Жұмыссыздықтық экономикалық және әлеуметтік зардаптары



ЖОСПАР
Кіріспе
І. Жұмыссыздықтық экономикалық және әлеуметтік зардаптары
1.1 Жұмыссыздық теориялары
1.2 Жұмыссыздықтың түрлері, себептері
1.3 Жұмыссыздықтың көрсеткіштері, деңгейі
ІІ. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселелерін талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың барысын талдау
2.2 Қазақстандағы жұмыссыздықтың болу себептерін талдау
2.3 Қазіргі кездегі жұмыссыздықты реттеу әдістері
ІІІ. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселелерін шешудің жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет.
Қазақстанда еңбек сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары өндіріс салаларын қалыптастыру және дамыту; ауыл шаруашылық шикі заттарын терең технологиялық өңдеу және түпкі өнім өндіру экономикасын мемлекет тарапынан басым түрде қолдап – дамыту мақсаты және міндеті анықталған. Бұл міндетті іске асыру:
 біріншіден, көптеген жұмыс орындарын ашуға, жаңа мамандықтар дайындауға, жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын арттыруға жол ашады;
 екіншіден, еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап, еңбек өнімділігі және жалпы экономика тиімділігі артады;
 үшіншіден, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы жақсарып, ұлттық табыс үлесі артады; төртіншіден, салық төлемдері өседі және мемлекет бюджетінің мүмкіншіліктері кеңейеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Еңбек нарығының экономикадағы рөлін, яғни еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным.
- тұрғындарды жұмыспен қамту теориялары;
- Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселелері және оны шешудің жолдары
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Н.Ә.Назарбаев. «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға, Астана-2009.
2. Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2002.
3. Жатқанбаев Е.Б. «Аралас экономика негіздері», Алматы – 2000.
4. Жүнісов Б, МәмбетовҰ, Байжомартов Ү. «Нарықтық экономика
негіздері» / Алматы «Экономика»-2000ж /
5. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О «Экономиканы мемлекеттік реттеудің
өзекті мәселелері», Алматы – 2002.
6. Куликов А. «Экономикалық теория негіздері», Алматы – 1997.
7. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. «Қаржылық есеп», Алматы – 2001.
8. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы»,
Алматы - 2003.
9. Радостовец В.К., Шмидт О.Т. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп»,
Алматы – 2003.
10. Райханов Н. «Қазастанның экономикалық реформа жолы өзінше»
/ Ақиқат -1996ж/
11. Тасмағанбетов Т.А. «Бизнестегі есеп пен талдау», Алматы-2002.
12.Тасмағанбетов Т.А, Омаров А.Ш., Әлібекова Б.А. «Қаржы есебі»,
Алматы-2000.
13. Тажитова А.З, «Жұмыссыздық». Қарағанды-2009.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
-------------------3

І. Жұмыссыздықтық экономикалық және әлеуметтік зардаптары--------5

1.1 Жұмыссыздық теориялары------------------------- -------------------------
---------5

1.2 Жұмыссыздықтың түрлері, себептері-------------------------- -------------
-------6

1.3 Жұмыссыздықтың көрсеткіштері, деңгейі---------------------------- -------
----10

ІІ. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселелерін талдау--15

2.1 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың барысын талдау---------------
----------------------------------- ----------------------------------- ------
----------------15

2.2 Қазақстандағы жұмыссыздықтың болу себептерін талдау---------------------
----------------------------------- ----------------------------------- ------
----------------------17

2.3 Қазіргі кездегі жұмыссыздықты реттеу әдістері--------------------------
-----19

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселелерін шешудің жолдары----
----------------------------------- ----------------------------------- ------
----23

Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
-------------29

Пайдаланылған әдебиеттер------------------------- ---------------------------
-------31

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Халықты жұмыспен қамтамасыз ету
мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ
мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті
толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет
ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында
күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет.
Қазақстанда еңбек сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары өндіріс салаларын
қалыптастыру және дамыту; ауыл шаруашылық шикі заттарын терең
технологиялық өңдеу және түпкі өнім өндіру экономикасын мемлекет
тарапынан басым түрде қолдап – дамыту мақсаты және міндеті анықталған.
Бұл міндетті іске асыру:
▪ біріншіден, көптеген жұмыс орындарын ашуға, жаңа мамандықтар
дайындауға, жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын арттыруға жол ашады;

▪ екіншіден, еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап, еңбек
өнімділігі және жалпы экономика тиімділігі артады;
▪ үшіншіден, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы жақсарып, ұлттық табыс
үлесі артады; төртіншіден, салық төлемдері өседі және мемлекет
бюджетінің мүмкіншіліктері кеңейеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Еңбек нарығының экономикадағы рөлін, яғни
еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным.
- тұрғындарды жұмыспен қамту теориялары;
- Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселелері және оны
шешудің жолдары
Еңбек нарығының негізгі мақсаты – еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді
және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету аса
күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің
нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді
және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық салалары және аймақ бойынша
бөлудің тепе – теңдік үлесімділігіне жету.
Курстық жұмыстың міндеттері. Зерттеу курстық жұмыстың міндеттеріне мыналар
жатады:
- жұмыссыздық теорияларын анықтау;
- жұмыссыздықтың болу себептерін қарастыру;
- жұмыссыздықты реттеу мәселелерін қарастыру;
- Қазақстандағы жұмыссыздық мәселелері және оны шешудің жолдарын
қарастыру;
- Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту мәселелерін зерттеу
болын табылады.
- Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының мемлекетте
атқарған жұмысын, орнын талдап көрсету;
- Қазақстан Републикасында еңбек нарығы және оның бүгінгі
мәселелерінің экономикаға тигізетін ықпалын қарастыру;
- еңбек нарығы және тұрғындарды жұмыспен қамтудың жолдарын
ұсыну.
Курс жұмысының құрылымын негіздеу. Қазақстан Республикасында
тәжірибесінде енді ғана тұрғындарды жұмыспен қамтудың нарықтық механизмге
өтуі қарастырылуда. Осы зерттеу жұмысы экономикаға ықпалын, еңбек нарығының
мәнін, құрылымын зерттейді, яғни тұрғындарды толық және тиімді еңбекпен
қамтылуын шешеді.
Курс жұмысының деректері Экономикалық теория негіздері, Дүйсеновтың
Еңбек нарығы, Мамыровтың Еңбек нарығының мағынасы, Шеденовтың Жалпы
экономикалық теория, Статистикалық жинақтардан және тағы да басқа
оқулықтардан алынды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен
және қорытындыдан тұрады.
І. Жұмыссыздықтық экономикалық және әлеуметтік зардаптары

1.1 Жұмыссыздық теориялары

Жұмыссыздық – экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы
ең өткір мәселелердің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі
түсіндіреді. Мысалы, мальтузиандық теория жұмыссыздықтың пайда болуын
тұрғындардың тым артып кетуінен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл құбылысты
рыноктық сұраныстың жетіспегендігімен түсіндіреді, еркін кәсіпкерлік
мектебінің теориясы – жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарылауымен
туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады. Еркін кәсіпкерлік
теориясының қазіргі өкілдері – монетаристер - осы көзқарасты құптайды.
К.Маркстің қорлану теориясы мен қазіргі технологиялық теория
жұмыссыздықтың болуын біріншіден – капиталдың қорлануымен, екіншіден, -
техника прогресімен болатындығын айтады.
Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус (1766-
1934) жасаған. Ол 1798 жылы Халық саны туралы заңның тәжірибесі кітабын
шығарған. Онда ол былай деп жазған: Жер шарындағы тұрғындар геометриялық
прогрессиямен өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен
өседі: яғни әрбір 25 жылда екі есе өседі; ал өмір сүру жабдығы тек
арифметикалық прогрессиямен өседі: халық саны – 1,2,4,8,16,32 ж. т.б..
Ол халық санының және өмір сүру әдісінің өсу қарқыны жоғарыдағы
көрсетілген есеппен салыстыра отырып мынандай қортындыға келген:
тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі қайыршылық пен жұмыссыздықтың себеп
салдары болып табылады.
Тұрғындардың қарқынды өсуін Мальтус (әрбір 25 жылда екі есе өсуі)
XVII-ші ғасырда АҚШ-да халық санының өсуі негізінде есептеген, бірақ ол
кезде АҚШ-да тұрғындар сан. Тек табиғи өсіммен ғана емес, Еуропадан
иммигранттар легінің келуімен да өскенің ескермеді.
Қазіргі жағдайда адамзаттың өмір сүру әдісінің тұрғындар қарқынының
тез өсуінен қалмауы үшін мүмкіндіктер көп. Бұл туралы ағылшын экономисі
Джон Бернал өзінің 1954 жылы шыққан Қоғам тарихындағы ғылым кітабында
былай жазған: Қазіргі уақытта атом ядросының бөлінуі негізінде ядролық
энергия алынды және оны ядролық синтезден, тіпті көп мөлшерде күтуге толық
негіз бар, себебі тамақ өндірісін ары дамытудың шексіз екенін көрсетеді.
Ағылшын
экономисі Джон Кейнстің баяндауынша, жұмыссыздық бұл тауарға сұранымның
төлем қабілеттілігінің жеткіліксіздігі мен жалақының өте жоғарылауының
салдары деп түсіндіреді. Төлем сұрамының жеткіліксіздігінің ол адамдардың
қор жинауға бейімділігімен және күрделі қаржыға ынталандырудың әлсіздігімен
түсіндіреді. Оның ойынша, толық жұмыстылықпен қамтамасыз етуге болады, ол
үшін адамдардың қор жинауға бейімділігін жоюы қажет және жұмыс орнын құру
үшін жоғарғы деңгейлі күрделі қаржыны қарастырған дұрыс.
Батыс мектебінің өкілдері XX-шы ғасырдың 30-шы
жылдарына дейін жұмыссыздықты дәстүрлі түсіндірумен, яғни жұмыссыздық –
жолдамалы жұмыскердің өзінше еркін талдауы деп есептеді. Жұмысшылар шектен
тыс жоғарғы жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраным
төмендейді. Бұл теорияны ағылшын экономисі Кембридж университетінің
профессоры А. Пигу өте дәйектілікпен жасады. Ол өзінің ойын 1923 жылы
шыққан Жұмыссыздық теория кітабында баяндады. Алайда XX-шы ғасырдың 30-
жылдарындағы жаппай жұмыссыздық кезінде бұл позицияның дұрыс еместігі
барынша айқындала түсті. Қазіргі
жағдайда монетарлық теория өзі туралы барынша айқын көрсете білуде. Осы
теорияны жақтаушылар жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша саясатын дұрыс
жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып,
өндіріс процессін реттеуге болады. Олардың ойынша, түзу инфляция өндірісті
ынталандырады және жұмыссыздықты басады. Мысалы, жаңа зеландиялық экономист
Олбен Филлипс (1914 ж.) осы тәуелділікті математикалық тілде қисық
түрінде көрсетіп, кейінірек ал Филлипс қисығы аталды (1 – суретте –
көрсетілген).

К. Маркс қорлану теориясын жасады. Осы теорияға сәйкес капиталдың
қорлану процесінде, яғни қосымша құнның капиталға айналуында (қосымша
ғимараттар, алып құрылыстар, машиналар, жабдықтар және өндіріс көлемін
ұлғайту үшін қажетті қосымша жұмысшыларды сатып алу), капиталдың
техникалық және құндық (органикалық) құрылымында өзгерістер болады. Бұның
өзі қосымша құнның еңбек құрал – саймандарын көбірек алуға үлесі артады,
ол қосымша құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесінің азаюына
алып келеді. Осының салдарын жұмыс күшіннің бір бөлігі артырақ болып,
өндіріс саласынан ығыстырылып шығарады.
... жұмысшы халық капитал қорларын өндіре отырып, - деп жазды
К. Маркс, - құрал – жабдықтар өндіруді үдеуші мөлшерде көбейтеді, сөйтіп
оны салыстырмалы артық адамдар етіп жасайды.
Егер капиталға материалдық – заттық түрінің көзқарасымен қарасақ,
онда өндіріс құрал – жабдығы массасының оларды қозғалысқа келтіретін
жұмысшылар санына қатынасы капиталдың техникалық құрылымы деп аталады.
Мысалы:
100 станок: 100 жұмысшы, немесе 100 станок 100
жұмысшы
Капитал тек қана материалдық – заттық түрге ие болып қалмай,
сондай – ақ құндық түргеде ие болады. Осы тұрғыдан мынандай тепе – теңдікті
құрамыз:
100 станок = 800 с
100 жұмысшы = 200 v, немесе 100 с 100 ж = 800 с 200 v
Капиталдың 800 с: 200 v (с:v) қатынасы құндық құрылымы деп
аталады. Капиталдың техникалық құрылымындағы өзгерістер капиталдың құндық
құрылмының, өзгеруіне алып барады. Капиталдың органикалық құрылымы – бұл
капиталдың техникалық құрылымының құндық байқалуы. Қоғамдық өндірістің
дамуына қарай капиталдың органикалық құрылымы барынша арта түседі яғни
тұрақты капитал үлесі артады және өзгермелі капитал үлесі азаяды.
Өндірістің мануфактуралық кезеңі жағдайында капиталдың органикалық
құрылымы 9с:1v бастап 13с:1v дейінгі аралығында тербеледі, сөйтіп жұмыс
күшіне сұранымды салыстырмалы түрде төмендетуге алып барады. Соның
салдарынан адамдардың көп бөлігі өз еңбегінің колдану саласын таба алмайды.
Сөйтіп салыстырмалы адамдар артықшылығы пайда болып, олар резервті
өнеркәсіп еңбек армиясын, жұмыс күші нарығын құрайды.

1.2. Жұмыссыздықтың түрлері және оның себептері

Шетелдік мамандар жұмыссыздың себептерін талдай отырып, оның
әртүрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың
мынадай саналуан нысандары болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық,
құрылымдық, технологиялық және т.б.
Жасырын жұмыссыздық - өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық
жұмыскерлерді қолданған жағдайда орын алады. Шын мәнінде, олардың жұмысына
аз ғана жұмыс күшімен орындауға болады.
Фрикциондық жұмыссыздық - еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы
ақпарат жоқтығынның нәтижесінде болады.
Маусымдық жұмыссыздық ауыл шаруашылығының кейбір салаларында,
әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде жұмыс күші тек маусымдық кезеңдерде
қолданылғанда болады.
Құрылымдық жұмыссыздық өндіріс қуатының жетіспеуінің нәтижесінде,
сондай – ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының және басқа жеке
қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты жұмыс таба алмаған жағдайда болуы
мүмкін.
Технологиялық немесе өтпелі жұмыссыздық адамдарды машинамен ауыстыру
нәтижесінде болады, ол жұмыскердің кәсібін өзгертуді немесе басқа
мамандықты игеруді қажет етеді.
АҚШ Конгресінің экономикалық статистика комиссиясының жүргізген
зертеуінің мәліметі бойынша қазір шет елдерде жұмыссыздықтың 70-ке жуық
нысандары және олардың болуның ерекше себептері бар екен. Батыс елдерінің
мамандары жұмыссыздықтың нысандарын екі үлкен негізгі топқа бөледі.
Біріншісіне – жиынтық сұранымның жетіспеуіне байланысты болатын, соның
ішінде ең алдымен циклдік жұмыссыздықты жатқызады. Екіншісіне – жиынтық
сұранымның өзгеруіне байланыссыз болатын – жұмыссыздықты ( фрикциондық,
маусымдық, құрылымдық, технологиялық және басқа нысандары) жатқызады.
Біздің елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары жасырын және
фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының жасырын және фрикциондық
болып табылады. нарық қатынастарының қалыптасу барысында жасырын
жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады. 138 мыңға таяу адамы бар
160 кәсіпорындар жұмыссыз тоқтап тұрды. Осындай кәсіпорындардын 2 мыңнан
астам жұмыскер еңбектен босатылды, 25 мың адам еріксіз демалысқа жіберілді.
Жұмыссыздықтың зардабын бәсендететін факторлардың бірі ғылыми – техникалық
прогресс. ҒТП, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлері
мен шаруашылық салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саласында еңбек
етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтуды көбейтеді. Жалпы, ғылыми –
техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру,
негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның
ұлғаюы, тұрғындардың әртүрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен
және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағанда жоғары еңбек
ауқымдылығымен сипатталады.
Қандай да жұмыссыздық болмасын қоғамдағы аса ауыр экономикалық және
әлеуметтік қайшылық. Батыс елдерінде жұмыссыз болу – тек қана жұмысты
жоғалту ғана емес, сонымен бірге адам өзінің ар – намысын, абырой – беделін
жоғалту деп те есептеледі.
Шетелдердегі бағалау бойынша, жұмысты жоғалту, өзінің қасірет –
жағынан жақын туыс адамның өлімі немесе түрмеге түсуден ғана кейін тұрады
екен. Кәсіпорынның жұмысының түпкі нәтижесінен тәуелсіз, жаппай жұмыспен
қамту жұмыскерлердің өндіріс тиімділігін арттыруға деген жеке
мүдділіктеріне кері әсер етті, олардың өндірісті басқарудан шеттелуіне
әкеліп соқтырды. Осының бәрі еңбек тәртібінің шұғыл құлдырауына әкеліп
соқтырды. Осының бәрі еңбек тәртібінің шұғыл құлдырауына үлкен экономикалық
шығындарға жол берді.

1.3 Жұмыссыздықтың көрсеткіштері, деңгейі

Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды
қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы – тұрғындарды толық, бірақ
тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде
теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш
күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесі
жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді
орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс
салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын
жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санына асып кетіп отырды, ал
ол, өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырды. Бұл қардарлық интенсивті
типтігі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы
қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы
еңбек өнімділігінің төмендегінің және жұмыскерлерді өндірістегі негізгі
жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын
толтыруға тиіс еді.
Кадрларды тұрақтандыруда жас маман институты, белгілі бір кезеңге
мерзімдік шартқа қол қою сияқты тікелей әдістер, тиісті жұмыс уақыты
өтелгеннен кейін пәтер беруге уәде беру, бір кәсіпорында істеген
үзіліссіз жұмыс стажын жоғалту қатері сияқты жанама әдістер де
қолданылды. Өздерінің қабілетін толығырақ көрсетуге және лайықты өмір
қалпын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жұмыс іздеу ұмтылысы – қалада
төлқұжат тәртібі түрінде, елде керісінше колхозшыларға төлқұжат бермеу,
жұмыстан шығуға кедергі жасау, пәтер алу қиындықтары сияқты әкімшілік
механизмі кедергілеріне тірелетін. Бір орында ұзақ уақыт жұмыс істеу
экономикалық тұрғыдан да және әлеуметтік тұрғыдан да ынталандырылды.
Мысалы, американдықтар еңбек ететін өмірі бойына, орта есеппен 7,5 рет
жұмысын ауыстырады. Жапонияда, бір бөлігі өмірлік жалдаумен қамтылған
жұмысшылар 2,6 рет жұмысын ауыстырады екен. Батыс Европада бұл көрсеткіш
Жапонияға қарағанда жоғары, бірақ АҚШ – тағыдан төмен. Бұл процесс,
нарықтық принциптерге көшіп жатқан экономикаға тән көрініс. мысалы
Финляндияда өндірісте және басқа салалада жұмыс істейтіндердің үштен бірі
мамандықтарын ауыстырады немесе басқа жұмысқа ауысады.
Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету шамасы қандай?
Біздің елде еңбек ресурстары және халықтың жалпы санының 55 процентін
құрады. Халық шаруашылығы қызметінің салаларында 7,4 миллион адам
жұмыспен қамтылған. Олардың 6 миллионға таяу ы немесе 81 проценті
экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік
кәсіпорындардың әлі басым екендігін, яғни нарық механизміне тән еңбекпен
қамту қатынастарының қалыптасуы өте баяу жүріп жатқандығын көрсетеді.

Еңбекпен толық қамту дегеніміз, ол халық шаруашылығы көлемінде
еңбекке деген қабілеті бар халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Ал
тиімді еңбекпен қамту дегеніміз – қоғамдық қажеттіліктерді минималды еңбек
шығындарымен қанағаттандыру.
Өндірісі дамыған батыс елдерінің тәжірибесі, тиімді еңбекпен қамту
тек еңбек нарығы өмір сүрген жағдайда ғана болатындығын көрсетті.
Осы уақытқа дейін, біздің елде жұмыссыздық жоқ және бұның өзі ұлы
жетістік деп есептелді. Еңбекпен қамту қызметіне жұмыс іздеп жүрген 185
мың адам өтініш білдірді оның 785 мыңы еңбек биржасы арқылы жұмысқа
орналасты. Бірінші 5 мың адам жұмыссыз деп тіркелді, оның 75 проценті
әйелдер болды. Ал ресми түрде 70,5 мың адам жұмыссыз деп тіркелді. олардың
54 проценті жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алды. Жұмыссыздардың 80
процентіне дейінгісі әйелдер, ал олардың жартысына жуығы 29 жасқа дейінгі
жастар. Әрбір жұмыссыздың бесеуі – жоғары білімді, әрбір екеуі – орта
кәсіпті маман, әрбір үшеуі – жалпыға бірдей орта білімді.
Қазақстанда тіркелген жұмыссыздардың саны 250-600 мың адам болуы
мүмкін деп күтілуде. Сондықтан мемлекет, дүние жүзінде жинақталған
тәжірибеге сүйене отырып бұл процесті реттеуді үйренуі қажет.
Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси өткірлігін азайту үшін соңғы 20 жыл
бойына нарық қатынастары дамыған елдердің үкіметтері жұмыссыздарға жәрдем
берудің әртүрлі жүйелерін қолдануда. Халықты еңбекпен қамтудың мемлекеттік
реттеу механизмі оның хұқтық негізін жасауды, әртүрлі мамандандырылған
мекемелердің, экономикалық тұтқалардың кең жүйесін қолдануды қажет етеді.
Жұмыссыздыққа берілетін жәрдем ақшаның мөлшері мен оны төлеу
мерзімі: АҚШ – та 26-34 апта бойына жалақының 50 процентін, кейбір
штаттарда 47 аптаға дейін; Жапонияда – жұмыссыздық жасына және басқа
көрсеткіштеріне қарай 3-12 ай бойына жалақының 60-80 процентін; Францияда –
1-2,5 жыл бойына жалақының 42 процентін, оған қосымша күніне 40 франк
жәрдем – ақша; Ұлыбританияда – 52 апта бойына 28,58 фунт стерлинг құрады.
Жұмыс істейтіндердің еңбек ақысынан ұстап қалу есебінен арнаулы қорлар
құру арқылы да жұмыссыздыққа байланысты жәрдем ақша беріледі.
Қазақстан Республикасының Халықты жұмыспен қамту туралы Заңына
сәйкес, жұмыстан босап қалып жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға, бұрынғы
жұмыс орнындағы негізгі жалақысының 50 проценттен кем емес мөлшердегі,
бірақ республикада қалыптасқан орташа жалақы мөлшерінен жоғары және өнім
сүру минимуміне төмен болмайтын жәрдем ақша беруге кепілдік беріледі.
Мемлекет қосымша жұмыс орындарын жасау үшін қаржы бөлу бағдарламасын
жүзеге асырады, сөйтіп жұмыссыздықтан мейлінше жапа шеккен, бірінші кезекте
жастар мен үнемі жұмыссыз болатындарға жәрдем көрсетеді.
Еңбек нарығы барынша күрделі және жетілмеген нарық түрі болып
табылады. Өзінің жұмыс күшін ұсынатындар, әдетте, олардың еңбегіне деген
сұранымнан хабардар бола бермейді, олар тіпті өздерінің тұратын қала
шеңберіндегі бос жұмыс орны туралы да білмеуі мүмкін. Ал басқа аймақтардағы
жұмыс орны туралы одан да аз біледі.
Еңбек нарығы да басқа нарықтар сияқты сұранымның, ұсынымның және
тепе – теңдік жағдайымен сипатталады. Психологиялық тұрғыдан алғанда
еңбекке сұраным қисық сызығы жалдаушының тілегін, ал еңбекті ұсыным
қисығы қызметкердің (жұмысшының) тілегін көрсетеді. Жекелеген еңбек нарығы,
әдетте, бізге бұрыннан белгілі графикпен бейнеленеді.

Q4 еңбектің саны

Сурет № 2. Жекеленген еңбек нарығы.

2 – ші суретте еңбекке сұраным мен ұсыным және жалақының тепе –
теңдік деңгейінің графигі көрсетілген. Сұраным мен ұсыным шарттарының
ауытқуы SS және ДД қисық сызықтарының жылжуына және жалақының тепе –
теңдік мөлшерінің өзгеруіне әкеліп соқтырады (WP).
Еңбекті ұсыным жалақы динамикасына кері пропорционалды
тәуелділікпен әсер етеді. Басқаша айтқанда, егер жұмыс күшін ұсыну басқа
өндіріс факторларын ұсынумен салыстырғанда шектеулі болатын боса, онда
жалақының өсуі орын алады. Еңбекті ұсыну мынадай факторлармен анықталады:
- халықтың мөлшерімен;
- тұрғындардың жалпы санындағы еңбек етуге қабілеті бар халықтың
үлесімен;
- жұмысшының бір жыл ішінде атқарған жұмыс сағатының орташа санымен;
- жұмсалатын еңбектің саны және сапасымен, жұмысшының мамандық
деңгейімен квалификациясымен .

ІІ. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және жұмыспен қамту мәселелерін
талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың барысы

Қазақстан Республикасының статистика және сараптау комитеті ай
сайын қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін анықтау мақсатында арнайы
статистикалық бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Қазақстан -
2030 ұзақ мерзімдік даму стратегиясында халықты әлеуметтік қорғау,
жұмыссыздық пен кедейшілікті жою бірінші кезекте тұрған негізгі
әлеуметтік мәселе ретінде атап көрсетілген. Статистикалық мәліметтер
бойынша Қазақстанда 2007 жылы орташа табыс деңгейі 34 024 теңге болған
және 2006 жылмен салыстырғанда 1,2 есе өскен. 2007 жылдың соңында
(желтоқсан айы) орташа табыс деңгейі 13 195 теңгеге жеткен, бұл 2006
жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіштен 15 % жоғары. 2006 ж. тұтыну
шығындары орта есеппен 33 193 теңге болған екен. Бұл мәліметтер нені
көрсетеді? Орташа табыс (2007 ж.) 34 024 теңге болса, оның 33 193 теңгесі
тұтынуға және басқа төлемдерге шығындалған, яғни сақталған табыс деңгейі
831 теңгені құраған.
Жалпы 2000 – 2001 жылдары Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың
саны өндірісте – 20 712 мың адамға, ауыл шаруашылығында – 287 мыңға,
транспорт пен байланыс саласында – 68 мыңға, құрылыста – 747 мыңға өскен.
Сонымен, жұмыссыздық, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы
күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді
стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та
тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде
анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында
күрделі де қарқынды өндірісаралқ құрылымдық өзгерістер жүруі қажет. Осы
құрылымдық даму стратегиясы бір – бірімен байланысты жалпы ұлттық
экономикалық, әлеуметтік және технологиялық мақсаттар мен міндеттердің
орындалуын көздеген. Қазақстанда еңбек сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары
өндіріс салаларын қалыптастыру және дамыту; ауыл шаруашылық шикі
заттарын терең технологиялық өңдеу және түпкі өнім өндіру экономикасын
мемлекет тарапынан басым түрде қолдап – дамыту мақсаты және міндеті
анықталған. Бұл міндетті іске асыру біріншіден, көптеген жұмыс орындарын
ашуға, жаңа мамандықтар дайындауға, жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын
арттыруға жол ашады; екіншіден, еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап,
еңбек өнімділігі және жалпы экономика тиімділігі артады; үшіншіден, жалпы
ұлттық өнімнің құрылымы жақсарып, ұлттық табыс үлесі артады; төртіншіден,
салық төлемдері өседі және мемлекет бюджетінің мүмкіншіліктері кеңейеді.
Әрине бұл Қазақстанның ұзақ мерзімдік әлеуметтік – экономикалық
және құрылымдық даму бағдарламасы екені түсінікті. Ал нақты әлеуметтік
жағдайлар, оның ішінде, жұмыссыздықпен табыс табу мәселесі күнделікті
және тоқтаусыз шешімдер мен іс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары жайлы мәлімет
Инфляция мәні
Инфляцияның экономикалық әулеметтік салдары. Инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат
Инфляцияның экономикалық әлеуметтік салдары
Инфляцияның экономикалық әулеметтік салдары
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
Экономикалық жүйе
Жұмыссыздықтың түрлері мен формалары, себептері
КЕДЕЙШІЛІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЛШЕМІ
Нарықтық қатынастар жүйесінде еңбек нарығы
Пәндер