Зергерлік бұйымдар сапасын эстетикалық көрсеткіштерін кешенді бағалау



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР САПАСЫН ЭСТЕТИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ
1.1 Эстетикалық бағалау сапаны бағалаудың ерекше түрі ретінде
1.2 Зергерлік бұйымдар сапасының эстетикалық көрсеткіштері
2 ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР ӨНІМІНІҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ҚАСИТЕТТЕРІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Зергерлік бұйымдарды кешенді бағалау әдістемесінің жалпы тәсілдері
2.2 Зергерлік бұйымдарды әшекейлеу тәсілдері
2.3 Зергерлік бұйымдардың эстетикалық көрсеткіштерін бағалау тәртібі
3 ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР САПАСЫНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ
3.1 Зергерлік бұйымдар сапасының эстетикалық көрсеткіштерін тұтастық бағалау
3.2 Зергерлік бұйымдар сапасының эстетикалық көрсеткіштерін дифференциалдық әдіспен бағалау
3.3 Зергерлік бұйымдар сапасының эстетикалық көрсеткіштерін кешенді әдіспен бағалау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ


Квалиметрия - әртүрлі объектілер сапасының сандық бағалау әдістерін біріктіретін ғылыми сала. Сапа – бұл жалпы ғылыми категория екені белгілі. Оның мағынасы кез келген объектінің мәнді анықтамасын көрсетеді. «Квалиметрия» термині екі сөз түбірінен тұрады, яғни «квали»-бұл сапа болса, ал «мерия» - бұл бір нәрсені өлшеу және сандық бағалау. Олай болса, квалиметрия – сапаны басқару құрамына кіретін жеке бір ғылым.
Мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің біріне зергерлік бұйымдарды дайындау жатады. Оларды бағалы, жартылай бағалы және әшекейлеу тастарын, сондай-ақ басқа да жоғарғы эстетикалық талаптарға сәйкес үлкен шебелікпен орындаған бағалы емес металдардан жасалған көркемсурет бұйымдарын үйлестіру арқылы алады.
Зергерлік өнер өте ертеде пайда болған. Бұл өнерден адамның әдемілікке деген беталысын аңғаруға болады.
Біздің эрамызға дейінгі VІІ ғасырда Ежелгі Грецияда глиптика – тасты қашау өнері пайда болған. Ежелгі Римде бағалы тастары бар әртүрлі бұйымдар кең қолданған. Алтын мен күміс ежелгі орыс мәдениетінің барлық жағында қолданылған.
Көркемсурет мәдениетінің дәстүрлі зергерлік өнері көптеген Кавказ және Орта Азия халықтарының да ежелгі өнер танымы. Табиғат ерекшеліктері, өмір ағыны, ұлттық өнер салттары – осының барлығы да зергерлік бұйымдардан, олардың түрлері мен әшекейлеу тәсілдерінен көрініп тұрады.
Осы қурстық жұмысты орындаудың мақсаты - зергерлік өнердегі материалдың ерекшеліктерін терең түсініп, оның сапалы сәндік қасиеттерін анықтау және көркемсурет шеберлігінің жоғарғы орындалу сипаттарын білу, яғни зергерлік бұйымдар сапасының эстетикалық көтсеткіштерін кешенді бағалау.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Азгальдов Г. Г., Райхман Э. П. О квалиметрии. – М.: Изд-во стандартов, 1992.
2. Азгальдов Г. Г., Райхман Э. П. Экспертные методы в оценке качества товаров. – М.: Экономика, 1994.
3. Амиров Ю.Д. Квалимерия и сертификация продукции. – М.: Изд-во Стандартов, 1996.
4. Дронова Н. Д. Оценка ювелирных изделей. – М.: МГИУ. 2004.
5. Калейчик М. М. Квалиметрия – М.: МГИУ. 2003.
6. Солод Г. И. Основы квалиметрии –М.: Изд-во МГИ, 1991.
7. Федоров М. В., Сомов Ю. С. Оценка эстетических свойств товаров.- М.: Экономика, 2000.
8. Федюкин В. К. Основы квалиметрии. Управление качеством продукции. – М.: Филин, 2004.
9. Фомин В. Н. Квалиметрия. –М.: Институт «Инфо», 2002.
10. ГОСТ 23544.0-79 Экспертные методы оценки качества промышленной продукции. Основные положения.
11. ГОСТ 23554.1-79 Экспертные методы оценки качества промышленной продукции. Организация и проведение экспертной оценки качества продукции.
12. Шепелев А. Ф. Товароведение и экспертиза ювелирных товаров и часов.- М.: Ростов-на-Дону «МарТ» 2001.
13. INTERNET www.yandex.ru

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тауартану және сертификаттау кафедрасы

Квалиметря пәні бойынша:

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР САПАСЫН ЭСТЕТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН КЕШЕНДІ
БАҒАЛАУ.

Орындаған
Студент: С-31к тобы
А.С. Алиаскарова.

Ғылыми жетекшісі: к.х.к
аға оқытушы.
Б.Н Каримова.

КАРАҒАНДЫ-2011ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР САПАСЫН ЭСТЕТИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ
1.1 Эстетикалық бағалау сапаны бағалаудың ерекше түрі ретінде 4
1.2 Зергерлік бұйымдар сапасының эстетикалық көрсеткіштері 6
8
2 ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР ӨНІМІНІҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ҚАСИТЕТТЕРІН БАҒАЛАУ
ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Зергерлік бұйымдарды кешенді бағалау әдістемесінің жалпы 8
тәсілдері
2.2 Зергерлік бұйымдарды әшекейлеу тәсілдері 10
2.3 Зергерлік бұйымдардың эстетикалық көрсеткіштерін бағалау 12
тәртібі

3 ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР САПАСЫНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ДЕҢГЕЙІН
АНЫҚТАУ
3.1 Зергерлік бұйымдар сапасының эстетикалық көрсеткіштерін 16
тұтастық бағалау
3.2 Зергерлік бұйымдар сапасының эстетикалық көрсеткіштерін 16
дифференциалдық әдіспен бағалау
3.3 Зергерлік бұйымдар сапасының эстетикалық көрсеткіштерін 32
кешенді әдіспен бағалау
34
ҚОРЫТЫНДЫ
35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
36

КІРІСПЕ

Квалиметрия - әртүрлі объектілер сапасының сандық бағалау әдістерін
біріктіретін ғылыми сала. Сапа – бұл жалпы ғылыми категория екені белгілі.
Оның мағынасы кез келген объектінің мәнді анықтамасын көрсетеді.
Квалиметрия термині екі сөз түбірінен тұрады, яғни квали-бұл сапа
болса, ал мерия - бұл бір нәрсені өлшеу және сандық бағалау. Олай болса,
квалиметрия – сапаны басқару құрамына кіретін жеке бір ғылым.
Мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын сәндік-қолданбалы өнер
түрлерінің біріне зергерлік бұйымдарды дайындау жатады. Оларды бағалы,
жартылай бағалы және әшекейлеу тастарын, сондай-ақ басқа да жоғарғы
эстетикалық талаптарға сәйкес үлкен шебелікпен орындаған бағалы емес
металдардан жасалған көркемсурет бұйымдарын үйлестіру арқылы алады.
Зергерлік өнер өте ертеде пайда болған. Бұл өнерден адамның әдемілікке
деген беталысын аңғаруға болады.
Біздің эрамызға дейінгі VІІ ғасырда Ежелгі Грецияда глиптика – тасты
қашау өнері пайда болған. Ежелгі Римде бағалы тастары бар әртүрлі бұйымдар
кең қолданған. Алтын мен күміс ежелгі орыс мәдениетінің барлық жағында
қолданылған.
Көркемсурет мәдениетінің дәстүрлі зергерлік өнері көптеген Кавказ және
Орта Азия халықтарының да ежелгі өнер танымы. Табиғат ерекшеліктері, өмір
ағыны, ұлттық өнер салттары – осының барлығы да зергерлік бұйымдардан,
олардың түрлері мен әшекейлеу тәсілдерінен көрініп тұрады.
Осы қурстық жұмысты орындаудың мақсаты - зергерлік өнердегі
материалдың ерекшеліктерін терең түсініп, оның сапалы сәндік қасиеттерін
анықтау және көркемсурет шеберлігінің жоғарғы орындалу сипаттарын білу,
яғни зергерлік бұйымдар сапасының эстетикалық көтсеткіштерін кешенді
бағалау.

1 ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР САПАСЫН ЭСТЕТИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ

1.1 Эстетикалық бағалау сапаны бағалаудың ерекше түрі ретінде

Соңғы жылдары зергерлік бұйымдардың шығарылуы едәуір өсті. Олардың
ассортименті кеңейіп, сапасы мен көркемсуреттік әшекейленуі жақсарды.
Әлемнің көптеген зергерлік бұйымдарды шығару зауыттарында бағалы металдарды
сапалы балқыту, кесу, үскілеуді қамтамасыз ететін лазерлік техникалар
енгізілді. Алмасты қиыршықтау, қарайту, эмальдау, бедерлі сурет салу сияқты
жұмыстар сапасы бағалана бастады.
Барлық кезеңнің зергерлері – данышпан шеберлермен жасалған ең үздік
бұйымдарға гауһар, зүбәржәт, жақұт, сапфир, меруерт тастары, әлемнің ең
таңдаулы мұражайларын безендіріп тұрған алтын және күміс ыдыстары жатады.
Зергерлік тауарларға сәндік үшін жасалған бұйымдар, жеке күтіну
құралдары, үстел және тұрмыс сәнділіктері, темекі шегу және сағат
бұйымдары, сувенирлер және тағы басқалары жатады.
Жеке бастың әшекей заттары (жүзіктер, сырғалар, алқалар, білезіктер,
моншақтар, мойынтұмарлар, медальондар және баулар) түрлері мен фасондарына
қарай әртүрлі болады: сыртқы сәнділігі бойынша қарапайым және материалы
қымбат, не болмаса әсерлі және қымбат емес – осының барлығы да киімді жақсы
сәндейді, және де онымен жақсы үйлесімін табуы керек.
Жеке зергерлік әшекейлермен қоса, бір композициямен орындалатын
жиынтықтар да болады. Жеке күтіну заттары тобына опа қалыптары, айналар,
иіс сулар шынысы, қалпақтарға арналған түйреуіштер, галстукке арналған
қысқыштар және т.б. жатады.
Өнім шығарушы кәсіпорындарындағы зергерлік бұйымдардың сапасын тексеру
үшін, оларды әртүрлі сынақтардан өткізеді. Сауда кәсіпорындарында, әдетте,
таңдау жолымен өнімнің дайындалу партиясынан 10 данадан кем емес 10%-ға
дейін бұйым іріктеліп алынады. Іріктелген бұйымдардың пломбаланған үлгі-
эталонына және нормативтік-техникалық құжаттамаға, техникалық үлгіге сәйкес
сыртқы түрін анықтайды; этикеткаларының дұрыс ресімделуін (барлық
реквизиттерінің болуы және дұрыс толтырылуы); білезіктер мен жүзіктердің
нақты өлшемінің таңбалау мәліметтеріне сәйкестігін, зергерлік тастардың
болуын және олардың сапасын тексереді, және де зергерлік тастардың шынайы
екенін анықтайды.
Зергерлік тастарды қасиеттердің бірімен тексерген кездегі маңызды
ақпарат алу көзі болып, ультрафиолет сәулелерінің әсерінен пайда болатын
люминесценция табылады. Түсті анықтау үшін, қараңғы бөлмені пайдаланады.
Зергерлік тастардың мықты орнатылғанын, ағаш таяқшамен басып немесе
бұйымды сілку арқылы анықтауға болады. Ал бағалы металдардан жасалған
бұйымның салмағын 1-ші класты техникалық таразыларда өлшеуме анықтайды. Осы
орайда, алтын қорытпаларынан және платина металдарынан жасалған бұйымдарды
0,01 г дейінгі нақтылықпен; күміс қорытпаларынанжасалған бұйымдарды 3-ші
класты таразыларында 0,1 г дейінгі нақтылықпен өлшейді.
Егер іріктеліп алынған бақылау үлгілерінің біреуі болсын МЕМ СТ
талаптарына сәйкес келмесе, онда екі еселенген үлгі алып (20%-ға дейін),
қайталанған тексеріс жүргізеді. Ал егер де осы тексерістің қорытындысында
бұйымның біреуі МЕМ СТ талаптарына және таңбаланған үлгі-эталонына сәйкес
келмей шықса, онда барлық партия брак болып есептеледі.
Зергерлік бұйымдардың сапасына және де тұтынушылық қасиеттерінің
қалыптасуына әсер ететін факторлардың бірі болып материал табылады.
Тұтынушылық қасиеттер функционалдық, эргономикалық, гигиеналық, беріктілік,
қауіпсіздік, ал ең бастысы – эстетикалық болмақ.
Зергерлік бұйымдарды дайындауға қажетті негізгі материалдар болып,
ізгі (бағалы) және түрлі-түсті металдар мен олардың қорытпалары, бағалы,
жартылай бағалы және әшекейлеу тастары, янтарь, перламутр, синтетикалық
тастар, сондай-ақ шыны, эмаль, сүйек, мүйіз және пластикалық заттар
табылады.
Бағалы, жартылай бағалы және дайындау тастарының негізгі мекен орны
еліміздің әр түкпірінде орналасқан. Олардың бірнеше жіктемесі бар. Саудада
және кәсіпорында зергерлік бұйымдарды салыстырмалы құндылығына қарай
бөледі. Бағалы және жартылай бағалы тастар әдетте мөлдір болады, және де
жарқырауық тастар деп аталады, ал өңдеу тастары – егелеуге ғана жарамды
мөлдір емес немесе әлсіз көрінетін түсті минералдар болып саналады.
Бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған бұйымдарды тек
шығарушының бәсіре бедерлемесі мен мемлекеттік сынамалы таңбасы болған
жағдайда ғана сатуға болады. Сондай-ақ, шетел өндірістерінің де
бұйымдарының міндетті түрде мемлекеттік сынамалы таңбасы болу керек.
Біздің елімізде сатылуға шығарылатын түсті металдардан жасалған барлық
бұйымдардың Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің сынамалық
бақылау инспекциясымен қойылған сынамасы болуы керек.
Мемлекеттік сынамалы таңба – бұйымға бедер салу немесе механикалық
емес тәсілмен, мемлекеттік сынамалы бақылау инспекциясымен салынатын арнайы
белгі. Бұл бұйымның мемлекеттік инспекциямен тексеріліп, көрсетілген
таңбадан кем емес сынамасының бар екенін білдіреді. Мемлекеттік сынамалы
таңба куәландыру және сынама белгілерінен тұрады. Олар бірге (бір бейнеде)
немесе бөлек қойылуы мүмкін.
Екі жартыдан тұратын (сырғалар, қос қысқыштар және т.б.) бұйымдардың
әр бөлігіне таңба соғады. әртүрлі фасонды баулардың бір шетіне таңба салып,
екінші шетіне кәсіпорынның бәсіре-белгісін таңбалайды.Бұйымның көркемдік
әрленуі мен пішіні олардың тағайындалуына сәйкес келіп, оның пайдалану
қолайлылығын қамтамасыз етеді және жаңаша эстетикалық талаптарға сай
келеді.

1.2 Зергерлік бұйымдар сапасының эстетикалық көрсеткіштері

Нормативтік құжаттармен реттелген өнеркәсіптік өнімдердің сапа
көрсеткіштері номенклатурасына сапа көрсеткіштерінің 10 тобы кіреді:
1. Арнаулы көрсеткіштер.
2. Сенімділік көрсеткіштер.
3. Технологиялық көрсеткіштер.
4. Сәйкестендіру көрсеткіштері.
5. Патентті – құқықтық көрсеткіштер.
6. Эргономикалық көрсеткіштер.
7. Эстетикалық көрсеткіштер.
8. Тасымалдау көрсеткіштері.
9. Қауіпсіздік көрсеткіштері.
10. Экологиялық көрсеткіштер.
Сапа көрсеткіштер топтары өз кезегінде топшаларға, ал топшалар бірлік
көрсеткіштерге бөлінеді. Бұл 10 көрсеткіштер ішінен мен эстетикалық
көрсеткішті таңдадым.
Эстетикалық көрсеткіштер – олар өнімдердің адамға эстетикалық әсерін
сипаттайды және олар келесі топшалардан тұрады:
1. Ақпараттық айқындау көрсеткіштері – қоғамда болатын эстетикалық
формаларды айқындау қабілеттілігін анықтау. Бұл топша оригиналдық,
стильдік, сәйкестік, және сәндік сәйкестік.
2. Рационалдық форма көрсеткіштері – бұйымның дайындалу және пайдалану
шарттарына байланысты формаларының сәйкестігін анықтау.
3. Композиция бүтіндік көрсеткіштері – бұл жалпы және жеке
бөліктерінің үйлесімділігін анықтау.
4. Өндірістік орындаудың мүлтіксіз көрсеткіштері – бұйымның
эстетикалық формасын анықтау.
Зергерлік тастардың бағалығын, сапасын, құндылығын олардың эстетикалық
көрсеткіштерімен анықтайды: әдемілігі, мөлдірлігі, жылтырлығы, түсі,
пішіні.
Зергерлік тастардың көпшілік қасиеттері (қаттылық, беріктілік және
т.б.) осы минералдардың пайда болу жағдайларымен және олардың ішкі
құрылымымен байланысқан. Заттың екі түрлі құрылу типі бар: кристадық және
аморфты (кристалдық емес). Заттардың кристалдық құрылуы кезінде, оның
атомдары немесе атомдар тобы өзара байланысқан белгілі қашықтықта және
қатаң тәртіппен орналасады, ал аморфты құрылуы кезінде – атомдардың немесе
олардың топтарының ара-қашықтығы мен өзара орналасуы ретсіз немесе жартылай
реттелген болады. Зергерлік тастардың құрылымы, негізінде, кристалдық
болады, сондықтан олардың құрамы біркелкі, бірақ физикалық қасиеттері
барлық бағытта да бірдей емес, яғни анизотропиямен сипатталады.
Кристалдар формасы көпжақты болады: гексаэдр, октаэдр, ромбододекаэдр,
пентагондодекаэдр. Сол сияқты, кристалдардың одан да күрделі формалары
болады. Егер тасты микроскоппен қарайтын болсақ, онда ол бірнеше ұсақ
кристалл-дәндерінен тұратынын көре аламыз.
Түс – зергерлік тастардың маңызды, әрі өзіне тән сапа көрсеткіштерінің
бірі. Тастар түсі бойынша сан алуан болады: жеңіл боялған, қою боялған,
сызықтармен, шұбар-ала, ауыспалы әртүрлі түстермен және т.б. боялған.
Сондай-ақ, тастар мөлдір, жартылай мөлдір және мөлдір емес болады.
Табиғатта өз бояуы бар минералдар саны көп емес. Олар, мысалы, көгілдір
немесе жасыл түске мыспен боялған көк тас пен малахит. Ал қоспалармен бояу
көзделген минералдар саны недәуір көп. Көп жағдайда, аса қарқынмен боялған
тастар ерекше бағаланады (бұл зүбәржәт пен аквамаринге тән). Әдетте, ашық
түстер аз бағаланады, бірақ оған аса бағалы саналатын түссіз немесе аздаған
көгілдір реңкі бар алмасты жатқызбайды.

2 ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Зергерлік бұйымдарды кешенді бағалау әдістемесінің жалпы тәсілдері

Ізгі металдар химиялық беріктілігімен, созылмалылығымен және де сыртқы
түрінің әдемілігімен ерекшеленеді. Олардың кристалды торшалары тығыз,
өздері жылтыр, әртүрлі атмосфералық құбылыстарға төзімді келеді, және де
басқа металдармен жақсы қорытылады. Осының барлығы зергерлік бұйымдардың
эстетикалық қасиеттерін едәуір күшейтеді.
Бұйымдарды таза күйінде дайындау үшін бұл металдар қолданылмайды.
Өйткені, олар салыстырмалы түрде жұмсақ және механикалық төзімділігі аз
болып келеді. Сондықтан ізгі металдардың қорытпаларын басқа металдармен
қосып пайдаланады. Таза металға қарағанда, қорытпалардың механикалық
қасиеттері жақсы, балқу температурасы төмен және белгілі реңкі болады.
Осындай қорытпалардың құрамына кіретін металдарды лигатурлы деп атайды.
Қорытпалар құрамы мемлекеттік стандарттармен қатаң белгіленіп, олар
лигатура деп аталады.
Ізгі металдарға алтын, күміс, платина, сонымен қатар платиналық металл
топтары (палладий, родий, рутений, иридий және осмий) жатады. Ал түсті
металдар қатарына мыс, мырыш, никель, қалайы, қорғасын, кадмий, хром және
алюминий кіреді.
Зергерлік бұйымдарды дайындау кезінде, белгілі мөлшердегі алтын мен
лигатура мөлшері бар қорытпаларды қолданады. Бұл қорытпаның таза алтынға
қарағанда қаттылығы мен мықтылығын күшейтеді. Демек, мыс пен платина алтын
қорытпасының (лигатураның) қаттылығын өсірсе, күміс оның балқу
температурасын төмендетеді.
Қорытпаның құрамына қарай, алтынның түсі мен реңкі өзгереді. Күміс пен
платина алтын қорытпасына бозарған түс, мыс қызаруға айналған сары түс,
темір қоспасы – көк реңк, ал кадмий болса – жасыл түс береді. Мырыш, никель
және паладий қоспаларынан қорытпа ақ түсті береді.
Зергерлік тастардың жарыққа байланысты түсін өзгерту қабілеттілігі де
жоғары бағаланған. Мысалы, александрит тасы күндізгі жарықпен жасыл болып
көрінсе, ал жасанды жарықта – қызыл түске айналады.
Тастардың жарқырауы, сәулелердің шағылысуы мен бейнеленген тұстың
сипатына байланысты. Олардың жарқылы жалтылдаған, қатты, жай және көмескі
болуы мүмкін.
Зергерлік бұйымдардың негізгі эстетикалық қасиеттерінің бірі –
жарықтың шағылысуы. Шағылысу көрсеткіші дегеніміз, кеңістіктегі жарық
жылдамдығының берілген ортадағы жарық жылдамдығына қатынасы. Бұл көрсеткіш,
ақ түсті басып кету қай ортада күштірек болса, сонда жоғары болады. Дұрыс
және жақсы өңделіп ажарланған тастар ғана өте жақсы жарқырайды. Жарықпен
шағылысу неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тас жарқырап ойнайды.
Анизотропты кристалдарда оптикалық қасиеттер жарық бағытымен өзгереді:
оларға түскен жарық ағыны екі еселеніп, сондықтан бұл кристалдарды екі есе
шағылысқан деп атайды. Зергерлік шеберлер тастарды өңдеу кезінде, осындай
екі еселенген шағылысты жақсы көрсетуге тырысады.
Соңғы кездері зергерлік әшекейлерді қолдануда әртүрлі компоненттерден
тұратын ақ алтынның қорытпасын қолданады. Мысалы, 750-ші сынамалы ақ алтын
қорытпасының құрамына 75% алтын, 9% күміс, 6% мыс және 4% никель немесе 75%
алтын, 7% күміс, 6% мыс, 8% мырыш және 4% никель кіруі мүмкін. Сондай-ақ,
зергерлік бұйымдарды жасау үшін қолданатын ақ алтынның басқа да құрамды
қорытпалары бар.
Зергерлік бұйымдардың тұтастық қасиеттері мен сапасының қалыпасуына
әсер ететін негізгі фактор болып, оның өндірісі табылады. Зергерлік
бұйымдарды шығарудың бір ерекшелігі, оларды өндіруде шебер-зергердің, өзі
қолданып отырған материалдардың әдемілігі мен сәндік қасиеттерін мейлінше
тауып және көрсетуге тырысуында жатыр. Мысалға алсақ, алтын - ауқымды ірі
бөлшектерден едәуір ұтылады, ал керісінше, жұқа безендірілген жұмыстарда
әдемі көрінеді. Суреттің жақсы көрінуі және бекітілген тасқа сәндік беру
үшін, күмісті әдетте оксидтейді. Тас пен ілгектің бір-біріне сәйкестігі
мағыналы орын алады. Мысалға, аметист пен меруерт тас алтында жақсы
көрінсе, көк тас үшін оксидтелген күміс тән. Гауһар тас ақ алтын мен
платинада өз орнын табады.
Өндірілу тәсілдері бойынша, зергерлік бұйымдар жеке және жалпылама
(сериялық) түрде шығарылады. Жеке дайындау кезінде, зергер тек қана алғашқы
өнімді немесе қажетті металл пішінін алатын жабдықтарды пайдалана отырып,
барлық жұмысты басынан аяғына дейін қолмен жасайды. Бұл тәсіл жеке
үлгілерді, не болмаса күрделі және нәзік суретпен әрленетін қымбат
зергерлік бұйымдарды шығару кезінде, сонымен қатар формалары бағалы және
жартылай бағалы тастар көлеміне келетін стандартты емес бұйымдарды
пайдаланғанда қолданылады.
Жалпы дайындау кезінде, бұйымдар механикалық өңдеуден өтіп, балқыту
модельдері бойынша нақты құю жолымен шығарылады. Үлгілі зергерлік
бұйымдарды аз топтармен өндіреді.
Зергерлік бұйымдардың өндірілуі келесі кешенді процестерден өтеді:
материалды дайындау, бұйым қалыпын құрастыру, әрлеу жұмыстары, әшекейлеу
және тастарды бекіту.
Ең алдымен, лигатура құрастырылып, оны балқыту, уату, созу, соққылау
және кесу жолдарымен материалдар дайындалады.
Зергерлік бұйымдар өндірісінде зергерлік тастарды қолданады (тас тым
нақты атау емес, өйткені Жер тастардан емес, минералдар мен тау
жыныстарынан тұрады).
Бағалы тастар (алмас, жақұт, зүбәржәт, сапфир) табиғатта сирек
кездеседі, оларды алтыннан жасалған қымбат бұйымдарға шектеулі түрде
қосады; бағалы тастарға меруерт тасты да жатқызады. Жартылай бағалы тастар
(аквамарин, александрит, турмалин, гранат, аметист, опал, көк тас, топаз,
янтарь және тағы басқалары) көп тараған; оларды әдетте алтынмен, күміспен,
мельхиормен қосады, және де тас кесу бұйымдарында пайдаланады. Өңдеу
тастарына агат, лазурит, нефрит, оникс, яшма, малахит және тағы басқалары
жатады.
Зергерлік ісінде түсті металдарды, сыртқы түрі бағалы металды еске
түсіретін қорытпалар түрінде қолданады. Қорытпалардың негізгі компоненттері
болып мыс, мырыш және никель табылады. Мыс – жұқа беттерге жеңіл ауысатын
және сымға тез созылатын қызыл түсті, жұмсақ, созылмалы да ұрылғыш
материал. Тығыздығы – 8,93 гсм3, Моос шкаласы бойынша қаттылығы – 3, балқу
температурасы – 1083оС, көмір қышқылы бар дымқыл ауада мыс тез тотығады.
Мысты негізінде кеннен өндіреді, алайда ол табиғи күйінде де кездеседі. Оны
лигатурлы материал ретінде алтын қорытпаларында қолданады.
Мырыш – ақшыл-көк түсті жеңіл балқитын, нәзік материал. Мырыш
тығыздығы – 7,14 гсм3, балқу температурасы – 419,4оС. Ол дымқыл ауада тез
тотығып, тотықтың қорғау қабатымен жабылады. Оны көптеген қорытпаларда
лигатурлы материал ретінде қолданады. Қорытпалардың мырышқа қосылуы, оларды
ақшыл етеді және балқу температурасын төмендетеді.
Никель – жылтыраған ақ-күміс түсті, ауада өзгермейтін қатты, тығыз
балқитын металл. Оны басқа металдардың сыртын коррозиядан қорғау мақсатында
қаптайды. Қалайыны металдарды жалғау үшін және әртүрлі қорытпаларда
пайдаланады. Алюминий – жақсы иілетін жеңіл де жұмсақ металл. Ол жеңіл
пленкамен жабылып, ауада жақсы сақталатын болғандықтан келешекте
тотықпайды. Алюминий әртүрлі сәнділіктер жасауда (алқалар, білезіктер,
баулар және т.б.) және тұрмыс заттарында кең қолданылады. Хром механикалық
тозуға берік келеді. Оны металл зергерлік бұйымдарын тозудан, коррозиядан
сақтау үшін, затқа әдемілік беру мақсатында да пайдаланады. Кадмий – алтын
және күміс қорытпаларын дайындау үшін қолданылады.
Қымбат емес жеке әшекей заттарын дайындауда, сыртқы түрі алтын мен
күміске ұқсайтын түсті металдардың қорытпаларын қолданады: жез, томпақ,
мельхиор, нейзильбер.

2.2 Зергерлік бұйымдарды әшекейлеу тәсілдері

Зергерлік бұйымдырды әртүрлі тәсілдермен әшекейлейді. Олар: алтын және
күміс жалату, оксидтеу, анодирлеу, қиыршықтау, қарайту, көркемсуреттік
эмаль жағу, бедер салу.
Алтындау және күмістеу – бұл бұйымға сәнділік беріп, оларды
коррозиядан сақтау үшін берік металдармен әлсіздеу металдардың
гальваникалық қапталуы. Әдетте, алтын мен күміс жалатуды электролиттік
тәсілмен жүргізеді. Бұл процестің мәні – бұйым сыртына оның тұзының сулы
ерітіндісінен жасалған металл қабатын шөктіру. Шөгілетін металл тұзының
ерітіндісі (электролит) толтырылған ваннаға алтын немесе күміс жалататын
бұйымды іледі. Ванна арқылы үзілмейтін тоқ күшін өткізіп, сосын ондағы
ерітіндіден бұйым сыртына шөгіліп қалатын металл (алтын немесе күміс)
бөлініп шығады.
Алтындау немесе күмістеу қабаты бұйымның түріне және тағайындалуына
байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, күмістен жасалған сырға, алқа,
медальондардың алтын жалату қалыңдығы 1мкм, баулар үшін – 2 мкм; мельхиор
мен нейзильберг тастарынан дайындалған үстелді әшекейлеу заттарының
(қасықтар, шанышқылар, сүт құйғыштар, қантқа арналған қалақшалар және т.б.)
күміс жалату қабаты 24 мкм.
Бұйымдар қатты, химиялық төзімді және сырты жылтыр болу үшін, родий
қабатының жұқа шөгіндісін қолданады (0,25 мкм). Күміс бұйымдарға жалатылған
родий қабаты оларды ауадағы күңгірттенуден қорғайды.
Оксидтеу – бұл күміс және күмістелген бұйымдарды немесе олардың жеке
бөліктерін әшекейлеу мақсатында күңгірт, ал кейде ақшыл түске айналған
қақпен бүркеу. Ол бұйымды ыстық күкірт ерітіндісіне салу жолымен
жүргізіледі. Шеті ақшыл оксидпен көмкерілген бедерлі суреті бар бұйымдар
өте әдемі көрінеді.
Анодирлеу (анодты оксидтеу) – бұл жасанды пленка алу және алюминий
бұйымдарын алтын немесе басқа түстерге бояу. Ол күкірт қышқылында
жүргізіледі, және де алюминий бұйымын бояуға салу жолымен орындалады.
Бұйымдарды органикалық бояулармен бояйды. Анодирленген бұйымның оксидті
пленкасы коррозияға төзімді және қатты келеді. Бұл бұйымдар өте сәнді және
қымбат емес.
Бұйымдарды қиыршықтауды қолмен, механикалық тәсілмен және сыртын
қышқылмен улау жолымен орындайды. Бұйымға сурет бойынша қолмен бедер салу
кезінде, болат кескіштерінің (штихель) көмегімен әртүрлі пішінді металдарды
таңдайды да, осылайша бедерленген суретті қалыптастырады. Металдың бетіне
қышқылмен бедер салу кезінде, бұйымның сыртын балауыз, канифоль және
асфальт топырақтарымен жауып, оның үстіне металы көрінгенше қышқылмен өңдеп
сурет салады. Осылайша, қышқылдың металға әсер етуінен, топырағы кеткен
жерде сурет пайда болады.
Қарайту – бұл қара эмальмен күміс бұйымына сурет безендіру. Суреттер
оюланған және сюжетті болады. Қарайтып сурет салу мәнерлігі мен
көркемсуреттік бағалануы бедер салу сапасына байланысты болмақ.
Кішігірім портреттік бейнелеу өнеріне арналған әртүрлі заттарды сәндеу
үшін көркемсуреттік эмальдарды қолданады. Эмаль - металл бұйымдарына және
оларға арнайы пештерде күйдіру жолымен бекітілген шыны тәрізді қабат. Эмаль
мөлдір және мөлдір емес, ақ және әртүрлі түстерге боялған болады. Қандай
эмаль түрі болсын, оларды бейнелеу бояуларына арналған жұқа қылқаламмен
жағу жолымен орындайды. Содан кейін муфель пештерінде күйдіріп бекітеді.
Инкрустирлеу – ағаш немесе металл бұйымдарының сыртқы бетінің кейбір
тұстарын сүйекпен, металмен, шынымен немесе зергерлік тастармен толтыратын
әрлеу тәсілі. Мысалы, осы тәсілмен жасалған халық шеберлерінің ағаш
қобдишалары мен әшекей ыдыстары белгілі.
Металдардың көркемсуреттік өңделуінің тағы біріне бедер салу жұмыстары
жатады. Бұл жұмысты безендірілген суретті салып қана қоймай, оған тиісті
эстетикалық бағалық беретін суретші-бедершілер жүргізеді. Қолдан жасалған
бедерлік жұмыстар ылғи да өте қымбат болған. Себебі, оларды дайындауға өте
көп уақыт және жоғарғы сапалы қол еңбегі керек.

2.3 Зергерлік бұйымдардың эстетикалық көрсеткіштерін бағалау тәртібі

Қорытпадағы таза алтын мөлшерін сынама деп атайды. Сынама бірнеше
жүйеден тұрады.
1927 жылға дейін КСРО-да алтынды сынама болған. Яғни, бұл бір фунт
қорытпадағы (бір фунт 96 алтынға немесе 409,5 г тең) таза алтын саны деген
сөз.
1927 жылы лигатурлы қорытпаның 1000 салмақ бірлігіндегі химиялық таза
алтын санын анықтайтын метрикалық сынама пайда болады. Алтынды сынаманы
метрикалыққа аудару үшін, берілген алтынды сынаманы 1000-ға көбейтіп, 96-ға
бөлу керек. Ресейде зергерлік бұйымдарды алтын, күміс және мыстан тұратын
үш түрлі қорытпадан жасайды. Осы мақсатта пайдаланатын алтынның ең көп
тараған қорытпасы – 583-ші сынама болып табылады. Егер, алтын бұйымда
бақылау инспекциясының 583 деген таңбасы тұрса, бұл осы бұйым дайындалған
қорытпаның 1000 салмақ бөлігінде химиялық таза алтынның 583 салмақ бөлігі
және 417 салмақ бөлігі басқа металдардан (күміс және мыс) тұрады деген сөз.
Сонымен қатар, сынаманың карат жүйесі болады (Англияда, АҚШ-та). Карат
сынамасы – қорытпаның 24 бөлігіндегі химиялық таза алтынның салмақ
бірлігінің саны. Карат сынамасын метрикалық сынамаға аудару үшін, берілген
карат сынамасын 1000-ға көбейтіп, 24-ке бөлу керек, ал алтынды сынамаға
аудару үшін – 4-ке көбейту керек. Карат сынамасын, карат бірлігіне тиісті
бағалы тастардың салмақ өлшемдерімен араластыруға болмайды.
Жасалған бұйым қорытпасындағы алтын мөлшерінің көп немесе аз болуы,
металл қасиеттерінің көркемдік суреттелу жағына әсер етпейді. Егер, салмағы
және көркемсуреттік орындалуы бірдей бұйымдарды салыстырса, олардың ішінен,
алтын сынамасы жоғарғысы қымбат бағаланады. Ресейдің алтынынан 2000-нан
астам, ал күміс қоспаларынан 1500-ден астам зергерлік бұйымдарын жасайды.
Зергерлік бұйымдарды шығару өндірісінде, көбінесе, 87,5% күміс пен
12,5% мыстан тұратын күмісті-мысты қорытпасын қолданады. Мұндай қорытпа
мүмкіндігінше берік, химиялық төзімді болады.
Күміс бұйымдары 875-ші, және де эмальмен жабылатын 916-шы сынамалы
күмістен алынады. Сондай-ақ 800-ші және 750-ші сынамалы күмістен жасалған
бұйымдар да кездеседі. Төменгі сынамалы қорытпалардан жасалған бұйымдар,
ауаның құрамындағы күкірт сутегінің әсерінен тез қарайып кетеді. Асханалық
күміс те тамақтағы қышқылдар әсерінен тез қараяды.
Сынама – зергерлік бұйымдардың сапасына кепіл беретін мемлекеттік
таңба болып табылады. Таңбаны жасау заңмен қудаланады.
Зергерлік бұйымдарды дайындау өндірісінде сақина, сырға, алқа және
тағы басқа бұйымдырдың сыртын дайындауда, гауһар, меруерт және ашық бояулы
тастарды бекіту кезінде платина қорытпаларын қолданады. Платина өндіру
кезінде, онымен тығыз байланысқан және қасиеттері бойынша ұқсас келетін
платина топтарының металдары – палладий, родий, рутиний, иридий және осмий
кездеседі.
Зергерлік бұйымдардың сарапталуы, олардың сапасын анықтайтын
органолептикалық және зертханалық әдістермен жүргізіледі: бұйымның
физикалық қасиеттерін, химиялық құрамы мен экологиялық қауіпсіздігін
анықтау. Бұйымның моделі мен құрылымы бекітілген үлгіге, техникалық
талаптар немесе техникалық көрсеткіштерге, сызбаларға, сурет бойынша
техникалық құжаттамаға, пішіні мен тағайындалуына сәйкес келулері керек.
Жартылай бағалы тастардан жасалған қосымшалардың сырты жақсы
тегістелген және жылтыр болу керек. Ал жасанды өсірілген меруерт тастардың
қосымшалары майда және жырық жерлері болмауға тиіс. Ал таза янтарь тасының
кейбір бұйымдарында органикалық және органикалық емес қоспалар кездесе
береді. Ондағы жарықшалар, дөңестер, қабатталған жерлер, ішкі және сыртқы
тотығу учаскелері бұйымның көркемдік бағалануын төмендетпейді.
Бағалы және бағалы емес металдардан жасалған бұйымдарда, меруерт тас
пен янтарь тасын желімге және кесілген штифтерге отырғызу жіберіледі. Бірақ
бұйымның сыртында желім іздері болмауға тиіс. Қосымшаларды бүгілген тетік
арқылы қыстыру және қадау, тек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының қолөнерін оқушыларға үйретудің маңызы мен мазмұны
Тауарлардың тұтынушылық қасиеттері
Мектеп оқушыларын ұлттық өнерге баулудың теориялық негіздері
Сәндік қолданбалы өнер
Бұйымның тұтыну қасиеттерінің сараптамасы
Апликация техникасында бойжеткен қыздарға арналған камзол үлгілерінің ерекшеліктері
Технология сабағында қолөнер бұйымдарын әзірлеу
«Еңбекке баулу» оқу пәнінен оқу құрал
Жалпы білім беру пәндерді зерделеу емес, тұлғаны пәндермен дамыту
Жеткіншектердің эстетикалық талғамы
Пәндер