Ел экономикасындағы мемлекеттің рөлі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы:- « Ел экономикасындағы мемлекеттің рөлі»-деп аталады. Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп болған мәселе, оның бүгінгі қоғамдағы экономикамыздағы ең өзекті мәселелерінің болуында. Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан нарықтық экономмканы реттеу зор роль атқарады. Халық шаруашылығын экономикалық кан тамыры іспетті, осы нарықтық байланыстар аркылы өндірістің «қан айналымы» жүзеге асады. Оның өміршеңді өндірістің табиғатына, экономикалық әлуметтік жағдайына байланысты, дегенмен нарықтың біраз дербестілігі болады, сондықтанда олар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.

Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориллық айтыстар толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде "нарық" деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Нарық сауалға бірден жауап берудін өзіндік қиындығы жеткілікті. Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта қүру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым экономикасының арасында нарық түралы бірыңғай пікір жоқ, Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік. Сондықтан нарық үдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты түтқасы. Экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің қүрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған

жөн. Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А. Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда. Капиталистік қоғамның дамуы деалектикасының өзі нарықтық әкономиканы ұйымдастыруға әкелетіні аян. "Айырбастау"-дейді. В. И. Ленин 7 -"адамдарды нарық арқылы біріктіреді". Нарықтық экономика-ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Сонымен бірге, нарық стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөлінеді. Стихиялы нарық -капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болады. Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу әкономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып отыр. Нарықтың маңызды әлементтеріне нарықтық инфрақүрлым жатады. Нарық тауар биржаларының, көтерме және бөлшек сауда қүрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішіен ең ұнамсыз болса да әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін вариянты таңдап алынады.

1. ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РӨЛІ

1. 1. Мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілірі

Мемлекеттік басқарудың объектісі мен субъектісі жөніндегі мәселе мемлекеттік басқару теориясының негізгі әдістемелік мәселелерінің бірі болып табылады. Оны шешу- мемлекеттік басқарудағы субъект пен объект қатынастарын түсінуге және объектінің демократиялық сипатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл мәселеде ешқандай проблема жоқ тәрізді: басқару субъектісі - мемлекет, ал объектісі - қоғам. Бірақ бұлай қорытынды жасау асығыстық. Осы жерде мемлекет деген түсінікті анықтап алу қажет (өйткені мемлекет ұғымына әртүрлі анықтама беруге болады) : субъект ретінде біз мемлекетті немесе адамдардың саяси одағын қарастырамыз ба, әлде саяси-құқықтық институт ретіндегі мемлекетті қарастырамыз ба деген орынды сұрақ туындайды. Соңғысын, яғни саяси-құқықтық институт ретіндегі мемлекетті біз басқару субъектісі ретінде қарастырамыз.

Жалпы, “кім басқаруға тиіс” деген сұрақ ежелден келе жатыр. Бұл сұрақты ертедегі грек философы Платон қойған. Демократияны жақтаушылар халық басқаруға тиіс деп санаса, элитарлық демократияның өкілдері басқару міндетін жүзеге асыру үшін арнайы дайындықтан өткен элитаны басқару субъектісі деп білді. Авторитарлық режимді қорғаушылар мемлекет пен қоғамды таңдаулы тұлғалар - көсемдер мен лидерлер басқару керек леп есептейді.

Мемлекеттік басқару теориясында субъект түсінігі біржақты емес. Сондықтан саясат субъектісі, мемлекеттік басқару субъектісі, лауазымды қызмет субъектісі түсініктерін ажыратып алу керек. Оларды ажырату шарттары мынадай: мемлекеттік билікке қатысына қарай және басқару функциясын жүзеге асыру сипатына қарай.

Саясат субъектісі деп мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып табылатын және тікелей немесе өкілдері (мемлекеттік биліктің заң шығарушы органдары және жергілікті өзін -өзі басқару органдары) арқылы өзінің билігін жүзеге асыра отырып, мемлекет пен қоғамды басқаруға қатысатын субъектіні айтамыз. Оған халық, оны құрайтын әлеуметтік топтар (халықтың көрнекті өкілдері, еңбек ұжымдары, қоғамдық-саяси ұйымдар және тағы басқа қоғамдық бірлестіктер) жатады. Олар тікелей немесе өз өкілдері арқылы маңызды саяси мәселелер бойынша шешім қабылдауға қатысады. Билік құрылымдарының өкілдерін сайлау және референдум - осындай шешім қабылдаудың негізгі процедуралары болып табылады.

Мемлекеттік басқару субъектісі - билікті жүзеге асыруға және қоғамдық процестер мен мемлекеттің жеке қызметін тікелей басқаруға конституциялық өкілеттігі бар мемлекеттік билік органдары. Билік күші мен заңда бейнеленген қоғамның еркіне сүйене отырып, олар әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік шешімдерді әзірлейді және қабылдайды, олардың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды. Қоғамдық-саяси ұйымдар мен бірлестіктер мемлекеттік басқару субъектісі құрамында бола отырып, мемлекеттік институттар жүзеге асыратын болжамдар мен шешімдер жобасын, саяси бағдарламаларды әзірлеуге қатысады. Көптеген негіздемелер бойынша бөлінетін саяси басшылық пен әкімшілік басқару институттары мемлекеттік басқару субъектілері болып табылады.

Мемлекеттік басқару субъектілері: 1) мемлекеттік билік түрі бойынша,

2) билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне қарай, 3) қызмет саласына қарай, 4) басқару объектісіне әсер ету сипаты мен мақсаты, 5) құрамына қарай бөлінеді.

Мемлекеттік билік түрі бойынша - бұл заң шығарушы, атқарушы және сот билігі субъектілері. Олардың әрқайсысы басқару жүйесінде белгілі бір функцияларды орындайды. Өкілетті органдардың заңдарды әзірлеуі мен қабылдауы мемлекеттік басқару жүйесіндегі негізгі функциялардың бірі. Заң мемлекеттік билік құралы және қоғамдық қызмет пен қоғам мүшелеренің арасындағы, олардың мемлекетпен өзара қарым-қатынастарын формальды реттеуші. Заңдардың әрекеттілігі оның орындалуында. Атқарушы билік субъектісі билік жүргізу функциясын басқарушылық іс-әрекетпен үйлестіреді. Мысалы:Үкімет заңдарды орындауға, сонымен қатар нақты, қоғамдық маңызды қызмет түрлерін жоспарлауға, шешімдерді жүзеге асыруға, олардың орындалуын ұйымдастыруға және бақылауға міндетті. Оның құрамына билік құрылымдарымен қатар шаруашылық қызметті, халыққа білім беруді, ғылымды, денсаулық сақтауды, мәдениетті және тағы басқа салаларға әкімшілік басқару мен саяси жетекшілік ететін органдар кіреді.

Сот билігі субъектісі басқару процесінің ажырамас элементі болып табылатын сотта іс жүргізу арқылы әділ сот функциясын жүзеге асырады.

Билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне қарай: орталық, аймақтық және жергілікті басқару органдары болып бөлінеді. Олардың өзара қарым-қатынастары қызмет саласы мен өкілеттігінің, яғни билік жүргізу мен басқару әрекеттерін жүзеге асыруға қатысты құқықтары мен қызметтеріне байланысты анықталады.

Қызмет саласына қарай - экономиканы, әлеуметтік саланы, мәдени өмірді, әскери қызметті, халықаралық істерді басқаруды жүзеге асыратын аталған үш деңгей субъектілері.

Басқару объектісіне әсер ету сипаты мен мақсаты, құралына қарай: саяси басшылық, әкімшілік-мемлекеттік, экономикалық және тағы басқа болып бөлінеді.

Құрамына қарай: ұжымдық (мысалы, заң шығарушы билік органы) және жеке (басқарушы тұлғалар) субъектілер болып бөлінеді.

Мемлекеттік басқару субъектілерінің қызметі бірнеше белгілермен сипатталады: а) заңмен реттеледі, ресми рұқсат етілген әдістермен жүзеге асады; б) атқаратын қызметтерінің сипатына сай болып табылатын белгілі қызмет түріне құқығы бар; в) субъектілер мемлекет алдында жауапты, қандай да бір күштердің әсерінен тәуелсіз.

Формальды ережелерден тыс ірі қаржы-өнеркәсіптік капиталдың, әскери-өнеркәсіп кешенінің, саяси элитаның мүдделерін білдіретін лоббистік топтар (заң шығарушы институттардың жанында) жұмыс істейді. Мысалы, АҚШ-да конституциялық билік пен басқару органдарынан басқа үш негізгі конституциялық емес: саяси, экономикалық және әскери билік институттары бар. Осы институттардың жетекшілері мемлекеттік билік жүйесінде әміршілдік-стратегиялық қызмет атқарады. Сонымен бірге теледидар мен радионың, жалпы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін атап өткен жөн.

Лауазымды қызмет субъектісі- мемлекеттік қызметтің лауазымды тұлғалары, саяси жетекшілер, әкімшілік басқару лауазымды тұлғалары. Олар мемлекеттік шешімдерді әзірлеуге, қабылдауға және орындауға жауапты. Мемлекеттік билік органдары мен лауазымды тұлғаларын субъект ретінде бөлу ел Конституциясында көрсетілген. Лауазымды тұлғалар бір жағынан мемлекеттік басқарудың біріңғай субъектілеріне кіреді, ал екінші жағынан оның функциясы айрықша болғандықтан жеке, бөлек субъект ретінде бөлінеді. Онда билік жүргізу мен басқару өкілеттігі ұштастырылған - мемлекеттік орган өкілеттігі мен жеке кәсіпқойлық аспектісі және ұжымдық органның қызметінің нәтижесіне жеке басының жауапкершілігі.

Саясат субъектісі, мемлекеттік басқару субъектісі және лауазымды қызмет субъектілерінің сипатталған айырмашылықтары салыстырмалы. Мемлекеттік билік пен басқару жүйесінде олардың рөлдері жекелеген аспектілерде ұштасып жатады және сәйкес келеді деп айтуға болады. Мемлекеттік басқару органдары өздерінің функцияларын халық жиындарының, әлеуметтік топтардың, жалпы қоғамдастықтың атынан іс-әрекет жасайтын саясат субъектілерінің мүдделерін баламалы түрде білдірген жағдайда табысты атқара алады. Мемлекеттік аппарат қызметтерін халық жиындары қалай қабылдап жатқанын үнемі бақылап отырғанда, басқарылатындардың талап-тілектері мен үміттері басқарушылардың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келген жағдайда ғана тиімді жұмыс істей алады. Олар саясат субъектілерінің қолдауына сүйенсе, олардың тәжірибелері мен ой-пікірлерін қабылдап және қолданса, қалың көпшіліктің ұтымды ұсыныстарын басқару шешімдерін дайындағанда ескерсе жоспарланған нәтижелерге қол жеткізеді. Өз кезегінде кез келген лауазымды тұлғаның бір-жағынан, мемлекеттік орган анықтап берген өкілеттік шеңберінде ғана әрекет етуі, екінші жағынан мемлекет пен қоғам мүдделеріне қызмет етуі өзінің функциясын жүзеге асыруының кепілі болып табылады. Осы талаптарды ұштастыра отырып іс жүзінде орындау әркімнің қолынан келе бермейтіе жағдай.

Мемлекеттік басқару субъектілері ұжымдық немесе жеке болсын өзінің анықтамасына сәйкес келетін қасиеттерді бойына жинақтаған кезде ғана ол басқару субъектісі болып табылады. Бұл қасиеттерді келесі топтарға жіктеуге болады:дамыған саяси және құқықтық сана мен дара сана; мемлекеттік басқару және қазіргі заманғы менеджменттің теориясы мен практикасын білу; ұйымдастырушылық қабілет; әлеуметтік өмірге белсене араласу мен басқару ісін жүзеге асыра алатын тәжірибенің болуы. Осы аталғандардың бәрі кәсіптік қасиеттер болып табылады. Мемлекеттік басқару субъектісі үшін басқару процесінің бағыты мен мазмұнын, сондай-ақ оның қоғам үшін саяси және басқа салдарларын анықтайтын ұлттық-мемлекеттік мүдделер мен мақсаттарды түсіне білу үлкен мәнге ие. Субъектілердің басқару ісіндегі қызметтері ұтымды болуы үшін ол құқықтық жағынан қамтамасыз етілуі, заңмен белгіленген нормаларға сәйкес болуы керек. Бұл шенеуніктердің өздеріне талап қоя білуін - заңға жаңа көзқарас қалыптастыруын білдіреді. Мемлекеттік басқарудың ғылыми негізделуі мемлекеттік қызметкерлердің оның теориясы мен практикасын білуі мен өз білімдерін қызмет барысында қолдана алуына байланысты. Эмпирикалық тәжірибе мен қисынды ой басқарудың тек дәстүрлі түріне ғана негіз болса да, ұтымды басқаруға негіз бола алмайды. Мемлекеттік басқарудың тиімді субъектісі деп басқарушыларға тек биліктің күшімен емес, өзінің беделімен, белсенділігімен, мемлекеттік орган шешетін мақсаттар мен міндеттердің маңыздылығы және тартымдылығымен әсер ететін ұжымдық және жеке жетекшіні айтамыз. Егер басқарушылық іс-әрекеттің мақсаттары мен бағдарламалары басқарылатындарға түсініксіз болса, олардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерінен туындамаса, онда оны ұтымды басқару деп айту қиын. Жоғарыда аталған мемлекеттік басқару субъектілеріне тән қасиеттердің қалыптасуы және іскерлік белсенділігі ынталандыруларға байланысты. Осыған орай М. Вебер мемлекеттік аппаратты іс-әрекет етуге ынталандыратын материалдық мүдде мен әлеуметтік құрмет деп айтқан. Алайда, басқарушылардың қызмет атқаруына түрткі болатын негізгі себептер мұнымен шектелмейді. Оған жеке мүддемен қоғамдық мүдделердің қабысуы, халықтың белсенділік танытуының көптеген саяси-әлеуметтік себептері кіреді.

Мемлекеттік басқару объектісі де терең талдауды қажет ететін проблема. Объектінің шегін анықтау - пікірталас тудыратын мәселе болып табылады. Басқаша айтқанда, мемлекеттің басқарушылық ықпалы бүкіл қоғамға тарай ма, оның белгілі бір шегі бар ма деген сұрақ туындайды. Классикалық либерализм ұстанымы бойынша мемлекеттік басқару объектісінің шеңбері шектеулі. Ол мемлекеттік саяси сфераны әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани сферадан, азаматтардың мемлекеттік емес бірлестіктерінен бөліп қарайды. Либералдар демократияның дамуына қарай қоғамның мемлекеттік емес сферасы кеңейеді және мемлекеттің адамдардың іс-әрекеттеріне тікелей әсер ету кеңістігі азаяды деп санайды.

Сонымен классикалық либерализм көзқарасы бойынша мемлекеттік басқару объектісі қоғамдық өмірдің саяси-құқықтық сферасымен шектеледі.

Мемлекеттің басқару объектісін түсінудің басқа жолы - этатизм концепциясы. Осы концепция бойынша мемлекеттік басқару барлық қоғамға таралады деп қарастырылады. Ол тоталитарлық жүйеде жүзеге асты. Этатизм мәні - қоғамды мүлтіксіз бақылау, саяси және әкімшілік қызметтің қоғам өмірінің барлық сфераларынан басымдығы, мемлекет пен қоғам арақатынасы мәселелерінің жасанды түрде алынып тасталынуы мемлекет пен қоғам арасында ешқандай проблема жоқ дегенді білдіреді.

Кейбір теоретиктердің пайымдауынша әміршілдік-әкімшілік жүйеде мемлекет халықтан талап етті, бақылады, концлагерлер мен абақтыларға отырғызды, тыйым салды және тағы басқа да қалың көпшілікке қарсы бағытталған іс-әрекеттер жасады. Тоталитарлық жүйеде мемлекет әрқашанда қоғамнан басым болды, ал қоғам өз кезегінде мемлекетке мүлтіксіз бағынды. Осының нәтижесінде халық мемлекетті адамдардан оқшау тұратын және тәуелсіз болатын билік жүргізу машинасы деп түсінді.

Қазіргі заманғы саяси ой мен тәжірибенің дамуы әлеуметтік субъектілердің экономикалық және мәдени функцияларына мемлекеттің реттеушілік және басқарушылық әсерін ұлғайту туралы ойларын білдіреді. Бұл өз кезегінде нарық заңдары толық және тиімді қолданылатындай мемлекет араласуының оңтайлы шегін анықтауды білдіреді.

1. 2. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық қызметі

Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден түтынушыларға қозғалысын қамтиды : бір жақтан өндірушілер, басқа жақтан, түтынушылар арасында көп түрлі айырбас жұріп отырады.

Осындай айырбас процестерді қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бүл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-бірінен оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында түрақты функционалдық катынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуге экономикалық жекеленуге, тәуелсіздігіне үласады, сөйтіп нарық қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық негізін қүрайды. Екінші жағдай, тауарларды сатып алу-сату эквиваленттік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде, жабайы өндірушінің нарық қатынастарының субъектіне айналудың экономикалық шарты материялизацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске айналады.

Өндірушілер өнім өндіру және оны өткізуді, шығьндарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді және жетілдіруді -барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар ақша қатынасы жағдайында айырбас процестерді нарықтык қатынастар формасын алады.

Осы қатынастардың мазмүны неде? Экономикалық әдебиеттерде бүл сүраққа жауаптар бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып алушы болып бірін-бірі тауып кездесетін жері. Неоклассикалык экономикалық әдебиетте жиіколданылатын нарыққа

анықтаманы франсуз экономисі А. Курно (1801-1877ж. ж), экономист

А. Маршал(1842-1924ж. ж) береді. «Нарық заттар сатып алатын немесе сататыны белгілі накты нарық алаңы емес, ол сатып алушылар мен сатушылардың бір-бірімен өте еркін жағдайда келісімге келетін, кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда бірдей тауарлардың бағасы көп ұзамай тез арада теңеледі» . Бұл анықтамада айырбастың еркіндігі мен бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген.

Ағылшын экономисі У. Джевонс(1835-1882ж. ж) нарықтың критериі деп сатушылар мен сатып алушылар арасындағы өзара қатынастардың «тығыздығына» назар аударады . Бұның айтуы бойынша, тығыз іскерлік қатынасқа түскен және қандай болмасын сондай тауарлар туралы келісім жасасқан кез-келген адамдар тобы нарық болады.

Байқасаңыздар, келтірілген анықтамаларда нарықтың мазмұны тек айырбас сферасымен шектеледі.

Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен бастау керек. Біріншіден, нарық (market) деген түсінік, бұл айырбас айналыс сферасында орын алады. Екіншіден, нарық-өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан формаларын, тауар ақша байланыстарын, қаржы несие жүйесін пайдалануға негізделген, экономикалық іс-әрекеттердің күрделі механизмі.

Айналыспен катар, нарық қатынастарына мыналар жатады:

- екі субъектің өзара байланыстары нарық негізінде болғанда, кәсіпорындарды және экономикалық басқа қүрылымдарды жалға алумен байланысты катынастар ;

- еңбек биржасы арқылы жүмыс күшін жалдап пайдалану процесі;

- шетел фирмаларымен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процесі;

- белгілі процентке несие берудегі несие қатынастары; 10 - тауар, қор, валюта биржалары мен басқа құрылымдардан тұратын,

нарықтық инфракұрылымдардың іс-әрекеті;

Нарықтык кызметтерінің белгілі шарттары болады . Ақырғы уақытқа дейін Қазақстанда нарық қатынастарының дамуын тежейтін шаруашылық болды . Бүның себептері: жалғыз мемлекеттік меншікті пайдалануға бағытталған көпсубъектілік шаруашылық жүйесі; макродәрежедегі әлеуметтік-экономикалық процестердің тым қатал реттелуі; микродәрежедегі шаруашылық өмірде экономикалық бостандықтың шектелуі; барлық шаруашылық күрылымдарды материалмен бір орталықтан қамтамасыз ету .

Бугін шектеулер жойылды - мыс болып отыр . Бірақ олардың орнына басқа шектеулер, кедергілер келді: шамадан тым асып кеткен салықтар көлемі, алып сатарлыққа жол ашу, криминалдық әрекеттердің жандануы - рэкет, мемлекеттік коммерциялық құрылымдарда заңсыз келісімдердің көбеюі, т. б. Осылардың барлығы өндірістің дамуын тежейді, өндірістік -шаруашылық іс - қимылдарға негативтік ықпалын асыра түседі.

Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің болуын талап етеді . Осылардың жиынтығы нарық жүйесін қүрайды .

Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі -өндірушілер мен тұтынушылар . Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады - біреулер тауарды өндіреді, екіншілер оны түтынады . Түтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланады . Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір - бірімен байланысы, әрқайсысының әрекеттерінің әүл байланыстар тұрақты болады, мамандануға

еледі және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді .

Нарықтық экономикасының үшінші маңызды элементі - баға. Бағаны жеке талдап танысайық, бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. Екінші - осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар эсерінің сферасын баға анықтайды . Осы сфераның шегін транакциондык шығындар болжайды, яғни айырбас пен байланысты айналым шығындарын болжайды.

Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сүраныстан және ұсыныстан тұрады . Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарлар түтынушыларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады . Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың ене ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сүраныс пен ұсыныс материялдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКОНОМИКА САЛАЛАРЫ
Ауыл шаруашылық салалардың ел экономикасындағы маңыздылығы
Ұйымға мүше мемлекеттер
Шағын бизнесті дамытудың теориялық негіздері
Туризмнің әлемдік экономикадағы, Қазақстандағы және Алматы облысындағы рөлін зерттеу
Туризм инфрақұрылымын дамыту бағыттары
Кластер және бәсекелестік
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге туризмнің әсері
Шағын және орта бизнестің мақсаттары
Екінші деңгейлі банктердің Қазақстанның нарықтық экономикасындағы ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz