Микробтың паразитизмнің эволюциясы және патогендік микроорганизмдердің шығу тегі



І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі болім.
А. Патогенді микробтар туралы жалпы түсінік.
Б. Патогенді микробтардың қасиеттері.
В. Микроорганизмдің инфекциялық процестегі рөлі.
ІІІ. Қорытынды.
Адамдардын, жануарлардың немесе өсімдіктердің макроорганизмі үшін патогендік дәрежесіне карай барлык микробтарды топқа бөледі; патогенді, сапрофитті және шартты-потогенді.
Патогенділер - бұл адамдардын, жануарлар мен өсімдіктердің жұқпалы ауруларының қоздырғыштары. Эволюция барысында патогенді микробтардын адаптациялануының тереңдегені сонша, олар белгілі бір уақытта макроорганизммен тыс жағдайда бола
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. “Медициналық микробиология”Б. А. Рамазанова, Қ Құдайбергенұлы.
2. Микробиология және вирусология. Ү.Т. Арықпаев, К.Х. Алмағанбетов, Н.М. Бисенова, Ә.Ө. Байдүйсенова, Н.Б. Рахметова, Г.Д. Асемова.
3. Интернет желісінен

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандық: Жалпы медицина
Кафедра: Микробиология және вирусология, имуннология
Дисциплина: Микробиология
Курс: II
Тобы: 207 Б
Тақырыбы: Микробтың паразитизмнің эволюциясы және патогендік микроорганизмдердің шығу тегі.
Орындау түрі: мәнжазба

Орындаған: Тәжіғос А.Т.
Тексерген: Кеулімжаева А.Е.

Ақтөбе 2016
Жоспары

І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі болім.
А. Патогенді микробтар туралы жалпы түсінік.
Б. Патогенді микробтардың қасиеттері.
В. Микроорганизмдің инфекциялық процестегі рөлі.
ІІІ. Қорытынды.

Адамдардын, жануарлардың немесе өсімдіктердің макроорганизмі үшін патогендік дәрежесіне карай барлык микробтарды топқа бөледі; патогенді, сапрофитті және шартты-потогенді.

Патогенділер - бұл адамдардын, жануарлар мен өсімдіктердің жұқпалы ауруларының қоздырғыштары. Эволюция барысында патогенді микробтардын адаптациялануының тереңдегені сонша, олар белгілі бір уақытта макроорганизммен тыс жағдайда бола алатынына қарамастан, микроорганизімде тіршілік етуі микробтың биологиялық түр ретінде сақталуына қажетті шарт болып табылады. Осыған орай, үшін ауру- бұл эволюция барысында макроорганизмен симбионттық қатынас қалыптасуының нәтижесі болып табылады.

Сапрофиттер немесе патогенсіздер - бұл өсімдіктердің және жауарлардың өлі тіндермен немесе олардың тіршілік ету кезіндегі өнімдермен қоректенетін микробтар. Әрбір түрлердің қоректік субстраттарға талғамдық дәрежесі әртүрлі болады. Олар макроорганизмге байланысты емес, оларға тек қана дайын органикалық заттар қажет.

Кейбір микробтар, мысалы, күйдіргі және сіреспе қоздырғыштары топырақта сапрофиттер ретінде тіршілік етеді.Метаболиттер көзі және тіршілік ету ортасы ретінде пайдалану үшін макроорганизмге енгеннен кейін олардың патогенділігі көріне бастайды.

Шартты-патогенділер бұл- организге тиісті жағдайда, яғни макроорганизмнің резистентілігі күрт төмендеп, көп мөлшерде микроорганизмнің ішкі ортасына түскенде ауру туғызушылық әсер ететін микробтар. Олар патогенді микробтар мен сопрофиттердің аралық жағдайында орын алады. Шартты патогенді микробтарға адамдардың қалыпты микрофлорасының өкілдері немесе жұқпалы аурулар тудыра алатын еркін өмір сүруші микробтар жатады.

Патогенді микробтар- ұзақ мерзімді қатал эволюциялық даму барысында сапрофиттерден пайда болған паразиттер. Бұл кезде олар ферменттік жүйелерінің бірқатарын жоғалтқан. Өйткені көптеген заттарды дайын түрінде макроорганизм береді. Олар әртүрлі органдарда, тіндерде және жасушаларда гетеротрофты паразиттік қоректену типіне бейімделген. Жасушаішілік паразиттік тіршілік ету қабілеттілігіне қарай осындай микробтарды топқа бөлуге болады; жасуша ішілік облигатты паразиттер, жасушаішілік факултативті паразиттер және жасушадан тыстық облигатты паразиттер.

Облигатты жасушаішілік паразиттер өзінің қоректік қажеттілігін тек қана жасушаішілік тіршілік ету жағдайында қанағаттандырады. Әрине жасушаішілік ортаның жасушадан тыс ортадан көптеген физикалық- химиялық қасиеттері бойынша айырмашылығы бар екенін, бұл орта жасушадан тыс жағдайда тіптен болмайтын органикалық заттарға, АТФ-қа бай. Мұндай ортада тіршілік етуге қажетті дайын заттар көп, ақуыз синтездеуші жүйе бар. Жасуша микробтардың метаболизмдік, энергетикалық, генетикалық және ақуыз синтездеушілік қажеттілігін қамтамасыз етумен қатар, оларды жасуша мембранасы арқылы өтпейтін, антиденелердің, фагоциттердің, бактериофактардың және антибиотиктердің әсерінен қорғайды. Жасушаішілік паразиттер жасуша ішінде сақталуға және өсіп-өнуге жақсы бейімделген. Жасушаішілік инфекция дамуында нысана- жасуша макрофактар болып табылады, мұндай рөлді жасушалар атқаруы мумкін. Бұл макрофактардың микробтарды белсенді түрде жұтып сіңіру қабілеттілігімен байланысты, ал микробтар өз кезегінде аяқталған фагоцитоздан қорғайтын механизмге ие болған. Облигатты жасуша ішілік паразитттерге вирустар, рикетсиялар, хламидиялар алапес, безгек, токсаплазмоз, қоздырғыштары жатады. Жасанды қоректік орталарда өсіп өнбейді.

Факультативті жасушаішілік паразиттер жасуша ішінде де және жасушадан тыс жағдайда да тіршілік ете алады. Иә, организмге жасуша ішілік өсіп өну олар үшін басымырақ болады, әйтсе де олар жасушадан тыс жағдайда өсіп өніп көбейе алады. Өйткені организм жағдайындағы жасуша ішілік орта инфекциялық процесс дамуында негізгі орын болып табылады. Жасуша ішілік паразиттік олар, макроорганизмде микробтардын тірі қалуын және сақталуын жеңілдетеді мұндай микробтар қоректік орталарда өсіп өне алады. Оларға туберкулез, туляремия, соз, минингококкты инфекция қоздырғыштары, солмонелар, шигеллар және басқа микробтар жатады. Облигатты жасудан тыс паразиттер- жасуша ішіне кірмейтін, бірақ жасушалар бетіне жабысып, жасушааралық қуыстармен, таралатын микробтар. Мысалы, мұндай микробтарға қоздырғышы, лептоспиралар, микоплазмалар және т.б микробтар жатады. Жасушадан тыстық паразиттердің агрессиялық және инвазиялық икзоферменттер өндіріу қабілеттілігі болады.
Патогенділік - микробтардың инфекциялық процесс қоздырушы потенциялық қабілеттігі, яғни осы микроб үшін табиғи жұғу жағдайында организміне ену, онда өсіп өніп көбею, гоместаздардын әртүрлі бұзылыстарын туғызу және макроорганизм жағынан жауап ретінде қарсы реакциялар қоздыру қабілеттілігі.

Паразитизм (грек. Parasites-арамтамақ) ағза бөгде ағзаның денесінде тіршілік етіп оған зиянын тигізеді. Паразиттерге-вирустар, приондар, бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, құрттар-гельминті.
Адамда және жануарларда ауру туғызатын микроорганизмдер (грек. pathos-қайғы, қасірет, genos-туылу) ал олардың ауру туғызуы-патогендік деп аталады. Адамға қауіпті 2500 инфекциялық аурулар түрлері белгілі.
Инфекциялық сөзі лат. infectio -жұғу, жұқтыру деген мағынаны білдіреді.
Қазіргі кезде адам организмдерімен потагенді микробтар арасындағы қарым-қатынасты 3түрлі терминдермен қарастырады: инфекция, инфекциялық процесс, инфекциялық ауру.
Инфекция термині эволюциялық процесс кезінде адам ағзасы-микроорганизм және қоздырушы микроорганизм арасындағы биологиялық қарым-қатынасты атайды. Инфекциялық процесс термині микроорганизмдегі патогенді микробтарға қойылатын қарсы әрекетін білдіреді. Инфекциялық ауру-инфекциялық процестің клиникалық өзгешелігі, әр түрлі симптомдар және признактармен көрінеді.

Патогенді микробтардың қасиеттері
Патогенділікті ие макроорганизміне микробтың бейімделу функциясы деп қарастыру ұсынылған,мұның негізінде жаңа жағдайда адекватты тіршілікетуі үшін микроб метаболизмінің қайтадан икемделуі жатыр.Тәжірибелі жағдайда жоғарғы вирулетті микробтардың тиісті дозасын пайдаланғанда кез-келген микроб,кез-келген тәсілмен жұқтырғанда инфекциялық процесс қоздыра алады.
Патогенділік факторлары-ол микробтардың инфекциялық процесс қоздыру қабілеттілігін қамтамсыз ететін материалдық зат тектер.Патогенділік факторларды зерделеу патогенді микробтардың патогенсіздерден және қабылдағыш макроорганизмнің қабылдамайтынынан қандай айырмашылықтары бар екенін түсінуге мүмкіндік береді.Сапрофиттерге қарағанда патогенді микробтар макроорганизмнің табиғи тосқауылдарын жеңуі және сол организде тіршілік етуі үшін адгезиялық,колонизациялық және инвазиялық қасиетке ие болуа керек,яғни макроорганизмнің қорғаныс тосқауылдарын бұзып өту,инфекцияның кіру есігінен тысқары жерде макроорганизмнің ішкі ортасыеа ену және тіндерде таралу,макроорганизмнің жасушасы ішіне енуі қабілеттілігі болу керек.Сонымен қатар агрессивтік,яғни макроорганизмнің қорғаныс факторларымен интерфериенцмяланатын агрессиндердің көмегімен организмнің бейспецификалық және спецификалық реактивтілігін басыа тастайтын,соның ішінде фагоцитозға қарсы тұру қабілеттілігі болу керек.
Макроорганизмде сақталу және өсіп-өніп көбею мағынасын қамтитын инвазивтік терминді қазіргі кезде стафилококтар, стрептококтар, псевдомонолар т.б.жасушадан тыстық паразиттер үшін қолданылады. Патогенді микробтар микроорнанизмге улық әсер етуі керек.Патогенді микробтар осы функциялардың әр қайсысын,макромолекулалардан тұратын,инфекциялық процестің спецификалығын қамтамасыз ететін патогенділік факторларды сақтаушы арнайы құрылымдардың көмегімен іске асырады.Спецификалық қасиет әсер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микроэкологияның негіздері.Микробтық паразиттің эволюциясы және патогендік микроорганизмдердің дамуы
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы. Инфеция түрлері және оларға сипаттама
Инфекция және жұқпалы ауру
Инфекциялық ауруларды болдырмау
Тырысқақ ауруының отаны Индиядағы Бенгалия және Ганга өзенінің төменгі ағысынын жағалаулары
Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық фактролары
Микроб жасушаларының құрылысы
Анаэробтық клостридиялық инфекция
Өсімдіктердің қолайсыз орта жағдайларына төзімділігі
«Микробиология және вирусология» пәні бойынша дәрістер жинағы
Пәндер