Халықаралық туризмнің обьектісі ретінде түркияның сипаттамасы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ ТҮРКИЯНЫҢ СИПАТТАМАСЫ . . . 5

1. 1Жалпы елдің табиғаты және оның өзіндік ерекшелігі . . . 5

1. 2Тарихы мен мәдениеті . . . 9

1. 3Маңызды туристік аудандары . . . 10

2ТҮРКИЯ- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДІҢ БІРІ . . . 14

2. 1Туристерді тартатын ірі қалалары . . . 14

2. 2Туризмнің жақсы дамыған түрлері . . . 20

2. 3Туристік инфрақұрылымы . . . 22

3ТҮРКИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ДАМУЫ . . . 25

3. 1Түрік- қазақ туристік байланыстарын нығайту және дамыту

жолдары . . . 25

3. 2Түркия Қазақстандағы емдік туризмнің дамуына өз үлесін қоса алады . . . 30

3. 3Қазақстан мен Түркияның мамандары туризм саласында өзара тәжірибе алмасуы . . . 31

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 34

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта туристік жолмен дүниежүзінің бірқатар мемлекеттері жақсы дамып, мемлекеттік бюджетке көптеген кіріс кіргізуде. Олардың қатарында туристік жолмен көптеген елдермен тығыз байланыс орнатқан Түркия мемлекеті де бар. Бұл мемлекетте туризм мемлекет бюджетіне өте үлкен кіріс кіргізетін негізгі экономикалық саласы болып табылады.

Осы тұрғыда таңдап алынған курстық жұмыс «Түркияның халықаралық туризмі». Тақырыбымның аясы кең, әрі ауқымды мәселелерді қамтиды. Оның ішінде жалпы туризм саласының өзіндік ерекшеліктері, оны шешудегі қойылатын талаптардың орындалуы және Түркиядағы туризмнің ел экономикасындағы алатын рөлін анықтау болып табылады.

Түркияда туризм нақты елдің және оның халқының тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, рухани, сонымен қатар діни құндылықтарымен танысуға барша мүмкіндік бере отырып, мемлекет қазынасына пайда әкелетін жүйе ретінде дамуда. Пайда келтірумен қатар, туризм елдің әлем қауымдастығы мен азаматтар алдында танылуының алып факторы болып табылады.

Қазіргі уақытта туроператорлардың көпшілігі Жерорта теңізі елдерімен жұмыс жасауда. Ол елдер арасында Түркия аса танымал.

Түркия дүние жүзінде туристерді ең көп тартатын мемлекеттердің бірі. Туристерді ең көп қабылдайдын елдер арасында Түркия үшінші орынды алады. Жыл сайын бұл мемлекетке әлем туристердің 46% келеді.

Түрік Республикасы Кіші Азия мен Шығыс Фракия жерінде Еуропа мен Азия аралығында Дарданелла, Мәрмәр теңізінің және Босфор сулары екі құрлықты бөлетін жерде орналасқан мемлекет. Елдің мәдениеті уникалды, ал тарихы ежелгі Византия тарихы сияқты бай мемлекет. Түркия жағалаулары Клеопатра, Ескендір Зұлқарнайын сияқты ұлы тұлғалар есімдерімен байланысты. Түркия дегенде Апостол Павел мен оның «Ефесеняндарға жолдауы», Гай Юлий Цезарьдің «Veni. Vedi. Vici. » сөздері, яғни «Келдің. Көрдің. Жеңдің» деген сөздері Зела деген жерде Анкараның қасында пайда болған сөздері еске түседі.

Түркия шоп-турларымен белгілі. Сондай-ақ мемлекет отельдері дүние жүзінде комфортты отельдердің бірі болып келеді. Бірақ ең бастысы тарих және архитектура ескерткіштері көп шоғырланған мемлекет болып табылады.

Түркия - мозайкалы ел. Ол құрлықтық және аралдық бөліктерден тұрады. Ауылдары мен жағалаулары бір-бірінен ерекшеленетін тұрпат пен мінезге ие. Бір-біріне жақын орналасқан тарихи қалалардың өздері де айырымашылықтарға толы: біреуі шығанақ жағалауында салынып, құмды жағалауы және кең жағажайларымен тамсандырса, келесі теңізге қырлар бойымен сатыкөшелер арқылы көтеріле биік жартастардан қарайды; үшіншісі фешенебельді қонақ үйлері мен мейрамханалары бар әсем кеме-клубына айналған.

Қазіргі таңда, Түркиядағы туризмнің дамығаны соншалықты, тiптi қалталы туристерден бастап қалтасы жұтаңдау қонақтардың көңiлiнен шығудың амалдары барынша жақсы жолға қойылған. Жалпылама туризм жайлы айтсақ, бiр туристiк турдың пакетi 1000 долларға шамалас. Бiрақ жыл сайын ел бюджетiне түсетiн пайданың өзi 20 миллиард долларға дейiн жетiп қалады. Бұл Түркияның туризм министрлiгi туристердiң жас ерекшелiктерiмен де санасып, қызмет көрсетудiң түр-түрiн ұсынады. Мұстафа Мұтлының айтуынша, егде жастағы адамдар көбiне Стамбұл мен Кониядағы тарихи сарайлар мен ескерткiштердi көруге ұмтылса, жастар мәдени ескерткiштерден гөрi теңiз суының бойында шомылып, қайықта жүзудi ұнатады екен. Өз кезегiнде елдiң туризм саласы шетелдiктерге барлық демалыс түрлерiн ұсынады: қысқы туризм - шаңғы тебу, жазғы туризм - теңiз бойында шомылу, мәдени-архитектуралық туризм - тарихи сарайларға серуен жасау, тағысын тағылары . . . Мұның бәрi де туристiң жақсы демалып, келесi жылы елге қайта келуi үшiн жасалынған сияқты.

Осыған байланысты, бұл жұмыста Түркияның турістік жағдайын және оның халыққа маңыздылығы ашып көрсетіледі.

Жұмыстың мақсаты : Бұл тақырыпта: «Түркиның халықаралық туризмі» қалам тартып зерттеулер жасауымдағы басты мақсат: Түркияның туризм дамуы үшін қандай туристік-рекреациялық ресурстары бар екенін анықтау және қазіргі туризм индустрия жағдайын анықтау болып табылады.

Сонымен қоса курстық жұмысты жазу барысында нақты деректерге сүйене отыра жаңалық енгізу және курстық жұмысты қазіргі ғылыми зерттеу саласындағы стандартқа сай жазылуын қадағалау.

Жұмыстың міндеті:

1. Түркияның табиғи рекреациялық және туристік ресурстарын анықтау.

2. Түркия туризмінің өзіндік ерекшелігін ашып көрсету.

3. Туризмнің ішкі нарыққа тигізген әсерін анықтау.

4. Түркияның қазіргі туризм индустриясын талдау.

5. Қазіргі Түркия мемлекетінің Қазақстандағы туризмнің деңгейін көтерудегі рөлін көрсету. Екі ел арасындағы туристік байланыстың маңыздылығы мен тәжірибе алмасудың болашағына талдау жасау.

Жоғарыда айтылған міндеттерді шешу үшін әр түрлі әдебиет көздері пайдаланылды: ағымдағы басылымдар, энцеклопедиялық басылымдар, жол сілтеуіштер, анықтама басылымдары мен интернет көздері қолданылған болатын.

Курстық жұмыста Түркияның туризмі дамуының табиғи, тарихи-мәдени алғышарттары қарастырылып, туристік орталықтарына, туризмінің жағдайына талдау жасалады.

Алға қойылып отырған басты нысан Түркия туризміндегі жоғарыда айтылған мәселелерді жан жақты зерттеп, қорытынды жасау.

1ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ ТҮРКИЯНЫҢ СИПАТТАМА

1. 1Жалпы елдің табиғаты және оның өзіндік ерекшелігі

Түркия дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет. Жерінің 97 % -ы Азия материгінде, ал 3 %-ы Еуропада жатыр. Батысы мен шығысы 1600 км-ге, солтүстігі мен оңтүстігі 550 км-ге созылған. Ол Кіші Азия түбегінде орналасып, шығыста Грузиямен, Әзірбайжанмен, Иранмен, Армениямен, батыста Болгариямен, Грекиямен, оңтүстікте Ирак пен Сириямен шекаралас. Жағалауын солтүстігінде Қара теңіз, батысында Эгей теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңізі сулары шайып жатыр. Географиялық орнының ерекшелігі Еуропа мен Азия материгінің тоғысқан жерінде орналасқандығы. Босфор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа материктерін жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түрік Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның символы сияқты.

Түркия Кіші Азия мен Шығыс Фракия территориясында Еуропа мен Азия арасында орналасқан. Дарданелла, Мәрмәр және Босфор сулары екі құрлықты өзара бөледі.

Түркияның географиялық картасына қарағанда юралар және қыраттардың көпшілігі көзге түседі. Мемлекет қатты тілмденген, табиғи ландшафттарының және өсімдік байлылығы вертикалды зоналдығымен сипатталады.

Түркияда биік, тілемденген шатқалдар мен мұзды шыңдары бар таулары өзара үйлескен.

Рельфетің сипаттамасы бойынша Түркия таулы ел: теңіз деңгейінен орташа биіктігі 1000 метр. Территорияның жартысынан көбін Кіші Азиялық тау қыраттары алады. Олардың құрамында Понтий және Тавр таулары ала араларында Анатолия қыраттары орналасқан.

Понтий таулары Қара теңіз жағалауына параллель етіп 100 шақырымға дейін созылған. Батысында таулар Саркарья өзеніне дейін жетеді. Солтүстігінде Қара теңізге қарай төмендей бастайды, жағалау мен тау арасында 5-10 шақырымдай ғана сызық қалады. Қызыл-Ирмак, Ешиль Ирмак және Саркарья өзендерінің сағаларында ғана жазық 60-70 шақырымға дейін кеңейе бастайды.

Понтий тауларының орташа биіктігі 2500 метр. Шығыс жағында таудың ең биік нүктесі орнласқан - Качкар шыңы - 3931 метр. Батысына қарай Понтий таулары 900 метрге дейін төмендей бастайды. Бұл аймақта максималды биіктік 2000 метрден аспайды.

Түркияның оңтүстігінде Жерорта теңізі жағалауында күрделі Тавр (Торос) тау жүйесі созылған. Бұл жүйені үш бөлікке бөліп қарастыруға болады: Батыс, Орталық, Шығыс Тавр [1] .

Батыс Тавр - Анталья жазығын доға етіп қоршап алған. Бұғаздың батысы мен шығысында таулар Ликий және Киликий жазық территорияларын ала отырып теңізге қарай созылады. Биік тау қыраттары (Бедаг, 3086 м; Эльмалы, 3073 м) терең жазықтармен бөлінген. Батыс Тавр қыраттары арасында, әсіресе солтүстігінде көлдер топтары және терең шұңғымалар топтары орналасқан (Бейшехир, Эргидир, Сугла және тұзды көлдер: аджигель, Акшехир мен Испарта шұңғымасы және т. б. жатады) . Бұл аймақтың аты да «түріктің көлдер елі». Орталық Тавр биіктігімен және рельефтің альпілік типтес болуымен ерекшеленеді. Мұндағы көптеген қыраттардың биіктігі 3000 метрден асады. Батысында оңтүстік батысына қарай Орталық Тавр Жерорта теңізіне жақындай келе бірден теңізге қарай үзіледі. Тек қана кейбір аймақтарында аллювиальды жазықтардың тар сызықтарын байқауға болады, мысалы, Анамура, Аланья, Силифке, Финике аудандары. Мерсин қаласы маңында таулар бірден солтүстік-шығысқа қарай бұрылады.

Таврдың солтүстік шығыс жалғасы Бинбог және Тахталы қыраттары алып жатыр, сондай-ақ бұл қыраттар Антитавра деген атпен белгілі. Қыраттар оңтүстік батыс пен солтүситік шығысқа қарай созылып Узуняйланамен бітеді.

Шығыс Тавр оңтүстікке қарай Мұрат өзені және Baн көлінен бастап мемлекеттің шығысына қарай созылған (Хакяри ауданы) . Мұндағы ең биік нүктелері 4000 метрге дейін жетеді, ал Джило тау жүйесінде бұл көрсеткіш биіктейді (4168метр) .

Шығыс Тавр оңтүстігінде Диярбакыр шұңғымасы орналасқан. Шұңғыма оңтүстікке қарай Месопотамия жазығына қарай төмендей береді.

Шеткі таулары арасында орналасқан Анатолия қыраттарын Ішкі Анатолия және Шығыс Анатолия деп бөлуге болады. Ішкі Анатолия аласалау болып келеді. Бұл аймақ ағынсыз шұңғымалар топтарынан құралған. Мұндағы биіктік батыстан шығысқа қарай 800-12000 метрге дейін биіктей береді. Осындай ойпаттардың бірінде Түркия астанасы Анкара орналасқан. Қыраттардың оңтүстік бөлігінде ежелгі вулкандар тізбегі орналасқан. Орталық және Ішкі Аанатолияның оңтүстігінде көлдер және батпақтар, көбінесе тұзды, орналасқан. Қыраттың орталығында шамамен 1000 метр биіктікте Түркияда көлемі бойынша екінші орында тұрған Тұз көлі орналасқан. Бұл көл өзінің суларының тұзды болуымен ерекшелінеді. Жаз уақытында көл құрғап, түбі тұзды қабатпен жамылады.

Шығыс Анатолия солтүстігінде Понтий таулары мен оңтүстігінде Шығыс Тавр арасында орналасқан. Батысында аймақты ішкі Анатолиядан Акдаг қыраты бөледі. Шығыс Анатолияда биік таулар орналасқан, шамамен 1500 метрден 5000 метрге дейін. Армения шекарасының маңында Үлкен Арарат - сөнген вулкан, Түркияның ең биік нүктесі (5165 метр) орналасқан. Бұл массивтің ерекшелігі - конус тәрізді формалары болып табылады. Конус шыңы қарлы мұздықпен жамылған. Үлкен Арарат маңында Кіші Арарат (3925 метр) орналасқан.

Шығыс Анатолияда 1720 метр биіктікте Ван ағынсыз көлі орналасқан. Көл елде көлемі бойынша бірінші орында тұр.

Түркияның батысында Батыс Анатолия тау аймағы айқын бөлінген. Батыс Анатолия қыраттарының биіктігі орташа, кейбір шыңдары, мысалы Улудаг тауы (Кіші Олимп) 2500 метрге дейін жетеді. Улудагтың үлкен бөлігі қармен жамылған.

Батыс Анатолия шектерінде Мәрмәр теңіз жағалауының бойында Апольонт, Изник, Маньяс, Сапанджа көлдері бар жазықтар тізбесі созылған.

Түркия территориясы субтропикалық климаттық белдеуінде орналасқан. Дегенмен, елдің рельефтің қатты тілемденуі және ауа массаларының күрделі циркуляциялары нәтижесінде бірнеше климаттық аудан пайда болды.

Түркияның Қара теңіздік жағалауы жылы қоңыржай климатпен ерекшелінеді. Ауасы ылғалды, маусымдық жауын-шашындар біркелкі таралған. Жазы ыстық, қысы суық. Қаңтар айының орташа температурасы жағалауда -1-5, +7° ал шілде айында +22, +24°. Понтий таулары қыста қаратеңіздік жағалауды суық ауа массаларының ықпалынан қорғайды. Бұл аймақта жауын-шашын ең көп мөлшерде жауады. Жағалаудың шығыс жағында жылына орташа 2500 мм жауын түседі. Батыс аймақтарында 700-800 мм түседі. Понтий тауларының оңтүстік баурайында ауа құрғақтығымен ерекшелінеді.

Эгей теңізінің жағалауы Жерорта теңіздік климатпен ерекшелінеді. Жазы құрғақ және ыстық ал қысы жауынды және жылы. Ең ыстық айлары шілде және тамыз, температурасы Ааданда +28°, ал ең суық айлары қаңтар және ақпан, температурасы +10°. Түсетін жауын мөлшері 500-800 мм жылына. Таврдың батыс бөлігінде 1000-1500 мм жылына жауын түседі. (кесте 1) Түркияның әр аймағындағы температура ерекшеліктерін көруге болады.

Кесте 1

Түркияның әр аудандағы орташа ауа температурасы (◦С көрсетілген) [1]

Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Маусым
Шілде
Тамыз
Қыркүйек
Қазан
Қараша
желтоқсан
: Анталья
Қаңтар: 10
Ақпан: 11
Наурыз: 13
Сәуір: 16
Мамыр: 20
Маусым: 25
Шілде: 28
Тамыз: 28
Қыркүйек: 25
Қазан: 20
Қараша: 15
желтоқсан: 12
: Измир
Қаңтар: 9
Ақпан: 10
Наурыз: 11
Сәуір: 16
Мамыр: 20
Маусым: 25
Шілде: 28
Тамыз: 27
Қыркүйек: 23
Қазан: 18
Қараша: 15
желтоқсан: 10
: Стамбул
Қаңтар: 5
Ақпан: 6
Наурыз: 7
Сәуір: 12
Мамыр: 16
Маусым: 21
Шілде: 23
Тамыз: 23
Қыркүйек: 20
Қазан: 16
Қараша: 12
желтоқсан: 8
: Трабзон
Қаңтар: 6
Ақпан: 6
Наурыз: 7
Сәуір: 11
Мамыр: 15
Маусым: 20
Шілде: 22
Тамыз: 22
Қыркүйек: 19
Қазан: 15
Қараша: 12
желтоқсан: 9
: Анкара
Қаңтар: 0
Ақпан: 1
Наурыз: 5
Сәуір: 11
Мамыр: 16
Маусым: 20
Шілде: 23
Тамыз: 23
Қыркүйек: 18
Қазан: 13
Қараша: 8
желтоқсан: 2
: Эрзурум
Қаңтар: -9
Ақпан: -7
Наурыз: -3
Сәуір: 5
Мамыр: 11
Маусым: 15
Шілде: 19
Тамыз: 20
Қыркүйек: 15
Қазан: 9
Қараша: 2
желтоқсан: -2
: Диярбакыр
Қаңтар: 2
Ақпан: 2
Наурыз: 8
Сәуір: 14
Мамыр: 19
Маусым: 26
Шілде: 31
Тамыз: 31
Қыркүйек: 25
Қазан: 17
Қараша: 10
желтоқсан: 4

Батыс Анатолияның солтүстігіне Мәрмәр меңізінің жылы ауасы әсер етіп (судың жоғарғы бетінің температурасы жазда шамамен +25С, қыс айларында +8) ауыл шаруашылығы үшін жағымды климаттық жағдайларымен ерекшеленеді. Мәрмәр теңізінің жағалауы және аралдары Стамбул қаласының және басқа да жақын орналасқан қалалар тұрғындарының демалысы үшін сүйікті орны. Қаратеңіз жағалауында суы мұздай болып жатқан кезде Мәрмәр теңізінің суы жылынып, шомылу маусымы басталады (кесте 2) .

Кесте 2

Судың орташа температуралық көрсеткіштері (◦С көрсетілген) [1]

Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Маусым
Шілде
Тамыз
Қыркүйек
Қазан
Қараша
желтоқсан
: Анталья
Қаңтар: 17
Ақпан: 17
Наурыз: 17
Сәуір: 18
Мамыр: 21
Маусым: 24
Шілде: 27
Тамыз: 28
Қыркүйек: 27
Қазан: 25
Қараша: 22
желтоқсан: 19
: Измир
Қаңтар: 11
Ақпан: 11
Наурыз: 12
Сәуір: 15
Мамыр: 20
Маусым: 24
Шілде: 26
Тамыз: 26
Қыркүйек: 24
Қазан: 21
Қараша: 17
желтоқсан: 13
: Стамбул
Қаңтар: 9
Ақпан: 7
Наурыз: 8
Сәуір: 11
Мамыр: 15
Маусым: 20
Шілде: 23
Тамыз: 23
Қыркүйек: 21
Қазан: 17
Қараша: 14
желтоқсан: 11
: Трабзон
Қаңтар: 10
Ақпан: 9
Наурыз: 9
Сәуір: 10
Мамыр: 14
Маусым: 20
Шілде: 24
Тамыз: 25
Қыркүйек: 24
Қазан: 20
Қараша: 16
желтоқсан: 13

Түркия территориясы, Анатолия қыратынан басқасы, өзен тораптарымен жамылған. Бірақ барлық өзендері таулы болып табылады, құлама сарқырамалары көп, сол себепті кеме байланысы үшін қолайсыз. Бірақ, өзендер гидроэнергияның басты көзі болып табылады. Сондай-ақ, Түркия сулары егіндіктерді мен шабындықтарды суару үшін пайдалынады.

Өзендер ағындары беркелкісіз. Жаңбыр маусымдары кезінде өзендері ағындарынан тасып кетеді, ал күзгі және жазғы кезеңдерінде құрғақшылық кезеңдері басталып, кішігірім өзендері құрғап кетеді.

Түркия тауларынан Оңтүстік Батыс Азияның ең өзендері бастау алады: Шығыс Анатолияда Еврат және Армян қыратынан бастау алатын Тигр өзендері ағады.

Өсімдік жамылғысы алуан түрлі. Бұл елдің рельефі мен климаттық жағдайларына байланысты. Түркия флорасында шамамен 6700 өсімдік түрі бар. Көбісі өсімдік тұқымдастары, бұршақ тұқымдас болып табылады. Үштен бірі Түркия үшін эндемик болып табылады. Эндемиктер арасында астрагалдар, акантолимондар, кузиналар көп. Сондай-ақ, эндемик өсімдіктері арасында реликті өсімдіктер де бар, мысалы, үштік дәуіріне жататын бальзам ағашы.

1. 2 Тарихы мен мәдениеті

Түрік мемлекеті Кіші Азияда құрылды. Бұл жерге Орта Азиядан түрік тілдес тайпалар көшіп келді. Түрік сөзі «адам» немесе кейбір ғалымдар пікірінше, «дулыға» деген мағынаны береді. Қазіргі астанасы Анкара қаласы Анкире деген қоныс орнында пайда болды. Ежелгі фригий тілінен аударғанда, Анкире сөзі «тұрақ» немесе жол бойындағы дем алу орны деген мағынаны береді.

Түрік территориясындағы ең алғашқы цивилизация хеттер цивилизациясы болған. Бұл халық жел және күн құдайларына сыйынған. Хеттер Анатолия территориясын Қола дәуірінің ортасынан бастап (б. з. д. 1900-1600 жж) мекен еткен. Бұл кезеңде Египет билеушісі Ұлы Рамзес II соғысып, Сирияны да бағындырған. Бірақ, ахей гректерінің б. з. д. 1250 жылындағы Трояны бағындырғаннан кейін хеттер ыдырай бастады. Грек аралдарынан келген «теңіз адамдары» хеттерге қысым көрсете бастады. Ал елдің шекараларында аралас кішігірім теңіз пашалықтары пайда бола бастады. Бұл, Парсы патшасы Кир Анатолияға шығыстан шабуыл жасағанша дейін (б. з. д. 550-530 жж) жалғаса берді. Бірақ, парсылар Ескендір Зұлқарнайырмен қуылды. Ескендір қайтыс болғаннан кейін, оның генералдары соғыс жәдігерлерін өзара бөле бастап, азамат соғысы басталды. Азамат соғысы галаттар (кельттер) б. з. д. 279 жылы Анкараны басып алып, өздерінің астанасы ретінде жариялағанша жалғаса берді.

Рим империясы елге тыныштық пен гүлденуді әкелді. Бұл шамамен үш ғасырға созылды. Сол кезде, түріктер территориясында христиан діні тарала бастады. Біздің заманымыздың 250 жылы Рим империясы әлсірей бастады. 324 жылы Константин оны біріктірді. Константин жаңа астанасын сала бастады. Бұл қала Константинополь деген атқа ие болды. 527-565 жылдары Юстиниан Рим империясын, немесе Византияның атын шығарды. Ол Италияны, Балкандарды, Анатолияны және Солтүстік Африканы қайта өзіне бағындырды, бірақ, оның қайтысынан кейін бес жыл өткен сон, Меккеде Мұхамед пайғамбар дүниеге келді. Түрік тарихы ең таңғажайып ертегіге ұқсап кетті. 669-678 жылдары ислам әскері Константинопольге шабуыл жасады. Ислам династиялары үлкен билікке ие болды. Дегенмен, Сельджуктардың түрік империясы ең алғашқы болып қазіргі Түркияны биледі.

Ежелгі кезеңдерде түрік мемлекетінің астанасы Истамбул қаласы болды (еуропалық тілде - Стамбул), қала Мехмед жаулашы бастаған түріктер халқысы жаулап алған Византия империясының астанасы болған Константинополь қаласының орнында салынды. Византия империясы құлағаннан кейін еуропалық және азиаттық Түркияны - Румелия мен Анатолияны біріктірген Осман империясы құрылды. Осман империясы көп соғысты, оның ішінде Ресей патшалығы мен Польшамен да соғысты [1] .

13 ғасыр соңында Осман империясы түріктерді біріктіре бастап, монғол шапқыншылықтарынан қорғайды. 1453 жылға қарай османдар Мехмед жетекшілігімен Константинопольды басып алады. Сүлейман ғажайып сұлтаны (1520-1566 жж) империяны биікке көтеріп, Константинопольды одан да көркейтті. Бірақ, Сүлейман сұлтанынан кейін бірнеше сұлтан ғана елді билей алды. 1585 жылға қарай Осман империясы құлай бастады. ХІХ ғасырға қарай дұрыс емес билеу салдарынан этникалық ұлтшыл конфликтер басталды. Осман империясына бағынған халық бой көтере бастады. Оларды еуропалық билеушілер қолдады. 1832 жылғы соғыстан кейін Грек патшалығы құрылды, сербтер, болгар, румындар, албандар, армян және араб халықтары тәуелсіздікке ұмтылды. 1918 жылы Антанта Түркияны өзара бөле бастады. Бірінші дүние жүзілік соғысы кезінде Осман империясы жеңілді: 1918 жылдың 30 қазанында «Агамемнон» броненосецте британ адмиралы Түркияға келіссөз талаптарын оқыды (талаптар бойынша Түркия араб елдерінен әскерін алып кетіп, Батуми мен Бакудан кету керек болды) . Түрік әскері талқандалды, флот ағылшындар және француздар қол астына өте бастады. Осман империясы өмірін тоқтатып, империямен бірге Стамбул түрік мемлекетінің астанасы ретінде жойылды.

1923 жылдың қазан айында Түркия Республикасы болып жарияланды, астанасы Анкара қаласы болды. Тұңғыш Президенті Мустафа Кемаль болды. Мустафа Кемаль 1938 жылдың 10 қарашасына дейін елді биледі. Тұңғыш президенті кезінде Түркия саясатына Ислам діні ықпал етпеген. Қазіргі таңда Түркия батыс мемлекеті, НАТО және БҰҰ мүшесі, әлемде әсері бар мемлекетке айналды. Ел басы - президент. Парламент 2 палатадан құралған, әр төрт жыл сайын қайта сайлау өткізіліп отырады. Үкіметті премьер-министр басқарып отырады.

Түркия өзінің көрікті жерлер саны мен көркемділігімен Греция, Италия мен Испаниядан кем емес. Қазіргі Түкия территориясы ежелгі кезеңдерінде Рим, Византия, Осман, Сельджук империялар құрамына кіретін еді, осының салдарынан ел барлық аталған мемлекеттер мәдениеті мен салттарынан әсері қалды [1] .

1. 3Маңызды туристік аудандары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркия туризмнің дамуы
ТҮРКИЯ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
Қазақстандағы туроператорлық фирмалардың қызметі
Қазақстандағы туроператорлық фирмалардың қызметі жайлы
ALL INCLUSIVE ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
Түркияның көп бөлігі таулы
Түркия Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Түркияның негізгі туризм салаларының дамыған өңірлері
Ютем туристік фирмасы
Қазақстанның туристік қызметіне инвестиция тарту және нарықты дамыту перспективалары бойынша ұсыныстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz