Адам тағамының құрамы. органикалық және минералды компоненттер


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандық: Жалпы медицина
Кафедра: Химиялық пәндер
Дисциплина: Биологиялық химия
Курс: II
Тобы: 207 Б
Тақырыбы: Адам тағамының құрамы. Органикалық және минералды компоненттер.
Орындау түрі: мәнжазба
Орындаған: Тәжіғос А. Т.
Тексерген: Кульмагамбетова А. Т.
Ақтөбе 2016
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
1. Адам тағамының құрылымы
2. Тағам құрамындағы минералдық заттар
3. Тағамдық заттардың қызметі
III. Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Адам тағамының құрылымы
Тағамның химиялық қүрамының өр түрлілігі адам денсаулы-ғының ең басты кепілі. Өйткені олар адам ағзасын қажетті био-лоиялық белсенді заттармен (витаминдермен) А, С, Д, Е, В1, В2, В6, В12, В15, В5, В3 (РР - никотин, қышқылы), инохин, холин, парааминобензой қышқыл (туберкулезді емдейді) қамтамасыз етеді. Адам ағзасына минералды элементтер-кальций (Са), фосфор (Р), темір (Ғе), кобальт (СО), қалайы (Zп), мыс (Си), мышьяк (Аs), Ванадий (В), йод (1), кремнезем (Sі), өте үлкен физиологиялық-биохимиялық роль атқарады.
Адамның тез қартаюы адам ағзасына тағаммен бірге витаминдердің аз мөлшерде келуіне, немесе олардың жетіспеуіне байла-нысты. Витаминдерді көп пайдаланған адамда қартаю үрдісі өте баяу етеді. Адам тез арада қартая қоймайды. Витаминдер ағзаның ? ішкі физиологиялық-биохимиялық үрдісінің жүруін жақсартады.
Тағам құрамында минералды элементтер аз болса, олардың ішінде йод (і) жетіспесе және витамин С (аскорбин қышқылы) аз болса, онда щитовид безі өсіп кетеді де, адам ауруға шалдығады. Ол дертті Базед ауруы деп атайды. Сүйек опырылғыш келеді, және өспей қалады, адам өте тез шаршағыш, тез қажығыш келеді.
Тағам құрамындағы минералдық заттар (тұздар), витаминдер және су ағзаға тікелей сіңіріледі.
а) нәруыздар - адам пайдалынатын көптеген тағамдардың құрамында кездеседі. Олар адам ағзасында өздігінен түзілмейді, тек тағаммен бірге қабылданады. Адамның қалыпты өмір сүріп, дұрыс жұмыс атқаруы үщін құрамында біркүндік нәруыз мөлшері 100 - 120 грамм нәруыз қажет. Нәруыз негізінен мал, құс еттерінде, жұмыртқада, сүтте, жаңғақта, асбұршақта, балықта көп кездеседі. Нәруыздар тек адам ағзасын қоректендіруші, құрастырушы ғана емес, сонымен қатар ол көптеген ферменттер мен гормондарды түзуге септігін тигізеді. Адм ағзасы үшін нәрлі нәруыз жануартекті тағамдарда көптеп кездеседі.
ә) майлар - бұларда адам ағзасы үшін қажетті заттың бірі. Майлар - жылу қоры. Май - сүт өнімдерінің, жұмыртқаның және жануарлардың іш майында, майлы өсімдіктердің құрамында көп болады. Басқа органикалық заттармен салыстырғанда май ыдыраған кезде энергия екі еседей көп бөлінеді. Адам сұйық (өсімдік) майларды көбірек пайдалануы қажет, өйткені ол ағзаға тез әрі жеңіл сіңеді. Бір күнде адам денесінің 1 кг салмағына қажетті ас құрамындағы май мөлшері 1 - 1, 25 болуға тиіс. Енді, өзімізге бір тәулікте қанша май қажет екенін анықтайық. Орта есеппен адамға бір тәулігінен 70 - 100 г май пайдалану керек екен.
б) көмірсулар - бұл да негізгі жылу қоры. Олар көбіне өсімдіктекті тағамдардың, нанның, жарманың, картоптың құрамында көп кездеседі. Адам күнделікті пайдаланатын көмірсулар негізінен крахмал және қант жиі пайдаланады. Крахмал жармалардың ұнның, картоптың құрамында көп кездеседі. Ал, қант көбіне қант қызылшасында, сәбізде мол кездеседі. Ағза үшін, негізінен, жемістердің құрамындағы қант өте пайдалы, өйткені, ол тез сіңіреді. Мұндай қант балдың, жеміс - жидектердің құрамында көп кездеседі. Адам денесінде жиналған артық көмірсулар бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде жиналады. Адам тәулігіне 400 - 450 г крахмал және 100 г қант жұмсайды. Сонымен қатар, құрамында көмірсулар болатын тағамдарды көп пайдалану адамның семіруіне және қант ауруына әкеліп соғатынын есте сақтау қажет.
в) витаминдер немесе дәрумендер (латынша «vita» - тіршілік, «amin» - химиялық заттар) ерекше органикалық заттар. Адам оларды өте аз мөлшерде пайдаланады. Бірақ витаминсіз біздің денеміздегі мүшелеріміздің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витаминдер ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдықтырады. Витаминдердің көптеген түрлері бар, атап айтқанда: А (ретиналь), В (тиамин), В2 (рибофлавин), В6 (пиродоксин), В12 (циакобаламин), С (аскорбин қышқылы), Д (кальциферолы), Е (токоферолы), К (филлохиноны) және т. б. жатады.
г) минералдық тұздар, адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам пайдалынатын барлық табиғи тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады. Тұзсыз астың дәмі татымайды. Адам тәулігіне 5 - 6 г - дай ас тұзын пайдаланса жеткілікті. Минералды тұздар денеге жинақталады және жасушалар мен ұлпалардың құрамына кіреді. Мысалы, темір атогмы эритроциттердегі гемоглабиндердің құрамына кіреді және оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдайды. Иод - қалқанша бездің гормонында, күкірт пен мырыш ұйқы безі гормонының құрамына кіреді. Қан түзу барысында темір, мыс өте қажет. Сүйектің құрамына кальций және фосфор кіреді. Және минералды тұздар адам ағзасында жетіспесе немесе көп болған жағдайда адам әртүрлі ауруға ұшырайды. Адам ағзасында минералды тұздар мен заттардың жалпы көлемі шамамен 4, 5 % құрайды. Минералды тұздардың көлемі адам ағзасындағы судың көлеміне байланысты болады.
д) су адам ағзасы үшін өте қажет. Сусыз тіршілік ету мүмкін емес. Адамның денесіндегі күрделі физиологиялық процестердің барлығы судың қатысуымен жүреді. Сонымен бірге суда көптеген минералды тұздар ерітінді түрінде кездеседі. Адамның тіршілігі үшін тәулігіне 1, 5 - 2, 5 л су қажет. Ал, егер адам дене еңбегімен ұзақ айналысқанда онда адамның тәуліктік су мөлшері де өседі екен. Жалпы су адам ағзасының 70% құрайды. Су - ағзаға керексіз, улы заттарды да сыртқа шығарады.
Ағзаның ішкі орталығын сақтауда су мен тұздың маңызы ерекше, бұл күні ыстық, шөлді жерлерде айқын байқалады.
3. Тағамдық заттардың қызметі. Адам ағзасында тамақтық заттар көптеген қызмет атқарады.
Солардың ішінде 2 түрлі қызметін ерекше атап өткен жөн. Біріншіден - тағамдық заттар адам ағзасындағы тіршілігін жойған жасуша құрылымдарының орнын басады. Оны тағамның құрылыстық қызметі дейді. Екіншіден - тағамдық заттар ағзадағы химиялық энергияның бірден - бір көзі болып саналады. Тағам құрамындағы күрделі органикалық заттар ыдырағанда энергия бөлінеді де, энергияның басқа түріне (жылу, механикалық және т. б. ) айналады. Мұны тағамдық заттардың энергетикалық қызметі дейді.
Қорыта айтқанда, тағамдық заттар ағзаны үнемі құрылыс материалдармен және энергиямен қамтамасыз етіп отырады. Ас қорыту - тағам құрамындағы күрделі органикалық қосылыстардың ыдырап, қан мен лимфаға өтуін немесе қоректік заттардың ас қорыту мүшелерінде механикалық өңдеуден өтіп, ферменттердің әсерінен ағза жақсы сіңіретін, химиялық ыдырауға ұшырайтын, процесті айтады.
Қоректік зат - клеткалардың өсіп - өнуі мен дамуы үшін және ағзаның тіршілік әрекетіне қажетті энергия көзі.
4. Тамақтанудың гигиенасы. Адамның денсаулығы көбінесе оның немен және қалай тамақтануына байланысты. Дұрыс тамақтану арқылы адам өз денесіне қажетті заттарды алып отырады.
Ас тағамдары әр түрлі болуы керек. Үнемі бір түрлі тамақ ішкенде, оның сіңімділігі төмендеп, адамның асқа тәбеті тартпайды. Астың құрамында өсімдіктер және жануарлар өнімі болуы қажет.
Дәмдеп ішкен ас жылдам және толық қорытылады. Асқорыту сөлінің мол бөлуіне жеміс шырындары мен көкөністер әсер етеді.
Тамақтану мезгілі. Асқорыту жүйесінің жақсы жұмыс істеуі үщін әр уақытта бір мезгілде тамақтану қажет. Үнемі бір мезгілде тамақтанып отырған адамның асқорыту мүшелерінің бездерінен тамақ алдында сөл бөліне бастайды. Сондықтан ас қарынға және ішекке түсісімен ыдырап, қорытыла береді.
Мезгілімен тамақтану - оның жылдам қорытылып және жақсы сіңуіне септігін тигізеді.
Күніне 4 мезгіл тамақтанған жөн. Ересек адамдар күніне 3 мезгіл тамақтанады. Күніне 4 рет тамақтанғанда асты былай мөлшерлеу дұрыс: таңертеңгі ас - 25%, түскі ас - 40%, сәскелік ас немесе түстен кейінгі ас - 15%, кеші ас - 20%. Тамақтану мерзімі асқорыту жүйесі мүшелерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді.
Естеріңде болсын!
Тамақты өте кешігіп ішу және құрғақ тағамдарды жиі қолдану қарынның ауруға шалдығуына әкеліп соғады. Кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек. Бұл уақыт ішінде қарындағы ас қорытылып үлгереді. Асты ішуден бұрын қолды мұқият сабындап жуады. Асты асықпай, жақсылап шайнау керек. Тамақ ішіп отырғанда кітап, газет оқып, радио тыңдап, теледидар көріп, сөйлеуге болмайды. Астың тым ыстық та, өте салқын да болмағаны жөн. Ас ішкеннен кейін ауызды сумен шайып, тістердің астың қалдығынан тазартып отыруға әдеттенуі керек.
Қорытынды
Жекелеген азықтық заттардың адам тіршілігінде атқаратын міндеттері баяндалған еді, олардың өзара байланысы мен организмге қажетті мөлшерін талдайық. Бұл ретте, ең алдымен, адамның энергия шығыны углеводтар есебінен 50-60 пайыз; майлар арқылы - 33пайыз, белоктардын - 11-13 пайыз өтелетінін тағы да атап өту ләзім. Дұрыс тамақтанудың басты шарты - тағамның калориялығы мен организм жұмсайтын энергияОлардың негізгі тағам көздері
Кептірілген құрма - адам ағзасына қажетті дәрумендерге бай жеміс. Оның құрамында ақуызбен көмірсутектен басқа темір, фосфор, мыс, марганец, магний, калий, кальций, фтор, селен элементтері бар. Кальций сутектің, фтор тістің беріатігі үшін қажет болса, селен жүрек және қатерлі ісік ауруларының алдын алып, ағзаның қорғаныш қабілетін күшейтеді.
Құрма құрамындағы амин қышқылы жөнінен алма, апельсин мен бананды жолда қалдырады. Бұрынырақта халық емшілері құрманы асқазан, ішек ауруларына ем ретінде қолданған. Құрма күш - қуаттың қайнар көзі, сонымен бірге бұлшық еттің нығаюына да әсер етеді.
Жемістің құрамындағы В тобындағы дәрумендер мен көп мөлшердегі глюкоза мимен жұмыс істейтіндер үшін өте пайдалы. Құрма жүкті әйелдер үшін де өте қажетті жеміс, ол ана сүтінің молабына септігін тигізеді. Бірақ кептірілген құрма майлы және қанты көп болғандықтан, күніне 10 - 15 түйірден артық жеуге болмайды.
Асқабақ Латын Америкасынан шыққан, бірақ ол біздің жерімізде де орнықты. Қызғылт, сары, дәмді балдырынан басқа оның емдік қасиетті тұқымы да бар. Оны жапон диетологы Дж. Осава пайдалы өнімдер кестесінің ішінде бірінші орынға қояды. Әсіресе қауын тәрізді емес, дөңгелек асқабақтың тұқымы бағалы. Тұқым несімен пайдалы дейсіз ғой. Онда 36 - 52 пайыз майлар (холестеролсыз), шайыр, органикалық заттар, Е, А дәрумендері, аздаған Д, К дәрумендері бар және микро мен макроэлементтер мол. Әсіресе ондағы мырыш пен темір бағалы және магний, кальций, фосфор, ақуыздар да көп.
Құрамындағы мырыш бойынша асқабақ пен күнбағыс ерекше даңққа ие болады, өйткені осы өнімдердегі мырыш мөлшері устрицалардан соң екінші орынды иеленеді. Ал мырыш әйелдерге қарағанда ер адамдарға 5 - 8 есе артық қажет.
Мырыш жетіспесе нәрестелердің өліп кетуі де мүмкін екен. Содан соң жасөспірім шағында ер балаларды безеу, шаштың майлы себореясы. Бұдан құтылудың жолы - мол мырыш жеу, мысалы, асқаьақ тұқымын немесе күнбағыс пістесін шағу.
Су. Барлық өнімдердің құрамы судан тұрады. Су (H2O) ағзаның өмір сүруінде үлкен роль атқарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz