Қазақстанның физикалық география курсында экологиялық білім мен тәрбие беру



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. География сабағында экологиялық тәрбие беру негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Оқу.тәрбие үдерісінде экологиялық білім мен тәрбие беру ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Экологиялық білім мен тәрбие жайлы ғылыми еңбектер ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3 Қазіргі экологиялық мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.4 Қазақстанның экологиялық проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2. Жеке адамның экологиялық мәдениетін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... .. 26
2.1 Жеке адамның экологиялық мәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.2 Білімгерлерге экологиялық тәрбие беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
2.3 Сыныптан тыс экологиялық білім мен тәрбие беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
2.4 Экологиялық білім алуда танымжорық сабақтарын өткізу ... ... ... ... ... ... ... .48
2.5 Қазіргі заман талабына сай экологиялық білім мен тәрбие беру
жұмыстарын жүзеге асыруға байланысты міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
КІРІСПЕ

Қазіргі кезеңде қоғамның даму бағыты бүкіл оқу-тәрбие жұмысының алдына жас жеткіншектердің тілін, ақыл-ойын, жалпы білім деңгейін, дүниетанымын дамыту мәселесін қойып отыр.Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік дәреже алуы, тұңғыш Конституция, Білім беру заңының қабылдануы ұрпақ тәрбиесіне жаңаша қарауды, оны жақсарту жолдарын нақты айқындауды талап етеді.Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жас ұрпақты ізгілікке, эстетикаға, отансүйгіштікке баулитын экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Себебі, "табиғат - қоғам -адам" жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен "Білім туралы" Заңы (1999), "Айналадағы ортаны қорғау туралы" Заңы (1997), "Қазақстан Респуб-ликасы стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030 бағдарламасы" (1996) , "Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы"(1997), "Қазақстан Республикасы экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы" (1998), "Экологиялық білім бағдарламасы" (1999), "Қазақстан Республикасы орта білім берудің мемлекеттік стандарттары" (1998), "Қазақстан Республикасы 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздікті сақтау тұжырымдамасы" (2004) және т.б. құжаттар қабылданды.1972 жылы Стокгольмде «Қоршаған ортаны қорғау» туралы білім беру, 1977 жылы Тбилиси қаласында өткен БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары экологиялық білім беру туралы 40-тан астам шешімдер қабылдап, оның ғаламдық стратагиялық жоспарлары қабылданды.Ел басы Н.Ә.Назарбаев өзінің "Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде" - деп аталатын еңбегінде: "... елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, заңды, өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек [1].
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. С.Д. Дерябо, В.А.Ясвин Экологическая педагогика и психология. Р.- н/Дону: Феникс, 1996 г.
2. Н.В.Моисеев Экология и образование. М.: Юнисам, 1996 г.
3. Л.Т. Николаева Методика экологического образования дошкольников. М., 1999 г.
4. Г.А.Петросова Методика обучения естествознания и экологического воспитания в начальной школе. М.: Академия, 2000 г.
5. И.Э. Сулейменов и др. Устойчивое развитие. Экологическое образование. Пособие для преп. вузов и учит. Школ. Алматы: Қазақ университеті
6. Кирова З:Г Экологическое образование и воспитание в дош кольных учреждениях.-М.: Педагогика .1990.
7. Гижицкая С:А. Факторовия Л.В. Экологические тропы.г.Новосибирска. НГПУ,1999
8. Назарова Н.С. Охрана окружающей среды и экологическое воспитание студентов.-М.: Высшая школа,1992
9. Сарыбеков М.Н. Теория и практика экологической подготовки
10. будущего учителя начальных классов.
11. Байтурин И.О.,Нестерова С. Современные представления о предмете экология.// Вестник высшей школы Казахстан, №3,1996
12. Новиков Ю. В. Природа и человек –М.: Природа 1991
13. Фурсов В. И. Экологические проблемы окружающей среды А- А.: Ана тілі, 1991
14. Ғылыми журнал «Дүние» 1999, 2000, 2001, 2002, 2003, 2004,2005,2006.
15. Данилов-Данильям В.И. и др. Экологический вызов и устойчивое развитие. – М.: Прогресс – Традиция, 2000. – 415с.
16.Экологический кодекс Республики Казахстан // Казахстанская правда,
23.01.2007г.
17.Концепция перехода Республики Казахстан к устойчивому развитию на
2007-2024 годы // Казахстанская правда, 18.11.2006г.
18.Грин Н,. Стаут У,. Тейлор Д. Биология: в 3 т.: Пер. С англ. М., 1990. Т.2.
19.Чернова Н.М., Былова А.М. Экология. М., 1988.
20.Одум Ю. Экология в 2 т. М., 1986.
21.Андерсон Дж. М. Экология-наука об окружающей среде: биосфера, экосистема, человек: Пер. С англ. Л., 1985.
22.Будыко М.И. Климат и жизнь. Л., 1971.
23.Вернадский В.И. Биосфера. М., 1967.
24.Радкевич В.А. Экология: Учебник. М.,1997.
25.Реймерс Н.Ф. Надежды на выживание человечества. Концептуальная экология. 1992

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ
КУРСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. География сабағында экологиялық тәрбие беру негізінде  оқушылардың
дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Оқу-тәрбие үдерісінде экологиялық білім мен тәрбие
беру ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Экологиялық білім мен тәрбие жайлы ғылыми
еңбектер ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3 Қазіргі экологиялық
мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...15
1.4 Қазақстанның экологиялық
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2. Жеке адамның экологиялық мәдениетін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... 26
2.1 Жеке адамның экологиялық
мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
2.2 Білімгерлерге экологиялық тәрбие
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
2.3 Сыныптан тыс экологиялық білім мен тәрбие
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
2.4 Экологиялық білім алуда танымжорық сабақтарын
өткізу ... ... ... ... ... ... ... . 48
2.5 Қазіргі заман талабына сай экологиялық білім мен тәрбие беру
жұмыстарын жүзеге асыруға байланысты
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..51
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .55

КІРІСПЕ

Қазіргі кезеңде қоғамның даму бағыты бүкіл оқу-тәрбие жұмысының алдына
жас жеткіншектердің тілін, ақыл-ойын, жалпы білім деңгейін, дүниетанымын
дамыту мәселесін қойып отыр.Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие
болуы, қазақ тілінің мемлекеттік дәреже алуы, тұңғыш Конституция, Білім
беру заңының қабылдануы ұрпақ тәрбиесіне жаңаша қарауды, оны жақсарту
жолдарын нақты айқындауды талап етеді.Қазақстан Республикасы тұрақты
дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жас ұрпақты ізгілікке, эстетикаға,
отансүйгіштікке баулитын экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта
түсуде. Себебі, "табиғат - қоғам -адам" жүйесіндегі қарым-қатынастардың
шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар тіршілікке қауіп
төндіріп отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің
бұйрығымен "Білім туралы" Заңы (1999), "Айналадағы ортаны қорғау туралы"
Заңы (1997), "Қазақстан Респуб-ликасы стратегиялық тұрақты даму жолына
арналған 2030 бағдарламасы" (1996) , "Қазақстан Республикасы экологиялық
қауіпсіздігі тұжырымдамасы"(1997), "Қазақстан Республикасы экологиялық
білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы" (1998), "Экологиялық білім
бағдарламасы" (1999), "Қазақстан Республикасы орта білім берудің
мемлекеттік стандарттары" (1998), "Қазақстан Республикасы 2004-2015
жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздікті сақтау тұжырымдамасы" (2004)
және т.б. құжаттар қабылданды.1972 жылы Стокгольмде Қоршаған ортаны
қорғау туралы білім беру, 1977 жылы Тбилиси қаласында өткен БҰҰ жанындағы
ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары экологиялық білім беру туралы 40-тан астам
шешімдер қабылдап, оның ғаламдық стратагиялық жоспарлары қабылданды.Ел басы
Н.Ә.Назарбаев өзінің "Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде"
- деп аталатын еңбегінде: "... елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын
қастерлеуден, заңды, өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек [1].
Әрбір адам бала кезінен: Қазақстаным - менің Отаным, оның мен үшін
жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын, деген қарапайым ойды бойына
сіңіріп өсетіндей істеген жөн"- деп көрсетті. (1.2)Осындай аса жауапты
міндеттердің баянды болуы жас республиканың ертеңгі қажетін өтерлік, елін,
туған жерінің табиғатын сүйетін, оны қадірлеп, қорғайтын білімді, саналы
азамат өсіру бала дүниеге келген шақтан, мектепке дейінгі кезеңнен
басталады. Себебі, егеменді еліміздің ертеңі жас жеткіншектердің білім
дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Ал, бастауыш сынып кезеңіндегі білім
қоршаған орта, табиғат жайында қарапайым ұғым беру арқылы баланың
дүниетанымын қалыптастырудан басталады.
Мектеп жасындағы балаларға қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын
таныстыру арқылы олардың бір-бірімен байланысын ғылыми түрде түсіндіру
барысында балаларда алғашқы табиғат туралы ұғым негіздері қаланады.
Балалардың мұндай табиғат жайында алған қарапайым дүниетанымдық ұғымдары,
олардың бастауыш сыныпта дүниетанымды оқыту барысында және жоғарғы
сыныптарда биологиялық пәндер бойынша берілетін білім жүйесінің алғашқы
баспалдағы болмақ. Сондай-ақ табиғат заңдылығын жеңіл түрде ұғындыра
отырып, берілетін білімнің өзара байланысы мен сабақтастығын қамтамасыз
етуде баланың дүниетанымы кеңейіп, тереңделіп, толықтырылады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Экологиялық білім берудің
негізгі мақсаты- табиғаттқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету.
Экологиялық білім беру дегенде әрбір адамның жалпы экологиялық
мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру
даму процестерін түсінеміз. Экологиялық тәрбие беру арқылы бастауыш
сыныптағы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды теориялық және
әдістемелік жағынан негіздеу. Зерттеу міндеттері:
( экологиялық тәрбие беру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру
жолдары мен мүмкіндіктерін ғылыми - әдістемелік тұрғыдан негіздеу;
( экологиялық сана экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениет
ұғымдарының мәнін нақтылап, табиғат арқылы оқушылардың
дүниетанымын қалыптастырудың орнын анықтау;
( экологиялық тәрбие беру арқылы оқушылардың дүниетанымын
қалыптастырудың тиімді жолдары, формалары мен әдістерін іріктеу.
Экологиялық білім беру дегеніміз- әр түрлі деңгейдегі экологиялық
білімдерді меңгеру. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар
қоршаған ортаны қорғау дың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғатпен
антропагенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары тұралы
арнайы білім беру .Ал білім беру жүйесін экологизатциялау- экологиялық
ойлардың ,принциптер мен көзқарастың басқа пәндерге енгізу және
экологиялық білімді әр түрлі салалардың мамандарын даиындау
Диплом жұмысының құрылымы:
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диплом жұмысының өзектілігі:
Экологиялық тәрбие беру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру
жолдары, мүмкіндіктері ғылыми - әдістемелік тұрғыдан негізделді.
Экологиялық сана, экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениет ұғымының
мәні нақтыланып, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың мазмұны мен
көлемі талданып, меңгеру жолдарына сипаттама берілді. Бастауыш сынып
балаларының дүниетанымын қалыптастырудың формалары жүйеленіп, тиімді
әдістері іріктелді.

1. География сабағында экологиялық тәрбие беру негізінде  оқушылардың
дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
1.1 Оқу-тәрбие үдерісінде экологиялық білім мен тәрбие беру

Қазақстанның физикалық география курсында экологиялық білім мен тәрбие
беру - жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен
парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие
арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады.
Курстың басты міндеттері:
• өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу,
іскерлікке төселу;
• табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық
пайдалы еңбекке қосу;
• мектепте экологиялық білім және тәрбие қорамын ұйымдастыру;
Ең басты міндеттердің бірі - оқушыларды табиғатты қорғау мәселелері
туралы ғылыми теориялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру.
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты, өйткені өндірістік іс-
әрекеттің барысында адам жерді пайдалану негіздерін, топырақты эрозиядан
қорғауды игеру, дақылдарды суару мөлшерін, минералдық тықайтқыштарды, улы
химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға спйкес
есепке алып отырады.
Оқушылардың экологиялық білімнің белгілі жүйесін игеруі, табиғатты
қорғауы, жер байлығын тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті жетілдіріп,
дүние тану көзқарасын қалыптастырады [2].
Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.
Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие. Экологиялық білімнің негізгі
көздері: химия, физика, биология, география, астроиомия пәндері, олардың
бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерде терең түсіндіріп, сыныптан
және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді қолдана білуге оқушыларды
үйрету және дағдыландыру - мұғалімнің міндеті.
Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын ауыл шаруашылығында пайдалану
жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-
кешек, тағам, т.б. жаасайтын табиғат заттарын пайдалану жолдарымен
танысады.
Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасындағы оқушылардың экологиялық
іскерлік дағдысын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері: өсімдіктердің
даму кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық мүлікті
ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану.
Орта және жоғары сыныптар оқушыларын кең көлемде экологиялық біліммен
қаруландыру қажет.
Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр.
Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудық ғылыми білімге негізделетінін
оқушылардың түсінуі керек. Өндірістік іс-әрекеттің нәтижесінде ортада әр
түрлі өзгерістер болып жатыр.
Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері:
1. Ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе алақын бағалы ағаштар тұқымының
көшеттерін өсіріп, көгалдандыруға пайдалану.
2. Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп
отырады. Олардың негізгі атқаратын жұмыстарының түрлері: көшет
материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан
қорғау, орман-тоғай зиянды жәндіктермен күресу.
- дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырау-құлақ, т.б. жемістерді жинау;
- пайдалы жануарларды қорғау және есебін алып отыру;
- фенологиялық бақылау жүргізу.
3. Оқушылар ауылшаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы
биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдарының басшылығымен
жүргізіледі.
4. Оқушылар табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтағы
ережені бұзушыларды анықтайды, химиялық улы заттарды, минералдық
тықайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін бұзушыларды әшкерлейді.
5. Экологиялық тәрбиеге айланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылады.
Олар: кештер, дәрістер, баяндамалар, т.б.
6. Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие әр түрлі
сыныптардағы оқу пәндерінің мазмұны, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік
еңбек арқылы іске асырылады.
Экологиялық тәрбие оқушылардың - табиғатқа жаңаша көзқарасын
қалыптастырып, әр түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық
сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік
қасиеттерін жетілдіреді.
Бүгінгі таңда ғаламдық мәселелердің ішінде адамзаттың біржақты
сауатсыз қатынасының салдарынан туындаған қоршаған табиғи ортаның нашар
ахуалының кеңінен өрістеуімен, жер бетіндегі тіршіліктің одан әрі
жалғасуынан тікелей әсер етуімен ең өзектісіне айналып отырған экологиялық
мәселелерді шешу маңызды орында тұрып, оларды шешуге бағытталған нақты іс-
шаралардың жобасын белгілеп, жүзеге асыруды талап етеді.
Қазіргі экалогиялық дағдарыс кезеңінде адам мен табиғи ортаның өзара
байланыс заңдарын оқып үйренуге деген ынтаның жоқтығы және өзінің іс-
әрекеттерінде осы заңдарды басшылыққа алудағы салғырттық , сондай-ақ ,
табиғат қорғауға байланысты құқықтық талаптардың орындалмауы халық
арасындағы экологиялық тәрбие деңгейінің төмендігі, экологиялық сана
қалыптасуының таяздығын көрсетіп, қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысты
іс-шаралар жүйесінде адам - қоғам - табиғат арақатынасы мен өзара
әрекетін дұрыс ұйымдастыруға қажетті дағдылар мен біліктіліктің , табиғи
қорларды орнымен пайдаланудың ғылыми негіздерін қалыптастыру бағдарлық
тәрбиелік-педагогикалық процес ретінде қоғам мүшелеріне экологиялық білім
мен тәрбие беру қажеттеілігін айқындайды.
Табиғат дамуының заңдылықтарын білмеу, қоғамдағы экологиялық
сауаттылық пен тәрбиеліліктің жетіспеуі - экологиялық дағдарысты туындатушы
басты себеп болғандықтан, халыққа, соның ішінде есей келе халық
шаруашылығының түрлі салаларында қызмет етіп , өмірдегі алатын орнына
сәйкес табиғат тағдырына қатысты сан алуан жауапты шешімдер қабылдайтын
өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру көзі болып табылатын мектеп
пәндерінен ұйымдастырылатын оқу-тәрбие үрдісінде пәнаралық байланыс
негізінде жүйелі түрде экологиялық тәрбие беру халықаралық ұйымдардың
қадағалауында болып, күн тәртібінің алғашқы кезегінде тұрған мәселелер[3].
Экологиялық тәрбие берудің жалпы стратегиялары мен барлық
мемлекеттердің осы саладағы әрекеттерін біріктіру Біріккен Ұлттар Ұйымының
халық ағарту, ғылым мен мәдениет жөніндегі (ЮНЕСКО) мемлекетаралық ұйымының
тікелей атсалысуының арқасында жүзеге асуда.
Париж қаласында 1968 жылы ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен биосфераның
ресурстарын қорғау және тиімді пайдалануға арналып өткізілген үкіметаралық
конференциясында экологиялық білім берудің ғаламдық сипаты тұңғыш рет
аталып өтті.
Швейцарияда 1971 жылдың желтоқсан айында өткен бірінші Еуропалық
конференция табиғат қорғаудағы халықағарту мәселелеріне арналып , осы
саладағы атқарылуы тиіс іс-шаралардың жобалары белгіленді.
Тбилисиде 1977 жылы ЮНЕСКО мен ЮНЕП-тің (БҰҰ-ның қоршаған ортаға
байланысты бағдарламасы) бірге отырып өткізген үкіметаралық конференциясы
қоршаған ортаны қорғаудың білім беру саласына арналып, экологиялық білім
мен тәрбие берудің халықаралық деңгейде дамуындағы маңызды кезең басталды
[4].
Ғылыми-техникалық прогрестің жедел даму барысында, қоғам мен
табиғаттың қарым-қатынас мәселелеріндегі күрделі шиеленістерді дұрыс шеше
білу, бүкіл жер шарының болашағын, әрбір азаматтың өмірін сақтауға
мүмкіндік туады. Өйткені, өндірістің дамуы барысында табиғи қорлардың
дағдарысқа ұшырауына, қоршаған табиғи ортаның ластануына себепші болып ,
жаңа дағдарыстардың туындауына ұйытқы болды.
Табиғат әлемі адамдардың тіршілік ету ортасы. Ал, адамдар табиғатсыз
өмір сүре алмайды. Соңғы жылдардағы мемлекеттік жоспарларды орындау,
өндірісті өркендету негізгі міндет болып, табиғатты ( ауаны, суды,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесін) қорғап, ядролық жарылыстар, табиғат
байлықтарын орынсыз пайдалану, табиғатты ауруға ұшыратты. Жұтатын ауамыз,
ішетін суымыз, жейтін тамағымыздың құрамында улы заттар көбейді.
Заводтардан шығатын қалдықтар сүзгіден дұрыс өткізбестен ауаға таралып,
осының нәтижесінде өкпе, рак, жүрек, психикалық аурулар саны көбейіп
барады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек,
аурулардың 80-90% ішетін ас суынан және жұтатын ауадан туындап отырғаны
көрінеді.
Қоғамның қазіргі әлеуметтік тапсырысын орындауда мектеп географиясының
қосатын үлесі қоршаған ортаға деген біртұтас көзқарастар жүйесін
қалыптастыру және оны бағалай білетін тұлғалық сапаларды тәрбиелеу арқылы
көрінеді. Мектепте оқытылатын Қазақстанның физикалық және экономикалық
географиясын кіріктіре оқыту, қоғамның жасөспірімдерді өмірге, нақтылы бір
аумақта оның географияның ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек етуге
даярлаудағы сұраныстарынан туындап отыр. Табиғат пен қоғам арасындағы
байланыстар туралы білім, орта географиялық білім беру жүйесінің маңызды
элементі болып саналады. Жалпы білімді кіріктірудің танымдық және
әдіснамалық маңызы зор. Оны географиялық тұрғыда қарайтын болсақ, ол
оқушыларда әрбір объектіні себеп- салдарын байланыс негізінде аумақпен
байланыстыру және шаруашылық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік
саяси тұрғыда баға бере алу біліктіліктерін қалыптастырады.“Қазақстан
Республикасының экономикалық және әлеуметтік география” курсын оқытудың
жаңартылған мақсат міндеттерін жүзеге асыру үшін мектепте географиядан
білім беру география ғылымының бұрыннан кіріктірілген тұжырымдары мен
идеяларына (географияның біртұтастығы, табиғатты тиімді пайдалану, табиғи-
шаруашылық аудандастыру және т.б.) сүйенеді. Ол Н.Н Баранский, К.К Марков,
Ю.Г Саушкин, В.А Анучин, И.П Герасимова, В.М Разумовскийдің еңбектерінде
көрініс тапқан [5].
Бұл ғалымдардың пайымдауынша қазіргі технологиялық заманға сай
экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсатына:
• қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;
• жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;
• қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту
және жақсарту;
• экологиялық білімді насихаттау жатады.
Экологиялық жауапкершілік адамның мына қасиеттерімен байланысты: өз
іс-әрекетін бақылау,табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кездегі және
болашақты нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен қарай
білу және т.б.
Жоғарғы айтылғандарға байланысты педагогтардың халықаралық экологиялық
қозғалысы қоршаған орта саласындағы білім беруді жалпы білім беру жүйесін
жетілдірудің маңызды бағыты деп есептеледі.
Ғылыми-техникалық прогрестің жедел даму барысында, қоғам мен
табиғаттың қарым-қатынас мәселесіндегі күрделі шиеленістерді дұрыс шеше
білу, бүкіл жер шарының болашағын, әрбір азаматтың өмірін сақтауға
мүмкіндік туады. Өйткені, өндірістің дамуы барысында табиғи қорлардың
дағдарысқа ұшырауына, қоршаған табиғи ортаның ластануына себепші болып,
жаңа дағдарыстардың туындауына ұйытқы болды.
Табиғат әлемі адамдардың тіршілік ету ортасы. Ал, адамдар табиғатсыз
өмір сүре алмайды. Соңғы жылдардағы мемлекеттік жоспарларды орындау,
өндірісті өркендету негізгі міндет болып, табиғатты (ауаны, суды,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесін) қорғап, ядролық жарылыстар, табиғат
байлықтарын орынсыз пайдалану, табиғатты ауруға ұшыратты. Жұтатын ауамыз,
ішетін суымыз, жейтін тамағымыздың құрамында улы заттар көбейді.
Заводтардан шығатын қалдықтар сүзгіден дұрыс өткізбестен ауаға таралып,
осының нәтижесінде өкпе, рак, жүрек, психикалық аурулар саны көбейіп
барады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек,
аурулардың 80-90% ішетін ас суынан және жұтатын ауадан туындап отырғаны
көрінеді.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатының артуын
қамтамасыз ету мақсатымен, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан 2030
атты өз халқына жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды
болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық
проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған Президенттің жолдауында:
Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-ке себеп болып отыр, ол
кейбір аймақтарда жағдайы мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі
сапасыз тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады [6].
Озон қабатының жұқаруы, улы тұзды жаңбырлардың жаууы, химиялық
заттармен ластануы – адамның іс-әрекетінен жасалған қасірет болып табылады.
Табиғаттың осындай күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің апат
аймағына айналуының бір себебі – экологиялық білім мен тәрбиенің төмендігі
Соңғы ХХ ғасырдың екінші жартысында адам баласынан алдынан шыққан,
табиғатты қорғау мәселесі, жастарды соған сай оқыту мен тәрбиелеудің
қажеттілігі туып, экологиялық мәселелер қазір әлемде өзінің қоғамдық мәні
жоғалған алдыңғы қатардағы мәселенің біріне айналды. Сондықтан жас ұрпаққа
экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір
қажетті кезек күттірмес екендігі 1991 жылғы Қазақстан Республикасының
жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында және 1992 жылғы Қазақстан
Республикасының білім беру туралы заңында, 1996 жылғы Қазақстан
Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-шы бабы жер және оның қойнауы,
су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар
мемлекеттің меншігі екендігі, олардың мемлекет қорғауында болатындығын
мәлімдейді, осы конституцияның 38-ші бабы Қазақстан Республикасының
азаматтарына табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға
міндеттейді.
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы заңының 89
бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық жағынан қамтамасыз ету
шараларына арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан
шешілуі тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық тәрбие мен білім берудің
жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі көрсетілед.
Өйткені табиғатты аялау, соның негізінде имандылыққа, ізгілікке баулу
бала тәрбиесіндегі ұлттық тамырдан нәр алады, яғни, экологиялық ой-
тұжырымдар баланың қоршаған табиғат ортасымен және өмір сүріп отырған
қоғамындағы қалыптасқан ғылыми ұғым түсініктерімен байланыстырса, соғұрлым
өз туған жерін, елін қорғауға тәрбиелейтіндігін ашып көрсеткен. Табиғат
арқылы балалардың имандылық сезімдерінің алғашқы нышандарын педагогикалық
құндылығын қалыптастыру жайлы Коменский ескерткен.
Табиғаттың сұлу көріністері арқылы жас ұрпақтың бойына адамгершілік
қасиеттерін табиғатты қорғау, сүю сезімдерін тәрбиелеу туралы қазақ
халқының ағартушылары мен зиялы қоғам қайраткерлері Ш.Уәлиханов,
А.Құнанбаев,
Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев
еңбектерінде көп көңіл бөлінген. Ұлы Абай өз өлеңінде табиғат пен адам
өмірін, тіршілігін, ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние
ретінде қарастырған. Белгілі педагог-психолог Жүсіпбек Аймауытов балаға ең
қымбат, ең жақын туған жері, туған жерінің табиғаты, оның құбылыстарын білу
өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі өмірге, табиғатқа теңеу мазмұнының берік,
баланың санасын жандандырып, төңіректегі әлемге терең көзбен қарауға
үйретеді [7].

1.2 Экологиялық білім мен тәрбие жайлы ғылыми еңбектер

Экологиялық білім мен тәрбие беру жайында ғылыми еңбектер Ә.Е.
Бейсенова, Ә. Бірмағамбетов, Х. Жүнісова, Ж.Б. Шілдебаев т.б. еңбектерінде
жазылған.
Табиғат қорғауға байланысты конференциялар ұйымдастырылып шығарылды.
Алғашқы рет мектептер мен орта арнаулы жоғарғы оқу орындары үшін эколог
мамандар дайындау туралы тұжырымдама жасалынды. Осының нәтижесінде Алматы,
Өскемен, Шымкент, Семей, Атырау, Ақтау университетінде экологиядан мамандар
дайындайтын бөлімдер ашылды. Елімізде тұңғыш рет (1987 жылы) эколог
мамандар дайындау мәселесін көтеріп, экологиялық білім мен тәрбие берудің
тұжырымдамасын жасаған географ-ғалым Ә.С. Бейсеновваның еңбегі айрықша
болды [8].
Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми-техникалық
прогрестің даму барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-
қатынастың қарама-қайшылығы арта түсуде. Осы қарама-қайшылық негізінде
табиғаттың тепе-теңдігі бұзылып, табиғи жүйенің өзін-өзі реттеп отыру
ырқынан шығып кетті. Демек, адам баласы өмір сүріп отырған қоршаған ортаны
бүкіл ғалам бойынша өзгеріске ұшырату қаупі төнді.
Сонымен бірге, қазіргі кезде адам мен табиғат арасындағы қарама-
қайшылықтарды шешіп, жол табу және жастарға экологиялық тәрбие беру оқу
ордаларының басты борышына айналуда.
Білімгерлерге экологиялық тәрбие беру мәселесін шешуде прогресшіл
педагогтарымыздың орны ерекше.Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, Г.Песталоций,
А.Гумбольдт классикалық педагогикада баланың табиғатпен қатынасы арқылы
білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын негіздеді.
Чех халқының атақты педагогы Я.А.Коменский Тәрбиенің негізі – табиғат, ал
адам табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы,- деді.
Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо өзінің педагогикалық еңбектерінде Баланы
табиғатпен байланыста тәрбиелеу керек, табиғат баланың ересектігінен бұрын
бала болғанын қалайды, - деп жазды. Ол тәрбиенің үш қайнар көзі: табиғат,
адамдар, заттар деп есептеді.
ХІХ ғасырдағы орыс ағартушылары В.Г. Белинский, Н.Н.
Герцен,Л.А.Добролюбов, Д.И.Писарев т.б. мектепте табиғатты немқұрайлық
оқытуға және оған мейірімсіздік қатынасқа қарсы шықты.
Н.Н.Герцен жас баланың жан дүниесін қалыптастырудағы табиғаттың
маңызын көрсете отырып: Біз адам дүниесін табиғат дүниесінен тас қабырға
арқылы бөліп тастауға әдеттендік, бұл әділетсіздік,- деді. Д.И.Писарев
патриотизмді қалыптастырудағы табиғаттың мәнін ерекше бағалап, өз денесін
сүю және қорғауға адамға тән қасиет болғаны сияқты, дәл солайша өзінің
балалық шағының 1-ші күнінен үйренгендерін, жақсы көрген сол адамдарды, сол
жерді, сол өмір құрылымы мен ұғымды қорғауда оған тән қасиет, - деген
болатын. Орыс ағартушылары жас ұрпаққа табиғат туралы сапалы білім беру
және адамның табиғи мінез-құлқын айқындайтындықтан, моральдық сапалардың
қалыптасуына әсер ететіндіктен айрықша мән берді.
Белгілі философтар В.Г. Афанасьев, В.В. Журавлев, А.Г. Спиркин, Г.С.
Смирнова, А. Қасабеков, Ж. Алтаев т.б. жасөспірімдерге экологиялық білім
мен тәрбие беруде қоғам-адам-табиғат арасындағы дүние-танымдық сана
формаларын саралау тұрғысынан қарастырады. Себебі, адамның тұрмыс-
тіршілігінің әлеуметтік мәнге ие болуының нәтижесінде санасы дамып,
жетіледі. Сана – адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын реттеп, бағыт-бағдар
беріп отырады. Ол әрекетінен көрініс табады. Жеке адамның басқа адамдармен
– табиғи ортамен көрініс табады. Жеке адамның басқа адамдармен – табиғи
ортамен қарым-қатынаста болып, сана-сезімінің дамуы, өзіне басқа адамдарға
қоршаған заттық дүниеге көзқарас-пікірінің қалыптасуы жеке адамның
жетілдірудің негізгі факторы болып саналады. Сонымен, адамның ақыл-ойы мен
сана-сезім бірлігін дәлелдейтін тұжырым жеке тұлғаны экологиялық
проблемаларға жаңама көзқараспен қарауға бағыттады.
Психологтар А.А.Люблинская, М.Мұқанов, Қ. Жарықбаев, т.б. өз
еңбектерінде білімгерлерге экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысы,
қоршаған ортамен қарым-қатынаста психологиялық жас ерекшеліктерін
ескергенде ғана нәтижелі болады деген пікірлер айтқан. С.Л. Рубенштейн
әрбір жеке адамның қоршаған ортамен байланысының басты компоненттерінің
бірі қарым-қатынас деп санайды. Ол табиғатқа адамгершілік қатынасын
қалыптастыру, мінез-құлық нормаларын қалыптастыру екенін көрсете отырып,
басқа адамдармен жарамды қатынасқа ену, басқа адамдардың адамша тіршілік
етуіне жағдай жасай білу тек толы бағалы адамның ғана қолынан келуі мүмкін,
ал ол дегеніміз дүниеге, өмірге, табиғатқа мың дос қатынастағы адам, -
дейді.
Білімгерлердің адамгершілік қасиетін дамытып, оларды парасаттылыққа
тәрбиелеуге экологиялық тұрғыдан келудің де маңызы зор. Балалардың
мейірімділік, қайырымдылық, аяушылық, мүсіркеушілік және басқа гуманистік
ерекшеліктерін дамыту бағытында табиғатпен сырласу жеткіліксіз болса, олар
парасаттылық тәрбие алуда белгілі бір мөлшерде қысым көру мен шектеушілікке
душар болады.
Табиғат арқылы экологиялық тәрбие берудің маңызын бағалай келіп, А.Е.
Тихонова табиғатты эмоциялық сезіммен қабылдау, оған деген эстетикалық
қатынастың бастапқы негізі болып саналады. Мұғалімнің маңызды міндеті
эстетикалық сезімді байыту ғана емес, сонымен бірге табиғатқа адал
қатынастағы адамгершілік-эстетикалық жағын дамытуды, оның сұлулығын
молайтуға ұмтылдыруда болып табылады, - деді [9].
Сондықтан да адамның табиғат сұлулығына қатынасы эстетикалық қатынас
деп қана емес экологиялық аспектідегі адамгершілік-эстетикалық қатынас деп
қарастырған жөн. Табиғат пен көркем шығармалар арқылы бейненің ішкі
үйлесімдігі экологиялық пен эстетикалық үйлесімділігін қамтамасыз етеді.
Демек, табиғатқа эстетикалық қатынасты оған деген адамгершілік қатынасты,
эстетикалық тәрбиені экологиялықтан бөліп қарастыруға болмайды.
Табиғат – сұлулықтың мәңгі бақи таусылмас қайнар көзі, ол эстетикалық
тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірі саналады. Ал, бұл экологиялық
тәрбиемен іштей жалғасып, табиғаттың күйзеліп, күйреуіне қарсы тұратындай
адамның қалыптасуына ықпал етеді. Қандай жұмыстың болса да, экологиялық
жағы еске алынбаса, табиғат пен адам арасындағы зат алмасуды заңды түрде
үйлестіріп отыратын, еңбекке үйрету мен тәрбиелеу саласында орны толмас
олқылықтар пайда болады.
Ч.Дарвин Түрлердің шығуы деген еңбегінде органикалық дүниенің
дамуына байланысты көптеген экологиялық байқауларын келтірген. Дегенмен,
ғылымда Экология деген ұғымды алғаш айтқан адам Эрнест Геккель. Ол
Экология деген сөзге анықтама беруге тырысты. 1866 жылы немістің табиғат
зерттеушісі Эрнест Геккельдің өмірге енгізген экология сөзін дәлме-дәл
аударғанда үй туралы ілім, тұрақ (мекен) туралы ғылым, деген грек сөзінен
шыққан. Келесі бір экологиялық сөздікте экология (гректің ойкос – үй,
мекен, тұрақ және логос – білім, ғылым, зерттеу деген екі сөзінен құралған)
– қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі организмдердің өмір сүру
жағдайларын, олардың өзара қатынастарын, табиғи ортамен байланыстарын
зерттейтін ғылым.
Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған –
тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде
жоспарлауға, қағазды қайта өңдеуге, көкөністерді органикалық тыңайтқыштарды
пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. Осы іс-әрекеттің
әрі аса қажет екендігіне ойынды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер
бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың
өзі үкімімен бізге берер соққысын жеңілдету мен лайықты аз жазаны аз да
болса кешеуілдетуге тырысуымыз жатыр, - деп атап көрсеткен болатын Америка
экологы Р.Риклефс[10].
Экологиялық тәрбие жұмысы балалардың жас ерекшеліктеріне сай және
табиғатқа жақын қарым-қатынаста жүргізілсе ұтымды болатындығына К.Д.
Ушинский назарын аударған. Оның Детский мир, Родное слово атты
кітаптарында табиғат және онда тіршілік ететін хайуанаттар мен құстардың
тіршілігі, адам және оның еңбегі жөнінде көптеген деректер келтіріледі. Ол
адам мен табиғат арасындағы қатынасты педагогикалық аспектіде қарастырып,
Табиғат даусын ата-аналар да, қоғам да, тәрбиешілер, заң шығарушылар да
аяғына дейін тыңдауы тиіс. Табиғатпен егесу жақсы емес, адамға тек оның
заңдылықтарын білу және олардың күшін пайдалану ғана қалады, - дейді. Ол
табиғаттың тәрбиелік күшіне берік сене отырып, оны ой ұрығы, ұлы
тәрбиеші деп бағалады. Өзінің жастық шақ өмірінің негізінде қорытынды
жасай отырып: Мейлі мен педагогикада тағы деп атаңдар, бірақ өзімнің
өмірлік әсерімнен жер бетінің әсем көріністерінің баланың жан дүниесін
дамытуда ересек мол тәрбиелік мәні, ықпалы бар, тіпті ойымен тәрбиесінің
ықпалынан да бәсекелесуі қиын деген терең шешімге, - келдім деген болатын.
Р.Г.Лемберг, А.С.Макаренко, Ш.Т.Шацкий т.б. өздерінің еңбектерінде
адамның табиғи ортаға деген қарым-қатынасының қалыптасуы күнделікті қызмет
барысында жүзеге асатынын атап көрсеткен.
Табиғаттағы эстетикалық түйсінуге балаларды жүйелілікпен,
мақсаттылықпен тәрбиелеу идеясын Н.Н. Рыбников, В.А.Сухомлинский т.б.
еңбектері арқылы негізделді. В.А.Сухомлинский табиғат адам оны танып
білгенде себеп-салдарын байланыстыра ой-жеткізуде ғана тәрбиенің қуаты
қайнар көзі бола алады, - деп табиғаттың заңдарын жете меңгеруге ғана,
табиғаттың жай-күйін түсінетіндігіне ерекше мән береді. Ол баланың бойына
табиғатқа сүйіспеншілік сезімін дамытуды ешнәрсеге айырбастауға болмайтын
эстетикалық, адамгершілік эстетикалық тәрбиені экологиядан бөліп
қарастыруға болмайды.
Бар өмір тіршілігі табиғатпен араласып өтетін, оның аясында өскен
халқымыздың туған жерге қатынасы туралы халықтық педагогикада, ақын-
жырауларымыздың, ағартушыларымыздың даналық сөздеріне қанып өскен Ш.
Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың еңбектерінде табиғатқа
көзқарастарының ғылыми әрі тәрбиелік мәні мол. Ш.Уәлиханов туған халқының
табиғатпен қатынасындағы әдет-ғұрыпын, дәстүрін, этикасын зерттей отырып,
қазақтар арасындағы сенім олардың табиғатты шексіз қадірлеуінен туған, -
табиғаттың сұлулығын тану адамдарға рухани күш беретіндігін айтқан болатын.
А.Құнанбаевтың қара сөздеріндегі философиялық ой-пікірлері, оның
табиғат заңдылықтарын терең пайымдау алумен бірге оған байланысты ғылыми
көзқарастарын танытады. Ол табиғаттың бір байлығын адам баласының ауызына
тосып, таусылмас азық болып отырғандығын көрсете келіп, Кім өзіңе махаббат
қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз, - деп өсіп келе жатқан ұрпақты
табиғат ананы аялап сүйе білуге үндейді [11].

1.3 Қазіргі экологиялық мәселелер

Қазіргі экологиялық мәселелер бүкіл адамзат баласын ойландырып отырған
кезде халқымыздың бұл салада қалдырған тағылымдық та, тәрбиелік те мәні зор
асыл мұраларына көңіл бөлу керек. Халықымыздың табиғатқа деген
сүйіспеншілігі және оны көздің қарашығындай сақтап келуі жайында қазіргі
ұрпаққа өнеге-үлгі боларлық жыл мұралар, даналық ұғымдар, мақал-мәтел,
нақыл сөз, аңыз әңгіме арқылы жетіп отырған. Осындай әрбір асыл мұраның
өзінде қаншама терең ой, әрі тәлім-тәрбие өнегесі жатыр. Сондықтан да әрбір
ұстаз, әр тәрбиеші өзінің күнделікті жұмысында халықтық педагогиканың асыл
маржанына үнемі көңіл бөліп, әрі оны пайдаланып отырса, оқушылардың
экологиялық түсінігінің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Аңыздардағы Қорқыт бабаның жерді бүлдіріп қаза беруден сақтандырып,
...уы шығып кетер, - деп безектеді, Асанқайғы атамыздың халқына жайлы
қоныс іздеп, желмаясымен жеті жыл кезуі, тіпті М. Әуезовтың Америкаға
барған бір сапарында сол жақта тағдыр талабымен тұрып жатқан Әбілсәмәд
деген қазақтың қонақ үйге іздеп келіп: Сыр ағып жатыр ма? – деп сұрауының
өзі туған жерге, туған жер табиғатына деген сүйіспеншіліктің белгісі.
Халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып,
оларды жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды
біртұтас, бірінен-бірін бөлуге болмайды деп қараған. Сондықтан адам
табиғаттың өз керегін ғана алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген
Ш.Уәлиханов: табиғат пен адам: өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап,
олардан құпия не бар? – дей келе қазақтар киеге үлкен мән береді.
Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті
заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырымын жасап
тұру, адам баласына байлық пен бақыт, құт әкеледі, - деп атап көрсеткен.
Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді Әулие бұлақ, Әулие
ағаш деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап, Бұлақ көрсең көзін аш,
Аққуды атпа, Құстың ұясын бұзба, Көк шөпті жұлма деп өсиет етіп
отырды. Ал қарлығаш, аққу, ұлар т.б. құстар жақсылықтың жаршысы, бақыттың
бастауы, игіліктің иесі, сұлулықтың символы деп ұясын бұзуға, балапанын
алуға, өлтіруге мүлде рұқсат етпеген [12].
Ертедегі табиғат жайындағы нақыл сөздер, өнегелі өсиеттер, жырау мен
ақындар жырларындағы ойлы пікірлер – экологиялық тәрбие беруде және
экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өте құнды құрал. Ертеден қалған:
Көзіңді қалдыр бұлақ көзін аша жүр,
Ізіңді қалдыр жақсы істен мұра шаша жүр,
Өзіңді қалдыр бақша өсіріп, жаса нұр – деген өсиетінде зор мағына
жатыр.
Табиғат – ананың сырларын бойға сіңіріп алмайынша онымен тең отырып
сөйлесу қиын. Ең бірінші, табиғатты – туған анаңдай түсіну, екінші,
табиғатқа – туған бабаңдай табыну, үшінші, табиғатты туған ұлыңдай қорғауың
қажет. Түсінбей тұрып табыну, табынбай тұрып қорғаудың қисыны жоқ. Табиғат
пен адамзат баласы дүниенің бірінсіз-бірі тұл болатын – ажырамас
бөлшектері. Адам үшін жері мен суы, орманы мен тасы, жануары мен
өсімдіктері тіршілік ететін басты көздері болса, табиғат үшін адам оның
бағбаны іспеттес.
Бүкіл түркі дүниесінің бабасы Қорқыт Ата Қаратауларың бұзылмасын,
саялы ағаш сынбасын, қанаттарың қырқылмасын, - деген қасиетті сөздері –
туған жер табиғатын аялауға шақырған аталы ұғымдар. Мысалы: Атаңнан мал
қалғанша, тал қалсын, Сулы жер – нулы жер, Жері байдың елі бай - деген
сөздер бала санасына сіңіп, адамгершілік өлшем қалыптасады.
Белгілі ғалым-эколог И.Д.Зверев педагогикалық практиканың негізгі
жағдайында барлық оқу пәндерін экологияндыруға байланысты мұқият ойланып
істелген жұмыстар қажет - деп пәндерді экологияландыруға басты назар
аударды [13].
Қазіргі кезде оқу ордаларында экологиялық тәрбие беру саласында
себептен гөрі сандарға көбірек көңіл бөлініп отыр. Нәтижесінде табиғат пен
қоғамда орын алатын күрделі байланыстарды талдаудың орнына, адамзат бар
күшін табиғатты ұтымды пайдаланбаудың жағымсыз салдарын жоюға жұмсауда.
Экологиялық тәрбие беру жұмысы жанұяда, балалар бақшасында, мектепте,
орта арнаулы және жоғары оқу орындарында, жұмыс істеуге көшкен кезде де
үздіксіз жүргізілген жағдайда адам санасында табиғатты қорғап, оның
байлықтарын сақтау жөніндегі тиянақты көзқарасты қалыптастырып, жүйелі
білім беруге болады.
Қазіргі уақытта экологиялық тәрбие беру жер бетінің әрбір тұрғынын
қамтуға тиісті бүкіл халықтың мәселеге айналып отыр. Қоршаған ортаны қорғау
мен оның байлығын тиімді пайдаланудың Қазақстан Республикасының
Конституциясынан орын алуға, арнаулы өкіметтік қаулы қабылдануы,
экологиялық тәрбие беру қажеттілігінің күннен-күнге арта түсуі – бұл істі
жүзеге асыруды бала бақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі тәрбие
орындарында оқу-тәрбие жұмыстарының әр түрлі формалары мен әдістерін
пайдалануды міндеттеп отыр. Мұның мәні – білімгерлерді табиғатқа ұқыпты
қарауға үйретіп, оның байлықтарын үнемді пайдаланудың маңызды мәселе екенін
ұғындыру табиғатқа дұрыс қарым-қатынас жасау жөніндегі қажетті біліммен
икемділік, дағдыларымен қаруландыру. Біздің елімізде әрбір азамат
табиғатты аялауға, оның байланыстарын қорғауға міндетті деген талаптар
барлық уақытта бірдей дәйектілікпен жүзеге асырылып отырымағаны мәлім.
Жалпы білім беретін оқу ошақтарында табиғат қорғау жұмыстарын
күшейту туралы әдістемелік хатта оқыту процесінде экологиялық тәрбие
берудің маңыздылығын ашып көрсетуі, білімгерлердің табиғатқа жауапкершілік
қатынасын тәрбиелеу ісіне қорғау салады. Қазіргі әлемдік экологиялық
мәселелердің туындап отырған кезеңінде білімгерлердің табиғатқа
жауапкершілік қатынасын қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр.
Адамдар табиғатты билеп – тың игеру жылдарында қаншама жерді тілім-
тілім етіп жыртып, эрозияға ұшыратты. Мақта мен күріш өсіреміз, шөл даланы
гүлдендіреміз деп каналдар салып, суды бөгеп табиғаттың бұзылуына әкеліп
соқтырдық. Адам мен табиғаттың өзара қатынасындағы пайда болған бұл қарама-
қайшылықты жою қазіргі кезде, барлық қауымды ойландыруда. Сондықтан қазір
ол дүние жүзі халқының, экологтардың, ғалымдардың, педагогтардың, саясат
қайраткерлерінің назарын ерекше аударып, Біріккен Ұлттар ұйымының таңдап
талқылайтын ең маңызды мәселелердің біріне айналды.
Біріккен Ұлттар ұйымы біздің планетамыздағы экологиялық жағдайды
жақсарту жөнінде барлық елдердің қоян-қолтық тізе қосып, бірлесіп жасаған
кең көлемді бағдарламасында мазмұндалған табиғат қорғаудың әлемдік
стратегиясы деп аталатын, халықаралық мәні зор құжатты жариялады. БҰҰ-ның
қоршаған орта мен даму мәселесі жөніндегі конференциясы 1992 жылы Рио-де-
Жанейро қаласында болып өтті. Онда 108 мемлекет пен үкімет басшылары қол
қойған ХХ ғасырдағы күн тәртібінде деп аталатын құжат қабылданды. 1998
жылы аталған бағдарламаның шешімінің орындалу барысын қараған Б.Ұ.Ұ-ның Бас
Ассамблеясының арнаулы 19 сессиясы Нью-Йоркте болып өтті. Оған БҰҰ-ға мүше
185 елдің басшылары мен делегациясы қатысты.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы білім ордаларында экологиялық
білім мен тәрбие беруге көңіл бөлініп келеді. 1997 жылы тамыз айынан бастап
Қазақстан Республикасында табиғатты қорғау туралы жаңа заң қабылданып
күшіне енді. Заң адамның өмір мен денсаулық үшін айналадағы қоршаған
ортаның қолайлы болуын қамтамасыз етіп табиғатты қорғаудың экологиялық
құқықтық және әлеуметтік негіздерін белгілейді [14].
Ол мынадай тармақтардан тұрады:
1. Республиканың халыққа білім беру органдары табиғатты қорғау
жөнінен халықтың барлық топтарын қамтитын тәрбие мен білім беру жүйесін
жүзеге асырады.
2. Жалпыға бірдей кешенді және үздік экологиялық білім мен тәрбие
беру жүйесі мектепке дейінгі, мектептегі тәрбие мен білім берудің, жоғарғы
және арнаулы оқу орындарында кадрларды, мамандарды кәсіптік жағынан
даярлаудың, олардың білікті болуын қамтамасыз етіп, табиғатты қорғаудың
экологиялық құқықтық және әлеуметтік негіздерін белгілейді.
Ал, 1992 жылы Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі
тұжырымдамасы қабылданды. Бұл заң 19 тарау, 89 баптан тұрды.
Тұжырымдаманың 15 тарауы қоршаған ортаны қорғау санасындағы экологиялық
білім мен тәрбие беру, ғылыми зерттеулер, - деп, 73 бабы экологиялық
білім мен тәрбие беру, ғылыми жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілуі -
деп аталады. Осы 74 бап оқу орындарында экологиялық білім беру, 75 бап
қоршаған ортаны қорғау саласындағы зерттеулер мәселесіне арналады.
Осыған байланысты Республикаға білім беру мекемелерінің алдында
көптеген міндеттер қойылып отыр. Онда экологиялық білім мен тәрбие беру
жұмысын бүлдіршіндер бақшасынан бастап, мектеп оқушыларына арналып пән
Экология негіздерін жүргізу қолға алына бастады. Республиканың жоғарғы
оқу орындарында экологияға байланысты арнаулы курстар, семинар
ұйымдастырылды.
Мектепте оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру Атамекен Л.Р.
Курсабаев, Елім-ай М.Х.Балтабаев, Кәусар бұлақ З.Ахметова бағдарламасы
ерекше орын алды [15].
Атамекен бағдарламасы жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие
процесінің, сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік ұлттық ерекшеліктерін
айқындайтын, қазақ халқы педагогикасының тәлім-тәрбие ұстанымдарына
негізделген ғылыми-педагогикалық және әдістемелік бағдарлама. Оның негізгі
мақсаты – оқу-тәрбие жұмысының жаңа үлгідегі жобасын жасау, әрбір мектепте
балалар мен үлкендерді біріктіретін кеңес, топ, бірлестік құру, бүкіл
мектептік Елім-ай атты ұлттық этнографиялық ойын жобасын жүзеге асыру,
әрбір мектепте халықтық ұлттық тарихи-этнографиялық мұражаймен бірігіп, әр
жыл сайын дәстүрлі бүкіл мектептік, қалалық, облыстық, республикалық
Атамекен тойын салтанатты түрде өткізу болып табылады.Оның негізгі
міндеті 26 бағыттан тұрады. І-ХІ сынып аралығында қазақ халқының
педагогикалық тәлім-тәрбие ұстанымдарын негізге ала отырып жүргізу.
Оның 15-ші Заман-ай бағытында Атамекен бағдарламасын жүзеге
асыруды, қоршаған табиғатты қорғау мәселелері, үгіт-насихат жұмыстарын
жүргізу болып табылады.
Келешек ұрпақты табиғат апатынан сақтап, қоршаған ортаға деген
мейірімділік сезімін сақтап, қоршаған ортаға деген мейірімділік сезімін
оятып, табиғатты қорғау жұмысына белсене араласатын ұрпақ тәрбиелеу үшін
ғалым М.Н. Сарыбеков алты кезеңнен тұратын жанұя, бала-бақшадан, есейген
азаматқа деген экологиялық салауатын ашып тәрбие беру жолын ұсынады.
1. Сәбиді табиғат қорғауға тәрбиелеу әр жанұяда басталып, оған әр
жанұяда қалыптасқан табиғат қорғау дәстүрі көмектеседі. Ұяда не көрсең,
ұшқанда соны ілерсің,- деген мақалды еске ала отырып тәрбие іске асу тиіс.
2. мектепке дейінгі сәбиді тәрбиелеу мекемесінің оқу, тәрбие
жұмысының мазмұнына түгелдей табиғатты аялауға үйрету бағытымен беру керек.
Бала үшін бала-бақша бағдарламасына жүйелі түрде сәбиге түсіндіріп,
табиғатты аялау идясын ұсынады. М.Н.Сарыбековтың пікірінше табиғатты
қорғап, аялайтын тәрбие жұмысына арналған оқулықтар, әдістемелік және
қосымша әдебиеттер, оқыту мен тәрбиелеуге арналған дидактикалық материалдар
болуы қажет. Ол үшін бала-бақша ауласы таза, гүлденіп, бөлмелері әсем
безендіріліп, үйде өсетін гүлдерге арнаулы қамқорлық жасай алатындай бояуы
керек. Әр сәбиді табиғат, табиғат тазалығы, денсаулық, сұлулық,
гүл, жасыл желек, мөлдір су, көгілдір аспан, торқалы топырақ,
сайраған құс, жүгірген аң, менің ауылым, менің отаным т.б. деген
сөздердің мазмұнын жақсы түсіндіріп, сол түсініктерді іске асыруға
тәрбиелеу тиіс.
3. Түрлі типтегі мектептің оқу-тәрбие жұмысына табиғатты қорғау
мазмұны тұрақты енуі тиіс оның ішінде ІХ-Х сыныптың бірінде барлық оқу
жұмысының қорытындысы ретінде арнаулы Экология және табиғатты қорғау
пәнін оқытуды ұсынады.
4. Арнайы кәсіптік техникалық оқу орындары мен арнаулы орта білім
беретін оқу орындарына жоспарлы табиғат қорғауға тәрбиелеу барлық пәндерді
оқытудың негізінде жүргізілуімен қатар, осы типтегі оқу орындарында да
жоспарға терең арнайы білім беретін Экология және табиғатты қорғау пәнін
оқытуды ұсынады.
5. Жоғары білім беретін оқу орындарында Экология және табиғатты
қорғау пәнін оқытудың екі бағытын ұсынады:
- мамандығына қарамай Экология және табиғатты қорғау пәнін барлық
студенттер оқып үйренуі керек.
- экология және табиғатты қорғау мәселесіне арнайы білім беретін мамандар
дайындау үшін факультеттер ашу.
6. Жұртшылыққа табиғат қорғауды түсіндіріп, мамандар мен басшылардың
білімдерін экологиялық даярлық орталықтарын ашуды ұсынады.
Білімді терең меңгеруге оқушылардың практикалық дағдыларын
қалыптастыру әр түрлі танымдық міндеттерді мақсатты және жүйелі түрде
шешуге мүмкіндік жасалды. Әрбір сабақта, әр түрлі оқу әдістерін, оқыту
құралдарын пайдалану қажет. Мысалы, лекциялар, әңгімелесу, семинарлар,
оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары олардың рефераттар және қысқаша
баяндамалар және т.с.с. ұйымдастыру оқушылардың танымдық қызығушылықтарын
арттырып, оқу белсенділіктерін іс-әрекеттерін дамытады.
Жалпы қорыта келгенде оқушыларға білім мен тәрбие беру, оның
интегралды сипаты жаратылыстану, қоғамдық-тарихи, гуманитарлық-эстетикалық
еңбек циклды оқу пәндерінің барлығында дәрежеде бейнелеуін қамтамасыз
етеді[16].
Көптеген ғалымдар, оның осы ерекшелігін негізге ала отырып,
экологиялық тәрбиені әр түрлі дүниетанымдық, саяси, адамгершілік,
эстетикалық құқықтық, еңбек, т.б. тәрбие элементтерінен тұратын, өзара
тығыз байланысқан жүйе ретінде қарастырады. Бұл экологиялық білім мен
тәрбие беру мәселесін қандайда болмасын бір ғана мектеп пәні арқылы шешілуі
мүмкін емес, тек мұны пәнаралық байланыс арқылы қарастырылады.
Мектептегі экологиялық тәрбие беру ісінің педагогика теориясы мен
мектеп тәжірибесінде жаңа сала ретінде қазіргі кезде дамып келе жатқандығын
байқатады. Бұл саладағы теория мен практиканы дамытудың қажеттілігі жалпы
теориялық және жеке әдістемелік бағыттағы зерттеулерді кеңейту және
тереңдету қажеттілігін дәлелдейді.Қазіргі мектеп практикасы шын мәнінде
уақыт талабынан кейін қалып, ол экологиялық сауатты тәрбиеге оқушыларды
дайындауды қамтамасыз ете алмайды. Өйткені, зерттеуші ғалымдардың пікірінше
мұндай жағдайдың туындауында басты себептердің бірі – экология идеясын
ұғындырудың жеткіліксіздігі табиғи ортаның бағалылығы көпшілігінде
пайдакүнемдік негізде түсіндіруі, экологиялық мазмұндағы білімдерінің өзара
тығыз бірлігінің болмауы деп саналады.
Қазіргі кезде халықаралық экологиялық білім беру жүйесінде
педагогикалық теориясы мен практикасында қалыптасқан үш жағдайы бар.
Біріншісі – көп пәнді үлгі. Бұл жағдайда дәстүрлі пәндердің оқыту
мазмұндарына экологиялық мәселелердің жеке бөлімі, жекелеген тақырыптар
енгізіледі және бұрынан оқытылып келген тақырыптардың мазмұндары қосымша
жаңа экологиялық мәліметтермен баяндалады.
Екіншісі – бір пәнді үлгі. Мұның бір ерекшелігі орта мектептердің
экологиялық оқу топтарына арнайы экология курсын оқыту арқылы іс-жүзінде
асады.
Үшіншісі – аралас сабақтар үлгісі. Мұнда экологиялық білімнің жеке
мәселелері дәстүрлі пәндерде қарастырылады. Содан соң, ол сабақтардың
бастарын біріктіріп, қорытындылайтын арнайы сабақ өткізіледі.
Экологиялық мақсат, міндет және ұстанымдар жайлы ұғым, түсініктерге
байланысты ойымызды келтіруді орынды деп санаймын. Экологиялық тәрбие
берудің мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға байланысты жауапты және
аяушылық сезімде болып, іскерлік қарым-қатынас жасайтын ғылыми білім
көзқарастар мен сенімдер жүйесінің біркелкі қалыптасуын айтамыз.
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі негізгі міндеттер:
1. Экологиялық идеяларды, негізгі түсініктерді, ғылыми дәлелдерді іріктеп
саралай біліп, білім құрамын көбейту, табиғат заңдылықтарын ұғыну;
2. Табиғат – ресурстардың, өндірістік өнімдерді және адамзат мәдениеттерін
дамытудағы негізгі көз екендігін білу, оларды пайдаланудың ғылыми-
техникалық немесе ғылыми-экономикалық технологиясынан хабардар болу;
3. Табиғатты ұтымды пайдаланудың жолдарына байланысты қолданбалы білім,
практикалық іскерліктер мен дағдыларды меңгеру;
4. Қоршаған ортаға саналы көзқараспен қарап, оның бүгінгі жағдайы мен
болашағы жайлы бағалай білу, зиянды құбылыстардың алдын алу, оны жақсартуда
дұрыс шешімдер қабылдап, өндіретін және қоғамдық еңбектердің әсерлерін
түзету;
5. Табиғи ортаға зиян келтірмейтін, ластамайтын, бұзбайтын нормаларды
саналы түрде сақтап, табиғатты қорғау идеяларын насихаттау;
6. Әрбір оқушының табиғатпен қарым-қатынас жасауға десек рухани қажеттілік
дамыту, оның адам жандүниесінің экологиялық, талғам-сезімдерін
қалыптастырудағы ықпалын ұғыну.
Жалпы, эколог-ғалымдардың экологиялық тәрбие беру ұғымына берген
анықтамаларынан туындайтын және өзіміздің пікірімізше экологиялық тәрбие
берудің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
География курсы бойынша пайдаланылатын оқу-құрал жабдықтарының түрлеріне талдау жасау
Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу жұмысын ұйымдастыру
Экология ғылымының пайда болуы мен қалыптасу кезеңдері және қазіргі экологиялық білім беру маңыздылығы
Ғылыми дүниетаным және экологиялық мәдениет
Биология пәнін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалану
Оқыту құралдарының дамыту қызметі
Қоршаған ортаның химиялық жағдайын бақылау
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Географияны оқыту құралдарының міндеті
Қазіргі күндегі экологиялық білім берудің географиялық негізі
Пәндер