Бұзылған жер учаскелерінің рекультивациясын жобалауды жүзеге асырудың жалпы ережелері


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
1 Бұзылған жер учаскелерінің рекультивациясын
жобалауды жүзеге асырудың жалпы ережелері
1. 2 Жобалау үшін дайындық жұмыстары
1. 3 Топырақтың құнарлы қабатын алу
1. 4 Үйінділерді рәсімдеу талаптары
2 Жерді қалпына келтірудің техникалық кезеңі
3 Жерлерді қалпына келтірудің биологиялық кезеңі
4 Сызбалар құрамы
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Жер әр түрлі ауыл шаруашылық емес мақсаттарда пайдаланылғанда оның ең құнды құнарлы қабатының бұзылуы мүмкін. Бұзылған жер - адамның өндірістік іс-әрекеті салдарынан шаруашылық құндылығын жоғалтқан немесе топырақ қабаты мен өсімдік жамылғысының бұзылуына байланысты қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін жер учаскелері. Жер Кодексінің 65 бабында жер пайдаланушылар мен жер учаскесінің меншік иелері жерді су және жел эрозиясынан, ауыл шаруашылық жерлерін зиянкестерден қорғауды, жердің бұзылуына байланысты жұмыстар жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын алуды және пайдалануды жүзеге асырады делінген. Осымен қатар 140 бап бойынша бұзылған жерді рекультивациялауға тиісті.
Рекультивация - бұзылған жерлердің биологиялық өнімділігі мен шаруашылық құндылығын бұрынғы қалпына келтіруге бағытталған инженерлік-техникалық, мелиоративтік, агротехникалық шаралардың кешені. Рекультивация объектілеріне: карьерлер, олардың үйінділері және т. б. жерлер жатады. Жерді қалпына келтіру жөніндегі жобада келесідей мәселелер қарастырылады: топырақтың құнарлы қабаты, алынатын учаскенің ауданы есептеліп, біріншісінің қалыңдығы сыдырып алынатын құнарлы қабаттың көлемі анықталады, уақытша үйінділерді қоятын орын алынған ТҚҚ пайдалану бағыттары белгіленеді.
Жалпы жерді қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар екі кезеңде жүргізіледі: 1) техникалық, 2) биологиялық. Біріншісінің мақсаты жер бетінің кеңістік қасиеттерін қалпына келтіріп биологиялық рекультивацияға осы жағынан жағдай жасау. Бұл кезең жерді тегістеуді, керекті жағдайда химиялық мелиорацияны жүргізуді жол, гидротехникалық және басқа инфроқұрылымдарды қалыптастыруды қамтиды. Ал екіншісі міндетті жердің құнарлығын және өзгерген жер учаскелерін қалпына келтіру, ол үшін эр түрлі агротехникалық, фитомелиорациялық шаралар қолданылды. Бұл іс- әрекеттердің мақсаты сол жердің флора мен фаунасын, жалпы шаруашылық құндылығын қалпына келтіру. Қалпына келтірілген жерлерді қолданудың негізгі бағыттары:
- ауыл шаруашылығында, егер қайта қалпына келтірілген жерлер ауыл шаруашылық алаптары болса;
- орман шаруашылығы, егер орман екпелері болса;
- балық шаруашылығы, егер балық өсіру су айналым құрылысы болса;
- су шаруашылығы, әр түрлі мақсаттағы төменгі рельефте су қоймалары құрылысы;
- рекреациялық, егер бұзылған жерлерде демалыс зоналарының құрылысы;
- санитарлық-гигиеналық, егер қоршаған ортаға зиян келтірілген, халық шаруашылығына қолдануға тиімсіз бұзылған жердің биологиялық және техникалық консервациясы қарастырылса;
- құрылыстық, егер бұзылған жерлерді өндірістік және азаматтық құрылыстар салуға ыңғайландыру.
1 Бұзылған жер учаскелерінің рекультивациясын жобалауды жүзеге асырудың жалпы ережелері
Бұзылған жерлер болып адамның өндірістік іс-әрекеті салдарынан өзінің шаруашылық құндылығын жоғалтып, техногендік рельефтің пайда болуы, топырақ және өсімдік қабатының, гидрологиялық режимнің өзгеруімен байланысты қоршаған ортаға зиян келтіретін барлық жер санаттары саналады. Олар, көбінесе, шекаралас территорияның топырақ, су, ауаның ластану көзі болып, халықтың гигиеналық өмір шарттарын, ландшафттың жалпы түрін нашарлатады (карьер және т. с. с. ) . Автожолдарды салу, ғимараттар тұрғызу үлкен бұзушылықтарды алып келеді. Оларды халық шаруашылығы аймағында қолдану мен қоршаған ортаға зиян келтіруін жою мақсатымен бұзылған жерлердің рекультивациясы бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Жерлердің рекультивациясы - бұзылған жерлердің биологиялық өнімділігі мен халық шаруашылық құндылығын қалпына келтіруге, сондай-ақ қоршаған орта шарттарын жақсартуға бағытталған инженерлі-техникалық, мелиоративті, агротехникалық, гидротехникалық және басқа да шаралар жиынтығы.
Бұзылған жерлердің рекультвациясы жобасы, әдетте, 1 сатыда - жұмыстық жоба, ал одан үлкендеу және күрделі объектілерге 2 кезеңде - жоба және жұмыстық құжат түрінде жүргізіледі.
Бұл жағдайда, жобалау құрылыс салудың технико-экономикалық негізделу (ТЭН) немесе техникалық-экономикалық есептерде (ТЭЕ) бекітілген шешімдер негізінде жүзеге асырылады. Мұндағы ТЭН және ТЭЕ-де бекітілген, мердігерлік кәсіпорынмен келісілген құрылыс есептік құн жобалау мен құрылыс салуда сол бағадан аспау керек.
Жер шаруашылығы мен мал шаруашылығы дамыған бұзылған жерлер территорисындағы жерлердің рекультивациясы ауыл шаруашылығында қолдану үшін жүргізілуі керек. Қала маңында немесе елді-мекен пункттеріндегі бұзылған жерлерде жасыл желек өсіру, демалу зоналарын, түрлі объектілерді салу үшін дайындалады.
Рекультивациялық жұмыстардың технологиясы мен механизациясы белгілі бір шарттарға, рекультивация бағытына келісіліп таңдалады. Тапсырмада рекультивация жүргізу шарттары мен ерекше жағдайлары жазылуы керек.
Қалпына келтірілген жерлерді қолданудың негізгі бағыттары:
- ауыл шарушылық, егер қайта қалпына келтірілген жерлерде ауыл шаруашылық алаптары (егістік, бау-бақша, шабындық, жайылым) құрылса;
- орман шаруашылығы, егер қайта келтірілген жерлерде түрлі орман екпелері құрылса (топырақ қорғау, ландшафтты-декоративті, өндірістік) ;
- балық шаруашылығы, төмен учаскелерде балық өсіру су аймағы құрылса;
- су шаруашылығы, әртүрлі мақсаттағы төмен рельефте су қоймалары құрылса;
- рекреациялық, бұзылған жерлерде демалу зоналары құрылса;
- санитарлы-гигиеналық, қоршаған ортаға зиян келтіретін, рекультивациясы халық шаруашылығына қолдануға тиімсіз бұзылған жерлердің биологиялық және техникалық консервациясы қарастырылса;
- құрылыстық, бұзылған жерлерді өндірістік және азаматтық құрылыстар салуға ыңғайландыру.
Жерлерді қолдану бағытына байланысты олардың рекультивациясына байланысты әртүрлі талаптар қойылады.
Бұзылған жерлерді қалпына келтіру мен игеру қошаған ортаға зиян келтіруді жою, елді-мекеннің санитарлы-гигиеналық өмір жағдайын жақсарту, ландшафттың эстетикалық құндылықтарын көтеруге бағытталуы керек.
Жерлерді рекультивациялау бұзылған жерлердің қоршаған орта компоненттеріне: атмосфераға, беттік және грунттық суларға, грунттар мен топыраққа, өсімдік пен жануарлар дүниесіне әсерін төмендетіп, адам денсаулығына жақсы әсер етіп, экологиялық зиянды жоюға ықпал етеді.
1. 2 Жобалау үшін дайындық жұмыстары
Дайындық жұмыстар процесінде жобаны жасау үшін қажетті топырақ пен топырақ-мелиоративтік зерттеу материалдары, инвентаризация және бұзылған жерлер рекультивация схемасы, жоспарлы-картографиялық негіздермен басқа да мәліметтерді таңдап, зерттеу жүргізіледі.
Жер учаскелерін таңдау процесінде:
- объектінің орналасуы натурада бұзылған жерлердің фактілік шекарасыны жер берушілік құжаттарға сәйкестігі, рекультивациялық жерлердің шекаралас жерлерінің пайдалануы, мінездемесі қарастырылады;
- топырақ-мелиоративтік іздеу мәліметтері негізінде топырақтың құнарлы қабатының, потенциалды-құнарлы жыныстар мен аралас жыныстарының сапасы, олардың бұзылған жерлер территориясында таралуы, жыныстарда токсиндік тұздардың бар болуы және химиялық мелиорацияның қажеттілігі, сонымен қатар токсиндік және қолдануға келмейтін жыныстарды, потенциалды-құнарлы немесе басқа да капиллярлы тоқтату материалдарынан тұратын экранмен жабылу мүмкіндігі анықталады;
- рекультивация бағыты анықталады. Бөлек жұмыстар түрін атқару үшін мердігер кәсіпорындарды тарту қажеттілігі қарастырылады;
- рекультивацияның жұмыстық жобасын құру үшін топографиялық және топогафиялық-іздестіру жұмыстарының қажеттілігі мен көлемі анықталады;
- рекультивациялық аудандарды қолдану туралы қызыққан жер иеленушілер тілектері қарастырылады.
Жер учаскелерін таңдауы арнаулы комиссиялар арқылы жүзеге асырылады. Жер учаскесін таңдау нәтижелері актпен рәсімделеді (қосымша Б) . Актіге жер учаскесін таңдау сызбасы мен бұзылған жерлер сипаттамасы қосылады.
Жер учаскесін таңдау сызбасында көрсетіледі:
- жер берушілік құжаттарға сәйкес қолдануға берілген жерлер шекарасы;
- таулық шекарасынн бөлу;
- фактілі бұзылған жерлер шекарасы;
- топырақтың, жыныстар мен олардың қоспалары, рельеф, ылғалдылық және басқа да шарттар бойынша бірдей қасиеттерге ие учаскелер номірі мен шекарасы;
- рекультивацияға жататын жұмыс атқарылған территориялар мен жерлер шекарасы;
Зерттелген материалдар мен жер учаскелерін таңдау материалдары негізінде жобалық кәсіпорын мамандары қатысуымен жобалауға тапсырма құрылады.
Рекультивациялық жобалардың зерттеулері бұзылған және оларға қатысты жақсы сапалы жерлердің топографиялық негізі мен топографиялық-мелиоративті материалдар, т. б зерттеулерін алу үшін жүргізіледі.
Жобалық шешімнің негізделуі үшін келесі техникалық зерттеулер жүргізіледі:
- топографиялық іздестірулер;
- дөнестің бетін жауып тұратын топырақ пен жыныстардың құнарлы қабатының толық мінездемесін алу мақсатында, сондай-ақ бұзылмаған жерлерден топырақтың құнарлы қабатын алу тәртібі мен қуатын анықтау мақсатында топырақ-мелиоративті және топырақ-грунтты іздестірулер;
- рекультивацияланған аудандарда әртүрлі мақсатты орман жолақтарын тұрғызу үшін агромелиоративті іздестірулер;
- грунттық сулар режимі мен беттік жыныстарды алу мақсатында геологиялық және гидрогеологиялық іздестірулер;
Топографиялық жұмыстар объектінің күрделілігіне байланысты 1:1000-1:5000 масштабында, рельефтің қимасы (жер бедері) 0, 5 м-де жүргізіледі. Одан күрделірек объектілерге 1:500 масштабында жүргізіледі.
Топографиялық жұмыстар топографиялық түсіру бойынша қолданылып жүрген инструкцияларға, әдістемелерге, нұсқамаларға сәйкестендіріліп жүргізіледі.
Топырақ іздестірулер топырақ-грунттық жағдайлардың күрделілігіне байланысты арнайы әдістемелік құралдармен сәйкестендіріліп жүргізіледі.
Топырақ іздестірулер нәтижелері негізінде құрылады:
- бұзылған жерлердің топырақ-мелиоративтік және топырақ-грунттық карта;
- топырақтың құнарлы қабатын алу картограммасы, алынатын және сыйымды жыныстарды қолдану,
- токсинді жыныстардың картограммасы және олардың өсімдіктерге кері әсерін жою жайлы кенестер;
- зерттелетін объектінің топырақ-грунттарының сапасы жайлы қорытынды, минералды тыңайтқыштарды (мөлшері, атауы) және мелиорациялық кезеңде өңдеуге жарайтын, бұта тұқымдас шөптер және шөптер қосындысының тізімін қолдану түсіндірме қағазда беріледі.
іздестірулер ауыл шаруашылығы дамыған жерлерде көгалдандыру және қорғаныс қызметін атқару өсіру және жобалау бойынша инструкцияларға сәйкес орындалады.
Гидрогеологиялық іздестірулер бастапқы берілгендері жетіспейтін мәліметтерді толықтыру мақсатында жасалған бағдарлама бойынша топырақ-грунттық комплексте орындалады.
Жобалық және іздестіру жұмыстары жобаларға тапсырыс берушілер, ұйымдастырушылармен келісімшарт негізінде орындалады. Жобаларға тапсырыс беруші ережелерге сәйкес келісім-шарт жасасады, жобалауға арнайы тапсырма және қажетті бастапқы берілгендерді ұсынады, жобалық және іздестіру жұмыстардың орындалу жолына бақылау жүргізеді, жобалық сметалы құжаттарды қабылдайды және оларды арнайы тәртіп бойынша бекітуге ұсынады.
Жоба, рекультивацияның бағытына тәуелсіз ұйымдастырылады: жерге орналастырушылық және санитарлы - эпидемиологиялық қызметтермен, су ресурстары бойынша облыстық комитетпен және су шаруашылықтық бірлестіктермен, Қазақстандық балық шаруашылығының мемлекеттік кооперациялық бірлестігімен немесе олардың облыстағы кәсіпорындарымен (балық комбинаттар, балық зауыттар), рекультивация жүргізілген жерлер берілетін жер иеленушіден, табиғи ресурстар мен экология Министрлігі органдарымен.
Келісім жобалық ұйымның қатысуымен жобаға тапсырыс берушімен орындалады. Қабылданған шешімдер және ескертулер жайлы тапсырыс беруші екі апта ішінде орындаушыларға жеткізуі тиіс.
1. 3 Топырақтың құнарлы қабатын алу
Топырақ жамылғысының бұзылуымен байланысты жұмыстарды жүргізетін кәсіпорындар, ұйымдар рекультивацияланатын жерлерде топырақтын қабатын жабуға, сақтауға және алып тастауға тиісті, ал жақсы экономикалық жағдайда, аз өнімді танаптарда да бұл жұмыстарды жүргізу қажет.
Сонымен қоса аз өнімді танаптардын бір гектарына топырақтын құнарлы қабатын жабумен байланысты шығындар Қазақстан Республикасы Министірліктерімен бекітілген жаңа жерлердің бір гектарын игеруге кеткен баға нормативтерінен аспауы қажет.
Кәсіпорынның тәртібіне сәйкес ұйым немесе кәсіпкерлік аз өнімді танапта топырақта алынған құнарлы қабатын қалпына келтіруге тиісті, онда ауыл шаруашылығы өндірісі шығындарынын орны толтырылмайды (мұнда көрсетілген жұмыстар жүргізілетін аз өнімді танаптың ауданы есепке алынады) .
Топырақтын құнарлы қабатын және потенциалды-құнарлы жынысты алу қуаттылығын анықтағанда жетекшілікке ГОСТ 17. 5. 3. 06-85 «Жер жұмыстарын жүргізген кезде топырақтын құнарлы қабатын алу нормаларын анықтауға талаптар», ГОСТ 17. 5. 1. 03-85 «Жерлердің биологиялық рекультивация үшін алынатын және сыйымды жыныстардың классификациясы».
Топырақтың құнарлы қабатын алу бойынша жұмыстар жылдың жылы мезгілінде жүргізіледі, ал ауыл шаруашылығы өндірісі бар учаскелерде егін жинау кезінен кейін жүргізіледі. Топырақтың құнарлы қабатын алудың алдында дайындық жұмыстарды атқару қажет (тастардан және бұталардан тазалау және т. б. )
Топырақтың құнарлы қабатын алу келесі тәртіппен жүргізіледі:
Жұмысты бастамас бұрын мына тапсырмаларды орындау қажет:
1. ГОСТ 17. 5. 3. 06-85 «Жер жұмыстарын жүргізген кезде топырақтын құнарлы қабатын алу нормаларын анықтауға талаптар» бойынша топырақтын алынатын құнарлы қабатының қуатын анықтау.
2. ГОСТ 17. 5. 3. 06-85 «Жер жұмыстарын жүргізген кезде топырақтын құнарлы қабатын алу нормаларын анықтауға талаптар» бойынша берілген қуаттылық пен анықталған қуаттылықты салыстыру. Егер, мысалға, ГОСТ 17. 5. 3. 06-85 бойынша қуаттылық 40 см, ал тапсырма бойынша берілген қуаттылық 85 см құраса, онда алдағы есептеулерде 40 см қуаттылықты қарастыру қажет.
3. ГОСТ 17. 5. 3. 06-85 талаптарына сәйкес төменгі топырақ қабаттарында гумустың проценттік құрамына талдау жасау. Егер қарастырылатын топырақ қабатында гумустың проценттік құрамы шекті жіберілген нормадан төмен болса, мысалы 2% орнына 1, 5% болса, интерполяциялау жолымен нормативті 2% бар қуаттылықты анықтау қажет.
4. Топырақтан алынатын құнарлы қабаттың көлемі мен мөлшерін анықтау.
Алдымен берілген топырақтын жалпы құнарлығынан 30% бар алынатын жоғарғы қабаттың қуаттылығын анықтау қажет.
- берілген топырақтын құрамындағы гумустың максималды мөлшерінің қанша проценті 30% құрайды;
- қалған қабаттағы гумустың максималды процентті мөлшерін анықтау;
- (1) формуласы бойынша топырақтың жоғарғы құнарлы қабатының қуатылығы (h) анықталады.
h 1 =(H/(Г 1 -Г 2 ) ) (Г 1 -Г 3 ) (1)
h 1 =0. 3/(1. 93-1. 04) *(1. 93-1. 35) =0. 2
мұндағы H - топырақтын гумустық қабатының қуатылығы, м
Г 1 - жоғарғы қабаттағы гумус мөлшері, %
Г 2 - төменгі қабаттағы гумус мөлшері, %
Г 3 - алынатын қабаттағы гумус мөлшері, %
Топырақтын алынатын құнарлы қабатының қалған қуатылығы (h 2 ) (2) формуласы бойынша анықталады
(2)
Топырақтың құнарлы қабатын селективті алу 0, 10м-ден жоғары қабатта жүргізілмейтінін атап өткен жөн. Ол потенциалды құнарлы жыныстармен бірге алынады.
ГОСТ 17. 5. 3. 06-85 «Жер жұмыстарын жүргізген кезде топырақтын құнарлы қабатын алу нормаларын анықтауға талаптар» қолданып топырақтың құнарлы қабатын алудың көлемі анықталады.
(3)
(3. 1)
(3. 2)
=0. 2*5188=1037. 6
=0. 1*5188=518. 8
=1037. 6+518. 8=1556. 4
Рекультивация үшін топырақ қабатының жетіспеушілігі кезінде жобаланған жұмыстарды орындау үшін жеткілікті болатын потенциалды - құнарлы жыныстарды селективті өңдеу қарастырылады. Алынатын жыныстардың рекультивацияға жарамдылығы олардың физикалық-химиялық және агрохимиялық қасиеттерін зерттеу негізінде орнатылады. Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы үшін жыныстарды белгілі-бір жарамдылық категориясына жатқызу үшін негіз болып, ГОСТ 17. 5. 1. 03-85 «Жерлердің биологиялық рекультивация үшін алынатын және сыйымды жыныстардың классификациясы» бойынша анықталған физикалық-химиялық қасиеттер комплексі қызмет етеді.
1. 4 Үйінділерді рәсімдеу талаптары
Топырақтың құнарлы қабатын жедел қолдану үшін қажетті жағдайлардың жоқтығы кезінде кен орындарының қазіргі заманға сай және болашақты орналасу жағдайымен салыстырғанда ыңғайлы орналасқан құрғақ, тегіс және төбелі жерлерде, пайдалы қазбалар қоры жоқ, аз өнімді ауыл шаруашылығы жерлерінде жүргізіледі.
Шашылған, ұсақ үйінділердің құрылуы жүргізілмейді. Ірі ауданды формалы үйінділерді рәсімдеу ұсынылады. Сақтау кезінде үйінді биіктігі 4-10м аралығында болуы қажет. Топырақтың құнарлы қабатын сақтау кезеңі 10 жылдан аспауы қажет.
Топырақты үюге берілген жерлер жер асты және жер үсті суларымен су басуға шалдықпауы керек. Сыртқы үйінділердің етегінде атмосфералық жауын-шашындардың немесе көктемгі сулардың өтуін және эрозия өнімдерін ұстап қалу үшін су өтетін бұлақтарды орналастыру қажет.
Үлкен су жинау ауданы бар тау етегінде орналасқан үйінділер жер үсті суларының ағымынан тау бұлақтарын құру негізінде қорғалады. Үйінді мен тау бұлағының арасы 5м-ден кем болмауы қажет. Үйінді мен бұлақ арасындағы жазықтық 2-4 0 ылдилықпен жобаланады. Тау бұлағының бойлық ылдилығы 0, 5 0 (3 0 дейін) аз болмауы қажет, бұлақтарға су жіберу үшін 50-100 м сайын су айрықтары орналастырылады. Егер грунттар жеңіл шайылатын болып келсе, онда бұлақ пен оның салаларының түбіне шөптер егу негізінде бекітіледі.
Үйіндінің үстіңгі қабаты 1 0 аспайтын ылдилықпен жобаланады және көпжылдық екпелер егіледі. Бұл әдіс үйіндінің үстіңгі қабатын су және жел эрозиясынан қорғап, құнарлылықты сақтайды.
Сызықтық құрылыстарды тұрғызуда топырақтың құнарлы қабатын уақытша үю кезінде сақталып бір жыл ішінде сол жерде қолданылуы қажет. Мұндай жағдайда оның сапасы шамалы ғана өзгереді, тынайтқыштардың және шөптерді егудің мөлшерін көбейту қарастырылмайды.
Машиналардың дұрыс жүріп өтуін қамтамассыз ету үшін үйінділерге қарай жолдардың құрылысын жүргізу қажет. Жолдардың ылдилығы 10 0 көп болмауы керек.
Үйінділердегі рекультивацияның бағытына байланысты олардың үстіңгі қабатын жалпы немесе бөлшектеп тегістеуді жүргізеді. Жалпы тегістеу үйінділерде ауыл шаруашылық танаптарын құрған кезде орындалады. Бөлшектеп тегістеу үйіндінің үстіңгі қабатын көгалдандыруға, демалыс орындарын тұрғызған кезде және т. б. жағдайда орындалады. Терассалардың құрылысында беттің ылдилығын ескере отырып 1-1, 5 0 немесе алаң ені 8-10 метр, құлама өз-ара байланысқан, 30 0 -ке дейін салынған.
Учаскелер, бұзылған жерлердің түріне қарамастан ауылшаруашылық алқаптарға дайындалған, тұйықталған түсірімдерден тұрмауы қажет.
Бір еңіс немесе екі еңіс бет қалыпты келтірімді 1-2 0 еңіспен. Кейбір жағдайларда төмендетілген учаскелерде су жинағыштар жобалануы мүмкін (зумпф) шаруашылыққа суды қолдануы.
Учаскелер, жобаланған ылдилықты ескере отырып 2 0 -4 0 , арнайы қарсы аэрозольді агротехникалық шаралар үшін ауылшаруашылық егістерді егуге қолданылады. 4 0 -6 0 ылдилықта учаскелер батпақтануға беріледі.
6 0 -10 0 ылдилықта учаскелер орман (бұта) немесе шөп егу отырғызымдылық үшін дайындалады. 10 0 -20 0 ылдилықта карьер жағалауында, құламада қарсы аэрозольді шаралар қарастырылған.
20 0 -40 0 ірі ылдилықта бел және суағымды құрылыстар қарастырылады, шым салулары, битуммен шашырату, шайырмен және террсалау.
Терассалар ені 4-тен 10 метрге дейін болуы тиіс. 1, 5-2 0 қима ылдилығы террасалар эрозияға шалдықпас үшін шет террасалар жағында террасалар арасында максималды белгілер әртүрлілігі ескі ағаштардың келуі бекітіледі (5м) .
2 Жерді қалпына келтірудің техникалық кезеңі
Жерді қалпына келтіру екі кезең арқылы жүзеге асады: біріншіден - техникалық жерді қалпына келтіру, екіншіден - биологиялық қалпына келтіру.
Бірінші кезең - таулы техникалық (техникалық) - жерлерді дайындауды қарастырады ақпаратта нысаналы пайдалану ауылшаруашылықта және келесі жұмыстарды орындаудан тұрады: бетонды, темір және темірбетонды құрылыс, блоктар, түйіндер машині және басқа да заттар, ағаштар бұталарының қабығы оларды құламаға сиыру, жағу (егер де, бұзылған жерлер өз дамуы болған кезде сонда оларды жақсарту шешіледі), тегістеу және шұңқырлардың, басқа жер учаскелер бетін жобалау, қалпына келтіруге жататындар, құламаларды жобалау және құру, карьер жағалауы және шұңқырлар еңісін жасау және терассалау, экрандалған қабат құрылымы олар зиянды тау жыныстардың оңашалауы немесе әктің қосылып бөлінуі немесе басқа мелиоранттар, дренаж құрылысы, қарсы аэрозольді, мелиоративті және басқа да құрылыстар, жолдар, шешілуі, транспортирлау және құнарлы тау жыныстардың және құнарлы топырақ қабатының жақсартылған жерлерге әкелінуі, себуінен кейінгі тегістеу және дұрыс жобалау және де басқа жұмыстарды орындау.
Белгілі шынайы қалып бедерінің қалыптасуы үлкен аудандарда тік жобалау жете зертеледі. Тік жобалауды өңдеуде негізі болып 1:500 - 1:5000 масштабтағы бұзылған жерлер учаскесінің топографиялық планы болады келеді.
Тік жобалау берілген ылдилықпен бедердің өзгеруін қарастырады, планда жобалық горизонтальдар болып келеді. «Нөлдік» баланспен тік жобалау экономды, яғни қазынды грунтының қосынды көлемі үйінді қосынды көлеміне тең болғанда. Тік жобалаудың нұсқасы болып келетін картограммалар - учаскелер жобасына тор квадратты салынуы. Тік жобалауда квадраттар жан-жағынан 20 метр болуы қанағаттандырылған қателік. Бедер күрделілігіне қарай бұл өлшемдер 10, 30, 40 немесе 50 метр. Әр квадрат төбесінен қара теріледі, қызыл және жұмыс белгілер (қосу таңбасымен үйінді үшін, алу таңбасымен қазынды үшін), квадраттар ортасында - жер жұмыстарының көлемі. Нөлдік сызық жұмыстары әдетте пунктирлі сызықпен көрсетіледі, қазынды учаскелері - үздікпен. Жер жұмыстар көлемі әр тор квадраты үшін есептелінеді және жер жұмыстар картограммасын құрайды, тік жобалау жобасына қосымша. Жергілікті жерде тік жобалау жүзеге асырылғанда картограммалар қолданылады.
Толық емес квадраттар ауданын есептеу кезінде графикалық, плниметр немесе палетка көмегімен. Жер жұмыстар көлемі тура анықтайды немесе арнайы номограммалар көмегімен. Көлем үйінді де, қазынды да үшін бөлек есептелінеді.
Көлемдер есебі үшін профильдер көмегімен соңында қарамен көрсетілуі тиіс, қызыл және жұмыс белгілер, арақашықтығы, нөлдік нүктелер. Үйінді немесе қазынды көлемі (V) екі көрші профильдерде, жеңілдетілген қима
пирамида (3) формуламен есептелінеді, ал биіктік - профильдер арасындағы арақашықтық.
h=12 (4)
h=9 (5)
h=9 (6)
мұндағы, Н - пирамида биіктігі;
S 1 , S 2 -пирамида негізі ауданы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz