Аналитикалық химияның талдау әдістері



Мазмұны


1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Аналитикалық химияның талдау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Анализдің түрлері мен талдау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2. Сандық анализдің теориялық негіздері және оның әдістері мен аналитикалық реакцияларға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
3. Титриметрияның маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
3.1 Химиялық процестерге байланысты титриметриялық әдістің жіктелуі...11
3.2 Титриметриялық есептеулер. Химиялық реакциялардағы әрекеттесуші заттардың эквиваленттігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
3.3 Титриметриялық талдау әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
3.4 Титриметриялық анализ әдістерінің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
3.5 Қышқылдық.негіздік тирлеудің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Кіріспе


Аналитикалық химия – заттардың химиялық, кейде фазалық құрамына кіретін молекулалардың құрылымдық және кеңістік құрылысын анықтайтын әдістер туралы ғылым.
Аналитикалық химия заттың химиялық құрамын табуға қажетті әдістерді қарастырып, сол әдістердің теориялық негіздерін зерттеумен шұғылданатын химия ғылымының бір тарауы.
Аналитикалық химия-бұл заттардың құрамына кіретін атомдардың, молекулалардың, иондардың, яғни химиялық құрамын және солардың мөлшерін анықтайтын әдістер туралы ғылым. Заттың сапалық және сандық құрамы туралы мәліметтерді алу үшін, алдымен химиялық реакциялар жүргізіліп аналитикалық қасиеттерді іріктеу керек .Сондықтан аналитикалық химия студенттердің химиялық ойлауын қалыптастырып, анализді химияның ақырғы жетістіктеріне сүйеніп жүргізуді үйретеді, анализдің жаңа әдістемесін жасауға мүмкіндік береді.
Аналитикалық химияның маңызы:
- химиялық анализ жасау арқылы, атомдық масса, молекулалық масса, химиялық қосылыстардың формуласы белгіленеді.
- химиялық анализ ғылыми зерттеу жұмыстарында
- химиялық анализ өндірісте кең қолданылады
- химиялық анализ шикізаттың құрамын анықтау ү
Қолданылған әдебиеттер:
1. Құлажанов Қ.С. Аналитикалық химия Алматы Білім 1994.
2. Цитович И.К. Курс аналитической химии. М., 2004.
3. Васильев В.П. Аналитическая химия. кн. 1,2. М., Дрофа, 2003.
4. Отто М. Современные методы аналитической химии т.1,2. М., Техносфера, 2003.
5. Кельнер Р., Мерме Ж.М., Отто М., Видмер Г.М. Аналитическая химия. т. 1, 2. Перевод с англ. яз. М., Мир, 2004.
6. Құлажанов Қ. С. Аналитикалық химия Т. 1. Алматы 2004.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Аналитикалық химияның талдау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Анализдің түрлері мен талдау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2. Сандық анализдің теориялық негіздері және оның әдістері мен
аналитикалық реакцияларға қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
3. Титриметрияның
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..10
3.1 Химиялық процестерге байланысты титриметриялық әдістің жіктелуі...11
3.2 Титриметриялық есептеулер. Химиялық реакциялардағы әрекеттесуші
заттардың
эквиваленттігі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 13
3.3 Титриметриялық талдау
әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.16
3.4 Титриметриялық анализ әдістерінің
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
3.5 Қышқылдық-негіздік тирлеудің
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 25

Кіріспе

Аналитикалық химия – заттардың химиялық, кейде фазалық құрамына
кіретін молекулалардың құрылымдық және кеңістік құрылысын анықтайтын
әдістер туралы ғылым.
Аналитикалық химия заттың химиялық құрамын табуға қажетті әдістерді
қарастырып, сол әдістердің теориялық негіздерін зерттеумен шұғылданатын
химия ғылымының бір тарауы.
Аналитикалық химия-бұл заттардың құрамына кіретін атомдардың,
молекулалардың, иондардың, яғни химиялық құрамын және солардың мөлшерін
анықтайтын әдістер туралы ғылым. Заттың сапалық және сандық құрамы туралы
мәліметтерді алу үшін, алдымен химиялық реакциялар жүргізіліп аналитикалық
қасиеттерді іріктеу керек .Сондықтан аналитикалық химия студенттердің
химиялық ойлауын қалыптастырып, анализді химияның ақырғы жетістіктеріне
сүйеніп жүргізуді үйретеді, анализдің жаңа әдістемесін жасауға мүмкіндік
береді.
Аналитикалық химияның маңызы:
- химиялық анализ жасау арқылы, атомдық масса, молекулалық масса,
химиялық қосылыстардың формуласы белгіленеді.
- химиялық анализ ғылыми зерттеу жұмыстарында
- химиялық анализ өндірісте кең қолданылады
- химиялық анализ шикізаттың құрамын анықтау үшін
- анализге сүйеніп технологиялық режим тағайындау үшін
- дайын өнімнің сапасын анықтау үшін
Аналитикалық химия физикамен, геологиямен, металлургиямен,
медицинамен, ауыл шаруашылығы ғылымдарымен тығыз байланысты.
Мысалы: ауыл шаруашылығы саласында – топырақтың, тыңайтқыштың, мал
азығының құрамын білу үшін.
Қазіргі кезде аналитикалық химия жетістіктері тамақ өнеркәсібінде,
дәрі-дәрмекті дайындауда, жасыл өсімдіктердің химиясын зерттеуде, қоршаған
ортаны сақтау жұмыстарында көптеген мәселелерді шешуге қолданылады. Химия
пәнінің мұғалімі және маманы үшін аналитикалық химияның негіздерін білу өте
маңызды. Өйткені оны:
- өздігінен зертханалық тәжірибелерді жасауға, жүргізуге үйретеді;
- керек реактивті дұрыс таңдап алуына үйретеді;
- химиялық реакцияларды жүргізу үшін жағдайлардың маңыздылығын
ұмытпауды үйретеді;
- реакция нәтижесі негізінде логикалық дұрыс қорытынды жасауға
дағдыландырады[1].

Аналитикалық химияның талдау әдістері

Аналитикалық химия - зерттелетін заттың табиғатына байланысты
бейорганикалық және органикалық заттар анализі деп бөлінеді.
Атқаратын міндетіне байланысты химиялық анализдің химиялық құрамын
анықтаудың екі түрі болады. Олар сапалық және сандық болып бөлінеді.
Зерттелетін зат қандай элементар бөлшектерден, атомдар тобынан,
иондардан, не молекулалардан құралатынын сапалық анализ белгілейді.
Мысалы: H2SO4, H, S, O немесе 2H+, SO42-.
Ал зертттелетін заттың құрамына кіретін жеке элементтердің, атомдар
тобының, не иондардың мөлшерін немесе олардың сандық қатынасын анықтау
сандық анализдің міндетіне жатады.
H: S: O = 2:1:4 W%(H) = 2,04% W%(H+) = 2,04%
W%(S) = 32,65% W%(SO42-) = 97,96% W%(O) = 65,31%. (1)
Химиялық анализ жүргізу нәтижесінде зерттелетін заттың химиялық
формуласы белгіленеді[6].

Анализдің түрлері мен талдау әдістері

Элементтік анализ - заттың құрамындағы элементтердің түрін және
мөлшерін анықтау;
- фазалық анализ – зерттелетін заттағы фазалардың түрлерін және
мөлшерін анықтау;
Мысалы: болат құрамындағы көміртегі графит (С) және карбит күйінде
болады. Фазалық анализ жүргізу арқылы екі фазада да болатын көміртегінің
мөлшері анықталынады.
- құрылымдық анализ - үлгінің құрылымын анықтау, молекулаға
кіретін атомдардың кеңістіктегі орнын белгілеу (молекуланың
геометриясын анықтау: тетраэдрді CH4, NH3, H2O, CH3OH,
тригональды (sp2) этилен, бензол, сызықты (sp) ацетилен, CO2);

1 молекулалық анализ - зат үлгісінің құрамында болатын тұтас молекулалар
түрлерін анықтау. Мысалы: ауадағы СО2, N2, O2, NH3);

- функциональдық анализ - органикалық зат молекулаларындағы
функциональдық топтарының бар жоғын анықтау: ОН – гидроксид, NH2
– амин, NO(ІІ), NO2(IV) - нитро;
- Жалпы анализ - зерттелетін заттың жан - жақты зерттелуі,
Зерттелетін үлгінің мөлшеріне байланысты анализдеу Кесте 1
Ескі атауы Жаңа атауы Анықталынатын заттың мөлшері
г(қатты зат) мл(ерітінді)
Макроанали Грамм – әдіс 1 – 10 10 – 100
Жартылай Сантиграмм әдіс 0,05 – 0,5 1 – 10
микроанализ
Микроанализ Миллиграмм әдіс 10 – 100,1 – 10
Ультромикро Микрограмм әдіс 10 – 1010 –
анализ 10
Субмикро Нанограмм әдіс 10 – 1010 –
анализ 10

Анализдеу әдістері былай жіктеледі:
- химиялық (классикалық) әдіс;
- инструментальдық (физикалық және физика – химиялық) әдіс;
- биологиялық әдіс.
Анализге алынған заттың агрегаттық күйіне байланысты екі түрі
болады:
1. дымқыл анализдеу.
2. құрғақ анализдеу;
Зерттелетін зат қатты зат болса, ондай анализдің түрін құрғақ деп
атайды. Құрғақ анализдеу әдісінде реакциялардың орындалу әдістемесіне
байланысты анализдеу екі түрге бөлінеді:
- құрғақ тұздарды үйкелеу (ысқылау) әдісі.
- пирохимиялық әдіс. Бұл әдісте затты жанарғы отында қыздырады.
Орындалу техникасына байланысты екі түрлі болады:
- жалын түсінің боялуы:
- түрлі - түсті шыны алу[5].
Аналитикалық реакция түрлері.
Анализ жүргізу мақсатымен жасалған реакцияларды жалпы
аналитикалық реакция деп атайды.
Бір топ катиондар белгілі бір реагентпен бірдей нәтиже беріп
әрекеттесетін болса топтық реакция, ал әсер ететін реактивті топтық реагент
деп атайды.
Жеке(жекелік) реакциялар деп әрбір ион үшін ерекше белгімен жүретін
реакцияларды атайды.
Өзіндік реакциялар деп - тек бір ғана ионмен ерекше белгі беріп
жүретін реакцияларды, ал реагентті - өзіндік реагент деп атайды[3].

Сандық анализдің теориялық негіздері және оның әдістері мен
аналитикалық реакцияларға қойылатын талаптар

Химиялық сандық талдау пәні – заттардың сандық құрамын анықтауға
негізделген.
Сандық талдаудың міндеті – қосылыстың (анализденетін заттың) құрамына
кіретін химиялық элементтердің (немесе оның топтарының) мөлшерін және
анализденетін заттың құрам - бөліктерінің сандық қатынасын анықтау.
Сандық талдау әдісі жәрдемімен көптеген анықтауларды жүргізуге болады:

1. Заттардың атомдық, мольдік эквиваленттік массасын белгілеу;
2. Анализденетін зат құрылысына енетін құрамдас бөліктердің
мөлшерін анықтау;
3. Заттардың құрам-бөліктерінің ара қатынасын табу;
4. Ерітінді құрамына кіретін заттардың мөлшерін анықтау.
Сандық талдау әдістерінің – химиялық, биологиялық, геологиялық,
медициналық, экологиялық т.б. зерттеулер жүргізуде маңызы зор. Талдау әдісі
- қоршаған орта объектілері: топырақ, су, ауаны ластайтын заттардың
мөлшерін, құйманың, минералдардың, металлдардың, медициналық
препараттардың, ғарыштық обьектілердің, тағамдық өнімдердің, айналада
болатын улы заттардың, тыңайтқыштардың, және т.б. заттардың құрам –
бөліктерінің мөлшерін анықтауда кеңінен қолданады.
Сандық әдістер зат құрамының тұрақтылық заңына, зат массасының сақталу
заңына және эквиваленттік заңға негізделген.
Сандық талдау әдістері - химиялық, физикалық, физико – химиялық болып
бөлінеді. Соңғы екі әдісті аспаптық (инструментальдық) анализ деп те
атайды[2].
Химиялық әдістердің негізіне химиялық реакциялардың бірнеше типтері:
қышқылды – негіздік, тотығу – тотықсыздану, тұнба түзілу және комплекс
түзілу жатады.
Талдаудың химиялық әдістері:
– гравиметриялық
– титриметриялық
– газдық анализдер болып бөлінеді.
Гравиметриялық және титриметриялық әдістердің маңыздылығы жоғары. Бұл
аналитикалық әдістерді классикалық деп атайды. Көптеген жағдайда химиялық
реакцияның жоғары жылдамдығы және толық жүруі, аналитикалық әдістің негізі
ретінде химиялық әдістер біртіндеп инструментальдық әдістерге орын береді.
Бірақ олар дәлділігі жағынан қалыспайды: анықтаудың салыстырмалы қателігі
0,1 – 0,2% - дан аспаса, ал инструментальдық әдістердің қателігі – 2 – 5 -
20%. Классикалық әдістер, анықтау дұрыстығын бағалау үшін стандартты болып
табылады. Гравиметрия мен титриметрияның негізгі қолданылу аймағы –
заттардың үлкен және орташа мөлшерін анықтау[1].
Гравиметриялық әдіс – анықталынатын затты таза күйінде бөлуге және оны
дәл өлшеуге негізделген. Көбіне мұндай бөлу жұмыстары тұндыру арқылы
жүргізіледі. Анықталатын компонентті ұшқыш қосылыстар түрінде (айдау әдісі)
бөлу сирек қолданылады. Кейбір жағдайда гравиметрия – аналитикалық
тапсырмаларды шешудің тиімді әдісі болып табылады. Бұл салыстырмалы нақты
әдіс. Анықтау қателігі 0,1 – 0,005% - дан аспайды.
Титриметриялық әдіс – химиялық реакцияға түскен екі заттың көлемін
өлшеу арқылы анықталынатын заттың мөлшерін анықтауға негізделген. Реакцияға
түскен заттың біреуінің концентрациясы дәл белгілі болады, оны титрант деп
атайды. Реакцияның соңы индикатордың көмегімен және басқа тәсілдермен
айқындалады. Реакцияға кеткен реактивтің концентрациясы мен көлемін біле
отырып есептеулер жүгізіледі. Титриметриялық талдау әдісі эквиваленттер
заңына негізделген[3].
Анықтау қателігі 0,1 – 0,05% болады.
Газдық әдіс – анықталынатын газтәріздес заттардың көлемін өлшеуге
негізделген. Анализденетін үлгінің көлемін өлшеу қатты және сұйық заттарға
сіңіру немесе газды қоспаны жағу нәтижесінде жүргізіледі. Анализге алынған
газ қоспасының мөлшеріне байланысты макро – (100 мл газ), жартылай микро –
(2-10 мл), микроәдістер (1 мл) болып бөлінеді.

Титриметрияның маңызы

Титриметриялық анализ - химиялық реакцияға қатысқан анықталынатын зат
пен реагент ерітіндісінің (титрант) көлемін (массасын) дәл өлшеу арқылы зат
мөлшерін анықтауға негізделген сандық анализдің әдісі.
Ерітінді реагенттің концентрациясы дәл белгілі болу керек.
Концентрациясы белгiлi реагент ерiтiндiсiн титрант немесе стандартты
ерітінді деп атайды.
Реакцияға жұмсалған титранттың көлемін дәл өлшеу үшiн, концентрациясы
белгiлi зат ерiтiндiсiн (титрантты) бюреткадан бiртiндеп, тамшылатып
анықталатын А заттың ерiтiндiсiне қосады. Бұл процесс титрлеу деп аталады.
Сонымен титриметриялық анализде химиялық реакцияның аяқталу кезеңі
немесе соңы эквиваленттік нүкте деп аталады.
Химиялық реакцияның соңғы нүктесін анықтау үшін анализденетін зат
ерітіндісіне арнайы зат – индикатор қосады.
Титриметрияда қолданылатын химиялық реакциялар келесі талаптарға сай
болу керек:
1. реакция жоғары жылдамдықпен жүруі керек;
2. реакция іс жүзінде соңына дейін жүруі керек;
3. анықталынатын зат пен реагент (титрант) арасындағы реакция қатаң
стехиометриялы (эквивалентті) болу керек;
4. титрлеу процесі кезінде қосымша реакция жүрмеуі керек;
5. ерітіндідегі қосымша заттар реакцияға кедергі жасамау керек;
6. эквиваленттік нүктені белгiлеу (анықтау) әдiсi болу керек;
7. эквиваленттік нүктені анықтау үшін арнайы индикатор болу керек.
Титриметриялық анализдің жетістіктері:
- анализ нәтижесінің дәлдігі жоғары (анықтау қателігі 0,1%);
- анализдің орындалуы жылдам, әрі қарапайым;
- титрлеу процесін автоматтандыру мүмкіншілігі;
- бір ерітіндіден бірдей уақытта бірнеше затты анықтауға болады[5].

Химиялық процестерге байланысты титриметриялық әдістің жіктелуі

Барлық титриметриялық әдістер қолданылатын химиялық реакция типтеріне
байланысты үлкен екі топқа бөлінеді:
І. Ион алмасу реакцияларына негізделген - әдістер.
ІІ. Электрон жұптарының ауысуы реакцияларына негізделген - әдістер.
Бірінші топқа:
1. Қышқылдық – негіздік әдіс
Қышқылдық – негіздік әдіс қолданылатын титрантқа байланысты екі топшаға
бөлінеді:
- ацидиметрия – титрант ретінде қышқыл алынады, ал анықталынатын
зат сілті.
- алкалиметрия - титрант ретінде сілті, ал анықталынатын зат
ретінде қышқыл алынады.
2. Комплексиметрия әдісі – берік комплексті қосылыстар түзілу
реакцияларына негізделген:
Ag+ + 2CN- = Ag (CN)2-
- Меркурометрия - титрант Hg(NO3)2
- Комплексонометрия - титрант ЭДТА
- Цианометрия – титрант KCN
Қазіргі кезде көптеген металл иондарын анықтау үшін комплексонометрия әдісі
кеңінен қолданылады, онда стандартты ерітінді ретінде органикалық қосылыс –
комплексондар алынады.
3. Седиметрия әдісі – нашар еритін қосылыстар, тұнба түзілу
реакцияларына негізделген.
- Аргентометрия - титрант AgNO3
- Меркурoметрия - титрант Hg2(NO3)2
- Рoдaнометрия – титрант NH4SCN
Екінші топқа – тотығу – тотықсыздану реакцияларына негізделген
көптеген әдістер жатады, реакция барысында электрон жұптары ауысады.
Редоксиметрия әдісі қолданылатын титрантқа байланысты екі топшаға
бөлінеді:
- оксидиметрия - титрант ретінде тотықтырғыштар қолданылады.
- редоксометрия - титрант ретінде тотықсыздандырғыштар қолданылады[1].
Титрлеу әдісінің түрлері Кесте 2
№№ Титрлеу әдісі Титрлеу әдісініңАнықта-лынатыТитрант
топшалары н зат (Х) (концентрациясы
белгілі
ерітінді)
1 Қышқыл – негіздік Ацидиметрия Сілті (NaOH, Қышқылдар HCI
1 титрлеу әдісі KOH)
(бейтараптау
протолитометрия,
нейтралдау)
H3O+ + OH- = 2H2O
Алкалиметрия Қышқыл (HCI, Сілтілер (NaOH,
CH3COOH т.б.)KOH)
2 Редоксиметрия әдісі 1. Оксидиметрия Ox Тотғыштар
2 (тотығу–тотықсыздану 2. РедоксометрияRed Т–сыз - тар
титрлеу) а)ПерманганотомеFe2+, NO2-, KMnO4
aOx1 + bRed2 = aRed1 трия CNS- I2 (ox)
+ bOx2 б)Иодометрия KMnO4, MnO2, KI (red)
CI2, Na2SO3 K2Cr2O7
в)ДихромотометриRed Ce (IV)
я Red KBrO3
Г)цериметрия Red
Д)бромaтометрия
33 Комплексиметрия әдісіМеркурометрия Металдар Hg(NO3)2
Me + L = MeL
КомплексонометриМеталдар ЭДТА
я
Цианометрия Ni2+, Co2+, KCN
Al3+,
Zr(IV),
Th(IV)
4Седиметрия әдісі Аргентометрия Галогенидтер,AgNO3
4 (тұндыра түсіру Меркурoметрия Hg2(NO3)2
әдісі) Рoдaнометрия радонид, NH4CNS
Me + X = MeX↓ S2-, CrO42-,
PO43-

Титриметриялық есептеулер. Химиялық реакциялардағы әрекеттесуші
заттардың эквиваленттігі

1. Элементтің эквиваленті
2. Қышқылдың немесе негiздiң эквивалентi
Тотығу - тотықсыздану реакцияларындағы заттардың эквивалентi
Эквиваленттік фактор (fэкв). Титриметриялық анализде ерітінділердің
концентрациясын өрнектеу және ерітінділердің концентрациясын өрнектеудің
әртүрі.
Мольдік концентрация. См – деп белгілейді.
(2)
; (3)
Мұндағы, m – х заттың массасы (г), М – мольдік масса.
Эквиваленттің мольдік концентрациясы (СН немесе Сfэкв(Х), өлшем
бірлігі мольэквл) - 1 л ерітіндіде еріген заттың моль эквивалент мөлшері.
; (4)
Мұндағы, m –заттың массасы (г), Мf – эквиваленттің мольдік массасы.
Заттар өзара эквиваленттi мөлшерде әрекеттесетiндiктен, онда
стехиометриялық әрекеттесетiн екi зат үшiн келесi катынас орындалады:
Анықталынатын ерітіндінің белгілі бір көлемін VХ титрлеу барысында
эквиваленттік нүктені анықтауға кеткен титрант көлемін VТ өлшейді.
СХVХ = СТVТ; (5)
Титранттың эквивалентінің мольдік концетрациясын біле отырып,
анықталынатын ерітіндінің эквивалентінің мольдік концентрациясын келесі
формуламен есептейді:
; (мольэквл) (6)
мұнда с — эквиваленттің мольдiк концентрациясы, V — ерiтiндi
көлемi[3].
Концентрация мен эквиваленттің мольдік массасын қолдана отырып заттың
массасы мына формуламен өрнектеледі:
; (г) (7)
Мұндағы, mх –заттың массасы (г), Мf – эквиваленттің мольдік массасы,
Сн(х) эквиваленттің мольдік массасы.
Стандартты ерітіндінің титрі (Т, гмл) – 1мл ерітіндіде еріген заттың
грамм массасы.
гмл (8)
Мұндағы ТА - ерітіндінің титрі, mA – алынған заттың массасы, VА –
ерітінді көлемі.
Ерітіндінің эквивалентінің мольдік концентрациясымен байланысты
өрнектелген титр:
; моль ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аналитикалық химияның даму тарихы
Қазақстандағы аналитикалық химияның дамуы
Аналитикалық химияның түрлері
Аналитикалық химияны зерттеген ғалымдар
Аналитикалық химия функциялары
Аналитикалық химияның даму кезеңдері
Аналитикалық химия жайлы түсінік
Химияның маңызы және міндеті
Аналитикалық химия және экология.
Әлеуметтік экологиялық мәселелер
Пәндер