Фармация және химиядағы даңқты жаңалықтар ашқан ғалымдар мен фармацевттер


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

ФАРМАЦИЯ ІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ КАФЕДРАСЫ

СӨЖ

Тақырыбы: Фармация және химиядағы даңқты жаңалықтар ашқан ғалымдар мен фармацевттер.

Шымкент - 2016

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Карл Вильгельм Шееле (1742-1786)

2. М. В. Ломоносов (1711-1765)

3. Фредерик Вильгельм Сертюрнер (1783-1841)

4. Пьер Жозеф Пеллетье(1788-1842)

5. Джозеф Бениамин Кавенту(1795-1877)

6. Теофиль Жюль Пелуз (1807-1867)

7. Николай Николаевич Зинин(1812-1880)

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Англиядағы өнеркәсіптік төңкеріс пен Ұлы Француз революциясы капитаизмді жалпы тарихи жобада әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде бекітті. Капитализмнің дамуына Батыс Еуропаның бірқатар елерінде болған 1848 жылғы көтерілістер, АҚШ-тағы 1861-1865 жылдардағы азамат соғысының соңына қарай болған буржуазиялық -демократиялық төңкеріс, жекелеген елдердегі бірқатар әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар әсерін тигізді.

Капитаизм қоғамның дамуында прогрессивті роль атқарды. Ол ұлттық мәдениеттің қалыптасуына, діннен бөлек ғылымның негізін қалауға септігін тигізіп, өзінің дамуының ерте бастамаларында-ақ философиялық ойлардың классикалық бейнесін сомдады. Феодалдық тәртіпті жоя отырып, өзінің билігін нығайта отырып, буржуазия дамушы класс ретінде шіркеуге қарсы идеологиялар таратты, бұл істі француз материалистері: Д. Дидро, Ж. Л. Аламбер, К. А. Гельвецкий, П. А. Гольбах және т. б. ашық түрде жүргізді.

ХVІІІ-ХІХ ҒАСЫРЛАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ХИМИЯ МЕН

ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ

Метафизикалық және механикалық сипатына қарамастан ХVІІІ ғасырдағы француз материализмі 1789-1793 жылдары төңкеріске дайындалып, тұрақтанған буржуазияның айқын белгісі болса да, шынайы ғылымның әрі қарай дамуына әдістемелік негіз бола отырып, сол замандағы ғылыми-техникалық прогресстің дамуына әсерін тигізді.

Капитализмнің жаңа сатысы машиналы өнеркәсіпке өтумен жалғасты, капиталистік қоғамның жаңа класстары - пролетариат пен буржуазияның дамуына ықпал етті. Дәл сол кезде (ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың үшінші жартысыында) капитализмнің айқын динамикалық белгілері пайда болып, өнеркәсіптегі, ғылым мен техникадағы ұлы өзгерістерге қол жеткізуге жол ашылды.

Ғылым жылдам қарқынмен дамыды, ол тура және жанамалай болса да химияның, медицинаның және фармацияның дамуына әсер етті. Осылайша И. Ньютон (1643-1727) және Х. Гюгес (1629-1695) классикалық механиканың басты ережелерін жасап шығарды. Р. Гук (1635-1703) теориялық негізін қалады. Е. Торичелли (1608-1647) атмосфералық қысым мен вакумды ашып, сынапты барометрді ойлап тапты. Б. Паскаль (1623-1662) гидростатиканың негізгі заңын құрастырды. Б. Пален (1647-1714) клапаны бар бу пешін жасап шығарды.

Алдыңғы қатарлы дәрігерлер физиканың жетістіктерін адамдарды емдеуде қолдануға тырысты. Дене қызуын өлшеуге арналған термометр, тамыр соғысын анықтайтын құрал ойлап шығарды.

Иатромеханика өкілдері дененің түрлі қозғалысын зерттеуде экспериментальды жұмыстар жүргізді. Ғылым бүкіл әлемдік сипат алып, ғалымдар өз жаңалықтарымен алмаса бастады.

Шынайы білімнің дамуына Ф. Беконның механикалық материализм ережелері шешуші әсер берді. Ол ғылымның жаңаруына бағдарлама ұсынды, олардың жіктелуін анықтап, ғылыми танымның әдістемесін жасады. Философия мен шынайы ғылымның дамуына Р. Декарттың (1596-

1650) шынайы ғылыми көзқарастары әсер етті. Ол математик әрі материяның корпускулярлы теориясын жасап шығарған адам.

Химияның дамуының негізін қалаушы ағылшын ғалымы Роберт Бойло (1627-1691) болды. Оның жаңалықтары және теорияық тұжырыдары, химияға экспериментальді әдістерді енгізуі ғылыми химияның дамуына әсер етті. Физика, математика, астрология мен оптикадағы кеңінен танымал классикалық еңбектерімен қатар И. Ньютонның (1643-1727) химия аймағындағы еңбектері қызығушыық тудырды. Химияық зертханасы болғандықтан, ол металлдарды қорыту анализімен айналысты. Ғалым бөлшектердің өзара тартылысына аса көңіл бөліп, оны химияның әсерінен болатындығымен түсіндірді

ХІХ ғасырда медицинаның дамуына ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ірі шынай ашылымдар әсер етті. Газдардың механикасы аймағындағы жетістіктер, органикалық химияның пайда болуы, эмбриологияның, өсімдіктер мен жануарардың салыстырмалы анатомиясының дамуы табиғатта болып жатқан өзгерістермен тікелей байланысты екенін тануға зор ықпал етті. Бұл мәселе жөнінде Ф. Энгельс үш шынайы ашылымдарға ерекше назар аударды: жасаушаға, энергияның өзгеру заңына, қоршаған ортаның эволюциясы туралы ілімге. Шынайы ашылымдар табиғатқа деген метофизикалық көзқарасты өзгертуге, диалектикалық танымды қаыптастыруға әсерін тигізді. Олар органикалық және органикалық емес табиғаттың арасындағы, өсімдік пен жануарар дүниесі арасындағы тұтастықты ашып, құбылыстардың жалпы байланысын анықтап, даму туралы ілімнің төңірегіндегі шынайы білімдердің берік іргетасын қалап, медицина мен фармацияның дамуына зор әсерін тигізді.

ХИМИЯ МЕН ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҮЛЕСІ

Карл Вильгельм Шееле (1742-1786) - Еуропаның ұлы фармацевті, флогистон теориясын жақтаушыардың бірі. Ол Швецияда Штральзунд қаласында, Помераниде дүниеге келген. Алты жасынан бастап жеке мектепке барып, онда 9 жыл оқыған. Балтық теңізінің жағалауында қыдырып жүріп, ол толқындармен жаға шығып қалған балдырларды жинап жүрді. Оларды үйге әкеліп ұсақтап турап, кеселерге салып су немесе спирт құйып қойды. Бірнеше күн өткен соң, оларды құтыларға құйып сөрелерге қойып қойды. Бұл оның «ғажайып дәріханасы» болды. 1757 жылы Карл Гетеборгтегі М. А. Баухтың дәріханасына шәкірт болып қабылданып, 8 жыл бойы фармация мен химияны оқып үйренді. 1765 жылы Шееле Мальмёдегі дәріханаға ауысып, о жерде дәріханашы П. М. Чельстремнің көмекшісі қызметін атқарды. 1768 жылы ол Стокгольмде Шаренбург дәріханасын басқарды. Кейіннен ол Упсалаға ауысып, ол жерде И. Г. Ганмен және Т. У. Бергманмен танысты. Химия туралы көзқарастары жағынан ол атақты академик Бергманнан да асып түсті. Упсалада ол Карл Линнеймен танысты. 1775 жылы 32 жасар Шееле Стокгольмдік ғылым академиясының мүшесі болып қабылданды. Ол Германия мен басқа да елдерде кафедраларды басқаруға шақыртулар алса да, Швецияда қалуды жөн көрді. Шееле 1777 жылы Чепингте дәріхана сатып алып, ғылыми зерттеуерін жалғастыра берді. Оның өте таңқаларлық ғылыми сезімталдығы болды, бұл оған көптеген ашылымдар жсауына ықпал етті.

Шарап сақтайтын бөшкелердің қабырғаларында пайда болатын қалың қызыл қабыршақтар-шарап тастар оның назарын аударды. Ол мұны зерттей бастады, егер оны күкірт қышқылымен қыздырса еритінін, ал суытқанда әдемі мөлдір кристалдар пайда болатынын аңғарған. Олардың дәмі қышқыл, суға салса еритін болған. Бұл органикалық қышқылдардың алғашқысы - шарап қышқылы болды.

Өсімдіктердің жапырақтарынан, тамырларынан, жемістерінен шырын алып, оны зерттей келе, оларда жаңа заттың бар екендігіне, оларды кристалл түрінде алуға болатындығына, олардың қышқыл дәмі бар екендігіне көз жеткізді. Ол оларды әкпен әрекеттестіріп, одан кейін минералды қышқылдармен ерітіп, қымыздық (1776), сүт (1780), сияжаңғақты (немесе галлдық) (1786) және зәр (1786) қышқылдарын алды.

Бірде өзіне қажетті жақпа дайындау үшін зәйтүн майын қорғасын қышқылымен қыздыра отырып, дайын жақпа майдың дәмі тәттірек болып шыққанын байқады. Шееле глет пен майдың (кейіннен басқа да майларды) жаңа мөлшерлерін алса да, қайтадан сарғыш түсті сұйықтық алды. Ол тәтті болатын, бірақ қантқа ұқсамайтын. Бұл сұйықтыққа ол «тәтті май» деген атау берді. Кейінен «глицерин» деп атады. Глицерин суда қант сияқты ерісе де, тіпті өте жоғары температурада қыздырғанда да күймеген, тіпті керсінше, бөлшекті түрде ыдыраған. Шееле глицеринді қантқа айналдыруға болады деп ойлаған, бірақ затқа азот қышқылының әсерінен тек қымыздық қышқылын алды. Шарапты глицериннің көмегімен тәтті ете түсу Шееленнің құрметіне шеелезирлеу деп аталып кеткен. Бірақ Шееле де, оның замандастары да глицериннің ашылу мағынасын, майлардың құрамын анықтаудың аса қажеттілігін түсінбеді. 1811 жылы М. Э. Шевлер ашқан жаңалықтар майдың құрамы мен сабынның пайда болу сұрақтарына анықтаулар енгізді. Ғалым күкірт эфирін алудың әр түрлі әдістерін сипаттап, оның анық анықтамасын жасады: «Химияда эфир деп өте ұшқыш, өтімді, жағымды иісті, тұзсыз, суда ерімейтін майларды айтады» (1782) . 1770 жылы ол азот қышқылды және тұз қышқылды этил эфирлерін сипаттаған. Шееле сіркесуды ұзақ сақтаудың әдісін көрсетті. Ол көк витрион мен қосылғанда, әдемі жасыл тұнба беретін күшән қышқылын алған. Ғалым одан кейіннен «шееле жасылы» атанған бояу дайындады. «Берлин лазурінің бояғыш материясын» зерттеген ол «берлин лазурінің ұшқыш қышқылын» алған.

Кейіннен ол «синиль қышқылы» деп атады. Осы қышқылды алу әдісінен оның ұшқыш сілтілі тұздан (аммиак), «ауа қышқылынан» (көмір қышқыл газы), және флогистоннан (сутегінен) құралған деген шешім жасады. Ф. Велерге (1800-1882) дейін 40 жыл бұрын орындалған бірінші органикаық синтез болды Ол оттегін алған бірінші ғалым боды. Онымен қатар бұл газды Д. Ж. Пристли (1733-1804) және әскери фармацевт Пьер Байен (1725-1797) де ашқан. Бірақ олар бұл жаңалықтарының ұлы мағынасын 1777 жылы А. Лавуазье оттектің жану теориясы негізін анықтағанға дейін түсінбеді. Шееле таза күйдегі күкіртті оттегін бөліп, оның қасиетін сипаттаған. «Бесфлогистонды тұз қышқылын» зерртеген. Оны 1810 жылы Дэви хлор деп атаған плавико қышқылын алды. Ол жаңа химиялық элемент - марганецті ашты, темірдің, мыстың және сынаптың әр түрлі дәрежеі қышқылдау мүмкіндігін көрсетті. 1778 жылы ол молибденді, ал 1781 жылы - вольфрамды ашты.

Шееленің өсімдік шырындары мен басқа да заттарды зерттеуі (органикалық қышқылдарды алуы) фитохимияның дамуына жол ашса, жабық ыдыстарда дәрілерді жасау (дәрілердің сыртқы ортамен қатынасын болдырмау үшін) әдісін ашу арқылы, асептикалық жағдайда дәрілік қалыптарды дайындауды көрсеткен. Ұйқысыз, демалыссыз өткізген үлкен еңбек, көптеген улы заттарды (фторлы тұздар, цианисті және күшәнді қоспалар) тану үшін органикалық әдісті кеңінен қодануы оның денсаулығын нашарлатты да, 1786 жылы Шееле 44 жасында қайтыс болды. Оның ғылыми қызметі көпжақтылығымен таңдандырады. Ұлы фармацевтің қысқа ғұмырында жасап үлгергенін тек аздаған ғалымдар ғана қайталай алады. Стокгольмде Карл Шеелеге ескерткіш қойылған. Оның құрметіне арналған медальда «Ingenio stat sine morte decus» («Ғұаманы мәңгілік атағы сәнді етеді») деп жазылған. М. В. Ломоносов (1711-1765) - ұлы орыс ғалымы, 1711 жылы 8 (19) қарашада Архангель губерниясының Мишанин селосында (басқа деректер бойынша- Денисовкада) Холмогор маңында дүниеге келген. Болашақ академиктің ата-анасы шаруалар Василий Дорофеевич пен Елена Ивановна Ломоносова боды. Василий Дорофеевич кәсіпкер адам болған, терең табиғи санасы бар, зерек, өз ісіне әрдайым ұқыпты болған. Ол өзі жетім өскендіктен, жерлестерінің айтқанындай «жетімдерге» жаны ашып тұратын. Оның сауатсыз болуы да жетімдіктің кесірі. Михайло 10 жасынан бастап әкесіне еріп теңіздерге қауіпті саяхаттарға шыққан. Қатал мекен адамдардың бойында физикаық күш, шынығу, шыдамдыық, айлакерлік, теңіз ісін өте жақсы меңгеру қабілеттерімен қатар, ең алдымен бір-біріне деген сыйластықты, әсіресе үлкендерге, сондай-ақ жан сұлулығын, патриоттық сезімдерін қалыптастырды. Осының бәрі кейіннен азамат әрі педагог М. В. Ломоносовта айқындалды. Ломоносов оқуды ерте үйренді. «Орыс сауатын» ол көршісі Ивана Шубный мен жергіікті Сабельниковтен ашқан. 14 жасында Михаил сауатты жазған. Ерекше есте сақтау қабілетілігімен Михайло Ломоносов кітаптарын жанынан тастамайтын, үнемі оқығандықтан жаттап алған. Үй- ішіндегі жағдайдың күрт өзгеруі, әкесі мен өгей шешесі арасындағы қатынастардың шиеленісуі, ең бастысы білімге деген құштарлығы жас Ломоносовты 1730 жылы желтоқсан айының басында туған үйін тастап, Мәскеуге жол тартуына және онда оқуға түсуіне итермеледі. 1731 жылдың 15 қаңтарына дейін Славяндық-грек-латын академиясына қабылдау туралы өтініш білдірді. Академия ректоры архимандрит Герман Копцевичпен әңгімелесу кезінде өзін холмогор дворянының баласымын деп таныстырды. Ол академияға қабылданып, бір жыл ішінде 3 классты тамамдады. Ол көне жазбаларды, діни, философиялық және математикалық кітаптарды оқыды, латын және орыс поэзиясымен айналысты.

1735 жылдың қаңтарында Ломоносов 12 үздік оқушыардың қатарында Петербор ғылым академиясына ақысыз қабылданды, ал 1739 жылы басқаармен бірге тау ісінің химиясын оқуға Фрейбургтегі берг-физик Иоганн Фридрих Генкелге жіберілді. Ломоносов университеттерде әр түрі ортадан, соның ішінде кедейлерден шыққан көптеген жастар оқитындығын атап өткен. Ол университеттің өз дәстүрінің, жеңілдіктердің, рәсімдердің боғанын жоғары бағалаған. Отанына М. В. Ломоносов 1741 жылы 8 маусымда оралды. 1742 жылдың қаңтарында ол Петербор ғылым академиясының адъюнкті, а 1745 жылы химия профессоры, академик болды. М. В. Ломоносовтың ғылыми қызметі 25 жылға созылып, ол алуан түрлі боды. Бірақ оның басты назары химия мен физиканы оқуға бағытталды.

Фармацияның дамуына оның физикалық химия төңірегіндегі жұмыстары басты себеп болды. Германиядан оралысымен, ол ғылым академиясы жанынан химиялық зертхана ұйымдастырумен айналысты. Ол 6 жылдан кейін салынды. Оның басты бөлмесінде қыздыру, күйдіру, қайта өңдеу, балқыту жұмыстары жүргізілсе, көрші бөлмеде термометр, микроскоп, таразылар боды. Осы жерде студенттерге дәрістер оқылды. Үшінші бөлмеде материалдар мен реактивтер сақталды. Бұл студенттерге тәжірибелік оқу сабақтарын ұйымдастырған әлемдегі бірінші хмиялық үлгідегі зертхана болды. М. В. Ломоносовтың еңбегі оның сол заманғы химиялық ғылымның жаңа физика-химиялық негізгі нақты бағдарламасын ұсынғандығында. М. В. Ломоносовтың ірі ғылыми жетістігі- оның корпускулярлы немесе атомистикалық теориясы, ол оған химиялық және физикалық құбылыстарды түсіндіру үшін, заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуын, сұйықтықтардың байланысу құбылысын түсіндіру үшін қажет болды.

М. В. Ломоносовтың көп уақыты мен еңбегін арнаған өзекті мәселелерінің бірі- жылудың механикалық теориясы. Жылу табиғаты туралы ойары мен тұжырымдарын ол «жылу мен суықтың табиғаты туралы ойлары» еңбегінде баяндаған. Бұл теориядан жасаған тұжырымдары материалдардың атомды-молекулярлы құрылымы туралы гипотезаны қолдануға нақты дәлел болды. Оның заттар мен қозғалыстардың сақталу заңының сұрақтары бойынша корпускулярлы теория және молекулярлы- кинетикалық түсініктерімен тығыз байланысты болды.

М. В. Ломоносов химияның дамыған кезеңінде өмір сүрді. Ғылыми кадрларды дайындау М. В. Ломоносовтың әрдайым назарында болды. Бұл үшін ол 3 дәрежеден тұратын жүйені ойлап тапты: гимназия, университет, академия. Бірінші Ресей университетінің жобасын М. В. Ломоносов 1754жылы құрды, ал 1755 жылы Мәскеу университеті ашылды. Құрылған жылы онда екі факультет болды: философиялық және заң, ал медицина факультеті өз жұмысын 1764 жылы бастады.

Осылайша, XVIII ғасырдың ортасында М. В. Ломоносов ресей ғылымының негізін қалады. Ресей ғалымдары, М. В. Ломоносовтың ізбасарлары қысқа мерзім ішінде бірнеше ғылыми жұмыстар жасады. . Фредерик Вильгельм Сертюрнер (1783-1841) - француз фармацевті, ол білімді Падеборн қаласындағы дәріханада алған (1799-1806 жж. ) . 1805- 1806 жылдары ол «principum somniferum» - апиынны құрамындағы субстанцияны ашты. Ол туралы бірінші хабарламаны Тромсдорфтың «Journal der Pharmazie» атты журналында «Тұз қалыптастыратын қасиеті бар жаңа негізді морфин және меконды қышқыл туралы, апиынның құрамдас бөлігі ретінде» деген атпен жазды. Сертюрне морфиннің сілтілік қасиетін және оның апиынның әсер еткіш бастамасы екенін дәлелдеді. Апиынның химиялық құрамы тақырыбында «Апиын және оның кристаллды субстанциялары» атты келесі жұмысы 1811 жылы шықты.

Атақты ғалымның ғылыми қызығушылығының кеңдігінен, хинн қабығы мен жануарлар көмірінің алколоидтарын танудан басқа, ол артиллерия оқ-дәрісін жетілдіріп, тіпті карабиннің жақсартылған түрін құрастырып шығарған. Сертюрнердің Эйнбекте, содан кейін Гаммелнде дәріханалары болды. 1817 жылы ғалым Иендегі Иоганн Вольфганг Гете

басқарған Минералогиялық қоғамның құрметті мүшесі болды. Осыдан кейін көп ұзамай Иен университеті оған философия докторы атағын берді. Екінші маңызды алкалоид хинин болды. Еуропада хинн қабығы безгекті емдеу үшін, алғаш рет 1639 жылы қолданылды. Әсері өте таң

қаларлық болды.

Хинн қабығын зерттей отырып, шәкірт Лавуазье Арманд Сеге(1767-1835) қосынды дәріні бөліп алды. 1790 жылы неміс химигі Ф. Гофман хинн қышқылын бөліп алды1792 жылы Фуркру хинн ағашының қабығынан шайырлы затты бөліп алды. 1811 жылы Лиссабондық дәрігер Х. Гомец хинн қабығынан кристаллды затты бөліп алып, оны цинхонин деп атады. Бірақ Францияның атақты ғалымдары Пелетье мен Кавенту 1820 жылы Гомецтің алған заты екі байланыстың қоспасы екенін дәлелдеді. Оның бірін олар «хинин», ал екіншісін«цинхонин» деп атады. Осы ашылымдары үшін ұрпақтары 1900 жылы Парижде Пелетье мен Кавентуген арнап ескерткіш орнатты. Пьер Жозеф Пелетье (1788-1842) - фармацевт, Париж ғылым академиясының мүшесі. Ол әкесі химия профессоры Бертран Пелетьенің дәріханасында еңбек етті. Содан кейін Париждегі жоғары фармацевтік мектепті бітірді (1810) . Дәрігер әрі физиолог Ф. Мажандимен (1783-1855)

бірге қызмет атқара жүріп, ипекакуан тамырының басты қызмет атқарушы мүшесі- эметин мен цефалин алкалоидтарын бөліп алды (1817) . 1832 жылы ол нарцеин алкалоидын бөліп алды. Фармацевт Кавенту екеуінің достығы, екуінің де фитохимияға деген қызығушылықтары оларға өсімдіктерден көптеген заттарды бөліп алуға мүмкіндік берді. Джозеф Бениамин Кавенту (1795-1877) - әскери фармацевтің ұлы, дәріханада жұмыс істей жүріп 1815 жылы Жоғары фармацевтикалық мектепті аяқтады. Әулие Антоний госпиталінің зертханасында тәжірибеден өткеннен кейін, 1826-1859 жылдары Париждегі Жоғары фармацевтикалық мектепте сабақ берді. П. Ж. Пелетьемен бірге атқарған ғылыми қызметі көптеген жаңалықтар ашуға мүмкіндіктер берді. Сертюрнер, Пелетье мен Кавентудің отандасы химик-органик Париж ғылым Академиясының мүшесі Пьер Жан Робике (1780-1840) . Ол аспарагинді ашқан (Воколенмен бірге 1806 жылы), 1821 жылы кофеинді ашты. Пелетье мен Кавенту бір мезгілде наркотин (1817) мен кодеинді (1832) апиыннан бөліп алды. 1826 және 1827 жылдары Ж. Коленмен бірлесе отырып, алғаш рет мареннен бояғыш заттар - ализарин мен пурпуринді бөліп шығарды. Француз химигі Теофиль Жюль Пелуз (1807-1867) танинді зерттеп, сипаттаған. Б. Пирп 1838 жылыф ива ағашының қабығынан салицил қышқылын алса, Анри Браконно, целлюлоза гидролизінің процессін зерттеп, глюкозаны бөліп алды, ол бірінші болып аминоқышқылдарды: лейцин мен глицинді алған, М. Э. Шеврель өсімдіктерден өсімдік пигменттері: кверцетин, лютелин және моринді бөліп шығарды, Дерпт университетінің фармакологы К. Х. Гебель 1837 жылы гармарин алкалоидын ашты, неміс химигі В. К. Лоссен 1855 жылы жапырақтың әсер еткіш бастамасы кокиді алып, оны кокаин деп атады. 1862 жылы ғалым өзі алған алкалоидтің эмпирикалық формуласын ұсынды. Неміс химигі, профессор Генрих Отто Виланд (1877-1957) Лоссеннің шәкірті болды. Ол солтүстік-американдық Zobelia inblata түрінен лобелин, лобеланин, лобинин және басқа да алкалоидтер алды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фармацевтикалық этика және деонтология
Фармацевтік гомеопатия. Фармацевтік гомеопатия міндеттері. Гомеопатиялық препараттардың ерекшелігі
Алғашқы орындағы фармацевттің негізгі қателіктері
Ригла - XXI ғасырдың дәріханалық желісі
ХІХ ғ. бірінші жартысында Ресей фармациясының дамуы. ХІХ-ХХ ғ. Қазақстандағы дәріханалық істің дамуы. Дәріхананы басқару мен жабдықтау туралы
Денсаулық сақтау (фармация) саласын стратегиялық басқару
Қазақстандағы аналитикалық химияның дамуы
Ғасырлар белесіндегі химия құрылымы
Органикалық химия туралы ақпарат
Әрекеттесуші массалар заңын тотығу-тотықсыздану тепе-теңдігіне қолданылуы және аналитикалық химиядағы орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz