Жұқпалы аурулардың түрлері



Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Жұқпалы аурулардың түрлері
2.2. Инфекция
2.3. Вирусты гепатиттер
2.4. Кене энцефалиті.
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
І Кіріспе
Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды.
Жұқпалы аурулар туралы деректер ертеден белгілі болған. Ежелгі грек ғалымы Гиппократ, ортағасырлық ғалым Әбу Әли ибн Сина өз еңбектерінде кейбір аурулардың науқас адамнан, жануарлардан жұғып, тез таралатыны, оған көзге көрінбейтін “миазмалар” себепкер болатыны туралы айтқан. 15 ғасырда жазылған Ө. Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты еңбегінің қолжазбасында дерттің пайда болуын адам денесіне құрттардың (көзге көрінетін және көрінбейтін) енуімен түсіндірген. 19 ғасырда бактериология, микробиология және иммунология ғылымдарының дамуы Жұқпалы ауруларды толық зерттеуге мүмкіндік берді. Әсіресе, француз ғалымы Л.Пастер, неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910), орыс ғалымдары И.И. Мечников (1845 – 1916), Н.Ф. Гамалея (1859 – 1949), т.б. еңбектерінің маңызы зор болды. Жұқпалы аурулар пайда болуының үш факторы бар: ауру қоздырғышы (микроб), сыртқы орта және қабылдаушы сезімтал организм. Ауру қоздырғышына әр түрлі патогенді микроорганизмдер (мыс., бактерия, вирус, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, риккетсия, микоплазма, хламидия, т.б.) жатады. Бұлар адам организміне әр түрлі жағдайда енеді. Мысалы, іш сүзегі, паратиф, дизентерия, т.б. – су, тағам, шыбындар арқылы; тұмау, қызылша, дифтерия, т.б. – ауру адамнан; әр түрлі тері дерттері – ауру адам мен жануарлардан; бөртпе сүзек, кене энцефалиті, безгек – сау адамға ауру адамнан (жануарлардан) қан сорғыш буынаяқтылар (мысалы, бит, безгек масасы,кене, т.б.) арқылы; сондай-ақ құрсақтағы анасының қанымен жұғады. Жұқпалы аурулар жасырын (инкубациялық), күмәнді (продромалдық), ауру дамуы және айығу (реконвалесцениттік) кезеңдерінен тұрады. Әрбір кезеңнің өту мерзімі аурудың түріне, организмнің жағдайына байланысты болады. Жалпы Жұқпалы ауруларға шалдыққан адамдарға ортақ белгі: селсоқтанып мазасы кетеді, дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, ұйқысы қашады. Бауыр мен талақтың ісінуі мүмкін. Осындай ерекше белгілеріне қарай іш сүзегін тырысқақтан, безгекті бөрте сүзектен, т.с.с. ажыратуға болады. 20 ғасырда диагноз қою, емдеу және одан сақтану әдістерінің жетілдіруіне байланысты Жұқпалы аурулардың кейбір түрлері жойылды. Бірақ микроорганизмдердің эвол. даму өзгергіштігінің, әлеуметтік, экология, ғұрып-дәстүрлік, т.б. себептердің нәтижесінде Жұқпалы аурулардың жаңа түрлері пайда болды. Мысалы, жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы, гепатиттің ерекше түрлері, т.б. Жұқпалы аурулардың белгісі білінісімен-ақ санитарлық-эпидемиология стансаларға хабарлануы тиіс. Науқас адам ауруханаға алынып, аурудың түріне қарай емделеді. Жұқпалы аурулар клиникалық медицинаның арнайы бір зерттейтін саласы болғандықтан – бактериология, вирусология, иммунология, эпидемиология, паразитологиямен тығыз байланысты[1]
IV Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. 231-323 бет
2. Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1999 жыл. 506 бет.
3. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. 434 бет.
4. А.Қ.Дүйсенова. Жұқпалы аурулар. Алматы – 2009 жыл. 145 б.
5. Ә. Нысанбаев «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия.Алматы 1999 жыл. X том, 467 бет.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Жұқпалы аурулардың түрлері
2.2. Инфекция
2.3. Вирусты гепатиттер
2.4. Кене энцефалиті.
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер

І Кіріспе
Жұқпалы аурулар -- зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек инфекция деп те атайды.
Жұқпалы аурулар туралы деректер ертеден белгілі болған. Ежелгі грек ғалымы Гиппократ, ортағасырлық ғалым Әбу Әли ибн Сина өз еңбектерінде кейбір аурулардың науқас адамнан, жануарлардан жұғып, тез таралатыны, оған көзге көрінбейтін "миазмалар" себепкер болатыны туралы айтқан. 15 ғасырда жазылған Ө. Тілеуқабылұлының "Шипагерлік баян" атты еңбегінің қолжазбасында дерттің пайда болуын адам денесіне құрттардың (көзге көрінетін және көрінбейтін) енуімен түсіндірген. 19 ғасырда бактериология, микробиология және иммунология ғылымдарының дамуы Жұқпалы ауруларды толық зерттеуге мүмкіндік берді. Әсіресе, француз ғалымы Л.Пастер, неміс микробиологы Р.Кох (1843 - 1910), орыс ғалымдары И.И. Мечников (1845 - 1916), Н.Ф. Гамалея (1859 - 1949), т.б. еңбектерінің маңызы зор болды. Жұқпалы аурулар пайда болуының үш факторы бар: ауру қоздырғышы (микроб), сыртқы орта және қабылдаушы сезімтал организм. Ауру қоздырғышына әр түрлі патогенді микроорганизмдер (мыс., бактерия, вирус, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, риккетсия, микоплазма, хламидия, т.б.) жатады. Бұлар адам организміне әр түрлі жағдайда енеді. Мысалы, іш сүзегі, паратиф, дизентерия, т.б. - су, тағам, шыбындар арқылы; тұмау, қызылша, дифтерия, т.б. - ауру адамнан; әр түрлі тері дерттері - ауру адам мен жануарлардан; бөртпе сүзек, кене энцефалиті, безгек - сау адамға ауру адамнан (жануарлардан) қан сорғыш буынаяқтылар (мысалы, бит, безгек масасы,кене, т.б.) арқылы; сондай-ақ құрсақтағы анасының қанымен жұғады. Жұқпалы аурулар жасырын (инкубациялық), күмәнді (продромалдық), ауру дамуы және айығу (реконвалесцениттік) кезеңдерінен тұрады. Әрбір кезеңнің өту мерзімі аурудың түріне, организмнің жағдайына байланысты болады. Жалпы Жұқпалы ауруларға шалдыққан адамдарға ортақ белгі: селсоқтанып мазасы кетеді, дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, ұйқысы қашады. Бауыр мен талақтың ісінуі мүмкін. Осындай ерекше белгілеріне қарай іш сүзегін тырысқақтан, безгекті бөрте сүзектен, т.с.с. ажыратуға болады. 20 ғасырда диагноз қою, емдеу және одан сақтану әдістерінің жетілдіруіне байланысты Жұқпалы аурулардың кейбір түрлері жойылды. Бірақ микроорганизмдердің эвол. даму өзгергіштігінің, әлеуметтік, экология, ғұрып-дәстүрлік, т.б. себептердің нәтижесінде Жұқпалы аурулардың жаңа түрлері пайда болды. Мысалы, жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы, гепатиттің ерекше түрлері, т.б. Жұқпалы аурулардың белгісі білінісімен-ақ санитарлық-эпидемиология стансаларға хабарлануы тиіс. Науқас адам ауруханаға алынып, аурудың түріне қарай емделеді. Жұқпалы аурулар клиникалық медицинаның арнайы бір зерттейтін саласы болғандықтан - бактериология, вирусология, иммунология, эпидемиология, паразитологиямен тығыз байланысты[1]
2.1. Жұқпалы аурулардың түрлері
Жұқпалы аурулар:
а) ішектің;
б)Жоғарғы тыныс жолдарының;
в) Қанның;
г)Сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.
Ішек ауруларында (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді. Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді. Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі. Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешек, қызылша, полиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі -- баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді.
Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды.
Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз -- ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.
Антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин және т. б.) -- бактерия туғызған белгілі бір ауруларды емдеуге көмектесетін дәрілер. Вирустардан пайда болған салқын тию, тымау, қызылша, мысқыл және т. б. сияқты ауруларға антибиотиктер әсер етпейді. Вирустық инфекцияларды антибиотиктермен емдеуге болмайды. Олар көмектеспейді, тіпті зиянды да болуы мүмкін.[1]

2.2. Инфекция
Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше миазма -- ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. Іnfесіо деген латын сөзі ластану дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет).
Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін.
Ауру туғызатын микробтар, өдетте, сыртқы ортада тез өледі. Олардың өмір сүріп, көбейетін жері -- адам немесе мал ағзасы, сондыктан адам жұқпалы көзі болып табылады. Зооноздардың көпшілігі табиғи-ошактық аурулар туғызады, яғни белгілі бір климаттык географиялык жағдайларда кездеседі, бұл жерде қоздырғыштарды табиғи сақтаушылары жабайы аңдар мен қоздырғыштардың ерекше тасымалдаушылары -- жөндіктер мен кенелер өмір сүреді.
Жүқпалы аурулардың қоздырғыштары паразиттік емір кешеді, белгілі бір уақытка дейін қажетті нөрсемен камтамасыз етіледі, осы уақыт біткеннен кейін қожайынды ауыстыру қажеттілігі туады. Бұл берілудің тиісті механизмі көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жүйелі пайда болып отыратын жөне өзара байланысты жұқпалы (инфекциялы) жағдайдың үздіксіз тізбегі, ол
клиникалық айқын немесе жасырын формада көрініп отырады, бұл эпидемиялық процесс деп аталады. Эпидемиялық ошақ дегеніміз -- инфекция көзінің өзін қоршаған аумақ шегінде нақты жағдайда жұкпалы бастауды беруге қабілетті орны.
Эпидемиялык процестін пайда болуы үшін фактордың өзара қимылы кажет: жұқпа қоздырғышының көзі, жұкпаның берілу механизмі жөне қабылдағыш ағза. Жоғарыда айтқандай, ауру адам немесе жұқпалы (залалданған) жануар жүқпа көзі болса, тағы бір жұкпа кезі -- тасушы (бацилло -- таратушы). Кейбір аурулар кезінде (тырысқак, іш сүзегі) ауру адамның айығуы ағзаның қоздырғыштан босауымен кабаттаса жүреді, яғни клиникалық тұрғыдан сау адам коздырғыштар бөлуі мүмкін, бұл тасушы деп аталады.
Қоздырғыштың залалданған ағзадан сау ағзаға өтуі эволюциялық қалыптасқан әдіспен өтеді. Бұл -- жұқпа қоздыргыштарыньщ берілу механизмі деп аталады. Ағзада коздырғыштың орналасуы мен жұкпаның берілу механизміне байланысты бар жүқпалы аурулар 4 топқа бөлінеді: ішек жұкпасы, тыныс алу жолдарының жұкпасы, қан жұкпасы жөне сыртқы кабат жұқпасы.
Ішек жүқпасына қоздырғыштардың ішекте орнығуы мен соған сөйкес олардың сыртқы ортаға, негізінен, нәжіспен бөлінуі тән. Бұл аурулардың қоздырғыштары сау адамдарға ауыз аркылы азық-түлікпен, ауыз сумен немесе лас қолдармен ағзаға түсуі нәтижесінде жұғады. Оларға -- дифтерия, іш сүзек, тырысқақ, ішек уыты жұқпалары жатады.
Тыныс алу жолдарының жұқпасына тыныс алу жолдарының шырышты кабықшаларда өсіп-енетін және сыртқы ортаға жөтелу, түшкіру, қатты сөйлеу, шулы тыныс алу кезіндегі шырышты ұсақ бөліктерімен, кақырықпен бөлінетін қоздырғыштары бар аурулар жатады. Сау адамға, сондай-ақ шырыштың жұкпаға ұшыраған белігінің жоғары тыныс алу жолдарына түсуі нөтижесінде жұғады. Бұл ауруларға -- тұмау, табиғи шешек, дифтерия жатады.
Қан жұқпа тобына қоздырғыштары кан ағысына қансорғыш буынаяқтылардың (бүрге, маса) шағуы кезінде түсетін, сөйтіп, негізінен, қанда орнығатын қоздырғыштары бар аурулар жатады. Бұл ауруларға -- бөртпе сүзек, безгек, оба жатады.
Сырткы қабат (жамылғыш) жұкпалары -- сау адамның шырышты қабыкшасы немесе керісінше ауру тудыратын қоздырғыштардың түсуі нөтижесінде жұғады. Қоздыр-ғыштардың берілу факторлары төсек жайма заттары, киім, ыдыс-аяқ, су, шырышпен, ірумен немесе кабыкпен ластану. Жара жұқпа жарақат нөтижесінде сыртқы жамылғыш қабат тұтастығының бұзылуы төн. Сыртқы жамылғыш қабат жұкпасына -- түйнеме, туляремия, саңырауқұлақтық аурулар жатады.
Өте ауыр өтетін, өлім жағдайы көп кездесетін жөне жүғудың жоғары деңгейімен, яғни адамдар арасында тез тарау кабілеттілігімен (жоғары контагиозды) сипатталатын ауру аса қауіпті жұқпа деп аталады. Бұған: оба, тырысқақ, шешек жатады.
Осы бетте тұмау, А, В, С, Е, Д, G вирусты гепатиттері, кене энцефалитеті жұқпалы аурулары туралы мәліметтер ұсынылған.
Тұмау (грипп) -- өте жұқпалы ауру.
Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыссыда сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.
Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.
Емі -- дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс
Вирусты гепатиттер (бауырдың қабыну) - бұл кең тараған және адам денсаулығына өте қауіпті инфекциялық топ, олардың өзара бір - бірінен сәл айырмашылығы бар, байқалмайды, түрлі вирустардан тарауы мүмкін, бірақ бәрінің де белгі бір - ол ең алдымен бауырдың зақымдалуы және қабынуына әкеп соғуы. Сондықтан да бауыр қабынуының түрлерін басқаша сары ауру деп атайды - бұл бауыр қабынуының кең тараған түрі болып топталады. Сары ауру эпидемиясы туралы біздің заманымызға дейін Гиппократ V ғасырда сипаттап жазып қалдырған, бірақ оның қоздырушысы туралы тек өткен ғасырдың ортасында ашылған болатын. Бауырдың қабыну вирусы жұқпалы аурулардың ішінде аса өзекті мәселе болып табылады. ДДҰ-ның мәліметі бойынша В гепатитімен науқастанғандардың саны 1 миллиардтан асатын болса, С гепатитімен дүние жүзінде млн. шамасы белгілі. Жыл сайын бауыр берішінен (циррозынан) млн. аса адам көз жұмады. Жағдайдың көкейтесті мәселелерінің бірі, ол науқас адамның еңбекке жарамды шағында, аурудың жас кезінде пайда болуы болып отыр, мемлекеттің экономикалық жағынан да зиян келуіне, қаражат және адам шығынына әкеліп соғатыны белгілі. С жіті гепатитімен ауырған науқастың ауруы созылмалы түрге ауысады. Науқас адамның бауыр беріші 3 жылдың ішінде өрбіп, соңында рак ауруына шалдығуына қатер төндіреді. Этиологиялық құрылымы, патогенезі, эпидемиологиясы, клиникасы бойынша және бұл аурулардың соңы өте ұқсас емес. қоздырғышы белгілі бауыр қабынуы ауруының дербес 6 түрін ажыратады.Бауырдың қабынуы вирусы халықаралық классификация бойынша 2 топқа бөлінген:
1. Энтеральды топ - фекальдық жолмен жүретін әдеттегі ішек жұқпасы, оған А вирустық гепатиті және Е вирустық гепатиті жатады.
2. Ас қорыту жолынан тыс тобы - әдеттегі қанталау инфекциясы - жұғу жолдары - қан және де организімнің сұйық ортасы (сілекей,сперма, емшек сүті). Бұл топтың өкілдеріне - В вирустық гепатиті, С вирустық гепатиті, D вирустық гепатиті жатады.
Қазақстан Республикасы вирустық гепатиттің А түрінің көп тараған өңірлердің біріне жатады, сырқаттану вирустық гепатитпен ауырудың барлық жағдайының 60 %-нан 90 %- на дейін жетеді.
Бауырдың қабынуының Е вирусымен ауырған жағдай біздің республикада тіркелмеген. Аурудың бұл түрі, халықты сумен қамтамасыз ету жұмыстары нашар ұйымдастырылған, көбінесе Азия және Африка елдеріне тән.
Бауырдың қабыну вирусының В түрі әр түрлі жолдармен таралатын аурулардың қатарына жатады. Аса көп тараған түрі - жыныс жолдарымен және гепатитпен ауырған адамның қанымен араласқан түрі. Бауырдың қабыну вирусының В түрімен тіс емханасында, шаштаразда, пирсинг, татуировка жасау кезінде жұқтырып алуға болады - осыған ұқсас салондарда, операция барысында қан құю кезінде, жұқтырылған егу шприцін пайдаланғанда, сонымен қатар науқас ананың жүкті кезінде балаға жұғуы немесе туу кезінде жұқтырылуы болып табылады.
Балалар үшін В гепатиті өте қауіпті, себебі сәби кезінде өткен аурудың түрі созылмалы ауруға, кейін рак ауруына ауысатын бауырдың қабынуына әкеліп соғады. Жас кезінде науқастанған болса, солғұрлым созылмалы вирусты тасушы болуы мүмкін. Жаңа туған сәбилердің 90-95% -- да аурудың белгісі білінбейді, сары ауру белгісінсіз және 70-90 % созылмалы вирус тасушы, ал 35-50 % созылмалы түрде болады.
D вирустық гепатит, тек вирустық гепатиттің В түрі болғанда, суперинфекцияны күшейтіп, өрбиді.
Бауырдың қабыну вирусының ауыр түрі болып С түрі немесе қан құюдан кейінгі бауырдың қабынуы болып саналады.
Посттрансфузиялық бауырдың қабынуы -- бұл аурудың көбінесе қан арқылы - қан құю кезінде немесе зарасыздандырылмаған егу инесі арқылы өтеді. Жыныс жолдары арқылы бауырдың қабыну вирусының С түрі сирек кездеседі немесе тікелей анадан ұрыққа өтеді. Бауырдың қабыну вирусының С түрі вирустың басқа түрлерімен қосылуында науқастың жағдайы күрт нашарлайды, ауру барысы асқынып, өлім халіне әкеліп соғуы мүмкін. Ғалымдардың осы бағытта бар күшін салып отырғанына қарамай, қазіргі күні бауырдың қабыну вирусының С түрінің тағы бір қауіптілігі, сау адамды науқас адамнан қорғау үшін әсер ететін вакцинаның болмауында.
Соңында, вирустық гепатиттің G түрі - бауырдың қабыну вирусының соңғы өкілі болып саналады - өзінің белгілерімен ол бауырдың қабыну вирусының С түріне ұқсас болады.
Бірақ, ол біршама қауіпсіз, себебі бауыр қабынуының С түріне тән бауыр циррозының өрбуі және бауыр ісігіне әкеліп соғатын инфекциялық үдерісі G түріне жатпайтынында.
Алайда, бауырдың қабыну вирусының С және G түрінің бірге қосылып өрбуі циррозға әкеліп соғуы мүмкін.
Қазіргі күні бауырдың қабыну вирусының барлық түрлеріне жетік диагностика жүргізіліп, анықталады және аурудың енді ғана басталу кезінде емделгенде, көп жағдайда жазылатын ауру деуге болады. Алайда, бауырдың қабыну вирусының өрбуіне жол бермей, өндіріс орындары мен медициналық мекемелерде жүргізілетін алдын алу шаралардың аса күрделі емес талаптарын орындау қажет, тұрғындар мен жеке тұлғаларды дер кезінде вакцинациялау жұмыстарын ұйымдастыру қажет.[2]

2.3. Вирусты гепатиттер

А вирустық гепатит
АВГ-нің берілу жолдары:
1)тұрмыстық - қарым-қатынас (отбасыларында және топтастырылған ұжымдарда);
2)жұқтырылған су, тамақ арқылы (алиментарлық);
А вирустық гепатиттің алдын алу мен бақылау стратегиясы:
1) елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;
2) тұрмыстық-жанасу жолымен берілудің алдын алу үшін мектепке дейінгі ұйымдарда, мектептерде және басқа оқу орындарында тиесілі санитарлық-гигиеналық жағдайды, ауызсу тәртібі мен жеке бас тазалығын сақтау үшін қарапайым шарттардың жасалуына (сабын, дәретхана қағазы) ерекше назар аудара отырып, қамтамасыз ету;
3) санитарлық-гигиеналық талаптарды және техникалық қызметкерлерге жүргізу жүктелген буфеттерді, асханаларды, сантораптарды, сыныптық бөлмелерді және рекреацияларды күнделікті жуып-жинау дұрыстығын сақтауды қамтамасыз ету;
жүргізіледі.
В вирусты гепатиті
В вирусты гепатиті (бұдан әрі -- ВВГ) инкубациялық кезеңі орташа есеппен 60-90 күнді құрайды (диапазоны 45-тен 180 күнге дейін). Сарғаю түрлері болған 5 жасқа дейінгі балалардың 10%-дан кемінде клиникалық белгілерімен білінеді. Алайда, бұл ретте аурудың созылмалы түрі жағдайдың 30-90%-нда дамиды. 5 жастан асқан балалар мен ересектерде жіті манифестік жұқпа гепатит В вирусын жұқтырғандардың 30-50%-да, бірақ жұқтырғандардың тек 5-10%-да ғана созылмалы ауру дамиды. В гепатитінің вирусы жіті де, созылмалы да ауруды туғызады.
Жұқтыру жолы -- парентералдық (қан құю, шырышты қабықтар мен тері жамылғыларының зақымдалуымен ілесетін манипуляциялар, микрожарақаттар арқылы тұрмыстық жанасу), жыныстық, сондай-ақ жұқтырған анасынан балаға босану жолдарын өту кезінде беріледі.
В және Д вирусты гепатиттерінің алдын алу.
В вирусты гепатиті (бұдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эпидемиологиялық зерттеу әдісі
Эпидемиялық үрдіс туралы ұғым
Жұқпалы аурулар туралы түсінік және алдын алу шаралары дезинсекция және дератизация жүргізу түрлері мен әдістері
Аса қауіпті инфекциялық ауру қоздырғыштары тараған кезде халықтың іс-әрекеті
Құстардың инфекциялық ларингиті
Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері
Үй жануарларының жұқпалы аурулары
Жұқпалы ауру кезіндегі ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және олардың экономикалық тиімділігі
Жұқпалы аурулардың ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі
Қызылша бөртпелері
Пәндер