Халықаралық қонақ үй ісін ұйымдастырудың теориялық – әдістемелік негізі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 . ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОНАҚ ҮЙ ІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ . . . 5
1. 1 Халықаралық қонақ үй қызметі, оның экономикалық мазмұны мен мінездемесі . . . 5
1. 2 Халықаралық қонақ үй ісіндегі басқару қызметі . . . 18
1. 3 Қонақ үй индустриясын ұйымдастыру және оны басқарудың халықаралық нысандары . . . 24
2. ҚАЗАҚСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОНАҚ ҮЙ ІСІНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ . . . 31
2. 1 Қазақстан Республикасында қонақ үй бизнесін мемлекеттік реттеуді жетілдіру . . . 31
2. 2 Қазақстан Республикасындағы қонақ үй ісін халықаралық қонақ үй стандарттарына сәйкестендіру . . . 34
Қорытынды . . . 38
Қолданылған әдебиеттер . . . 40
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі : Қазіргі кездегі халықаралық қонақ үй ісінің дамуы, яғни жаһандану кезіндегі халықаралық нарықтық қатынастың негізі ретінде Қазақстандағы қонақ үй ісінің дамуы мен халықаралық дәрежедегі қонақ үйлер бүгінгі таңда ең өзекті тақырыптардың бірі.
Қонақжайлық, немесе қонақ үй және мейрамханалық бизнес өрісі - бұл саланы «Алтын жұмыртқа табатын» сала деп те атайды. Ол мынамен түсіндіріледі, қонақжайлық өрісі туризмнің базалық және жетекші ықпалы болып табылады, және соның ішіне халықаралық туризмде кіреді.
Қазіргі уақытта туризм - бұл әлемде ең пайдалы бизнес түрінің бірі. Әлемдік қордың мөлшермен 7% қолдана отырып, туризм мұнай және автокөлік экспортынан кейін үшінші орынға нық орналасты. Мамандардың бағалауы бойынша, 2005 жылға дейін туризм бірінші орынға шығуы тиіс, ал экономиканың осы секторында әлемде еңбекке жарамды әрбір сегізінші адам іске қосылады.
Дүниежүзілік сауда ұйымының статистикасы және жорытуына жүгінсек, 2010 жылға дейін әлемде туристер саны 1млрд. адамды құрайды, ал 2010 жылдан кейін - 1 млрд. 600 млн. адам. Әлемнің 38% құрайтын елдер үшін туризм - табыстың басты көзі, ал 83% елдер үшін туризм негізгі табыс көзінің бесеуінің бірі болып табылады.
Қазақстан ежелгі мәдениетке және бірегей табиғатқа ие, шетелдік және ішкі туризмді дамытуға орасан туристік қарым - қатынас бар, бірақ бүгінге кіретін туризм үлесі айтарлықтай төмен.
Мұндай жағдайдың қалыптасуының негізгі себептерінің бірі, әлемдік деңгейде шетелдік туристерді қабылдауға қабілеті бар қонақ үйлік базаның жоқтығы. Көптеген қонақ үйлер және басқа да тұратын орындар, бұрын 1950-1960 жылдар аралығында салынып, ескірген, номерлердің комфорт деңгейі төменгі көрсеткішпен мінезделеді, технологиялық артта қалу және ұсынылатын қызмет түрлерінің тым аздығы. Қазақстан Республикасында қонақ үй шаруашылығы халықаралық стандарттар бойынша бес жұлдызды отельдерге сәйкес келетін («Рахат Палас») қонақ үйлер және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қонақ үйлер салынуда және қызмет етуде. Сондықтан да, бәсекеге шыдау үшін, біздің қонақ үйлер техникалық өзгертулерді басынан өткізуде, тұтынушыларға қызмет көрсету интерьерлеріне жаңашылықтар енгізуде.
Қонақжай шаруашылығының дамуына көптеген факторлар әсер етеді. Саяхатқа шығу, туризмнің дамуы, клиенттің төлеу қабілеттерінің өсуі, бәсекелестік, табыс алуына ұмтылыс.
Қонақ үй дегеніміз - халықты уақытша тұрғын үймен, қажетті жиһазбен және қажетті қызмет көрсету мұқтаждығын қанағаттандыру.
Қонақ үй ісі немесе қонақ үй индустриясы қонақжайлылық саласының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол органикалық және табиғи түрде туристік - экскурсиялық қызмет көрсетудің біртұтас тізбегіне мейрамханаларды, кафе, көлік және экскурсияны байланыстырады.
Қонақ үй ісі қызмет сферасының секторы ретінде барлық мінездемелер тән. Қазақстанда халықаралық туризмді белсендіру мақсатында, қонақ үй шаруашылығында заманауи әлемдік нарықты зерттеу қажет. Қазақстанның қонақүй индустриясындағы жағдайда әлемдік стандарттармен салыстырып, туристік өнім өндіріс көлемін ұлғайтудағы мүмкіндіктерді анықтау қажет.
Жұмыстың мақсаты: қонақ үй бизнесін халықаралық дәрежеге салыстыра отырып жан-жақты талдап қарастыру. Атаулы қойылған мақсаттан келесі міндеттер анықталады:
- Қонақ үй шаруашылығының қалыптасуының негіздерін қарастыру.
- Халықаралық қонақ үй ісінің қазіргі Қазақстандағы жағдайын салыстырмалы қарастыру.
- Экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау.
Негізгі дерек көздері: Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде бүгінгі таңға дейін қонақ үй бизнесін басқарудағы шетелдік, отандық тәжірибелердің көрсеткіштеріне негізделген түрлі әдістемелік нұсқаулар, қонақ үй әкімшілігінің құжаттары, оқулықтар, газет-журналдар, басқа да мәліметтік ақпараттар алынды.
Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыстың құрылымы мен логикасы зерттеу тапсырмалары мен мақсаттарына байланысты. Берілген курс жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОНАҚ ҮЙ ІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
- Халықаралық қонақ үй қызметі, оның экономикалық мазмұны мен мінездемесі
Заманауи қонақ үйлік бизнес орналастыру кәсіпорындарының неше түрлі қалпы және түрлерінің бар болуымен мінезделеді, әдемі отельдермен қонақ үйлерден, мотель және кемпингтерге дейін.
Қонақ үйлік бизес ұланы Элсворт М. Статлер - клиенттің айтқаны әрқашан дұрыс деп бірінші айтқан. Ол үшін ең бастысы қонақтарға қызмет көрсету болған.
Қонақ үйлік бизнес - туризм және ойын-сауық индустриясы деп аталатын алып сегменттің құрамдас бір бөлігі болып табылады.
Туризм индустриясында орналастыру құралдарына маңызды орын бөлінеді. Туристерді орналастыру құралдары болып кез келген нысандар табылады, олар туристерге жүйелі немесе эпизодтық қонуға деген орындарды ұсынады. Әлемдік туристік ұйымының (ӘТҰ) кепілдемесіне сәйкес барлық орналастыру құралдарын екі дәрежемен көрсетуге болады - ұжымды және жеке.
Кесте 1
ӘТҰ кепілдемесімен орналасу құралдарын топтастыру. / Туристік статистика бойынша кепілдемелер. / БҰҰ. Әлемдік туристік ұйым.
-Нью-Йорк, 2007 жыл [1]
Қонақүйлер - номерлерден тұратын нысандар, саны кейбір кемдіктен асып түсетін, елдің стандарттарымен қызмет түріне сай топтарға және санаттарға топтастырылған, бір басшылығы бар және неше түрлі қонақүйлік қызмет көсететін орын (отельдер, мотельдер, пәтер үлгілі қонақүйлер, клуб-отельдер, жағажайлы және демалыс қонақүйлері, пансионаттар және т. б)
Жарыққашығар статистикалық белгілерде айырмашылық болады:
А) көлемі бойынша: 100 номерден кем, 100-ден 300 номерге дейін, 300-ден аса номерлер.
Б) қызмет көрсету деңгейі, сапасы және комфорты бойынша: «люкс» табына жататын отельдер, 1-ші топтағы, эконом-табындағы.
В) басқарылуы бойынша: тәуелсіз, тізбекке жататын.
Туристерді ұжымдық орналастыру құралдарына қонақ үйлер, мамандан-дырылған мекемелер және оған ұқсас мекемелер, сондай-ақ басқадай туристерді ұжымдық орналастыру мекемелері кіреді.
Қонақ үйлердің негізгі белгісі онда номерлердің бар болуы болып табылады.
Номер - бір немесе бірнеше орындардан тұратын бөлме, номердің көлемі және белгіленуі туристік жолдамада келтіріледі. «Қонақ үй» ұғым (латын сөзінен «hospitalis») - қонақжайлық деген мағынаны білдіреді. Қонақжайлық көне француздық «hospice» деген сөзден шыққан, ол «ерекше қабылдайтын үй» деген мағынаны білдіреді. Бұндай мекеме түрінің көнесі Бургундиядағы Hospice de Beaune (Оспис-де-Бон) болып табылады, сондай-ақ ол Hotel Diev (Отель Дье) - «Құдай Үйі» ретінде әйгілі. Оның негізі 1443 жылы қайырымдылық емхана және кедейлерге арналған баспана ретінде қаланды.
Қонақжайлық индустриясы деп, келген адамдарды тұрғын үй, ас және тамақпен, сондай-ақ олардың демалуын ұйымдастыруға бағытталған бизнес түрін атайды.
Қонақжайлық индустриясы - бұл қонақжайлық ұстанымдарға сүйенер қызмет түрлерінен тұратын кәсіпкерліктің өрісі, қонақтарға деген қатынас жомарт және достық көзқараспен мінезделеді.
Қонақ үй сөзінің кең мағынасында - бұл жиһаздалған бөлмелері бар, қысқа мерзімді уақытта тұруға арналған үй.
Қонақ үй - бұл үйлерінен тыс жерде орналасқан адамдарға қызмет кешенін ұсынатын кәсіпорын, олардың арасында тең дәрежеде маңызды болып табылатын орналастыру және тамақтандыру қызмет түрлері.
Туристік қонақ үй - бұл қонақ үйдің ерекше үлгісі, саяхатпен байланысты туристерге қызмет кешенін ұсынуға арналған орын.
Әлемдік Туристік Ұйымының (ӘТҰ) анықтауы бойынша қонақ үйлер - бұл ұжымды жайғастыру құралы, номерлердің белгілі көлемінен тұратын, бір басшылығы бар, қызмет жиынтығын ұсынатын (кем дегенде - төсек орынды дайындау, номер және санузел жүйесін тазалау) және ұсынылатын қызметтермен номерлердің жабдықталуына сәйкес таптармен санаттарға топтастырылған мекемелер.
Басқару ерекшелігіне қарай қонақ үйлер өзінің тұрысымен ерекшелендірілген қонақ үйлерді немесе қонақ үйлер тізбегін көрсетуі мүмкін.
Барлық қонақ үйлерде қызмет көрсетудің негізгі төрт тобы қарастырылған:
- жайғастыру;
- тамақтандыру;
- демалыс;
- тұрмыстық қызмет көрсету.
Олар өзіне негізгі, қосымша және жолдамалы қызмет түрлерін қосады.
Кез келген қонақүйдің қажетті жағдайы басты екі қызмет: орналастыру және тамақтандыру болып табылады. Осының өзінде олардың ара-қатынасы әртүрлі, мысалы бұл -
а) жайғастыру және таңғы асты номерде немесе арнайы орында ұсынатын қонақүй, соңғысы континентальді болуы мүмкін, сондай-ақ ағылшыды;
б) жайғастыру және тамақтандыру мейрамханада, кафе немесе барда;
г) жайғастыру және тамақтандыру қызметтерінің толық кешенін ұсынатын кәсіпорын (тамақтандыру еуропалық және ұлттық тағамдар мейрамханаларында, барларда, пиццерияларда, тамақтандыру қызметін қабаттарда ұйымдастыру) .
Жайғастыру қызметінің мағынасы мынада: біріншіден, қолдануға арнайы орындар ұсынылады (қонақүй номерлері), екіншіден, қонақүй қызметкерлерімен атқарылатын қызметтер ұсынылады: қонақтарды қабылдау және рәсімдеу бойынша портье, қонақүй номерлерін тазалау бойынша үй жинағыштармен және т. б
Қонақ үй номерлері жайғастыру қызметінің негізгі элементі болып табылады. Бұл тұрып жатқан қонақтардың жұмысына, ұйқысына, демалуына арналған көпқызметті орындар. Қонақ үй номерлерінің қонақтармен кешкі және түнгі уақытта артығырақ қолдануы салдарынан, олардың маңызды қызметі ұйықтау мүмкіндігімен қамтамасыз ету болып табылады. Қонақ үй номерлерінің басқа қызметтерінің маңызы, ең алдымен қонақүйдің белгіленуіне және қонақтар сұранысына байланысты. Мысалы іскерлікке белгіленген қонақ үйлерде номерлердің өте маңызды қызметі ретінде қонақты жұмыс істеу мүмкіндігімен қамтамасыз ету болып табылады, ол дегеніміз мұнда қажетті заттардың бар болуы тиіс, жазбалы стол, телефон, факс, компьютер және т. б.
Қонақ үйлерде көлемі жағынан, жиһаздалуымен, жабдықталуымен, жарақтануымен ерекшеленетін әртүрлі номерлер санаты бар. Қонақ үй санатына қарамастан әрбір қонақүйлік номерде келесі жиһаз және жабдық түрлері болуы керек:
- төсек;
- орындық немесе кресло, бір орынға есептегенде;
- түнгі стол немесе тумба, бір төсекке есептегенде;
- киімге арналған шкаф;
- ортақ жарықтандыру;
- қоқыс көрзеңкесі;
- қонақ үй жайлы ақпарат және өрт болған жағдайда көшу жоспары.
Қонақтарға тамақ беру қызметтері әртүрлі үдерістердің қиыстыруынан тұрады: өндірістік (тамақтарды ас бөлмесінде дайындау), саудалық (тұтынуға дайын азық-түліктерді сату, алкогольді және алкогольсіз ішімдіктер), қызметтік (қонақтарға даяшымен мейрамханаларда, барда, кафеде, қонақ үй номерлерінде қызмет көрсету) .
Қосымша немесе басқадай қызмет түрлеріне мыналар жатады: бассейн ұсыну, спорттық және мәслихат залдары, келіссөздерге арналған залдар, автокөліктер жалдау, химиялық тазарту қызметі, кір жуу, шаштараз, массаждық кабинет және басқалары. Қазіргі уақытта қосымша қызметтер қонақүйлік кәсіпорнының нарықтық тартымдылығын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Халықаралық қонақ үй машықтануында жайғастыру, тамақтандыру, және басқадай қызметтер бірін-бірі толықтырады, көптеген жағдайларда бір бірімен байланысты және қонақпен біртұтас ретінде қабылданады.
Қонақ үйлік бизнесін басқаруда ескерілетін қызметтің негізгі қасиеттерін белгілеу қажет:
1. Өндіріс және тұтыну үдерістерінің бір сәтте болмауы. Қонақ үйде берілетін қызмет кешеніне қатысты, толық дәрежеде сәйкес келмейтін мынадай ортақ мінездеме: бір сәттелік, өндіріс және тұтыну үдерістерінің үзілмес мінезі. Бөлек қонақүйлік қызметтер клиенттің қатысуына еш байланысы жоқ. Мысалы, номерді сатылымға тазалау және дайындау, клиенттің қоныстану рецепция қызметі кезінде номердің сатылу сәтімен орын және уақыт бойынша сәйкес келмейді. Бірсәтте болмау, сондай-ақ тамақтандыру қызметін де мінездейді: көптеген жағдайларда тағам дайындығы басқа жерде, басқа уақытта жүргізіледі, бұл бір бөлігі клиенттің қатысуымен жасалатын дастарханды жабдықтау және беру үдерістерінен айрықша жағдай. Қонақүйлік кәсіпорын үшін үдерістердің осылай бөлінуі қажеттілік болып табылады.
2. Сақтау мүмкіндігінің шектелуі. Қонақ үйлік қызмет кешені негізгі тұрғыда арығарай сатылымға сақталуы мүмкін болмайды. Егер күні бойы қонақүй номері сатылмаған болса, онда оны қосымша осы күнде сату мүмкін емес. Бұл тамақтандыру қызметіне де қатысты. Тіпті егер «тағамдар және ішімдіктер» үлгісіндегі материалды қызметтер кейбір дәрежеде(іске асыру рұқсат етілген мезгілге) сақталынған болса, онда оны іске асырудағы қызмет талап етілмейді және төленбейді.
3. Қонақ үй қызметінің лездік мінезі. Қонақ үйлік кәсіпорындардың өзіндік ерекшелігі мынада, қызмет көрсетуге тиесілі мәселелер жылдам шешілуі керек. Берілген фактор орналасумен қатар қонақ үй таңдау кезінде айрықша маңызды. Бірқатар қонақ үйлік қызметтерін беру уақыты, тіпті секундтармен де өлшенеді.
4. Қызметкерлердің өндіріс үдерісіне қатысуы. Қонақ үйлік қызметінің маңызды ерекшелігі, үлкен дәрежеде машиналармен автоматтар қолданлатын өнеркәсіп қызметтерінен айыратын, өндірістік үдерісте адамдардың кеңінен қатысуы болып табылады. Адам ықпалын енгізу өз кезеңінде сапаның біртектілігіне, өзгеруіне және олармен байланысты стандартизациялау кемшілігіне өз әсерін тигізеді, мұның өзі қонақүйлік қызмет өрісінің дамуындағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін көптеген қонақ үйлік кәсіпорындарда қызмет көрсету стандарттары енгізілген. Стандартты қызмет көрсету - клиенттерге қызмет көрсетуге арналған, міндетті түрде орындалуы тиіс ережелер кешені, олар орнатылған сапа мөлшерін барлық өндірілетін операциялара кепілдік беруге бейімдетілген. Мұндай шектемелерге көптеген жағдайларда мыналар жатады:
- хабарлама немесе сақталым туралы телефон қоңырауына жауап беру уақыты (15, 20, 30секунд) ;
- орналастыру қызметінде рәсімдеу уақыты. Кіру көпшіліктілігіне қармастан клиенттер кезекте нақты қонаүйлік кәсіпорында орнатылған уақыттан көп тұрып қалауы керек (5, 10, 15минут) ;
- нақты қызмет көрсетуге кететін уақыт. Мысалы, клиенттің номерге қоныстануынан кейін арада 3 минут өте салысымен жеткізілетін жүк; тұрғындардың жеке заттарын жуып және тазалау бір күн ішінде үлгеріледі және т. б.
- арнайы киімнің бар болуы және сыртқы түрі.
- қызмет көрсету қызметкерлерінің шетел тілдерінбілуі және т. б.
5. Қонақ үйлік қызметтеріне мезгілдік сұраныс мінезі. Қонақ үйлік қызметтер нарығы үшін сұраныс ырғалуы жылдың мезгіліне байланысты (туристердің көпшілігі жазғы айларда демалады), сондай-ақ апта күндерімен де (іскер туристер қонақ үйде дағдылы күндеде жайғаса береді), ол өз кезегінде қонақ үйлердің жүктелуіне белгілі дәрежеде әсерін тигізеді.
6. Қонақ үйлік қызмет және саяхат мақсатының өзара байланысы. Қонақтың белгілі бір жерді көруге қабылданған шешімі, детте ол жерде нақты бір қонақүйдің бар болу факторынан негізделмейді, оған басқа себепте бар: көңіл көтеру мүмкіндігі, демалу, спортпен шұғылдану, емдеу анналарын қабылдау және т. б. Өзінің сапарын демалыс уақытында жоспарлайтын адам, алдымен белгілі көретін жерді немесе аймақты таңдайды, мүмкін бүкіл бір елді. Тек содан соң ол жарамды қонақүйлік кәсіпорнын немесе басқа жайғастыру құралдарын таңдау жайлы ойланады [2] .
Әрбір отельдің арналуы, ол тәуелсіз кәсіпорын немесе қонақ үйлік бірлестігінің бір бөлігі болған жағдайда да қоғамның белгілі тұтынушылдығына қызмет көрсетуден тұрады, және сонымен бірге өз иесіне пайда әкелу болып табылады.
Қонақ үйлік кәсіпорнының негізгі қызметі клиенттерге уақытша тұрғын үйлерді беру болып табылады.
Бәріміз білетіндей, барлық ұйымдардың, қонақ үйлерді қосқанда, өзінің өмір сүруіне деген анық көрінер себеп бар - жоғарыда келтірілген қызметтің орындалуын қамтамасыз ету және қонақүйдің сәтті қызметі үшін, оның әрбір жұмыскері ұйым өкілдігін білуі және түсінуі қажет, оның өкілдігінің орындалуына қолынан келетін барлық заттарды аямауға тырысуы керек. Отель қызметкерлері жоғарғы деңгейдегі қызметпен қамтамасыз етуі қажет, клиент келесі жолы нақ осы отельде тоқтауды қалап қана қоймай, өзінің достары мен таныстарына ұсынатындай жағдайда болуы қажет.
Қонақ үйді топтастыру - бұл нақты қонақүймен номердің қызмет көрсету шектемелермен немесе стандарттармен сәйкестікті анықтау. Әрбір елде қабылданған топтастыру құрамына санатты деңгейлер кіреді, олар стандарттық сапа белгілері болып табылады. Қонақ үй деңгейі оның мәртебесіне, клиентура қалыптасуына, қонақүйлік қызмет бағасына және тағы басқаларына әсерін тигізеді.
Қонақ үйлерді топтастыру уақыт тәртібі ұлтаралық және ұлттық деңгейлерде, сондай-ақ қонақүйлік тізбек, бірлестіктер және одақтар аясында жүргізіледі [3] .
Қонақ үйлердің біртұтас топтастыруын енгізуге әлемде кедергі болатын жәйт, орныққан халық дәстүрлері, мемлекеттердің мәдени-тарихи айырмашылықтары, сапа шектемелері және т. б.
Әлемдік Туристік Ұйымымен, Еуропалық Одақтың қонақ үйлік және мейрамхана индустриялары комитетімен, Халықаралық қонақ үйлік бірлестіктермен қонақүйлерді біртұтас топтастыруды енгізу талаптары жақсы нәтижеге алып келмеді. Сондай-ақ қонақ үйлік және мейрамханалық қызметі пиктограммаларын біркелкілендіру талабы да болған, алайда бұл Еуропада ортақ қабылданған пиктограммаларды есепке алмағанда, іске аспады.
Тапсырмалардың қиынға түсу себебі, қонақүйлерден бөлек тағы да басқадай көпшілікті жайғастыру құралдарының бар болуы (мотельдер, кемпингтер, ротельдер, ботельдер, турбазалар және т. б), олардың өзіндік ерекшеліктері бар.
Қазіргі уақытта 30-дан астам неше түрлі топтастырулар бар, соның ішінде кең тараған болып саналатындар:
Қонақ үйдің орналасуы бойынша мүмкін болар:
1. Қала маңында орналасқан (орталықта, қала шетінде) . Орталықты болып табылатын - іскерлікке арналған барлық қонақ үйлер, люкс-отельдер, орташа топтағы қонақүйлер;
2. Теңіз жағалауында орналасқан. Берілген жағдайда теңізге дейінгі қашықтық өт маңызды болып табылады (50метр, 100, 150, 200, 250, 300) ;
3. Тауларда орналасқан. Әдетте бұл кескінді таулы жерлердегі, туристік бағдары демалатын орында ыңғайлы шағын қонақүйлер. Таулы қонақ үйде, ереже ретінде, ондағы демалатын қонақтардың жаздық және қыстық демалысына арналған жабдықтар болады, мысалы, альпинисттік және тау шаңғылық керек-жарақтар, көтергіштер және т. б.
Жұмыс ұзақтығы бойына қонақ үйлер былай бөлінеді:
- жыл бойы жұмыс істейтін;
- мезгілді (екі немесе бір мезгіл жұмыс істейтін) ;
Қонақ үйлік тарифтер бойынша бөлінеді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz