Туризмнің экономикалық сала ретінде



ЖОСПАР


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І.Тарау. Туризмнің Тарихы және Экономикалық мәні
1.1. Туризм саласының шығу тегі және дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Туризмнің экономикалық сала ретіндегі мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3 Қазақстандағы туризмнің дамуындағы негізгі мәселелері ... ... ... ... ... ... 16

ІІ.Тарау. Туризмнің дамуының әсер етуші факторлары

2.1. Туризмнің дамуына әсер етуші факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

2.2. Туризмнің ұлттық экономиканың дамуына әсері ... ... ... ... ... ... ... ..20


ІІІ. Тарау.Қазіргі кездегі Қазақстаның Республикасындағы туризмнің дамуынындағы пробемалары
3.1 Қазақстандағы қазіргі замандағы туризм мәселелері ... ... ... ... ... ... ..24
3.2 Қазаіргі кездегі туризм . қаржының негізгі көзі ретінде ... ... ... ... ... .26

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан тәуелсіздік алғалы ҚР заңдарын жетекшілікке алып, туристік қызметтің басқарылуына және халықтың тарихи, мәдени мұрасының қайта оралуына негіз қаланды. Сонымен қатар қабылданған заңдар, бұйрықтар мен ережелер халыққа шынымен де қызмет етуі тиіс. "ҚР туризм туралы" заңының көптеген пунктері түбірімен дұрыстауды талап етеді, өйткені, ол туристік қызметті барлық жағынан қамтымайды. Тек қана қаржылық жағдайларды, лицензияланған қарым-қатынасты, туристердің міндеттері мен негізгі құқықтарын ғана ашып бере алады. Біздің көзқарасымыз бойынша, мықты туризм индустриясын құру үшін туристік қызметтің заң шығару — нормативті базасын қатайту.
Қазақстанда туризмді дамыту үшін нормативтік – құқықтық база жасалады, 2001 жылы 13 маусымда «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» жаңа заң қабылданды. Ол туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін Қазақстан Республикасының экономика салаларының бірі ретінде анықтайды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда туризмнің бет алысы көңіл көншітерлік емес. Республикада 700-ге тарта туристік кәсіпорындар іс-әрекет жасап жатса да, бұл саланың экономикамызға сүбелі кіріс түсіргенін сезініп тұрмаған сыңайлымыз. Мұндай жайттың орын алуының себептері сан-алуан. Бірақ тәуелсіздігімізді алып, дербес ел ретінде дамуымыздың барысында бірқатар туризмге тікелей қатысы бар "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңы" және басқа қаулылар қабылданған болатын. Осының бәрі туризмді өркендету жолында жасалған оң қадамдар деп есептеуіміз қажет. Дегенмен туристік қызметтің келеңсіз жақтарын айқын ұғыну үшін туризмнін даму үрдісіне егжей-тегжей талдау жасап, оған бағалау жүргізу қажеттігі туындап отыр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1. Авторлар ұжымы «Турист серігі», Москва, 1998
2. Балабанов И.Т.,Балабанов А.И. «Экономика туризма», 1999
3. Биржаков М.Б. «Введение в туризм», Москва, «Издательский дом
Герда», 2005
4. Вавилов П.А. «Пять континентов», Москва, 1992
5. Воронкова Л.П. Москва, «Гранд», 2004
6. Грицкевич А.Б. «История туризма в древности»,2003
7. Дурович А.П. «Организация туризма», 2004
8. Ердавлетов С.Р. «География туризма» ,2000
9. Здоров А.Б. «Финансы и статистика», Москва, 2005
10. Кабушкин Н.И. Минск, «Новое знание», 2004
11. Кулдашина Н.М. «Экономика и финансы туризма», Москва, 2000
12. Окладникова Е.А. «Международный туризм», Москва, 2002
13. Ромодан Б.Б. «Искусство путешествий», 1995
14. Егемен Қазақстан газеті, 2 қараша № 42 , 26 - 27 беттер

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі.

Қазақ Экономикалық, Қаржы және Халықарлық сауда университеті.

“Экономика Бизнес” факультеті.

“Экономика кафедрасы”

Тақырыбы: “Туризмнің экономикалық сала ретінде”

Жетекші: Аға оқытушы

Оразаева З.А.

Орындаған:
Жолымбетова Ш.

ЭБ 103 топ Туризм

Астана 2008ж.

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І-Тарау. Туризмнің Тарихы және Экономикалық мәні
1.1. Туризм саласының шығу тегі және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..5
1.2 Туризмнің экономикалық сала ретіндегі
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3 Қазақстандағы туризмнің дамуындағы негізгі
мәселелері ... ... ... ... ... ... 1 6

ІІ-Тарау. Туризмнің дамуының әсер етуші факторлары

2.1. Туризмнің дамуына әсер етуші
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 18

2.2. Туризмнің ұлттық экономиканың дамуына
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. 20

ІІІ- Тарау.Қазіргі кездегі Қазақстаның Республикасындағы туризмнің
дамуынындағы пробемалары
3.1 Қазақстандағы қазіргі замандағы туризм
мәселелері ... ... ... ... ... ... . .24
3.2 Қазаіргі кездегі туризм – қаржының негізгі көзі
ретінде ... ... ... ... ... .26

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан тәуелсіздік алғалы ҚР
заңдарын жетекшілікке алып, туристік қызметтің басқарылуына және халықтың
тарихи, мәдени мұрасының қайта оралуына негіз қаланды. Сонымен қатар
қабылданған заңдар, бұйрықтар мен ережелер халыққа шынымен де қызмет етуі
тиіс. "ҚР туризм туралы" заңының көптеген пунктері түбірімен дұрыстауды
талап етеді, өйткені, ол туристік қызметті барлық жағынан қамтымайды. Тек
қана қаржылық жағдайларды, лицензияланған қарым-қатынасты, туристердің
міндеттері мен негізгі құқықтарын ғана ашып бере алады. Біздің көзқарасымыз
бойынша, мықты туризм индустриясын құру үшін туристік қызметтің заң шығару
— нормативті базасын қатайту.
Қазақстанда туризмді дамыту үшін нормативтік – құқықтық база жасалады,
2001 жылы 13 маусымда Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы
жаңа заң қабылданды. Ол туристік қызметтің құқықтық, экономикалық,
әлеуметтік және ұйымдық негіздерін Қазақстан Республикасының экономика
салаларының бірі ретінде анықтайды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда туризмнің бет алысы көңіл көншітерлік емес.
Республикада 700-ге тарта туристік кәсіпорындар іс-әрекет жасап жатса да,
бұл саланың экономикамызға сүбелі кіріс түсіргенін сезініп тұрмаған
сыңайлымыз. Мұндай жайттың орын алуының себептері сан-алуан. Бірақ
тәуелсіздігімізді алып, дербес ел ретінде дамуымыздың барысында бірқатар
туризмге тікелей қатысы бар "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет
туралы заңы" және басқа қаулылар қабылданған болатын. Осының бәрі туризмді
өркендету жолында жасалған оң қадамдар деп есептеуіміз қажет. Дегенмен
туристік қызметтің келеңсіз жақтарын айқын ұғыну үшін туризмнін даму
үрдісіне егжей-тегжей талдау жасап, оған бағалау жүргізу қажеттігі туындап
отыр.

Осы атап өтілген заңға сәйкес Қазақстандағы туристік қызметті
мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мынадай:
• туризмді экономикалық сала ретінде қарастыру;
• туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайды жағдай
жасау;
• туристік қызметтің басым бағыттарын анықтау және қолдау;
• Қазақстан Республикасындағы туралы туризм үшін қолайлы ел ретінде
түсінік қалыптастыру;
• Туризмнің және Қазақстан Республикасының туристтік ұйымдары мен
олардың бірлестіктерінің қауіпсізідігін, құқықтарын қор мүдделерімен
мүліктерін қорғау.
Туристтік қызметтің мемлекеттік және құқықтық жағдайларының негізгі
мақсаттары:
❖ туристтік қызмет саласында азаматтардың думалуға, еркіне қозғалуға
құқықтарын қамтамасыз ету;
❖ қоршаған ортаны қорғау;
❖ туризмді тәрбиелеуге, білімін арттыруға және сауықтыруға
бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау;
❖ саясаттау кезінде азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін
туристік индустрияны дамыту;
❖ жаңа жұмыс орындарын құру, туристтік индустрия есебінен мемлекет
пен Қазақстан Республикасының азаматтарының табысын ұлғайту;
❖ халықаралық туристтік қатынастарды дамыту.
Курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттерден тұрады.

І-Тарау. Туризмнің Тарихы және Экономикалық мәні
1.1. Туризм саласының шығу тегі және дамуы

Қазақстан аумағында туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіншіліктер бар.
Бастауын б.д.д. үшінші мың жылдықтан алатын Ұлы Жібек жолының пайда болуы
мен дамуы тарихи негіз болып табылады. Табиғи климаттық жағдайларына
байланысты, Қазақстан рекреациялық ресурстарға, ерекше әсем табиғи
ескерткіштерге бай және қазақ даласында ата-бабамыздан келе жатқан баға
жетпес құнды мәдени мұралары да шексіз. Айтарлықтай туристік-ресурстық
потенциалы, түрлі табиғи ортасы және жануарлар әлемі бай елдің экологиялық
туризмді дамытуға үлкен мүмкіншілігі бар.
Туризм тарихы ертеден басталады. Ол XIX ғасырдың аяғында пайда
болып, осы қалпында қалыптасты. Қоғамдық қарым-қатынас пен техника және
технологияның қарқынды даму кезеңінде — XX ғасырдың екінші жартысында
туризм гүлдене дами түсті. Бүгін де туризм ірі капиталдарды, негізгі
қаражаттарды және еңбек ресурсының ауқымды бөлігін іске қосқан, әлемдік
валдық өнімнің 11 пайызына дейін орын алып отырған ірі әлемдік сала. Бұл
жаһандану деңгейдегі салмақты саясат, үлкен ақша және ірі бизнес болып
саналады.
Туризм үш ең ірі экспорттық салалардың құрамына автомобиль жасау және
мұнай өндіру өнеркәсібінен кейін енеді. Туризм өз кезегінде әлемдік
шаруашылықтың ең қарқынды және өз шығынын өзі өтей алатын түрі болып
саналады. Франция, Испания, Грекия, Түркия, Венгрия және Египет елдерінде
туризм мемлекет бюджетіне өте үлкен кіріс кіргізетін негізгі экономиканың
саласы болып табылады.
Егеменді Қазақстан да туризмнің дамуына мемлекет экономикасы мен
қоғамында дәрежесін көтеруге көңіл бөлуде. Әлемдік нарықта Қазақстанның түр
өнімдерінің қозғалысына әсер ететін туризм индустриясының дамуына және бұл
мәселелерді қалыптастыру жөніндегі зерттеулер, сонымен қатар 1992 жылдан
бері көптеген заңдар енгізілді. Қазақстанның қазіргі экономикасында туризм
рөлі үздіксіз өсуде. Тек соңғы 2003 жылы елімізге келген туристер саны −
229 014 адамды құрайды. Өкінішке орай, Қазақстанда туризм саласының әлі де
тиімсіздеу екенін айта кетуге тиіспіз. Шығу туризмі бойынша қызмет
көрсетілген туристердің жалпы саны − 94 692 адамды құрайды. Ішкі туризм −
98 332 адам көлемінде. Ең төменгі көрсеткішті келу туризмі құрайды, ондағы
адам саны − 44990. Бұны пайыз тұрғысынан қарасақ, шығу туризмі − 48 % тең,
ал келу туризмі тек − 19 % ғана көтерілген. Шығу және келу туризмінің
арасында үлкен айырмашылық бар екенін сандар көрсетіп отыр, бұл Қазақстанда
келу туризмін дамытудың қажеттілігін білдіреді.
Осы таңда Қазақстан Республикасында туризм индустриясын өркендету
жөніндегі үлкен проблема туып отыр. Осы заманғы туризм индустриалды формасы
бар, ұлттық экономиканың дамуының негізгі катализаторы болып табылатын,
жаңа жұмыс орнын пайда болдыратын, ұлттық кірістің өсуіне әсер ететін,
жергілікті халықтың тұрмысын көтеретін экономикалық құбылыс. Туризм
саласында алдыңғы қатардағы шетелдің туризм индустриясын мысалға алсақ,
оған салынған инвестициялардың тез өзін өзі ақтауының ең жоғарғы
тиімділігін көреміз. Бұл дегеніңіз, туризм өзі жетілген мемлекеттің
экономикасына оң ықпалын тигізеді деген сөз.
Экотуризмнің дамуы республикадағы барлық табиғи-шаруашылық кешенінің
дамуына, сонымен қатар, елдің әлеуметтік-экономикалық басты мақсаты
тұрғындарды салауатты өмір сүру үшін қоршаған ортаның жақсы жағдайда болуын
қамтамасыз етеді. Дәл осы уақытта шетелдерде туризмнің экстремалды және
экзотикалық бір түрі болып есептелетін ғарыштық туризм қарқындап дамып
келеді.
Қазақстан аумағында атақты "Байқоңыр" космодромы болғандықтан шетелдің
ғарыштық мүмкіндіктерінен еш кем түспейді. Аталған туризм түріне дұрыс
қарап, дамуына жағдай жасаса, Қазақстан өз байлығын көбейтіп, түскен
пайданы экологиялық проблемаларды шешуге және табиғатты қорғау шараларына
жұмсар еді.
Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін, туризм басқа да экономикалық
салалар секілді жоғарыдан қатты шектеулі болатын. Толықтай тарихи
архитектуралық, археологиялық, мәдени және табиғи көз тар-тар ескерткіштері
жарнамаланбады және керек болмады. Кеңес одағы кезінде Қазакстанда
туризмнің жоғары рөліне қарамай, идеологиялық қызмет атқаратын, мәдени-
таныту жұмыстары жүйесінің бір ғана элементі болып, экономикалық маңызы жоқ
болып келді.
Қазақстанда туризм индустриясының дұрыс дамымауының бір себебі, онымен
мемлекеттік дәрежеде, экономиканың бір саласы ретінде мақсатты түрде ешкім
де айналыспады. Туризмді кешенді болжауға, ұзақ уақытты жобалауға, аумақтық
ұйымдастыруға және мемлекеттік емес туристік құрылымдарға жете көңіл
бөлінбеді. Саланың дамуының тежелуіне себеп болған жағдайдың бірі,
жергілікті органдардың туристік қызметі, одан түскен қаржының үлкен бөлігі
жергілікті бюджетке түсетініне сенбеуі.
Қазақстан тәуелсіздік алғалы ҚР заңдарын жетекшілікке алып, туристік
қызметтің басқарылуына және халықтың тарихи, мәдени мұрасының қайта
оралуына негіз каланды. Сонымен қатар қабылданған заңдар, бұйрықтар мен
ережелер халыққа шынымен де қызмет етуі тиіс. "ҚР туризм туралы" заңының
көптеген пунктері түбірімен дұрыстауды талап етеді, өйткені, ол туристік
қызметті барлық жағынан қамтымайды. Тек қана қаржылық жағдайларды,
лицензияланған қарым-қатынасты, туристердің міндеттері мен негізгі
құқықтарын ғана ашып бере алады. Біздің көзқарасымыз бойынша, мықты туризм
индустриясын құру үшін туристік қызметтің заң шығару — нормативті базасын
қатайтуымыз керек.
Қазақстанның туристік нарығы әлемдік және халықаралық стандарттар
бойынша бәсекеге қабілетті емес. Жергілікті рекреациялық және сауықтыру
мекемелерінің, турагенттіктерінің ұсынатын туренімі шетелдің орташа
қамтамасыз етілген саяхатшысының сұранысын қанағаттандыра алмайды. Бұл
жерде мемлекет тарапынан туризм индустриясының дамуы туралы үлкен
бағдарламаны енгізіп, осы бағдарламада қойылған мақсаттарға жету және
тапсырмалардың орындалуы қатаң қадағалануы қажет. Ең бастысы, келу туризмін
белсеңділендіру үшін елдің үлкен сеніміне нек артуымыз керек. Бұл туризмнің
өн бойын қалыптастыратын туристік индустрияның "Клондайғы" болып табылады.
Нақ осы сәтте Қазақстан Республикасында 713 туристік фирмалар мен
агенттіктер жұмыс істейді. 2004 жылдың басынан 107,2 мың туристер мен
экскурсанттарға қызмет көрсетілген. Бұл қызметтен кірген кіріс 1 млрд.
156,8 млн. теңгені құрай отырып, өткен жылмен салыстырғанда 1,6 есеге
көбейген 1-сызбада Қазақстанға шетел туристерінің келуі және Қазақстан
азаматтарының шетелге шығу динамикасы көрсетілген. Берілген сызбаға сәйкес,
2001 жылы Қазақстанға келген шетел туристерінің саны 2 692 590 адамды
құрайды. Туристердің келуінің ең жоғары көрсеткіші 2002 жылы байқалды.
Соңғы 2003 жылы шетел туристерінің біздің елге сапарының құрт төмендеп
кеткенін байқаймыз. Осылайша, 2001 жылмен салыстырғанда 2002 жылы келген
туристердің саны 1 млн. адамға көбейген, ал өз кезегінде 2003 жылы 2002
жылмен салыстырғанда адам саны жарты миллионға кеміген. Мұндай көрсеткіштер
2001 жыл жалпы әлем практикасында туризм үшін қиын болғандығын көрсетеді.
АҚШ-тағы 11-қыркүйекте болған лаңкестік әрекеттің салдары барлық әлемге,
Азия аумағына, мұсылман елдеріне кіретін Қазақстанға да әсерін тигізді.
2002 жыл, керісінше Қазақстанның туризм саласына жақсы болды, өйткені
біздің елімізге келген туристердің ең көп көлемі осы жылы байқалды.
Бұл әлеуметтік-экономикалық деңгейдің көтерілуімен және саяси жағдайдың
бір қалыптылығымен байланысты. Бұған қарамастан Қазақстанға туристердің
келу саны тағы да төмендегенін байқаймыз. Мұның себебі, шетелдермен
іскерлік қарым-қатынастың төмендеуі болып табылады. Іскерлік және кәсіби
мақсатпен Қазақстанға қызыға келген туристер саны 62,4% құрай отырып, уақыт
өте келе төмендей тусуде. Сонымен қатар Қазақстанның көрікті жерлерін,
туристік объектілерін шетелге кең түрде насихаттайтын жарнамалар да
елімізде жоқ.
Қазақстанның туризмі әлемнің көптеген елдерінде туристік өкілдіктер мен
тур орталықтарға және әлемдік нарыққа қазақстандық тур өнімдерін енгізуге
кең ауқымды жұмыстарға зәру.
Қазақстанда шетелге шыққысы келетіндердің саны жыл сайын арта түсуде.
2001 жылы кетушілер саны 229 378 адамды құраса, бұл 5%, ал 2002 жылы 47%
құрады. 2003 жылы бүл сан 48% көтерілді, яғни, кетушілер саны 2 374 021
адамды құрады (1-қосымшаға қараңыз). Мұндай динамика біздің азаматтардың
жағдайының жақсарғанын көрсетеді. Олар өз елінің табиғи объектілеріне емес,
шетелдің тур өніміне қызығушылық танытады. Бұл өз кезегінде Қазақстанның
инфрақұрылымының төмендігін, ал шетел қызмет көрсету деңгейінің жоғары
дәрежеде екенін көрсетеді.
Нақ осы сәтте Қазақстанның туризм саласы алға жылжу байқалғанымен
туризм дамуының айтарлықтай жақсарғанын көре алмай тұрмыз, жыл сайын шетел
туристерін тарту үшін әр түрлі іс-шаралар мен жәрмеңкелер ұйымдастырылып
тұрса да, бұл тек теңіздегі тамшыдай ғана. Осы мәселеге жан-жақты және
кешенді түрде қарауымыз қажет. Туризм дамуына байланысты сұрақтарды
мемлекет дәрежесінде шешіп, оның әрі қарай дамуына барлық жағдай жасалуы
тиіс.

1.2 Туризмнің экономикалық сала ретіндегі мәні

Қазақстанның дербес елдер қатарына қосылып, көк байрағымызды
желбіреткеніне жеті жыл болып қалды. Экономикамыздың өтпелі кезеңнен батыл
қадамдармен шығып кетуінің бірден-бір амалы - туризм индустриясын құрып,
дамыту қажеттігі туып отыр. Жалпы "туризм"' ұғымын екі тұрғыдан,
біріншіден, адамдардың" дүниетанымын саяхат жасау арқылы кеңейту,
екіншіден, экономиканың тиімді саласы тұрғысынан қарастыру керек. Дүние
жүзі елдері тәжірибесіне жүгінсек, Малайзия 1996 жылы 8 миллион турист
қабылдап, қыруар ақша пайда тапты. Азияның қуыршақтай ғана Бахрейн, Кувейт
секілді елдері туризмді экономиканың ажырамас және маңызды саласы ретінде
өрістету үстінде.
Қазақстанда туризм индустриясының өркендеуі шетел валютасының ағылуына,
бюджеттің өсуіне, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарының көбеюіне,
халықтың өмір деңгейі мен кірістің ұлғайюына әкеліп соқпақ.
Еліміздегі туризмнің қазіргі халі мәз емес. Ескірген материалдық-
техникалық база мен ыңғайластырылмаған көлік инфрақұрылымы халықаралық
деңгейге жете қоймаған. Сол себептермөн Қазақстан әзірше әлемдегі
мемлекеттер арасында тартымды туристік аудандар қатарына қосылған жоқ.
Бірақ қайталанбас, сұлу табиғат жағдайларына бай жеріміз дүнім дүние
туристерін өзіне тартып, қомақты пайда түсіруі әбден мүмкін.
Тәуелсіз Қазақстанда көптеген туристік фирмалардың жұмысы кең етек
жайды. Олар алуан түрлі қызмет көрсету арқылы ұсыныстарды молайтады.
Бүгінгі күнде фирмалардың басым көпшілігі Қазақстан Республикасы
азаматтарын алыс шет елдерге аттандырады және де олардың дені негізінде шоп-
туризммен айналысуда. Бұл құбылыстың белгілі себептері көп, солардың
бастысына өтпелі кезеңдегі экономикалық дағдарыс нәтижесінде жеңіл һәм
тамақ өнеркәсібі мен өңдеу салаларының құлдырауы жатады. Шол-туризм
арқасында халық тұтынатын тауарлардың бізге толық мөлшерде импортталуы
байқалуда және базардың арзан өнімдерге толуы өріс алуда. Кіру туризміне
көз жүгіртсек, оның өтө баяудамып отырғанын көреміз.
Жалпы туристік ағынның 69,2%-і шығу туризмі де, 11%-і кіру туризмі, ал
19,8%-ін ішкі туризм құрайды. Бір қызық жайт, шығу туризмінде алыс шет
елдердің үлес-салмағы үстем (96,1%), ТМД-ға 3,9% ғана. Кіру туризмінде де
ТМД-дан келушілер 26,2% қана.
Сатылған жолдамалар құны шығатын туристерге шаққанда 95% болса, кіру
мен ішкі туризмге 3,5% пен 1,5% сәйкес келеді. Осы мәліметтерді
қорытындылар болсақ, алыс шетжақ Еліміздегі туризмнің қазіргі халі: мәз
емес. Ескірген материалдық-техникалық база мен ыңғайластырылмаған көлік
инфрақұрылымы халықаралық деңгейге жете қоймаған. Сол себептермен Қазақстан
өзірше әлемдегі мемлекеттер арасында тартымды туристік аудандар қатарына
қосылған жоқ. Бірақ қайталанбас," сұлу табиғат жағдайларына: бай жеріміз,
дүнім дүние туристерін өзіне тартып, қомақты пайда түүсіруі әбден мүмкін.
Азаматтарға сапар шегу әрі қолайлы, әрі арзанға түседі. Резидент емес
және өз азаматтарымыздың келуі мен реслублика ішінде қозғалуы айтарлықтай
пайда әкелмейді.
Ал Қазақстан экономикасында туризм әлі сауда балансының теріс сальдосын
көрсетуде.
Дүниежүзілік туристік ұйымның (ДТҰ) анықтауынша, елдер ең алдымен
туристерді жеткізіп беруші және қабылдаушыд болып екіге бөлінеді. Қазақстан
осының алғашқы тобына жатады (1-кестедегі мәліметтер). Күллі әлемде
"жеткізіп беруші елдерге" жоғары дамыған, ірі өнеркәсіп әлеуетіне ие
мемлекеттер енеді. Біздің республикамыз "қабылдаушы елдер" санатына кіруі
керек еді (Марокко, Непал, Оман, Түркия сияқты). Алайда өндірісіміздің
құлдырауы, тұрақты дәстүрлі қатынастардың үзілуі, сонымен қатар адамдардың
арзан тауар кездерін іздеп, шет жақтарға ағылуы нәтижесінде "шоп-туризмнің"
құрт өсуі бәсеңсір емес.
Ал туристер мен экскурсанттарға 1998 жылғы қызмет көрсету кестесін
Қазақстан Республикасының 5 экономикалық ауданына бөліп құрастырғанда (1-
кесте), жағдай былай боп шығады.
Қазақстанның 5 экономикалық ауданындағы туристерге қызмет көрсету
мөлшерін қарастыра отырып (1-кесте), мынандай қорытынды жасауға болады:
резидент еместер (ҚР азаматтары емес) мен резиденттердің (ҚР азаматтары)
көп бөлігіне Алматы қаласында туристік қызмет көрсету деңгейі тиісінше 77
һәм 69 процент екен. Түсімнің де қомақты бөлігі Алматы қаласы үлесіне
тиген, яғни резидент еместерден 93%, ал резиденттерден 54%. Тек аз ғана
сыбағасы (28%) Орталық Қазақстан экономикалық ауданының резиденттеріне
(7,3%) келсе, Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының бір Ақмола
облысының өзі 5,9% резиденттерді қамтыды. Бұл ауданның барша резиденттер
санының жартысы болып тұр. Шетел туристерінің Алматыдан кейінгі ат басын
көбірек тіреген жері Шығыс Қазақстан өңірі (15%). Осыдан ұғынарымыз,
шетелдіктердің басымы оңтүстік астанамызда шоғырланса, өз азаматтарымыздың
дені "шоп-туризмді" солтүстік астанаға қарай өрістетіп, дамытып жатыр.
Қазақстанның табиғат ерекшеліктері кез келген туристі бейжай
қалдырмайтынына біз кәміл сенеміз. Ендігі ой-мақсатымыз жоғары тиімді
түризм индустриясын дұрыс жолға қойып, дамытудың кейбір міндеттерін ашып
көрсету. Олар:
- республикадағы бүкіл туризм инфрақұрылымын жүйеге келтіріп, болашаққа
бағыт-бағдарын анықтау қажет;
- туризм объектілеріне көлік пөн коммуникация байланысының қолайлылығын
жақсарту;
- қонақ үйлер, кемпингтер, мотельдерді салу кезінде маусымдық
ерекшеліктеріне көңіл бөлу; :
- туризмдегі жарнама мен үгіт-насихат жұмысын озық технологиялық
әдістерді пайдалана отырып жүргізу;
- шетелдік және отандық инвестицияларды туризм саласына тартудың көзін
табу.
Қазақстанда дербес және тиімді телекоммуникациялар жүйесін құру
қажеттігі туып отыр. Жалпы, туризмнің өркендеуі осындай инфрақұрылым
түрімен тікелей байланысты. Туризм индустриясында байланыс шапшаңдығы
маңызды қызмет ретінде қарастырылады. Сол себепті ақпарат жылдамдығы
әлемдік деңгейге сай келуі шарт.
Туризмде көлік байланысының рөлі орасан зор. Теміржол, автомобиль және
әуе қатынасының дамуы Қазақстанның өзіне тән ерекшеліктерін аңғартуы тиіс.
Трансазиялық темір жол магистралінің негізін қалау мақсатымен, 1991 жылы
Достық-Алашанькоу темір жол өткелін іске қосқан еді. Ал 1996 жылы Серахс-
Мешхед темір жол аралығын енгізгеннен кейін, Ұлы Жібек жолы бойымен жаңа
үлгідегі қатынас өрлей түсетіні сөзсіз.
Қазақстан Республикасының көлік жүйесінде темір жол ең арзан қызмет
көрсету нысаны ретінде халыққа танымал. Әсіресе ішкі туризм дамуында оның
рөлі айрықша. Қазіргі уақытта осы көліктің қозғалысын үнемді пайдалану
мақсатымен Жезқазған-Қызылорда (ұзындығы 419 ш), Семей-Павлодар (184 км),
Өскемен-Шар (143 км) тәрізді темір жол тармақтарын салу қолға алынулы.
Туризм индустриясының келік инфрақұрылымында автомобиль жолдары да өте зор
маңызға ие.
Қазақстанда дербес және тиімді телекоммуникациялар жүйесін кұру
қажеттігі туып отыр. Жалпы, туризмнің өркендеуі осындай инфрақұрылым
түрімен тікелей байланысты. Туризм индустриясында байланыс шапшаңдығы
маңызды қызмет ретінде қарастырылады. Сол себепті ақпарат жылдамдығы
әлемдік деңгейге сай келуі шарт..
Қазақстанның туристерді жеткізіп беруші еддерден қашық орналасуы әуе
көлігін өркендетіп, дамытудың маңыздылығыи дәлелдей түспек. Болашақта
әлемдік деңгейдегі әуе порттарын республикамыздың барлық облыс
орталықтарында салып, ұйымдастырылуына шүбә келтірмейміз.
Туристік байланыс жүргізу барысында автомобиль магистральдары
дүниежүзілік деңгейге сай болуы керек. Бүгінгі таңда Қазақстанда бүкіл
жолдар ұзындығы 87,7 мың километрге тең немесе аумағымыздың 1000
километріне шаққанда 32,2 км келіп түр, Олардың 17,4 мың шақырымы
республикалық маңызы бар автотрассалар, ал бүның 11,8 мың километр жолы
халықаралық жағдайға жетпек.
Сыртқы экономикалық байланыстарымыздың өсуі нәтижесінде туризмнің
қапыптасу кезінде басымдық бағыттардың ішінде теңіз қатынасының өрлеуі
айқындалуда, Қазақстанның әзірге жалғыз Ақтау теңіз портының
реконструкциясы мен кеңейтілуі жүргізіліп жатыр. Оның жаңа мәнге бетбүрысы
круизді туризмнің өркендеуіне мүмкіндік берері хақ. Бұл тұрғыда әуе көлігі
туризм инфрақұрылымының ең жаңа элементі ретінде туризм индустриясының
ажырамас әрі жылдамдығы жағынан елеулі бөлігі болып саналады. Туристік
компаниялар, фирмалар әуе компанияларымен көлтеген шарт жасасып, екі жаққа
да түсімнің ортақ үлесін бөліседі. Қазақстанның туристерді жеткізіп беруші
елдерден қашық орналасуы әуе көлігін өркендетіп, дамытудың маңыздылығын
дәлелдей түспек. Болашақта әлемдік деңгейдегі әуе порттарын
республикамыздың барлық облыс орталықтарында салып, ұйымдастырылуына шүбә
келтірмейміз.
Аталған көлік жүйесімен қатар, туристік инфрақұрылымның ішіне
орналастыру мен тамақтану базалары жатады. Қонақ үйлер, кемпингтер,
мотельдер жаңадан бой көтеріп келе жатыр. Оларды халықаралық деңгейге
жеткізу болашақта тұрған күрделі мәселелердің бірі. ДТҰ-ның мәліметі
бойынша, әлемдегі қонақ үй қорының 49%-і Еуропада орналасқан, Ресейдің
қонақ үй қоры (4878 қонақ үй) Европаға шаққанда 3%-ін ғана құрайды. Ал
Қазақстанда әзірше орналастыру объектілерінің саны 25 болса, олардағы орын
саны 4040 болып белгіленген. Сонымен бірге, қонақ үйлер, мотельдер мен
пансионаттар басқа, қосымша орналастыру мекемелері қалыптасу шағында.
Оларға жастар турбазалары, отбасы демалысына арналған рекреациялық
орталықтар, тау лашықтары және жалға берілетін пәтерлер, саяжай үйлері,
фирмалар, т.б. қосылады.
Тамақтану базасы салыстырмалы түрде жақсы дамыған. Бірақ жалпы туристік
қызмет көрсету дәрежесіне толық жетпеген. Жаңа әдістерді пайдалану арқылы
туристерге қолайлы ресторан, кафе, бар тәрізді мекемелерді жол бойында,
шалғай аудандарда да салып, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар
негізінде бой түзеген тамақтану орындарын көбейте берген абзал.
Қазіргі кездө "Туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы" ,
"Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың тұжырымдамасы", Қазақстан
Республикасының "Туризм туралы Заңы" сияқты Үкімет қаулылары бар. Оларға
жүгіне отырып, болашаққа арналған Қазақстандағы туризм дамуының басымдық
бағыттарын анықтаған едік:
- туризмді экономиканың басқа салалары деңгейіне теңдестіріп, оның
бір қалыпты өрістеуін бақылау;
- туристік инфрақұрылымды қайта жабдықтау және жаңа талаптағы
объектілерді салу;
- шет елдің алдыңғы дамыған туристік компанияларымен, корпорацияларымен
қоян-қолтық қатынас жасап, тәжірибе алмасу;
- туризмдегі көлік пен коммуникациялар жүйесін әлемдік стандарттарға
жеткізу;
- халықаралық туризм үшін кадрлар даярлап, олардың кәсіптік
біліктілігін арттыру;
- ғылым мен техникадағы жетістіктерді туризмді басқару мен үйлестіру
мақсатында пайдалану;
- туризмге жанама қатынасты кешендердің барлығын аталмыш саланы дамыту
ойымен жұмылдыру.
Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-2000 жылдарға
арналған іс-қимыл бағдарламасы дер кезінде жарияланды. Үкімет шетелдік және
отандық инвестицияларды салаға тарту жөніндегі жұмыстарды күшейтеді, сондай-
ақ ел туралы кешенді туристік ақпарат дайындауға және оны кең таратуға
кіріседі.
Бұл бағдарлама Қазақстанда туризм индустриясын құрып, дамытуға септігін
тигізеді деп біз кәміл сенеміз.

3. Қазақстандағы туризмнің дамуындағы негізгі мәселелері

Соңғы 20 жыл ішінде шетел туристерінің көші-қоны өсуінің қарқыны жылына
5,1%-ті құраса, олардан түскен валюта құны 14%-ті құраған. Туризм қазіргі
қоғамдағы бүкіл инфрақұрылымның дамуын ынталандырады: экономика, мәдениет,
әлеуметтік сала және коммуникациялар. Туризм индустриясының қалыптасуына
әсер ететін бірден-бір фактор — туристік өнімді насихаттауға жұмсалған
шығындар. Дүниежүзілік туристік ұйымның (ДТҰ) мәліметтері бойынша ұлттық
туристік өнімді насихаттауға жұмсалатын шығындар ұлттық туристік бюджеттің
орташа алғанда 56%-ін құрайды, мәселен Израиль мемлекеті 203 млн. долларды,
Испания — 135 млн. долларды, Таиланд — 92 млн. долларды жүмсайды. Ұлттық
туристік өнімді насихаттау барысы кең етек жайып, әр салынған долларға
шаққанда табыс көлемі - Францияда 375 долларға, Испанияда 319 долларға,
Австралияда 78 долларға тең болады. Ал Қазакстанда мұндай шараларды жүзеге
асыруға аз сома бөлінеді.
Мамандардың есептеуі бойынша бір туристің келуінен түсетін табыс
мөлшері біздің елден әлемдік нарыққа 9 тонна көмір, не болмаса 15 тонна
мұнай немесе жоғары сапалы бидайдың 2 тоннасын шығарғанмен парапар. Бірақ
көмір мен мұнайды өндіру таусылатын байлықтарымыздың азаюына, экологиялық
ахуалдың нашарлауына әкелсе, туризм индустриясы қалпына келетін ресурстар
негізінде жұмыс жасайды.
Мысалы, Қырғызстанда туризм үлкен қарқынмен дамып келе жатыр. Бұл елде
шетел туризмнің құндық көрсеткіштерінің тұрақты өсімі байқалады. Оған бүкіл
табыс көлемінің 62,8%-ті тиесілі (туристердің барлық санының 43%-ті
келеді). Бауырлас республикада туристік қызмет құрылымында ішкі туризм —
38,1%, ал одан түскен табыс — 32,2% құраған. Шығу туризмнен түскен табыс 4%
болса, туристердің саны 18,3% тең.
Өзбекстанда қызметтің сапасы мен номенклатурасына, туристік-
экскурсиялық қызмет көрсетудің формалары мен әдістерінің түрлілігіне жаңа
талаптар қойылып жатыр.
Туризмнің материалдық-техникалық базасын құру және дамытуға көңіл
бөлінуде. Бұл процестің өрбуі инвестициялық әлеуетті екі бағыт бойынша
қолдану арқылы жүзеге асуы мүмкін:
1.Қазір іс-әрекет жасап тұрған материалдық-техникалық база негізінде
туристік-экскурсиялық қызметтің сапасы мен көлемін жоғарылату.
2. Материалдық-техникалық базаны одан әрі қарай дамыту, туристік
мекемелер торабын кеңейту және қосымша туристік ресурстарды игеру.
Қазақстанды аталған мемлекеттермен салыстыра отырып, туризмнің дамуы
бәсеңдеу қарқынмен жүріп жатқанын айтуға болады. Алматы қаласының АҚШ-тың
Аризона штатындағы бауырлас Тусон қаласы, тек туризм арқасында өз бюджетін
жыл сайын 3 млрд. 800 млн. АҚШ долларына байытып отырады.. Бұл сома
Қазақстанға түсетін шетел инвестицияларының көлеміне тең.
2002 жылы Қазақстан туризмнен 1690289,3 мың теңге мен 29,8 мың АҚШ
доллар бар сома табыс алды (2 кесте). 2000 жылы туристік фирмалар
қызметінен түскен табыс мөлшері 1882684,7 мың теңге және 623,4 мың АҚШ
долларын құрады. Келу туризмі бүкіл теңгедегі табыстың 14,3%-тш және АҚШ
долларында табыстың 46,5%-тін құрады. Шығу туризмі теңгеде 74,4%, ал АҚШ
долларында 53,5%-ті құрады. Ішкі туризмнен түскен табыс көлемі 11,3%-ті
қамтыды.
2002 жылы келу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризмнің даму тарихы
Туризмді жеке экономикалық сала ретінде зерттеу
Қазақстан туризмінің қазіргі жағдайы
Туризм мәні
Халықаралық туризмнің тарихи даму эволюциясын қарастыру
Қазақстан Республикасының туризмді дамытудың экономикалық көрсеткіштерін талдау
Қазақстан Республикасы оңтүстік аймағында мәдени туризмнің даму ерекшеліктері
ҚР туризм түрлерінің бағдарламалық түрде ұйымдасуы мен жүргізілуін теориялық және тәжірибелік тұрғыда қарастыру
Zhan Travel турфирмасы негізінде тұрақты туризмді дамыту жолдарын талдау
Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы
Пәндер