Тәжірибелерді демонстрациялау техникасы (химия пәні)


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ. 1. Тәжірибелерді демонстрациялау техникасы
ІІ. 2. Заттар мен процестерді демонстрациялау әдістері
ІІ. 3. Сөзді тәжірибе көрсетумен үйлестірудің негізгі түрлері
ІІ. 4. Оқушылар білімі сапасының тәжірибелерді демонстрациялау әдісіне тәуелділігі
ІІ. 5. Тәжірибелер демонстрациялаудың әртүрлі әдістерінің тиімді болу шарттары
ІІ. 6. Заттар бейнесін демонстрациялау
ІІ. 7. Приборлар, аппараттар суреті салынған таблицаларды пайдалану
ІІ. 8. Химия сабақтарында интерактивті тақта, электронды оқулықтарды және слайдтарды пайдалану
ІІ. 9. Модельдер мен макеттерді демонстрациялау
ІІ. 10. Үлестірме материалдарды пайдалану
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қосымша
V. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Көрнекілік құралдары туралы. Педагогикалық әдебиетте «көрнекілік құралдары» термині турліше түсіндіріледі. Біреулер көрнекілік құралдарына көру арқылы қабылданатынды ғана жатқызады, иллюстративті көрнекі құралдарды ғана қалдырып, заттар мен процестерді көрнекі құралдар қатарынан шығарып тастайды. Екіншілері, керісінше, бұл ұғымның мазмұнын кеңейткісі келеді, бейнелі сөзді таңдаудан тұратын елестерді, көркем әдебиет оқуды осыған жатқызады. Бұл елестер ұқсас болғанымен түзілу жолдары әр түрлі. Біреулері жоғары дәрежелі нерв қызметінің бірінші және екінші сигнал системаларының өзара әрекеттесуі негізінде қалыптасады, басқалары - тек екіншінің әрекеті.
Химияны оқытуда оқушылар заттар қасиеттерін және құбылыстарды көру ғана емес, басқа анализаторлардың жәрдемімен де танып біледі. Бірінші және екінші сигнал системаларының әрекеттесуі арқылы қабылданатындардың бәрі көрнекілік құралдарына жатады. Заттарды қабылдау процесі оның бейнесін қабылдау процесінен басқаша болғанымен, суреттерді қабылдауда бірінші сигнал системасының едәуір ролі бар. Сондықтан иллюстративті көрнекі оқу құралдары да көрнекілік құралдарына жатады.
Химияны оқытуда мынадай көрнекілік құралдар қолданылады:
- заттар үлгілері, жабдық заттары, физикалық және химиялық процестер (зат көрнекілігі) ;
- бейнелеу көрнекі құралдары - суреттер, диапозитивтер, оқу фильмдері, макеттер және басқа көлемдік көрнекі құралдар;
- шартты (символикалық) көрнекілік құралдары - диаграммалар, схемалар, графиктер және т. б.
Оқушылар мектептегі сабақтарда, мектептен тыс экскурсияларда және еңбекке үйренгенде оқу мақсаттары бойынша заттарды және процестерді бақылайды.
Мектепте оқушылар мұғалім демонстрациялайтын заттар үлгілерін, приборларды және процестерді бақылайды, немесе үлестірме материалдарды қарастырады.
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ. 1. Тәжірибелерді демонстрациялау техникасы
Химиядан сабақ берудің ең күрделісі және маңызы зоры әрі заттар, әрі процестер бақылануға тиісті химиялық тәжірибелер демонстрациясы. Тәжірибелерді демонстрациялаудың педагогикалық нәтижесі тәжірибелер қою техникасының жетілуіне, оқушылардың бақылауын оңайлататын, немесе қиындататын сыртқы жағдайларды ескеруге, демонстрацияны оқу процесіне кіргізу әдістері тәуелді болады. Қазіргі кезде ең жақсы жетілдірілгені - тәжірибелерді орындау техникасы. Бұл тақырыппен байланысты мұғалімдерге арнап көптеген бағалы құралдар басылып шықты және «Химия в школе» журналының әр нөмірінен тәжірибелер сипаттамасын табуға болады. Мұғалімнің көрсеткенін оқушылар бақылау үшін қолайлы жағдайларды зерттеуге аз көңіл бөлінуде. Демонстрациялық процестер жүзеге асатын ыдыстардың көлемі және пішіні жеткілікті сыналмаған, бақылау объектісі мен бақылаушы арасындағы қашықтық жарық түсу жағдайлары, демострацияланатын заттардың қажетті саны анықталмаған.
Әдебиет материалдары және көптеген сабақтарды бақылау негізінде экспериментті демонстрациялау техникасына қойылатын талаптарды тұжырымдауға болады. Қез келген химиялық тәжірибеге қойылатын бірінші және негізгі талап - оқушылар үшін ешбір қауіпсіз болу талабы. Әрбір сәтсіз оқиға үшін мұғалім моральдық және заң жүзінде жауап береді. Сондықтан тәжірибелерді алдың ала тексеру және қауіпсіздік техникасына байланысты барлық шараларды сақтау, химия лабораторияларында жұмыс істеушілер үшін міндетті болып табылады.
Алайда, эксперимент нәтижесі үшін жауапкершілікті сезіну химиядан сабақ беруде химиялық тәжірибелерді кеңінен қолдануға кедергі болмауы тиіс. Мұнда орынсыз сақтыққа жол берілмеу керек.
Демонстрациялық тәжірибелер қауіпсіздігінің негізгі кепілі эксперимент техникасының қажетті дағдыларымен қаруланған мұғалімнің жоғары техникалық сауаттылығы.
Мұғалім эксперимент жұмысының байыпты стилін игергені жөн. Приборлардың барлық техникалық бөлшектерін дұрыс және мүлтіксіз құрастыру керек. Приборларды дайындау және құрастыру ережелері мұғалім үшін заң болуы тиіс. Өйткені оқушылар соған қарап үйренеді. Қандай болмасын тәжірибе демонстрацияланатын прибор екі дана болып әзірленуі керек, немесе сабақта кездесіп қалатын сәтсіздік пен қолайсыздық үшін жеке бөлшектері дайын тұруы кереқ. Сондықтан демонстрациялық столдың тартпаларында құралдар, приборлардың жиі қажет болатын бөлшектері сақтаулы тұруы керек. Химиялық реактивтердің қажетті маркасы, ерітінділердің көрсетілген концентрациясы және тиісті мөлшерде қолданылуы қажет. Приборлар үлкендігі және әрекеттесуші заттар мөлшері ең алыс оқушылар столына көрінетін болсын. Демонстрациялаудағы жиі кездесетін кемшілік оқушылар демонстрацияланатын объектілерді нашар кереді. Мәселен, мұғалім ареометрмен сұйықтықтың тығыздығын, термометрмен реакция жүретін ортаның температурасын анықтайды. Ареометр мен термометрдің көрсеткенін мұғалім өзі ғана кереді, оқушылар өлшеу нәтижелерін мұғалім айтқанынан біледі.
Тәжірибелерді демонстрациялау техникасындағы бұл кемшілікті болдырмау үшін кейбір мұғалімдер кәдімгі приборлардан өзгеше приборлар мен қондырғыларды өз практикасына біртіндеп өндіріп жүр. Мәселен, тығыздықты анықтау үшін 1, а және б суретте көрсетілген прибормен пайдаланады, оның шкаласы үлкен дөңгелекке салынған, бөліктері мен ірі цифрлары алыстан жақсы көрінеді. Термометрді термоскоппен алмастырады, онда температураның төмендеуі мен көтерілуін дәл білудің қажеті шамалы, тек өзгеруін (бұл мақсат үшін термопара пайдаланылады) анықтаса болғаны.
Химиялық тәжірибелерді пробиркада емес үлкен шыны ыдыстарда (мүмкіндігінше) : колбаларда, стакандарда, цилиндрлерде демонстрациялайды.
Сұйықта түзілген тұнбаны байқау үшін бүйірден жарықтандыру немесе төменнен жарық түсіруді пайдаланады. Кейбір жағдайларда ұсақ нәрселерді демонстрациялау үшін проекциялық аппарат-эпидиаскопты қолданады. Эпидиаскоптың зат үстелшесіне объектіні (зерттелетін зат үлгілері) қояды, содан соң эпидиаскоп ішіне апарады. Заттың бейнесі үлкейген түрінде экранға түседі. Проекциялық аппаратпен пайдалануға да болады. Ол үшін кішкене шыны пластинкалардан (пайдаланылған негативтерден) төменде көрсетілгеніндей кювета әзірлейді, оған реагенттердің біреуін құяды және кассетаның орнына қояды. Қажетті жарық тудырылған соң кюветаға екінші реагентті (сұйықтық немесе қатты зат) апарады, немесе газ жібереді. Экранда жүзеге асатын процестердің аударылған көлеңке бейнесі пайда болады. Тура бейне алу үшін проектор объективінің артына қосымша линза қойылады.
Демонстрацияланатын объектіге бүйірінен жарық түсіретін құрал.
ІІ. 2. Заттар мен процестерді демонстрациялау әдістері
Демонстрациялық тәжірибелерді пайдалану методикасы, яғни тәжірибе көрсетуді сөзбен үйлестіру нашар анықталған. Химияны оқыту методикасында бұл мәселе туралы ештеңе айтылмайды.
Практикада тәжірибелер демонстрациялау процесіндегі сөздің ролі жете бағаланбайды. Кейбір мұғалімдерден мынадай ұсыныс есітуге тура келеді: «Бізге жақсы жабдық берсеңіз, сөзді өзіміз табамыз». Алайда мұндай мұғалімдердің сабақтарындағы бақылауларымыз олар тәжірибелер демонстрациялағанда қажетті сөзді әрдайым таппайтынын байқатты. Сондықтан қолда бар жабдықтың өзі толық пайдаланылмайды.
ІІ. 3. Сөзді тәжірибе көрсетумен үйлестірудің негізгі түрлері
Методикалық құралдардың бәрінде және дидактикалық еңбектерде мұғалімнің көрнекілік құралдарды көрсетуі сөзбен үйлестірілу керек екөндігі міндетті түрде айтылады. Біреулер осы жалпы нұсқауды берумен тынады, мұны қалай жүзеге асыру керегін түсіндірмейді, екіншілері ненің неден бұрын келу мәселесін: көрнекі құралдарды көрсету мұғалімнің сөзінен бұрын немесе кейін келетінін шешеді, немесе олар әңгімелеу мен көрсетуді бір мезгілде жүзеге асыруды ұсынады. Бұл ұсыныстар, әдетте, тәжірибе арқылы дәлелденбейді. Дидактикалық зерттеулер нәтижесінде мұғалім сөзін көрнекілік құралдарды көрсетумен үйлестірудің төрт түрі немесе формасы анықталған. Бұл формалардың сипаттамасымен танысу үшін олардың бір ғана оқу материалын «Оқушыларды тұз қышқылының қасиеттерімен таныстыруды» үйретуде қолданылуын қарастырайық. VII кластағы химия сабағында оқушылар мынаны білуі тиісті: тұз қышқылы - түссіз мөлдір сұйық, суда жақсы ериді. Қышқыл әсер еткенде лакмус ерітіндісі қызарады. Натрийдың қышқылмен әрекеттесуі нәтижесінде сутек бөлінеді және ас тұзы алынады.
Егер мұғалім сөзді көрнекілік құралдарымен үйлестірудің бірінші формасын қолданса, физикалық қасиеттерін оқып үйрену былай жүзеге асады:
М ұ ғ а л і м. Біздің сабағымыздың мақсаты - тұз қышқылының қасиеттерін оқып үйрену. Мүмкін, оның қасиеттері жөнінде өздерің бірдеңе білетін шығарсыңдар. Кім білгенін айтады?
Оқушылардың көпшілігі бұл зат туралы ештеңе білмейтінін практика көрсетті. Кейбіреулері дәнекерлеуде қолданылатын қышқыл жөнінде естіген («онымен мырышты өңдейді»), бірақ бұл білім көмескі және көбінесе, дұрыс емес. Бұдан соң мұғалім класқа қарап тұз қышқылы бар шөлмекті көрсетеді, ол шөлмекте тұз қышқылы барын айтады (шөлмекті көтерме үстелшеге қояды) . Зер салып қараңдар және оның физикалық қасиеттерін айтыңдар.
- - о қ у ш ы. Кәдімгі температурада тұз қышқылы сұйықтық.
- - о қ у ш ы. Ол түссіз.
Мұ ғ а л і м. (шөлмекке электр фонариктің жарығын түсіреді) .
3- о қ у ш ы. Ол мөлдір.
М ұ ғ а л і м. Өнді оның суда жақсы немесе нашар еритіндігімен танысайық. (Суы бар цилиндрге қышқыл құяды, шыны таяқшамен араластырады және фонариктің жарығын түсіреді) .
4- о қ у ш ы. Ол суда жақсы ериді.
М ұ ғ а л і м. Сонымен, тұз қышқылы туралы не білдіңдер? Оқушы. (Жолдастарының бұрынғы айтқандарын қайталайды) .
Оқушылардың таным әрекеті қалай жүзеге асты және мұғалімнің ролі қандай болды?
Мұғалім сөз арқылы оқушылардың бақылауын басқарды, олар бақылаулар негізінде қышқылдың физикалық қасиеттерін біліп алды. Мұғалім сөзінің көрнекілік құралдарымен бұлайша үйлөсуі бірінші форма деп аталады. Оның негізгі сипаты, мұғалім сөз арқылы оқушылардың бақылауын басқарады, олар бақылау объектісінің тікелей қабылданатын қасиеттері жөнінде білім алады.
Химиялық қасиеттерін үйренгенде оқу процесі қалай жүзеге асатынын қарастырайық. Бұл қасиеттерден алдымен қышқылдың индикатор ерітіндісіне әсері өтіледі. Бұл жағдайда мұғалім химиялық процестің сыртқы көрінісін таныстырумен шектеліп, химиялық реакцияның мәнін қарастырмайды. Мұнда да мұғалім қышқылдың бұл қасиетін өзі демонстрациялаған тәжірибені бақылау негізінде біліп алуды ұсынады. Ол үшін лакмус ерітіндісі құйылған цилиндрді көтерме үстелшеге қояды және үстіне қышқыл құяды. Оқушылар едәуір қарапайым құбылыстарды бақылау негізінде қышқыл ерітіндісінің қасиеттері, оның сілті мен судан айырмасы жөнінде білім алады. Барлық айтылған тәжірибелерде олар білімді үйрену объектісінің өзінен алады.
Қышқылдың металмен әрекеттесуі бұдан едәуір күрделі болды. Оқушылардың білу керегі: а) натрий тұз қышқылымен әрекеттеседі, ә) натрийдың қышқылдағы сутектің орынбасу реакциясы жүреді, б) реакция нәтижесінде сутек бөлінеді және натрий хлоридінің кристалдары түзіледі, в) химиялық реакцияны мына теңдеумен өрнектейді:
2НСl + 2Nа = 2NаСl + Н 2
г) бұл теңдеудің білдіретіні: натрийдың екі атомы қышқылдың екі молекуласымен әрекеттеседі, нәтижесінде бір молекула сутек және екі молекула ас тұзы түзіледі.
Оқушылар бұл білімді қабылдап алу үшін мұғалім тәжірибені демонстрациялады: натрийдың кішкене кесегін концентрациялы тұз қышқылы бар үлкен пробиркаға салды және оқушыларға тәжірибені бақылап түсіндіруге тапсырма берді. Тәжірибе көз тартарлық болды, оқушылар зер салып бақылады, бірақ атом-молекулалық ілімді пайдаланып түсіндіре алмады. Олар көргендерін ғана айтып берді.
Атомдар мен молекулалар микродүниесіне ой жіберу және химиялық реакцияның сыртқы белгілерін ғана бақылай отырып, онда жүретін процестер жөнінде түсінік алу үшін оқушылардың білімі және осыған ұқсас ой жұмысынан дағдысы болуы керек. Бұл үшін қажетті білім оқушыларда бар болатын. Натрий суға әсер еткенде сутек бөлінетінін, тұз қышқылы молекуласының кұрамына сутек атомдары кіретінін, ас тұзы екі элементтен - натрий және хлордан тұратынын оқушылар біледі. Солай бола тұрса да атом-молекулалық теорияны пайдаланып олар бұл құбылысты түсіндіре алмады, байқалған құбылыс пен бұрын өтілгеннің арасында байланыс тудырылмады. Натрийдың сумен әрекеттесуін естеріне түсіргенде ғана оқушылар натрий мен қышқыл арасында жүретін орынбасу реакциясы екөндігі жөнінде қорытындыға келді. Олар бұл реакцияның теңдеуін жазды, бірақ коэффициенттер қоюда қателіктер жіберді. Құрамы NаСl затының қай жерде екенін білмеді. Бұл формуламен кәдімгі ас тұзы белгіленетінін де оқушылардың бәрі бірдей естеріне түсіре алмады, оның кристалдарының түскенін де байқамаған, өйткені олар көз тартарлық құбылыс - сутектің жануын, су бетінде натрийдың жүгіруін тамашалаған. Тәжірибені қайталағанда оқушылар ақ кристалдар түзілгенін, олардың пробирка түбіне түскенін зер салып бақылады. Натрийдың қышқылмен тәжірибесі демонстрацияланғанда мұғалім сөзінің көрнекілік құралдармен үйлөсуінің басқа түрі қолданылғанын аңғару қиын емес. Мұнда бақылау білім алудың шығар кезеңі ғана болды, ары қарай мұғалім байқалған құбылыстардың оқушыларға бұрыннан белгілі, бірақ тәжірибеден тікелей қабылданбайтындарымен байланысын және қарым-қатысын ашу үшін оқушылардың ой кызметін, сөз арқылы реттеп отырды.
Мұғалім сөзінің көрнекілік құралдарымен айтылғандай үйлөсуі екінші форма делінеді, мұнда мұғалім демонстрацияланатын заттар мен процестерді бақылауын сөзбен басқарады, оқушыларда бұрыннан бар білім негізінде оларды құбылыстар арасындағы тікелей қабылдау процесінде байқалмайтын байланысты ашуға және тұжырымдауға жетелейді.
Сөз бен көрнекілікті үйлестірудің бұл формасындағы мұғалім сөзінің функциясы бірінші формаға қарағанда анағұрлым күрделі. Мұнда бақылауға нұсқаулар беру жеткіліксіз. Оқушылардың бұрын алған білімімен байланыс тудыру және тәжірибе нәтижелерімен логикалық байланыс жасау керек. Сондықтан екінші форманы қолдану оқушыларда бар білімді және көрнекілік құралдарды бақылау нәтижесінде қабылданатын білімді мұқият талдауды қажет етеді.
Сөз бен көрнекілік құралдарын үйлестірудің екі формасының ұксастығы оқушылар мұғалімнің сөзі арқылы көрнекілік құралдарын бақылау негізінде заттар мен құбылыстар туралы белгілі дәрежеде өздігінен білім алатын жағдайға келтіріледі. Бұл формаларды көрнекілік құралдарды демонстрациялаудың зерттеу әдісіне жатқызуға болады.
Сол заттар мен құбылыстарды иллюстративті әдісті қолданып та оқып үйренуге болады. Егер тікелей қабылдайтын құбылыстар немесе заттардың қасиеттері туралы мәліметтерді оқушылар алдымен мұғалімнің сөзінен алып, сөзбен хабарламаны дәлелдеу немесе нақтылау үшін көрнекілік құралдары көрсетілсе, бұл үйлестірудің үшінші формасы деп аталады.
Практикада, көбінесе, мұғалім алдымен оқушылар тікелей қабылдау арқылы біле алмайтын қасиеттер, процестер, заңдылықтар туралы айтады да содан соң көрнекілік құралдарды демонстрациялайды. Олар сөзбен хабарлағанның иллюстрациясы болады. Мәселен, натрийдың тұз қышқылымен әрекеттесу тәжірибесін көрсетудің алдыңда мұғалім жүретін реакцияның теңдеуін жазады, қандай заттар шығатынын және оларды қандай белгілері бойынша анықтауға болатынын әңгімелейді. Бұл сөз бен көрнекілік құралдарын үйлестірудің төртінші формасы үйрену объектісі жөнінен екінші формага ұқсас, бірақ мұғалімнің сөзімен, ол демонстрациялайтын көрнекілік құралдарын оқу процесіне енгізу реті оған қарама-қарсы болады.
Сонымен мұғалімнің сөзі мен заттар және процестерді көрсету түрліше үйлөсуі мүмкін. Бұл көп түрліден төрт негізгі форма шығарылған. Бірінші және екінші формалар зерттеу әдісінің кұрамына кіреді; үшінші және төртіншісі иллюстративті әдістің құрамына енеді. Бірінші мен үшінші зат немесе процесс туралы білім объектінің өзін бақылаудан алынатын жағдайда қолданылады. Екінші және төртінші формасы заттар мен процестер арасындағы сезім мүшелері арқылы тікелей қабылданбайтын, демонстрацияланған көрнекілік құралдарын оқушыларға бұрынғы тәжірибесінен білетіндерімен салыстырғанда ғана ашылатын байланыстар мен қатыстарды оқып үйрену үшін қолданылады.
Химиядан тәжірибелерді демонстрациялағанда екінші және төртінші форма жиі қолданылады. Мүның мәнісі химиялық процестердің мәні туралы көзге көрінбейтін, өте майда физикалық денелер - молекулалардың, атомдардың, иондардың, электрондардың әрекеттесуін тіке ашып бермейтін кейбір сыртқы белгілері бойынша пікір айтылады. Бұл әрекеттесулерді танып білу химияны үйренудің негізін қүрайды. Төрт форманың әрқайсысы химияны оқыту практикасында әр түрлі варнантта қолданылады.
Екінші форма варианттарының ішінен екеуінің маңызы зор: оның біреуі ой қорытындысын жасаудың индуктивтік тәсілімен сипатталады, екіншісіне «жұмыс гнпотезасын» жасау тән. Екіпші форма қолданылған натрийдың тұз қышқылымен әрекеттесу демонстрациясы қарастырылған мысалда екі вариант бірдей қолданылды. Бұл реакцияның нәтижесінде түз қышқылынан сутек бөлінетіні жөнінде қорытындыға оқушылар индуктивті тәсілмен келді. Реакцияның екінші өнімі ас тұзы екөндігі жөнінде қорытындыңы оқушылар химиялық реакция теңдеуін жорамалдап жазған соң, яғни пробиркада қандай бөлшектер және қалай әрекеттесетіні жөнінде «гипотеза» жасаған соң тұжырымдады. Бұдан соң олар тағы да тәжірибеге жүгініп, жасалған жорамалдың дұрыстығына кез жеткізді.
ІІ. 4. Оқушылар білімі сапасының тәжірибелерді
демонстрациялау әдісіне тәуелділігі
Мұғалім сөзі мен көрнекілік құралдар үйлөсуінің төрт формасын талдау мұғалімнің көрнекілік құралдарын демонстрациялау әдісіне қарай оқушылардың ой қызметі өзгеретінін көрсетті. Демек, бұл әдістерді қолданудың педагогикалық нәтижесі де әр түрлі, яғни оқушылардың білімі мен іскерлік сапасында айырмасы болуы тиіс.
Білім сапасының алуан түрлі белгілерінің ішінен салыстыруға қолайлысы - білімнің тұрақтылығы. Сондықтан оқыту әдістерінің тиімділігін осы белгі бойынша салыстыруға мүмкіндік бар.
Жекелеп оқытатын сабақтар жүргізгенде дәлелді нәтижелер алынады. VII класс оқушыларымен осындай эксперименттер негізінде химиялық тәжірибені (сынап оксидінің айрылуы) демонстрациялауда оқытудың иллюстративті әдісін (үшінші және төртінші формалары) иемесе зерттеу әдісін қолданған жағдайда оқушылардың білімді қабылдауындағы және игеруіндегі айырмашылықтары анықталды. Барлық оқушылар мұғалімнің тусіндіруін ынта қойып тыңдады және тәжірибені жақыннан бақылады. Содан соң әрқайсысы бақылағанын және нені білгенін жазды.
Иллюстративті әдіспен өткен сабақтарда қандай құбылыстарды бақылау керегі жөнінде мұғалімнің хабарынан кейін оқушылар тәжірибе демонстрациясын ыждағатты бақылады, оларға бәрі түсінікті болды, тек естігендері мен көргендерін естеріне сақтау және отчет жазу керек болды. Зерттеу әдісі қолданып өткізілген сабақтарда әр оқушы бақылаған құбылыстарын өзі белгілеп, көргендерін мұғалімге айтып берді. Олардың әрқайсысы өзінің әлі де болса тайыз сөз қорынан керекті сөздерді табуға қиналды. Бұл қиыншылық олардың жазған отчетынан айқын көрінеді. Тәжірибені демонстрациялауда қолданылған әдістер нәтижесін осы жазбаша отчеттар бойынша талқыласа, иллюстративті әдістің артықшылығы айқын білінеді. Бұл әдіс бойынша тәжірибе көрсетілген оқушылардың отчеттары сауатты жазылған: сабақтың барысын жүйелі, әңгімелөсудің дәл жоспарын сақтап, эксперимент жүргізүшінің кейбір сөз тіркесін пайдаланып жазған. Зерттеу әдісімен сабақ өткізілген оқушылар есепті қысқа жазған, олардың отчеттары бастауыш класс оқушыларының шығармасына ұқсайды.
Үйрету эксперименті күтпеген нәтиже берді. Өйткені зерттеу әдісін қолданған жағдайдағы оқушылардың қарқынды ой еңбегін бақылай отырып, бұл оқушылардың отчеттары да мазмұнды шығады деп күтуге болатын еді. Сірә, бұл білімнің айқындалмауы олар химиядан жасаған жұмысы туралы отчеттарында ойларын еркін жеткізе алмайды, бұл оқу пәніне тән кейбір сөз тіркестерін әлі игермеген болу керек. Бұл жорамал жеті айдан соң өткізілген тексеруде расталды, онда сол оқушыларға тәжірибені еске түсіру, жазу және түсіндіру тапсырылған болатын. Бұл жұмыс оқу жылының аяғында оқушылар көптеген химиялық терминдермен, анықтамалармен және т. б. танысқан соң жүргізілді. Бақылау эксперименті химиялық тәжірибені демонстрациялаудың әр түрлі әдістері кезінде оқушылардың алған білімінің тұрақтылығын анықтау және салыстыру мақсатын көздеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz