ШҚО туризмнің даму жағдайы және болашағы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
1. Табиғи рекреациялық ресурстары
1.1 Ерекше қорғалатын табиғи аймақтары
1.2 Табиғи ескерткіштері
2. Әлеуметтік . экономикалық рекреациялық ресурстар
2.1 Тарихи . мәдени ескерткіштер
2.2 Әлеуметтік . мәдини орталықтар
3. Туристік шаруашылық нысандары
3.1 Облыста қызмет көрсететін туристік нысандардың тізімі (кесте)
3.2 Болашақта туризмнің даму жағдайлары
3.3 “Шығыстың шырайлы жерлері” атты туристік маршрут жолы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе
Шығыс Қазақстан облысы 1932 жылы құрылған. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 3 мамырдағы Жарлығымен оған Семей облысының аймағы қосылды.
Облыс аймағы 283,3 мың ш.км созылып, жоғарғы Ертіс алабында орналасқан, онтүстікте Қытай және Алматы облысымен, солтүстік шығыста Ресеймен, батыста Қарағанды және Павлодар облыстарымен шекараласады.
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының облыстары арасында аумағы бойынша үшінші орынды еншілейді.
Облыста 19 аумақтық-әкімшілік бірліктер бар, оның ішінде 15 аудандар және 4 қала; Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов (аумағы бойынша Павлодар облысына бағынады) қалалары.
Облыс орталығы Өскемен қаласы 1720 жылы құрылып, Кенді Алтай таулында орналасқан.
Облыс алуан түрлі табиғи жағдайымен айрықшаланады. Осында таулы бедердің күрделігімен және бір қатар жалпы климаттық тәртіп құбылыстарымен, сондай-ақ көптеген таулы жоталардың ауа ағысының таралуына әсерімен байланысты климаттың, өсімдіктің және топырақтың вертикальдік аймақтығы көрінеді.
ШҚО-ның табиғаты таңқалдырар алуан-түрлі. Осында дала, шөлді және таулы тайга ландшафттар: батыста – Ертіс маңы және Сарыарқаның жазықтары, шығыста - Алтай деп аталатын таулы өлке. Шығыс Қазақстан жануарлар және өсімдіктер әлемінің түрліліктерімен бай. Облыста республикамыздың орман байлығының 90 % -ы жинақталған. Аймақтың табиғатын сақтап қалуға қорғалатын аумақтар мен қорықтық орындар торабы құрылған. Бұл Марқакөл, Батыс Алтай, Алакөл қорықтары, 8 жануартану мен өсімдіктану қорықшалары, 6 табиғат ескерткіштері, Қатон-Қарағай ұлттық табиғи саябағы.
Аймақтың жер қойнаулары пайдалы қазбаларға бай. Осында қорғасын, мырыш, күміс, алтын, мыс, титан, тантал, магний, кадмий, теллур және т.б. металлдарды өндіру және өңдеу Өскемен, Риддер, Зырян, Шемонайха, Глубокий, Белоусовка және т.б. өнеркәсіп орталықтарымен тау-кен өндіру және қайта өңдеу түсті металлургиясының дамуына мүмкіндігін берді. Сондай-ақ, облыста ірі машинажасау зауыттар, жеңіл, орман, қа

1. Қазақстанның Ұлттық Энциклопедиясы: 6,9, 16, 27 том.
2. Шығыс Қазақстан облысындағы туризмнің даму тенденциялары (мақала) баспа «Модернизация основных фондов – основа перехода у устойчивому экономическому развитию» Материалы международной научно-практической конференции, Алматы, 2009
3. www.Kazakhstan.orexca
4. www.google.kz

АЛЬ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География факультеті
Туризм кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:
ШҚО туризмнің даму жағдайы және болашағы
Орындаған: Бакербекова А. 2 топ
Тексерген: Жылқыбаева М.И.
Алматы, 2011ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
1. Табиғи рекреациялық ресурстары
1.1 Ерекше қорғалатын табиғи аймақтары
1.2 Табиғи ескерткіштері
2. Әлеуметтік - экономикалық рекреациялық ресурстар
2.1 Тарихи - мәдени ескерткіштер
2.2 Әлеуметтік - мәдини орталықтар
3. Туристік шаруашылық нысандары
3.1 Облыста қызмет көрсететін туристік нысандардың тізімі (кесте)
3.2 Болашақта туризмнің даму жағдайлары
3.3 "Шығыстың шырайлы жерлері" атты туристік маршрут жолы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Шығыс Қазақстан облысы 1932 жылы құрылған. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 3 мамырдағы Жарлығымен оған Семей облысының аймағы қосылды.
Облыс аймағы 283,3 мың ш.км созылып, жоғарғы Ертіс алабында орналасқан, онтүстікте Қытай және Алматы облысымен, солтүстік шығыста Ресеймен, батыста Қарағанды және Павлодар облыстарымен шекараласады.
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының облыстары арасында аумағы бойынша үшінші орынды еншілейді.
Облыста 19 аумақтық-әкімшілік бірліктер бар, оның ішінде 15 аудандар және 4 қала; Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов (аумағы бойынша Павлодар облысына бағынады) қалалары.
Облыс орталығы Өскемен қаласы 1720 жылы құрылып, Кенді Алтай таулында орналасқан.
Облыс алуан түрлі табиғи жағдайымен айрықшаланады. Осында таулы бедердің күрделігімен және бір қатар жалпы климаттық тәртіп құбылыстарымен, сондай-ақ көптеген таулы жоталардың ауа ағысының таралуына әсерімен байланысты климаттың, өсімдіктің және топырақтың вертикальдік аймақтығы көрінеді.
ШҚО-ның табиғаты таңқалдырар алуан-түрлі. Осында дала, шөлді және таулы тайга ландшафттар: батыста - Ертіс маңы және Сарыарқаның жазықтары, шығыста - Алтай деп аталатын таулы өлке. Шығыс Қазақстан жануарлар және өсімдіктер әлемінің түрліліктерімен бай. Облыста республикамыздың орман байлығының 90 % -ы жинақталған. Аймақтың табиғатын сақтап қалуға қорғалатын аумақтар мен қорықтық орындар торабы құрылған. Бұл Марқакөл, Батыс Алтай, Алакөл қорықтары, 8 жануартану мен өсімдіктану қорықшалары, 6 табиғат ескерткіштері, Қатон-Қарағай ұлттық табиғи саябағы.
Аймақтың жер қойнаулары пайдалы қазбаларға бай. Осында қорғасын, мырыш, күміс, алтын, мыс, титан, тантал, магний, кадмий, теллур және т.б. металлдарды өндіру және өңдеу Өскемен, Риддер, Зырян, Шемонайха, Глубокий, Белоусовка және т.б. өнеркәсіп орталықтарымен тау-кен өндіру және қайта өңдеу түсті металлургиясының дамуына мүмкіндігін берді. Сондай-ақ, облыста ірі машинажасау зауыттар, жеңіл, орман, қайта өңдеу, ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі иен құрылыс индустриясының кәсіпорындары жинақталған.
Шығыс Қазақстан облысы - үлкен демографиялық, ресурстық, техникалық әлеуеті және бірегей табиғат байлығы бар аймақ, еліміздің тәуелсіздігін бекітуге және оның экономикасының дамуына үлкен үлес қосады.
1. Табиғи рекреациялық ресурстар
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының қиыр солтүстік шығысында орналасқан. Ол 28, 3 млн гектар жерді алып жатыр.
Облыстың күрделі жер бедерімен және табиғи аймақтарының әртүрлілігімен ерекшеледі.
Облыстағы бірегей тұқымдарды сақтау үшін жалпы көлемі 1,7 млн. гектар болатын 18 ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылды. Бұлар Марқакөл және Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорықтары, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Семей орманы мемлекеттік орман табиғи резерваты, 8 мемлекеттік табиғи қорықшалар, 1 республикалық табиғат ескерткіші және 5 облыстық табиғат ескерткіштері. Бұлардың негізгі қызметі биологиялық әралуандықты сақтау және қалпына келтіру, ғылыми - зерттеу, рекреациялық және экологиялық- ағартушылық қызметтерді жүргізу. Келешекте ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін ары қарай дамыту, қазіргі барларын кеңейту және Сауыр, Тарбағатай, Зайсан қазан шұңқырында жаңадан ерекше қоорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Облыс аумағында құстардың 375 түрі. сүт қоректілердің 109 түрі мекендейді. Олардың ішінен құстардың 38 түрі және сүт қоректілердің 12 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Құдыр, бұғы, марал, қабан, елік, сібір тау ешкісі, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан елеулі түрлердің ішінен - барыс, сабаншы, қызыл қасқыр, арқар сияқты жануарлардың бағалы кәсіптік түрлерінің бізде мекендеуі облымызға тән сипат. Аң аулауға пайдалынылатын жерлердің көлемі 23,6 млн. гектарды құрайды, аның ішінде аң аулауды пайдаланушыларға бекітілгені - 19,8 млн. гектар, жалпы мақсатқа пайдаланылатын жерлер (резервтік қор) - 3,8 млн. гектар. Облыста аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін 24 аңшылық шаруашылығы жұмыс істейді. Негізгі аңшылықты пайдаланушыларға өзінің бөлімшелерінде Семей ауданаралық аңшылар мен балық аулаушылардың қоғамдық бірлестігі бар Аңшылар мен балық аулаушылардың Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық бірлестігі, сондай- ақ Көкпекті ауданындағы Бритоусов ЖШС-і, Зайсан ауданындағы Востоктурсервис, ал Глубокий ауданындағы Бауыржан шқ және Черемшанка құс фабрикасы плюс ЖШС-і сияқты аңшылық шаруашылықтары жатады.
1.1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
Шығыс Қазақстанда қорықтық аумақтарды құру қажеттілігі туралы мәселе профессор Г.А. Кожевниктің, академик М.П. Бородиннің және Россияның басқа ғалымдарының ықпалымен өткен ғасырдың басында-ақ туындаған болатын. 1913 жылы Ақмола-Семей егін шаруашылығы және мемлекеттік мүлік басқармасының жанындағы Орман Кеңесінің бірінші сессиясында қорғауды қажет ететін табиғат учаскелері белгіленді.
Учаскелердің көбі орман шаруашылығы сипатындағы объектілер, сонымен бірге жабайы қабанның паналайтын жері, сібір елігінің қыстайтын орындарының бірі ретінде Зайсан ойпатында Қара Ертіс учаскесін, сондай-ақ киіктің облыс шегіндегі негізгі мекендеу орны ретінде Қара - Бөрік шоқысының маңын табиғат ескерткіштері деп жариялау болжанды. Сауыр жоталарында тянь-шянь шыршасының табиғи екпелері сақталған жалғыз жер Теректі қонысы, ал оңтүстік Алтайда - Темір-Қаба, Арасан-Қаба өзенінің аңғарлары, Бұғымүйіз шатқалы және Күршімнің бас жағы бағалы табиғат бұрышының қатарына жатқызылды.
Алайда бұл аймақтарды сақтау іс жүзінде дұрыс жолға қойылған жоқ. Өскемен уезінде 1923 жылы суда жүзетін құстарға арналған қаумал үш жыл мерзімге құрылды. Кейінірек Қара Ертістің сағасына жақын бөлік (Зайсан уезі) қорық болып жарияланды.
ШҚО - да қазіргі заманғы қорықтық аумақтарды құру 60-жылдардан басталды, қыстап қалатын киіктерді қорғау үшін (1968 ж.) 10 жыл мерзімге 286 мың гектар алаңда Тарбағатай (Базар және Шорға өзендерінің аралығы) және Құлжа (Қызылқұм, Тілеуқабыл құмдары және Құлжа өзенінің жайылмасы) мемлекеттік зоологиялық қаумалдары құрылды. Осы жылы Қалба жотасының солтүстік макробелдеуіндегі оқшауланған самырсын учаскесі табиғат ескерткіші болып жарияланды (Көкшілтау самырсын тоғайы).
1976 жылы Қазақстан Алтайында бірінші рет екі шақырымдық қорғау аймағы (30,0 мың га) бар Оңтүстік Алтай физико-географиялық шет аймақтарының табиғи кешендерін табиғи қалпында сақтауға арналған Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы (71,4 мың га) ұйымдастырылды. Екі жылдан кейін шырғанақ, итмұрын, долана - дәрілік шөптері бойынша мамандандырылған Қаратал құмдары. Төменгі Тұрғысын (1,3 және 2,2 мың гектар) табиғи ботаникалық қаумалдары жарияланды. Тарбағатай және Құлжа қаумалдарының әрекет ету мерзімдері тағы 10 жылға ұзартылды.
Бұдан кейін (1979 ж.) Рахман бұлағы профилакториясының дамуын тездетумен байланысты осы аттас ботаникалық- геологиялық қаумал (109,1 мың га) пайда болды, оның қызметіне ландшафтарды және емдеу-сауықтыру қызметтері үшін қолайлы табиғи жағдайларды қорғау жатады. Дәл осы кезде Тархан қимасы (2,0 га) және геологиялық-минералдық қаумал - Асубұлақ өзені аңғарындағы пегматитті учаске алаңы облыстық маңызы бар геологиялық ескерткіш болып саналды. Алайда соңғысы аяғына дейін заңды ресімделмегендіктен қазіргі уақытта маңызын жоғалтқан.
1982 жылы облыстық маңызы бар әрқайсысысын алаңы 2 гектар болатын
4 геологиялық ескерткіш - Ашутас, Қиын Керіш, Алаулы адырлар, Көгілдір бұғаз құрылды. Құрамына Құлжа және Бөкен өзендерінің атырауларының учаскелері кіруі есебінен Құлжа қаумалының алаңы 3,4 мың гектарға артты. 1983 жылы Тарбағатай қаумалы жаңа аумаққа - сирек кездесетін жануарлардың түрлері шоғырланған Маңырақ жотасы мен Шілікті ойпатына көшірілді.
1986 жылы бес қаумалға және Көкшілтау самырсын тоғайы табиғат ескерткішіне мемлекеттік қаумал және республикалық маңызы бар табиғат ескерткіші мәртебесі берілді, Марқакөл мемлекеттік қаумалының ауданы 75 мың гектарға дейін ұлғайтылды, көл айдынының көптеген учаскелері және Тополевка өзенінің бөлігі қорықтандырылды.
1992 жылы Қазақстанның шығысында Қара және Ақ Үбінің жоғарғы бөлігінде 56078 гектар ауданда екінші қорық Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы құрылды.
2001 жылдың маусымында бірегей, Оңтүстік Алтайдың эталондық табиғи кешендерін сақтау, табиғи және мәдени мұра учаскелері мен объектілерін сақтау; ғылыми зерттеулер жүргізу және табиғат ортасының жай-күйін бақылап отыруды ұйымдастыру; туризмді ұйымдастыру мақсатында облыстағы бірінші жалпы алаңы 647477 гектар Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұйымдастырылды.
Осы жылы Үкіметтің 2001 жылғы 21 маусымдағы № 877 қаулысымен мемлекеттік маңызы бар мемлекеттік қаумалдар мен табиғат ескерткіштерінің тізбесі бекітілді.
2006 жылғы қаңтарда Ертіс жағалауының реликті қарағайлы ормандарын сақтау және қалпына келтіру мақсатында 665502 гектар алаңда Семей орманы мемлекеттік орман табиғи резерваты құрылды. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстандағы қорғалатын аумақтар жүйесін мыналар құрайды:
2 мемлекеттік табиғи қорық: Марқакөл (102979 га) және Батыс Алтай
(86122 га);
1. Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (643477 га);
2. Семей орманы мемлекетік орман табиғи резерваты (665502 га);
3. 4 мемлекеттік табиғи қаумал - Құлжа (46000 га) және Тарбағатай зоологиялық қаумалы (240000 га), ботаникалық қаумалдар - Қаратал құмы (1300 га), Төменгі Тұрғысын (2200 га);
4. 1 табиғат ескерткіші - Көкшілтау самырсын тоғайы (137 га).
5. 2 мемлекеттік табиғи қорық: Марқакөл (102979 га) және Батыс Алтай
(86122 га);
Алматы (17710 га) және Шығыс Қазақстан (2290 га) облыстарының аумағында Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы (20000 га) орналасқан.
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы
- Құрылған уақыты: 1976 жылғы тамыз айы.
- Қазіргі ауданы: Қорықтың жалпы ауданы 71367 га, оның 26917 га-сын
құрғақ жер, ал 44450 га- сын көл алып жатыр. Қорық үш бөлікке бөлінген: 1. оңтүстік- таулы- орманды алқап- 6250 га, ол көлдің оңтүстік жағалауы мен Азу тауының солтүстік беткейін алып жатыр; 2. Көл жағалауы- 609 га, Тополевка мен Жирен Байтал өзенінің сағаларындағы солтүстік жағалаудың азғантай жерін қамтиды; 3. Солтүстік таулы- орманды алқап- 20050 га, Тополевка, Таутекелі, Тихушка, Сорвенок өзендерінің жрғарғы жағында Күршім жотасында орналасқан. Бұдан басқа Урунхайка өзенінің сағасындағы орталық усадьбаның 8 га жерін алып жатыр. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының айналасы ені 2 км болатын үзік сызықты қорғау аумағымен қоршалған.
- Әкімшілік орналасуы:
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік Алтайдың шығысында Марқакөл қазаншұңқырында орналасқан. Ол солтүстігінде Күршім, оңтүстігінде Азу тау жоталарының арасында орналасқан Алтайға тән тектоникалық ойпатты алып жатыр. Көл 1449,3 метрлік абсолюттік биіктікте жатыр. Ең биік нүктесі 3304,5 метр (Ақсу- Бас тауы).
Табиғи жағдайы:
- Физикалық- географиялық сипаттамасы (табиғи аймағы, климаты, гидрологиясы, негізгі ландшафттары, геологиясы, топырағы):
Қорық Оңтүстік Сібір тауларының құрамына кіретін Оңтүстік Алтай тауларының шегінде орналасқан. Таулармен және Орта Азияның шөлді және жартылай шөлді аймақтарымен, Қазақ даласымен және орманды даламен шекаралас орналасқан Марқакөл көлі үнемі олардың әсерін сезінеді және олардың әрқайсысының өзіне тән табиғаты қорықтың табиғатында да өз көрінісін тапқан.
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Оңтүстік Алтайдың табиғат кешенін, сондай- ақ бірегей альпі өзені Марқакөл көлін табиғи қалпында сақтау мақсатында құрылған. Марқакөл- Алтайдың ірі су қоймасы. Көл созылған сопақша формалы, солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа қарай созылып жатыр. Су жинайтын бассейнінің көлемі 1180 кв. км құрайды. Көлдің ұзындығы- 106 км, ені- 6-19 км, ауданы- 455 кв. км, жағалауының ұзындығы- 106 км, көлдің орташа тереңдігі- 14,3 метр, максималды тереңдігі- 24-27 метр. Көлдің шарасында 6,5 кубометр су жиналған.
- өсімдіктер әлемі, сирек және аса бағалы түрлер:
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағы Оңтүстік Алтай таулы
және орманды- шалғынды дала аймағының орманды- шалғынды дала орташа және биік таулы геоботаникалық ауданының шегінде жатыр. Қазақстанның оңтүстік далалары, Орта Азияның жартылай шөлейттері және Оңтүстік Сібірдің тайга ормандарының шекералас болуы, таулы жер бедері, әртүрлі климаттық жағдайлар қорықтың өсімдіктер әлемінің өзінше ерекше және бай болуына әсерін тигізді. Қорықта 1000 аса жоғары сатылы өсімдіктер, оның ішінде 12 түрлі ағаш және 22 түрлі бұта бар.
Қорықтың қазіргі жағдайы және міндеттері:
Марқакөл көлі- қазірге дейін әлемнің ең таза су қоймаларының бірі. Оның таза суының деңгейі 5-9 метрге дейін барады. Суда хлорлы органикалық пестицидтер мүлдем жоқ деуге болады. Көл жағалауларында қазіргі кезде мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың болуы қорықтың қорғалу аймақтарындағы уылдырық шашатын өзендердің аммиак қосындылары мен автокөліктердің жанар- жағар май материалдарымен (көктемде және күзде фермер шаруашылықтарынан тау өзендеріне лас сулар ағып құйылады) ластануына әкеп соғады. Бұл тек қана уылдырықтамаларға ғана емес көлдің таза суына да қауіпті.
Шығыс Қазақстандағы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Алтай тауларының көп бөлігін алшып жатқан Шығыс Қазақстанда туризмді дамытуға зор мүмкіндік бар. Шөл даладан бастап ну орман алқаптары, биік шыңдардағы альпы шалғындары мен мұздықтарға дейін созылған ландшафтты-климаттық аймақтардың біртұтас жиынтығы. Орман мен өзендерге, балық пен балға, емдік шөп пен кенге, туристердің көзін тартар табиғи естеліктерге бай бұл жердің анағұрлым аумағының табиғаты тұмса және экологиялық таза болып сақталынған. Мұнда Сібір мен Алтайдың ең биік шыңы-қасиетті Белуха тауы бар(4506 м).
Табиғатының әсемдігі жақсы сақталынған, терең өзендерге бай, қара және қызыл балығы мол, аң және құс аулау мүмкіндігі, қарлы маусымы ұзаққа жалғасатын таулы аймақтар, курорттар(радонды бастаулар мен пантымен емдеу)-мұның барлығы зор табыс әкелетін қуатты туристік индустрияны құруға мүмкіндік туғызады.
Қазақстанның Алтай аумағында ТМД және Прибалтика елдерінің туристері көп жылдар бойында әртүрлі саяхат құруда,бұл:альпы шыңдарын бағындыру және ат үстіндегі саяхаттар. Жыл сайын біздің аудан Европа және Америка елдерінің туристерін, балық аулаушыларын және аңшыларын қабылдайды. Соңғы екі-үш жылда антропогендік көлем анағұрлым ұлғайды.
Осыған байланысты жергілікті тұрғындардың орналасқан мекенін бұзбай, берілген аумақты қолдануды және қорғауды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатын структура құрудың қажеттілігі туып отыр.
1998 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі Катонқарағай ұлттық мемлекеттік табиғи паркін ұйымдастыру жөнінде Қаулы қабылдады.2001 жылдың шілдесінде парк құрылып қызметін бастады. Табиғи парктің негізгі міндетіне: әлемнің негізгі биотикалық кешендерінің репрезентативті үлгісі ретінде экожүйені сақтау;
-табиғи ортаның экологиялық әртүрлілігін қолдау;
-мәдени мұраның учаскелерін және нысандарын сақтау;
Қазақстан - Ресей бағытындағы дәстүрлі саяхаттық маршруттар, аңдардың көшуі, Қытай мемлекеті тарапынан браконьерлік, қызықты аумақтық туристік маршруттар құру - Үлкен Алтай шеңберінде таулы, Оңтүстік, Кенді және Моңғолдық тауларын қоса алғанда бірегей мемлекетаралық туристік мемлекет құру нұсқасы өздігінен туындайды.
РАХМАН ҚАЙНАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК БОТАНИКАЛЫҚ- ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУМАЛЫ
Мәртебесі. Республикалық маңызы бар ботаникалық- геологиялық қаумал
Ұйымдастырылған уақыты. Қаз ССР МС-нің
1979 жылғы 05 қаңтардағы № 4 Қаулысына сәйкес ұйымдастырылған.
Мақсаты және репрезентативтілігі. Табиғи ландшафтарды, жер қойнауын, дәрілік шөптер мен родон бұлақтарының көздерін сақтау мақсатында құрылған.
Географиялық жағдайы мен шекаралары. Қаумал ҚМҰТП- нің Берел орман шұаруашылығының аумағында, Катонқарағай әкімшілік ауданындағы Ақ Берел өзенінің бассейнінде орналасқан. Қазіргі кезде Катонқарағай ұлттық паркінің филиалы ретінде жұмыс істейді.
Қаумалдың ауданы 109 100 га- ны құрайды.
Физикалық-географиялық сипаты:
Қаумалдың табиғат кешені көп жағынан бірегей, орташа таулы және биік таулы жер бедері басым өзінше ерекше. 2100- 2200 м- ден аса биіктікте спецификалық табиғи- географиялық жағдайларда үгіліп- мүжілуден пайда болған - шашылымдар, қорымдар, цирктер, айылдар, карлар, қойтастар құрайтын қатты ыдыраған альпі тау бедері байқалады. Ақ Берел бассейні- Қазақстан Алтайының жалпы көлемі 27,7 км2 болатын 17 мұздықтан тұратын қазіргі заманғы мұздану орталықтарының бірі. Олардың ішіндегі ең ірілері Кіші және Үлкен Берел мұздықтары (аудандары 10,3 и 8,9 км2 ). Қаумалдың көптеген өзендерінде бірнеше сарқырама бар. Олардың ішіндегі ең ірісі биіктігі 40-50 м болатын сарқырама Көккөл өзенінің сағасына жақын жерде орналасқан, басқа екеуі Арасан көлінің бастауынан 5 және 8 км қашықтықта Ақ Берелге құятын жерге таяу орналасқан. Олардың бірі жалпақ ағыспен күркіреп 10 м- ге дейінгі биіктіктен, екіншісі жіңішке сорғалаған ағыспен 20 м- лік биіктіктен құлайды. Қаумалда Арасан өзенінің терең ойпатында теңіз деңгейінен 1760 м биіктікте орналасқан биік тау көлі Рахман көлі (ауданы-1,14 км2) бар. Көлдің солтүстік- батыс жағалауында, одан Арасан өзені бөлініп шығатын жерде орналасқан жылы родон бұлақтарының көздері- қаумалдың ең басты көрнекті жері. Олардың емдік факторлары болып құрамында 0,03 гл бос көмірқышқылы және радиоактивтілігі 8 бірлік, әлсіз минералданған (0,2 гл) карбонатты- кальцийлі- натрий сулары (температурасы 31 ° - тан 42° С- ға дейін) саналады.
1.2 Табиғи ескерткіштері
ШҚО еліміздегі табиғи ресурстарға бай аймақ болып табылады. Гидрологиясы күрделігін және ерте заманнан түзілген тау жоталарын ескеріп кетпеу мүмкін емес. Осындай табиғаттың сұлулығына бай аймаққа келушілердің назарынан тыс қалмас. Облыстың кейбір табиғи ескерткіштеріне тоқталып кетсек:
Алтай, Алтай тау жүйесі - Азия құлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр. Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гоби жазығына дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді. Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады. Алтайдың өзіне тән орографиялық ерекшеліктері бар. Оның жоталары мен қыраттарының биіктігі, сондай-ақ олардың бағыттары жер бедеріне ерекше сипат береді. Алтайдың ең биік және қатты тілімденген жоталары Қатын, Оңтүстік және Солтүстік Шуй, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты, Сайлүгім, Чихачев, т.б. Олардың орташа биіктігі 3000 м-ден асады. Мұнда альпі типтес жер бедері басым, Тау беткейлері өте тік, құзды, шыңды, шатқалды, жартасты келеді. Тау жүйесінің ең биік шыңы -Ақтау (Мұзтау) (4056 м). Осы тұстан бастап таулар жан-жаққа қарай біртіндеп аласарады. Орташа биіктігі 1500-2000 м таулардың үсті жадағай, тегіс, тек кей жерлері ғана дөңес, ал беткейлері тік келеді [мыс., Шабанбай таулары, Қоржынтау (Холзун), Тегерек (Тигарец), Үлбі жотасы, Ануй жотасы, т.б.]. Орталық және Оңтүстік Алтайдың басты жоталары мен тау тізбектері, негізінен, ендік бағытта, ал Батыс және Солтүстік тау жоталары оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай, кейбірі бойлық бағытта созылған.
Алтай тауы
Алтай тауларына ұзын, кейде кең дала деп аталатын тектоник. тауаралық ойыстар (Шуй, Құрай, Ойман, Абай даласы, Нарын даласы) мен үстіртті жазықтар тән (Үкөк, Ұлаған, Чулышман, Жайдақ, т.б.). Олар ел қоныстанып, мал жаюға өте қолайлы.
Геологиялық құрылысы мен кен байлықтары: Алтай тауларының қазақстандық бөлігі геол. тұрғыдан 4 ауданға бөлінеді: Кенді Алтай, Таулы Алтай, Оңтүстік Алтай және Қалба жотасы. Олар Орал - Монғол геосинклинальдық белдеміндегі қайта көтерілген тауларға жатады. Оның оңтүстік бөлігін Сібір платформасы құрайды. Таулы өлкенің іргетасы, негізінен, палеозой дәуірінде пайда болған терригенді, карбонатты және жанартау текті метаморфтанған тау жыныстарынан түзілген. Кейбір тұсында интрузивті жыныстар жер бетіне шығып жатыр. Алтайдан дан палеозой құрылымының іргетасы болып саналатын жоғарғы протерозойдың тақтатастары, кварциттері кейбір антиклинорийлер мен горсттер (Қатын, Теректі жоталары) кұрамынан табылды. Жоғарғы палеозой, юра, палеоген, неоген, антропоген кезеңдерінде пайда болған, құрамында қазба көмірі бар континенттік жыныстар бірен-саран тауаралық ойыстар мен грабендер де (Шыңғыстай, Голубовка а-дары маңында, Құрай даласы, Көкпекті, Кіші Бөкен, Үлбі өзендерінің бойында) кездеседі. Ең көне, ерте каледондық құрылымдар Алтайдың шығысын алып жатыр. Бүл құрылымдық процесс орталық Алтайда ордовик пен силурде, ал оңтүстік-батыс Алтайда төменгі тас көмір кезеңінде аяқталды. Осы кезде (негізінен, блоктық өте қуатты тектоник. козғалыстар нәтижесінде) интрузив жыныстары пайда болған. Онда қорғасын, мырыш, мыс, темір, алтын, күміс, вольфрам, молибден, қалайы, тантал, ниобий, сынап, т.б. металдык кентастар, тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар, асыл және әшекей тастар, құрылыс материалдары мол. Бұлардың ішінде аса маңыздысы Шығыс Қазақстанның түсті металлургия базасын құрайтын полиметалл кентастары.
Климаты: Алтайдың климаты тым континентті. Қысы суық әрі ұзақ. Қаңтар айының орташа температурасы тауаралык ойыстарда 27 -- 30°С, тау етектері мен жазық жерлерінде - 13-16°С. Ең суық орташа температура Марқакөл к-нін маңында (-27,6°С). Алтайдың ең жылы шілде айының орташа температурасы 18-20°С, ал 1000-1500 м биіктікте ол 14 -- 16°С-тан аспайды. Ең жоғары температура Зайсан қазаншұңқырында (40°С-қа дейін). Жер биіктігі артқан сайын, темп-ра инверсиясының нәтижесінде, қысқы температура төмендеп отырады. Сондықтан тауда қыста жылы, жазда салқын, далалар мен жазықтарда қыста суық, жазда ыстық болып келеді. Ылғалды, желге ашық жатқан Батыс және Солтүстік-шығыс Алтайда жауын-шашын мөлш. 1200 мм-ге жетеді (кей жерлерде 2000 мм). А-дың шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын мөлш. 200-300 мм (Шуй даласында 100 мм), ал Зайсан қазаншұңқырында 150 мм шамасында. Жауын-шашын, көбінесе, көктем мен күз айларында жауады. Өзен бойы мен тауаралық ойыстарды қуалай соғатын тұрақты жел жазда сирек байқалады. Қыста батыстан суық әрі қарлы-боранды "құбыла желі", оңтүстіктен жылы Алтай желі" соғады. Ауа райы Алтайда "құбыла желінен" кейін ашық, аязды болып келсе, "Алтай желінен" кейін онда бұлтты әрі жылы болып, қар жауады.
Өзендері мен көлдері: Алтай тауларының өзендері тығыз орналасқан. Таулардың өте катты тілімделген жоталары Обь, Енисей, Ертіс өзендерінің су-айрығы болып табылады. Басты өзендері Ертіс салала-ры: Қаба, Қалжыр, Күршім және т.б.
Ертіс өзені - Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен, Обь өзенінің сол жақ саласы. Қазақстан жерінде Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары арқылы ағады. Жалпы ұзындығы 4248 км, оның 1698 км-і Қазақстан жерінде. Су жиналатын алабы 1643 мың км2. Бастауын Алтай (Қытай) сілемдерінен (Найрамдалы тауынан) алады. Зайсан көліне дейінгі бөлігі - Қара Ертіс, көлден төмен қарай Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады. Арнасы бастау жағында, негізінен, қар, мұз суымен, орта және төменгі ағыстарында қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Алабы Алтай тауларының оңтүстік-батысын, Тарбағатайдың солтүстік-батыс баурайын, Сарыарқаның солтүстік-шығысын, Ресей жерінде Батыс Сібір жазығы мен Шығыс Орал етегін қамтиды. Қазақ жерінде Ертіс ағынын Қатын, Қалба, Нарын, Тарбағатай және Сауыр жоталарынан, Құлынды даласынан жинайды. Көп жерінде тау сілемдерін тіле терең шатқалдар қалыптасқан. Бұл тұста жағаларының биіктігі 500 м-ге жетеді. Құлынды даласында өзеннің арнасы кеңейіп, жайылмасы пайда болады. Таулық аңғары (250 м биіктікке дейін) қылқан жапырақты орманды, оң жағы көбіне қарағайлы шабындықты келеді, осы тұстағы арнасының ені 100 - 150 м, Омбы қаласы тұсында 6 - 8 км, Тобыл қаласы тұсында 25 - 30 км-ге жетеді. Қазақстандық бөлігіндегі басты салалары - Есіл, Тобыл, Бұқтырма, Шаған, Үлбі, Шар, Күршім, Үлкен Бөкен, Қалжыр, Нарын, Алқабек, Ұлан, Қайыңды; Ресей аумағындағы салалары - Вагай, Конда, Омь, Тара, Демьянка. Жылдық ағынын реттеу және электр энергиясын алу үшін өзен бойында Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі бөгендері салынған. Сарыарқа аймағындағы табиғи қорларды игеру мақсатында Ертіс - Қарағанды каналы тартылған. Көліктік маңызы зор, сағасынан 3784 км-ге дейін кеме қатынайды.
Қазақстан аумағындағы ірі айлақтары мен қалалары - Өскемен, Семей, Павлодар; Ресей аумағында Омбы, Тобыл, Ханты-Мансийск. Су энергетикалық қорына бай: жылына 30 млрд. кВтсағ электр энергиясын өндіруге мүмкіншілік бар. Өзенде сүйрік, сылан, шортан, алабұға, елең, т.б. балықтар бар. Сазан, табан, көксерке және Байқал омулі жерсіндірілген.
Алакөл - Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Балқаш-Алакөл ойысының шығыс шетінде орналасқан. Солтүстігінде Тарбағатай, оңтүстігінде Жоңғар Алатауының етегіне ұласады. Шығысында Жалаңашкөл арқылы Жоңғар қақпасына жалғасады. Көршілес Сасықкөл, Ұялы, Жалаңашкөлдермен қосыла тізбектеліп Алакөл жүйесін құрайды. Ауданы 2200-2500 км2- ге дейін. Суының көлемі 58,5 млрд. м3. Ұзындығы 104 км, ені 52 км, орта тереңдігі 22,1 м (ең терең жері 54 м), жағалауының ұзындығы 384 км. Жалпы Алакөл жүйесінің су жиналған алабы 48 мың км2 - ге жуық. Жалпы көл аралды, түбекті, қайырлы шығанақты, мүйісті келеді. Жағасы негізінен жайпақ, төрттік кезеңнің әр түрлі борпылдақ жыныстарынан, солт.-шығ. жағасы эолдық шөгінділерден түзілген. Үлкен және Кішкене Аралтөбе, Белқұдық т.б. аралдары бар. Атырабының климаты тым континеттік. Суының май-ноябрь аралығындағы орташа температурасы 4,5 - тан 15,3 С° - қа дейін; әсіресе қыркүйек айында суы жақсы жылынады. Айдың бетімен есетін минутына желдің жылдамдығы 2 - 60 мс; күзде және қыста күшейеді. Ең күшті толқындарының биікт. 2 - 2,5 м. Қарашаның аяқ шенінде мұз қата бастайды, ақпанда оның қалыңд. 0,8 м-ге жетеді. Майда мұзы түседі. Алакөлге 15 - тен астам шағын өзен құяды. Үржар, Еміл, Қатынсу, Жаманты, Жаманөткел, Тасты т.б. Алакөлдің көлемі үнемі ауытқып отырады.Мысалы: көл деңгейі 1909 - 1946 жылдар аралығында 5,27 м. төмендегені анықталды, 1947-1974 ж. Керісінше 7,18 метрге көтерілді. 1975 жылдан көлдің аздап тартыла бастағаны байқалады. Судың минералдығы ауытқып отырады және тереңдеген сайын бұл шама арта түседі. Химиялық құрамы жөнінен көл суы - хлоридті-натрийлі келеді. Алакөл фитопланктоны құрамында балдырдың 58 түрі, зоопланктонның 80 түрі бар. Балыққа бай (алабұға, шармай, көксерке, көкбас, сазан т.б.).Аққу, қаз, үйрек, балықшы, бірқазан т.б. құстар, қамыс арасында теңбіл мысық, өзен сағаларында ондатра кездеседі. Жағалауы - шабындық және жайылым. Жағасында Көктұма, Рыбачье, Жарбұлақ т.б. елді мекендер бар.
Алакөл деп аталатын көптеген су ойпаттарынның қасынан атақты Ұлы Жібек жолы өткені белгілі. Сол кездің өзінде-ақ саяхатшылар ауыр жолдан кейін көл жағалауында демалған кезде, көл суының қандай да бір таңғажайып жолмен күшті қалпына келтіретінін және денсаулықты бекітетінін байқаған. Адамдарда өзінен-өзі аяқтарындағы жаралар кетіп, денелеріндегі жаралар тез жазылып, радикулитпен ауыратындар белдегі ауруды ұмытытқан. Заманауи медициналық зерттеулер көл суының емдік қасиетін дәлелдеген. Алакөлдің теңіз тынысы даланың құрғақ та, ыстық иісімен араласып, қоршаған ортаға жағымды әсер етеді.
Сонымен қатар, археологтардың айтуы бойынша, Шығыс Қазақстанның картасындағы бұл ерекше орын қазіргі күнге дейін құстар тайпасы үшін өзіндік Жібек Жолы болып табылады. Құстар солтүстіктен оңтүстікке қозғалысы кезінде осы жерге демалу үшін тоқтайды. Бұл жер құстар үшін нағыз жұмақ. Мұнда құстардың қандай түрі бар десеңізші... Олардың ішінде сирек кездесетіндер де бар: үш жүз қанаттының ішінде 38-і Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау жөнінідегі халықаралық одақтың Қызыл кітабына енгізілген. Мысалы, реликті шағала, қызғылт және бұйра бірқазандар, ақ құтандар, қара құтандар, қулар және т.б. Үлкен қалалардан алыстығы және климаттың кейбір қатаңдығы көлді және оның фаунасын туристерден сақтаған болатын. Қазіргі кезде Алакөл жағажайында жазғы уақытта ине шаншар жер жоқ деуге болады. Өзіндік экокапсуланың бұзылуы көптеген қатерлер әкелуі мүмкін. Міне, сондықтан Қазақстан тәуелсіздік алған соң табиғатты қорғауға көп көңіл бөліп келеді. Мұнымен ерекше табиғи байлықты сақтауға деген ынтасын білдірді. Бұл құжаттың нағыз іске асуының көрінісі 1998 жылы Алакөл мемелекеттік қорығының құрылуы болып табылады.
2.1 Тарихи - мәдени ескерткіштер
ШҚО ерте заманнан қалған көне орындрға бай. Олардың қатарына археологиялық ескерткіштер, көне бұйымдыр сонымен қатар, осы күнге дейін келе жатқан тарихи - мәдени ескерткіштер. Солардың бірі "Аблайкет" ғибадатханасының үйінділері 1654 жылғы сәулет өнері ескерткіштері болып табылады және республикалық маңызды ескерткіштер тізімінде мемлекеттік есепке алынған. Ескерткіш Ұлан ауданы, Никитинка ауылынан 15 километрде, Аблакетка өзені бойында орналасқан.
Аблайкет - бекітілген ламаистік ғибадатхана. Оның құрылысы 1654 жылы басталған. Осындай ғибадатханалардың пайда болуы 17 ғасырда ойрат феодалдарының басып алған жерлерге жүргізген саясаты және Ресейден қытайға шығатын сада жолдарына бақылау орнатуымен түсіндіруге болады. Біздің өлкеге келген көптеген зерттеушілерді жоңғарлардың "Аблайкет" бекініс-монастры қызытырды. Бұл бекіністің құрылысы туралы алғаш рет Аблай ханның қыстағында қыстап шыққан Федор Байков хабарлаған-ды. 1735 жылы орыс геодезисі Василий Шишков ғибадатхананың сұлбасы мен алғашқы жоспарын жасады. Осы жерде Петербургтегі Азиаттар мұражайының алғашқы жәдігерлерін құрған қолжазбалар табылды.
Аблайкет бастапқыда сланцтік плиталардан қаланған және биіктігі 3-5 метрлік, ені 3 метрлік балшық езбемен гранит қоспалары қосылған бесбұрышты ғимарат болды. Қалдықтары бүгінгі күнге дейін сақталған тас қамалмен қоршалған және көптеген кірпіш сынықтары араласқан сары топырақты тікбұрышты биіктік. Өсімдік типтес өрнектері бар домалақ балшықтан жасалған сынықтар да кездеседі. Кейбіреулерінің түсі ашық көгілдір, жасыл, және қызыл көпіршікті келеді.
Негізгі биіктіктен 30 метр солтүстік-батысқа қарай 2 үлкен шұңқыр бар: жартылай домалақ ордың ішінде гранит қадлықтары, алдыңғы щұңқырда оттық іздері бар граниттердің қалдығы сақталған Ламалар мен белгілі тұлғалардың тұрғын үйлері қатты шаң басқан қисық төртбұрышты түрдегі биіктік.
Биіктік топырақ пен бірге күрең және қызыл кірпіштер қалдықтарынан тұрады. Басқа жерінде ішкі қабырғаларының ізі қалмаған. Бекініс қабырғалары граниті басым сланцті плиталардан өрілген. Бекіністің солтүстік-шығысында терең үңгір іспетті қуыс бар. Мұнда ұзақ от жағылғандықтың белгісін көруге болады. Қабырғасы тегістелген. Бақылау пунктінің нобайына келеді. Сақталған қабырғалар биіктігі 2 метрге жетеді. Қабырғалардың 3 метр болғандығы байқалады, оны гранитты ірі тастардан салынған жанындағы екі метрлік биіктіктен байқауға болады.
2.2 Әлеуметтік - мәдени орталықтары
Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облысының драма театры
2002 жылы біздің қаламыздағы керемет ғимараттарының бірі - Жамбыл атындағы облыстық драма театрына 100 жыл толды.
Бұл қаланың сәулеті, тарихы және мәдениетінің ескерткіші. Мұнда болған уақиғалар халықтың және толықтай өңірдің тағдырына үлкен маңыз берді.
Бас кезінде 1902 жылы 26 қазанда ашылған бұл мекеме Халық үйі деп аталған болатын.
Халық үйі қаланың қоғамдық және мәдени өмірінің орталығына айналды.
Сахнада қойылған бірінші пьесаның аты - Жұмыстық слобода болды. Тұрақты кәсіби театр болған жоқ және сондықтан да 1935 жылы қалалықтар М.И. Калининге труппа қалыптастыруға көмек көрсеуге өтініш білдірді. Өтініш қабылданып, 1936 жылдың қаңтарында Н. Гогольдың үйлену спектаклімен бірінші театрлық маусым ашылды.
Театрдың жанында 15 адамнан тұратын қазақ ұлттық драмма үйірмесі ұйымдастырылды. Оның труппасында Г. Гребенщиковтың Сүйкімді жігіт, ұлттық эпос мативы бойынша Н. Анненкова-Бернардың Қамал драмасы сияқты спектакльдер болған.
1939 жылы Шығыс Қазақстан өз бетімен облыс болып бөлінді және Өскемен қалалық театры облыстық дәрежені иеленді.
1941 жылдың маусымында театр ғимараты фашистік Германияны жеңу үшін барлық күшті жұмылдыру орталығы болды.
ҰОС жылдары және соғыстан кейінгі онжылдық тарих бетіне жанкешті еңбек және театрлық ерлік ретінде кірді. Жылусыз, алайда лық толы театр залында жеңіске сенімді нығайтуға көмектесетін спектакльдер өтетін - Орыс адамдары, Шапқыншылық, Ленинград қабырғасында және т.б.
1946 жылдың шілдесінде Өскемен қалалық атқару комитетінің шешімімен облыстық драма театрға туғанына 100 жыл толуына орай, қазақтың ұлы ақыны Жамбылдың аты берілді.
Сол кездегі театр репертуарында орыс және шет ел классикасына үлкен көңіл бөлінетін.
Көп жылдар бойы Шығыс Қазақстан облдраматеатрында сахна өнерпаздары, ҚР еңбегі сіңген артістері, мәдениет қызметкерлері жұмыс істеген және істеп келеді.
2000 жылдың ақпанында Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театры базасында өзінің бірінші театрлық маусымы Ғ. Мүсреповтың Қозы-Көрпеш пен Баян-Сулу спектаклімен ашқан, қазақ труппасы қалыптасады.
Қазір театр аса таныстыруды қажет етпейді, ол екі актерлік труппадан тұрады. Жыл сайын мұнда 8-12 премьера дайындалады, режисерлік құрам үнемі шығармашылық ізденісте жүреді. Театр өткелдерінде 280 жуық спектакльдер өтеді. Бұл қазіргі заман драматургиясының орыс, қазақ және шет ел классикалық пьесалары. Репертуарды құрастыру кезінде, көремдік кеңес ешқашан кішкентай көрермендерді де ұмытпайды. Олар үшін жыл сайын 3-4 спектакль қойылады.
Театр үшін, әсіресе біздің театр үшін көрерменнің рухани сезімін, өмірге деген көз-қарасын сақтау және қолдау өте маңызды. Қалай ақша табу керек екені туралы ғана ойламай, өзімен-өзі келісімде болып, сезінуге және өз істеріне жауапты болуға дайын болып, механизмге айланбауға көмектеседі. Ол үшін біз, біздің театр классиктерге жүгінеміз, және оны Тұрмыстық шаттық театры ретінде құруға тырысамыз. Сол үшін болар, спектакль жанды жылыту, әр адамда бар керемет пен жарқындықты сезіну үшін көбінде классика қоямыз.
Театрдың өз көрермендері бар, жаңа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz