Қазақстан музейлерінің қалыптасу және даму тарихы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында Қазақстан музейлерінің қалыптасу және даму тарихы тың дерек көздері және ғылыми еңбектерге сүйенуімен бүгінгі тарих ғылымы талаптарына сай зерттелді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Біз ғасырлар тоғысында, түрлі үлгідегі қоғамдар қалыптасқан, осыған орай адамдардың ой-өрісі сан өзгерістерге бейімделген кезеңде өмір сүрудеміз. Адам баласының жасампаздығында шек жоқ екендігін елімізде, әлемде болып жатқан саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгерістердің қарқыны дәлелдеп отыр. Адамзат тарихының күре тамыры мәдениет болса, мәдениеттің күре тамыры - адам баласының ақыл-ойы мен қимыл-қарекеті дүниеге әкелген ғажайып рухани және материалдық құндылықтар. Қай халықтың болсын өзге ешбір ұлтқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзгеше тағдыр-талайын айқындайтын жәдігерлер. Олардың ұлт рухының тірегі, халықтық қасиеттер саналатыны да сондықтан.

Ұлттық сана мен ұлтжандылықты Қазақстан халқының бойына дарыту үшін Ұлы дала тарихын ұрпақ санасында тірілту керек. Осыған орай, ғылыми, ағартушылық-біліми, мәдени мекеме ретінде музейлердің рөлі өте зор. Кезінде Кеңес үкіметі өз идеологиясын халыққа насихаттау үшін мектептен тыс мекемелерге, соның ішінде музейлерге ерекше көңіл бөлген. Мұндай тәжірибе нәтижесіз қалған жоқ, тіпті өзінің айтарлықтай жемісін де берді. Музейлер өз экспозицияларында социалистік қоғамның жетістіктерін насихаттаушы «саяси-ағарту комбинатына» айналып, халық музейге экскурсияға келетін. Ендеше бүгінгі таңда музейлерді неге ұлттық сананы қалыптастыру мақсатында рухани мәдениетімізді жаңғырту орталығына айналдырмасқа. Ұлттық тарихымыз бен қайталанбас керемет мәдени туындыларымыз шоғырланған орда арқылы жастарымызды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелемеске.

Музей - ел тарихы, ұлттың көне менталитеті, дүние жүзі мәдениетінің қайнар көзі тоғысатын жер. Себебі, музей қойылымдарына орналасқан әрбір мұраның астарында сол жеке мұра тарихы ғана емес, осыған байланысты болатын кез келген халықтың жүріп өткен ізі, тарихы жатыр. Демек, аталмыш тақырып қай тұсынан алып қарасақ та бүгінгі күн талабына сай зерттеуді қажет ететін өзекті, көкейтесті мәселе болып табылады. Музей ісіне байланысты жекелеген зерттеулер болғанымен, олар Қазақстан музейлерінің қалыптасуы мен даму тарихы жөнінде толыққынды, аяқталған ғылыми негіз бере алмайды. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы музейлер, ХХ ғасырдың 70-ші жылдарынан былай қарайғы музейлер тарихы, қайта құру жылдарындағы музейлердің жай-күйі, тәуелсіздік алғаннан кейінгі музейлер өміріндегі өзгерістер ғылыми зерттеу назарынан мүлдем тыс қалған. Мұндай жағдайдың өзі аталмыш тақырыпты зерттеу нысаны етіп алуды қажеттеді.

Музей ғылыми-зерттеу, мәдениет-білім мекемесі, ұлттың ұлттылығын айғақтайтын ерекше мәнді мемлекеттік атрибуттардың бірі. Музей саласында жинақталған әлемдік тәжірибенің тарихи-әлеуметтік логикасы өзін қастерлей білетін, ұлттық рухын іс жүзінде қадір тұтатын, өркендеген, өсем деген елдердің музейлерінде ғана қоғамдық сұраныс толық қаматамасыз етіліп, өзінідік сипат ала алады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың: «Егемен еліміздің мәдени өмірінде музейлердің орны айрықша. Тарихымызды терең зерттеп, оның тәжірибесінен тағлым алу - Қазақстанда патриотизмді қалыптастырудың, Отанның лайықты азаматтарын тәрбиелеудің басты шарттарының бірі . . . » - деген сөздері музей қызметінің басты ұстанымы болуға тиіс [1] .

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Музей жүйесі Отандық мәдениет тарихының құрамды бөлігі болғанымен табылғандықтан бұл мәселе төңірегінде әр кезеңде жарық көрген ғылыми еңбектер көп емес. Музейлердің теориялық мәселелері мен қалыптасу тарихының жекелеген кезеңдеріне арналған толыққанды монографиялық еңбек жоқ. Жалпы мәдениет тарихына арналып, музей мәселесіне жанама тоқталған бірқатар ғылыми еңбектер жарық көрді.

Бүгінгі таңда музей ісі мен тарихына қатысты ғылыми айналымға енгізілген еңбектерді сұрыптай келе, оларды бірнеше топқа бөлуге болады. Біріншісі, музей ісі құрамды бөлігі болып табылатын мәдени құрылыстың жалпы мәселелеріне арналған еңбектер; екіншісі, музей ісінің теориясы мен әдіснамасына арналған музейтанулық еңбектер, үшіншісі, музей тарихын зерттеу мәселесіне арналған еңбектер. Әр топта қарастырылған ғылыми еңбектерді қалыптасқан тарихи дәуірлеуге байланысты мынадай үш кезеңге бөлуге болады: біріншісі ХІХ ғасырдан - 1917 жылға дейінгі (революцияға дейінгі), екіншісі, кеңестік - 1917-1991 жж., үшіншісі, қазіргі - 1991 жылдан бүгінгі күнге дейін. Қазақстанның өткен ғасырлардағы тарихын патша үкіметінің отарлау саясаты және кеңестік жүйемен байланыстырсақ, әрине, Ресей ғалымдарының еңбектерінен де Қазақстан мәдениетінің тарихы мен музей ісіне қатысты мәліметтер алынып, ғылыми айналымға қосылды. Зерттеу жұмысының тарихнамалық негізін саралау барысында жүйелі мәселелік-хронологиялық қағидаттарға жүгіндік.

Қазақстан музей ісінің қалыптасуы мен дамуы жайында құнды мәліметтер қалдырған М. Е. Массон, А. С. Махонин, Л. Ф. Семенов, А. А. Адрианов, А. М. Жиреншин еңбектері, республикадағы мәдени құрылыс және мемлекеттік саясат мәселелері төңірегінде жарыққа шыққан Н. Жангелдин, А. Ж. Жөкібаев, Ә. Канапин, Р. Б. Сүлейменов, Х. И. Бисенов, Е. С. Исмаилов, Г. С. Сапарғалиев туындылары, тәуелсіздік алғаннан кейін мәдениет тарихын жаңа методологиялық ұстанымдар негізінде қарастырған Х. М. Әбжанов, Қ. Ә. Ахметов, Н. Әлімбай, А. Т. Капаева, С. З. Баймағамбетов т. б. ғалымдардың еңбектері зерттеу жұмысын жазуға арқау болды. Музей ісінің теориялық-методологиялық негізін және тарихын зерделеуде В. К. Гарданов, А. Б. Закс, Д. А. Равикович, А. М. Разгон, В. Н. Игнатьева, О. В. Ионова, Н. С. Зузыкина еңбектерінің маңызы зор.

Диссертацияның бірінші тарауында зерттеу мәселесінің тарихнамасы арнайы және толық берілді.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу нысаны етіп алынып отырған Қазақстан музей ісінің қалыптасуы мен даму тарихы бір жарым ғасырдан астам уақыт аралығын қамтығандықтан, деректердің құрамы мен түрі де әртүрлі. Зерттеу жұмысының деректік негізін ғылыми айналымға енгізілген және енгізілмеген материалдар жиынтығы құрады. Диссертациялық жұмыстың негізін құрайтын жарияланбаған деректер қатарына Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты (ҚР ОММ), Қазақстан Республикасы Президенті мұрғаты (ҚР ПМ), Орынбор облыстық Мемлекеттік мұрағаты (ООММ), облыстық мұрағаттар және Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейі (ҚР ОММ) мұрағаты қорларынан алынған материалдар жатады.

Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағатының 4 қор - Орынбор қырғыздарының облыстық басқармасы; 15 қор - Семей, 44 қор - Жетісу, 369 қор - Ақмола облыстық басқармасы; 828 қор, 460 қор - Жетісу және Семей статистикалық комитеттері; 14 қор - Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқарған Әскери-революциялық комитет; 30 қор - Халық Комиссарлары Кеңесі; 921 қор - Қырревкомның, Академиялық орталықтың, Ғылыми комиссия алқасы мәжілістері хаттамалары; 81 қор - Халық Ағарту Комиссариаты бұйрықтары, жұмыс жоспарлары, Қазақстанды зерттеу қоғамы және Орталық музей жарғылары, есептері мен жоспарлары, мәжілістерінің хаттамалары; 1308 қор - Қазақстан Орталық Мемлекеттік музейінің жоспарлары, есептері, бұйрықтары, мәжіліс хаттамалары, республика музейлерінің есептері; 693 қор - Қазақстанды зерттеу қоғамы қызметі, есептері, мәжіліс хаттамалары; 1876 қор - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы мәдени-ағарту мекемелерінің істері жөніндегі комитеттің бұйрықтары, анықтамалар, музейлердің жылдық есептері, мәжіліс хаттамалары; 1890 қор - Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің қаулылары, қарарлары, бұйрықтары, музейлердің жұмыс жоспарлары мен есептері, штаттық кестелер т. б. ; 1792 қор - Т. Г. Шевченко атындағы көркем сурет Галереясының жылдық есептері, бұйрықтар, тақырыптық экспозициялық жоспарлары; 2051 қор - 1936-1940 жылдар аралығындағы Қазақстанның дінге қарсы музейіне қатысты материалдар зерттеу жұмысының негізгі мазмұнын ашу барысында маңызды рөл атқарды.

Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының 141 қор - Қазақ Өлкелік партия комитетінің құжаттары; 708 қор - ҚК(б) П Орталық Комитеті іс-құжаттары қорларынан алынған құнды деректік мәліметтер тиімді пайдаланылды.

Орынбор қаласының ХХ ғасыр басында қазақ елінің астанасы болғандықтан бұл жерде тарихымызға қатысты құнды мәліметтер қатталған мұрағаттарға ерекше тоқталуға болады. Қазақстан музей ісі тарихына қатысты мәліметтер әсіресе, Орынбор облыстық Мемлекеттік мұрағатының 6 қор - Орынбор генерал-губернаторының іс-қағаздар қоры, ХІХ ғасырда музейді қалыптастыру, губернаторлардың осы істегі қызметі жайындағы құжаттар; 683 қор - ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы музей ісі туралы мәліметтер мұрағат қорларында сақталған. Қазақстанның облыстық музейлері тарихы мен қызметін зерттеуде Солтүстік Қазақстан облыстық Мемлекеттік мұрағатының 268 қор, Шымкент облыстық Мемлекеттік мұрағатының 201 қор, Көкшетау қалалық мұрағатының 76 қорынан алынған деректік материалдар зерттеу жұмысында пайдаланылды.

Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейі мұрағатының жеке қорларынан 142-іс (1939 жылы музей директоры болған Пронин Степан Метрофановичтің), 110-іс (ғылыми қызметкер М. Л. Лосукованың), 124-іс (1940 жылы ғалым хатшы болған Мухамбетова Кира Мухамбетовнаның), 128-іс (1956-1970 жылдар аралығында музей директоры болған Сара Сәтпайқызы Есованың) құнды материалдар қарастырылды.

Астана қаласындағы «Отырар кітапханасынан» Қайым (Ғабдулқайым) Мұхамедхановтың жеке қорынан өмірі мен қызметі туралы құнды мәліметтер алынды. Автор тарапынан қоғам қайраткерінің 1940-1951 жылдар аралығында Семейдегі Абай мемориалдық музейінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі туралы мәліметтер мұқият қарастырылды. 1947 жылы музейдің Ғылым Академиясының құзырына берілумен, академик Қ. И. Сәтпаев Қ. Мұхамедхановты музейдің директоры етіп тағайындағаны туралы ақпараттар сақталған.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Мәдени мұра» департаменті мұрағатының ағымдағы қорларының музей ісіне қатысты мәліметтері назарға алынды. Зерттеу жұмысын жазу барысында құнды мәліметтер шоғырын құрайтын деректік материалдар қатарына музейлердің іс-қағаздары саралау арқылы ғылыми айналымға енгізілді. Іс-қағаз құжаттары музейлердің жабдықтау, ғылыми-қор, мәдени-ағартушылық және экспозиция жұмысы туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Аталмыш деректерді сұрыптай келе материалдардың мынадай төрт түрін көрсетуге болады: ұйымдастыру-өкімдік (музейлердің ашылуы және Кеңестердің құрылуы жөніндегі бұйрықтар, музей ісіндегі Кеңестер өкімдері, Жарғылары, отырыс хаттамалары) ; жоспарлық (жұмыс жоспарлары) ; (музей қызметі жөніндегі анықтамалар) ; музейдің жеке құрамы туралы құжаттар. Бірақ, мұрағат қорларындағы музей ісіне қатысты құжаттар әлі де болса дұрыс жүйеге келтірілмеген. Сонымен қатар, мұрағат қорларында сақталған музей қызметіне қатысты құжаттардың арасында кіріс кітаптары, жәдігерлер төлқұжаттары сақталған. Мұндай деректер музейдің қор жұмысы туралы, жабдықталуы, түпнұсқа жәдігерлердің саны мен құрамы және экспозицияға қойылу барысы жайлы құнды мәліметтер алуға мүмкіндік берді. Автор тарапынан ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің, облыстық музейлердің, ҚР Тұңғыш Президенті музейінің ғылыми тұжырымдамалары, жәдігерлерді тіркеу және кіріс кітаптары қарастырылды.

Музейлердің жұмысы туралы қосымша мәлімет алуға мүмкіндік тудыратын мәлімет ретінде музей буклеттері мен каталогтары зерттеу жұмысында пайдаланылды. Құрылымы жағынан біркелкі болып келетін жиналмалы кітапшалар түрлі-түсті суреттермен безендіріліп, музейлер туралы қысқаша анықтама беретін жолкөрсеткіш қызметін атқарады. Мұндай жолкөрсеткіштер арқылы республика музейлері көпшіліке және шет елдерге танылады. Осыған орай зерттеу барысында музейлердің жолкөрсеткіштері де мүмкіндігінше ескерілді. Сонымен қатар, республикалық және облыс көлеміндегі бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде жарияланған мақалалар мен «Советский музей», «Советское краеведение», «Вестник Центрального музея», «Вопросы истории», «Мирас», «Мәдени мұра», «Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейінің еңбектері» сынды ғылыми басылымдар кеңінен пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты Қазақстанда музей ісінің қалыптасуы мен дамуының тарихи тәжірибесін ғылыми тұрғыда зерделеу арқылы, коллекциялық қорының қалыптасуын, ғылыми-мәдени, біліми-ағартушылық, әлеуметтік институт ретіндегі қоғамдағы рөлі мен орнын, маңыздылығын жан-жақты ашып көрсету.

Осы мақсатқа орай ғылыми еңбектің алдына төмендегідей зерттеу міндеттері қойылды:

- Қазақстан музей ісінің қалыптасу және даму тарихын баяндайтын отандық және шетелдік әдебиетті зерделеу негізінде зерттеу жұмысының тақырыбына қатысты тарихи дерек көздерін тақырыптық негізде жүйелеу және мәселенің методологиялық ұстанымын анықтау;

- музейлерді қалыптастырудағы әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстан жерінде пайда болған алғашқы музейлердің қалыптасуы мен дамуының ілкімді тетіктерін ғылыми тұрғыда пайымдау;

- Қазақстан жерінде музейлердің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан жекелеген тұлғалардың қызметін, отандық музей ісіндегі орны мен рөлін саралау;

- ХХ ғасыр басындағы музейлер жүйесі қалыптасуының алғышарттарын, ғылыми жинақтаушы мекемеден саяси мәдени-ағартушылық ордаға айналуының саяси астарын ашу арқылы музейлердің қоғамдағы орны мен рөлін анықтау;

- Кеңес өкіметі кезеңіндегі музейлердің ғылыми-зерттеу, мәдени-ағартушылық қызметінде сыңаржақтылықты қалыптастыру арқылы саяси идеологияның пәрменді құралына айналдыру мәселелерін қарастыру, Қазақстан музей ісіндегі кеңестік саясаттың тиімді және тиімсіз жақтарын негіздеу;

- Кеңес кезеңінде ұйымдастырылған салалық музейлердің (тарихи өлкетану, мемориалдық, археологиялық, этнографиялық, көркемсурет, мекемелік т. б. ) құрылымдық ерекшеліктерін, жұмыстарының негізгі бағыттарын анықтау;

- ғылыми еңбектер мен тың деректерге сүйене отырып музей мамандарының даярлануы мәселелерін, сапалық құрамы мен әлеуметтік келбетін жан-жақты зерттеу;

- тәуелсіздік алғаннан кейінгі музейлердің партиялық, идеологиялық өктемдік пен бірізділіктен қол үзіп, іс-шаралардың тақырыптық, мазмұндық, танымдық әлеуетінің кеңеюін, ел мүддесіне қызмет ететін мақсатқа жұмылған қызметінің негізгі бағыттарын саралау;

- қазіргі жаңа тұрпаттағы музейлердің қызметін, құрылымдық өзгерістерін пайымдау арқылы, музейлер жүйесін басқару мен ұйымдастыруда қолданылған кеңестік орталықтандыру, саясаттандыру, бюрократияландырудың орнына келген жариялылық, нарықтық қатынастарға бейімделу, бейсаясаттану ұстанымдарын ғылыми тұрғыда ашып көрсету;

- музейлердегі ұлттық тарихи-мәдени мұраның жинақталу, ғылыми тұрғыда зерттелу, ғылыми тұжырымдалған көрнектемелердің экспозицияға қойылуы мен көрерменге көрсетілуін зерделеу;

- музейлер рухани және материалдық ескерткіштерді сақтау орындары болып қана қоймай, өзінің қызметі арқылы елінің тағылымды тарихын, бірегей тұлғаларының өмірі мен қызметін көпшілікке, өскелең ұрпаққа жеткізу арқылы оларды патриотизмге, өр мінезділікке баулу мәселерін зерделеу;

- музейлердің ғылыми-ағартушылық мекеме ретінде рөлін анықтап, теориялық-әдіснамалық зерттеулерді сұрыптау, жаңа әдістерді қолдану жолдарын қарастыру. Қазіргі музейлердің мүмкіндіктері мен бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жолындағы бағыт-бағдарын ғылыми тұрғыда пайымдау.

Зерттеу нысаны. Қазақстан мәдениетінің қалыптасуы мен дамуының тарихи аспектілерін зерделеу зерттеу жұмысының нысанын анықтайды.

Зерттеу пәні. Мәдениет саласының бір бөлігі болып табылатын республика музейлерінің қалыптасу кезеңдерін, коллекциялық қорын, құрылымдық негіздерін, мәдени-ағартушылық әлеуетін, ғылыми-зерттеу қызметін, маман мәселесін тарихи тұрғыдан зерттеу жұмыстың ізденіс пәнін анықтайды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысының басты жаңалықтары:

  • Қазақстан музей ісінің қалыптасу және даму тарихы қазіргі заман талабына сай тарихи сабақтастықпен шынайылық тұрғысынан жан-жақты талданып, көрсетілді;
  • ғылыми айналымға енгізілмеген деректік материалдар арқылы отандық музей ісі қызметінің негізгі бағыттары қоғам дамуының заңдылықтары, идеялық ұстанымдар мен қағидаттарына және өзіндік ерекшеліктеріне сай қарастырылды;
  • бүгінгі күнге дейін Қазақстан музей ісіне қатысты қомақты ғылыми еңбектің жоқтығына орай, аталмыш жұмыста музей ісі тарихы алғаш рет кешенді түрде зерттелді;
  • диссертацияда құнды тың деректерді қолдану арқылы музей ісінің теориялық мәселелері ғылыми тұрғыда пайымдалды;
  • автор алғаш рет музейтану саласы бойынша қалыптасқан теориялық-әдіснамалық ұстанымдар мен ғылыми әдіс-тәсілдерді отандық музейлердің қалыптасу және даму тарихының негізгі кезеңдеріне орайластырып зерттеу мәселесінде кеңінен қолдану арқылы музейлік және музейтанулық мәселелерді өркениттілік және ұлттық мүдде тұрғысында қарастырды;
  • қоғам дамуының кезеңдеріне сай Қазақстан музейлерінің қалыптасуы мен дамуындағы мемлекеттік саясаттың әсері, осыған байланысты тұжырымды өзгерістер мен құрылымдық ерекшеліктері ғылыми негізде дәйектелді;
  • Отандық музейлердің коллекциялық қорын қалыптастыру, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту, экспозиция құру жұмысының негізгі бағыттары тың деректік материалдар арқылы жүйеленді;
  • Қазақстан жерінде музейлердің пайда болуының алғышарттары мен қалыптасу барысы, музейлердің дамуына үлес қосқан жекелеген тұлғалардың рөлі мен ғылыми мекемелер қызметі жан-жақты зерттелді;
  • Кеңес өкіметінің музей ісіндегі саясаты, партиялық, идеологиялық өктемдік пен бірізділіктің музей қызметіне әсері ғылыми еңбектер мен мұрағаттық деректер негізінде сараланып, салыстырмалы түрде ұлттық идеологиялық ұстанымдар негізінде зерделенді;
  • отарлық езгінің келеңсіз жақтары мен әкімшіл-әміршіл жүйенің қылмыстарын әшкерелейтін, ұлттық тарихи сананы қалыптастырып, Отан тарихындағы «ақтаңдақтарды» жоюға септігін тигізетін жаңа тұрпаттағы музейлер қызметінің негізгі бағыттары мен стратегиялық мақсаттары жан-жақты сараланды;
  • ұлттың рухын ұлықтайтын тарихи-мәдени құндылықтардың тарихы мен тағдыры, сыртта қалған құндылықтар туралы мәліметтер сұрыпталып, елге қайтарудың өзіндік әрекеттік тұстары қарастырылды;
  • зерттеу жұмысында Қазақстан музейлер жүйесін басқару мен ұйымдастыруда қолданылған жойдасыз орталықтандыру, саясаттандыру, бюрократияландырудың әдіс-тәсілдері мен орнына келген жариялылық, жергілікті бастамаға өріс ашу, нарықтық қатынастарға бейімделу, бейсаясаттану ұстанымдары еркін ойлау және өркениеттілік қағидаттарға сай пайымдалды.

Диссертациялық зерттеу тақырыбының мерзімдік шегі: Қазақстан жерінде алғаш музейлердің пайда болуынан, ХІХ ғасырдың 30-жылдарынан 2006 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Тақырып аясының мұндай кең болуының себебі: зерттеу жұмысы үш кезеге бөлініп қарастырылды. Біріншісі, ХІХ ғасырдың алғашқы жартысынан (1831 жылы негізі қаланған Орынбор тарихи-өлкетану музейінен) - 1917 жылғы Қазан революциясына дейін; екіншісі, Кеңес өкіметі кезеңіндегі музейлер; үшіншісі, Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан музейлерінің тарихына арналған. 2006 жылмен тоқталуы себебі, Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 15 жыл толуымен орайластырылды.

Көрсетілген әр кезеңнің дамуындағы өзіндік ерекшеліктер музейлер тағдырына айтарлықтай әсерін тигізді. Зерттеуде осы мәселе ескеріліп, отандық музейлердің тағылымды тарихы мен тағдыры, тәжірибелік негіздері жан-жақты зерделенді. Сонымен қатар, бүгінге дейін Қазақстан музей ісі теориясымен тарихына арналған қомақты ғылыми зерттеудің болмауымен түсіндіріледі. Ғылымда болып жатқан өзгерістер Отандық музей тарихын зерттеу барысында жаңа методологиялық ұстанымдар мен тарихи талдауды, тұжырымды қорытындылар мен дәйектеулерді қажет етеді.

Қорғауға ұсынылған тұжырымдар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
Қарағанды облысындағы музей ісінің қалыптасуы
Қазақстандағы қазіргі таңдағы музейлер
Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының тарихи музейлері
Мектеп музейлерін ұйымдастыру
Музейлердің қор жұмысы
Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуындағы мәдени туризм модернизациясы
Шығыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейінің қалыптасуы
Қазақстан музейлерінің бүгіні мен ертеңі
Музей менеджменті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz