Мақтаарал ауданының географиясы мен экономикалық жағдайы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 114 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯСЫ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Мақтаарал ауданының географиялық орналасуы . . . 5

1. 1 Мақтаарал ауданының физикалық-географиялық сипаттамасы . . . 5

1. 2 Мақтаарал ауданының климаты, су ресурстары . . . 11

1. 3Мақтаарал ауданының жер ресурстарының сапалық жағдайы . . . 13

1. 4. Мақтаарал ауданының халқының этнодемографиялық

сипаттамасы . . .

2 Мақтаарал ауданының экономикалық сипаттамасы . . . 18

2. 1. Мақтаарал ауданының жер ресурстарын нарықтық экономика жағдайында пайдаланудың негізгі тенденциялары . . .

2. 1 Өнеркәсіп көрсеткіштері . . . 18

2. 2 Ауылшаруашылығын дамыту мәселелері . . . 29

2. 3 Сыртқы экономикалық қарым - қатынастары . . . 42

Қорытынды . . . 52

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 54

Кіріспе

Ауданымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігі де, болашақтағы дамуын бағдарлайтын қам-қарекеті де - өзінің Мақтаарал деген атына сай, негізінен біздің ақ алатынымыз, бағалы қазынамыз - мақтаға байланысты. Ақ мақталы оңтүстікті, жалпы Мырзашөл өңірін кең байтақ Қазақстанымыздың- тәуелсіздік туын желбіреткен туған еліміздің басқа аудандарынан ерекшелеп даралайтын да алдымен осы мақташылық кәсіп. Мақта - біздің бойтұмарымыз, ерекшелік белгіміз. Тұрмыс дережемізді, күнделікті өміріміздің алуан саласын, бүгін мен болашақ, жайында толғанып ойлағанда, жоспар құрғанда ең алдымен, көз алдымызда ақ мақталы, әсем кестелі алқаптарымыз тұрады. Мырзашөл өңірі халқының жан дүниесімен, көңіл-күйімен, тыныс-тіршілігімен мақташылық кәсіп рухани тұтасып, сіңісіп кеткендей, болып көрінеді бізге. Халықтың, тұрмысы, тіршілігі түгелдей осы мақта шаруашылығына бейімделіп, икемделген. Өйткені, шаруа шаңырағыңыздың уық-керегесі де, экономикамыздың негізгі тірегі де, шаруашылығымыздың өзегі де, елдің күн көріс көзі де, ең алдымен, осы мақта. Шындығын айту керек, неше жылдан бері нарық экономикасының қысымына, заманның басқа қиындықтарына да республикамыздың басқа аймақтарына қарағанда неғұрлым шыдас беріп, құрығына түспей, өтпелі кезеңнің, жаңа алыс-беріс базар қатынастарына тезірек икемделе бастауымыз да осы мақта шаруашылығымен айналысуымыздың, оның ата кәсібімізге айналып, тамырын тереңге жайғандығының арқасы деп білеміз. Мақта өсіру кәсібі, халықты еңбеккерлікке, ерінбеуге, төзімділікке, жаны сірілікке баулып үйретеді. Мақтаның бойындағы қасиет те қисапсыз, ол-халық тұтынатын сан алуан өнім алынатын аса бағалы дақыл. Одан шығарылатын матаның түр-түрін айтпағанның өзінде бір тонна мақтадан ғана, үш мың метр мата, 100-110 килограмм күнжара шығады. Мақтаның сабағынан лимон және сірке қышқылы, спирт, тері илеуге арналған малмалак, қағаз және басқа өнеркәсіптік өнімдер айырып алынады. Түйіндеп келгенде, мақтадан сексенге тарта әртүрлі қажетті өнім шығарылады. Міне ауданымыздың қарапайым еңбекші халқы ерен қажыр-қайрат жұмсап, тамшылаған маңдай тер тегіп, өсіріп отырған бұл дақылдың "ақ алтын" аталуының мәні осында жатса керек. Бұл жайларды егжей - тегжейлі тізбектеп айтып отырғанымыз, нарыққа көшу кезеңінің ерекшеліктеріне, мұндағы экономикалық қатынастардың заңдылығына мақтаның тауарлық қасиеттері әбден сәйкес келіп, үйлесім табады екен. Осы тұрғыдан алғанда, мақтаны ілгерішіл, жаңашыл, прогресшіл, уақыт талабымен әрдәйім үндесіп отыратын демократияшыл һәм қандай да экономикалық кедергі дағдарыстарды бұзып жарып өтуге күш қуаты кемел жететін жауынгер - дақыл деп бағалағанымыз дұрыс.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысымыздың маңыздылығы, әрі қазіргі жоғары технологиялы модернизация мен информатизация кезеңінде жаңа көзқарас тұрғысынан Мақтаарал ауданымыздың географиялық сипаттамасы ескеріле отырып, төмендегідей мақсат қойылды:

  • Мақтаарал ауданына физикалық-географиялық, климаттық және әлеуметтік-экономикалық сипаттама бере отырып, Мақтааралдың геоэкологиялық бөлімдері мен ауданның геоэкологиялық орталықтырына сипаттама беру, экологиялық мәселелеріне тоқталу;
  • Мақтаарал ауданының орталығы Жетісай қаласының салынуы, қазіргі таңдағы жетістігі және аудан экономикасындағы орны;
  • Аудандағы негізгі өндіріс - мақта шаруашылығының биосфераға тигізетін әсерін, қазіргі таңда қалыптасқан геоэкологиялық мәселелерге тоқталу және бұзылған геожүйелерді экологиялық қалпына келтіру, оны шешу жолдарын көрсету.

Диплом жұмысының құрылымы:

Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Мақтаарал ауданының географиялық орналасуы

1. 1 Мақтаарал ауданының физикалық-географиялық сипаттамасы

Мақтаарал ауданы - облыстың қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1, 8 мың км (облыс аумағының 1, 5%-ы) . Тұрғыны 268, 7 мың адам. Аудан жеріндегі 176 елді мекен 1 қалалық, 3 кенттік және 21 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Жетісай қаласы.

Бұрынғы Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезінің Иіржар болысы таратылып, соның негізінде 1928 жылы 3 қыркүйекте Иіржар ауданы болып қайта құрылды. 1930 жылдан Мақтаарал ауданы. 1997 жылы 24 сәуірде мақталы үш аудан (Асықата, Жетісай, Мақтаарал) таратылып, олардың аумағында әкімшілік орталығы - Жетісай қаласы болатын Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтаарал ауданы Мырзашөл құмды жазығының солтүстігіңде, Сырдария өзінінің сол жағалауында, абсолюттік биіктігі 150-250 метр төбелі, белесті жазықта орналасқан. Ауданның батысы, шығысы мен оңтүстігі Өзбекстанмен шекаралас. Солтүстігін түгелдей алып жатқан Шардара бөгені (1974) арқылы Сарыағаш, Шардара ауданымен шектеседі. Ауданның жер қойнауынан минералды су, құрылыс материалдары барланған. Климаты континенттік, қысы қысқа, біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақты. Қаңтардың жылдық орташа температурасы -3-4°С, шілдеде 28-29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм. "Достық" (бұрынғы С. И. Киров атындағы) каналы - ауданның басты су көзі. Жер асты суының мол қоры бар. Ауданның жерінде эфемерлі өсімдіктер, жусан, баялыш, жантақ, қараған, жыңғыл, жиде өседі. Жануарлардан түлкі, саршұнақ, бауырымен жорғалаушылар кездеседі. Кезінде ақбөкендер болған. Аудаңда 60-тан астам ұлт бар. Қазақтар, тәжіктер, өзбектер, орыстар, тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Облыстағы халқы ең тығыз қоныстанған аудан. Ірі елді мекендері: Жетісай қаласы, Атакент, Асықата, Мырзакент кенттері және Минералды сулар, Алғабас, Жалын, Бескетік, Қызылқұм, Сәтбаев тағы басқа ауылдары.

Ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі бағыты - шитті мақта өндіру. Оның үлесіне ауданның ауыл шаруашылық жалпы өнімінің 70, 8% тиесілі, егіс аумағының 80%-ын алып жатыр. Ірі кәсіпорындарына "НИМЭКС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақта өңдеу, "ЮТЕКС"-мақта тазарту зауыттары, "Ақ алтын", "Мақтаарал", "Мақташы", "Ынтымақ", "Мырзакент" ашық акционерлік қоғамдықдары, "Жұлдыз", "Жалын" шаруа қожалықтары, "Ақ май", "Жетісаймай" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жатады. Олар аудан экономикасының дамуына тікелей үлес қосуда. Мақтаарал ауданы республикадағы шитті мақтаның 80%-ын береді. "Молчанов және К" спирт, шарап өндіруші кәсіпорын, "Мақтаарал тәжірибе стансасы", "Оңтүстік су шаруашылығы" мемлекеттік кәсіпорындары, 2 минералды су цехы, 1 бетон зауыты, Қазақ-Қытай жіп иіру-тоқыма кәсіпорындары сияқты 37 өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. Өнеркәсіп өнімдерінін 83%-ы тоқыма және тігін өндірісі кәсіпорындарының үлесіне тиеді. Білім беру мекемелерінен "Сырдария" университеті, гуманитарлық-медициналық, гуманитарлық-экономикалық, агробизнес колледждері, 117 мектеп, 2 кәсіптік-техникалық мектеп, 1 оқу-өндірістік комбинат, 2 музыкалық, 2 спорт мектептері, 1 көмекші мектеп-интернат, 13 балалар бақшасы бар. Денсаулык сақтау мекемелерінен "Диагностикалық орталық", 6 аурухана, 31 отбасылық дәрігерлік емхана, 87 фельдшер-акушерлік пункт бар. 2001 жылдың 1 қарашасында Сырдария өзенінің үстінен халықтарға маңызы бар, ұзындығы 400 метрлік "Тәуелсіздік" көпірі және ұсақ 5 көпір пайдалануға берілді. Ауданның орталығы - Жетісай қаласынан Шымкентке дейінгі қашықтық - 232 км. (Сурет 1. )

Сурет 1. Мақтаарал ауданы, орталық қаласы - Жетісай,

Мырзашөл өңірін үлкен қарқынмен игеру жұмыстары онан әрі жүргізіліп жатқан кезеңнің тұсында 1941 жылы 21 маусымда Ұлы Отан соғысы басталып кетті. Соған қарамастан шитті мақта өндіру ісін жандандыра беру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитеті мен облыстық кеңес атқару комитетінің 1941 жылғы 27 қарашадағы №122/1540-B-44 қаулысына байланысты Мырзашөл аймағындағы Мақтаарал, Киров аудандарының және тың жерлерді игерудің есебінен қатарлас енді үшінші - Сталин ауданын ұйымдастыру - ашу жөнінде мәселе қозғайды.

Сонымен бірге, Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ КСР Халық комиссарлары кеңесінен жоғарыдағы мазмұнда алынған қаулыны бекітуді және жаңа ауданды ұйымдастыруға рұқсат беруді сұраған сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының екі басшысы Нечаев пен Сағынтаев жолдастардың қолы қойылған хаттар, т. б. лауазымды қызметкерлердің жолдама-хаттамалары республика басшыларының атына жіберіліп, олардан жауап хаттар түсіп жатты.

Әртүрлі себептерге байланысты, оның үстіне елдің күйзеліс кезіндегі қиыншылықтар - соғыс жүріп жатқан жылдары едәуір кедергі болса керек. Жаңа ауданды ұйымдастыру - ашу жағы кешіктіріліп кейінге қалдырыла берді, ауыртпалықтар әсері coл кезде мұрша бермеді. Соғыстың біздің пайдамызға шешіліп жатқан жылдардың бірінде яғни 1944 жылы 8 мамырда бірсыпыра уақыттан бері айтылып келе жатқан үлкен істің түйіні шешілді, жаңа ауданның керегесі жайылып, шаңырағы көтерілді. Бұрынғы жазылып жүргендей Сталин емес, Ильич ауданы болып өмірге келді.

Облыстың басқару орындарының шешімі бойынша ауданға Аманкелді, "Прогресс", Молотов, Калинин, Сакко-Ванцетти ауылдық кеңестері қамтитын шаруашылықтар және атақты "Мақтаарал" ауылы орналасқан Ильич поселкесі қаратылып, аудан орталығы осы Ильич поселкесі болып белгіленді. Жаңа ауданның жалпы жер көлемі 197826 гектар шеңберіндегі 25 колхоз, бір совхоз, 2 МТС қаратылды. Осы үлкен жаңа ауданның бірінші хатшылығына жоғарғы жақ білімді агроном Исмаил Юсуповты жіберді. Ол өзінің бар күш-жігерін, ұйымдастыру іс қабілетін жаңа ауданның экономикасы мен мәдениетін топтастырып қалыптастыруға жұмсай білді. Соның нәтижесі әрі халықтың Мырзашөл өңірін игеруде бұрын-соңды болмаған қарқынды қайратты жағдайда жұмыс жүргізулеріне тура келді.

Сондықтан да болса керек 1945 жылы Ильич ауданының шаруашылықтары мемлекетке мақта дайындаудың жоспарын едәуір асыра орындады. Аудандағы Киров, Молотов, Сталин, Аманкелді, Жамбыл, Куйбышев, "Алғабас", "Қызыл Ту", Қызылабад атындағы колхоздар өте жоғары мақта өнімін жинауға қол жеткізді. Оның жеке бригадалары мен звеноларының жетекшілері 1945-1950 жылдар аралығында өнімділікті 25-30 центнерге дейін одан да жоғары мақта жинауды қамтамасыз етті. Шаруашылықтар мақташылық егістіктің көлемін арттырумен бірге, көп салалы шаруашылық кезіне айналдыру бау-бақша, жеміс-жидек, көкөністер түрлерін, ет, сүт, арпа, бидай, жүгері өндірудің жолдарына кең жол ашылды. Мұндай шаралардың іске асырылуының арқасында шаруашылықтардың табыс көзі әлде қайда молая түсті.

Осы жерде бір айта кететін мәселе Мырзашөл аймағын кеңінен игеру жұмысы 1924 жылдан бастап "Мақтаарал" ауылы ұйымдастырыла бастағаннан кейін қызу қолға алына бастады. Оған дейін қазақстандық бұл үлкен кең аймақ Өзбекстанның Жызақ қаласына дейін орталықта жортқан жабайы аңдардың тұяғы күйетін, ұшқан құстың қанаты талатын шөл дала жылдар бойы тусырап жатты. Осы аралықты басып өтетін үлкен керуен жолында шөлге шыдамды түйелермен ғана кірекештік жалғасып жататын. Онда да бұл жолға шыға қалсаң "су ала шығуды ұмытпа!" деген жазу-белгі тұратын. Демек, жолдың өн бойында судың құны алтынмен тепе-тең еді.

1928 жылдан бастап байқұлақтардың малы тәркіленді, орыстардың су шығатын азын-аулақ жерлері, құрал-саймандары тартып алынды. Осының алғашқы негізінде 1929-1930 жылдары "К-22" арықтары сәл-пәл табаны кеңейтіліп осының теңірегінен ұсақ -шағын ауылшаруашылық артелдері ұйымдастырыла бастады. Кулақтардан тәркіленген 30 жылқы, 45 сиыр, 6 егіз, 100-шақты бас қой, дизель моторлы диірмен, 30 ұялы бал арасы, 6 ат сеялкасы, 2 ат тырмасы, 2 шөп жинайтын, 4 ат арбасы, 4 шөп оратын құралдармен, 30-40 шамасында кетпен, күрек, бесақалар, 4 қол арба, оншақты атегер-әпзелдері, бір ұстахана колхоздар меншігіне өтті.

Колхоздар ауыл-ауыл болып "Земля и труд" аймағынан 1930-1932 жылдың аяғында 10 колхоз ұйымдастырылды. Мысалы, "Үлгілі", "Қызылабад", "Жаңа жол", "Дихан", Ахунбабаев, Еркіншілік, Исаев, "ІІІ-бесжылдық", "Прогресс", Жамбыл, Сакко-Ванцетти. 1935 жылдан бастап осы колхоздарға қызмет көрсететін: жерін айдап, егістігін күтіп-баптайтын "Қызылабад" МТС-ы дүниеге келді. Мұндай МТС-тер кездегі Мақтаарал ауданы қамтитын колхоздарда үшеу еді.

Әсipece, "Қызылабад" МТС-на қарайтын колхоздардың атақ-даңқы-соғысқа дейінгі кезеңде дүркіреп қатты шықты. Мақта, мал шаруашылығы жақсы дамыды. Жаппай сауат ашу, балалардың 7 жылдық білім алу ісі қолға алынды.

Осы колхоздар 1942 жылы мемлекетке берілетін жоспардан тыс Отан қорғау майданындағы жауынгерлерге 6 тонна ет, 2 тонна сары май, 700 жұп қолғап, 200 келте тон, 500 кило қауынқақ жіберді. Әрбір колхоздың колхозшылары жыл сайын миллиондап соғыс заемына жазылып жатты. Сакко-Ванцетти ауылдық Советтің хатшысы Қосалы Жұмановтың бір өзі мал-мүлкін сатып Отан қорғау, қорына 1 миллион 102 мың сом қаржы құйып, сол кездің данышпан көсемі И. В. Сталиннен Алғыс хат алды. Бұл үлкен тарихи оқиға болды.

1940-1941 жылдары Қызылабад орталау мектебінің мұғалімі Жолдыбай Нұрлыбаев 19 жасында майданға аттанып, пулеметшілер батальонын басқара жүріп, 1945 жылдың наурызында сол есіл ер капитан Одер өзенінен өту шайқасында соғыста мерт болды. Оған Совет Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Жеңістің 30 жылдығына орай 1975 жылы жерлестерінің қаржысына колхоз мәдениет сарайының алдынан биіктігі 14 метрлік монумент-ескерткішке 4 солдаттың бейнесі белгіленген, оның біреуіне Жолдыбай Нұрлыбаевтың бейнесі сомдалған. Сонымен бірге, бұрынғы 10 колхоздан майданға аттанып, қайтып оралмаған 800-ге тарта қызыл ескерлердің аты-жөндері стенд-тасқа ойып жазылды. Қоғамдық ұйымдардың күшімен мезгіл-мезгіл жиындар өткізіліп, туысқандары жылап-сықтап құран бағыштап келіп-кетіп жататын қасиетті орынға айналып отыр. Ж. Нұрлыбаев мұғалім болып істеген орта мектеп қазіргі кезде батырдың есімімен аталады.

Бір кездегі 10 колхоз келе-келе кешегі Совет дәуірінде бәрі бірігіп, Ленин атындағы ірі колхозға айналып еді. Сол тұста бұл шаруашылық өте жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Осы колхозды алғашқы жылдары басқарған Шүренбай Тұрғанбаев Социалистік Еңбек Ері атанды, 55 жылдай колхоздың басшылық - басқару жұмысын атқарған Аязхан Қалыбеков Ленин, "Еңбек Қызыл Ту" ордендері және бірнеше медальдармен марапатталды. Халық шаруашылығы Бүкіл-одақтық көрмесінің алтын, күміс медальдарына ие болды. Колхоздың маңдай алды механизаторы Ұлбосын Қуатбекова бір маусымда 150 тоннаға дейін мақта жинады. Ол қыз КПСС-тің XXV съезіне, Қазақстан Компартиясының XV съезіне делегат болды. Ұ. Қуатбекова "Еңбек Қызыл Ту", "Халықтар Достығы" ордендерін иеленді. Атақты бригадир Тұрсынхан Уәлиев мақта өнімділігін 35 центнерге дейін жеткізгені үшін Кеңестер Одағы Жоғарғы Советі Президиумының Указымен "Октябрь революциясы", "Еңбек Қызыл Ту" ордендерімен марапатталды. Жұмабай Оспанов, Ұлуаш Ақжігітова, Әпсан Лесов және Үрішов сияқты тағы басқа да көптеген жақсы-жақсы өндіріс жетекшілері ерекше еңбек сіңірді. Үлгілі ауыл округіне қарайтын бұл өңірде қазіргі кезде 120-дан аса шаруа қожалықтары жұмыс істеп жатыр.

1951 жылдан бастап, Ильич ауданының түстік жағындағы Киров (қазіргі Достық) каналының сол жағындағы Мырзашөлдің Жетісай өңірі игеріле бастады. Қазақстанның Солтүстік, Шығыс, Батыс облыстарынан кішігірім колхоздары 70-80 үйлермен уақытша жертөле жасап көшіп келіп қоныстана бастады, мұның үстіне осы маңдағы жергілікті халықтардың есебінен толығып жатты. Жер игеру, су жүйелерін салу, үйлер тұрғызу, жол салу, ауыз су құрылыстарының жұмыстары бірімен-бірі ұштастырыла қызу жүргізіліп жатты. Қысқа мерзімнің ішінде бұл өңірде қала типтес әдемі ауыл-селолық поселкелер бой көтере бастады. Әрбір ауылдың орта мектебі, мәдениет сарайы, сауда орталығы, ауруханасы, байланыс бөлімшелері тұрғызылып жатты. Халық жан-жақтан ағылып, көбейіп кетті. Тек Жданов, "ІІІ-Интернационал" және "Заря коммунизма" колхоздарының әрқайсысындағы түтін саны қысқа мерзімде 250-300-ге дейін жетті.

Осы тұста 1956 жылы 6 тамызда КПСС Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің "мақта шаруашылығын онан әрі дамытудың жайларына байланысты қазақ және өзбек республикаларындағы кең байтақ

1. 2 Мақтаарал ауданының климаты, су ресурстары

Мақтаарал ауданының климаты - кең байтақ, Казақстан жерiнде оның географиялық орнына және жер бедерiнiң сипатына байланысты қуаң континенттiк климат қалыптасқан. Басқа кез-келген аумақты аймақтар сияқты ауданның климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешенi ерекше әсер етедi.

Мақтаарал ауданының радиациясы. Қазақстан аумағы үстiнде бүкiл жыл бойы жоғары қысымды ауа қабаты үстемдiк етедi, ал оған көршiлес аймақтарға төменгі қысымды қабаттар тән келедi. Жалпы Мақтаарал ауданының көпшiлiк бөлiгiнде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндер ұзақ, жылына солтүстіктен оңтүстікке қарай 2000 сағ-тан 3000 сағатқа дейiн артып отырады. Жылына 260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер саны тиiсiнше 60 күннен 10 күнге дейiн кемидi. Мiне, осылардың нәтижесiнде жиынтық радиация мөлшерi де солтүстіктен оңтүстікке қарай 4200-ден 5500 МДж/м2-ге дейiн бiртiндеп артады. Сол сияқты төсенiш беттiң (жер бетiнiң) сәуле қайтару қабiлетiне байланысты сiңiрiлетiн радиация мөлшерi де оңт-ке қарай бiрқалыпты көбейедi. Сәуле қайтару қабiлетiн қыста тұрақты қар жамылғысы қалыптасқанда ең жоғары мәнiне 70 - 80%-ға жетiп, жазда көпшiлiк жерде 20 - 30%-ке дейiн төмендейдi. Радиацияның жылдық тиiмдi сәулелену мәнi солтүстікте 1500-ден оңт-те 2100 МДж/м2-ге дейiн өзгередi. Терiс мәндi радиациялық баланстың маусымдық ұзақтығы солтүстікте 3, 5 - 4, 5 ай (қараша - наурыз), оңтүстікте - 1 ай.

Мақтаарал ауданында жылудың булануға жұмсалатын жылдық шығынының мөлшері, солтүстіктен оңтүстікке қарай 630-дан 420 МДж/м2-ге кемидi. Шөлдi өңiрдiң қуаңшылық маусымында жылудың көп мөлшері турбуленттi жылу алмасуға кетедi. Тек топырақтың көктемгi ылғалға қаныққан кезiнде, сол сияқты көгалды жерлерде буландыруға кететiн жылу мөлшерi ауаны турбуленттi жылу алмасу жолымен қыздыратын жылу шығынынан артық болады. Жазғы шұраттық құбылыс, яғни булану есебiнен күндiзгi ауа температурасының Жетісай төңiрегiне төменiрек болуы жақсы байқалады. Радиация мен жылу балансының өзгерiсi ауа температурасын өзгертедi. Қаңтар айының орташа темп-расы Мақтаарал ауданында 15 0 С-қа дейiн көтерiледi. Шiлденiң күндерінде 40°С-тан 45 0 С-қа дейiн. Жазы қоңыржай жылы, қысқа, кейде ауа темп-расы 35°-50 дейiн қызуы мүмкiн. Көктемнiң соңғы үсiгi шiлдеде, ал күздiң ерте үсiгi тамыздың аяғында түсуi мүмкiн.

Мақтаарал ауданының қысы жұмсақ. Бұл өңiрдiң қыс айларында жиi-жиi қайталанатын жылымық құбылысы кезiнде ауа температурасы ең 10 0 С-қа дейiн көтерiледi. Соған қарамастан мұнда кейбiр°С жоғары деңгейi 15 - 20 0 С-тан да төмен аяздар байқалады. Мақтаарал ауданының өңiрiнен тыс бөлiгiнде жаз тым ыстық әрi ұзақ. 40 0 С-қа және 45°С-қа, топырақтың беткi қабаты 70°С. Кейбiр жылдары ауа темп-расы 45 0 С - 47 0 С одан да жоғары қызуы мүмкiн. Күн энергиясының мұншама көп қоры, Мақтаарал ауданында гелиоэнергетиканы дамытуға мүмкiндiк бередi.

Атмосфера айналымы. Мақтаарал ауданының жерi қыс маусымында оңтүстік антициклонының тармағы мен азорлық ядросының ыкпалына жиi ұшырап отырады. Осыған байланысты Мақтаарал ауданының солтүстігінде оңтүстік-батыс және батыс, ал жазда солтүстік-батыс бағыттан соғатын жел басым келедi. Мақтаарал ауданындағы атмосфералық процестер - Еуразия секторының 3 iрi аумақты айналымы ықпалымен қалыптасады. Егерде циклондар мен антициклондардың алмасу жолдары ендiк бағытпен өтсе, онда ол ендiк бағыттағы айналым делiнедi. Ендiк бағыттағы айналым кезiнде Қазақстанның көпшiлiк бөлiгiнде жауын-шашынның мөлш. кемiп, ауа температурасы жоғарылайды. Еуразиялық айналым кезiнде Мақтаарал ауданына суық ауа массаларының енуi жиiлейдi, температура шұғыл төмендейдi, жауын-шашын молаяды, жел күшейедi. Сiбiрлiк айналымда - оңтүстіктен тарайтын жылы ауа массалары ұлғайып, ауа температурасы жоғарылайды, жауын-шашын кемидi. Мақтаарал ауданының климатының қалыптасуына оның жер бетiнiң әр тектiлiгiнiң де әсерi болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағының экономикалық географиялық жағдайы
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық - географиялық сипаттама
Жер ресурстары туралы түсінік
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының әлеуметтік экономикалық жағдайы
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық проблемалары және болашағы
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық-географиялық сипаттама жайлы ақпарат
Оңтүстік Қазақыстаның физикалық географиясы пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Климаттық ресурстар туралы түсінік
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz