Павлодар облысының табиғи ресурстары мен оларды дамытудың проблемалары


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРЫ

МЕН ОЛАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 Тарау. Павлодар облысының физикалық - географиялық

сипаттамасы . . .

1. 1. Геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары . . .

1. 2. Облыстың климаты . . .

1. 3. Ішкі және жер асты сулары . . .

1. 4. Топырақ жамылғысы . . .

1. 5. Облыстың өсімдіктер мен жануарлар дүниесі . . .

2 Тарау. Павлодар облысының табиғи ресурстары

мен табиғи ерекшеліктері . . .

2. 1. Жер асты байлықтары және олардың жергілікті

экономикадағы орны . . .

2. 2. Жер ресурстары және халық шаруашылығындағы

алатын орны . . .

2. 3. Орман шаруашылығы . . .

2. 4. Су ресурстары және оларды тиімді пайдалану . . .

2. 5. Павлодар облысындағы электр энергетикасының

ел үшін маңызы . . .

3 Тарау. Павлодар облысының табиғи ресурстарды

дамытудың проблемалары . . .

3. 1. Табиғи ресурстардың өндірілу деңгейі . . .

3. 2. Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудағы

технологиялық проблемалары . . .

3. 3. Облыстың әлеуметтік - экономикалық дамуының сипаттамасы . . .

3. 4. Облыстың экологиялық жағдайы . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 54

КІРІСПЕ

Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы -Қазақстанның ең әдемі қалаларының бірі - Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан.

Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте - Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста - Новосібір облыстарымен, шығыста - Алтай өлкесімен, оңтүстікте - Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста - Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.

Облыстың тиімді орналасуы оған басқа мемлекеттермен және Қазақстан облыстарымен Онтүстік-Сібір және Ортасібір теміржол магистральдері бойынша автомобильдік, авиациялық, электрондық, құбырлық және өзендік көлік түрлерімен қатынас жасауға мүмкіндік береді. Ертістің Павлодар өңірінде бәрі де бар: ұшы-қиырсыз дарқан даласы, қайың тоғайлары, қарағайлы ормандары, таулары, көптеген көлдері. Облысты ежелгі Ертіс қақ бөледі деп айтуға болады. Оның жайылмасы да бірегей және өте бай.

Облыс аумағында Ертістің Павлодар өңірінің інжу-маржаны, Қазақстан Республикасының әсем жерлерінің бірі - Баянауыл бар. Шексіз даланың ортасындағы табиғаттың осы бір бірегей туындысының сұлулығы тамсанатындай. Таулары, қарағайлы ормандары, жануарлар әлемі, Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл көлдері ұмытылмас әсер береді. Мұнда Қазақстан мен Ресейдің жан-жағынан келетін мыңдаған туристердің аса ірі демалыс аймағы бар. Облыстың тиімді орналасуы басқа мемлекеттермен және Қазақстанның облыстарымен Оңтүстік Сібір және Орта Сібір теміржол магистральдарымен, авиациялық, электрондық, құбырлық және су көліктері түрімен байланысуға мүмкіндік береді.

Облыстың үлкен бөлігін дала жазығы алып жатыр, оны қазақтар ертеден Сарыарқа- Алтын дала деп атаған. Облыс аумағында Ертіс бойындағы Павлодардың інжу моншағы, Қазақстан Республикасының аса әдемі жерлернің бірі -Баянауыл орналасқан. Негізгі туристік жерлердің арасында - таулы аудандар, қайыңды ормандар, Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл көлдері. Облыстың солтүстігінде Қазақстан мен Ресейдің түкпір- түкпірінен келетін барлық туристердің аса ірі демалыс аймағы және қажылық ететін жері бар.

Облыс құрамына үш қала кіреді: Павлодар, Екібастұз, Ақсу, төрт поселке мен он ауылдық аудан. Облыс орталығы - республиканың көне, әдемі қалаларының бірі Павлодар қаласы, ол Қазақстандағы ең ірі Ертіс өзенінің жағасында орын алған. Ақындар өлеңдеріне қосып айтқан қала кең даңғылдарымен, көшелерімен, көлеңкелі саябақтарымен, гүлзарларымен, фонтандарымен өзінің қонақтарын сүйсіндіреді, мұнда қай мезгілде болсын таза және жайлы.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысымыздың маңыздылығы, Павлодар облысының Қазақстанның басты индустриалдық өңірлерінің бірі болып табылатындықтан, дәстүрлі күрделі өндірістер мен минералдық және көмірсутекті шикізатты игерумен айналысатын кәсіпорындардың оңтайлы үйлесімділігі бар ТМД-нің экономикалық кеңістігіндегі аса ірі аумақтық-өндірістік кешен қалыптасқанын ескере отырып, төмендегідей мақсат қойылды:

  • Облыстың орасан зор табиғи-ресурстық әлеуеті, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының зерттеу;
  • жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті, оның Орталық Азия мен Сібір арасындағы байланыстырушы рөлі түрлі елдер мен континенттердің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің мұқият назарын аударатынын ашу;
  • дамыған банк саласын, шағын және орта бизнестің серпінді дамуын;
  • инфрақұрылымды, шетелдік инвесторлардың, мемлекеттік даму бағдарламаларының бар болуын сипаттау.

Дипломдық жұмыс тақырыбының көкейкестілігі - Павлодар облысының аумағында көп салалы индустриалдық кешен қалыптасқаны өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті ірі экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік компаниялармен айқындалады. Олар көмірді, электр және жылу энергиясын, алюминий тотығын, ферроқорытпаларды өндіреді. Облыс үлесіне республиканың өнеркәсіптік өндірісінің 7%-ы, республикалық көмір өндірісінің 70%-ы, ферроқорытпалар өндірісінің 3/4, электр энергиясы мен мұнай өнімдері өндірісінің 40%-ы тиесілі. Облыстың әлеуеті химия, машинажасау және металл өңдеу салалары кәсіпорындарының дамуына жеткілікті.

Тақырыптың жаңалығы. Дипломдық жұмыста Павлодар облысының орасан зор табиғи-ресурстық әлеуеті, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының бар болуы, жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті, оның Орталық Азия мен Сібір арасындағы байланыстырушы рөлі түрлі елдер мен континенттердің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің мұқият назарын аударуда.

Диплом жұмысының құрылымы:

Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Павлодар облысының физикалық - географиялық

сипаттамасы

Павлодар облысы Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, ауданы 124, 8 шаршы км-ге тең. Аумағы, оңтүстіктен -солтүстікке қарай 49°55' - 54°27' солтүстік ендік, және батыстан шығысқа қарай 73°25' - 79°20' шығыс бойлық аралықтарын қамтиды. Павлодар облысы солтүстік, солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығысында Ресей Федерациясының Омбы, Новосибир облыстары және Алтай өлкесімен, оңтүстігінде Қазақстанның Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарымен, батысында Ақмола облысы, солтүстік - батысында Солтүстік- Қазақстан облыстарымен шектеседі [15] . Батыс-Сібір жазығына сұғына еніп жатқан Құлынды, Бараба, Ертіс маңы жазықтары аумақтың 70% құраса, ұсақ шоқылы көтеріңкі келетін оңтүстік - батыс бөлігі 30%-ға жуығын алып жатыр. Жер бедерінің ерекшеліктері оның геологиялық құрылысы мен даму тарихы, жер бедерін түзуші факторларға тікелей байланысты болады (сурет 1) .

Жеке-жеке төбелер, оқшау жатқан шоқылар, аласа тау жоталары, сыртқы процестер әрекетінен бұзылып, жер бедерінің басқа да пішіндерімен өзара үйлесім тапқан. Жер бедерінің абсолюттік биіктері солтүстік шығыстан оңтүстік- батысқа қарай орналасқан Құлынды, Бараба, Ертіс маңы жазықтарының орташа абсолюттік биіктіктері 130-200 м болса, төбелі-шоқылы жерлерінде 300-400 м, аласа таулар 800-1000 метрге дейін көтеріле береді [16] . Облыстың ең биік абсолюттік нүктесі - Әулие шыңы (1055 м), Желтау (959 м), Далба (758 м), Киікши (870 м), Мырзашоқы (801 м) Қызылтау тауларында. Баянауланың негізгі тау жоталарын құрайтын Акбет - 1026 м, ал Өге-лен (969 м), Шибет (728 м), Жасыбай (804 м), Сарытау (141 м), Нияз (685 м) Жақсыаулаға кіреді. Баянаула тау жоталарының жүйесі шығыстан батысқа қарай 40 шақырым, меридиандық бағыттағы ені 20 шақырымға созылып жатыр. Баянаула тау шоқылары солтүстік, шығысқа қарай біртіндеп 300-500 м-ге дейін аласарады. Екібастұз ауданына қарасты Сарытау (461 м), Үлкен Қояиды (499 м), Жаман Бөгенбай (475 м), Жаманадыр (443 м), Май ауданына еніп жатқан Қалмащыргаи (547 м), Теміртау (270 м), Тілеуімбет (408 м), Үрпек (458 м), Ордабай (423 м), т. б тауларды атауға болады [17] .

Жер бедерінің ерекшеліктерін бейнелейтін метафоралар Найзатас, Садактау, Қоржынтау, Бүйректас, Ақбет, Жамбақы, Қызылтау, Қарашоқы, Қарауылшоқы; тарихи оқиғалардан мол ақпарат беретін: Жасыбай, Олжабай, Қалмашырған, Мырзашоқы, Баянаула, Жақсыаула, Жаманаула, Нияз, Серектас, Қонырәулие атаулары жергілікті жердің бейне көрінісінен тапқан.

Табиғи байлығы адам баласын көне заманнан-ақ қызықтырған Баянаула Сарыарқаның «жер ұйығы» аталса, қазір де Қазақстанның Алтайы, Көкшесі тәрізді өзінің әсем табиғатымен келушілерді қызықтырады. Көптеген обалар, ондағы орнатылған тас бейнелер, жартастағы таңбалар мен үңгірдегі суреттер, көне қазындылар өткен тарихымыздан мол экөлогиялық ақпарат береді [18] . Тау массивтері, негізінен тығыз кристалды гранит, сиенит, порфирит, диорит т. б. секілді тау жыныстарынан құралған. Тауаралық аңғарлар мен беткейлерде, төмен жатқан жарықтарда, түпкілікті жыныстардың үгілу әрекеті өнімдерімен толтырылған тауаралық ойпаттарда тектоникалық көлдер: Жасыбай, Сабындыкөл Торайгыр орналасқан. Ұсақ шоқылар Ертіс маңы, Құлынды жазықтарына қарай жер бетінің абсолюттік биіктігі 200 -ден, 100 м-ге дейін төмендей береді. Бұл жазықтардың ойпатты жерлерінде көптеген ағынсыз тұйық, тұзды көлдер кездеседі. Ертіс өзенінің деңгейінен төмен жатқан Қызылқақ, Жалаулы, Шолаңсор, Қарасор, Маралды, Сейшен, Әжболат, т. б. көлдерді атауға болады. Қазаншұңқырларда орналасқан көлдердің жағалау беткейлері көптеген терең жыралар, сайлармен тілімделген. Ертіс өзенінің аңғары Ертіс маңы жазығын сол жағалық және оң жағалык бөліктерге бөледі. Оң жағалау жарқабақты болғандықтан кей жерлерде биіктігі 25-30 м жетеді (Пятирыжск, Бобров, Ямыш (Тұзшала, Ашу т. б. селолар) . Сол жағалауы кең қолаттармен ерекшеленіп, Ертіс өзеніне қарай төмендей береді. Солтүстік шығысы жайпак жондар мен жалдар тізбектерінен тұрады және арасында өскен қайыңды, қайыңды-көктеректі шоқ ормандар кездеседі. Оң жағалаудың шығыс бөлігі таспалы қарағай (реликт) орманымен ерекшеленсе, оңтүстік-шығыс болігінде қазаншұнқырларда орналасқан Айдарша, Бөрілі, Шарбаңты, Қазы, Малыбай, Жалтыр т. б. көлдері орналасқан. Олардың маңайы ежелгі құмтөбелер, кей жерлерде сусымалы төбешікті құмдарымен сипатталады [19] . Ежелгі Ертіс өзені маңы жазығы үштік дәуірдің шөгінді жыныстарынан қалыптасқан. Гипсті, сазды, құмды, сары топырақты саздақты қабаттармен жабылған жер қыртысының қалыңдығы 2000 м-ге жетеді. Бұл шөгінділер төрттік шөгінділермен: құм, саз, саздақтармен жабылып, жалпы қат-қабаты 4-20 м калыңдықты құрайды.

Облыста түрлі меншік нысанындағы 5 мыңға жуық кәсіпорын белсенді қызмет етеді. Бұдан басқа, өңірде ауылшаруашылық өнімдерінің шикізат базасы мен оларды өңдеуге арналған өндірістік қуаттылықтар бар. Қазақстанның энергетикалық жүрегі - аса ірі Екібастұз электр станциялары, Ақсу ГРЭС, сондай-ақ Павлодар өнеркәсіп кешенінің энергияны қажетсінетін кәсіпорындарына қызмет ететін бірқатар ірі жылу станциялары болып табылады. Осы электр станцияларының даусыз артықшылығы көмір көздеріне және электр мен жылу энергиясын тұтынушыларға жақын орналасқандығы болып табылады.

Облыста ауыл шаруашылығына да көп мән беріледі. Өңірдің ауылшаруашылық алқаптарының ауданы 11, 2 млн. га құрайды. Облыста негізгі өндірілетін дақыл - бидай болып табылады, ол егіс алқаптарының жартысынан көбінде егіледі. Егіс алқаптарының 15-17%-ға жуығы басқа дәнді дақылдарға тиесілі. Бұдан басқа, облыста картоп, көкөніс және бақша дақылдары өсіріледі.

Облыста қалыптасқан өнеркәсіп әлеуеті көлік коммуникациялары мен көліктік-экономикалық байланыстарды кеңейту қажеттілігін туғызды. Облыста күрделі көліктік-коммуникациялық торап бар: мұнда Қазақстан ішіндегі оңтүстікке қарай өтетін ең ірі мұнай құбыры басталады (Шымкент қаласына), Қазақстан мен Ресейдің түрлі өңірлеріне тартылған электр қуатын алысқа тарату желілері, Ертіс-Қарағанды-Жезқазған арнасы, Ресейге, елдің орталығы мен оңтүстігіне өтетін темір жолдар өтеді.

  1. Геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары

Павлодар облысының геологиялық құрылымы екі ірі геологиялық құрылымдардың (Қазақтың қатпарлы елі (Сарыарқа) және Батыс Сібір жазығы) түйіскен жерінде орналасқандығымен айқындалады. Геологиялық құрылымын жанартаулық, эффузивті, метаморфты және шөгінді жыныстар құрамы анықтайды. Стратиграфиялық қимасында палеозойға дейінгі, төменгі, орта, жоғары палеозой, мезазой, кайназой түзілімдері кездеседі [20] . Қазақтың қатпарлы елі көтеріңкі келген герциндік фундамент (іргетас) негізінде қалыптасқан. Олардың аралығында жеке мульда (сопақша келген ойпаңдар) және грабен-мульдалар жоғары триас, юра шөгінділерімен, жазықты аумақтары неогендік және төрттік түзілімдермен жабылған. Палеозойдың аяғы мен мезозойдың басында Павлодар облысының аумағында геосинклинальды даму кезеңі аяқталып, жер қыртысының даму кезеңінде магнетизм, пневмо-гидротермальды процестер әрекетінен жас (эпигерциндік) Батыс Сібір платформасы қалыптасты. Батыс Сібір плитасының іргетасы мезазойлық, кайназойлық шөгінділермен жабылған, литосфералық тыстың қуаттылығы 2500-3000 м-ге дейін жетеді. Климат өзгерісі, мұз басу, тектоникалық тербелістер, эрозиялық-аккумулятивті процестер төрттік кезеңде жер бедерінің негізгі пішіндерін қалыптастырды [21] . Пайдалы қазбалардың жер қойнауындағы геологиялық қоры жөнінен Павлодар облысы республика бойынша алдыңғы орындардың бірін алады. Минералды шикізаттар құрамында Менделеев периодтық жүйесіндегі көпшілік химиялық элементтер кездеседі. Облыстың жер қойнауында кенді (қара және түсті металл, шашыраңқы, радиоактивті), кенсіз (химия, тамақ өнеркәсібіне қажетті шикізаттар), жанатын (көмір, мұнай) геологиялық қоры бар. Бағалы тастар мен құрылыс материалдары қоры біршама көп болғандықтан өнеркәсіпте маңызды рөл атқарады. Қазақстанда өндірілетін тас, қоңыр көмірдің 35%-ы осы өңірде өндіріледі. Сондықтан тас, қоңыр көмір, ас тұзын өндіруде республика бойынша алдыңғы орында болса, түсті кен және шашыраңқы металдардың геологиялық қоры жөнінен алғашқы орындардың бірін алады [20] .

Облыстық индустрия, сауда, шағын кәсіпшілікті дамыту департаментінің қызметкерлері дайындаған (2000) мәліметтерде пайдалы қазбалардың геологиялық қоры анықталған. Бағалы түсті мсталдардың ішінде алтын - 146, 7 т. (Бесшоқы, Алқамерген, Найман-жал, Сувенир - Александров кен орындары), Бозшакөл мыс порфир кен орны (3, 5 млн), болжамдық қоры бойынша кобальт (14 мың), никель (251 мьщ), титан (144 млн), цирконий (3, 4 млн), марганец (70 мың) тоннаны құрайды. Сонымен қатар темір, сирек кездесетін металдар: молибден, индий, галлий, кадмий, теллур т. б. аздаған қоры бар, көмірдің қоры (15 млрд т. ), оның ішінде Екібастұз (10, 5 млрд т. ), Майкөбе (2, 2 млрд т. ), Баянауыл Май аудандарында көмір қоры (3 млрд т. жуық) табылған. Тұз тұнба, тұзды көлдердегі тұздың қоры 154 млн тонна болса, емдік қасиеті бар Мойылды көлінде лай батпақтың мөлшері 369 мың текше м, Алтыбайсор - 1 млн текше м. тәулігіне 3, 8 млн текше м суды пайдаланылатын жер асты суының 11 кен орны, болашағы бар асханалық және минералды сулардың 6 телімшесі барланған.

Ертіс-Баянаула өңірінде кен орындарының игерілуі көне заманнан белгілі екендігін бұл күнде тарихи-археологиялық деректер дәлелдеп отыр. Алғашқы қазба жұмыстарының іздерін археологтар 1500-1700 жылдар аралығындағы қола дәуіріне жатқызады. Облыс аумағында жер бедері мен геологиялық құрылысын сипаттайтын топонимдерге Ақтас, Көктас, Жылантас, Қызылтас, Керегетас, Сандықтас, Теміртау, Жезді, Бетбақыр, Жосалы, Екібастұз, Тұзала, Ақбалшық, Борқазган т. б. жаткызуға болады.

  1. Облыстың климаты

Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан Павлодар облысының климаты күрт континентті болып келеді, қысы суық (5-5, 5 ай), жазы ыстық, қысқа (3 ай) құрғақ желдер, жауын-шашынның аз түсуімен ерекшеленеді.

Климатының қалыптасуына географиялық ендік, күн радиациясымен қатар, атмосферада жүріп жататын күрделі процестер әсер етеді. Ерте көктемгі, күзгі үсік, жеткіліксіз жауын-шашын мөлшері, аңызақ желдер, шаңды құмды дауылдар, көктайғақ, қыс айларындағы аязды күндер, халық шаруашылығында қолайсыз жағдайлар тудырады. Орташа жауын- шашын түсімі оңтүстік батыс бөлігінде 280-300 мм, солтүстік-шығысындағы Железин, Қашыр аудандарында 300-360 мм, аумақтың қалған жерлерінде 200-250 мм-ге дейін, азая береді [22] .

Ауаның орташа жылдық температурасы солтүстік өңірлерде +1°С, оңтүстікке қарай +2°, +3°С-ге өзгеріп отырады. Күн радиациясының жер бетіне таралуы географиялық ендікке байланысты жылына солтүстік -шығысынан оңтүстікке қарай 2100-2400 сағатты құрайды [23] . Ең суық қаңтар айының орташа температурасы -17°-19° С, кейде -45°-49°С-қа дейін төмендейді. Қар жамылғысының қалыңдығы 10-20 см, ашық далаларда, орман массивтері, тау етегінде 35-70 см-ге жетеді. Қар жамылғысының жату ұзақтығы 150-160 күнге дейін созылып, еру әрекеті күн радиациясының түсуіне байланысты болады. Қыс айларында оңтүстік-батыстан батыс желдері басым болып, секундына 15 м жылдамдықпен соғады. Боранды күндер 30-35 күнге созылып, қолайсыз жағдайлар туғызады. Көктем айларында (наурыз, сәуір) желді күндер басым болып, топырақты қүрғатып, шанды дауылдардың қалыптасуына ықпалын тигізеді. Өсімдіктердің өсіп-өнуіне қолайлы вегетациялық кезең 160-170 күнге созылады. Шілде айының орташа температурасы +20°+22°С, ең жоғары температура +35°+45°С-қа жетеді. Жауын-шашынның 70%-ы жаз айларында түседі. Жазғы жауын-шашынның булануға шығындалғанынан қалғаны топырақтың ылғалдалуына жұмсалады [15] . Жалпы Павлодар облысының климаты ауыл шаруашылығының дамуына септігін тигізеді. Орташа жылдық жауын-шашынның түсімі тәлімі егін шаруашылығымен шүғылдануға, өсімдіктердің өсіп-өнуіне мүмкіндік туғызады. Агроклиматтық аудандау бойынша Павлодар облысының аумағы қоңыржай-құрғақ және құрғақ қуаң дала белдемдеріне бөлінеді. Агроклиматтык аудандау: агрометеорологиялық көрсеткіштер жылу мен ылғал арақатынасы, вегетациялық кезеңдегі жауын-шашынның таралуы сонымен қатар, табиғи факторлар (жер бедері, топырақ жамылғысы) негізінде қалыптасты [24] .

Климаттың ауа-райының қолайлы-қолайсыздығын білдіретін жергілікті топонимдер: Желтау, Желді адыр, Жылысай, Жылытөбе, Мұзбел, Мұздыбулақ, Салқынтау көшпелілердің табиғат жағдайлары ерекшеліктерін ажырату нәтижесінде қалыптасып, геоэкөлогиялық ақпаратқа айналып отыр.

1. 3. Ішкі және жер асты сулары

Облыс аумағының көп бөлігі жазықты болып келуі, геологиялық құрылысының даму ерекшеліктері, климатының күрт континенттілігі аймақтагы гидрографиялық желіні жүйелі түрде сипаттайды. Ертіс өзені Павлодар облысының негізгі су магистралі болып табылады. Ол теңіз деңгейінен 2400 м биіктіктен (Моңғол Алтайы) бастау алады да, Алтайдың мұздықтарынан басталатын Қара Ертіс, Қу Ертіс, Бала Ертіс, Бұлғын-Шыңғыл, Қыран, Бұршын Қаба өзендерінің суын қосып алып, ағысы долы тау өзені ретінде Қазақстан шекарасына шығады. Бұл жерден Алқабек саласы кұйып, Марқакөлден ағып шыққан Қалжыр өзенін қабылдап, Қара Ертіс деген атпен Зайсан көліне (Бұқтырма бөгені) келіп құяды да, ұзындығы 4248 км Ертіс өзені ағып шығады. Қазақстан жеріндегі өзеннің ұзындығы 1700 км, ал Павлодар облысындағы ұзындығы 720 км. Өзен облыс аумағын екіге бөліп, Обь өзеніне барып құяды. Ертіс өзенінің арнасының ені 500-600 м, кейде 2150-3350 м, жайылмасының ені 15-18 км жетеді. Өзен арнасы көптеген тармақтарымен, құмқайырлар, аралдар, ескі арналарымен ерекшеленеді. Ертіс өзенінің оң жағалауы тік жарлы, жағалау белдері тасқын сулардың арнаға қайтуында ағынсыз қазаншұңқырларда көлдердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Сол жағалауы жайпақ, ойпатты, кең жайылымымен ерекшеленеді [15] . Орталық Қазақстан, Павлодар облыстарын сумен қамтамасыз ететін ірі гидротехникалық құрылыс Ертіс-Қарағанды каналы Ертіс өзенінің сол жағалауынан Ақсу қаласы маңынан бастау алады. Ертіс өзені және жер асты сулары шаруашылықты, өнеркәсіп, қала тұрғындарын тұщы сумен қамтамасыз етеді. Сарыарқадан бастауын алатын өзендер сол жағалаудағы ағынсыз көлдерге құйып, кейде оларға да жетпей жылымдарға (қарасу) айналып кетеді. Ертістің сол жағалауындағы ірі өзендердің қатарына Шідерті, Өлеңті, Тундік, Ашысу, жаз айларында құрғап қалатын Ашысу, Бала Шідерші, Көкөзек, Еспе, Елемес, Қарасу, Ақтасты, т. б. жатқызуға болады [22] .

Көлдер. Ертіс өзені маңы Құлынды, Бараба жазықтарының жер бедері біршама жақсы тілімденген терең қазаншұңқырларда орналасқан көлдерге уақытша ағатын өзен сулары жетпей қалатындықтан, жазықты кеңістікте ащы, тұзды, тұзтұнба көлдер көптеп кездеседі [21] . Павлодар облысының аумағында кездесетін 1200 көлдің көпшілігі тұзды тұзтұнбалы, тек кана 90-ға жуық көлдер тұщы болып келеді. Жергілікті қазақтар көлдерге суының физикалық және химиялық касиеттеріне байланысты географиялық атаулар берген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРЫ
Павлодар облысының туризм индустриясының даму үрдісі
Табиғат ресурстарының ұдайы өндірісін тиімді пайдаланудың ерекшелігі
Қазақстандағы туристік өнім
Арал ауданының жер ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру
Туристік - рекреациялық кешеннің құрылымы
Ақмола облысынның рекреациалық ресурстары
Қазақстанның табиғи ортасына әсер етудің әлеуметтік – экономикалық алғы шарттары
Өнеркәсіп құрылымын ұйымдастыру және жетілдіру проблемалары мен шешу жолыгдағы тиімді ұсыныстар даярлап теориялық негіздеу
Шағын қалалардың дамыту бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz