі ұрпақтардың қаражаттарын бүгінгілердің пайдасына қайта бөлуге қол жетеді («уақытқа қарай қайта бөлу») .
Мемлекеттік кредиттің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және оларды мемлекеттің кезек күттірмейтін мұқтаждарын қаржыландыруға бағыттауға саяды.
Мемлекеттік кредит түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады (кесте 2) .
2 кесте
Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борыштың сыныптамасы
Түрлері
Мемлекеттік банктер салымдарының қалдықтарын пайдалану
Орталық банктің кредиттері
Қазынашылық несиелер
Ақшалай борышдар
Тауарлық борышдар
Дамуға ресми көмек
Өтемдік келісімдер
Шаруашылық жүргізуші субьектілердің борышдары бойынша мемлекеттің кепілдіктері
Байланыс
қан
Байланыс
паған
Әдістері
Мемлекеттік бағалы қағаздар(облигациялар, қазынашылық міндеттемелер, вексельдер, сертификаттар, өндірістік қаржы құралдары)
Беру, өтеу мезгілдері
Табысты есептеу (пайыздық табыстар, дискнот, ұтыстар)
Кепілзаттық міндеттемелерді, кепілдерді рәсімдеудің тәртібі
Орналастыру және қызмет көрсету үшін делдалдарды таңдау
Басқа да әдістер тәсілдер
Дерек көз: Құлпыбаев С., Ынтықбаева С. Ж., Мельников В. Д. Қаржы негіздері: Оқулық. 2009 ж.
Мемлекеттік кредиттің екінші қосалқы функциясы - реттеуші функциясы. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағындарын реттейді: несие капиталдарының рыногында борыш алушы бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады. Бұл ретте мемлекет бұл рыноктағы бәсекеге араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады («ығыстыру әсері») . Бұл олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады. Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалардың) қысқаруына жеткізеді, мұның өзі ақша эмиссиясының зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.
Сөйтіп, егер кредиттің қайта бөлгіштік функциясының көмегі-мен мемлекет ақшалай ресурстарды тікелей белгілі бір салаларға (немесе қажетті өндірістерді дамытуға) бағыттайтын болса, реттеуші функция арқылы мемлекеттік кредит жөніндегі қатынастарға қатыспайтын шаруашылық қатынастарының субъектілеріне қосымша жанама ықпал етуге қол жетеді.
Ішкі кредитте мемлекеттік - кредиттік қатынастар жан-жақты тұрғыда: борыш алушылар ретінде де, сондай-ақ кредиторлар ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындар-дың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады Халықаралық кредитте қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікті органдарды, басқа жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы банк ұйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет донор немесе ұйым донор, ал кредит алушы ел реципиент ел деп аталады.
Шартты мемлекеттік кредит отандық борыш алушылар: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған борышдарына басқа елдердің кредиторларына берілген кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады.
Борыш шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық борыш алушының уақыты келген міндеттемелері бойынша жауап береді борыш алушының мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджеттік қаражаттар есебінен борышдың сомасын төлейді.
Мемлекеттік кредиттеу мемлекеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім қабылдау рәсімдерін қамтитын процесті білдіреді.
Кредитор, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және борыш алушы арасындағы бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезінде тараптардың құқықтық қатынастарын белгілейтін келісім кредиттік шарт болып табылады.
Мемлекеттік кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу мақсаттарына, борыш алушылардың шаруашылық қызметінің залалдарын жабуына, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің) көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге берілмейді.
Мемлекеттік кредиттер мынадай талаптар сақталған жағдайда беріледі: салық берешегінің болмауы;
борыш алушының бюджеттік кредит бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін жағдайының болуы;
борыш алушының бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша берешегінің болмауы.
Мемлекеттік кредиттеу принциптері
Мемлекеттік кредиттерді беру мынадай:
1) мемлекеттік кредитті кредит шартына сәйкес өтеу міндеттілігін көздейтін қайтарымдылық;
2) міндеттемелердің орындалуын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәсілдермен қамтамасыз ететін жағдайының болуын көздейтін қамтамасыз етілу;
3) мемлекеттік кредиттің берілгені үшін борыш алушының сыйақы төлеуін көздейтін ақылылық;
4) мемлекеттік кредитті беру мерзімін белгілеуді көздейтін мерзімділік принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік кредиттер мынадай өлшемдер сақталған жағдайда беріледі:
1) іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың
экономикалық және әлеуметтік тиімділігі;
2) мемлекеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы;
3) борыш алушының Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өлшемдерге сәйкес кредиттік қабілеті.
Мемлекеттік кредиттеу субъектілері
1. Кредитор, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, борыш алушы, соңғы борыш алушы және сенім білдірілген өкіл бюджеттік кредиттеу субъектілері болып табылады.
2. Мемлекеттік кредиттеу субъектілерінің құқықтары мен міндеттері осы Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес кредиттік шартпен және тапсырма шартымен айқындалады.
Кредиторлар мыналар болып табылады:
1. Қазақстан Республикасының бюджеттік және азаматтық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кредит беретін кредит шартының тарабы кредитор болып табылады.
2. Республикалық бюджеттен мемлекеттік кредиттеу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі кредитор болып табылады.
Мемлекеттік кредиттеу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан кредитор ретінде әрекет етеді.
3. Жергілікті бюджеттен мемлекеттік кредиттеу кезінде тиісті жергілікті атқарушы орган кредитор болып табылады.
4. Кредитор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кредит беруді қамтамасыз етеді, кредит шарты талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады [3] .
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мемлекеттік кредит беру кезінде кредиттік шарттың тарабы болып табылады:
- қаржы агенттіктерін қоспағанда, мамандандырылған ұйымдар мен сенім білдірілген өкілдерді конкурстық негізде айқындауды;
- мемлекеттік кредиттердің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оларға қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингін жүзеге асырады.
Борыш алушылар. 1. Мемлекеттік кредитті алушы, негізгі борышты өтеу және сыйақы, сондай-ақ кредиттік шартқа сәйкес басқа да төлемдерді төлеу жөнінде міндеттемелер алатын кредит шартының тарабы борыш алушы болып табылады.
2. Мыналар:
1) мамандандырылған ұйымдар - банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке не ұлттық холдингке, не Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар;
2) жергілікті атқарушы органдар;
3) шет мемлекеттер;
4) жеке тұлғалар борыш алушылар бола алады.
Түпкілікті борыш алушылар
1. Мамандандырылған ұйым оған кредитор немесе қаржы агенттігі айқындаған шарттармен беретін бюджеттік кредитті соңғы алушы түпкілікті борыш алушы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар түпкілікті борыш алушылар бола алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz