Дулат Бабатайұлы өмірі


Дулат Бабатайұлы (1802-1871)
Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Семей облысының Аягөз ауданында туады. Мұсылманша сауат ашып, оқу оқыған, өз уақытының аса білімді адамының бірі. Жалпақ қазақ жұртының жыр өлкесінде дара шапқан тұлпардың бірі - Дулат ақын 1871 жылы қайтыс болады.
Дулат казақ поэзиясының атты шулы үздігі. Өз уақытының жан ауыртқан жайларын өлеңге түсіруші жыршы ғана емес, сол жайлардан үлкен әлеуметтік ойлар түйген ойшыл.
Дулаттың жыр кестесі қазақ поэзиясының жаңа мүмкіндік көкжиектерін көтеріп кеткен ғажайып көркемдік әлем болды.
Күні бүгінге шейінгі қазақ әдебиетінің тарихына қатысты зерттеу-зерделеулерде Дулат акынның аты қағаберіс қалып көрген жері жоқ. Дулат Абайдың алдындағы жаңа сапаға ойысқан қазақ өлеңінің зергері. XIX ғасырда жасаған, орыс отаршылдығы бар ойранын салып жатқан уақытты көзбен көрген Дулат - сол дәуір туғызған зар заман әдебиетінің аса көрнекті өкілі.
Қазақ әдебиетіндегі белгілі бір дәуірде жасаған үлкен әдеби мектептің басы. Дулат өз заманындағы сауатты, білімді аса мәлім мәшһүр ақынның бірі.
Дулаттың бүгінге жеткен жыр мұрасы шамамен 1500 жолдай делінеді. 1839-1919 жылдар арасында ғұмыр кешкен Байділдә деген Дулаттың көз көрген, замандас адамы Дулат өлеңдерін жазып алып, қолжазба күйде сақтап ұстап, кейінгіге табыстайды. Оны беріге жеткізген Ғаббас Байділдәұлы мен Шәкір Әбенұлы.
Дулат Бабатайұлының өлеңдері Қазан төңкерісіне шейін "Өсиетнама" деген атпен Қазанда (1880) басылып шыққан. Баспаға Мүлкен Сейілұлы даярлаған. Бұл жинаққа өсиет, ғибарат өлең, толғаулар енді. Жалпы көлемі 800 жолдай.
Дулат ақыннын өмірбаян деректері, өлеңдері кейіннен жиналды. Әдебиет тарихына қатысты еңбектерде алғаш көрінуі С. Мұқанов пен Қ. Бекхожиннің 1939 жылғы хрестоматиясында. Мұнда ақын өмірбаяны мазмұндалады.
Қ. Жұмалиев 1940-1941 жылғы шыққан мектеп оқулығында өмірі мен шығармаларын талдап жазды. "Қазақ әдебиеті тарихында" қысқаша мәлімет бар. "ХVШ-ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары" (1962) "Үш ғасыр жырлайды" (1965), "Дастандар"(1960), "Бес ғасыр жырлайды" (1989), т. б. жинақтарда Дулат шығармалары басылды. Дулаттың әдеби мұрасына қатысты толымды, жүйелі зерттеу жүргізген, ақын мұрасының ақиқатын қорғау жолында жақсыны да жаманды да көрген ғалым - Ханғали Сүйіншәлиев. Дулаттың әдеби мұрасын мазмұндық, өркемдік жақтан жүйелеп, бағалады, шығармаларын насихаттап, баспа бетіне жариялады. Алғашкы ауыз толтырып айтарлық зерттеудің бірі - "Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері" "атты монографиясында. 1959 жылғы конференцияда ақын мұрасын бірден-бір арашалап сөйлеген -Х. Сүйіншәлиев.
Қажым Жмалиев Дулат акынның шығармашылық мұрасын теориялық, әлеуметтік-саяси, тарихи жақтарын қарастырды.
Дулат поэзиясының көркемдік өлшемі, қисапсыз құндылығы жайлы жерін жеткізе Р. Сыздықов, Қ. Өмірәлиевтер сөйледі.
М. Мағауин Дулатты өз заманының аса сауатты адамдарының бірі деп, ақын бағасын береді. "Дулат қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып жағынан байыта түсті, түр, көркемдік тәсілдер тұрғысынан жаңа сатыға көтерді".
Біздіңше Дулат шығармашылығының ең басты өзгешелік сипаты: ақын өлеңі - бірнеше ғасыр ішіндегі қазақ поэзиясының тоқайласқан тұсы. Дулатта ескінің түсі де жаңаның түрі де - бәрі де бар.
Х. Сүйіншәлиевтің мына бір тұжырымы әбден рас. "Дулат өлендерінің мазмұны, тілі халық ауыз әдебиетімен ғана үндесіп жатпайды. Соған қоса Абай, Ыбырай, Махамбет, Шортанбай сияқты кейінгі ақындармен үндесіп, пікірлері астасып жатады". Дулат шығармалырының сарыны - замана күйі. Өз уақыты туғызып отырған құбылыстар. Дулат шығармаларының шеберлік сырлары шексіз.
"Тегімді менің сұрасаң" жырында сонау қарға бойлы Казтуған жыраудың "Мадақ жырымен" үндес мақам жатыр. Қазтуған батырлыған ту ғып көтеріп, мадақ айтады; Дулат. асып туған өнеріне шалқиды.
Сырымды менің сұрасаң,
Тұманың тұнық суынан.
Кеудеме қайғы толған соң,
Тұнық жырмен жуынам.
Сорғалаған нөсердей
Жырың тыңда Дулаттың.
Дулатта Қазақ поэзиясындағы дәстүрлі сарынның бірі тұлпардың сынын суретке көшіру. Абайдағы аттың сынына ойысқан сурет, келісім.
Ақын шығармалары сөз қуатын, сөз сырын, сөз сиқырын үнемі ашып, отырады; сөз сұлулығына сұқтандырып, ынтықтыра жетелейді. Сусағанды сулатып, шаршағанды қунатып, бойға қуат, ойға сана құдірет құяр жыр арнасының суаты - ақын, Дулаттың өзі.
Дулаттың арнау өлеңдері, лирикалық қайырымдары, өсиет-өнеге түріндегі сөздер, мысалдары, "Еспембет" дастаны туралы айту - тұтас бір дәуірдің көркемдік биіктігі, әдебиетінің өзгешелігі -туралы айту.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz