Медицина жетістіктеріндегі медициналық микробиологияның қосқан үлесі. тарихи даму барысында микробиология, вирусология және иммунологияның мақсаттары және міндеттері



Жоспар:

I. Микробиологияның даму тарихы.
Микробиологияның даму кезеңдері
Микробиологияның даму жолдары
II. Микробиологияның мақсаты мен міндеттері.
III. Микробиологияның даму тарихы.
IV. Микроорганизмдердің жалпы сипаттамасы
V. Қорытынды
VI. Пайдаланған әдебиеттер
Микробиологияның даму тарихы.
Микробиологияның дамуы көптеген мыңжылдықтармен байланысты. Біздің эрамызға дейінгі V-VІ мыңжылдықта адам микроорганизмдердің бар екенін білмей-ақ оларды қолданған. Шарап жасау, нан пісіру, сүт өнімдерін жасау, тері илеу -микроорганизмдердің қатысуымен өтетін процестер. Көне заманда ғалымдар мен ойшылдар көптеген ауруларды тірі табиғаттағы кезге көрінбейтін бөтен себептер тудырады деп есептеген. Бұдан шығатын қорытынды микробиология біздің эрамызға дейін қалыптасқан. Өзінің дамуында хронологиялық емес, негізгі жетістіктер мен ашылуларға байланысты бірнеше кезеңдерден өтті.
Микробиологияның даму тарихын бес кезеңге бөлуге болады: эвристикалық, морфологиялық, физиологиялық, иммунологиялық және молекулярлы-генетикалық.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

У.Т.Арықпаев,Г.Д.Асемова. “Микробиология және вирусология”-Астана 2005ж.
К.Х.Алмағамбетов. «Бактериялардың генетикасы”-Астана 2000ж.
К.Д. Пяткин “Микробиология”. Москва, “Медицина”, 1980. 511бет, 406-433бб..
2. М.Н. Лебедева “Руководство к практическим занятиям по медицинской микробиологии” 311бет. 246-260бб..
3. Ү.Т. Арықпаева, Г.Д. Асемова, К.Х. Алмағамбетов “Микробиология және вирусология” жалпы бөлім. Астана, 2005 205бет, 45-46бб.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Астана Медицина Университеті АҚ
Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология вирусология кафедрасы

С Ө Ж

Тақырыбы:
Медицина жетістіктеріндегі медициналық микробиологияның қосқан үлесі.
Тарихи даму барысында микробиология, вирусология және иммунологияның
мақсаттары және міндеттері. Дәрігердің тәжірибесінде осы пәндердің маңызы.

Орындаған: Мұстафа И
Топ : 225 ЖМ
Қабылдаған: Ботбаева М.Т

Астана 2014ж

Жоспар:

I. Микробиологияның даму тарихы.
Микробиологияның даму кезеңдері
Микробиологияның даму жолдары
II. Микробиологияның мақсаты мен міндеттері.
III. Микробиологияның даму тарихы.
IV. Микроорганизмдердің жалпы сипаттамасы
V. Қорытынды
VI. Пайдаланған әдебиеттер

Микробиологияның даму тарихы.
Микробиологияның дамуы көптеген мыңжылдықтармен байланысты. Біздің
эрамызға дейінгі V-VІ мыңжылдықта адам микроорганизмдердің бар екенін
білмей-ақ оларды қолданған. Шарап жасау, нан пісіру, сүт өнімдерін жасау,
тері илеу -микроорганизмдердің қатысуымен өтетін процестер. Көне заманда
ғалымдар мен ойшылдар көптеген ауруларды тірі табиғаттағы кезге көрінбейтін
бөтен себептер тудырады деп есептеген. Бұдан шығатын қорытынды
микробиология біздің эрамызға дейін қалыптасқан. Өзінің дамуында
хронологиялық емес, негізгі жетістіктер мен ашылуларға байланысты бірнеше
кезеңдерден өтті.
Микробиологияның даму тарихын бес кезеңге бөлуге болады: эвристикалық,
морфологиялық, физиологиялық, иммунологиялық және молекулярлы-генетикалық.
Эвристикалық кезең келесі ғалымдардың атымен байланысты: Гиппократ, рим
жазушысы Варрон, итальяндық дәрігер Д.Фракасторо (contagium vivum - тірі
контагия туралы ой). Аурудың көзге көрінбейтін қоздырғыштарының болуы
туралы дәлелдеулер тек микроскоп ашылғаннан кейін ғана мүмкін болды.
Бұл голланд ғалымы А. Левенгуктың есімімен
байланысты. Осы кезеңді морфологиялық кезең деп атайды.
Физиологияльщ кезеңде француз ғалымы Л.Пастердің атқарған еңбегі зор.
Атап айтар болсақ, ашыту, шіріту, құтыруға қарсы вакцина, пастеризация,
аттенуация процестері. Осы кезеңнің аяғында орыс биологы Д.И.Ивановский
Vira патшалығыньщ өкілі - вирусты ашты. Қазіргі кезге дейін ауру туғызатьш
1000-нан астам вирустардың түрлері анықталды. Соның ішінде ЖПИТС (жүре
пайда болған иммунды тапшылық синдромы) жаңа вирус болып табылады. Бұл
вирусты ашқан ғалымдар Л.Монтанье және Р.Галло,
Вакцинация туралы Л.Пастердің еңбегі микробиологияның жаңа кезеңі -
иммунологияның негізін қалады (аттенуация әдісі). Л.Пастерден кейін вакцина
қолдану барысында иммунитеттгің түзілу себебі мен механизмі туралы көптеген
зерттеулер жүргізілді. Бүл турасында еңбегі сіңген ғалымдар И.И.Мечников
пен П.Эрлих. П.Эрлих - неміс ғалымы -иммунитеттің гуморальды (латынша һитог
- сүйықтык) теориясын үсывды. Ол иммунитет уды бейтараптайтын қандағы
антидененің түзілуіне байланысты деп санады. Мүның дәлелі ретівде Э.Беринг
пен С.Китазато күл (дифтерия) немесе сіреспе токсинін бейтараптайтын
антитоксиндер - антиденені ашты. Бірақ И.И.Мечниковтың зерттеуі бойынша
иммунитеттің түзілуінде ерекше жасушалар - макро- және микрофагтардың
маңызы аныкталған.
Иммунологиялыц кезең генетикалық бөтендігі бар заттарға иммунды жүйенщ
негізі реакцияларының ашылуымен сипатталады: антиденнің түзілуі мен
фагоцигоз, жоғары сезімталдықтың баяу түрі (ЖСБТ), жоғары сезімталдықтың
жедел түрі (ЖСЖТ), толеранттық, иммунологиялық ес. ЖСБТ мен ЖСЖТ -
аллергияның (грекше allos -басқа, ergon - әсер) негізіyде жататын
реакциялар. 1915 жылы орыс дәрігері М.Райский иммунологиялық ес қүбылысын
ең алғаш бақылады, яғни қайта түскен антигенге антидененің жылдам түзілуі.
1953 жылы ағылшын ғалымы П.Медавар мен чех ғалым М.Гашек толерантгық,
шыдамдылық, антигенге тұрақтылық қүбылысын ашты, яғни антигенге карсы
иммунды жүйе жауап бермейді. Иммунологиялық толеранттылык кұбылысы мүше мен
тін ауыстыру мәселесін шешуде транспланталогияда колданылады. Бұл кезеңнің
маңызды ашылулары адам мен жануардын қалыпты мүшелері және тіндері
антигендерінің, жекелей адамдар мен жануарлардың антигендік айырмашылығымен
байланысты. (Чистович Ф.Я., 1898; Ландштейнер К, 1900)
Микробиология мен иммунология XX ғасырдың 50-60-шы жылдарында қарқынды
дамыды. Бүл келесі себептерге байланысты:
-молекулярлы биология, генетика, биоорганикалық химия
саласындағы маңызды ашылулар;
-генетикалык инженерия, биотехнология, информатика сияқты жана
ғылымдардың пайда болуы;
- тірі табиғаттьщ кұпияларына терең енуге мүмкіндік беретін жаңа
әдістер мен ғылыми аппаратураларының жасалуы.
Осылайша, 50-ші жылдары микробиология мен иммунологияның дамуында
молекулярлы-генетикалық кезсң басталды, бүл келесі маңызды ғылыми
жетістіктер мен ашылулармен сипатталады:
-көптеген вирустар мен бактериялардың молекулярлы қүрылымы мен
молекулярлы-биологиялық мағынасының ашылуы; тіршіліктің қарапайым түрлері -
жүқпалы ақуыз - прионның ашылуы;
-бірқатар антигендердің химиялык кұрамы мен химиялык
мағынасыньщ ашылуы;
-жаңа антигендердің, мысалы ісік, гистосойкестілік (НЬА-жүйе)
антигендерінің ашылуы;
-антидене-иммуноглобулиндер кұрылысының ашылуы;
-жануар дақылы мен өсімдік ластаушасының әдістерінің және вирусты
антигендерді алу мақсатында өнеркәсіптерде өсірудің өвделуі;
-ата-аналық даралардың қасиеттеріне және жаңа қасиеттерге ие
болатын рекомбинантты бактериялар мен рекомбинантты
вирустардың алынуы. Вирустар мен бактериялардың жеке гендерінің
түзілуі.
-моноклональды антиденелерді алу мақсатында антидененің өнімі -
иммунды В-лимфоцит пен ісік жасушаларының қосылу жолымен
гибридтерді жасау;
-иммунды жүйенің эндогенді табиғи реттегіштері
иммуномодуляторлар-иммуноцитокиндер дің (интерлейкиндер, интерферондар және
т.б.) ашылуы және оларды әртүрлі аурулардан
сақгандыру мен емдеу үшін қолдану;
-биотехнология әдістері мен генетикалык инженерияны қолдана
отырып вакциналарды (В гепатитке, безгекке қарсы вакцина, АИТВ
(адамның иммунды тапшылық вирусы) мен басқа антигендер),
биологиялық белсенді пептидтерді (интерферон, интерлейкин, өсу
факторлары және т.б.) алу;
-табиғи немесе синтетикалық антигендердің және олардың бөлшектері
негізінде синтетикалық вакциналарды, сондай-ақ жасанды
тасымаддаушы - адъювант (кемекші) - иммунитетті күшейтуді өңдеу;
-туа пайда болған және жүре пайда болған иммунды тапшылықты і
зертгеу және олардыд иммунопатологиядағы маңызы мен иммунды
түзету емдеуін өңдеу; Иммунды тапшылықты тудыратын
вирустардьщ ашылуы.
-жұқпалы және жұқпалы емес аурулар диагностикасында жаңа
әдістердің өңделуі (иммунды фермешті, радиоиммуңды сараптау,
иммуноблоттинг, нуклеин қышқылдарының гибридизациясы). Осы
әдістердің негізінде микроорганизмдердің индикациясы,
идентификациясы үшін, жүқпалы және жұкпалы емес аурулар (ісік, жүрек-
кантамыр, аутоиммувды, эвдокринді және басқалар) диагностикасы үшін тест-
жүйелері жасалынды, және кейбір жағдайлардағы бұзылыстардың табылуы
(жүктілік, қан қүю, мүшелерді алмастыру т.б.).
Осы уақыт кезеңінде бірқатар жаңа вирустар (геморрагиялық Ласса, Мачупо
қызбасы; ЖИТС - жүре пайда болған иммунды тапшылық вирусын тудыратын вирус)
мен бактериялар (легионер ауруының коздырғышы) ашылды; жаңа вакциналар мен
басқа да сақтандыру препараттары (қызылшаға қарсы, полиомиелит, паротит,
кене энцефалиті, В гепатитке карсы вакциналар, сіреспеге, газды гангренаға
және ботулизмге қарсы полианатоксиндер), жаңа диагаостикалық препараттар
жасалынды.
Микробиология мен иммунологияньщ дамуына осы кезеңде шет елдік
(Ф.Бернет, Д.Солк, А.Сэбин, Д.Села, Г.Эдельман, Р.Портер, Д.Келер,
Ц.Мильштейн, Н.Ерне, С.Тонегава және басқалар), ресей ғалымдары
(А.А.Смородинцев, В.Д.Тимаков, П.Ф.Здродовский, Л.А.Зильбер, В.М.Жданов,
З.В.Ермольева, М.П.Чумаков, Р.В.Петров және басқалар) және казақстандық
ғалымдар (Айкимбаев М.А., Классовский Л.Н., Сарбасова Ш.И. тағы басқалар)
үлкен еңбек сіңірді.
МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ
Микроорганизмдердің жалпы сипаттамасы. Биосферада тірі ағзалар өте
көптеп орналасқан. Оның бірі макроәлемді, басқалары -микроәлемді құрайды.
Макроәлемге жануарлар, құстар, өсімдіктер, жәндіктер мен басқа да көзге
көрінетін организмдер жатады; микроәлемге өсімдік және жануар текті көзге
көрінбейтін өте ұсақ тірі организмдер жатады; бұлар негізінен бактериялар,
саңырауқұлақтар, қарапайымдылар мен вирустар. Жобамен алғанда биосферада
бактериялардың саны 1030 -дейін жетеді, ал вирустар мен қарапайымдылардың
санын тіпті есепке алу қиын.
Микроорганизмдер молекулярлы-биологиялық құрылымына байланысты
прокариоттар мен эукариоттарға бөлінеді. Прокариоттар (грек тілінен
аударғанда karyon - ядро) - ядролық мембранасы және жоғары құрылымды
органеллалары жоқ тіршіліктің ядроға дейінгі бір жасушалы қарапайымдылары.
Бұл бактериялар, соның ішінде актиномицетгер мен көк-жасыл балдырлар.
Эукариоттарға тұрақты ядросы және жоғары құрылымды органеллалары бар
біржасушалы және копжасушалы ағзалар - қарапайымдылар, саңырауқүлақтар,
балдырлар (тек кек-жасыл балдырдан баскасы) жатады. Прокариоттар мен
эукариоттардың белгілі құрылысы, тіршілігінің арнайы тұрі бар және басқа
тірі организмдермен, сондай-ақ тірі емес табигатпен биоценозды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медицина жетістіктеріндегі, дәрігердің тәжірибесінде медициналық микробиологияның қосқан үлесі
Микробиологияның даму кезеңдері
Медициналық микробиологияның тарихи дамуындағы микробиология, вирусология және иммунологияның алатын орны
Медицина прогрессіндегі медициналық микробиологияның рөлі
Микробиология пәні және тапсырмалары. Медициналық микробиологияның даму кезеңдері. Микроорганизмдерді жүйелеу принциптері. Бактериальды клетканың морфологиясы, қүрылысы және химиялық қүрамы
Микробиология туралы түсінік
Иммунологиялық кезең
Микробиология және вирусология ғылымдарының даму тарихы
Микробиология ғылым ретінде қалыптасуы
Биолог ғалымдар және олардың ғылыми еңбектерін оқу үрдісінде пайдалану жолдары
Пәндер