Қызметтік жүйелер туралы П.К.Анохиннің ілімі



Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Анохиннің функционалдық жүйе теориясы
Афференттік талқылау
Шешім қабылдау
Әрекет нәтижесін акцепторда бағалау
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Функцианальдық жүйе ұғымын ұсынып әрі оның теориялық негізін қалаған және дамытқан П. К. Анохин. Функциональдық жүйе - белгілі бір нақты бейімді пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді іске асыратын орталық нерв жүйесінің тиісті құрылымдары мен атқарушы органдардың динамикалық бірлестігі. Анохиннің түсінігі бойынша функциальдық жүйе түзуші ең негізгі шешуші фактор –әрекет нәтижесі. Организімнің пайдалы нәтижеге қолы жеткенде оның тиісті қажеті өтеледі, қанағатттану іске асады. Ал егер орындалған әрекеттердің нәтижесі организімді қанағаттандырмаса функциональдық жүйе басқаша құрылып мақсатты іс-әрекет одан әрі жалғаса береді. Бұл жүйе құрылымындағы звенолар дың 2 тобын айтуға болады Қатаң және өзгермелі.
Әр бір функциональдық жүйе қызметіні құрылымына кіретін мынадай шешуші звеноларды ажыратады.
Афференттік синтез кез-келген іс-әрекетті реакцияның бастапқы звеносы. Бұны синтездеп алу үшін база ретінде 4 компонент қызмет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.А. Н. Кабанов. Физиология человека и животных. Москва, 1963г
2.Аубакирова,Құлжанова, Джангозина: Адам жануарлар физилолгиясының үлкен практикумына арналған оқу құралы.
3.И. Төленбек. Нерв жүйесінің физиологиясы.,
4.Адам мен жануарлар физиологиясы . Алматы Білім. 2002ж
5.Сәтбаев, Нілдібаева, Өтепбергенов: Адам физиологиясы.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: жалпы медицина
Дисциплина: физиология-1
Кафедра: Қалыпты физиология
Курс: 2
Тақырыбы: Қызметтік жүйелер туралы П.К.Анохиннің ілімі

Орындаған: Әбдібек А.Қ
Тобы: 204 Б
Тексерген: Омарова А.Б
Бағасы:
Оқытушының қолы:

Ақтөбе 2016

Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Анохиннің функционалдық жүйе теориясы
Афференттік талқылау
Шешім қабылдау
Әрекет нәтижесін акцепторда бағалау
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Функцианальдық жүйе ұғымын ұсынып әрі оның теориялық негізін қалаған және дамытқан П. К. Анохин. Функциональдық жүйе - белгілі бір нақты бейімді пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді іске асыратын орталық нерв жүйесінің тиісті құрылымдары мен атқарушы органдардың динамикалық бірлестігі. Анохиннің түсінігі бойынша функциальдық жүйе түзуші ең негізгі шешуші фактор - әрекет нәтижесі. Организімнің пайдалы нәтижеге қолы жеткенде оның тиісті қажеті өтеледі, қанағатттану іске асады. Ал егер орындалған әрекеттердің нәтижесі организімді қанағаттандырмаса функциональдық жүйе басқаша құрылып мақсатты іс-әрекет одан әрі жалғаса береді. Бұл жүйе құрылымындағы звенолар дың 2 тобын айтуға болады Қатаң және өзгермелі.
Әр бір функциональдық жүйе қызметіні құрылымына кіретін мынадай шешуші звеноларды ажыратады.
Афференттік синтез кез-келген іс-әрекетті реакцияның бастапқы звеносы. Бұны синтездеп алу үшін база ретінде 4 компонент қызмет етеді.
Шешім қабылдау - кез-келген іс-әрекетті актіні орындаудың түйінді моменті. Бұл тән болатын басты ерекшелік-шешім қабылдау механизмның басты көмегімен орындалатын әрекеттің мақсаты айқындалады. Әрекетті таңдау барлық жағдай жиынтығы негізінде, афференттік синтез звеносында бар болатын ішкі және сыртқы информацияларды өңдеу нәтижесінде жүреді. Шешеім қабылдау мен қабаттаса шұғыл түрде қозудың өзара байланысты 2 комплексі туады.
Унитарлық реакция - іс-әрекеттің бір актылы типі. Мұны іс-әрекеттің қарапайым интеграцияланған бірлігі деп есептеу керек. Ол жоғары нев әрекетінің жеке компоненттерін біріктіреді де біріңғай іс-әрекеттің акт түрінде көрінеді.
Крушинскийдің пікіріншежануарлар элементарлық пайымдау әрекеті болады. (Компоненттері)

Негізгі бөлім
ОРГАНИЗМНІҢ ФУНКЦИОНАЛЬДЫҢ ЖҮЙЕСІ
Функционалдық жүйе -- өзінің үйлесімді қызметінің нәтижесінде белгілі бір мақсатты әрекеттің туындауын қамтамасыз ететін, өздігінен реттеліп отыратын органдардың жылжымалы бірлестігі. Бұл ұғымды И. П. Павловтың рефлекстік теориясы негізінде көрнекті физиолог Н. К. Анохин ұсынған. Функционалдық жүйе туралы ілім рефлекстік теорияны әрі қарай дамытуда, тереңдетуде, кеңейтуде, айқындай түсуде маңызды рөл атқарады. Бұл ілімді рефлекстік теорияның жоғары, жаңа мазмүнды деңгейі деуге болады. Функционалдық жүйе туралы ілім организмнің әртүрлі күрделіліктегі, белгілі мақсатқа багытталған іс-әрекеттік реакцияларының, мінез-қылығының механизмін, ішкі сырын түсіндіреді.
Пётр Кузьмич Анохин -14 қаңтар 1898, Царицын - 5 наурыз 1974 Мәскеу - совет физиологі. Функционалды жүйе теориясын құрушы, академик. Ленин сыйлығының лауреаты (1972). Азамат соғысына қатысқан. Қызыл Дон журналының бас редакторы болған. Еңбектері: Декарттан Павловқа дейін. Рефлекс теориясына 300 жыл, Иван Петрович Павлов. Өмірі, қызметі және ғылыми мектебі, Функционалды жүйе физиологиясының очерктері, Шартты рефлекстің биологиясы мен нейрофизиологиясы т.б. П. К. Анохин пікіріне сәйкес функционалдық жүйе қызметінде ең негізгі шешуші фактор -- әрекет нәтижесі. Организмнің мақсатты, баста көзделген нәтижеге колы жеткенде ғана оның мұқтаждығы қамтамасыз етіліп, қанағаттану түйсігі пайда болады. Тек осыдан кейін ғана қалыптасқан функционалдық жүйе таратылады, мақсатты іс-әрекет тоқтайды. Атқарылған әрекет нәтижесі бастапқы мақсатқа сәйкес келмесе, организмді қана-ғаттандырмаса, онда функционалдық жүйе басқаша құрылып, мақсатты нәтижеге бағытталған іс-әрекет әрі қарай жалғасады. Осымен байланысты функционалдық жүйе қүрамалары екі топқа бөлінеді. 1-тұрақты бөлімдер тобы. Бұл функционалдық жүйенің тиянақты, өзгермейтін бөлігі, оның морфологиялық және функционалдық негізін қүрайтын элементтер (мысалы, тыныс алу органдары -- тыныстық функционалдық жүйенің, ас қорыту органдары -- ас қорыту функционалдық жүйесінің түрақты бөлімдері, т.с.с.) болып табылады. 2-өзгермелі бөлімдер тобы. Оларды нақтылы жағдайда мақсатты нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді қамтамасыз етуге қажетті, функционалдық жүйе қүрамына уақытша қосылған элементтер құрайды (мысалы, ас қорыту процесі қажетті деңгейде жүру үшін функционалдық жүйе кұрамына қан айналым, тыныс алу органдары қамтылады). Бұл бөлімді құрайтын топ мақсатты нәтиже алынғаннан кейін және организмнің күйіне байланысты бір жүйе құрамынан екіншісіне ауысып отырады.. Бұл теория организмнің әр түрлі күрделіліктегі, белгілі бір мақсатқа бағытталған іс-әрекеттік реакцияларының механизмін түсіндіруге қызмет етеді. Функциональдық жүйе -- белгілі бір нақты бейімді пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді іске асыратын орталық нерв жүйесінің тиісті құрылымдары мен атқарушы (шеткі) органдардың (құрылымдар) динамикалық бірлестігі. Анохиннің түсінігі бойынша, функциональдық жүйе түзуші ең негізгі шешуші фактор -- әрекет нәтижесі. Организмнің пайдалы нәтижеге қолы жеткенде оның тиісті қажеті өтеледі, қанағаттану іске асады. Осыған орай функциональдық жүйе тарайды, мақсатқа бағытталған іс-әрекет тоқтайды. Ал егер орындалған әрекеттердің нәтижесі организмді қанағаттандырмаса (пайдалы нәтижеге қол жетпесе), функциональдық жүйе басқаша құрылып мақсатты іс-әрекет одан әрі жалғаса береді. Кезкелген психикалық немесе қарапайым іс-әрекет функционалдық жүйенің құрылуымен, жүзеге асуымен жүреді. Кезкелген қандай да бір әрекеттің ұйымдасуын қарастырайың: адамның кезкелген тілегі қажеттілікпен негізделген, адамда олар қарапайым физиологиялық, мысалы, аштық, шол, т.б. және әлеуметтік болуы мүмкін.
Әрбір функциональдық жүйе қызметінің құрылымына міндетті түрде кіретін мынадай шешуші звеноларды ажыратады: яғни кез келген функционалдық жүйенің негізі мынадай: 1) афференттік талқылау; 2) шешім қабылдау; 3) әрекет нәтижесінің акцепторы; 4) соматикалық және вегетативті қызметтерді тұтас әрекеттік актіге жұмылдыратын әрекеттік қозудың кешенінің қалыптасуы; 5) әрекет нәтижелері және оның параметрлері (негізгі белгілері); 6) нәтиже параметрлерінің кері афферентациясы (соңғы афференттік импульстер).
Афференттік талқылау кез-келген іс-әрекеттік реакцияның бастапқы звеносы. Бұнда нені, қалай, қашан атқару керек дейтін сұрақтар жауабын табады. Афференттік талқылау іске асу үшін база ретінде төрт компонент қызмет етеді: 1) доминанттық мотивация және оның әсерлік деңгейін анықтаушы эмоция; 2) жағдайлық (нақты жағдай) афферентация; 3) іске қосушы афферентация; 4) ес аппараты. Бұл компоненттердің өзара әрекеттесуі үш түрлі нейродинамикалық факторлар көмегімен іске асады: а) бағдарлар-зерттеу реакциясы; б) қозудың нейронға конвергенциясы; в) қозудың қыртыс -- қыртысасты реверберациясы. Осы механизмдер әр түрлі қозуларды біріктіріп әрі салыстыруға және нақты жағдайға сай келетін іс-әрекетті анықтауға яғни мүмкін болатын әр түрлі варианттардың ең қолайлы дегенін таңдап алуға көмектеседі де, шешім қабылданады.
Шешім қабылдау кез келген іс-әрекеттік актыны орындаудың түйінді моменті. Бұл моментке тән болатын басты ерекшелік -- шешім қабылдау механизмінің көмегімен келешек орындалатын әрекеттің мақсаты айқындалады, бағдарламасы қалыптасады. Шешім қабылдаумен қабаттаса шұғыл түрде қозудың өзара байланысты екі кешені туады: 1) әрекеттің адекватты бағдарламасы яғни эфференттік қозулар интегралы; 2) келешек әрекет нәтижелерін болжайтын спецификалық аппарат пен оның афференттік моделі.
Әрекет нәтижесін акцепторда бағалау үшін кері афферентация жүру керек яғни оған әрекеттің ақырғы нәтижелері туралы ақпарат түсу керек. Кері афферентация арнайы рецепторлық каналдар арқылы іске асады. Жеткізілген әрекет нәтижесінің барлық параметрлері сол нәтиженің афференттік моделімен (ондағы кодыланған параметрлермен) салыстырылады. Егер бұл параметрлер бір-біріне сәйкес, дәл келсе, организмнің бұл актысы аяқталады, ол енді іс-әрекеттің келесі кезекті актысын ұйымдастыруға, қалыптастыруға көшеді. Ал егер кері афферентацияда кодыланған нәтиже параметрлері шешім қабылданған кезде қалыптасқан, болжамдалған нәтиже параметрлерімен (әрекет нәтижесі акцепторындағы) сәйкес келмесе, онда келісім бұзылу жүреді яғни организмнің керекті пайдалы нәтижеге қолы жетпегені, қажет өтелмегені.
Бұл айтылғандардан туындайтын қағидалардың бірі: әрекет -- адам мен оны қоршаған орта арасындағы шынайы байланысты орнататын, болмыста туатын белсенді қатынас формасы.
Мектеп бітірушінің әлеуметтік бір қажеттілігі жоғары оқу орнына түсу, яғни мектеп бітірушінің мамандық және оқу орнын таңдаудағы функционалдық жүйесін қарастырайық. Оқу орнын таңдауда мектеп бітіруші барлық оқу орындары туралы ақпаратты жинап, оларға талдау жасайды. Оқу орны мен мамандықты таңдауда барлық келісім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физиологиялық қызметтердің қалыптасуы мен реттелуінің негізгі принциптері
Зерттелушінің мотивациясы
Үйрену әдеттену деңгейінде
Адамның психикалық іс-әрекеті
Тірі жүйелердің өзін-өзі реттеу принципі (к.бернар,в.кеннон, п.к.анохин)
Нерв (жүйке) жүйесі
Психикалық және физиологиялықтың айырмашылықтары
Психофизиология
Эмоционалдық стресс
Мінез туралы жалпы ұғым. Мінез бен темпераментті теңдестіру
Пәндер