Халықаралық туризмдегі көлік саласының теориялық негіздері
КІРІСПЕ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМДЕГІ КӨЛІК САЛАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақстанда халықаралық туризмнің дамуы
1.3 Әлемдік көлік.коммуникация жүйесінің бөлігі ретінде Қазақстанда көліктік инфрақұрылымының қазіргі жағдайы
2 ҚАЗАҚСТАНДА КӨЛІК САЛАСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІНЕ ТАЛДАУ
2.1 Көлік түрлері бойынша саланың даму ерекшеліктері
3 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМДЕ КӨЛІК САЛАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 Көлік саласын дамытудағы іс. шаралар
3.2 Транзиттік әлеуетті пайдалану жолдары
3.3 Халықаралық туризмде көлікті дамытуда ұсыныстар мен негізгі бағыттар
ҚОРЫТЫНДЫ

Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2010 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген.
«Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында Мемлекет басшысы мынадай міндет қойды:
«Қазақстан әлемдік көлік-коммуникация жүйесінің бөлігі болып табылады, ол бізден еліміздің бүкіл көлік инфрақұрылымын озыңқы дамытуды талап етеді».
Еліміздің экономикалық өсуінің маңызды факторларының бірі көлік инфрақұрылымын серпінді дамыту және жетілдіру болып табылады. Қазақстандық көлік кешенін халықаралық көлік жүйесіне бірігу процестерін жеделдету және еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында көліктік қызметтерді көрсетудің бәсекелі ортасы қалыптасты. Көліктің тиімді дамуы ел экономикасына, сауданың өсуіне, құрылымдағы көлік шығынының үлесін төмендетуге едәуір ықпал етеді.
Әлемде аумағы бойынша 9-орын алатын Қазақстан үшін жүк тасымалы ғана емес, өңірлердің дамуы да, әлеуметтік проблемалардың шешімін табуы да көлікке байланысты.
Осыған байланысты көлік инфрақұрылымын жетілдіру елдің Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі болып саналады.
Жалпы көлік жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудағы өскелең сұранысты қанағаттандырды. 1995 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі кезеңде: жолаушылар тасымалы 2,4 есе, жүк тасымалы 1,5 есе, жүк айналымы 2 есе, жолаушылар айналымы 2,5 есе ұлғайды.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1Александрова .А.Ю. – Международный Туризм Москва 2002г.
2 Биржаков .В.И. - Перевозки Москва 2003г.
3 Балабанов Эконмика Туризма Алматы 2000ж.
4 Вуколов История и тиория Международного Туризма Алматы 2002 г.
5 Воронков Ведение в туризм 2005 г.
6 Ким А. Г. – Туризм Казакстане аты 2000ж 1998 г .
7 Помяев М.Э. Ходрохов М. Международный туризм . Москва 1985 г.
8 Смайлов Туризм в Казакстане – Международный туризм Алматы 1997 ж. 9 Слука А.Е. Международдный Туризм . Итоги развития в 1996 г.
10 Окладникова Е.А. – Международный Туризм .Географических ресурсов мира. Москва 2002 г.
11 Ердавлетов С.Р . География Туризма . История ,Теория , практика . Алматы 2000ж.
12 Қазақстанның көліктік қызмет нарығының жұмыс істеуі // Қазақстанның БСҰ – ға кіруі: жүйелік жағдайларын талдау, оң бағыты, теріс салдары // халықаралық – ғылыми тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы, 2004. 4-бөлім.-316-324 бб. 0,56 б.т.
13 Қазақстан мұнайын әлемдік нарыққа тасымалдаудағы перспективті бағыттар//Жедел жаңару жолындағы экономикалық бағдарлар // халықаралық – ғылыми тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы, 2005. 2-бөлім.- 241-249 бб. 0,5 б.т.
14 Көліктік қызметтер саласындағы инвестициялық үрдістер // Жастардың тілегі жасампаз Қазақстан // Алматы аймағындағы жоғарғы оқу орындары студенттерінің, аспиранттардың және ғалымдардың ғылыми конференциясының мақалалары.- Алматы, 2006.- 49-50 бб. 0,35 б.т.
15 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми сайты
16 Батыс Қазақстан – Қытай мұнай құбырының құрылыс жобасы // «ТМД елдерінде экономиканың дамуы мен экономист мамандарын дайындаудың өзекті мәселелері тақырыбындағы» Алматы экономика және статистика академиясында өткен VІ халықаралық – ғылыми тәжірибелік конференцияның ғылыми еңбек жинақтары. –Тараз, 2005. 164-165 бб. 0,25 б.т.
17 Көліктік қызметтер саласын мемлекеттік реттеу // ҚазЭУ хабаршысы. –Алматы, -№6. -2004. 150-153 бб. 0,5 б.т.
18 Қазақстанның әлемдік көліктік жүйеге интеграциясы жолында Трансазиялық темір жол магистралінің дамуы // ҚазЭУ хабаршысы. –Алматы, -№3.- 2005. 65-67 бб. 0,37 б.т.
19 Батыс Қазақстан – Қытай мұнай құбырының құрылыс жобасы // ҚазЭУ хабаршысы. –Алматы, -№4. -2005. 105-107 бб. 0,37 б.т.
20 Көліктік қызметтер саласындағы интеграциялық үрдістердің дамуы //ҚазЭУ хабаршысы. - Алматы, -№3.- 2006. 74-77 бб. 0,5 б.т.
21 Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған салалық бағдарлама, 2010 жыл
22 Қымбат Т. Туризмді дамытудың маңызы зор // Астана хабары 2010ж., 21қазан 1 бет.
23 Матаева Б.Т. Қазақстан Республикасында туристік қызмет индустриясын дамыту мәселелері // Альпари 2009ж., №16 140-142 б.
24 Ольга Шишанова Выставка в Астане, «Отдых - 2010» // Вечерняя Астана 2010г., 28 октября - стр. 1
25 Прохоров И. Вступая в век туризма // Казахстанская правда 2009г., 29 июля - стр.2
26 Прохоров И. Ключ от города, новые объекты столицы // Казахстанская правда 2010г., 22 декабря - стр. 1
27 Сыдык Н. Қазақстан туризмі тұғырықта // Түркістан 2010ж., 19 тамыз – 8 бет
28 Турлыханов Д. Туризм в Казахстане // Экология и устойчивое развитие 2009г., №2 стр. 67
29 Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейін Ерекше қорғалатын территорияларды дамыту және бөлу туралыконйепциясы.10.10.200. -№1692.
30 Қазқстан Республикасының «Тікелей иннвестицияларға қолдау көрсету»туралы Заңы. 20.2.1997.- №75-1.
31 Қазқстан Республикасының «Мемлекеттік дәрежедегі табиғи қорықтар мен табиғи ескерткіштер туралы»қаулысы. 27.06.2001.
32 Астана қаласының статистика басқармасы 2010 ж., 67-69 бет
33 Агенство РК по статистике, Туризм в РК в 2001 году, // Статистически сборник Алматы, 2008г.
34 Карта природно-заповедного фонда Республики Казахстан. Алматы:ККП «Картаграфия». 1998.

Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан 2030 Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2010 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген.
Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы Жолдауында Мемлекет басшысы мынадай міндет қойды:
Қазақстан әлемдік көлік-коммуникация жүйесінің бөлігі болып табылады, ол бізден еліміздің бүкіл көлік инфрақұрылымын озыңқы дамытуды талап етеді.
Еліміздің экономикалық өсуінің маңызды факторларының бірі көлік инфрақұрылымын серпінді дамыту және жетілдіру болып табылады. Қазақстандық көлік кешенін халықаралық көлік жүйесіне бірігу процестерін жеделдету және еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында көліктік қызметтерді көрсетудің бәсекелі ортасы қалыптасты. Көліктің тиімді дамуы ел экономикасына, сауданың өсуіне, құрылымдағы көлік шығынының үлесін төмендетуге едәуір ықпал етеді.
Әлемде аумағы бойынша 9-орын алатын Қазақстан үшін жүк тасымалы ғана емес, өңірлердің дамуы да, әлеуметтік проблемалардың шешімін табуы да көлікке байланысты.
Осыған байланысты көлік инфрақұрылымын жетілдіру елдің Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі болып саналады.
Жалпы көлік жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудағы өскелең сұранысты қанағаттандырды. 1995 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі кезеңде: жолаушылар тасымалы 2,4 есе, жүк тасымалы 1,5 есе, жүк айналымы 2 есе, жолаушылар айналымы 2,5 есе ұлғайды.
Туризмді дамыту көлік инфрақұрылымын дамытумен тікелей байланысты. Елімізге туристер негізінен әуе көлігімен келеді. Ішкі туризм мақсатында көбінесе автожол көлігі пайдаланылады. Сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризм көлемін ұлғайтудың негізгі факторлары тармақталған көлік желісін дамыту және жолаушылар тасымалының барлық түрлерінің географиясын кеңейту болып табылады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Отандық туристік нарықтағы қазіргі уақыттағы жағдай туризм инфрақұрылымын дамыту, олардың ерекшеліктерін анықтауды талап етеді.
Туризм дамуының теориялық және ғылыми-тәжірибелік аспектілері келесі американдық ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты: Д.Аакер, А.Г. Браймер, Л. Берри, Дж. Боуэн, Ф. Котлер, Р. Оливье, Д. Ратмел, Д. Уокер және т.б.
Бұл саланы дамытуға өз еңбектерімен зор үлесін қосып келе жатқан алыс, жақын шетелдік ғалымдарға: А.А. Асанова, В.Г. Гуляев, А.М. Голубков, Е.Н. Ильина, В.А. Квартальнов, В.К. Кораблев және т.б. жатады.
Отандық экономикалық әдебиеттер ішінде туризмнің даму мәселелері: В.Н. Вуколов, Ғ.М. Дүйсен, Ж.М. Дюсембекова, С.Р. Ердавлетов, О.Б. Мазбаев, Р.Х. Раева, О.Ж. Устенова, М.Р. Смыкова, Ө.К. Шеденов сияқты ғалым-экономистердің еңбектерінде орын алған.
Сөйтсе де, қазіргі уақытта қолда бар туристік ресурстарды тиімді пайдалану, маркетинг қағидаларын басшылыққа ала отырып бәсекеге қабілетті қазақстандық туристік өнім әзірлеп нарыққа ұсыну, соның негізінде кіру туризмінің үлесін жоғарылату мәселелеріне қатысты ғылыми негізделген зерттеулер әлі де жеткіліксіз деуге болады. Осы мәселелердің толық зерттелмегендігі ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттерін айқындады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: халықаралық туризмде көліктің рөлін және оның дамуын зерттеу, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Міндеттері:
Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
- халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастың бір түрі ретінде, оның ерекшеліктерін сипаттау;
- Қазақстанда туризмнің дамуын ашу;
- әлемдік көлік-коммуникация жүйесінің бөлігі ретінде Қазақстанда көлік инфрақұрылымының қазіргі жағдайын қарастыру;
- көлік түрлері бойынша саланың дамуына талдау;
- саланы дамытуды мемлекеттік реттеудегі қолданыстағы саясатты талдау;
- көліктің экономикалық саясатының халықаралық тәжірибесін сипаттау;
- көлік саласын дамытудағы іс- шараларын ұсыну;
- транзиттік әлеуетті пайдалану негіздерін қарастыру;
- халықаралық туризмде көлікті дамытуда ұсыныстар жасау.
Зерттеу нысаны. Зерттеу нысаны ретінде туризмдегі көлік инфрақұрылымы алынды.
Зерттеу пәні - халықаралық туризмде көлік қызметін жүзеге асыруында туындайтын экономикалық-ұйымдастырушылық қарым-қатынастар жиынтығы.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың туризмдегі еңбектері, туризм және көлік мәселесіне қатысты заңдық актілер, нормативтік-құқықтық құжаттар қарастырылды.
Ғылыми жұмыста талдау, салыстыру, топтастыру, эксперттік, пікір сұрау, экономикалық-математикалық әдістер қолданылды.
Ғылыми жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, 8 бөлімшеден, 34 бет компьютермен терілген беттен, 10-кесте, 8-суреттен қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМДЕГІ КӨЛІК САЛАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақстанда халықаралық туризмнің дамуы
Халықаралық туризм - бұл өте күрделі және сирек кездесетін құбылыс. Бәрімізге белгілі, мемлекттің сыртқы экономикалық байланысы айырбастың әртүрлі нысандары арқылы іске асады: аманат кассасындағы ақша, шетелдік салымдар, халықтардың көшіп-қонуы, мәдениет төңірегіндегі айырбас, сауда қызмет көрсету және тағы басқалар.
Халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі болғанымен, бірқатар өзіндік ерекшеліктері де болады.
Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып, басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристтік құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.
Туристтік формальдылықтар мемлекеттік шекараны кесіп өтумен байланысты халықаралық туризмнің ең басты ерекшеліктері болып саналынады. Неғұрлым мемлекеттің ақша жүйесінде айырмашылық және адамдардың қозғалу жолында кедергілер көп болса, соғұрлым халықаралық туризмнің ішкі туризмнен айырмашылығы басымырақ болады [2, 147б].
Әлемдік нарықта сыртқы сауда айырбасына тікелей кірмейтін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатуға немесе сатып алуға болмайды. Бұл жерде тек тауарлар мен қызметтер ғана емес, сонымен қатар табиғи және әлеуметтік-экономикалық туристтік-рекреациялық ресурстар да сатылады және сатылып алынады. Бірақ, дәстүрлі экспорттағыдай, бұл сату мен сатып алу территориядан айырылмайды. Басқа осындай ерекшілігі - тауар мен қызмет өндірісне жұмсалған зат пен еңбек құралған жерінде іске асады. Бұл жерде тауарлардың тұтынушыға жылжуы емес, керісінше тұтынушының тауар - қызмет өндірілетін жерге келу орындалады. Бұл капиталдың айырбас шеңбер уақытын қысқартады және халықаралық туризмде басқа экспорттық сатып алулардан пайдалы ерекшелінетін бірнеше шарттарды құрайды. Біріншіден, сатып алушы (турист) көліктік шығындарды өзіне алады. Екіншіден, шетел туристерінің келген уақытында сувенирлер мен тауарларды сатып алуын сыртқы сауда операцияларының пайдалы түрі ретінде қарастыруға болады. Көптеген елдердегі әртүрлі салалар осы ішкі экспортқа жұмыс жасайды. Мысалы, Жапонияда шетел туристері елде шығарылатын радиотауарлары мен бейне аппаратуралардың, фотоаппараттардың көп бөлігін сатып алады; Швейцарияда - сағаттарды; Францияда - парфюмерия заттарын; Италияда - аяқ-киім мен тері заттарын; Ұлыбританияда - арақ, виски және т.б.
Шаруашылық жүйесінде туризм еңбектің бөлінетін көрсетеді, мұндайда басты рольді экономикасы жоғары дамыған елдер атқарады. Сыртқы сауданың басым бөлігі өнеркәсібі дамыған елдердің арасындағы тауар алмасуға келетінін білеміз. Әлемдегі негізгі туристтік сапарлардың көбісі өндірісі жоғары дамыған елдер арасында жүреді, өйткені оларда азаматтардың шетелге шығу пайызы жоғары (АҚШ, Франция, Ұлыбритания). Сондай-ақ солар және экономикасы орта деңгейде дамыған елдер (Греция, Португалия, Туркия) және дамушы елдерде (Тунис, Тайланд және т.б.) арасында жүреді және іске асырылады. Осыған байланысты дүниежүзілік туристтік ұйым келесі анықтаманы қабылдады: туристтерді жеткізуші елдер және туристтерді қабылдаушы елдер.
БТҰ 2000-2020 жылдар аралығында әлемдік туристік нарықтың маңызды сегменттері круиздер, конгрестік туризм, тематикалық парктер, қала туризмі, мәдени туризм, қызық оқиғалы және спорт туризмі, жағажай демалысы болатынын анықтады. 2020 жылға қарай әлемде туристік келу саны 1561,1 млн адамды құрауы тиіс деп болжайды. Қазақстан үшін бұл кезде әлемдік туристік нарықтың маңызды сегменттері қызықты оқиғалы және спорт туризмі болып табылады.
2020 жылға қарай жалпы келу көлемімен арақатынастағы аймақаралық туризмнің үлесін бөлу былай анықталады: Оңтүстік Азия - 85%; Таяу Шығыс - 63%; Африка - 43%; Америка - 38%; Еуропа - 15%.
2020 жылға қарай туристік нарықтың маңызды сегменттері мыналар болады: күн және жағажай; спорт туризмі; қызық оқиғалы туризм; табиғи туризм; мәдени туризм; қала туризмі; круиздер; ауыл туризмі; тематикалық парктер; конгрестік туризм; ұзақ сапарлар; арнайы сегменттер; аралас сапарлар; спорттың қысқы түрлері; спорттың судағы түрлері.
Халықаралық туризмнің дамуының қазіргі факторларына жер шары халқының бейбіт өмір сүруі, халықаралық туризмді дамытып отырған көптеген елдерде мемлекеттік органдардың қолдауы, қоғамдық байлықтың өсуі, жұмыс уақытының қысқаруы, көліктің дамуы, қоғамдық сана деңгейінің жетілуі жатады. Туризмнің дамуына кедергі келтіретін факторларды да бөліп қарастыруға болады. Оған негізгі географиялық маршруттан елдің тым алыс орналасуы, сейсмикалық белсенділік пен апаттық жағдайлар, азаматтық соғыстар мен дамушы елдердегі экономикалық төмендеулер, халықаралық терроризм.
Әлемдік туризмнің дамуының бірнеше тенденциялары анықталады:
1. Халықаралық туризмнің тез өсуі, түрлерінің өзгеруі бір жағынан жаңа мүмкіндіктер ашса, басқа жағынан туризм индустриясында қызмет ететін адамдарға үнемі мәселелер тудырады;
2. Шетелдік саяхаттарды таңдау мүмкіндіктері туралы туристердің ақпараттылығы өсті. Туристер саяхат кезінде өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруда талапты көбірек қоятын болды;
3. Адамдардың өмір сүру деңгейі көтерілуі және әлем бойынша еркін қозғалу мүмкіндігі кеңейді;
4. Жаңа қызмет түрлері ұсынылады (кәсіпкер өте қолайлы комбинациялар әзірлейтін болды. Мысалы, демалысты саудамен, білімді ағартушылықпен, бизнесті мәдени бағдарламамен үйлестіретін болды);
5. Халықаралық туристер үшін фирмалардың бәсекелестік күрестері күшейді;
6. Қазіргі кезгі ақпараттық технологиялар қызметтерді сатуға, орындарға тапсырыс беруге, әртүрлі туристік орталықтар мен көрнекіліктерді оқып-зерттеуге жаңа жолдар ашты.
7. ХХІ ғасырда туризмнің дамуы тұрақты болады, яғни туристің қажеттілігін максималды ескеру мен оның әкелетін зияны арасында тепе-теңдікті сақтауға негізделеді [3, 145 б].
1.2 Халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастың бір түрі ретінде, оның ерекшеліктері
Қазақстанда туризмнің даму тарихы жалпы әлемдік тенденциялардан ерекшеленеді. Себебі, көптеген жағдайда оның даму ерекшелігі елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік ерекшеліктерімен анықталады.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарына дейін Қазақстан КСРО-ның құрамына кіргенге дейін, туризм экономиканың саласы ретінде қарастырылмады. Негізінен адамдар демалу, танып-білу және емделу мақсаттарында саяхаттады. Ішкі туризм секторы айтарлықтай дамыған болды, ал шекараның жабықтылығы, визалық тәртіптің күрделілігі халықаралық туризмнің дамуын қиындатты. Туризмнің кезеңдік дамуын қарастыру қажеттілігі пайда болады. 1991 жылдан бастап, Қазақстан Республикасында туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу келесідей болады.
Кесте 1 - Туризмнің даму кезеңдері
Кезеңдер
Экономикалық аспектілер
Заңдық база
Саяси аспектілері
Әлеуметтік негіздері
1 кезең
1991-1994 жж.
Туризмде мемлекеттен шығару және жекешелендіру процестері басталды. Кіру және шығу туризмдері бойынша көрсеткіштердің өсуі, жаңа туристік фирмалардың ашылуы, саланың рентабельділік көрсеткіштерінің көтерілуі
ҚР туризм мен спортты дамыту туралы Министрлер Кабинетінің қаулысы, Туризм туралы ҚР заңы, Туристік және спорттық қызметті лицензиялау, сертификаттау, туралы ереже
Кіру және шығуға шекараның ашылуы, визалық формальдылықтардың жеңілдетілуі, шетелдік инвесторлардың ағымы
Туристік фирмалардың спонсорлыққа қатысуы
2 кезең
1995-1999 жж
Кіру туризмі бойынша көрсеткіштердің тоқырауы, ішкі туризмнің көрсеткіштерінің құлауы, шоп-туризмге маманданған фирмалар санының өсуі, инфрақұрылымның қалыптасуы
ҚР-да туризм индустриясының дамуының Ұлттық бағдарламасы, туристік қызметті лицензиялау жүйесі қайта қаралды
Шетелдік азаматтардың іскерлік белсенділіктерінің құлауы
Бірқатар фирмалардың спонсорлық іс-шараларға қатысуы
2000 жылдан бастап
Туризм түрлерінің құрылымының өзгеруі, кіру туризмі көрсеткіштерінің құлауы, бәсекелестіктің шиеленісуі, маркетинг және жарнама құралдарын қолдану
ҚР-да туристік қызметті лицензиялау Ережесі, 2000 жылдың 29 желтоқсанындағы № 1947 Туристік қызметті дамытудың бірінші реттік шаралары туралы ҚР Өкіметінің қаулысы, № 211-11 Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы ҚР заңы
Визалық формальдылықтарды одан ары қарай жеңілдету, туристік қызметте интеграциялық процестер
Зейнеткерлер, көп балалы жанұяларға арналған жеңілдіктер қолданылды, туистік ескерткіштер қалпына келтірілді.
Ескерту: Қазақстан Республикасы заңнамалары негізінде
Туризм көптеген аспектілер бойынша Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыруда көшбасшыға айналды. Халықаралық және отандық тәжірибе көрсеткендей, туризм қысқа мерзім ішінде экономиканың ең табысты сфераларының біріне айнала алады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика туристік қызметті дамыту үшін ең жағымды экономикалық орта болып табылады. Бұл туристік қызметтің даму процесі нарықтық қатынастар қызметінің сферасының кеңеюімен үзілмес байланыста өтеді дегенді білдіреді. Әрине, бұл саланың өзі және оған кіретін кәсіпорындар тікелей тұтынушыға бағытталады, қандай да бір деңгейде туризмнің дамуын қамтамасыз ететін көптеген сфералар мен салалар нарықтық кеңістікті қалыптастыруда белсенді рольді ойнайды.
Қазақстанда туризм дамуының ең перспективті бағыттарын анықтау үшін оның соңғы жылдардағы эволюциясын талдау қажет. Туризм экономикалық қызмет сферасы ретінде қаржылық және ұйымдастырушылық өзгерістерге бейім болып келеді. Бірінші кезең Қазақстанда туризмнің дамуында өтпелі кезең болып табылды, нарықтық экономикаға өту саланың қайта құрылуына, туристік фирмалар санының өсуіне, туризмде жеке кәсіпкерлікті дамытуға арналған жағдайларды құратын жаңа заңдардың, нормалар мен ережелердің пайда болуына септігін тигізді. Ерекше көңілді екінші кезеңге бөлу қажет, себебі оған туризм көрсеткіштерінің экстенсивті өсуі тән. Жүргізілген қайта қалыптастырулар, нақты айтқанда, визалық формалаьдылықтарды жеңілдету, шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанның шекарасының ашылуы тез өсуге, ең алдымен халықаралық туризмнің өсуіне септігін тигізді. Әсіресе, тез қарқын шетелге Қазақстан азаматтарын жіберу бойынша көрсеткіштерге тән. Қазақстанға шетелдік туристердің бизнес-сапарларына үлкен көңіл бөлінді. Бұл республикаға инвестициялық белсенділіктің көтерілуімен байланысты.
Туризмдегі экономикалық қайта құрудың екінші кезеңі макродеңгейдегі тұрақтылық мәнінде өтті. Сондықтан да басқарудың, қайта қалыптастыру мен құрудың барлық тәсідері мен формалары негізінен сала масштабында шектелді. Қазақстан Республикасында халықаралық туризм 90-шы жылдарға дейін болды. Туризм дамуының мемлекеттік концепциясы, оның ішінде инфрқұрылымды жетілдіру мәселелері бүкіл әлемде қабылданған нормалардан айтарлықтай ерекшеленді. Сондықтан да бұл кезеңде өзгерістер күрделі болды.
1.3 Әлемдік көлік-коммуникация жүйесінің бөлігі ретінде Қазақстанда көліктік инфрақұрылымының қазіргі жағдайы
Еліміздің экономикалық өсуінің маңызды факторларының бірі көлік инфрақұрылымын серпінді дамыту және жетілдіру болып табылады. Республиканың көлік кешенін реформалауда позитивті үрдістер сәтті іске асырылуда. Қазақстандық көлік кешенін халықаралық көлік жүйесіне бірігу процестерін жеделдету және еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында көліктік қызметтерді көрсетудің бәсекелі ортасы қалыптасты. Қазақстан көлігі экономика салалары мен өңірлердің өзара байланысын қамтамасыз ете отырып, республика халық шаруашылығының салалық кешендерін (агроөнеркәсіп, отын-энергетикалық, кен-металлургия, құрылыс және басқалары) қалыптастыру ескеріліп дамыды [5, 68 б].

Қазіргі уақытта көлік саласында инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда: темір жолдарды жаңғырту жүргізілуде, Өзен - Түрікменстанмен мемлекеттік шекара және Жетіген - Қорғас темір жол желісінің құрылысы басталды; жердегі инфрақұрылым объектілерін жаңғырту және дамыту бойынша бағдарлама іске асырылуда; 5 негізгі әуежай (Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау) қайта жаңартылды; Ақтау қаласы әуежайында жаңа аэровокзал пайдалануға енгізілді; автомобиль жолдарының техникалық жай-күйін жақсарту жөнінде одан әрі жұмыстар жүргізілуде, 6 жолақты қозғалыспен Астана - Щучье жылдамдықты автомагистралі ашылды, жыл сайын кеме қатынайтын су жолдарын ұстау жұмыстары жүргізіледі, Өскемен және Бұқтырма шлюздерін қайта жаңарту жобасын жүзеге асыру басталды.
Қазақстанның темір жолдарының пайдалану ұзындығы 14,2 мың км (оның ішінде екі жолды желілер - 4,8 мың км (34%), электрлендірілген желілер - 4,1 мың км (29%), тығыздығы - 1000 шаршы км 5,5 км, жүктасымалдылығы - километрге 24,4 млн. км құрайды.
Еліміздің жалпы жүк айналымы мен жолаушылар айналымындағы темір жол көлігінің үлесі шамамен 60% құрайды, бұл ретте барлық көлік түрлерімен тасымалдаудан түскен кірістердегі оның үлесі 20% құрайды.
Темір жол көлігіндегі реформаларды іске асыру кезінде соңғы 10 жыл ішінде мынадай мақсаттар айқындалды:
1) темір жол көлігін МТЖ мемлекеттік бақылау сақталған жағдайда нарыққа бейімдеу;
2) тасымалдау және қамтамасыз ету қызметіндегі бәсекелестікті дамыту есебінен темір жол көлігінің көрсететін қызметтерінің қол жетімділігін, тиімділігін, қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету;
3) салаға жеке бастамалар мен инвестициялар тарту үшін институционалдық жағдай жасау;
4) темір жол көлігінің импорт алмастыратын өндірістік базасын дамыту.
Жалпы темір жол көлігінің реформасы ырықтандыру, жеке бастамалар мен инвестициялар тарту жолымен көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған. ҚР Үкіметі Еуропалық Одақта (бұдан әрі - ЕО) қабылданған және темір жол инфрақұрылымы мен тасымалдау қызметін, бәсекелестікті дамытуды тігінен (функционалды) бөлуді қамтитын тәсілді бейімдеді.
Темір жол саласының бәсекелі үлгісінде жүк тасымалдарын жүзеге асыратын компанияларға тасымалдау процесінде іске қосылған қағидаты маңызды ресурстармен, атап айтқанда вагондармен және локомотивтермен байланысты шығындарды толық бақылау қажет
Автомобиль жолдары - Қазақстанның көлік-коммуникация кешенінің маңызды элементтерінің бірі, оның тиімді қызметі мен тұрақты дамуы қазіргі заманғы жағдайларда экономиканың өсуіне өту, халықтың өмір жағдайын жақсарту және деңгейін арттыру факторлары болып табылады. Еуроазиялық құрлық орталығындағы Қазақстанның географиялық жағдайы Азия - Еуропа қатынастарындағы қалыптасатын трансқұрлықтық маршруттардың көлік магистралін пайдалану үшін қолайлы алғышартты құрайды, олардың көпшілігі қазақстандық автожол желісінің учаскелерін қамтиды. Халықаралық талдамалық орталықтардың бағалауы бойынша Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Азия - Еуропа бағыттарындағы транзит ағыны 330-400 миллиард Америка Құрама Штаттары (бұдан әрі - АҚШ) доларына бағаланады. Бұл ретте 20%-ға дейінгі транзит ағыны РФ мен Қазақстан аумағы арқылы темір және автожолдар маршруттары бойынша өтуі қажет деп шамаланады. Транзит тасымалы үшін алымдар алу - бұл бюджеттің тікелей кірістері.
2005 - 2009 жылдар кезеңінде 11,7 миллион жолаушы тасымалданды. 2005 жылы - 1,7 млн. жолаушы, 2006 жылы - 1,9 млн. жолаушы, 2007 жылы - 2,7 млн. жолаушы, 2008 жылы - 2,8 млн. жолаушы тасымалданды. Әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты 2009 жылы тасымалдау көлемі 2008 жылғы деңгейден 2,7 %-ға төмендегені байқалады, бұл жылына шамамен 2,7 млн. жолаушыны құрады.
2014 жылы болжамды деректерге сәйкес жолаушылар ағыны 4,5 млн. жолаушыдан асатын болады.
Өткен 5 жылда 105,7 мың тонна жүк тасымалданды. 2005 жылы - 20,7 мың тонна, 2006 жылы - 16,5 мың тонна, 2007 жылы - 25,7 мың тонна, 2008 жылы - 22,7 тоннаны құрады. 2009 жылы жүктерді тасымалдау көлемі 2008 жылғы деңгейден 3,1 %-ға төмендеді және жылына 22,0 мың тоннаны құрады.
2005 - 2009 жылдар кезеңінде республиканың әуежайлары шамамен 24,7 млн. жолаушыға қызмет көрсетті. 2005 жылы - 3,7 млн. жолаушы, 2006 жылы - 4,1 млн. жолаушы, 2007 жылы - 5,5 млн. жолаушы, 2008 жылы - 5,7 млн. жолаушы, 2009 жылы - 5,2 млн. жолаушы.
2014 жылы кемінде 9,5 миллион жолаушыға қызмет көрсету жоспарланып отыр.
Қазақстанның азаматтық авиациясында барлығы 21 әуежай жұмыс істейді. Әуежайлар желісінің қауіпсіздігі мен қызмет ету тиімділігі олардың жердегі инфрақұрылымының жай-күйіне байланысты болады.
Әуежайлардың негізгі проблемаларына мыналарды жатқызуға болады:
1) әуежайлардың елеулі санының техникалық жағынан жеткіліксіз жарақтануы;
2) ғимараттар мен құрылыстардың өндіріс қуаттылығының орындалатын көліктік жұмыс көлемдеріне сәйкессіздігі;
3) жолаушыларға қызмет көрсету сапасы.
Халықаралық әуежайларды азаматтық авиацияның әлемдік жүйесіне біріктіру ұшулардың жоғары тұрақтылығын, ең бастысы күрделі ауа райы жағдайларына тәуелсіз қамтамасыз ету қажет. Барлық ауа райы жағдайында әуеайлақтарды пайдалану ИКАО-ның І, ІІ немесе ІІІ санаттарының талаптары деңгейіне дейін әуеайлақтарды жеткізу шартымен ғана мүмкін болады.
Жалпы әуеайлақтардың ағымдағы барлық желілерінің жай-күйі төмендегідей:
1) күрделі метеожағдайларда пайдалануды қамтамасыз ететін қонуға бет алудың нақты жүйелері мен көзбен байқап қарау құралдарымен әуеайлақтардың жеткіліксіз жарақтануымен;
2) көпшілік ұшу-қону жолақтарының күрделі жөндеу немесе қайта жаңарту бойынша іс-шараларды жүргізу қажеттілігімен қызметтің белгіленген мерзімдерін көрсетуімен;
3) жарықтандыру және электрмен қамтамасыз ету жабдықтарының моральдық және физикалық тозуымен;
4) жолаушы сыйымдылығы үлкен жаңа ірі габаритті әуе кемелерін пайдалануды қамтамасыз ету үшін жарамсыздығымен сипатталады.
Сәйкессіздіктерді жою үшін жердегі инфрақұрылым объектілерін жаңғырту және дамыту бойынша бағдарлама іске асырылуда.
Бүгінде халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсат етілген 15 әуежайдың 9-ы ИКАО стандарттары бойынша санатталған: Астана және Алматы қалаларының әуежайлары ІІІА санаты бойынша, Атырау қаласының әуежайы ІІ санат бойынша, Павлодар, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Ақтөбе, Өскемен қалаларының әуежайлары ИКАО-ның І санаты бойынша.
Өткен кезеңде:
1) Ақтөбе, Павлодар, Шымкент, Жезқазған, Қарағанды қалаларының 5 әуежайының ұшу-қону жолақтарына қайта жаңарту жүргізілді;
2) Қарағанды, Қызылорда, Ақтау қалаларында әуежайларында жаңа жүк терминалы салынды және енгізілді;
3) Алматы қаласының әуежайында екінші ұшу-қону жолағы салынды және мультимодальдық терминал пайдалануға енгізілді;
4) Ақтау қаласының әуежайында жаңа аэровокзал пайдалануға енгізілді.
Қазіргі уақытта халықаралық стандарттар талаптары негізінде әуе кеңістігінің құрылымын және бағыттар желісін қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешені белсенді түрде іске асырылуда.
Қазақстанның аэронавигациялық жүйесін дамытудың негізгі бағыттары айқындалды:
1) байланыс және бақылау жүйелерін жаңғырту;
2) әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған орталықтарын құру;
3) ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету қызметінің диспетчерлік құрамы мен мамандарын даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
Авиациялық электр байланысы желісі жердегі және спутниктік сегменттерді пайдалану арқылы жаңа цифрлық технологиялар негізінде жасалған.
Қазақстанның авиакомпаниялары авиапаркті жаңарту бойынша жұмыстар жүргізуде. Қазіргі уақытта тұрақты авиатасымалдар саласында қазақстандық авиакомпаниялар батыс өндірісінің 25 әуе кемесін пайдалануда (соның ішінде Эйр Астана авиакомпаниясының 21 әуе кемесі және Скат авиакомпаниясының 4 әуе кемесі), олардың үлесіне барлық авиа тасымалдардың 80%-дан астамы келеді.
Қазіргі кезде теңіз көлігі саласының қарқынды дамуын атап өтуге болады.
Теңіз порттары арқылы орташа алғанда жыл сайын шамамен 12,3 млн. тонна жүк ауыстырылып тиеледі. Негізгі жүктердің номенклатурасын мұнай, металл, астық, контейнерлер, тау жынысы және басқа жүктер құрайды.
Бұл ретте Ақтау порты жүктерді экспорттау бағытында ауыстырып тиеуде қолданылады, ал Баутин порты теңіз мұнай операцияларына қолдау көрсету базасы ретінде мамандандырылған.
Осыған байланысты болашақта Ақтау портының қолданыстағы инфрақұрылымын жаңғырту, Баутин портын одан әрі дамыту және Құрық портының құрылысын салу жоспарлануда.
Порт қуаттарын ұлғайту жөніндегі осындай шараларды Каспий маңы мемлекеттері де жүргізуде. Әзірбайжанда Баку порты аумағында жаңа мұнай құю терминалының құрлысын салу жұмыстары, ал Ресейде Оля және Махачкала порттарының өндірістік инфрақұрылымын кеңейту жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Ақтау порты арқылы ауыстырылып тиелетін мұнайдың 50 %-дан астамын алты жеке танкері және жалға алынған 20 танкері бар сауда флотынан құралған Қазтеңізкөлікфлот отандық кеме қатынасы компаниясы тасымалдайды. Мұнда құрғақ жүктерді тасымалдауды толығымен шетелдік кеме қатынасы компаниялары қамтамасыз етеді. Сондықтан отандық теңіз тасымалдаушыларының бәсекеге қабілеттілігін ұлғайту жөніндегі шараларды қабылдау қажет.
Каспийдің қазақстандық бөлігін қарқынды игеру шеңберінде тартылатын қосымша флот кемелерінің жыл сайын көбеюі сервистік өндірісті дамыту және кадрлармен қамтамасыз ету жүйесін құру жөніндегі шараларды қабылдауды қажет етеді, олардың саны бүгінгі күні әр түрлі типтен және тоннаждан тұратын 350-ге жуық кемені құрайды.
Бүгінде қазақстандық кеме иелері кемелерін жөндеуге Астрахань, Махачкала, Баку кеме жөндеу верфьтеріне жіберуге мәжбүр. 2010 жылғы маусымда қуаты жылына 60 кемеге дейін қызмет көрсететін Баутин портында кеме жөндеу базасын пайдалануға берілді. Бірақ мұның өзі де жеткіліксіз.
Қазақстанда білім беру жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуінің бомлауы қазақстандық теңіз мамандарының тапшылығына алып келді және осы мәселе кемелер санының өсуіне байланысты жыл сайын өткір мәселеге айналуда. Бүгінгі күні кемелер экипажының құрамындағы ҚР азаматтарының үлесі 44% құрайды, ал экипаждардың командалық құрамындағы үлесі тек қана 21%.
2 ҚАЗАҚСТАНДА КӨЛІК САЛАСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІНЕ ТАЛДАУ
2.1 Көлік түрлері бойынша саланың даму ерекшеліктері
Көлік кешені - экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі.
Көлік бір жағынан-нарық саралынымы яғни тауарлар айырбасын нақты іске асырушы және тұрғын халыққа қызмет көрсетуші, ал екінші жағынан-ол нарық субъектісі ретінде тауарлармен жүргіншілерді тасымалдай отырып өз қызметін сатады. Мұндай қызметті көліктің әрбір түрі әрқалай іске асыруы мүмкін және осының нәтижесінде олар көлік нарығын қалыптастырады.
Көлік кешені құрамына темір жол, автомобильдік, әуе, өткізгіш құбырлар, теңіз және өзен жолдарының қатынастары енетін, салалардың бірі болып табылады.
Қызмет көрсетулер экспортынан түсетін табыстың көп бөлігі көлік қызметтеріне тиесілі. Қазақстандық кәсіпорындардың табыстары адам және жүк тасымалы қызметі есебінен түсетін түсімдер негізінен құралады. Ол 2010 жылы 1311 млн долларды құрады. Республиканың көлік саласының жалпы сипаттамалары көрсеткендей, қайта құру жылдарында көліктің барлық түрлері бойынша тасымалдар көлемінің арту тенденциясы байқалады (1-сурет).
1 - сурет - Көлік түрлері бойынша адам қозғалысы ( млрд. тонна-км)
Ескерту: Қазақстан республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми сайтынің мәлімететрі негізінде
Көліктің барлық түрлерінің жолаушылар айналымы динамикасы келесі 2-суретте көрсетілген [5].
2-сурет - Көліктің барлық түрлерінің жолаушылар айналымының динамикасы [4]
Ескерту: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми сайтының мәліметтері негізінде
Республика аумағы арқылы темір жол және құбыр көлігімен шетелдік жүк тасымалынан түсім 16,3% - ға артты, Қазақстан жағының табысы көліктің басқа түрлерімен экспорттық тауарлар тасымалы есебінен 25,5% - ға артты. 2 - кестеде көрсетілген.
2-кесте - Көлік түрлерімен жүк тасымалдары бойынша қызмет көрсетулер экспорты мен импорты, млн АҚШ долл. [15]
Көлік түрі
Жылдар
2006
2007
2008
2009
2010
Экспорт
546,64
616,11
757,24
1113,78
1311,37
Автомобиль
46,8
66,8
79,8
134,8
170,4
Әуе
15,8
22,6
25,4
50,4
63,0
Теміржол
168,5
218,9
276,0
331,5
466,8
Құбыр
314,5
307,8
375,9
596,0
610,7
Теңіз (су)
0,04
0,01
0,09
1,17
0,43
Импорт
433,30
672,60
898,53
1207,68
1670,64
Автомобиль
154,6
237,7
322,2
438,8
607,2
Әуе
80,9
125,8
168,5
226,2
313,3
Теміржол
174,3
272,6
363,4
484,5
671,4
Құбыр
1,1
1,8
1,8
2,2
2,2
Теңіз (су)
22,4
34,7
42,6
55,9
76,6

Көліктің әртүрімен жүк тасымалдаудан Қазақстанның табысын құрастыру келесі 3-кестеде көрсетілген.
3-кесте. 2004-2010 жылдардағы Ақтау порты арқылы жүктi тасылмалының серпiнi кестеде берiлген [5]
(мың тонна)
Жүк атауы
Жылдар
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
1.
Мұнай
2066,8
3385,50
5035,4
5552,4
6970,7
8289,2
8912,7
2.
Металл
235,4
701,50
1060,1
571,2
835,5
1011,5
1025,2
3.
Астық
7,6
19,50
84,1
209,2
5,4
13
33,3
4.
Басқалары
38,0
42,70
22,8
22,9
22,6
33,6
71,3
5.
Паромдық жүктер
-
26,00
199,2
592,6
245,5
344,6
350,1
Барлығы:
2347,8
4175,2
6401,6
6948,3
8079,7
9691,9
10392,6

Көлік қызметтері халықаралық болып саналады, егерде олар тасымалдау бағытының орындарында сыртқы сатып алушы - елге және сатушы - елге қатысты сыртқы саудалық жүктердің орын ауыстыруымен байланысты болса.
Су көлігі - көлік жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол мұнай мен мұнай өнімдерін, ағаш және құрылыс материалдарын жаппай тасымалдауға тиімді. Оның көліктің басқа түрлерімен, ең алдымен, темір жол көлігімен "тоғысатын" өзіндік ерекшелігі бар, яғни кемелерден вагондарға және керісінше вагондардан кемелерге тиеу мүмкіндігі зор. Бүгінгі таңда су көлігі Қазақстанда өзен және теңіз көліктеріне бөлінеді. Өзен көлігі кеме қатынайтын өзендерге (Жайық, Ертіс, Сырдария, Есіл, Іле, Қаратал өзендеріне, Балқаш көліне); теңіз көлігі Каспий теңізі алабына қызмет көрсетеді.
Жолаушылар мен жүктердің теңіз тасымалдары Халықаралық теңіз ұйымымен (ИМО) реттеледі, ол жүк тасымалдары, технология, қоршаған орта, су кемелері, теңізде іздеу мен құтқару, радиобайланыс, кадрларды дайындаудың әртүрлі мәселелері бойынша ұсыныстар береді.
Теңіздегі жүк тасымалы нарығында басым жағдайда болу және Қазақстанның теңіз айлақтары арқылы тиеліп-түсірілетін жүктердің көлемін ұлғайту мақсатында Су көлігін дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді. Бұл бағдарлама ұлттық сауда флотын қалыптастыруды, дамыған айлақтық және сервистік инфрақұрылымды жасауды, құқықтық базаны жетілдіруді, теңіз көлігі саласында кадрларды даярлауды және қайта даярлауды көздейді. Алдағы кезеңде мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде Ақтау айлағын солтүстік бағытта кеңейту жобасын іске асыру шеңберінде айлақ инфрақұрылымын дамыту және Маңғыстау облысының Түпқараған шығанағында Кемелердің қозғалысын басқару жүйесін жасау жөніндегі жұмыстар аяқталады. Каспий теңізінің айлақтарымен көлік қатынастарын кеңейту және Солтүстік-Оңтүстік халықаралық дәлізі бойынша жүк тасымалдауды арттыру үшін 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясында жеке инвестицияларды тарту арқылы Атырау өзені айлағын қайта жаңарту көзделіп отыр. Әзірленіп жатқан Кеме жүргізу шаруашылығын дамытудың және ішкі су жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2007-2012 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жолаушыларды және жүктерді өзен көлігімен тасымалдауды ішкі су жолдары бойымен жүзеге асырғанда ғимараттарды қайта жаңалау мен жаңғыртуға және кеме жүру шлюздарын жарақтандыруға, мемлекеттік техникалық өзен флотының кемелерін кезең-кезеңмен алмастыруға және қосымша алуға, су жолдарын кеме жүретін жағдайда ұстау бойынша іс-шараларды жүргізу қызметінің құнын кемітуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу көзделіп отыр.
ТРАСЕКА және Солтүстiк-Оңтүстiк көлiк дәлiздерi шеңберiнде құрғақ жүктердi әртараптандыру мынадай жүктер есебiнен қамтамасыз етiлуi мүмкiн: түстi металдар (мыс, мырыш, қорғасын), қара металдар сынықтары, минералдар (aсбест), химиялық өнiм (фосфаттар, каустикалық сода), ағаш материалдары, халық тұтынатын тауарлар, тағам өнiмдерi, доңғалақты техника, жабдық пен құрылыс материалдары.
Халықаралық тәжiрибеге сәйкес теңiз порттарын басқару жөнiнде бiрнеше модель бар. Мынадай 4 модель негiзгi және жалпы танылған модельдер болып табылады.
Сервис-порт. Модель монополиялық сипатқа ие. Порт әкiмшiлiгi порт кешенiнiң жұмыс iстеуi үшiн қажеттi қызметтердiң толық спектрiн ұсынады. Порт порттық кешеннiң барлық қолданыстағы активтерiне иелiк етедi, оларды ұстайды, олармен жұмыс iстейдi және коммерциялық қызметтер көрсетедi.
Тул-порт. Әкiмшiлiк порты алдағы модельдегi тәрiздi функцияларды жүзеге асырады. Бұл ретте кейбiр стивидорлық (тиеу-түсiру) операцияларды порттан тәуелсiз, порт экспедиторлары жалға алған ұйымдар немесе қызметтiң осы түрiне құқығы бар басқа субъектiлер жүзеге асырады. Қазiргi уақытта Ақтау порты "тул-порт" моделi бойынша жұмыс iстейдi.
Лэндлорд-порт. Осы модельде функциялардың нақты бөлiнуi байқалады. Порт әкiмшiлiгi реттеу органы және лэндлорд (жер иесi) болып табылады, сонымен қатар, порттық операциялар сияқты тәуелсiз коммерциялық ұйымдар жүзеге асырады.
Толығымен жекешелендiрiлген порт. Модель порт қызметiне мемлекеттiң қандай да бiр араласу немесе қатысуының жоқтығын көздейдi. Порттың барлық активтерi, оның iшiнде порт кешенiнiң жерi де, порт қызметiн реттейтiн және дамуының жалпы стратегиясын белгiлейтiн жеке меншiк компаниялардың (немесе бiр компанияның) меншiгiнде болады. Осы модельдiң - тәуекелi мынада - порт жерлерi иелiктен шығарылуы және мақсатқа сай емес пайдалануы мүмкiн.
Қазiргi уақытта "Қазақтеңiзкөлiкфлоты" ұлттық теңiз кеме қатынасы компаниясы желiлiк кеме қатынасы нысанын пайдаланады, бұл ретте кемелермен жүк тасымалдау белгiлi бағыттарда және кепiлдi жүк көлемi барында iске асырылады.
Ақтау портының кiрме жолдарының барлық түрлерi, мұнай мен мұнай өнiмiн ағызу, құю және сақтау жөнiндегi аралас инфрақұрылымы бар. Портта жер учаскелерiн жалға алу шартында дербес мамандандырылған көлiк ұйымдары жұмыс iстейд.
Сонымен, теңіз көлігінің даму қарқыны Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторында зерттеу және игеру бойынша жұмыстар көлемiнiң қарқынды өсуi алдағы жылдарда жұмыс жасайтын кемелер санын және сонымен байланысты қызмет көрсету нарығының артуын көздейдi.
Халықаралық әуе азаматтық көліктің үлесіне әлемдегі барлық тұрақты әуе тасымалдарының жалпы көлемінің 62% келеді. Әуе - жүк тасымалында және жолаушы айналымында АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Қытай, Жапония, Франция және Ресей жетекші орынды алып отыр. Жолаушыларды, жүк пен багажды тасымалдау екі жақты және көп жақты келісімдермен, сонымен қатар халықаралық әуе тасымалдарына қатысты кейбір ережелердің унификациясы туралы Варшава конвенциясымен реттеледі.
Халықаралық теміржол тасымалдары екі жақты және көп жақты келісімдер негізінде жүзеге асырылады, оларға келісімнің қатысушы - мемлекеттерінің сәйкес министрліктерімен қол қойылады.
Республика шетел инвестицияларының есебінен мұнайды өңдеуді қырқынды түрде өсіруде. Қазақстан Республикасы Үкіметі 2010 жылға қарай басымдылықты тапсырма ретінде мұнайды және конденсатты күніне 2,0 млн. баррельге дейін (жылына 100 млн. тонна), газды күніне 95,8 млн. м3 - ке дейін (жылына 35,0 млрд. м3) өңдеу деңгейін ұлғайтуды көздеп отыр (4 - сурет).
Бүгінгі күні Қазақстаннан мұнайды экспорттайтын бағыттар Атырау - Самара мұнай құбыры, КТК, Қытай - Қазақстан мұнай құбыры, Ақтау порты арқылы су көлігімен тасымалдау, теміржол мұнай құю пункттері арқылы темір жол тасымалдары болып табылады.
Еліміздің газ тасымалдау желісі 10 мың шақырымнан асып, жалпы өткізу қабілеті 190 млрд. текше метр болды. Мұнай құбырларының ұзындығы 7,4 мың шақырымнан асып, өтетін мұнай көлемі 40 млн тоннаға жуықтады. ҚазТрансОйл және ҚазТрансГаз компаниялары мұнай-газ ресурстарын әлемдік аса ірі тасымалдаушылар қатарына кіреді.
Қазақстан теңіз тасымалын өрістете түсуде. Ақтау, Атырау, Баутино, Құрық порттары кеңейтіліп, нығайып келеді. Олар арқылы мұнай тасымалдау көлемі жыл сайынғы 10 млн. тоннадан 2015 жылға қарай 38 млн.тоннаға дейін өспек.
3-сурет - Қазақстанның 2010 жылға дейінгі мұнай өңдеу динамикасы мен болжамы

Қазақстанның көлік жүйесі әлемдік жүйенің бір бөлігі болып табылады. Қазақстанның халықаралық көлік дәліздері даму концепциясында көлік қызметтері саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, интеграциялық үрдістерді тереңдету және халықаралық транзиттік жүк - жолаушы тасымалдарының көлемін көбейту қарастырылған.
Республика аумағы бойынша дәліздердің әлеуетті транзиттік мүмкіндіктерін көліктің негізгі түрлері бойынша пайдалану келесі 4-кестеде көрсетілген.
4- кесте - Көлік түрлері бойынша Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетті мүмкіндіктері [5]
Көлік түрі
Транзит көлемі
2010ж
Әлеуетті мүмкіндіктер
Әлеуетті пайдалану
Теміржол, млн.тонна
8,895
30,0
30%
Автокөлік, млн.тонна
0.350
3.0
12%
Әуе көлігі, млн самолет-километр
84.7
342.5
25%
Теңіз көлігі, млн.тонна
0.150
2.5
6%

... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz