Жер ресурстары мен жер рентасының теориялық негізі


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе . . . 3
I. Жер ресурстары мен жер рентасының теориялық негізі . . . 4
1. 1. Жер және жер рентасы туралы ұғым . . . 4
1. 2. Жер ресурстар нарығының қазіргі жағдайы. 10
1. 3. Жер пайдалану ақылылығы және оны экономикалық ынталандыру . . . 13
II. Қазакстан Республикасындағы мемлекеттік жер кадастрлық жүйесінде жерлердің бағалануы . . . 16
2. 1. Қазақстан Республикасының жер учаскелерін жеке меншікке беру кезіндегі базалық ставкалары . . . 16
2. 2. Сапалы бағалау (жер қыртысының бонитет балы) . . . 21
III. Жер қойнауын бағалау әдістемесі . . . 23
3. 1. Жер қойнауын пайдаланушылардың негізгі құқықтары . . . 23
3. 2. Жер учаскесінің бал банитетін бағалау . . . 27
Қорытынды . . . 33
Пайдаланылған әдибиеттер тізімі . . . 34
Кіріспе
Жер өте ерте кезден адамзат қоғамының өмір сүру және өміріне қажетті заттарды өндіру ортасы болып келеді. Жер ауданы, әсіресе өндіріске қолайлы, құнарлы жерлер шектеулі. Сондықтан жер үшін күрес ешқашан тоқтаған емес. Бір қоғамның, мемлекеттің өз ішінде жерге меншік, иелік ету әр түрлі қатынастарды тудырады. Біреулер жерге иелік ету арқасында байып отырса, екіншілері - жері жоқтар кедейленді. Осы қатынастар және жердің шектеулілігі жерді экономикалық бағалау, тиімді пайдалану, жерге меншік қатынасын және соның негізінде салық төлемдерін тудырды. Жер салығы жер иеленушілердің тұрақты табыс көзі болып келеді.
Жер салығы жер иеленушілерді байытудан басқа жалпы экономикалық қызметтерді атқарады, олардың ең бастысы жерді қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру. Жер ресурстарын пайдалану төлемдерін де бірнеше түрге бөлуге болады. Бірақ іс жүзінде олардың барлығы жер салығына жинақталған. Жер мәңгілік өндіріс қажеті, оны дұрыс пайдаланғанда өнімділігі сырқылмайды. Жерден өнімді жылда алуға болады. Былайша айтқанда, жер шексіз жылма -жыл ренталылық табыс береді. Жер мәңгі пайдалынылатын болғандықтан, осы жылдардағы жалпы табысты білу үшін жылдық табыстарды қосу керек. Сонда ғана жердің нақты құндылығын анықтаймыз.
Жер және құралдардың басты салуларының негiзгi салалары бiрде қалуға жалғастырған болады. Ол сатып алуға, жалдауға сатып, беруге болады.
Жердi нарықтық құн, ең алдымен, қазiргi нарықта оның тұрған орыны және сыртқы факторлардың ықпалы, сұраным және ұсынымнан тәуелдi болады. Егер жер телiмiнде жылжымайтын мүлiктiң әр түрлi түрлерiнiң объекттерiнiң құрылысын жоспарланса, қазiргi желiлерге коммуникациялардың сандық және сапалы бар болу тұры және қосуды мүмкiндiк жердi баға.
Жер учаскесiне құқық шектерi туралы айтып кетсек. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскесiне құқық осы учаске шекарасындағы топырақтың үстiңгi қабатына, тұйық су айдындарына, екпелерге қолданылады. Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының топырақ қабаты астындағы жер қойнауын пайдалануы жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сәйкес және жер қойнауы саласындағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады. Кең тараған пайдалы қазбаларды өндiруге және жеке қажетке жер асты суларын алуға жер қойнауын пайдалану құқығын табыстау қойнауында кең тараған пайдалы қазбалар және жер асты сулары бар жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға берумен бiр мезгiлде жүргiзiледi. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар өздерiне тиесiлi жер учаскелерiне құқықтарын өз қалауынша жүзеге асырады.
Жер учаскелерiне меншiк иелерiнiң және жер пайдаланушылардың жерге құқықтары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген негiздер бойынша шектелуi мүмкiн.
I. Жер ресурстары мен жер рентасының теориялық негізі
1. 1. Жер және жер рентасы туралы ұғым
Жер туралы қысқаша мәліметтер
- Күннен қашықтығы - 150 млн км.
- Орбитадағы айналу жылдамдығы - 29, 8 км/с.
- Орташа тығыздығы - 5, 5 • 103 кг/м3.
- Күнді айналу ұзақтығы - 365 тәул. 6 caғ.
- Табиғи серігі - Ай.
- Массасы - 6 • 1024т.
- Радиусының орташа ұзындығы - 6371 км.
- Экваторының ұзындығы - 40075, 7 км.
- Меридианының ұзындығы - 40008, 5 км.
- Жер бетінің жалпы ауданы - 510 млн км2.
Жер мен Күн арасындағы орташа қашықтық - 149, 58×10 6 км. Бұл қашықтық қалыпты «астрономиялық бірлік» боп табылады.
Жер Күн жүйесінің басқа планеталары сияқты әр түрлі жұлдыздардың шаңы мен газдарынан құрылған. Жердің геологиялық жасы 4, 5-5 млрд жыл деп есептеледі . Алғашқы геологиялық сатыдан бастап жер беті материктік көтерулер мен мұхиттық ойпандарға бөлінген.
Жер қыртысыныңда ерекше граниттік-метаморфты қабат қалыптасқан. Мантиядан бөлінген газдар арқылы алғашқы атмосфера мен гидросфера пайда болған. Жер бетінде табиғи алғашқы жағдайлардың қолайлы болғаны сонша, планеталар қалыптасқан соң миллиардтаған жылдардан кейін өмір, тіршілік пайда болды. Жер бетінде өмірдің пайда болуы тек қана жер планетасының болу ерекшелігімен ғана емес, сонымен бірге Күн көзінен қолайлы арақашықтықтың да маңызы бар. Себебі Күн көзіне планеталар жақын орналасса, онда жылу мен жарық мөлшері көп болады да, кез келген жамылғы (жер беті) судың қайнау температурасынан жоғары болар еді, ал алыс орналасса жылуды аз қабылдайды да, өте қатты суық болар еді.
Көптеген планеталар массаларының Жерге қарағанда азырақ болуына байланысты, тартылыс күші де кем болады да, тығыз дәл атмосфера қабатын ұстап тұруды қамтамассыз ете алмайды. Планета өмір сүру уақытында оның табиғаты бірнеше рет өзгеріске ұшыраған. Әр кезеңдерде тектоникалық іс-әрекет белсенді көріністер берген: құрлықтар мен мұхиттардың көлемі мен келбеті өзгерген, Жер планетасына космостық денелер құлаған, бірнеше рет мұз жамылғылары пайда болып, жоғалып кетіп отырған. Бұл өзгерістер органикалық дүниенің дамуына түпкілікті әсер ете қоймаған.
Географиялық қабықтың құрамына: литосфера, гидросфера, атмосфера және биосфера кіреді. Бақылауға мүмкін, космостық кеңістікте Жерге ұқсайтын басқа аспан денелерідәл қазірге дейін байқалмайды.
Жер эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29, 765 км/с жылдамдықпен 149, 6 млн. км орташа қашықтықта 365, 24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі - Ай. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта айналады. Жер осінің эклиптика жазықтығына көлбеулігі 66°33´22˝, оның өз осінен айналу периоды 23 сағ 56 мин 4, 1 с. Өз осінен айналуы себебінен Жерде күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады. Жер Күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5-орында. Жердің массасы 5, 975•1021 тонна, орташа тығыздығы 5, 517 г/см 3 , көлемі 1, 083 млрд. км 3 , ауд. 510, 2 млн. км 2 , сыртқы пішіні үш осьті эллипсоидқа жақын. Жердің ішкі құрылысы туралы мәліметтер әлі жете зерттелмеген аса күрделі ғылыми мәселе болып табылады.
Жердің құрамы, құрылысы, қасиеттері жөніндегі мәліметтер - жер қыртысының үстіңгі қабаттарын тікелей бақылау, серпінді толқындардың таралу жылдамдығына негізделген сейсмикалық әдістер арқылы алынған жанама деректер. Осы деректерге байланысты Жер негізгі 3 геосферадан тұрады:
- жер қыртысы,
- мантия,
- ядро.
Бұл геосфералар сейсмикалық толқындардың жылдамдығына және олардың тереңдік бойынша өзгеруіне байланысты сегіз сейсмикалық қабатқа бөлінеді: А, В, С, D´, D˝, E, F, G. Сонымен қатар Жерде жоғарғы қатты қабат литосфера мен төменгі жұмсақ қабат атмосфера бөлінеді. А - Жер қыртысы. В, С, D´ және D˝ қабаттары - Жер мантиясы. В. қабаты Мохоровивич бетінен 400 м тереңдікке дейін бойлайды. В қабаты мен Жер қыртысының арасында қарқынды зат алмасу жүреді. Бұл қабатта сейсмикалық толқындардың жылдамдығын төмендететін белдемдер бар. Олардың тереңдігі құрлықта 100 - 220 км, мұхиттардың астында 60 - 220 км. Бұл белдемдердегі толқындардың жылдамдығының төмендеуі жоғарғы температура мен оған сәйкес қысымға байланысты. С қабаты 400 - 900 км тереңдікті қамтиды және бұл қабат минералдық зат тығыздығы артып басқа түрлерге алмасуына байланысты толқын жылдамдығының тез өсуімен сипатталады. D´ (900 - 2700 км) қабатында толқындардың жылдамдығы біртекті заттардың нығыздалуына байланысты өседі. D˝ қабатында (2700 - 2885 км) заттардың құрамы әртекті және температураның жоғары болуына байланысты сейсмикалық толқындардың жылдамдығы тұрақсыз. Е, Ғ, G қабаттары Жердің ядросын (радиусы 3486 км) құрайды. Ол сыртқы (Е қабаты) және ішкі (G қабаты) ядроға (субядроға) бөлінеді. Бұл екеуінің арасында сыртқы ядро құрамына кіретін аралық белдем (Ғ қабаты) бар. Ядро шекарасында бойлық сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы 13, 6 км/с-тан 8, 1 км/с-қа дейін кемиді, субядро шегіне тау 11, 2 км/с-қа дейін артады. Субядродағы сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тұрақты. Жердің физикалық қасиеттері мен температурасы тереңдеген сайын өзгереді. Жер қыртысының орташа тығыздығы 2, 8 т/м3, шөгінді қабатындағы орташа тығыздығы 2, 4 - 2, 5 т/м3, «граниттік» қабатта 2, 7 т/м3, «базальттық» қабатта 2, 9 т/м3, мантияда 3, 6 - 4, 5 т/м3, ядро шекарасында 5, 6 т/м3, ядрода 10, 0 т/м3, Жер центрінде 12, 5 т/м3. 2500 км-ге дейінгі тереңдікте ауырлық күші үдеуінің шамасы 10 м/с2-қа, ядро шекарасында 10, 7 м/с2-қа, Жер центрінде нөлге тең. Тығыздық пен ауырлық күші үдеуінің мәндері бойынша есептелген қабаттардың қысымы құрлықтық Жер қыртысы табанында 1 Гн/м2-ге, В қабаты табанында 14 Гн/м2-ге, С қабаты табанында 35 Гн/м2-ге, ядро шекарасында 136 Гн/м2-ге, Жер центрінде 361 Гн/м2-ге тең. Геосфераны құрайтын жыныстар үнемі қозғалыста болады және өзгеріп отырады, бұл процесс, әсіресе, сұйық және газды қабаттарда өте жақсы байқалады. Жер қойнауында және бетінде болатын барлық процестер эндогендік және экзогендік болып екіге бөлінеді. Экзогендік процестер бұзушы (үгілу, өзен және мұз эрозиясы, жел мен жер асты суларының әрекеті, т. б. ) және түзуші (құрлықтық ойыстардың, тау жыныстарының жаралуы) болып ажыратылады. Жер қыртысына әсер етуші эндогендік процестердің жиынтығы тектоникалық процестер, ал олар байқалған қабаттар тектоносфера деп аталады. Тектоникалық процестер магмалық әрекеттердің барлық түрлерімен тығыз байланысты. Құрлықтардағы экзогендік процестер Жер бетіндегі биіктіктер мен ойпаңдар бойынша анықталады. Ішкі және сыртқы процестердің өзара байланысы Жер бедерін қалыптастырады. Жер бедерін түзуші факторларға Жер бетіндегі ауырлық күшінен туатын гравитациялық процестер, Жер - Күн - Ай жүйесінің өзара тартылыс күштері де әсер етеді. Ішкі күштер Жер бедерінің басты элементтерін түзеді, ал сыртқы күштер оларды бұзып өзгертеді. Жер бетінің басым бөлігін (70, 8%-ын) дүниежүзілік мұхит құрайды (361, 1 млн. км2) . Жер және оның қойнауы өндірістің үш факторының бірі бола отырып, рента деп аталатын табыс әкеледі. Жер меңыздылығы табиғи ерекшеленеді : еркін ұдайы өндірілетін басқа екі факторларға қарағанда жер ұсынысы шектелген, оның саны берілген, тұрақты және көбейтуге келмейтін ерекшілік болып табылады. Сондықтан, жер ұсынысы икемсіз. [1]
Жер ұсынысыныңшектеулігі және икемсіздігі ауыл шаруашылығында баға құру ерекшелігін ескереді. Бұл негізгі жағдай барлық экономикалық мектептерде танылады, айырмашылық олардың концептуалдық тәсілдерімен ерекшеленеді.
Жер рентасы - жерден түсетін тұрақты табыс. Құрылу ерекшілігіне сәйкес жер рентасының екі түрін бар - абсолюттік және дифференциялдық. Екіншісі дифференциядық I және дифференциядық II рента деп ажыратылады. Дифференциялдық I рентаның пайда болуының негізгі себебі - жеке жер телімдерінің құнарлығы мен сол жердің нарыққа қатысты орналасу ерекшеліктері. Дифференциялдық рента II жерге жұмсалған қосымша қаржыға тура байланысты. Шаруашылықты қарқынды жүргізу нәтижесінде қосымша қаржыдан дифференциядық II рента туындайды. Ол сондай - ақ, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру кезіндегі қоғамдық және жеке баға айырмашылығынан да туындайды. Абсолюттік жер рентасы жерге деген жеке меншікке байланысты. Орташа пайдадан артық алынған қосымша құн абсолюттік рентаны алу көзі болып табылады. Ауыл шаруашылық айналымына кірмейтін жерден де жер рентасы алынады.
Жер рентасының маркстік тұжырымдамасына келетін болсақ, қоғамдағы барлық табыстың қайнар көзі қосымша өнім болып табылады дегеннен шығады. Сондықтан, жер рентасы пайда және процент сияқты қосымша құнның өзгертілген формасы болып табылады. Карл Маркс ілімі оның жүйелі дамуын өз дәуіріне сәйкес көрсете білді.
Дифференциялдық рента құнарлығы өте жақсы және орташа учаскеде алынған өнімнің бағасы мен нашар өндіріс жағдайымен анықталатын жалпы өндіріс бағасының арасындағы айырмашылық ретінде жақсы және орташа жер учаскесінде пайда болады. ( 3 ) Дифференциалды рентаның алғышарттары - бір жағынан монополия болса, екінші жағынан жердің сапалық өзгешеліктері, сондай-ақ тауарлы өндірістік қоғамдық қарым-қатынастар.
Дифференциалдық рента бірдей енбек жұмсап нашар жерді пайдаланумен салыстырғанда сондай мөлшердегі тәуір жерден қанша артық тиім ( пайда) алуға болатынын көрсетеді. Сондай-ақ ол жақсы жер жеткіліксіз болып, сапасы одан нашар жерді пайдаланганда немесе пайдаланатын жердің сапасы нашарлағанда қаншама зиян болатынын көрсетеді. Оны қарапайым мысалмен көрсетуге болады. Түсімі 40 ц\ га жалпы шығыны 20 мың теңге бидай өндірілетін жер ауылшаруашылығынан алынды делік. Қалған жерлердің өнімділігі 10 ц\га. Жоғалтқан өнімді алу үшін ондай жерлердің төртеуін игеру немесе қосымша шығын жұмсап жердің өнімділігін арттыру керек. Игерілетін жерге жұмсалатын жалпы шығын 30 мың теңге деп алайық. Сонда бидай өндіруге жұмсалатын шығын 10 мың теңгеге артады. Егер сапасы нашар жерлерді игермей, оның орнына сапасы бұрынғы жердей жерді тапқан болсақ, оның халқы шаруышылық тиімі 10 мың теңге болған болар еді. Яғни сапалы жердің құндылығы сапасыз жерден 10 мың теңгеге артық деген сөз. Жаңадан игеретін сапалы жердің экономикалық бағасы да 10 мың теңге. Былайша айтқанда, экономикалық бағалау негізгі дифференциальдық тиім болды. Мысалдан байқағанымыздай, халық шаруашылық зиян шамасы пайдаланудан шығарылған жерден алынатын өнім немесе таза табыс шамасы емес, дифференциалдық табысқа немесе нашар жер мен тәуір жерге жұмсалатын шығындардың айырмашылығына тең. Мұндай жағдайда жердің құндылығын шекті шығын мен дербес шығынның айырмашылығымен есептелген жер рентасымен анықтайды.
Жер мәңгілік өндіріс қажеті, оны дұрыс пайдаланғанда өнімділігі сырқылмайды. Жерден өнімді жылда алуға болады. Былайша айтқанда, жер шексіз жылма -жыл ренталылық табыс береді. Жер мәңгі пайдалынылатын болғандықтан, осы жылдардағы жалпы табысты білу үшін жылдық табыстарды қосу керек. Сонда ғана жердің нақты құндылығын анықтаймыз.
Қорытынды : Дифференциядық рента - бұл өндірістегі қоғамдық және жеке бағалар арасындығы айырмашылық. Ол жағдайы нашар учаскеде пайда болмайды.
Дифференциялдық рентаны анықтау әдістерін жоғарыда қарастырдық. Ал абсолюттік рента жерді қалпына келтіру құндылығымен, яғни жұмсалатын қоғамдық қажетті шығындармен анықтауға болады деп есептейміз.
Ауыл шаруашылығында жер тек қана өмір сүру, еңбек ету ортасы емес, ол қажетті өнім алудың тұрақты көзі. Топырақтың құнарлығы ұзақ жылдар бойы қалыптасқан табиғи процесс, қолдан жасалмайды. Бірақ экономикалық тұрғыдан жаңғыртуға, жақсартуға болады.
Топырақтың құнарлығын жаңғырту, қосымша еңбек жұмсауды қажет етеді. Бұл жағдайда қосымша еңбек жаңа өнім бермейді, тек өнімді алуға экономикалық жағдай туғызады. Сонымен, жердің құнарлығының қалпына келу мүмкіндігі оны жаңғырту шығындарын жұмсауды туғызады. Көп жағдайда қалпына келтіру деп - табиғат ресурсының, нақты заттың қайталануы емес, оның өнімділігін ұғынамыз. Қосымша еңбек жұмсау арқылы жердің өнімділігі - құндылылығы арттырылады. Сондықтан оның қосымша құндылығы оған жұмсалған еңбек арқылы көрініс табады. Бұл тұрғыдан нақты еңбектің болған - болмағаны шарт емес, потенциялды ( тіпті болашақ ) еңбектің экономикалық тиімділігі көзделеді.
Шартты мысалдармен жер ресурстарын бағалау әдістерін қарастырайық. Ауыл шаруашылығында сапасы әр түрлі категория жер бөлімшелері пайдаланылады дейік. Сапасы жақсы жердің бір өлшемінен 15 тенге рента алынады, орташа жерден - 10 тенге, нашар жердегі шығындар 20 тг\ ц шеткі шығын болып есептеледі. Олардан басқа тағы 4 - игерілмеген жер бөлімшесі бар делік. Оны әр түрлі шығын жасап барлық үш категорияға жеткізуге болады. Игеру шығындары “ Жақсы категориясынa ” жеткізу үшін 500 теңге\ га, “ орташаға ” - 200 теңге \га, “ нашарға ” - 50 теңге \га. Сонда барлық варианттар үшін шеткі шығын жаңа жер игеру 1 ц өнімге 30 теңге болады. Шеткі шығын артқанда жер рентасы көбейеді : жақсы жерде - 25, орташада - 20, нашарда - 10 . Осы категорияға сәйкес жаңа жер игеру шығындарыда 25, 25 және 10 яғни жерді игеру шығындармен бағаласақ та сондай сандар аламыз. Жерді шеткі шығын өскенге дейінгі рентамен және жерді нашар категорияға жеткізіп игеру шығындармен бағаласақ та сондай сандарды аламыз
Келтірген мысал әр түрлі әдістермен жерді бағалап бірдей нәтиже алу мүмкіндігін көрсетеді. Мұндай тек игерілетін жаңа жердің сомасын кез келген категория дәрежесіне жеткізуге болатындығын дәлелдеу керек. Әрине категория жақсарған сайын жұмсалатын шығындар да өсе түседі.
Абсолюттік рента. Карл Маркс ілімі бойынша бұл жерге жеке меншік негізінде барлығында бар, жер учаскелері жағдайымен ерекшеленбейтін рента. Ол ауыл шаруашылық өнімнің құны және оның өндіріс бағасы арасындағы айырмашылықтан көрінеді : біріншісі соңғысынан жоғары. Маркстің айтуы бойынша, ауыл шаруашылық өнімі құнының төмендеуіне жерге жеке меншіктен туындайтын экономикалық шектеулер кедергі етеді. Осыдан қорытынды - жерді мемлекет мүлкіне айналдыру керек.
Егер жердің иесі жерді жалға берсе, онда жалға алушы оған жалдық рента төлейді, оның ішінде жер рентасы плюс жердегі бар құрылыстарды қолданғаны үшін төлем бар. Жалға алушы шаруашылыққа салған капиталдан орташа пайда алады. Қосымша құн мен орта пайда айырмасы абсолюттік жер рентасының құрайды. Жер рентасының маркстік концепциясы қысқаша осындай.
П. Самуэльсон жер рентасының мөлшері « соңғы әдіспен » анықталады, яғни жасалған өнімнің жалпы мөлшерінен жалақының жалпы мөлшерін алып тастағанға тең деп қорытынды жасайды. Жеке меншік құқығы бойынша рента жердің иесіне ( фермерге ) тиеді.
Енді, егер жер фермерге жатпайды, оны ол тек жалға алады деп ұйғарып, рентаның мөлшерін анықтайық :
Неоклассиктер мынандай принциптен шығады, әрбір фактордың бағасы - жалақы, процент немесе рента болса, сұраныс пен ұсыныс теңесетін деңгейде қалыптасуы керек. Жер ұсынысының икемсіз екені белгілі. Сондықтан жер ұсынысы қисығы SQ 1, тіке сызықты көрсетеді. ДД - жерге сұраныс қисығы, Е нүктесі - жер учаскесінің сұранысы мен ұсынысын теңестіретін жер ренасының деңгейі.
Егер арендалық төлем ( рента ) деңгейі өссе ( Е нүктесінен жоғары ), онда жерге ұсыныс сұраныстан асып кетеді, жер иелеріне жерді жалға беруде қиындық туады, сондықтан, жалға алушылардың төлейтін арендалық төлемдерін төмендетеді.
Егер арендалық ставканың деңгейі төмендесе ( Е нүктесінен төмен ), онда жерге сұраныс ұсыныстан асып кетеді. Бұл жағдайда жердің меншік иелері жалдамалық төлемді (рентены) жоғарылатады.
Яғни, тек Е нүктесінде жерге сұраныс пен ұсыныс тепе - теңдігі байқалады.
Неоклассиктерді құн және рентаның кімнің еңбегімен құрылғаны емес, оның қалыптасқан деңгейі неге байланысты өзгеретіні қызықтырады.
Осы сұрақты зеріттеудің нәтижесі екі қорытындыға әкеледі.
- Рентаның деңгейі ұсыныстың икемсіздігінен сұранысқа тікелей байланыста тұр.
- Рентаның деңгейі соңғы өнімге сұранысқа байланысты. Мысалы, егер бидайға сұраныс және баға төмендесе, онда бидай өсірілген жерде жерге сұраныс азаяды, яғни жалдамалықкөлемнің ставкасы төмендейді. Керсінше жағдайда болуы да мүмкін.
Рыноктық экономикада жер сатып алу - сату нысаны болып табылады және бағасы бағасы бар. Жер иесі оны, егер банкке салғанда жылдық рентаға тең, жылдық процнент әкелетін сомаға ( бағаға) сатуға ұмтылады.
Сондықтан жердің бағасы екі өлшемге байланысты:
- жердің меншік иесі болғанда алатын жер рентасының көлемі;
- қарыз процентінің ставкасы.
Бұл байланысты формуламен көрсетуге бола
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz