Арал теңізінің зерттелу тарихы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы :Арал теңізінің зерттелу тарихы

Мазмұны

Кірісіпе . . . 3

I-ТАРАУ. Арал теңізіне жалпы табиғи-географиялық сипаттама

1. 1. Орналасқан орны, геологиялық дамуы . . . 7

1. 2. Теңіздің зерттелу тарихы . . . 15

1. 3. Теңіздің құрғауы және оның негізінде құрғақшылыққа айналған бөлімінде болып жатқан процестер . . . 19

II-ТАРАУ. Арал теңізін географиялық және топографиялық тұрғыдан зерттеулер

2. 1 18 және 19 ғасырлардағы Арал теңізінің географиялық

ерттелулері . . . 29

2. 2. 19-18 ғасырлардағы Аралдың топографиялық зерттелуі . . . 32

2. 3. XX ғасырдың басы мен Кеңес дәуіріндегі Арал теңізінің ғылыми зерттелуі . . . 34

2. 4 Арал теңізінің XX ғасыр 90 жылдардағы зерттелуі және ХХ ғасырдың басындағы Арал теңізі . . . 38

Қорытынды . . . 43

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 44

Кіріспе

Бұрынғы КСРО-ның Ортаазиалық қуаңшылық аймағында орналасқан Арал теңізі 1960 жылға шейін Каспий теңізі мен Верхнее және Виктория көлдеріне ғана алаңы бойынша (66 000 км² жуық) дес беріп, ғаламшардың көлемі бойынша төртінші көлі болып табылды. Ол кезде Арал суының мөлшері 1020 км²-ді құрайтын, ал максимальді тереңдігі - 63 м, бұл 53 м Дүниежүзілік мұхит деңгейінен орташа жоғары. Арал теңізі әрбір ірі су қоймасы сияқты аймақтық климатқа белгілі бір жеңіл мусақтандырушы ықпалын тигізетін, бұл ені бірнеше ондықтан бірнеше мың шақырымға дейін теңіз жағалауындағы аймақта микроклимат калыптастыруына ықпалын тигізді(Муминов, Игнатова, 1995) . Амудария мен Сырдария өзендері теңізге орташа көп жылдар бойына жылына 56 км³ мөлшерде тұщы су ағындарын қамтамасыз етті. Арал суы «тұзды» болатын - олардың минералды құрамы орташа есеппен 10 г/кг құрады және ешқашан 12 г/кг-дан аспады және оның тыңытылыгы, мөлдірлігі жөнінун теңіздер ішінде ең тыңық теңіз болып есептелді( 12-15м) Мұндайда су айдынының көп бөлігінде судың бар құрамы, ережеге сай, тігінен жақсы араласқан және толық желдетілген. Мұның бәрі сан мыңдаған теңіз гидробиологиялық топтар үшін қолайлы жағдай жасады. 1976 жылға дейн Арал теңізінің үлесіне КСРО балық аулау өнімінің елеулі бөлігі тиді, осылайша, мысалы мұнда 13% жуық бекіре ауланды. Аралдың транспорттық маңыздылығы да ауыз толтырып айтарлықтай болды: теңіз жүк тасымалдарының жылдық көлемі 200 000 тоннаны құрады.

1961 жылдан бастап алдында Арал теңізінің су балансы бұзылып су дефицитті бола бастайды. Мұны ең алдымен ауыл шаруашылықтары үшін милеондаған гектар жаңа егістік тың жерлердің ашылуы өзен арнасынан қайтарымсыз судың алуының әсерінде келіп шықан су дисбаланыс болып есептеледі. Сонымен қатар, көптеген зерттеушілердің ойынша, антропогендікпен фактормен қатар өзен сулары мен булану нормасының климаттық өзгеруімен байланысты табиғи себептер де орын алған демекте, ( Бортник, Чистяева, 1990 ) . Теңіз деңгейінің жалпы төмендеуі бүгінде 23 м құрады. 1988-1989 жж теңізден оның Кіші Арал ретінде танымал едәуір кішігірім солтүстік бөлігі бөлінді. Судың жоғалуына жол берілмес үшін ол жерден Аралдың («Үлкен теңіз») негізгі, оңтүстік бөлігіне Қазақстан үкіметі Кіші теңіздің оңтүстіктеу жағына алдымен уақытша, кейін (2005 ж) тұрақты плотина салынды. Сырдарияның Кіші теңізге айтарлықтай құйылуының салдарынан деңгейінің төмендеуі мен тұздылығының өсуі онда тоқтатылды, және де бүгінде Кіші теңіздің экологиялық жағдайын біршама қолайлы деп есептеуге болады. Сондықтан бұл ауданды қозғамай, экологиялық жағдайға жоғары дәрежеде ұшыраған Үлкен теңізді әңгіме етеміз.

Үлкен теңіз деңгейі төмендеуі кезінде алаңы бойынша төрттен үш бөлікке тартылған және өзі екі жеке бассейнге, бірі - біршама тереңдеу батыс шұңқырына (43 м дейін), екіншісі - тайыз сулы (3 м), бірақ жіңішке бұғазбен (2, 5км. ) біріккен, алаңы бойынша үлкен шығыс бөлікке бөлінді. Сурет 1. Аралдың құрғау процесінде су арнасында және оған жанасқан территориясының экосистемасында түбегейлі өзгерістер болды. Тұздылық бүгінгі таңда батыс бассейнінде - 100 г/кг-ға, ал шығыста 135 г/кг-ға және одан да жоғарыға жетті. Тұздану алдын кальций және магния карбонаттарының, одан кейін гипстің батпандап теңіз түбіне тұнуымен қатар жүрді, бұл қалған су массасының ионды-тұзды құрамының күрделі өзгеруіне алып келді. Тек бентос пен планктондағы кейбір биологиялық түрлер ғана экстремалды тұздылыққа бейімделе алды.

Арал жағдайының өзгеруі аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларының айтарлықтай нашарлауына алып келді. Арл боиы аимағыңың микроклиматына 500 км дейнгі радиуста әсер етке ( Чуб 2000 ) . Балық өндірісінің қысқаруы, сондай-ақ кеме қатынасының толық тоқтатылуы, жалпы теңіздің порт инфрақұрылымы мен жолдардан қол үзуі жұмыссыздық пен экономика үшін ірі зиян алып келді, ал теңіздің құрғаған түбінен тұздарды желмен шығару мен тұрмыстық мақсаттарда пайдаланылатын ыза сулардың минералдануының өсімі халық денсаулығына үлкен зиянын тигізеді. Сонымен қатар теңіздің құрғауы Өзбекстанның (Қарақалпақстан) солтүстік жағы мен Қазақстанның (Қызылорда мен Ақтөбе облыстары) оңтүстік жағында климатты қосымша қуаңдандыруға алып келді. Кейбір мәліметтер бойынша, Арал теңізі апатының негативтік экологиялық салдары Ресей территориясына дейін де жетуі мүмкін. Себебі, Аралдың құрғаған түбінің тұзы мен шаңы желмен 500-800 км-ге жетеді ( Miklin 2004 ) , яғни оңтүстік румбтардың желі кезінде олар Орынбор және Челябі облыстарына жетуге қабілетті. Осылайша жылына барлығы 40 млн т тұздарға дейін жетеді ( Рубанов, Богданова, 1987 ) .

Тақырыптың өзектілігі Бүгінгі күнде шешімін табылмай отырған экологиялық проблемалардың бірі-Арал бассейні.

Ұзақ уақытты қамтитын тарихи географиялық зертеулерде Арал теңізінің қалыптасуың, бұрынғы ғалымдардың зертеулерін анализдеу арқалы үиренуге болады. Осы себептенде Арал теңізінің зетелу тарихиң үйрену кәзіргі кезенің өзекті мәселелері болып табылады.

Тақырыптың негізгі міндеті мен мақсаты.

Қазіргі Арал теңізі тек қана Орта Азия аймағының регионалды проблемасы емес, сонымен бірге Халықаралық масштабтағы экологиялық проблемалардың орталығына айналды.

Арал теңізінің дамуын және зертелу тарихын үирену арқалы оның бұрынғы табиғатын үиренеміз, каззіргі онда журип жатқан табиғи процестеді және олрдың салыстыру арқылы болашағың үиренеміз. .

Мен өз жұмысымда бірқатар ғалымдардың әдебиеттерін және 2002 жылдан бері Р. Ғ. А Океанология институты, Уз. Ғ. А Геология және Геофизика институты, НөкісМ. П. И және Халықаралық қазақ-түрік университеті ғылыми бірге істесу бойынша жүргізілген келісім шарт негізінде жыл сайын ұйымдастырылып жатқан экспедіция материалдарынан пайдаландым.

Тақырыптың зерттелу объектісі . Арал теңізінің табиғатының тарихың зертеу қазіргі физикалық жағдайын зерттеудің маңызы екі жақты. Біріншіден, Арал теңізінің бұрыңғы өзгерістерінің себепті болжауы қазіргі жағдайдың дұрыс түсінігі мен анық суреттеудің негізі болуы керек. Болжаудың үлкен маңызы, ол құрғаудың себептерін жеңілдетуге арналған өлшемдерді жүргізуге көмектеседі.

Екіншіден, қазіргі Арал теңізі өзінің өте айрықша океанографикалық қоршаған ортасы бар, бірегей табиғи «лаборатория», бұл басқа көлдер, ішкі теңіздер мен мұхиттық аймақтарда болып жатқан физикалық және химиялық процестерді анықтауға қолданыла алады. Қазіргі Арал теңізінде болып жатқан процесстер басқа осындай құрғау мен қауіптерді басынан кешіріп отырған көптеген көлдерге үлгі бола алады.

Зерттеу жаңалығы. Арал тенізінің бұрынғы зертеулерін және казіргі дәуірдегі теңіздің экологиялық жағдайларының шиеленіскен бір уақтында теңіздің кәзіргі жағдайлары ондағы болып жатырғаң табиғи процестерді және олардың райондағы экосистемаға әсері үйретіледі.

Жұмыстың құрылымы. Бұл бітірушінің дипломдық жумысы кіріспе, негізгі бөлім II-баптан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен 50 беттен тұрады. Бітірушінің дипломдық жумыста сонымен бірге бір қатар таблица мағлұматтары келтіріліп өтілген.

Арал теңізінің 1848-1849 жылдарда А. Бутаков экспедіциясының түзген картасы

І-ТАРАУ. Арал теңізінің жалпы географиялық сипаттамасы

1. 1. Орналасу орны, геологиялық дамуы.

Орналасу орны. Бүгінгі таңда бір уақыттарда дүниежүзінен өзінің көлемі жағынан төртінші орында тұратын Арал теңізі құрып баруда, оның орнына үлкен Аралқұм шөлі қалыптасып кәліді. Бұл процесте Қарақұм, Қызылқұм және Үстірт шөлдері өзара жалғасып жатуда. Арал теңізінің бұрыңғы жаға бойындағы сызықтары (шекаралары) қазір 100-200 км. Ішке қарай кіріп кеткен. Бұрыңғы уақыттарда оның жаға бойы сызығы батыста Үстірт чинкинен, шығыста Қызылқұм шөлінің солтүстік батысы, оңтүстікте Амудария дельтасы және солтүстікте Арал бойы Қарақұм шөлдеріне жететін еді. Теңіздің көп жылдық деңгейі Балтық теңізі бетінен 53 м. жоғары болып тұрған, оның акватория көлемі 66 458 км w құрайтын территорияда су болған, ал аралдардың көлемі 2345 км. құрайды. Оның орташа тереңдігі 16 м. болса, ең терең жері 69 м. болған. Теңіздің ұзындығы 428 км, ал ені болса 292 км. құраған.

1960 жылы Арал теңізі жер бетіндегі Каспий теңізі, Жоғарғы көл, Виктория көлінен кейінгі төртінші орындағы ең үлкен ішкі су бассейні болған. Теңіздің орналасуы, 43° 24 ′ N пен 46° 53 ′ N және 58 ° 12 ′ E мен 61° 59 ′ Е -нің арасы, теңіздің үстіңгі бетінің аумағы 66 000 км-ден жоғары, максималды ұзындығы 492 км және максималды кеңдігі 290 км (Рубанов, 1987) . Жағалаудың жалпы ұзындығы шамамен 16м болған. Ертеректегі зерттеулер бойынша максималды тереңдік 69 м-ден жоғары болған(Бутаков, 1853; Фортунатов пен Сергиенко, 1950; Бетгер, 1953), бұл деректер көптеген басылымдарда және навигациялық карталарда да қайталанған. Көптеген ғалымдар 63м-ден асқан тереңдіктің болуын көп зерттеп (Рубанов, 1987), ғылыми болжам жасаған.

Теңіз ішіндегі аралдар 2. 200км ² ден жоғары жерді алып жатқан 1. 100-ден көп кіші және үлкен аралдар болған. Теңіз ішінде көптеген аралдар болған, сондықтан да теңіздің түркі тіліндегі «арал» сөзі - арал дегенді білдіреді. Теңіз үлкен эрозион-тектоникалық процесстер негізінде. Арал теңізі аймағындағы жердің қалың қабаты 3580 км (Вольвовский, 1966) . Гранит қабатының қалыңдығы 16-18 км (Имогамов, 1979) .

Орталық Азияның екі негізгі өзендері Амудария мен Сырдария теңізге құйылады. Амударияның ағысы Сырдарияға қарағанда шамамен 2 есе көбірек су әкеліп тұрған. Арал теңізінің бассейн аумағы - 3 миллион. Теңіздің Оңтүстік бөлігі Өзбекстанға, Солтүстік бөлігі Қазақстанға тиесілі.

Теңіздің Батыс жағалауы Үстірт платосының тік жарынан құралады, ол Үстірт тегістігі батысында Каспий теңізімен шектәліді. Арал теңізінің Үстірт жағалауы мұхит бетінен 190 -220 м-ге биік Үстірттің тік жарын жергілікті халық «шың» дейді, ал әдебиетерде географиялық «чинк» деген терминбен колданылады. Батыс жағалау әлсіз таңбаланған. Оңтүстікке қарай Арал теңізі ежелгі аллувиалдан түзілген шексіз аймақпен Амудария дельтасымен, және осы алыс оңтүстікте Қарақұм шөлінің бархандарымен шектеседі. Оңтүстік жағалаудың ең маңызды географиялық объектілері Әжібай, Жылтырбас колтығы және Бұрынғы Тоқпақ ата түбегі жанындағы Сарыбас су қоймасы.

Шығысында Арал теңізі жағалауы Қызылқұм шөлімен шектеседі. Арал бойы Қызылқұмында Амудария мен Сырдарияның бұрынғы ескі дельталары Ақшадария, Жаңадария, Көкдария орналасқан.

Сырдария мен Амударияның құрғақ ежелгі өзен іздері қиылысатын құмда Шығыс жағалау бірнеше жазықтармен санжетпес (> 600) үлкен құм аралдардан тұратын Теңіздің Оңтүстік Шығыс бөлігіндегі Акпенінски архипелагы арқылы жақсы белгіленген (Рафиков және Тетюхин, 1981) .

Теңіздің Солтүстік беті Борсық және Арал маңы Қарақұм шөлдерімен шектеседі. Солтүстік жағалау біршама биік және тік, және көптеген жазықтар мыс: Бутанов, Шевченко, Чебас жазықтарымен үзіледі.

Арал теңізі түбінің батометриялық картасына карасақ, Кіші теңіз деп аталатын теңіздің солтүстік бөлігін үлкен теңізден Көкарал аралы бөліп жатыр, көлдің негізгі бөлігімен оны шығыста кеңдігі 15 км тереңдігі 12м аралдың Берг бұғазы және батысында тар таяу-Көкарал бұғазы байланыстырады. 1960ж кіші теңіздің максималды тереңдігі 30м деп шамалы төмен, жалпы көлемі 80км³ болған (Бортник және Чистаева, 1990) . Өз кезегінде үлкен теңіз екі бассейн арқылы табиғи бөлінеді, солтүстікте су асты тектоникалық үстірт жері, Архангельский вал деп аталатын, Құланда түбегінен Чернышев және Чебас жазықтықтары арасында және оңтүстігінде Мойнақ түбегі арқылы бөлінеді. Бұл таяу белдіктің ең жоғарғы жері Возрожденія, Лазарев және Комсоммольский аралдары

Үлкен теңіздің батыс бөлігі батыс жағалауында түбі шұғыл тік, біршама терең (>60м) шұңқыр, шығысында түбі жаипауытты ылдилы. Шығыс бассейн - үлкен, біршама түбі тегіс болып онша терең емес (<30м ) . Басейннің солтүстік бөлігінде Барсакелмес деп аталатын үлкен арал бар, түбі тік ылдилармен қоршалған. Көлдің аймағының көпшілік бөліктерінде, су түбі балшық лай, саз қабаттардан тұрады. Қатты қабатты тек Батыс жағаға жақын кейбір жерлерден көруге болады. Кейбір жағалау аймақтары және Архангельскі үстіртінің кейбір жерлері құмды және мел дәуірінің тау жыныстары жер бетіне шығып жатыр.

Косаревке сәйкес (1975) Арал теңізінің аймағы - әртүрлі физ географиялық 5 типтен тұрады, атап айтқанда (1) солтүстік аймақ (кіші теңіз) ; (2) шығыс және солтүстік шығыс аймақ; (3) Амудария дельтасына көршілес оңтүстік аймақ, (4) Теңіздіңі орталық бөлігі; (5) Батыс терең аймағы .

Геологиялық дамуы Бұнан 25-30 миллион жыл бұрын Орта Азияның батыс бөлігінде үлкен палеогеографик өзгерістер жүз берген. Құрғақтықтың әсте-ақырын көтерілуі негізінде пайда болған су бассейні батысқа - Каспий теңізі жаққа шегінеді. Бұның негізінде қазіргі Қызылқұм және Арал бойы

орнында құрғақтық пайда болады. Ғалымдардың пікірінше, Арал бойында қазіргі Арал, Сарықамыс және Хорезм ойпаттары қазіргі дәуірден 13-14 миллион жыл алдын пайда бола бастаған.

Арал теңізі ойпатының пайда болу себептері жөнінде қазірге дейін әр түрлі пікірлер бар. Л. С. Берг, Б. М. Георгиевский, А. Д. Архангельскийлердің дәлелдеулеріне қарағанда бұл ойпатты жер қабығының тектоникалық әрекеттер негізінде пайда болған. А. С. Кесь, Б. А. Феодоровичтің мағлұматтарына қарағанда тектоник әрекеттерімен бірге самалдың ойыу күши де эрозия процессі белгілі бір дәрежеде роль атқарады. И. Г. Вейнбергс бұл пікірге қосымша суффозия және карст процестерін де қосқан. О. М. Борисов Арал теңізінің орнын үлкен кратер сипатында қарайды. Оның пікірінше, ойпат бұнан 40 миллион жыл алдын космостан түскен бірнеше жүз мың тонна ауырлықтағы метеорит, яғни астероидтың қатты ұрылуы негізінде пайда болған.

И. В. Рубанов басшылығындағы бір топ геологтардың пікірінше, Арал бойында теңіз батыс жаққа шегінгеннен соң, бұдан алдын топтанған теңіз жатқызықтары эрозия әсерінде ойыла бастаған. Мойнақ түбегі-Возрожденіе-Барсакелмес аралдары бағытында Үстірт платосының чинк сызығы пайда болған. Бұл жерде теңіздің сармат аллювиаль жатқызықтары бүтіндей жуылып кеткен. Тоқтаусыз жүрген эрозия процесінде Арал қаласынан Сарықамыс ойпатына дейін үлкен аймақта шөкпе пайда болған. Үстірт платосының шығыс чинк бөлігі жуылу және басқа процестер негізінде ойылып қазіргі көрінісіне жақындасқан. ( Арал теңізінің аэрокосмикалық Суреті, 2005 жыл) .

Неоген дәуірінің жоғары плиоцен дәуірінде Каспий теңізінің трансрессиясы жүз береді, бұл процесс көбінесе Акчагыл трансгрессиясы деп жүргізіледі. Су Сарықамыс және Арал ойпаттарын бірнеше уақытқа дейін егәлініп жатқан. Акчагыл су тасқыны процесі негізінде пайда болған әр түрлі теңіз жатқызықтарын көрінуі мүмкин. Оларда жатқызықтар мергель, лай, құм, алевролит және құмтастардан құралған.

Теңіз суы алдыңғы жағдайына қайтқаннан соң және бір мәрте үлкен су тасқыны жүз берген. Бұл тасуды геология тарихында Апшерон су тасқыны деп атайды. Сарықамыс-Арал ойпаттарын су бірнеше уақыт басып тұрған. Бұл уақытта шөкпәлірде құмтас-лай және құм жатқызықтары пайда болған. Ғалымдардың дәлелдеулеріне қарағанда, су бассейні Арал ойпатында 54-62 м, Сарықамыс ойпатында болса 80м биіктікке дейінгі болған жерді алып жатқан.

Төрттік дәуірдің орта бөлімінің ақырында Амудария Қарақұм шөлінің ой жерлерін жатқызықтармен толтырған. Ол солтүстік-шығысқа қарай бұрылып Зарафшан дариясына, ал Гозардария өз суын Амударияға құйған. Амудария Арал теңізіне ағып, Хорезм ойпаттына құйылған және кейін болса қаэіргі Ақшадария дельтасын пайда еткен. Б. В. Андрианов, М. А. Итина және А. С. Кесь сияқты ғалымдардың пікірінше, Ақшадария дельтасының пайда болуы жоғары төрттік дәуірде және галоцен (соңғы 10 мың жыл) да жалғасады, қазіргі тарихи жылдарда тоқтаған. Галоценнің төменгі және орта бөлімдерінде Амудария Сарықамыс ойпаттын өз лайымен толтырған және Узбой солтүстік Каспий теңізіне аға бастаған. Дарияның бұндай ағуы ғасырымыздан алғашқы екінші ғасырдың бастарына дейін жалғаскан. Бұл арада Сарықамыс ойпаты дәрия жатқызықтарыменен толтырылған және Сарықамыс алды дельтасы пайда болған. Бұул процесс Сарықамыс көлі және Узбой дариясы жағаларында

неолит дәуірінің аңшылары мен балықшыларының көптеп жасаған тұрақты орындарын археологтар жағынан анықталуымен дәлелденген.

Арал теңізінің кәзіргі аэрокосмостық суреті (2005 жыл) .

Бұл дәуірде Арал ойпатына тек ғана Сырдария құйылып қалмастан, ал

Чу дариясы да жетіп барған болуы мүмкін. Арал ойпатында А. С. Кесь пікірінше, екі көл бар болып, олардың суы тұзды болуымен ажыратылып тұрған.

Ғасырымыздан алдыңғы 2000 жылдың соңында және 1000 жылдың бастарында Сарықамыс алды дельтасының пайда болуы мен Амудария қайтадан Ақшадария дельтасына бұрылып, Арал жаққа аға бастаған. Ғасырымыздан алдыңғы 2000 жылдың екінші бөлімінен бастап А. С. Кесь пікірінше Амудария Арал ойпатына оңтүстіктен құйыла бастаған. Осы дәуірден бастап қазіргі Амударияның Арал алды (Амудария) дельтасы пайда бола бастаған. Ғасырымыздан алдыңғы 1000 жылдың бірінші жарымында Амудария дельтасы толық пайда болған. Г. В. Лопатиннің есептеуінше, Хорезм-Сарықамыс дельтасындағы аллювиаль жатқызықтардың пайда болуы үшін шамаменен 10 мың, Амудария дельтасы үшін болса 7, 5 мың, Амудария дельталарының пайда болуы үшін жалпы 18 мың жыл керек болған.

Сырдария Арал теңізіне түскенге дейінгі Қызылорда ойпатындағы көлдерге құйылып тұрған. Бірақ бұдан 2, 5 жыл алдын Сырдария ойпатының солтүстігі бұл жердегі табиғи бөгеттерді жуып, өз бағдарын Арал теңізіне бұрады. Теңізге ол Жаңадария, Инкардария және кейінірек Қуандария өзендері солтүстікке құйылады. Ғасырымыздан алдыңғы 1000жылдың орталарында қазіргі Қуандария дельтасы жүзеге келген. Демек, Арал теңізі Амудария және Сырдария сулары есебінен бірінші рет бұдан 2500 жыл алдын толған, Арал ойпаттығы неоген дәуірінің орталарында пайда болған.

Арал теңізі тарихында оның деңгейі әр қыйлы себептерге қарай бірнеше рет өзгеріп тұрған. Ғасырымыздан алдыңғы 1000 жылдың орталарында теңіздің

бірінші трансгрессиясы жүз береді. Бұл трансгрессия уақтында теңіз деңгейі 58-59м биіктікке дейін көтерілген. Бұл жағдай осы биіктіктегі аймақтарда әр түрлі шығанақтардың табылуымен дәлелденеді. Ертедегі Арал трансгрессиясының пайда болуы көбінесе оның бассейніндегі мұздардың еруіменен түсіндіріледі.

Ежелгі Арал трансгрессиясының аяқталуы мұздық дәуірінен кейінгі уақытқа тура кәліді. Бұл дәуірде теңіз деңгейі жүдә пәске (16м төменге) түсіп кеткен. Бұның негізінде теңіз суының минерализациялануы күшейіп, теңіз астында гипс және басқа тұздар пайда болды.

Ғасырымыздан алдыңғы V11-ІV ғ. ғ. жаңа Арал трансгрессиясы болып өтті. Бұл су тасқынында теңіз деңгейі 54, 5м абс. биіктікке дейін немесе XX ғасыр 60-жылдары басындағы (53м абс. ) бетінен 1, 5м биіктікке көтерілдің

Арал деңгейінің өзгеруін 200 жылдан көбірек тарихын зерттеуде Л. С. Берг және В. П. Львов жинақтаған материалдар үлкен ғылыми мағнаға ие. Л. С. Берг көптеген тарихи деректер негізінде Аралдың 1780 жылдан бастап XX ғасыр басына дейінгі болған теңіз деңгейі өзгерісін үйреніп шығып, төмендегі шешімге келген. Бұл уақыт аралығында теңіз деңгейінің тербелуі үш рет көтерілу және екі рет төмен түсуі фазасы жүз берген. 1910 жылдан бастап 1961 жылға дейінгі теңіз деңгейі негізінен 53 м абс. биіктікте өзгеріп тұрған, бірақ кейінгі жылдарда (1961 оның деңгейі 53, 4 м ге жеткен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арал теңізі зерттелу тарихы, географиясы және игеру мәселелері
Арал теңізінің зерттелу тарихы, экологиялық жағдайлары
Арал теңізінің зерттелуі. Арал теңізінің экологиялық мәселелері
Қазақ жері туралы ерте географиялық мәліметтер
Арал теңізінің жағалық сызығының өзгеруін картографиялау
Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары
Азияның көлдеріне физикалық – географиялық сипаттама
Қазақстан жерінің зерттелу тарихы
Каналды бетонмен каптап, жылына
Арал экологиясының ахуалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz