Интерактивті тақтаның информатика пәнін оқытудағы мүмкіндіктері 050111- информатика мамандығы бойынша


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Информатика және қолданбалы математика кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
«» 2011 ж.
кафедра меңгерушісі,
тех. ғ. к., доцент
Г. И. Салғараева
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Интерактивті тақтаның информатика пәнін оқытудағы мүмкіндіктері
050111- Информатика мамандығы бойынша
Орындаған
Ғылыми жетекшісі,
Алматы, 2011 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларының мүмкіндіктері
1. 1 Ақпараттық технологияларына қысқаша сипаттама . . .
3
5
2. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктерінің көмегімен сабақ жоспарларын жасау
1-Cабақ . . .
2-Cабақ . . .
3-Cабақ . . .
4-Cабақ . . .
5-Cабақ . . .
6-Cабақ . . .
7-Cабақ . . .
8-Cабақ . . .
9-Cабақ . . .
10-Cабақ . . .
11-Cабақ . . .
12-Cабақ . . .
13-Cабақ . . .
14-Cабақ . . .
15-Cабақ . . .
Кіріспе
Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектептерде интерактивті тақтамен жұмыс істеу алға қойылып отырған мәселелердің бірі. Инерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. Оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылықпен жұмыс істеуіне көп септігін тигізеді, ыңғайлы, тиімді.
Интерактивті тақта әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертуі мүмкін. Олар сабақтан тыс, уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы.
Интерактивті тақта - барлық сыныпты оқыту үшін таптырмайтын құрал. Бұл визуалды ресурс мұғалімнің жаңа материалдарды оқушыларға өте тартымды және тез жеткізуіне көмектеседі. Бұл тақта ақпараттарды әр түрлі мультимедиялық ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік береді: мұғалімдер мен оқушылар материалдарды түсіне және жете толық игере алады. Қиын мәселелерді жеңіл түсіндіріп, схемаларды беруде өте ыңғайлы.
Мұғалім қандай да бір материалдарды тартымды және динамикалық түрде жеткізу үшін тақтаны пайдалана алады.
Тұжырымдарды және абстракциялы идеяларды түсіндіруде мұғалім үшін таптырмайтын құрал ретінде келетін, тақта оқушыларға жаңа материалдармен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді. Тақтада логикалық байланыстарды туғыза отырып, объектілерді қозғалтуға және ақпараттарды жеңіл ауыстыруға болады. Оқушылардың ойларын экранның өзіне жазып және бірте-бірте оқушылардың зейінін аудара отырып, тақтада мұғалімдер өз іс-әрекеттерін түсіндіре, дауыстап талқылай алады.
Зерттеу барысында оқушылар үшін, мұғалімдер үшін интерактивті тақталар тапсырмаларды тартымды ететінін, әр түрлі динамикалық ресурстарды пайдалануға болатынын және ынтасын жақсартатынын байқауға болады. Онымен жұмыс жасауда оқушылардың білімін тексеруге де болады. Мұғалімнің дұрыс сұрақтары оқушыларға тақтада не көрсетілген, материалдарды жақсы түсінуге мүмкіндік бере, дискуссияны кеңейтеді.
Материалдарды пайдалануда шығармашылық іс-әрекетте интерактивті тақтамен жұмыс жасау қарапайым қарастырылған. Барлық материалдар даяр болған жағдайда, файлдар мен бет парақтарын (сабаққа қажетті) басқада бір ресурстарға қосуға болады. Бұл оқу ісін жоспарлауға және сабақты өткізуге өте қолайлы. Интерактивті тақтада объектілер мен жазуларды жеңіл қозғалтуға, мәтінге түсініктеме қосуға, суреттер мен диаграммаларды, бастау аймақтарды белгілеуге және түстерді қосуға болады. Сондай-ақ суреттерді немесе графиктерді, мәтіндерді жасыруға болады, сондан кейін қажетті уақытта көрсетуге болады. Мұғалімдер және оқушылар көпшілік назарын аудара отырып, осының барлығын тақтада сынып алдында жасайды.
Алдын-ала дайындалған мәтіндер, кестелер, диаграммалар, суреттер, музыка, карталар, тематикалық CD-ROM-дар, сондай-ақ мультимедиалық файлдарға гиперсілтемелер және интернет ресурстар сабақты құнарлы етеді. Сіз кәдімгі жай тақтаға мәтінді жазуға немесе экраннан пернетақтаға көшуге көп уақыт құртпайсыз. Перо құралын қолдана отырып, барлық ресурстарға экранның өзінде түсініктеме беруге және көшірмелерді келесі сабаққа сақтап қоюға болады. Өтілетін сабақ файлдарын әрқашанда ашуға және өткен материалдарды қайталауға болады.
Интерактивті тақта мұғалімнің сыныптағы әрбір оқушыға ақпаратты тиімді жеткізуіне көмектеседі. Әрине, барлық қажетті бағдарламалармен компьютерде отырып жұмыс жасауға болады, сондай-ақ, экранның көлемі жұмыс жасауда барлық оқушылардың қатысуына мүмкіншілік бермейді., Бірақ, сіз сол материладарды интерактивтік тақта арқылы көрсете отырып, сыныптағы оқушылардың зейінін аудара аласыз.
Интерактивті тақта бұл ауыр паталогиялық және дамуда қиындықтары бар балалармен жұмыс жасауда, психологиялық орталықтарда коррекциялық міндеттердің қажеттілігін, білім беру мәселесін шешуде тиімді құрал болып саналады.
- Ақпараттық-коммуникациялық технологияларының технологияларына қысқаша сипаттама
Ақпараттық - коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында « Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр -ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» - деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық - техникалық кешен болып саналатын « Активті экран » болып табылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды
қалыптастырудың бір жолы.
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық базасына, ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне, оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне,
оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу - тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.
Қазіргі уақытта жаратылыстану - ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивтісөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат - оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып саналады.
Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық - психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Еліміздегі саяси, әлеуметтік - экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында мектептерде жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.
XXI ғасыр - ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер, интерактивті құралдардың көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық - психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі ролі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.
Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай - ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне байланысты. Сонымен қатар, әлдебір елде қазіргі технологияның дамуы мен қолдануының деңгейі оның материалдық базасының дамуымен қатар емес, негізінен қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады.
Жедел дамып отырған ғылыми - техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналады. Ақпараттық - технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің ролі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық - телекоммуникациялық технологиялар маңызды роль атқарады.
Жаңашыл қоғамды ақпараттандыру үрдістері және олармен тығыз байланыстағы білім беру жүйесінің барлық формаларын ақпараттандыру үрдістері жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларын (АКТ) меңгеру және жапай тарату үрдістерімен сипатталады. Мұндай технологиялар қашықтан оқыту және ашық білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы мен оқып үйренушінің арасында қарым-қатынас орнату және мағлұмат алмасу үшін белсенді қолданылады. Жаңашыл оқытушы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар төңірегіндегі білімдерді игеріп қана қоймай, сондай-ақ оларды өзінің кәсіби іс-әрекетінде пайдалана алатын маман болуы тиіс.
Компьютерлік желілердің және басқа оның ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарының арасындағы баламалары пайда болуынан білім беру жаңа сапаға ие болды. Ол бірінші кезекте жер шарының кез келген жерінен ақпараттарды жылдам алу мүмкіндігімен байланысты болды. Интернет ауқымды желісі арқылы әлемдік ақпарат ресурстарына (электрондық библиотекалар, мәліметтер қоры, файлдар қоймалары және т. б. ) жылдам қол жеткізуге мүмкіндік бар. Интернеттің әйгілі ресурсы - WWW бүкіл әлемдік өрмегінде екі миллиардтай мультимедиялық құжаттар жарияланған.
Желіде АКТ-ның басқа да құралдарын пайдалануға мүмкіндіктер бар. Олардың қатарына электрондық пошталарды, сілтемелер тізімдерін, жаңалықтар топтамаларын, чаттарды жатқызуға болады. Нақты уақыт режимінде сұхбаттасу үшін байланыс орнатылғаннан кейін дыбысты, суреттерді, пернетақтадан еңгізілген мәтінді және кез келген файлды жіберу мүмкіндігін беретін арнай программалар жасалынған. Бұл программалар жойылған қолданушылар бірігіп жергілікті компьютерде қосылған программалармен жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Компьютерлік желілер арқылы жіберілетін мәліметтерді сығудың жаңа алгоритмдерінің пайда болуынан дыбыс сапасы едәуір артты және кәдімгі телефон желілеріндегі дыбыс сапасына жуықтады. Осының нәтижесінде жаңа АКТ құралы - Интернет - телефония салыстырмалы түрде екпінді дами түсті. Арнайы программалық қамтамасыз ету мен құрылғылардың көмегімен Интернет арқылы аудио және бейнеконференциялар өткізуге болады.
Телекоммуникациялық желілерде ақпараттарды іздеу тиімділігін қамтамасыз ету үшін жасалынған автоматтандырылған іздестіру құралдары бар. Олардың мақсаты - компьютерлік желілердің ақпарат ресурстары туралы мәліметтерді жинап, қолданушыларға жылдам іздеу қызметін ұсыну. Іздестіру жүйелері арқылы бүкіл әлемдік өрмектің құжаттарын, мультимедиялық файлдарды және программалық қамтамасыз етуді, адамдар және мекемелер туралы мекен-жайлық ақпаратарды іздеуге болады.
АКТ желілік құралдарының көмегімен оқу-әдістемелік және ғылыми ақпараттар алуға, консультациялы көмек беруді жылдам ұйымдастыруға, ғылыми зерттеу жұмыстарын модельдеуге, нақты уақыт аралығында виртуальды сабақтар (семинарлар, дәрістер) жүргізуге үлкен мүмкіндіктер бар.
Қашықтан оқыту және ашық білім беру жүйелерінің көзқарасы бойынша маңызды болып келетін АКТ-ның бірнеше негізгі кластары бар. Бейнежазбалар мен телевидениялар осы технологиялардың бірі болып табылады. Қашықтан оқыту жүйесінде дыбыстық пошта кеңінен қолданылады. Қазіргі уақыттағы ақпараттық және коммуникация технологияларының асинхронды құралдарының танымал түріне ауқымды телекомуникациялық компьютерлік желілер жатады. Бұл байланыста Internet, Bitnet, TUNet сияқты халықаралық және ұлттық желілерді пайдаланудың білім берудегі өзектілігі белгілі.
Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу - ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда - мектеп.
Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу - тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүиежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет » деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.
Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.
Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты - терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Интерактивтік тақтасын қолдану барысында мұғалімдер уақытты қалай үнемдейді.
Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек.
Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Сабақ дайындығына дұрыс уақытты қалай бөлу керек?
Әр сабақта пайдаланатын көрнекі құралдарды қалай дайындайды. ? Біз аталған сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.
Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар.
Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивтік тақтаны падаланатын мұғалімдер ғана айта алады. Қызметтестер мен біріге отырып сабақта дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады.
Мұғалімдердің көрсетуінше интерактивтік бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады, мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға болады, бұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады.
Оқу материалдар базасын жасау, қызметтестермен жасаған материалдарды өз сабағында пайдалану арқылы мұғалімдер уақытын үнемдейді. Материалдарды оқып үйрену барысында интерактивтік тақтаны пайдалану білім өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді, сондықтан мұғалімдердің дайындаған материалы оқушыларға түсініктірек болады.
Көп мұғалімдердің байқағанындай сабақтың оқушыларға қызықты және дәлелді (мағыналы) болады, және оны (оқушылар) жылдам есте сақтайды. Интерактивтік тақта оқу сапасын жоғары деңгейде тағы да мұғалімдердің уақытын үнемдейді, оған бұрын өтілген материалдардың екінші рет қайталауға қажеті жоқ.
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны пайдаланып білім берудің әр түрлі аспектілерін дамытуға болады. Олар: ақпаратты өңдеу, оқытудың мотивациялық, коммуникациялық және танымдық аспектілері.
Ақпараттық технологиялардың оқыту үрдісіндегі ақпараттық-коммуникативтік қызметін төмендегі сызбадан көруге болады.
Білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер және интербелсенді тақта саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі- бағдарламалық-техникалық кешен болып саналатын «Белсенді экран» болып табылады. Бұл кешен білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға арналған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.
Интерактивтік тақтаны дұрыс түсіну керек, ол сиқыршының таяғы емес. Неге десең сабақтағы барлық мәселелерді өзі шешіп және сабақты еліктендіретін болған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz