Халықаралық туризмнің тарихы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
І. ТУРИЗМ ТАРИХЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... .. 5
1.1 Туризм тарихының нысаны мен пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Туризм тарихының мақсаттары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Туризм тарихын зерттеудің тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.4 Туризм тарихы курсын кезеңдестіру және құру ... ... ... ... ... ... ... .. 7
ІІ. ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ ... ... ... ... ... 9
2.1 ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм. Ежелгі туризм ... ... ... ... . 9
2.2 Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм ... ... ... . 11
2.3 XVII және XVIII ғасырлардағы туризм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13
2.4 ХІХ . ХХ ғасырлардағы . Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
14
2.5 Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм. Қазіргі замандағы туризм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
17
ІІІ. БҰРЫНҒЫ КСРО.ДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ. РЕСЕЙДЕГІ ТУРИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ (ХVІІІ.ХХ ҒҒ.) ... ... ... ... ... ... ..
20
3.1 Ағартушылық кезең (ХІХ ғасырдың 90 жылдарына дейін) ... ... ... 20
3.2 Кәсіпкерлік кезең (1890.1927 жж.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3.3 Ұйымдастырушылық.орталықтанған кезең (1927.1969 жж.) ... ... . 24
3.4 Әкімшілік.нормативті кезең (1970.1990 жж.) ... ... ... ... ... ... ... ... . 25
3.5 Өтпелі кезең (1990 ж. бастап) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
3.6 КСРО.дағы туризм мен экскурсиялар. 1917.1927 жж. туристік.экскурсиялық жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
27
ІV. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ ... ... ... ... ... 30
4.1 Қазақ КСР.да туризмнің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
4.2 Қазақстан Республикасында туризмнің даму кезеңдері ... ... ... ... .. 32
4.3 Әлемдік туризм дамуының кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
4.4 Халықаралық туризмнің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 37
4.5 Туризм тарихын географиялық тұрғыдан оқу ... ... ... ... ... ... ... ... .. 40
4.6 Туристік ұйымдардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
ГЛОССАРИЙ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 49
МАҢЫЗДЫ САЯХАТТАР МЕН ЖОРЫҚТАРДЫҢ ХРОНОЛОГИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
51
ТЕСТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
ТЕСТ ЖАУАПТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 71
КІРІСПЕ

Адамзат пайда болғалы қанша уақыт болса, туризмнің пайда болу тарихына да сонша болды. Миллиондаған туристер, жас және егде адамдар, жалғыз және топпен, әртүрлі қабілеттегі және әртүрлі кәсіппен айналысатын өкілдер жаңа әсерлер іздеп әртүрлі жыл мезгілдерінде саяхаттайды.
Саяхат – бұл көне және сыйымдылығы кең ұғым. Дальдің В.И. сөздігі бойынша, саяхат бөтен жерлерге бару дегенді білдіреді. Адамзатқа бүкіл көп ғасырлық тарихында сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулап алу мен игеру, ресурстарды іздеу мен жаңа көлік жолдарын іздестіру мақсаттарында әлемді танып-білу және жаңалықтар ашуға ұмтылыс тән. Бізге тарихтан ұлы жаңа континенттер мен жерлерді ашқан саяхатшылардың есімдері жеткен, географиялық және басқа білімнің керемет жүйелерінің негіздері қалған.
«Халықаралық туризмнің тарихы» пәнін оқу қазіргі жағдайда әлем туризмі дамуының негізгі кезеңдері туралы білуге мүмкіндік береді.
Туризмнің терең тарихи тамыры бар. Алғашқы туристік ұйымдаспаған сапарлар шектеулі болды, олар негізінен сол кездегі қажеттіліктер және мүмкіндіктермен байланысты болған, нақтырақ айтқанда, қажылық жасау, емделу, сауда және білім алу. Сапар жасауға тек қоғамда жоғары орын алатын адамдардың ғана мүмкіндіктері болды. Сол кездегі туризмнің ерекшелігі элитарлылық пен өзінділік болған.
Туризм саласындағы әйгілі ағылшын мамандары туризмнің бастауын емделу мақсатындағы сапарлар қалаған деп есептейді. Және алғашқы туристік ұйымдар білімдік сипат алды. Шындығында да, бұл кезең «аристократтық» туризм деп аталатын туризмнің дамуымен сипатта
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Вуколов В.Н. История и теория международного туризма. – Алматы, 2002.-221 с.
2. Долженко Г.П. История туризма в дореволюционной России и СССР. – Ростов-на-Дону, 1988.
3. Ердавлетов С.Р. История туризма. Развитие и научное изучения. – Алматы, 2003. – 215 с.
4. Накатков Ю.С. История туризма Казахстана. – Алматы, 2001. – 196 с.
5. Шаповал Г.Ф. История туризма. – Минск, 1999. – 303 с.
6. Биржаков М.Б. Введение в туризм. М., СПб., 1999. 192 с.
7. Воронкова Л.П. История туризма и гостеприимства. Уч.пособие. – М.: ФАИР-ПРЕСС, 2004. – 304 с.
8. Дворниченко В.В. Развитие туризма в СССР (1917-1983 гг.). – М., 1985.
9. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. – Алматы, 2000. – 336 с.
10. Усыскин Г.С. Очерки истории российского туризма. СПб., 2000. – 224 с.
11. Соколова М.В. История туризма. – М, 2002. – 352 с.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
Алимбетов У.С., Койшинова Г.К., Калиева А.Е.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ТАРИХЫ

Өскемен, 2010

Алимбетов У.С., Койшинова Г.К., Калиева А.Е.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ТАРИХЫ

Оқу құралы

Өскемен, 2010

УДК 338.48 (1-87) (075.8)

Авторлар:

Алимбетов У.С. – экономика ғылымдарының докторы, профессор
Койшинова Г.К. – Менеджмент және маркетинг кафедра меңгерушісі, э.ғ.к.
Калиева А.Е. - Менеджмент және маркетинг кафедра оқытушысы

Пікір жазған:

Есимжанова С.Р. – экономика ғылымдарының докторы, профессор

АЛИМБЕТОВ У.С., КОЙШИНОВА Г.К., КАЛИЕВА А.Е.
Халықаралық туризмнің тарихы: Оқу құралы, Өскемен. – 2010. – 71 бет.

ISBN 978-06-0796-7

Туризмнің пайда болуы мен дамуының негізгі кезеңдері қарастырылады.
Ежелгі заманда және ортағасырларда туризмнің пайда болуы тарихы
сипатталады. ХVІІ-ХVІІІ ғғ. мен ХІХ-ХХ ғғ. туризмнің дамуы тарихы
келтірілген. Қазақстандағы туризмнің қалыптасуы мен даму кезеңдері де
беріледі.
Жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге арналады.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің
Әдістемелік Кеңесінің отырысында 2010 ж. 21 желтоқсанында № 3 хаттамамен
бекітіліп, баспаға жіберілді.

УДК 338.48 (1-87) (075.8)

ISBN 978-06-0796-7 © У.С. Алимбетов,
Г.К. Койшинова,
А.Е. Калиева

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
І. ТУРИЗМ ТАРИХЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... .. 5
1.1 Туризм тарихының нысаны мен пәні 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
1.2 Туризм тарихының мақсаттары мен міндеттері 6
... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Туризм тарихын зерттеудің тәсілдері 6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
1.4 Туризм тарихы курсын кезеңдестіру және құру 7
... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ. ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ ... ... ... ... ... 9
2.1 ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм. Ежелгі туризм 9
... ... ... ... .
2.2 Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм 11
... ... ... .
2.3 XVII және XVIII ғасырлардағы туризм 13
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2.4 ХІХ – ХХ ғасырлардағы – Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі
туризм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
2.5 Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм. Қазіргі замандағы
туризм 17
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
ІІІ.БҰРЫНҒЫ КСРО-ДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ. РЕСЕЙДЕГІ ТУРИЗМНІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ (ХVІІІ-ХХ ҒҒ.) ... ... ... ... ... ... .. 20
3.1 Ағартушылық кезең (ХІХ ғасырдың 90 жылдарына дейін) 20
... ... ...
3.2 Кәсіпкерлік кезең (1890-1927 жж.) 22
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
3.3 Ұйымдастырушылық-орталықтанған кезең (1927-1969 жж.) ... ... .24
3.4 Әкімшілік-нормативті кезең (1970-1990 жж.) 25
... ... ... ... ... ... ... ... .
3.5 Өтпелі кезең (1990 ж. бастап) 26
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
3.6 КСРО-дағы туризм мен экскурсиялар. 1917-1927 жж.
туристік-экскурсиялық жұмыс 27
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .
ІV. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ ... ... ... ... ... 30
4.1 Қазақ КСР-да туризмнің даму тарихы 30
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
4.2 Қазақстан Республикасында туризмнің даму кезеңдері 32
... ... ... ... ..
4.3 Әлемдік туризм дамуының кезеңдері 35
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
4.4 Халықаралық туризмнің дамуы 37
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
4.5 Туризм тарихын географиялық тұрғыдан оқу 40
... ... ... ... ... ... ... ... ..
4.6 Туристік ұйымдардың түрлері 43
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
ГЛОССАРИЙ 49
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...
МАҢЫЗДЫ САЯХАТТАР МЕН ЖОРЫҚТАРДЫҢ ХРОНОЛОГИЯСЫ
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 51
... ... ... ... ...
ТЕСТЕР 60
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .
ТЕСТ ЖАУАПТАРЫ 69
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 71
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...

КІРІСПЕ 

Адамзат пайда болғалы қанша уақыт болса, туризмнің пайда болу тарихына
да сонша болды. Миллиондаған туристер, жас және егде адамдар, жалғыз және
топпен, әртүрлі қабілеттегі және әртүрлі кәсіппен айналысатын өкілдер жаңа
әсерлер іздеп әртүрлі жыл мезгілдерінде саяхаттайды.
Саяхат – бұл көне және сыйымдылығы кең ұғым. Дальдің В.И. сөздігі
бойынша, саяхат бөтен жерлерге бару дегенді білдіреді. Адамзатқа бүкіл көп
ғасырлық тарихында сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулап алу мен игеру,
ресурстарды іздеу мен жаңа көлік жолдарын іздестіру мақсаттарында әлемді
танып-білу және жаңалықтар ашуға ұмтылыс тән. Бізге тарихтан ұлы жаңа
континенттер мен жерлерді ашқан саяхатшылардың есімдері жеткен,
географиялық және басқа білімнің керемет жүйелерінің негіздері қалған.
Халықаралық туризмнің тарихы пәнін оқу қазіргі жағдайда әлем туризмі
дамуының негізгі кезеңдері туралы білуге мүмкіндік береді.
Туризмнің терең тарихи тамыры бар. Алғашқы туристік ұйымдаспаған
сапарлар шектеулі болды, олар негізінен сол кездегі қажеттіліктер және
мүмкіндіктермен байланысты болған, нақтырақ айтқанда, қажылық жасау,
емделу, сауда және білім алу. Сапар жасауға тек қоғамда жоғары орын алатын
адамдардың ғана мүмкіндіктері болды. Сол кездегі туризмнің ерекшелігі
элитарлылық пен өзінділік болған.
Туризм саласындағы әйгілі ағылшын мамандары туризмнің бастауын емделу
мақсатындағы сапарлар қалаған деп есептейді. Және алғашқы туристік ұйымдар
білімдік сипат алды. Шындығында да, бұл кезең аристократтық туризм деп
аталатын туризмнің дамуымен сипатталады. Яғни шетелдік сапарлар халықтың
ауқатты бөлігіне ғана қол жетімді болды.
Қазіргі кезде әлемдік туризм дамуының төрт негізгі тарихи кезеңдерін
бөліп қарастырады. Бұлай бөлудің негізінде мынадай критерийлер жатады:
әлеуметтік және экономикалық алғышрттар, туризмнің функциялары.
Бұл оқулықта туризмнің пайда болуы мен дамуының негізгі кезеңдері
қарастырылады. Ежелгі заманда және ортағасырларда туризмнің пайда болуы
тарихы сипатталады. ХVІІ-ХVІІІ ғғ. мен ХІХ-ХХ ғғ. туризмнің дамуы тарихы
келтірілген. Қазақстандағы туризмнің қалыптасуы мен даму кезеңдері де
беріледі.
Жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге арналады.
Бұл оқулықты оқығаннан кейін студент мыналарды біле алады:
- әлемдік туризмнің даму кезеңдерін;
- дүние жүзінде туризмнің тарихи дамуын;
- туризм дамуының хронологиясын;
- туризм географиясының даму тарихын;
- халықаралық туризмнің қазіргі жағдайы мен Қазақстан Республикасында
туризмнің даму тұжырымдамаларын.

І. ТУРИЗМ ТАРИХЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Туризм тарихының нысаны мен пәні

Туризм тарихы деп жекелеген тұлғалар мен әлеуметтік топтардың өз
еркімен әртүрлі жерлерге баруымен және олардың өмір сүру ырғағы мен
қоршаған ортаның өзгеруімен байланысты болып келетін кеңістіктегі қозғалыс
үрдістерінің жиынтығын айтуға болады.
Туризм тарихын қарастыру үшін оның оқып зерттеу нысаны мен пәніне,
мақсаты мен міндеттеріне сипаттама беру қажет.
Туризм тарихының нысаны уақытша және кеңістіктік дамудағы туризм
элементтерінің жиынтығы немесе тарихи-мәдени және тарихи-әлеуметтік құбылыс
(немесе феномен) ретінде туризмнің пайда болуы мен қызмет етуі болып
табылады. Бір нысанды әртүрлі ғылыми пәндер зерттеуі мүмкін. Олар зерттеу
нысанына әртүрлі жағынан келеді, яғни оқып зерттеу пәні әртүрлі болып
келеді.
Курстың пәні болып баратын жерлері мен өмір ырғақтарын өз еріктерімен
уақытша өзгертетін, барған жерінің қоршаған ортасымен жеке байланыс
орнататын жекелеген тұлғалар мен әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін пайда болатын әлеуметтік-мәдени институттар
формаларының даму заңдылықтарының шеңбері қарастырылады. Бұндай
институттардың құрамына тұлғалар мен әлеуметтік топтардың қозғалыс
құралдары мен жолдары, олардың жаңа жерлерге барған кездерінде қауіпсіздік
қызығушылығын, тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету құралдары, туризмге
қатысты заңнамалар кіреді.
Тарихи дамудағы туризмнің жекелеген элементтерін әртүрлі пәннің
өкілдері өздерінің көзқарастары бойынша зерттеуі мүмкін. Әлемнің елдері
туралы ғылыми түсініктер мен білімдердің дамуын география тарихы оқып
зерттейді. Ал теңіздер мен мұхиттарды және оларда жүзуді зерттеудің дамуын
– теңізде жүзу тарихы, көлік құралдарының дамуы мен кеңістікте қозғалу үшін
жануарларды пайдалануды – көлік тарихы, қатынастың құрлықтық жолдарының
дамуын – жол ісінің тарихы зерттейді. Туризмді реттейтін заңдылықтардың
дамуын құқық тарихы зерттесе, ал туристердің көргісі келетін тарихи және
мәдени ескерткіштердің дамуын, олардың шоғырлану орындарын, табиғат
нысандарын мұражайлық істің тарихы оқып зерттейді. Зерттеу мақсатындағы
саяхаттардың тарихы географиялық білім тарихын оқып зерттеудің, нақты бір
жекелеген жердің тарихи өткені туралы, оның табиғаты, экономикасы,
тұрғындарының тұрмысын зерттеу пәні болып табылады.
Жолда алған әсерлерін, саяхаттардың, жергілікті салт-дәстүрлердің
сипаттамасын, оқырманға аз белгілі елдер, жергілікті жерлер, халықтар
туралы жаңа мағлұматтарды қамтитын саяхатшылардың жазбалары мен
күнделіктерін әдебиет тарихы зерттейді. Бұл жазбалар сонымен бірге, туризм
тарихы бойынша қайнар көз болып табылады. Бірақ та, әдебиет тарихында бұл
жанрға болған саяхаттар суреттемесіне қарай жазылған және қосымша идеялық-
көркем міндеттерге (қызық оқиғалы, утопиялық, философиялық) бағындырылған
ойдан жазылған кезбе-саяхаттардың да тарихы жатады. Осы айтылғандардан
көретініміз бұл пәндердің әрқайсысының туризм тарихын оқып зерттеу пәнінен
айрықшаландыратын өзінің оқып зерттеу пәнінің бар екенін көреміз.

1.2 Туризм тарихының мақсаттары мен міндеттері

Біріншіден, бұл оқу курсының басты мақсаттары мен міндеттерін анықтау
қажет.
Ең алдымен – бұл жекелеген тұлғалар мен әлеуметтік топтардың өз еркімен
уақытша баратын орындарын ауыстыруының әлеуметтік, психологиялық және
мәдени функцияларының дамуының жалпы суреттемесін қайта қалпына келтіру
үшін туризм дамуының негізгі кезеңдерін зерттеу. Сонымен қатар, туризм
тарихының қайнар көзін зерттеу болып табылады. Бұл мақсаттарға келесідей
міндеттер бағындырылған:
туризм дамуының алғышарттары мен жағдайларын ашып көрсету және оның
кезеңдерін негіздеу;
адамзаттың қоғамдық және мәдени дамуымен байланысты туризм дамуының негізгі
кезеңдерінің мазмұнын ашу;
әртүрлі уақыттарда әлемнің жекелеген аймақтарында туризм дамуының
заңдылықтарын талдау;
әртүрлі аймақтарда әртүрлі уақыттарда туризмге қандай әлеуметтік топтардың
өкілдері қатысқанын анықтау;
туризмді қамтамасыз ететін мекемелер мен заңдылықтардың қызметін зерттеу;
әртүрлі тарихи кезеңдерде туризм тарихының көздерін зерттеудің
ерекшеліктерін қарастыру;
туризм тарихын ары қарай зерттеудің негіздерін қою, оның қарастырылған
мәселелерін қорытындылау және білімнің осы саласында арық қарай зерттеуге
талпыныс беру.
Курстың міндетінің бірі – студенттерге өткен уақыттағы туризм дамуының
әртүрлі заңдылықтарын анықтаудағы туризм тарихын оқып зерттеуді жеңілдету,
қазіргі кезде болып жатқан үрдістермен салыстыру, туризм дамуының ары қарай
жолын анықтау.

1.3 Туризм тарихын зерттеудің тәсілдері

Туризм тарихын зерттеуде тарихи ғылымда қолданылатын дәстүрлік тәсілдер
қолданылды. Олардың арасында тарихи-генетикалық, тарихи-салыстырмалы,
тарихи-ретроспективті, тарихи-типологиялық және басқа да тәсілдерді айтуға
болады.
Тарихи-генетикалық тәсіл оқып зерттелетін жағдайдың сапалы
тұрақтылығының шегін белгілеумен болатын құбылыстардың қозғалысын және
өзгерістерді көрсетуді біріктіреді. Ол дамуды талдауға бағытталған және ол
жалпы және ерекше сипаттамаларды құрамына енгізуі тиіс, бірақ суреттеуге
тартады, әзірленген логикасы мен ұғымдық аппараты болмайды. Оның әдістемесі
белгісіз әрі айқынсыз.
Бұл тәсілді тарихи-салыстырмалы тәсілмен біріктіруге болады. Бұ тәсіл
әртүрлі құбылыстардағы сипаттардың ұқсастықтарын ашады және қоғамның тарихи
дамуының қайталанғыш және ішкі шартталған сипатының болатынына негізделеді.

Тарихи-ретроспективті тәсіл қайта құру тәсілі ретінде қарастырылады
және қазіргіден өткенге, салдарынан себебіне бағытталған. Бұл тәсіл
үрдістердің әртүрлі стадияларын түсінуге және зерттелетін оқиғаның мәніне
тереңірек кіруге мүмкіндік береді.
Тарихи-типологиялық тәсіл қарастырылатын құбылыстар мен объектілерге
тән жалпы белгілер негізінде объектілер мен құбылстар жиынтығын сапалы
түрдегі белгілі бір топтарға жүйелі түрде бөлуді мақсат етеді.
Тарихи-жүйелік тәсіл әртүрлі деңгейдегі тарихи жүйелердің қызмет етуін
тек қана себепті шартталған ғана емес, сонымен бірге функционалды
байланысқан жекелеген оқиғалардың, фактілердің, құбылыстардың мен тарихи
үрдістердің түрі ретінде қарастырады.
Тарихи-мәдени тәсіл жеке адам тұлғасының, оның ұмтылыстарымен, сенім-
нанымдарымен, қызметімен бірге әлеуметтік-психологиялық зерттеуге назар
аударады. Бұнда белгілі бір мақсаттарды көздеген атақты тұлғалардың да,
қатардағы адамдардың да қызметін, олардың қоршаған әлемге қатынасын
зерттейді. Бұл тәсіл тарихи үрдіске тартылған адамдардың биографиясын
зерттеуді қамтиды. Тарихшы М.Блок былай деп айтқан: нағыз тарихшы
ертегідегі адам жегішке ұқсас. Қай жерде адамзаттың иісі шығатын болса, сол
жерде оны олжа күтіп тұратынын білген. Өткендегі туристердің биографиясын
зерттеу туризм тенденцияларын талдауға мүмкіндік береді, бұл дамудың мүмкін
болатын болашақтағы бағыттарын анықтауға мүмкіндік ашады.

1.4 Туризм тарихы курсын кезеңдестіру және құру

Туризм тарихы үрдісін ойластыруға және оны ғылыми жалпылаудың ішкі
заңдылықтары мен мүмкіндіктерін анықтауды жеңілдетуге кезеңдестіру
көмектеседі. Кезеңдестіру деп үрдістердің сапалы дамуына сәйкес тарихи
уақытты бөлу айтылады. Бұл жалпы адамзаттың, қандай да бір аймақтың, елдің
туризмінің қалыптасу және даму кезеңдерінің негізгі мазмұнының анықтамасы.
Туризм тарихын кезеңдестіру үшін оның негізіне нелерді қарастыру қажет
екенін шешіп алу қажет. Яғни, тарихи үрдісті жекелеген кезеңдерге бөлудің
критерийін құру қажет.
Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі
замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристік әдебиеттерде
туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады. Әсіресе,
В.Унцикер мен Дж.Мариотти секілді ғалымдардың ортақ еңбегінде.
Туризм тарихы бойынша кітаптарда келесідей кезеңдестірулер ұсынылады.
Туризм тарихы (Рим, 1958) атты Дж.Мариоттидің кітабында көнедегі
туризм (Греция мен Рим), ортағасырдағы туризм, жаңа замандағы туризм (ХV-
ХVІІІ ғғ.), ХІХ ғ. және қазіргі кездегі туризм қарастырылады.
Л.П. Воронкова (Туризм тарихы: оқу құралы. – М.: МПСИ, 2001) көне
саяхаттар мен қонақжайлылық дәстүрлерінің тарихы, ортағасырлық мәдениеттегі
саяхаттар, ұлы географиялық ашылулар кезеңі, ХV
І-ХVІІІ ғғ. еуропа мәдениетіндегі саяхаттар мен қонақжайлылық дәстүрлері,
ХІХ ғ. қонақжайлылық және туризм индустриясының дамуы, ХХ ғ. туризмніңң
дамуы, ХХІ ғ. қарсаңындағы халықаралық туризм деп бөліп қарастырады.
М.В. Соколова Туризм тарихы кітабында келесідей кезеңдестіруді
ұстанады: көнедегі саяхаттар, ортағасырдағы жорықтар мен саяхаттар, жаңа
замандағы туризмнің дамуы, ХХ ғ. туризм.
Туризм тарихын кезеңдестіру кезінде әлеуметтік-мәдени феноменнің
ерекшелігіне қарау қажет және оны келесідей бөлу ұсынылады:
көне әлемде туризмнің алғашқы элементтерінің пайда болуы;
ортағасырда туризмнің жекелеген түрлерінің дамуы;
қайта өрлеу кезеңінде туризмнің мәдениеттің дербес саласына бөлінуі (ХV-ХVІ
ғғ.);
ХVІІ ғ., Ағарту кезеңінде (ХVІІ-ХVІІІ ғғ.) және ХІХ ғ. басында туризмнің
саяси білім алу мен мәдени тәрбие алудың элементі ретінде рәсімделуі;
ұйымдасқан жаппай қозғалыс формасында туризмнің дамуы (ХІХ ғ. 40-шы жж. –
ХХ ғ. соңы).
Бұл кезеңдердің әрқайсысының ішінде туризм дамуының белгілі бір
кезеңдерін бөлуге болады.
Туризмнің даму тарихын келесідей кезеңдерге бөлген:
1. ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм:
А) ежелдегі туризм;
Б) орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм;
В) ХVІІ және ХVІІІ ғасырдағы туризм
2. ХІХ және ХХ ғасырлардағы – екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі
туризм
3. Қазіргі заманғы туризм.

ІІ. ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі
замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристтік әдебиеттерде
туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады. Әсіресе,
В.Унцикер мен Дж.Мариотти секілді ғалымдардың ортақ еңбегінде.
Бұл еңбекте К.Пшеславскийдің (1973 ж.) бөлген кезеңдері келтірілген,
оның келесідей кезеңдері бар:
2. ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм:
А) ежелдегі туризм;
Б) орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм;
В) ХVІІ және ХVІІІ ғасырдағы туризм
2. ХІХ және ХХ ғасырлардағы – екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі
туризм
3. Қазіргі заманғы туризм.

2.1 ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм. Ежелгі туризм

Туристтік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда
басталды санайды. Біздің заманға дейінгі 4-ші мың жылдықта ескі Египетте
аталынып жүрген, осындай алғашқы көшіп-қонушылыққа жататыны – діни
негізіндегі саяхаттар. Біздің заманға дейінгі VІ ғасырда Египет фараоны
Нехао Африка төңірегінде атақты 3-жылдық саяхат құрған.
Ертеректе туристтік саяхаттар қалаларды көріп, жасанды көлдер, шипалы
бұлақтарға барумен байланысты болды. Кейініректе жиелеп салына бастаған
пирамидалар саяхаттаушылардың назарын аудара бастады. Алайда, жақсы дамыған
жол торлары мен сапалы түнеу үйлері және арзан асханалардың тек қана ежелгі
Греция мен Римде пайда болуы бұл саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді.
Туризм ол кездері ешқандай табыс көзін әкелмеді.
Жол тараптарының маңызын тек қана парсылар айтарлықтай ұғынып өз
мемлекетерінің территориясында қатынасу жолдарының жүйесін құрды. Бұл
қатынас жолдары дегеніміз жақсы қалыптағы патшалық жолдар болды ұзындығы 3
мың киллометр. Бұл жолдар Вавилон, Сузы және Экбатан қалаларын мемлекеттің
шеткі аймақтарымен байланыстырып тұрды. Әрбір 30 мильден кейін парсы
жолдары бойында саяхатшыларға демалыс жағдайларын қамтамасыз ететін
тұрақтар керуен – сарайлар орналастырылды. Көрсетілген қызметке төленетін
ақы байлар мен кедейлерге бірдей болды.
Алайда, антикалық туризмнің гүлденуі ежелгі Греция және Риммен
байланысты болды. Аталмыш мемлекеттерде туризмнің экономикалық жағына көп
көңіл бөлінді.
Шамамен осыдан 2300 жыл бұрын Ксенофонт грек порты Пирейде
сауда қатарлары мен мемлекеттік керуен сарайлардың салынуы керек екендігіне
назар аударды. Оның ойынша бұлар пайданың маңызды көзі болуы керек еді.
Гректер секілді римдіктерде үлкен қашықтықтарға сапар шегіп отырды, гректер
құрған жолдар тарабының әлсіз дамуына байланысты бұл сапарларын теңіз
жолдары арқылы іске асырып отырған.
Ежелгі Грецияда курортология мен емдік туризм пайда бола бастады.
Римдіктер өздерін сауықтыру үшін жылу су көздеріне және курортттарға барып
тұруды жақсы көрді. Емдеу құдайы Аскленийдің храмдары көне замандарда
құрыла бастайды, классикалық кезеңде V - VІ ғасырларды біздің заманға
дейінгі олардың саны 60 астам болды. Олар қаладан қашық, қыраттау, жақсы
климаты бар жерде салынды. Швейцариядағы курорт Сен Моритц әйгілі
ерекшілігмен пайдаланылды.
Біздің заманға дейінгі VІІІ ғасырда ертедегі гректер саяхаттар
жасады. Олар арғы көне олимпиядаларға көрушілер немесе қатынасушылар
ретінде қатынасты. Мысалы, ертедегі Грецияда Олимпиялық ойындарға
өнерсүйгіштер мен спорт адамдары көптеп келушілер болды.
Сірә, спорттық туризмнің де отаны ежелгі Греция болуы керек. Себебі
Олимпиялық ойындар мұнда төрт жылда бір болып жаздың күн тоқырауынан
кейінгі бірінші ай тууынан басталатын. Олимпия – ойындарды өткізу жер, осы
мерейге қатысушы барлық халықтар үшін қол сұғылмайтын еді. Олимпияға
аттанушылардың барлығы Зевстің қонақтары болып саналады. Олардың ішінде
сыйлы қонақтарда болды. Әдетте оларды қабылдаушы тарап қарсы алып,
орналастырып, тамақтандырады. Туристердің саны көп еді және стадиондарға 40
мыңға дейін адам сыйды.
Ойын – сауық бизнесі жақсы дамыды. Олимпиядаға қарсы үлкен жәрмеңке
ұйымдастырылып, ол үшін арнайы сауда қатарлары орнатылды.
Туристер көне храмдарды тамашалап, қалағандар қосымша ақы үшін гидтің
аузынан әр түрлі аңыздарды естүге мүмкіншілік алды.
Егер туризм индустриясы жайында кең мағынада әңгіме қозғар болсақ,
ежелгі Рим дәуіріне жүгінеміз.
Мұнда саяхаттар керемет жол тараптарының болуы арқасында іске асып
отырды. Әрине, римдіктер жолдарын әскери қажеттіліктері үшін дамытып
отырды. Әскерлер империяның орталық аудандарынан шекараларына санаулы
күндер ішінде жетіп отырды. Бұл жолдар тек Римнің дамуына ғана әсер етіп
қоймай, бүкіл Еуропалық өркениеттің дамуына әсер етіп, тарихшы Прокопийдің
Римнен Капуяға алып баратын бірінші жолды, яғни Аппий жолын Әлем
ғажайыптарының бірі деп есептеуіне себеп болды.
Римдік жолдар инженерлік өнердің барлық ережелеріне байланысты
салынып отырды. Олардың құрылысы біздің заманның 312 жылы император
Константиннің билігі кезінде басталды. Әрбір жол үшін алдын ала жоспар
құрып, содан соң оны таспен толтырған.
Жолдар бойымен милялық діңгектер орнатылып, қастарына демалыс үшін
орындықтар орналастырған. Римдік миляның ұзындығы мың жүн қадамға тең
болған, ал осы атаудың мағынасы да осыдан, латынша миля мың деген мағына
беріп, 1480 м құрайды. Римдік жолдардың жалпы ұзындағы 100 мың км
шамасындай Римнен шығатын барлық жолдардың орталығы мен бағдаршысы болып
Октавиан Августин билігі кезінде орнатылған алтын милялы тас саналады. Бұл
алтын жалатылған қоладан жасалған конус пішіндес тас болды.
Саяхаттарды жол бойына орналасқан жақсы ұйымдастырылған және керуен
сарайлар торы қолайлы етіп отырды.Бұл керуен сарайлар кейде бір бірінен 5
км қашықта орналысып, өзінің заманына қарай үлкен шеберлікпен салынып, өте
жайлы болып келді.
Ежелгі Римде Жол Көрсеткіштер болып оларды тек қана белгілі бір желі
көрсетіліп қоймай, сонымен қатар жолда кездесетін көрікті жерлермен қонақ
үйлер белгіленіп бағалар көрсетілген. Бордодан Иерусалимге саяхаттайтын
табынушылар үшін ІV ғасырда дайындалған Жол көрсеткіш белгілі. Біздің
заманға дейін І ғасырда пайда болған туристтік бюролар қалағандарды
путиводительдермен анықтама кітаптарымен жабдықтаған.
Туристтік саяхаттардың ерекше формасы емдік жерлерге сапар шегу
болды. Алғашында қалада тұратын бай гректер мен римдіктер қаала сыртындағы
ауылды мекендерге шығып отырса, кейініректе бұл саяхаттардың географиялық
шектеулері кеңейе түсті. Минералды бұлақтармен храмдардың қасында қазіргі
санаторияларға ұқсас объектілер салына бастады, ал емдік жерлер жоғары
комфортты жағдайлары мен ойын-сауықтың көптүрлілігімен әйгілі болды.
Ол кездерде ең әйгілілерден Байедегі Кампаниядағы (қазіргі Италия)
шомылу орындары болды.
Емханалардан басқа римдік провинцияларында бұл кезде Aquae Cal dae
(қазіргі Виши, Франция), Aquae Helveticae (қазіргі Баден, Швейцария),
Aquae Herculi (қазіргі Байе Херкулан, Румыния), Aquae Solis (қазіргі Бат,
Ұлыбритания) әйгілі болды.
Емдік жерлерге саяхатпен қоса, римдіктер таулы, теңіз жағалауындағы
жерлерге сапар шегуді де ұнатты. Бұл тұрғыда ең қолаулы орын Неополитандық
бұғаздың үстінде орналасқан жерлер болды.
Рим империясының құлауы саяхатшылар мен сапар шегушілердің санын
қысқартып жіберді. Орта ғасырда жасау қиын, қиыннан бұрын өмірге өте
қауіпті болды.

2.2 Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм

Ортағасырларда туристік қозғалыс бәсендей түсті. Ішкі жағдайлары
тұрақсыз көптеген жаңа мемлекеттердің құрылуы бұрын-сонды болмаған саяси
кедергілерге әкеп соқты.
Туристтік саяхаттардың ұзақ уақыт тоқырауды болуына көптеген себептер
әсер етті, олардың ішінде: феодалдық жүйеге байланысты Еуропаның көптеген
аймақтарындағы шаруашылықтың күйреуі, бұрыңғы жол тораптарының түгелімен
және сол жолдар бойындағы түнеу орындарының жойылып кетуі, саяхатшылардың
қорғаныс дәрежесінің төмендеуі, сонымен қатар қатар қалалардың күйреуі.
Біздің заманның тек ІІІ және ІV ғасырларында қайтадан діни табыну
саяхаттары жанданып, аз уақыт ішінде діни туризмнің жақсы дамыған түріне
айналды.
Пилигримдердің Палестинаға саяхаттары біздің заманның ІІІ - ІV
ғасырларының өзінде-ақ басталды. Император Константин кезінде Иерусалимде,
дәлірек айтқанда Иса пайғамбардың табыты үстінде храмдар салынды.
ІV ғасырда қасиетті жерге қажылық бұқаралық сипатқа ие болғаны
соншалықты, табынушылар арасында ол жиілеп жай шетелдік туризм ретінде
қабылдана бастайды.
Біздің заманның VІІ және VІІІ ғасырында саяхаттар діни мақсаттар үшін
қайтадан жаңадан басталды. Бұндай саяхаттарға қатысушылар әртүрлі еуропалық
елдердің тұрғындары болды. Олар Италия (Рим), Испания (сантьяго де
Компостела) және Палестина елдерінің қасиетті жерлеріне саяхаттар жасады.
VІІ ғасырда халифа Омар кезінде Иерусалимді мұсылмандар жаулап алады.
Алайда бұл қажылықты тоқтата қойған жоқ.
VІІІ ғасырдың деректері бойынша, Иерусалимге Галльск епископы-қасиетті
Аркульф келіп, өзінің саяхаты жайында естеліктер қалдырған.
Қажылар Палестинаға тек табыну үшін ғана емес, сонымен қатар ескі
құнды заттарды сатып алу үшін де сапар шекті. Әр жылы 15-ші қыркүйекте
Иерусалимде, қасиетті Мариямның шіркеуі алдында жәрмеңке ұйымдастырылып
отырды. Қажылар арасында сауда табысты болғаны соншалықты, қалада Генуя,
Венеция, Пиза және Марсель көпестерінің өзіндік конторалары мен бүтіндей
көшелері мен қоныстары болды.
Қажылық үшін ең қолайлы жағдайлар Абастар әулетінен шыққан Халифа
Гарун әл Рашид (786-809) кезінде туды. Халифа мен император Ұлы Карл (768-
814) арасында түсінушілік қатынастары орнатылып, оның дәлелі ретінде Гарун
әл-Рашид сыйлық жібереді. Ол Ұлы Карлға Иса пайғамбардың табыты-Храмының
және ең қасиетті қаланың қақпаларының кілтін сыйлайды. Бұл уақыттары Ұлы
Карлдың бұйрығымен Иерусалимде қажылар үшін арнайы қонақ күтетін үй
салынады.
Еуропада Ұлы Карл пилигримдер үшін демалыс үйлерін VІІІ ғасырдың
өзінде-ақ салдырған. Кейбір серілік қауымдардың басты шаруасы пилигримдерді
қорғау және оларға қасиетті жерлерге жол жүру барысында қонақжайлылық
көрсету болды. Мұндай үйлердің бірі-Ронсеваль шатқалындағы аббаттығы қақпа
алдында құшақ жая қарсы алып, ақысыз нан, цирюльник және етікші
қызметтерін, жеміс-жидек, жаңғақтар ұсынып, аурулар үшін екі хоспис, ал
мүлдем халсіздер үшін қасиеттендірілген жерлеу орнын да ұсынып отырды.
Орта ғасырлардың соңы мен жаңа замандарға дейін туристік қозғалыстың
ауқымды бөлігін діни табыну мен университеттік орталықтар құрады. Онымен
қоса қайта өрлеу кезеңінде көпестер мен ұсталардың саяхаттарының маңызы
арта бастайды, алайда олардың бір бөлігін ғана туристік саяхаттарға
жатқызуға болады.
Орта ғасырларда адамдар көптеп саяхаттай бастады, сөйтіп, жолшыбай
керуен срайлардың саны күрт өседі.
Алдында қарапайым қонақ үйлік объектілер ХІV ғасырдың өзінде-ақ сол
заман үшін өте жайлы түнеу орындарына айналды. Қонақ үй кәсібінің дамуы,
кейбір қалаларда ХІV ғасырдың өзінде қонақ үйлердің қожайындары өзіндік
цехтарға бірігіп, өз уставтарын құруына әкеп соқты. Осындай ең бірінші цех
1356 жылы Венецияда құрылды. Осы секілді цехтар ХІV ғасырда Римде, Сиякада,
Флоренцияда да құрылды.
ХVІ ғасырдың екінші жартысында танымдық сипаты бар саяхаттар жасала
бастады, ал ең қалаулы ел Италия болды. Мұнда көбіне Испания, Франция және
Германиядан шетелдіктер келіп отырды.
ХVІ ғасырдың соңынан Англияда гранд-тур әйгілі бола бастады-бұл
ауқатты адамдардың континетке саяхаты, гранд-турдың арқасында адамдар оқуын
бітіріп, Жерорта теңізін көріп, өркениеттің шығу тегін көріп, сауаттанып
қайтуына мүмніндіктер туды. Әлеуметтік құбылыс сияқты туризмнің дүниеге
қайта келуі ХVІІ ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың басына жатады.

2.3 XVII және XVIII ғасырлардағы туризм

ХVІІ ғасырда Еуропада таза туризм формасы пайда болды. Бұл,
К.Либеренің айтуынша, танымдық, емдік немесе демалыс мақсаттарында
саяхаттаушы тұлғаларды қамтиды. Оған қоса Еуропада діни сенімге байланысты
миграциялар мен көпестердің саяхаттары белгіленіп отырды.
Бұл кезеңде адамдар үшін көлік түрі экипаждар болып, саяхатшыларға
жағдай жасау мақсатымен әрдайым дамытылып, жақсартылып отырды.
Қысқа мерзім ішінде көліктік қызметтің көптеген түрлері пайда болып,
жолдардың техникалық жағдайы жақсартыла берді.
Жолдар мен көлік құралдарының дамуы туристік миграциялардың
географиялық шектерінің ұлғая түсуіне әкеліп соқты. Италияда дәстүрлі
орталықтар- Рим, Венеция, Флоренция және Падуямен қатар, ХVІІІ ғасырда
Неапольға да келушілердің саны күрт өсті.
Еуропадағы ең алғашқы қонақүйлердің бірі - 4-ші Генрихтің отелі Нант
қаласында 1788 жылы салынды. Оның құрылысына ол кездер үшін ауқымды сома-
$17500 қаржы жұмсалды. Қонақ үйде 60 жатылы орын болып, Еуропадағы ең
жақсысы болып саналды.
18-ші ғасырлардың шегінде Англиядан еуразиялық континентке жасалатын
саяхаттар әдетке айнала бастады. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында бұл
қозғалысқа 40 мың адам жыл сайын қатысып отырды. Бұл саяхаттарға,
аталғандай-ақ, ауқатты жас ағылшындар білімін толықтыру үшін қатысып,
саяхат grand-tour, ал қатысушылар tourist деп аталды.
Бұл атау қысқа мерзім ішінде Флоренцияда, ал кейіннен еуропаның басқа
да елдерінде кеңінен тамыр жайды.
Ағылшындардың континентке сапарларымен альпілік туризмнің тарихы егжей-
текжейлі байланысты. 1741 жылы ағылшын саяхатшылар тобы экскурсия барысында
Женевадан Шамониге дейін жетіп, соңғысы бүкіл Еуропада әйгілі болды.
Бұл кезеңде альпілік туризмнің дамуы Еуропадағы индустриалдану және
урбанизация процестерімен тығыз байланыста болды.
ХVІІІ ғасырда Шамониде демалушылардың көп бөлігін қалалар мен
өнеркәсіптік орталықтардың, көбіне Греция және Англияның тұрғындары құрады.
ХVІІІ ғасыр Ресей курорттарының дамуының 1-ші кезеңі. Бұл процесті
бастаушы Ұлы Петр 1. Ол 1713 жылы бүкіл халықтың алдында минералды сулардың
ізделуі керектігін жариялады. Бұл мәселе бойынша 1719 жылы 20 наурызда
арнайы жарлық шығып (Дохтырлық ережелер жайындағы жарлық), здравница
мекемелерінің заңдық негізіне айналды. Бұл дата Ресей курортарының
тарихының басталуы болып саналады.

2.4 ХІХ – ХХ ғасырлардағы – Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм

ХІХ ғасырдың жартысына дейін Еуропалық туризм тек қана элитарлық
келбетке ие болады, ал оған қатысушылар ауқатты жоғарғы сынып өкілдері
болып, сол кезгі кейбір авторлар туризмді аристократтық туризм деп те
атады. Тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана әсіресе, ХХ ғасырдың 20-ші
жылдарында туристтік қозғалыс өзгерістерге ұшырап демократиялана бастайды.
ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың 1-ші жартысында туризмнің дамуы көптеген
факторларға байланысты болды, олардың ішінде ең маңыздылары мыналар:
- көлік құралдарының дамуы
- өнеркәсіптің дамуы және оған байланысты халықтың тіршілік деңгейінің
жақсаруы;
- урбандалудың дамуы;
- бос уақыттың артуы;
- қоғамның мәдени деңгейінің жоғарлауы;
- туризм жөніндегі мемелекеттік саясат.
Көлік құралдарының дамуы, әрине, туристтік қозғалыстың интенсивтігі
мен оның кеңістіктік өзгерістерге ұшырауына ең басты себеп болды.
Ең 1-ші темір жол желісі – Манчестер – Ливерпуль 1825 жылы Англияда
ашылды. Бұрын апталар шығындалатын саяхаттарға, ендігі жолы әркімнің және
өте қымбат емес бағамен қолы жететін болды. Темір жолдар барлық
мемлекеттерде өте шапшаң қарқынмен салына бастады. Олар туристтік
қозғалыстың кеңістіктік құрылымын және көлемін өзгертті.
Теңіз техникасының дамуы әсіресе желкенді кемелер орнына
пароходтардың қолданысқа енуі континент аралық саяхаттарды жақсартты.
Атлант мухитін кесіп өту мерзімі бірнеше есе қысқарды, ол Ливерпуль – Нью-
Йорк трассасында 1816 жылғы 20 - 25 күннен, 1838 жылы 12 күнге, 1850 жылы 8
күн 17 сағатқа, 1883 жылы 6 күн 18 сағатқа қысқарды.
Пассажирлік континентаралық теңіз саяхаттарымен бірге Еуропалық
теңіздер әсересе Жерорта теңізі мен Ла-Манш каналы бойымен саяхаттарға
қатысушылар саны әрдайым өсіп отырды.
Өткен ғасырдың 20-шы, әсіресе 30-шы жылдары көптеген елдердің
туристтік карталарында елеулі өзгерістер пайда болады, бұл саяхаттар
автомобильді көліктің барлық жерде қолданыла бастауынан туындайды. Мысалы,
1938 жылы автомобильдер мен туристік автобустарда Швейцарияға 762,2 мың
шетелдіктер, бүкіл шетелдік туристтердің 47,8 % құрады.
Туристтік белсенділіктің артуын саяхат бюроларының ашылуына әкеп
соқты, ал олар уақыт өте келе, туристтік индустрияның маңызды тірегіне
айналды. Негізінен ең маңызды да бастапқы нүкте 1841 жылы ағылшын мұғалімі
Томас Куктың Мидленд округіндегі темір жол компаниясы Лейстер – Лафборо
деген 18 км трассада мейрамдық поезді еңгізуге үгіттеуінен басталады.
Томас Кук алғашқы болып 1872 жылы қалағандарға жерді айналып өтетін
саяхат ұсынып, бұл турды индустриалды негізге қойды. Алғашқы 20 саяхатшы
жерді 220 күнде айналып өтті. Лондонның көрмелері мен Еуропа қалаларына
экскурсия жасаудан бастаған Томас Куктың бюросы бірте-бірте іс-әрекет
сферасын кеңейтті: жаңа туристтік нарықтарды игеру арқылы саяхаттар санын
арттырды.
Томас Кук Египетке, Палестинаға, ақшқа тұрақты саяхаттарды
ұйымдастырып тұрды. Оның бюросы экскурсанттарды орналастыру, жол
сілтемелерін және кезекті басылымдарды шығарумен, жарнамалық
компанияларынмен, банктік операциялармен, ақша айырбастаумен айналыса
бастады. Томас Кук 1892 жылы қайтыс болды. Оның еңбегін ұлы мен
компаниондары жалғастырды. Қазіргі уақытта Томас Кук атындағы халықаралық
туристік компания – барлық континенттегі туристік іс - әрекетпен
айналысатын әлемдегі ең ірі компания. Қазір Томас Кук компаниясының
12000 туристік агенттіктері бүкіл әлемде жұмыс істеп, 20 млн туристке
қызмет көрсетеді.
Томас Кук қазіргі заманғы туризмнің негізін қалаушы, бірінші менеджер
және туризмнің алғашқы маркетологы болып танылып, саяхатшылардың
ұйымдастырылған бұқаралық қозғалыстарының тиімділігі мен мәнін ең бірінші
болып түсінген адам болып саналады.
Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехияда халықаралық туризм
орталығына айналып отыр. ХVІІІ ғасырдың аяғында, басқа елдерге барып, әр
түрлі мақсаттармен саяхат жасап жүрген адамдарды туристер деп атай бастады.
Әлемде бірінші біріккен әуесқой тау саяхатшылары – Англиялық алып
клубы – 1857 жылы Лондонда пайда болды. Артынша, 1862 жылы Туринде
Австриялық альпі клубы құрылды да, кейінірек Италиялық болып аталынды. 1863
жылы Швейцар клубы бекітіленеді.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында халықаралық және ұлттық туризм өз
шеңберіне басқа да елдерді тартып, онан әрі дами түседі.Туристік сапар
желісіне жиі тарихи орындар мен мәдени ескерткіштер енгізілінеді.
Халықаралық туристік қозғалыстың басым көпшілігі бұл кезеңде Еуропаға
келеді.
ІІ Дүниежүзілік соғыс халықаралық туризмнің көлемін қатты қысқартты.
Соғысқа дейінгі туризмнің деңгейіне 40 – шы жылдардың соңында ғана жетті.
Соғыстан кейінгі кезеңде туристік саяхаттар АҚШ пен Канадада кең тарай
бастады. 1948 жылдың шілде айынан бастап шетелдік туристердің Жапонияға
баруына ресми түрде рұқсат етілді.
Егер қазіргі жағдайындағы туризм ХІХ ғасырдың соңында пайда болып
құрылса, ол ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана шынайы интенсивті дамуға ие
болып, техника, технология, қоғамдық қатынастардың шапшаң дамуымен қатар
келіп ХХ ғасырдың феномені атағына ие болды.
Англиядан Францияға жасалған ұйымдастырылған турлар 1815 ж. болғаны
белгілі. 1829 ж. кезінде саяхатшыларға арналған әлемдегі бірінші
жолкөрсеткіш шыққан. Оны К.Бедекер атты неміс шығарған. Бұл жолкөрсеткіш
әлі күнге дейін Еуропада өз бетімен саяхаттайтын туристер арасында кең
қолданыс алған.
Көлік құралдарының дамуы сөзсіз туристік қозғалыс пен оның кеңістікте
өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Туризм
тарихында бұндай төңкеріс ат арбалардың орнына техникалық көлік
құралдарының (теміржол мен су кемелері) пайда болуынан болды. Келесі кезең
автомобиль мен самолеттердің пайда болуына байланысты болды. Жаңа көлік
құралдары кең халыққа саяхаттар жасауға мүмкіндік берді. Ал теміржолдың
пайда болуы, ең алдымен, туристік станциялар мен емделу орындардың
географиясын өзгертті. Яғни көптеген жаңа орындарға теміржолдың тартылуы
арқасында олардың желісі айтарлықтай кеңейді.
Автомобиль қатынасының дамуы жол желілерінің кеңеюіне түбегейлі әсер
етті. Барлық жерлерде ол жөндеулерге және кеңейтулерге келді. Сонымен
бірге, автострадалар деп аталатын тек автомобиль көліктерге арналған арнайы
жолдардың құрылысына да кірісті. Алғашқы автострадалардың бірі 1923 ж.
солтүстік Италияда салынды, ал оның дамуы 30-шы жылдың екінші жартысына
келді.
Бұл кезеңде туристік тасымалдарда айтарлықтай рөлді авиация алды, бірақ
тұрақты авиациялар көптеген елдерде 20-шы және 30-шы жылдары төңкерістерде
пайда болды. Континент аралық байланыста туристік мақсаттардағы әуе
қатынастары тек 1939 ж. маусымында ғана пайда болды. Ол Pan American
Airways компаниясы Еуропаға Америка туристер тобын әкелген кезде пайда
болды деп айтады.
Уақыт өте келе өнер шығармаларын көру үшін танымдық мақсатындағы
саяхаттар кең таралым алды. ХІХ ғ. ортасына қарай туристер континенті
интеллегенттер мен студенттер есебінен кеңейді.
ХІХ ғ. ІІ жартысы барлық дәрежедегі өкілдер үшін жаппай туризмнің
дамуымен сипатталды. Фултонның пароходты (1807 ж.) Стефонсонның паровозды
(1814 ж.) ойлап табуы, почта байланысы мен жолкөрсеткіш жетілуі
саяхаттарды арзандатуға және жеделдетуге, ыңғайлы және қауіпсіз етуге
мүмкіндік берді.
Еуропалықтардың Америкаға көшулері де жаппай халқаралық туризмнің
дамуына септігін тигізді. Ғылыми техникалық прогресс нәтижесінде еңбек
өнімділігі артты, ал еңбекшілердің әлеуметтік құқықтары үшін күрестері
олардың жағдайларының көтерілуіне және бос уақытының (демалыс күндері,
төленетін отпусктер) пайда болуына әкелді. Бұл орта деңгейдегі адамдардың
саяхаттауына мүмкіндік берді.

2.5 Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм. Қазіргі замандағы
туризм

Ұлы Отан соғысы жылдарында туристтік-экскурсиялық іс-әрекет түгелімен
тоқтатылды. Соғыс аяқталғаннан кейін күйреген халық шаруашылығымен қатар,
туристтік-экскурсиялық мекемелер жүйесі де қалпына келтіріле бастады.
1950 жылы Мәскеулік туризм клубы ашылып, кейіннен елдің саяхатын өз
күшімен ұйымдастыратын туристердің орталығы болды.
1965 жылы барлық одақтың республикаларында және көптеген автономдық
республикаларда, өлкелер мен облыстарды туризм мен экскурсиялар бойынша
кеңестер ұйымждастырылып, жаңа туристтік маршруттар құрастырылып, игерілді.
Атап айтқанда, 1960-шы жылдары елімізде туризмді халыққа қызмет ететін
үлкен бір салаға айналдыруға мүмкіншіліктер туды. Туристтік саяхаттар
кеңестік тұрғындардың ең сүйікті демалыс түріне айналды.
20 ғасырдың 60-шы жылдары кәсіподақтардың туристтік-экскурсиялық
ұйымдары 13 мыңнан астам сызықтық, шеңберлік, радиалдық маршруттар
құрастырды. Бүкілодақтық және жергілікті маршруттар бүкіл елді қамтып,
Кеңес Одағынаның ең қызықты қалалары мен жерлерімен танысуға мүмкіншілік
берді. Олардың ішінде бірегей қиын барылатын жерлер – Камчатка, Курилдық
аралдар, Франц Иосиф жері және т.б.
80-шы жылдары туризм жүйесінің кемелденуі жалғасады. 80-ші жылдардың 1-
ші жартысында кеңестік кәсіподақтар туристтік-экскурсиялық істің сәтті
перспективалық дамуы үшін көп еңбек сіңірді. Оның 1990 жылға дейін
кемелденуінің басты сызбасының негізі жасалды. Бұл әрине, материалдық -
техникалық базаның қайта жаңартылуын да қарастырды және туристтік-
экскурсиялық мекемелер торының ары қарай құрылымдық кеңеюі мен кадрларды
дайындау, сонымен қатар туризм мен экскурсиялардың нәтижелілігін арттыру да
маңызды мәселенің біріне айналды.
60-70 жылдардың шегінде КСРО-дағы туризм халыққа қызмет көрсетудің ірі
саласына айналып, халық шаруашылығының әртүрлі салаларымен тығыз байланыста
болды.
Туризм шынымен де бұқаралық испатқа ие болды. 80-90жж. Шегінде КСРО-ның
территориясында 800 туристтік клубтар, 40 мыңнан астам қоғамдық комиссия іс-
әрекет етіп, олардың жұмысына 700 мыңдай туристер қатысты.
Туризм мен экскурсиялар бойынша орталық кеңес автотуристер үшін
бүкілодақтық маршруттар ұйымдастырды. Жолдамаға туристтік кемпингке және
қонқ үйде ақысыз автотұрақтарды қолдану, тамақтану және экскурсиялық қызмет
енді. 1935 жылы осындай 5 маршрут қызмет етті, олар : Ростов – на – Донудан
Әскери- Грузиндік жолдан Гаграға дейін; Смоленск – Киев – Львов – Каролино
– Бұғаз; Мәскеу – Харьков – Алушта; Новгород – Псков – Пярну; Ростов – на –
Дону – Нальчик – Махачкала – Дербент.
1985 жылы Кеңес Одағында 17 атаулы маршрут Алтайда, Онтүстік Уралда,
Солтүстік Кавказда, Закавказьеде және тағы басқа аймақтарда жұмыс істеді.
Бірқатар жерлерде веломаршруттар пайда болды. Иркутск кеңесі Ольхон аралы
бойымен, ал Ленинградтық кеңес Карельдік мойнақтың көлдері бойымен, Қазақ
кеңесі - Қарқаралық таулы – орманды оазис бойымен велосипедтік маршруттар
ұйымдастырды. Пензалық, Пермдік, Түрікмендік және басқа да кеңестер
жоспарлы велосипедтік туризмді дамыта бастады.
Жергілікті жоспарлы маршруттар қатарына көліктік саяхаттар да жатты:
теплоходтық (өзендік және теңіздік), темір жолдық және авиациялық.
Өзен кемелеріндегі саяхат Кеңес Одағының барлық басты өзендерімен өтті:
Волга және оның салалары – Кама мен Ока, Солтүстік Двина және Сухона,
Онеждік және Ладождік көлдерімен және Нева өзенімен, Төмеңгі Дон, Днепр мен
Киевтен, Обь бойымен Новосибирскіден Диксонға дейін, Лена бойымен Усть-
Куттан оның Лаптевые теңізіне құяр жеріне дейін және Амур бойымен
Благовещенскіден Николаевск – на – Амуреге дейін.
Қара теңіз бойымен теңіздік экскурсиялар да ұйымдастырылды: шығыста
Жапон және Охот, солтүстікте Ақ, Баренц және Карск теңіздері бойымен.
80-шы жылдары 150 – ден астам өзендік және теңіздік теплоходтар жыл
сайын туристтік мақсатта қолданылып отырды.
Жоспарлы темір жол саяхаттары 60-шы жылдардың басынан белсенді дымыды
және 80-ші жылдардың соңына қарай бүкіл республикалық өлкелік және облыстық
туризм бойынша кеңестерінің темір жол көлігін қолданатын маршруттары болды.
Бұл мақсатпен арнайы туристтік-экскурсиялық поездар – атап айтқанда,
денсаулық поездары құрылды. 1986 жылы 2600 турситтік –экскурсиялық поезд
болды.
Темір жол маршруттарының бағдарламасы құрастырылғанда экскурсиялық
орталықтар арасында жүру мезгілі түнгі уақытқа сәйкес келетіндей
құрастырылды.
80-шы жылдары әуе туристтік маршруттар да бұқаралық сипатқа ие болды.
Статистикалық көрсеткіштер бойынша, қалалар мен аудан орталықтарының 160-
тан астам саяхат және экскурсия бюролары авиация қызметтерін жоспарлы
туристтік саяхаттарды ұйымдастыру үшін қолданған.
Жоспарлымен қатар өз күшімен ұйымдастырылған туризм де дамыды.
Туристтер өздігімен демалыс күнгі жорығынан жоғары категориялы қиындықты
спорттық жорықтарға дейін өздері құрастырып отырды. Статистика мәліметтері
бойынша, демалыс күнгі жорықтар мен көп күндік саяхаттарға 80-ші жылдары 20
млн кеңестік азаматтар қатысты.
1990 жылы КСРО туристі белгісі 250 мың туристке, туризм бойынша
спорттық разрядтар 80 мың туристке, спорт мастері атауы 124 туристке
берілді. Миллионнан астам оқушы туристтік жорықтарға қатысты.

ІІІ. БҰРЫНҒЫ КСРО-ДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ. РЕСЕЙДЕГІ ТУРИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
(ХVІІІ-ХХ ҒҒ.)

Бұрынғы КСРО-да туризмнің дамуы Ресей мен бұрыңғы КСРО-дағы туризмнің
даму этаптары ұлттық туризмнің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы және
кемелдену процестерінің сатысы.

Бұрынғы КСРО-да туризмнің дамуы негізінен 5 кезеңді қамтиды:
1. Ағартушылық (ХІХ ғасырдың 90 жылдарына дейін)
2. Кәсіпкерлік кезең (1890 – 1927 жж.)
3. Ұйымдастырушылық орталықтанған кезең (1927 – 1960 жж. соңына дейін)
4. Әкімшілік – нормативті кезең (1970 – 1990 жж.)
5. Өтпелі кезең (1990 жылдан бастап)

3.1 Ағартушылық кезең (ХІХ ғасырдың 90 жылдарына дейін)

Ресейде туризмнің пайда болу уақыты туралы бірдей пікірге әлі де келген
жоқ. Мүмкін оның дамуы ХVІІІ ғасырдың басына жатады.
Орыс мемлекетінде алғашқы саяхаттар танымдық, сауда, саяси және діни
мақсаттармен байланысты болды. IX ғ. Княгиня Ольга Византияға барды.
Тарихшы С.М. Соловьевтың айтуынша, саяхат жасаудың ең маңызды себептері
дүниенің кереметтерін көруге қызығушылық болды, өйткені
Констонтинопольде кім болатын болса, сол көтеріліп өсу престижі болды.
Көне Русь ішіндегі де және одан тыс та (Константинополь, Астрахань
мемлекеті, Византия, Ұлы Жібек жолы) өтетін көпестердің керуендерінің басқа
жерге баруы ең ертедегі саяхаттарға жатты.
Русь жеріне христиандықпен бірге қажылық дәстүрі де келді. ХІІ ғ.
басында игумен Даниил Констонтинополь мен Иерусалимге қажылық жасады (бұл
саяхаттан кейін тарихқа Даниил-қажы деген атпен қалды). Ол өзінің көрген
барлық көріністерін суреттеп жазды. Осылай діни суреттемелердің
(сипаттамалар) – хождения бастамасын қалады. Бұндай саяхаттардың мақсаты
діни бағытта басым болса да, олар үлкен танымдық потенциалда болды. Діни
саяхаттардың әңгімелері, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі және халықаралық туризм ұғымдары
Туризмнің даму тарихы
Қазақстандағы туризм туралы
Ішкі туризм
Түркістан аймағындағы туризм
ДІНИ ТУРИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Халықаралық туризмнің даму тарихы және оның кезеңдері
Қазақстан Республикасы оңтүстік аймағында мәдени туризмнің даму ерекшеліктері
Мәдени туризмді дамытудың әлеуметтік ұйымдастырылу әлеуметі
Қазіргі таңдағы әлемдік туризмнің даму жағдайы
Пәндер