Фармацевтік қадағалау және басқару мекемелеріндегі фармацевтік қызмет


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Дәрілер технологиясы кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Фармацевтік қадағалау және басқару мекемелеріндегі фармацевтік қызмет.
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Жоспар
1) Кіріспе
2) Негізгі бөлім
а) фармацевтік басқару және қадағалау органдарының құрылымымен танысу;
б) фармацевтік басқару және қадағалау органдарының кәсіптік қызметімен танысу;
3) Қорытынды
4) Пайдаланылған әдибиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Фармацевтiк және медициналық өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi iс-қимыл жоспарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi кеңейтiлген шаралар жоспарына сәйкес әзiрлендi.
Мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеудiң қажеттiгi республикамызда фармацевтiк саланың болмауына байланысты туындап отыр. КСРО тарағаннан кейiн Қазақстан дәрi-дәрмектер импортына тәуелдi болып қалды, ол нарықтық экономикаға өту кезеңiндегi және ТМД мемлекеттерi арасындағы экономикалық байланыстардың үзiлуiнен туған қаржы тапшылығымен ұштасып, халықты дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудi күрт нашарлатып жiбердi.
Бағдарламада өзіміздің өндірістік қуаттарымызды, шикізат ресурстарымызды және ғылыми-техникалық әлеуетімізді неғұрлым толық пайдалану қарастырылады.
Бағдарламада Қазақстан Республикасында фармацевтiк индустрия құру жөнiндегi шаралар кешенi қамтылған. Бұл саланы дамытудың негiзгi бағыттары мыналар болып табылады:
жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды жаңарту, бұл жай дәрi-дәрмек түрлерi мен субстанциялар дайындаудан осы заманғы дайын дәрi-дәрмек түрлерiн шығаруға көшуге мүмкiндiк бередi;
осы заманғы дәрi-дәрмек препараттарын шығаратын жаңа өндiрiстер құру;
импортталатын және өз шикiзатымыздың базасында синтетикалық және биотехникалық субстанциялар мен дәрi-дәрмек препараттары өндiруді ұйымдастыру;
өсiмдiк, жануарлар, органикалық емес және минералдық шикiзаттан жасалатын субстанциялар мен дәрi-дәрмек препараттары өндiрiсiн дамыту;
Фармацевтiк өнеркәсiпке арналған қосалқы өндiрiстер құру;
медициналық мақсаттағы бұйымдар шығаратын кәсiпорындар құру.
Орындалу уақыты бойынша Бағдарлама жеке жобаларының жүзеге асу мерзiмдерi әртүрлi кешендi бағдарламаға жатады және екi кезеңнен тұрады: орындалу мерзiмi 5-10 жылдық ұзақ мерзiмдi және орындалу мерзiмi 2 жылға дейiнгi қысқа мерзiмдi. Бағдарламаны тұтас жүзеге асырудың жалпы құны 700 миллионға жуық АҚШ доллары.
Бағдарламаны әзiрлеудiң маңызды принципi кешендiлiк болып табылады, онда алға қойылған мiндеттердi оңтайлы шешудi қамтамасыз ететiн барлық қажеттi: ғылыми, техникалық, ұйымдық, экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық шаралар тоғысып жатыр;
Бағдарламаның мақсаты - өзіміздің өндірістік қуаттарымызды, шикізат ресурстарымызды, ғылыми-техникалық әлеуетімізді неғұрлым толық пайдалану және осы заманғы технологиялар базасында жаңа фармацевтік өндірістер құру жолымен Қазақстан Республикасының дәрі-дәрмектер импортына тәуелділігін жоспарлы түрде төмендету.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
сала кәсіпорындарының дамуы үшін қолайлы нормативтік-құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау;
жұмыс істеп тұрған өндірістерді техникалық жағынан жаңарту мен ішкі және сыртқы рынокқа бейімделген жаңа жоғары технологиялы өндірістерді дамыту үшін жағдай жасау;
фармацевтік өнеркәсіпке арналған қосалқы өндірістер құру;
саланың ұйымдық, ғылыми-техникалық және өндірістік инфрақұрылымын жасау;
фармацевтік өнеркәсіп үшін жоғары білікті кадрлар даярлау;
саланың өнімнің бәсекелестікке төтеп беру қабілетін арттыруға бағытталған кәсіпорындарына мемлекеттік қолдау көрсету.
Фармацевтік басқару және қадағалау органдарының құрылымымен танысу;
Осы заманғы әлемдiк медицина әртүрлi дәрi-дәрмектердiң 1-дай атауын пайдаланады. Медициналық практикада қолданылатын маңызды препараттар тiзбесiне 700-ге жуық атаулар кiредi. Әлемде бiрде-бiр ел медикаменттердiң толық номенклатурасын шығара алмайды. Әлемнiң анағұрлым дамыған елдерi олардың маңыздыларының өндiрiсiн қамтамасыз етуге, ал тапшылықты өзара жабдықтаулармен толықтыруға тырысады. Қазақстан Республикасы тәуелсiздiк алғаннан кейiн фармацевтiк өнеркәсiпсiз қалды. Бiздiң мемлекетiмiздiң дәрi-дәрмектерге деген сұранымы жылына 300 млн. АҚШ доллары бола тұра, қолда бар қуаттар оның 3 процентiн ғана қамтамасыз етедi. Қалғандары таяу және алыс шетелдерден импортталады. Сөйтiп, бүгiнгi таңда республикамыздың денсаулық сақтау iсi шетелден дайын дәрi-дәрмек препараттарын сатып алу үшiн валюта қаражаттарының болуына 97 процент тәуелдi болып отыр.
Қазақстан Республикасындағы нарықтық экономикаға өтеу кезеңiндегi қалыптасқан қаржы тапшылығы кезiндегi орын алып отырған дәрi-дәрмек препараттарының импортына тәуелдiлiк халықты дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудi күрт нашарлатып жiбердi. ЮСАИД баяндамасының деректерi бойынша Қазақстандағы дәрi-дәрмек құны 1993 жылмен салыстырғанда 154 есеге дейiн өскен. Нәтижесiнде өзiмiздiң дамыған фармацевтiк өндiрiсiмiздiң болмауы әлеуметтiк маңызды проблемаға айналып отыр. Сонымен қатар дәрi-дәрмек препараттарын импорт бойынша сатып алуды одан әрi жалғастыру экономикалық тұрғыдан алғанда бiр ғана нәрсенi - шетелдiк фармацевтiк фирмаларды қазақстандық қаржы көздерiмен қаржыландыруды бiлдiредi.
Фармацевтік өнімдерді негізгі тұтынушылар халықтың табысы төмен жігі (мүгедектер, зейнеткерлер, үш жасқа дейінгі балалар) болып табылатындықтан, олар негізінен арзан әрі тиімділігі төмен дәрілік заттарды сатып алады.
Республикада дәрілік заттардың қауіпсіздігіне, тиімділігіне және сапасына мемлекеттік бақылау әлі жеткіліксіз түрде жүзеге асырылуда. Дәрілік заттарды контрабандалық жолмен әкелудің көлемі кейбір көрсеткіштер бойынша фармацевтік өнімнің заңды айналымының көлемімен теңесіп отыр. Бұл жағдай өндірушілер қызметіне де, сонымен қатар фармацевтік өнімдерді ресми түрде импорттаушылар қызметіне де мүлдем кері әсерін тигізуде. Тұтастай алғанда фармацевтік рынокқа мемлекеттің ықпалы әлсіз, мұның өзі саладағы тігінен басқару жүйесінің бұзылуымен тікелей байланысты.
Шетелдік инвесторлар негізгі 2 себепке байланысты Қазақстанда фармацевтік өнеркәсіпті дамытуға мүдделі болмай отыр:
- фармацевтік рыноктың жеткілікті түрде кең болмауы;
- Қазақстанда фармацевтік өнеркәсіптің дамуы шетелдік тауар өндірушілер өндіретін дайын өнімдерді өткізетін рынокты жоғалтуға әкеліп соғады.
Фармацевтік саланы дамыту мен халықты дәрі-дәрмек препараттарымен қамтамасыз етудің мемлекеттік саясатын қалыптастыруды ұзақ мерзімді жоспарлау мақсатында Қазақстан Республикасының негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттарының тізімі дайындалып, бекітілді.
Жасалған талдау өмірлік маңызды дәрілік заттардың Тізіміндегі 300 атаудың 70-ке жуық атауы Қазақстанда шығарылатынын және республиканың толық қажеттілігі оның 46-сы бойынша ғана өзіміздің отандық фармацевтік кәсіпорындардың өндірістік қуаттары есебінен қанағаттандырылатынын көрсетті.
Бұл проблеманы шешу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi 1993 жылғы 18 қарашада N 1149 "Қазақстан Республикасының фармацевтiк өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi шаралар туралы" қаулықабылдады. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының фармацевтiк және медициналық өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы жасалды.
Қазақстан Республикасының фармацевтiк өнеркәсiбiн дамытудың базасы мыналар болып табылады:
фармацевтiк кәсiпорындар: "Алматы фармацевтiк фабрикасы" АҚ-ы, "Шипа" АҚ-ы, "Химфарм" ААҚ, Шымкент қ., "Павлодар фармацевтiк зауыты" ЖҰАҚ-ы;
Қазақстан Республикасының Биотехнологиялар жөнiндегi ұлттық орталығының кәсiпорындары: "Биомедпрепарат" АҚ, "Алматы биокомбинаты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ет комбинаттары мен сүт зауыттарындағы медициналық препараттар зауыттары және цехтары: "Ертiс" АҚ-ы, "Қазақ Аджанта фарм" ЖШС БК", "Ромат" фармацевтік компаниясы", "Таймаз" АҚ" және "Береке" АҚ-ы;
жекеменшiк фармацевтiк кәсiпорындар: "Ромат" фирмасы, Семей қаласы, "Вита-Вент" фирмасы, "Қызыл май" фирмасы, Алматы қаласы және т. б. ;
Республикадағы жұмыс iстеп тұрған фармацевтiк бағдардағы өндiрiстiк қуаттар табиғи және моральдық жағынан ескiрген. Негiзгi қорлар мен айналым қаражаттары қайта жаңғыртуды қамтамасыз ете алмайды, жаңа дәрi-дәрмек түрлерiн шығаруды ұйымдастыру үшiн өндiрiстiк әлеуеттi өрiстетуге мүмкiндiк бермейдi, сондықтан фармацевтiк өнеркәсiптi жұмыс iстеп тұрған фармацевтiк өндiрiстi халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес жаңғырту және жаңа, сондай-ақ қосалқы өндiрiстер құру арқылы дамыту жоспарланып отыр.
Республикамыздың фармацевтiк өнеркәсiбiне өсiмдiктер мен жануарлардан алынатын субстанциялар өндiрiсi, сондай-ақ қарапайым дәрiлердiң түрлерi: тұнбалар, экстрактiлер, майлар, микстуралар және т. б. өндiру тән. Соңғы жылдары таблеткалар, ампулалар сияқты дайын дәрілік нысандар игеріліп, табысты шығарылуда.
Өзiмiздiң фармацевтiк өнеркәсiбiмiздi дамытудың негiзгi жергiлiктi шикiзаттың молдығында, соған сәйкес субстанциялар мен дайын дәрi-дәрмек препараттарын 7 топқа бөлуге болады:
синтетикалық шикiзаттан алынатын субстанциялар мен дәрi-дәрмек препараттары;
биотехникалық шикiзаттан алынатын субстанциялар мен дәрi-дәрмек препараттары;
жануарлар шикiзатынан алынатын субстанциялар мен дәрi-дәрмек препараттары;
өсiмдiк шикiзатынан алынатын субстанциялар мен дәрi-дәрмек;
органикалық емес және минералдық шикiзаттан алынатын субстанциялар мен дәрi-дәрмек препараттары;
қан препараттары;
радиофармпрепараттары.
Аталған топтар өндiрiсте бiр-бiрiнен айтарлықтай өзгеше, сондықтан фармацевтiк өнеркәсiптi дамыту Бағдарламада әр топ бойынша жеке-жеке қарастырылады.
Қорытындылар:
жұмыс істеп тұрған фармацевтік өндірістер ескірді және жаңартуды қажет етеді;
мемлекеттің салық және инвестиция саясатын жетілдіру саласында заңдар базасына өзгерістер енгізу қажет;
салаға тартылған инвестиция көлемінің мардымсыздығы оның дамуының тежеуші факторы болып табылады;
саланың бірыңғай инфрақұрылымы жоқ;
салаға мемлекет тарапынан басшылық жасау әлсіз;
дәрілік заттардың қауіпсіздігіне, тиімділігіне және сапасына мемлекеттік бақылау жеткіліксіз;
төлем қабілетінің төмендігі халықты арзан әрі тиімділігі аз дәрілік заттарды тұтынуға итермелейді;
саланың бірыңғай ақпараттық қамтамасыз етілуі жолға қойылмаған.
Фармацевтік басқару және қадағалау органдарының кәсіптік қызметімен танысу;
Қазақстан Республикасының фармацевтік және медициналық өнеркәсібін тұрақты түрде дамыту үшін бұл процесті басқару мен мемлекеттік қолдау көрсетудің жаңа оңтайлы әдістерінің жасалуын қамтамасыз ету қажет.
Саланың экономикалық өсуін қамтамасыз ету артықшылықтар мен резервтерді мейлінше пайдалану, көтерілуге кедергі жасайтын проблемаларды шешу тұрғысында еліміздің ерекшеліктерін ескеруден келіп шығуы тиіс.
Салаға жеке меншік инвестицияларды тартудың тетіктерінсіз, сондай-ақ мемлекеттік қолдау көрсетудің деңгейін анықтап алмай Қазақстанның фармацевтік және медициналық өнеркәсібін дамытудың басымдығын құрғақ жариялап қана қоюдың болашағы жоқ.
Сол себепті бұл Бағдарламаны іске асырудың шеңберінде меншік иесі мен жеке меншік инвестордың мүдделерін дәрі-дәрмек саясаты саласындағы жалпыұлттық басымдықтармен нақты үйлестіру қажет.
Мемлекеттің ролі: Өндірістік секторды дамыту және мемлекеттік бюджетті толтыру үшін оңтайлы жағдайларға қол жеткізу бағытында салық жүйесін жетілдіру;
Қаржы ресурстарын жинақтау және фармацевтік өнеркәсіпке инвестициялау үшін ынталандыру шараларын енгізу;
Тұрақты тауар-ақша айналымын, кредитке төмен проценттік ставкаларды, тікелей инвестициялар үшін қолайлы инвестициялық жағдай жасауды қамтамасыз ету;
Кедендік әкімшілік етуді жетілдіру және контрабандаға қарсы күрес;
Мемлекеттік сатып алу кезінде қолданылып жүрген заңдар шеңберінде отандық фармацевтік өндірушілерге басымдық беру;
Өмірлік маңызды дәрілік заттарды өндіруге мемлекеттік тапсырыс;
Сыртқы экономикалық шаралардың барлық арсеналын іске қосу арқылы ішкі рыноктың ашықтық деңгейін реттеу (кедендік тарифтер, импортты саны жағынан шектеу, дәрілік заттарды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану құқығына тіркеуге шектеу енгізу) ;
Банкроттық, жекешелендіру және мемлекет қарамағына алу құралдары арқылы фармацевтік және медициналық кәсіпорындардың тиімсіз меншік иелерін ауыстыру;
Фармацевтік өнеркәсіпті мемлекеттік басқарудың құрылымы мен жүйесін жетілдіру;
Халықты сапасыз фармацевтік өнімдерден қорғау; денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік органның жанынан бақылау-қадағалау қызметін ашу;
GMP (тиісті өндірістік практика) нормаларын сақтаудың мемлекеттік инспекциясын құру.
Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі уәкілетті орталық мемлекеттік
органның ролі:
Жекешелендірілген кәсіпорындар жедел шешімдер қабылдауда еркін. Органның рөлі стратегияны әзірлеумен, өндіріс жағдайларына бақылау жасаумен және мемлекеттік қолдау көрсету үшін инвестициялық жобаларды іріктеумен шектеледі.
Аумақтық органдардың тапсырыстарын жинау арқылы денсаулық сақтау саласының дәрілік заттарға деген жалпы қажеттілігін анықтау және өндірушілерді хабардар ету;
Жекелеген ауру түрлеріне қарсы күрестің республикалық бағдарламасы шеңберіндегі дәрілік заттарға қажеттілікті анықтау;
Негізгі өмірлік маңызды дәрілік заттардың тізімін жасау;
Өндірушілерге лицензиялар беру;
Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне, тиімділігіне және сапасына бақылауды жүзеге асыру;
Дәрілік заттарды сатып алу жөнінде конкурстар ұйымдастыру;
Медициналық және фармацевтік ақпараттың ақпараттық-талдау жүйесін жасау;
Дәрілік заттар өндірісі мен айналымы саласындағы қолданылып жүрген заңдарға өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу.
Бағдарламаның қысқа мерзімді кезеңінде мынадай міндеттер белгіленді:
отандық тауар шығарушыларды, сондай-ақ республиканың фармацевтік өнеркәсібін дамытуға шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдай туғызуды қамтамасыз ететін заңдар базасын қалыптастыру;
саланың ұйымдық, ғылыми-техникалық және өндірістік инфрақұрылымын жасау;
саланы ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жасау;
өзінің өсімдік және жануарлар шикізатымен жұмыс істейтін фармацевтік өндірісті шетелдік озық технологияларды пайдалана отырып және халықаралық стандарттар талаптарына сай қайта құру;
таблеткалар мен капсулалар, сондай-ақ импортталатын шикізаттан синтетикалық жолмен алынатын дайын қатты дәрі-дәрмек түрлерін дайындау үшін блистерлік және орау өндірісін ұйымдастыру;
ампулалық препараттар өндірісін құру;
өзіміздегі шикізаттың барлық түрінен жасалған республика үшін жаңа дәрі-дәрмек препараттарын өндіріске енгізу. Бұл орайда негізінен өндіріске енгізілуі көп уақытты және қаражатты керек етпейтін және таяу арада оларды импорттаудың қажеттілігін толық жоюға мүмкіндік беретін өнім түрлеріне баса ден қойылады;
өз шикізатымыз негізінде медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру;
Бағдарламаның ұзақ мерзімді кезеңінің мақсаттары мыналар болып табылады:
қан препараттарын шығаратын кәсіпорындарды жаңғырту;
базалық және көмекші фармацевтік өндірісті және онымен байланысты өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық инфрақұрылымдарды дамытуды қамтамасыз ету;
фармацевтік өнеркәсіп үшін кадрлар даярлау;
қазақстандық ғалымдар жасаған жаңа фармацевтік препараттар бойынша ғылыми әзірлемелер жоспарын іске асыру;
ТМД-ның басқа мемлекеттерімен арадағы кооперация шеңберінде
синтетикалық препараттар өндірістерін құру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz