Бюджет және бюджетті жоспарлау



Жоспар
Кіріспе. 3
1 Бөлім. Бюджет түсінігі және оның түрлері мен функциялары 5
1.1 Бюджет туралы түсінік 5
1.2 Бюджет түрлері мен деңгейі 9
1.3 Бюджеттің функциялары 14
1.4 Бас және функциялық бюджеттердің құрылымы 17
2 Бөлім. Кәсіпорын бюджеті және бюджетті жоспарлау 19
2.1 Бюджетті жоспарлау мен болжаудың ролі және мақсаттары 19
2.2 Кәсіпорын бюджетін қалыптастыру әдісі. 25
2.3 Кәсіпорын пайдасы бойынша бюджеттік міндеттің орындалуын факторлық талдау 31
Қорытынды. 35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 37
Кіріспе.
Үшінші мыңжылдықтың табалдырығын аттау тұсында отандық бухгалтерлік есеп жүйесін халықаралық нормаларға сай бейімдеу өз жалғасын табуда. Ұлттық бухгалтерлік есеп жүйесін реформалау саясатының негізгі мақсаты оны нарықтық экономика мен қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендірілуін қамтамасыз ету болып табылады. Еліміздің экономикасы өркениетті елдер санатынан көрінуі шынайы ақпараттар желісінің қалыптасып қосымша қаржы көздерін жұмылдырудың нақты шараларын жүзеге асыруына тікелей байланысты.
Басқару есебінің осы тұрғыда атқаратын ролі мен маңызы орасан, себебі материалдық өндіріс салаларының кеңінен етек жайып, экономикалық әлеуметтік ахуалымыздың даму процесінің өзегі болған жағдайда өндірілген өнімнен неғұрлым үнемді шығын жұмсай отырып мол пайда табу өмірдің негізгі өрнегі болары сөзсіз.
Осыған орай, басқару есебінің ақпараттық құрал ретінде өндірісті басқару жүйесінде аса маңызды мәліметтермен қамтамасыз ете отырып оңтайлы да, ұтымды шешім қабылдаудың бірден бір құралы.
Қазіргі уақытта басқару есебінің бюджеттеу, сараптау, бақылау, жоспарлау жұмыстарын жүргізетін кез келген ұйым үшін менеджерлердің басқарушылық біліктілігін жетілдіру мен басқару есебін жүргізе білу қажеттілігі арта түсті. Оған қоса, нарықтық экономика Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сай халықаралық нарық деңгейіне шығу үшін экономикалық дамудың көптеген концепцияларын қайта қарауды талап етеді.
Халықаралық есептілік стандарттарының талаптарын тірек ететін, дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, менеджерлер басқарушылық шешімдер қабылдар кезде көбінесе басқару есебінің маңызды құрамдас бөліктері болып табылатын теориялық білім мен жоспарлау, нормалау және бюджеттеу, сараптау, бақылау және басқару сияқты жедел басқару ақпараттарының ішкі есебіне сүйенетіні белгілі болып отыр.
Басқару есебінің механизмін қалыптастыру жолдарын қарқынды түрде іздестіру, осы саладағы фундаменталдық ғылыми бағытты дамытып қана қоймай, сонымен қатар дайындау жабдықтау, өндіру, өткізу мен сату процесстерін дамытуға да әсерін тигізеді.
Басқару есебінің мақсаты – күн өткен сайын азайып келе жатқан тауарлық материалдық қорларды үнемдеу әдістерін тауып, ұйым мен фирмалардың бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, өндірістік шығындарды азайтып, табысын көбейту.
Басқару есебі бойынша ұсынылатын ақпараттарға баса назар аудару, өндірісті басқару тиімділігіне, өткізу мен сатудың сәттілігіне тиісті әсерін тигізіп қана қоймай, менеджерлердің әрбір процесс бойынша уақытылы басқарушылық шешімдер қабылдауына ықпал етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. «Басқару есебі» В.Л. Назарова, М.С. Жапбарханова, Д.А. Фурсов, С.Д. Фурсова;
2. «Басқару есебі» А.К.Ержанов, Ә.К.Айтанаева, Г.Ш.Жұманова, М.С.Баянова, Ә.Е.Иматаева;
3. «Басқару есебі» К.Т. Тайгашинова;
4. Интернет желісі.
5. Қазақ Совет Энциклопедиясы;
6. Қаржы экономикалық сөздік.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ-ЕВРАЗИЯ НАРЫҚ ИНСТИТУТЫ



НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бюджет және бюджетті жоспарлау

Тексерген: Берлібаева Н.С
Орындаған: Жуматаев Н.А.

Алматы 2013
Жоспар
Кіріспе. 3
1 Бөлім. Бюджет түсінігі және оның түрлері мен функциялары 5
1.1 Бюджет туралы түсінік 5
1.2 Бюджет түрлері мен деңгейі 9
1.3 Бюджеттің функциялары 14
1.4 Бас және функциялық бюджеттердің құрылымы 17
2 Бөлім. Кәсіпорын бюджеті және бюджетті жоспарлау 19
2.1 Бюджетті жоспарлау мен болжаудың ролі және мақсаттары 19
2.2 Кәсіпорын бюджетін қалыптастыру әдісі. 25
2.3 Кәсіпорын пайдасы бойынша бюджеттік міндеттің орындалуын факторлық талдау 31
Қорытынды. 35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 37

Кіріспе.
Үшінші мыңжылдықтың табалдырығын аттау тұсында отандық бухгалтерлік есеп жүйесін халықаралық нормаларға сай бейімдеу өз жалғасын табуда. Ұлттық бухгалтерлік есеп жүйесін реформалау саясатының негізгі мақсаты оны нарықтық экономика мен қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендірілуін қамтамасыз ету болып табылады. Еліміздің экономикасы өркениетті елдер санатынан көрінуі шынайы ақпараттар желісінің қалыптасып қосымша қаржы көздерін жұмылдырудың нақты шараларын жүзеге асыруына тікелей байланысты.
Басқару есебінің осы тұрғыда атқаратын ролі мен маңызы орасан, себебі материалдық өндіріс салаларының кеңінен етек жайып, экономикалық әлеуметтік ахуалымыздың даму процесінің өзегі болған жағдайда өндірілген өнімнен неғұрлым үнемді шығын жұмсай отырып мол пайда табу өмірдің негізгі өрнегі болары сөзсіз.
Осыған орай, басқару есебінің ақпараттық құрал ретінде өндірісті басқару жүйесінде аса маңызды мәліметтермен қамтамасыз ете отырып оңтайлы да, ұтымды шешім қабылдаудың бірден бір құралы.
Қазіргі уақытта басқару есебінің бюджеттеу, сараптау, бақылау, жоспарлау жұмыстарын жүргізетін кез келген ұйым үшін менеджерлердің басқарушылық біліктілігін жетілдіру мен басқару есебін жүргізе білу қажеттілігі арта түсті. Оған қоса, нарықтық экономика Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сай халықаралық нарық деңгейіне шығу үшін экономикалық дамудың көптеген концепцияларын қайта қарауды талап етеді.
Халықаралық есептілік стандарттарының талаптарын тірек ететін, дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, менеджерлер басқарушылық шешімдер қабылдар кезде көбінесе басқару есебінің маңызды құрамдас бөліктері болып табылатын теориялық білім мен жоспарлау, нормалау және бюджеттеу, сараптау, бақылау және басқару сияқты жедел басқару ақпараттарының ішкі есебіне сүйенетіні белгілі болып отыр.
Басқару есебінің механизмін қалыптастыру жолдарын қарқынды түрде іздестіру, осы саладағы фундаменталдық ғылыми бағытты дамытып қана қоймай, сонымен қатар дайындау жабдықтау, өндіру, өткізу мен сату процесстерін дамытуға да әсерін тигізеді.
Басқару есебінің мақсаты - күн өткен сайын азайып келе жатқан тауарлық материалдық қорларды үнемдеу әдістерін тауып, ұйым мен фирмалардың бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, өндірістік шығындарды азайтып, табысын көбейту.
Басқару есебі бойынша ұсынылатын ақпараттарға баса назар аудару, өндірісті басқару тиімділігіне, өткізу мен сатудың сәттілігіне тиісті әсерін тигізіп қана қоймай, менеджерлердің әрбір процесс бойынша уақытылы басқарушылық шешімдер қабылдауына ықпал етеді.

1 Бөлім. Бюджет түсінігі және оның түрлері мен функциялары
1.1 Бюджет туралы түсінік
Нарықтың даму жағдайында, бизнестің бәсекеге қабілеттілігі кезінде, тауар өндіруші кәсіпкер тек қана дағдарыстан аман қалуды ойламай, пайда табуды да жоспарлауға тиісті.
Мұндай жағдайда бизнесінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, кәсіпкер өнім өндірудегі бағытын анықтап, фирманың қандай деңгейге жетуін қалайтынын жоспарлауға міндетті.
Заманауи нарқында көптеген тауар өндірушілер үшін табыс табу басты мақсат болып саналады, бірақ ол жалғыз ғана мақсат емес, көп мақсаттардың бірі ғана. Кез келген тауар өндірушінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету дегеніміз, ол өндірілетін өнімнің көлемі мен сапасын арттыру арқылы сату көлемін ұлғайту, табыс табу, сауда белгісінің танымал болуын қамтамасыз ету, соның көмегімен, тауар берушілер мен сатып алушылардың алдында атағы мен мансабын аяқ асты еткізбей сақтап қалу.
Өндірілетін өнім сапасын сақтау бойынша, оның ішінде өнімді сатудың дизайнына дейін бар, инновациялық процесстер технологиясының заманауи талаптарын қамтамасыз ететін ғылыми тәжірибелік жұмыстар жасау үшін, фирманың тәжірибелік конструкторлық бюросының болуы да аса маңызды болып саналады.
Табыстың көбеюіне әсер ететін сұраныс пен сатуды ұлғайту үшін, алға қойылған жоспардың сандық және сапалық жағынан анық болуы, қысқа мерзімді жоспар жасауда ең басты мақсат болып саналады.
Бухгалтерлік басқару есебінде бюджеттендіруді жоспарлау процесі деп түсінуге болады. Соған сәйкес бюджет ол жоспар.
Жоспарлау - бұл тек бір жағдайды ғана емес, барлық кәсіпорынның қызметін тұтастай қамтитын шешім қабылдау процесінің ерекше тұрпаты.
Жоспарлау қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) болады. Келешек кезеңге жоспар үш бес жылдарға құрылады.
Смета немесе бюджет - ол шамаланған жұмыстарды орындау алдында құрылатын қаржылық құжат. Ол келешектегі қаржылық операциялардың болжауы.
Бюджет - негізделіп жасалған есепке сай, не нәрсеге қол жеткізуге болатынын белгілеу.
Бюджетті шығынның жеткен деңгейінен бастап, өнім бірлігіне жұмсалатын материалдардың, еңбек шығынының бекітілген нормаларын қатал сақтай отырып, бірнеше нұсқа етіп жасайды. Бюджет жасаудың арнаулы орталықтары бар.
Бюджет жасауға зор ықпал беретін басты көрсеткіш - инфляция. Ертеректе, шет елдерде, орын алған инфляцияның күрт өзгерістері үздіксіз жаңарып тұратын бюджеттерді кеңінен қолдануға мәжбүр етті. Бюджет бір жыл бұрын, алдын ала жасалады. Бірінші бақылау кезеңінің соңында, инфляция өзгерісі есепке алынып қалған уақытқа сай қайта қаралады. Келешекте орын алатын инфляцияның болжамды деңгейі есепке алынады. Ол өз кезегінде, келесі жылдың бірінші бақылау кезеңінің құбылмалы бюджетін жасауға негіз болады.
Құбылмалы бюджет - тұрақты және айнымалы шығындарды шектеу жолымен, өнім өндірудегі орын алатын өзгерістерге, яғни өнім өндіру көлемінің өзгерісіне сәйкес, оған жауап ретінде өзгеріп отыру үшін жасалған.
Құбылмалы бюджетке негізделген ауытқулар есебін, бюджетке салынған нақты қол жеткен деңгейдегі шығындардың нәтижесімен салыстырады. Дегенмен, төменде жеке айтылатын смета көлемінде орын алған барлық өзгерістерді ол түсіндіре алмайды. Бұл жерде келесі мәселелер маңызды болып саналады.
1. Құбылмалы бюджет кезең басында алдын ала есептелген өндіріс деңгейіне сәйкес бекітіледі. Бұл бастапқы бюджет.
2. Сосын ол өндірістің нақты деңгейіне сәйкес болу үшін өзгеріске ұшырайды.
3. Нәтижесі нақты шығындармен салыстырылады, айырмасы компанияның тиісті басқарушыларының қарауына ұсынылады.
Бюджеттің бірнеше түрі бар:
+ Дайындау бюджеті,
+ Шығындар бюджеті,
+ Сату бюджеті,
+ Шығыстар бюджеті,
+ Кірістер бюджеті.
Дайындау бюджеті - ТМҚ жабдықтау бюджеті, яғни, өндірісті шикізатпен, қажетті материалдармен қамтамасыз ету. Оны әрбір материалдық құндылық бойынша жеке жеке жасайды. Егер ұйым ұн өнімдерімен жұмыс істейтін болса, онда тәуліктік болса, апталық, он күндік, бір айлық қажеттілік көлемінің бюджеті сұрыптар бойынша жасалынады. Оған қоса әр ұнның сұрпы бойынша бюджет жеке жасалады.
Шығындар бюджеті - қажетті қорлардың нормасын, жабдықьардың өнімділігін, еңбекақыны, дайын өнім өндірісін бюджеттеу.
НҚ, жабдықтарды қолдануды бюджеттеу - табыс салығы, әлеуметтік салық, ЖЗҚ бюджеті.
Сату бюджеті - әрбір өнім түрі, сатып алушы бойынша жасалады, оның ішіне өз дүкені арқылы сату, сату бойынша шығыстар, ақша ағынының бюджеттері де кіреді.
Кірістер бюджеті - алынған жалпы кірісті, одан кейін таза табысты көрсетеді. Кірістер бюджеті бірнеше түрге бөлінеді.
Бюджеттеу - бұл өнім бірлігін жоспарлауда қолданылатын аса қатал талап.
Бюджетті қолдану ұйымдарға келесідей артықшылықтар береді:
1. Ұйым қызметін бақылауға көмектеседі, жоспарсыз басқарушы жағдайды бақылай алмайды, ол тек қана қарастыра алады. Бюджет кәсіпорын қызметінің нақтылығына және мақсаттылығына әсерін тигізетін жоспардың құрамдас бөлігі болып табылады.
2. Басқарушылық бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады, тұтас ұйымның және оның бөлімшелерінің қызмет нәтижелерін бағалауға объективті негізін құрайды. Бюджет болмаса, өткен мерзімдегі көрсеткіштерді ағымдағы көрсеткіштермен салыстыруда қателесуге болады, нақты айтатын болсақ, өткен кезеңдегі көрсеткіштер төмен өндірістік жұмыстың нәтижесін қамтыса.
3. Бюджет кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелерінің қызметтерін үйлестіру құралы болып табылады. Ол жеке бөлімшелердің басқарушыларына тұтас ұйымға көңіл аударып өз қызметін жүргізуді үйретеді.
4. Бюджет - жауапкершілік орталықтардың жоспарының орындалуын және олардың жетекшілерін бағалайтын негізі, менеджерлердің жұмысы бюджетті орындау туралы есеп беру бойынша бағаланады; бюджет мәліметтермен нақты нәтижелері салыстыру менеджерлердің қызметін қай салаға бұру керек екенін көрсетеді. Бюджеттің көмегімен ауытқудың талдауы жасалады.
Бюджетті келесі түрлерге бөлуге болады:
a) Бас жоспар және жеке;
b) Икемді және тұрақты.
Кәсіпорынның барлық қаржылық шаруашылық қызметін қамтитын бюджет бас бюджет деп аталады, бас бюджеттің негізгі мақсаты - жеке бюджет деп аталатын кәсіпорын бөлімшелерінің сметалары мен жоспарларын біріктіру және соммаларын қосу.
Кез келген ұйымның бас бюджеті екі бөлімнен тұрады:
1) Операциялық бюджет. Ол қосалқы сметалар арқылы өткізілген, ұйымдардың табыстары мен шығыстарының баптарын бейнелейтін, табыстар мен шығыстарының жоспарын қамтитын бас бюджеттің бөлігі;
2) Қаржылық бюджет. Ол күрделі жұмсалымды, ақша қозғалысын және болжаулы баланс бюджеттерін қамтитын бас бюджеттің бөлігі.
1.2 Бюджет түрлері мен деңгейі
Бюджеттік жүйе - мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталандырылған ақша қорын - бюджетті-қалыптасу мен пайдалану бойынша заңды, жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы барлық қаржылық қатынастар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс тәсілдері және сол қатынастарды басқару органдарымен қатысты. Басқаша айтқанда, барлық деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген бюджеттік қатынастар қосындысын жүйе деп түсіндіріледі.
2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында күшіне енгізілген жаңа Бюджеттік кодекстің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйе құрамына келесі бюджет түрлері мен деңгейлері кіргізілген:
- республикалық бюджет;
- облыстық бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеті;
- аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қалалар бюджеті).
Бюджеттік заңнамаларға сәйкес бюджеттің барлық түрлері мен деңгейлері дербес болып есептеледі. Бюджеттік жүйе құрылымында Төтенше мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор қарастырылады.
Елдің бюджеттік жүйесінің орталық орнын келесі қаржы жылға Қазақстан Республикасының заңымен бекітілетін республикалық бюджет алады. Республикалық бюджет салықтық және басқа түсімдер арқылы қалыптасқан және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры ретінде анықталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қор негізін мемлекеттің қаржы активтері мен материалды емес активтердің мүлік түріндегі басқа да активтері құрайды. Бұл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру, экономиканы шикізаттық сектордан тәуелділігін және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерін төмендетуге арналған.
Бюджеттік жүйе қызмет атқаруының негізгі келесі қаржылық қатынастары:
- мемлекеттің кәсіпорындармен орталықтандырылған ақша қоры қалыптасу процесі жөнінде;
- мемлекеттің өндірістен тыс саласының мекемелерімен бюджет тарапынан қаржыландыру жөнінде;
- мемлекеттің халықпен бюджет кірісін қалыптасу және әр түрлі өтемақы төлеу мен әлеуметтік жәрдем жасау жөнінде;
- қаржы-банк жүйесінің мекемелері арасында ;
- мемлекеттің шетелдік мемлекеттермен.
Қаржылық қатынастардың барлық бұл формалары мемлекетпен реттеледі, жетілдіріледі және белгілі принциптер мен құқықтық нормалар негізінде басқарылады.
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі ынтымақтық, толығу, бірізділік, басымдылы, шынайшылық, жайдарылық, дербестік, жауаптылық, тиімділік және нәтижелілік принциптерге негізделеді, Бұл принциптер арасында басты болып ынтымақтық және дербестік принциптері саналады, олар бюджеттік процесті ұйымдастырудың да негізгі принциптері болып саналады.Ынтымақтық принцип - бюджеттік жүйенің ұйымдастыру - экономикалық орталықтандыру дәрежесін көрсетеді. Республика аумағында әрекет жасайтын мемлекеттік кірістер мен мемлекеттік шығыстар жалпы біріңғай жүйесі бар екені осы ынтымақтық принцип арқылы дәлелденеді. Бұл принцип бюджеттік жоспарлау әдістемесі мен ұйымдастыру бірлестігіне және жоспарлау мен әлеуметтік-экономикалық болжамдау өзара байланысына кепіл береді. Осы принциптің негізінде заңнамалық, өкілдік органдар жағынан бюджет қаражаттарының қозғалысына тиімді бақылау жүргізіледі,
Толығу принципі - бюджеттер мен Ұлттық қорда республиканың заңнамаларымен қарастырылған, обьективті және сенімді көрсеткіштер негізіндегі кірістер мен шығыстар толық көлемінде болуын қадағалайды. Үкіметте бюджетте қарастырылғаннан басқа ешқандай да кірістер мен шығыстар болуы тиісті емес. Бюджеттің толығу принципімен бюджет-брутто мен бюджет-нетто түсініктері байланысты. Бюджет-брутто мемлекеттің кірістер мен шығыстар бойынша барлық қаржы операцияларын көрсетеді. Ал бюджет-нетто тек қана бюджет баптарының қалдықтарын көрсетеді.
Шынайшылық принцип деген бюджеттің қабылданған көрсеткіштерінің республика мен аймақтардың әлеуметтік - экономикалық дамуының ортамерзімді жоспарлары және ортамерзімді фискалдық саясаттың бекітілген параметрлері мен бағыттарға сәйкестігі. Сондықтан бюджет көрсеткіштерінің шынайшылығы экономика ахуалы және өндіріс көлемін объективтік бағалау мен әлеуметтік - экономикалық даму жоспарының макроэкономикалық көрсеткіштеріне негізделеді.
Бюджет жүйесінің жайдарылық принципі бекітілген бюджет пән оны атқару есебі жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауын керек етеді.
Жергілікті бюджеттердің тиімді іс -- әрекетінің шарттары болып дербестік пен теңгерулік табылады. Бюджеттердің дербестік принципі маңында олардың кірістері өзіндік қайнар көздерінің түсімдері арқылы қалыптастыру мен сол кірістер көлемінде ғана пайдалану бағыттары анықталуы түсініледі. Бұл принципті қолдану әр деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдерді тұрақты түрде бөлуін кірістіру мен олардың жұмсау бағыттарын анықтау.
Федералды мемлекеттерде жергілікті бюджеттердің кіріс пен шығыстары федерация мүшелерінің бюджеттеріне, ал федерация мүшелері өз кірістері және шығыстарымен федералды бюджетке кірмейді. Біртұтас мемлекеттерде жергілікті бюджеттер өз кірістері және шығыстарымен республикалық бюджетке кірмейді, яғни олар дербесті болады. Жоғары экономикалық және әлеуметтік тиімділікке жету үшін шығыстар неғұрлым жергілікті әкімшілік - аумақтық бірлікке жақын болуы қажет, себебі сол бірлік мүдделеріне жұмсалатын шығыстар [4].
Қазақстан Республикасында, екі буынды бюджеттік жүйе қолданылады - республикалық бюджет және жергілікті бюджеттер.
Бюджеттік құрылым. Бюджеттік қатынастар мен бюджетаралық байланыстар
Мемлекеттің кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен халық арасындағы қаржылық қатынастарды бюджеттік қатынастар деп атайды. Бұл қатынастардың қаржылық қатынастар бөлігі ретіндегі ерекшелігі, біріншіден, олар мемлекет қатысатын бөліс процесінде болуынан, екіншіден, олар жалпы мемлекеттік мұқтаждықты қамтамасыз етуге арналған ақша құралдарының орталықтандырылған қорда қалыптастыру және пайдалану байланысынан тұрады.
Бюджеттік құрылым - ол елдің мемлекеттік бюджеті мен бюджеттік жүйені ұйымдастыруы және олардың өзара байланысының ұйымдастырушылық формалары.
Бюджеттік құрылым елдің мемлекеттік құрылымдық формасымен анықталады және биліктің орталық пен жергілікті органдарының республикалық және жергілікті бюджеттерді құрастыру, қарау, бекіту мен атқару, кірістер мен шығыстарды бөлу жөніндегі өкілеттіліктерін реттейтін құқықтық нормаларға негізделеді. Бұлар бюджеттік жүйенің буындарын құрайды, ал олардың өзара байланысы бюджетаралық қатынас механизмі арқылы іске асады.
Бюджеттік процесті ұйымдастырудың негізі. Бюджеттік процестердің кезеңдері
Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс өз алды мемлекеттік орталық және жергілікті органдардың, бюджеттік процестің қатысушыларының бюджеттер мен Ұлттық қор болжамын жасау мен қарастыру, оларды бекіту мен атқару және бақылау жөніндегі әрекеттерін тізбектелген және реттелген түрде іске асыруды көрсетеді.
Егеменді мемлекеттің бюджеттік процесі әрекеттегі бюджеттік заңнамаларға сәйкес ұйымдастырылады. Республикада бюджеттік процесті ұйымдастыру келесі принциптерге негізделеді:
- тұтастық - оның маңында біріңғай құқықтық база, бюджеттік жіктелу, бюджеттік пен статистикалық ақпаратқа қажетті бюджеттік құжаттар формаларының бірлігі және ақша жүйесінің бірлігі;
- дербестік - оның маңында бюджеттік процеске әрбір қатысушы өз әрекетін өз еркі ұйымдастырады және сол әрекет кірістердің өзіндік қайнар көздері барлығымен және оларды пайдалану бағыттарын анықтайтын құқықпен қамтамасыз етуіне;
- теңгерушілік - оның маңында барлық бюджеттердің кірістері мен шығыстары арасындағы арақатынастарды дұрыс тағайындалуында.
Бюджет Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық ортамерзімді даму жоспары мен Республика Президентінің Қазақстан халқына арналған жылсайынғы Жолдауының есебімен құрастырылған аумақтардың даму бағдарламалары негізінде қалыптасады.
Бюджеттік процестің ұйымдастыруы бюджеттік жоспарлау бойынша өкілетті орган - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің келесі қаржы жылға арналған бюджет саясатының негізгі бағыттары мен мемлекеттің нығайланған қаржы жоспарының жобасын дайындаудан басталады. Жоба жыл сайын Қазақстан халқына арналған Республика Президентінің Жолдауы, ортамерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары, аумақтардың даму бағдарламалары, бюджетті атқарудың ағымдық бағалауы, макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы, ақша-несиелік пен фискалдық саясаттың негізгі бағыттарының негізінде жасалады.
Жалпы айтқанда бюджеттік процесті іске асыру бюджеттік іс-әрекеттің келесі кезеңдерін құрайды:
1. Бюджет жобасын құрастыру;
2. Бюджетті қарау және бекіту;
3. Бюджетті атқару;
4. Бюджетті атқару жөнінде есеп беруді құрастыру мен оны бекіту [5].

1.3 Бюджеттің функциялары
Өндірістік қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның өндірістік міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыруын қамтамасыз ететін құрылымдық элементтер мен өзара байланысты функциялардың жиынтығын білдіреді.
Өндірістік қызметті басқару ең алдымен жиынтық функциялар арқылы жүзеге асырылады. Ол көп қырлы әрі әр түрлі объектілерді, қызмет түрлерін, міндеттерді және т.б. қамтуы мүмкін. Бұл қатынаста басқару функциясын мына белгілер бойынша жіктеуге болады:
+ Ұйымның алдына қойған мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ететін операцияларды жоспарлау;
+ Әр түрлі қызмет түрлерін және бөлімшелерді үйлестіру, тұтас ұйым бойынша топтардың және жеке қызметкерлердің мүдделерін бір арнаға салу;
+ Өз жауапты орталықтардың мақсаттарына жеткізу үшін барлық деңгейлердегі басшыларды ынталандыру;
+ Ағымдағы қызметті бақылау және жоспарлы тәртіпті қамтамасыз ету;
+ Жауапты орталықтар мен оның басшыларының жоспарды қалай орындағанына баға берудің негізі;
+ Менеджерлерді оқыту құралы;
+ Ақпарат және басқару;
Жоспарлау - маңызы зор жоспарлы шешім әдетте бағдарламаны әзірлеу барысында жасалады, ал бюджетті әзірлеу процесі мәні бойынша осы жоспарларды нақтылаушы болып табылады.
Жылдық бюджетті жасау процесі алдағы кезең жоспарларын нақтылай түседі, өйткені басшылар алдағы кезең жоспарлары нақтылыққа айналуы үшін ретімен толық жоспарлар жасауы керек.
Үйлестіру - әрбір жауапты орталықтың қызметі басқа жауапты орталықтардың жұмысына байланысты болып, бір біріне әсерін тигізіп отырады. Сондықтан да жеке қызмет түрлерінің бюджетін әзірлеу процесінде ұйымның ортақ мақсатына ұмтылатын бөлімшелердің ұйымшылдықпен, яғни келісімге келіп жұмыс істеулерін үйлестіреді. Өндіріс жоспары маркетинг бөлімінің жоспарымен үйлестірілуі аса маңызды, яғни жоспарланған сату көлеміне сай өнім өндіру аса қажет.
Ынталандыру - бюджетті жасау процесі тұтас ұйымның да, жауапты орталықтардың да мақсаттарын жүзеге асыруға басшыларды ынталандырудың аса қуатты құралы болуы мүмкін. Әрбір басшы өзінің жауапты орталығының қызметінен қандай нәтиже күтетінін анық білуі керек.
Бақылау. Бюджет - оны қалыптастыру, яғни жасау сәтінде қалаулы нәтижелер туралы есеп беруді білдіреді. Мұқият әзірленген бюджет - ең жақсы стандарт. Онымен нақты қол жеткен нәтижелерді салытырады, өйткені ол өзіне әзірлену кезінде болжам жасалған барлық өзгермелілердің тиімділігіне баға беруді де қосады.
Нақты деректерді бюджетпен салыстыру қай салаға назар аударып, әрекет ету керектігін көрсетеді. Бюджет деректері мен нақты нәтижелерінің арасындағы ауытқудың талдау мыналарға мүмкіндік тудырады:
* Бірінші кезекте назар аударуды талап ететін проблемалық саланы сәйкестендіру;
* Бюджетті әзірлеу процессінде қарастырылмаған жаңа мүмкіндіктерді анықтау;
* Бастапқы бюджеттің біршама деңгейде нақты еместігін көрсету.

Бағалау. Ай сайын анықталатын бюджеттегі ауытқулар жыл бойы бақылауға алынады. Бір жылдың нақты деректерімен бюджетті салыстыру әрбір жауапты орталықтар мен бағалаудың басты факторы болып табылады. Бірқатар ұйымдарда менеджерлердің сыйақысы оның жауапты орталығы бойынша жағымды ауытқуының белгілі бір проценті ретінде есептеледі.
Басшылардың жұмысы әдетте олардың сметаны орындаудағы жетістіктерімен бағаланады. Бірқатар кәсіпорындар өз қызметкерлеріне негізгі сметада белгіленген мақсатқа жетудегі қабілеттеріне қарай сыйақы тағайындалады.
Оқыту - бюджет менеджерлерді оқытуға да қызмет етеді. Бюджетті жасау әркімнің өз бөлімшелерінің қызметін толық зерделеп, басқа жауапты орталықтармен қалай қарым қатынас жасайтынын білуге мүмкіндік тудырады. Өз саласының жылдық бюджетін әзірлеуде тәжірибесі бар әрбір адам бұл процесстің үйретуші жағын бағалай білуі керек.
Бюджеттік бақылау үш сатыдан тұрады:
1) Жоспарлауға әзірлеу;
2) Жоспарлау;
3) Бақылау.

Жоспарлауға әзірлеу - жеке келіссөздер мен талқылауларды талап ететін процесстің аса маңызды бөлігі. Фирманың мақсаттары мен саясаты бастан аяқ баян етілуі керек, өйткені әр түрлі ұйымдардың мақсаттары әр қилы болады.
Жоспарлау - жоспарлау процесі шектеуші факторларды іріктеуден басталады. Көптеген кәсіпорындар үшін бұл бәсеке аумағы мен клиент санын қоса ескеріп нақты қол жеткізуге болатын сату көлемі болуы мүмкін.
Бақылау - не жоспарланды және нақты не болды, осылардың арасында айырмашылық болғанда қолға алынатын әрекет. Бақылауды жүзеге асырмас бұрын, ең алдымен қол жоспар болуы шарт. Бақылау нақты іс пен жоспардың арасындағы айырмашылық алдын ала анықталған белгілі бір саладағы ауытқудың аясынан шығып кеткенде жүргізіледі. Бюджеттік бақылау нақты шаманы жоспарлы шамамен салыстырады.

1.4 Бас және функциялық бюджеттердің құрылымы
Бас бюджет тұтас ұйым бойынша барлық бөлімшелер немесе функцияларды үйлестіретін жұмыс жоспары және ол екі негізгі бюджеттен - оперативті және қаржылық бюджеттен тұрады.
Бюджеттік жоспарлауға жататындар: барлық жауапты орталықтарды жоспарлау, қызметті бағалау барысында қолданылатын көрсеткіштерді анықтау, жаңа жағдаймен байланысты жоспардағы ықтимал өзгерістерді талқыға салу, ұсыныстарды ескеріп, жоспарға түзету енгізу.
Міндеттерге байланысты бюджет түрлерін атап көрсетуге болады:
* Бас жоспар және жеке
* Икемді және тұрақты
Бас бюджет кәсіпорынның барлық қаржылық шаруашылық қызметін қамтиды. Бас бюджеттің негізгі мақсаты жеке бюджет негізінде бөлімшелерінің сметалары мен жоспарларын біріктіру және жинақтау.

Бас бюджетті жасау нәтижесінде мыналар жасалады:
* Болжаулы баланс;
* Табыс пен залал жоспары;
* Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы жоспар.
Кез келген ұйымның бас бюджеті екі бөлімнен тұрады:
1) Ұйымдардың кіріс және шығыс баптарын бейнелейтін қосалқы сметалар арқылы нақтыланған пайда және залал жоспарын қамтитын операциялық бюджет;
2) Капитал жұмсау, ақшалай қаражаттың қозғалысы және болжаулы баланс бюджеттерін қамтитын қаржы бюджеті.
Бас бюджеттің құрылымы, әсіресе оның операциялық бөлігі әзірлеушінің біліктілігі мен тәжірибесіне қарай бюджетті жасау процесі кәсіпорынның қаржылық құрылымымен интеграцияланатын ұйымдастыру деңгейінің мөлшері, бюджет мәні болып табылатындықтан ұйымның қызмет түрлеріне көп байланысты.
Бас бюджет бұл кәсіпорын қызметінің мақсаттарына қол жеткізуге аса қажетті маркетингтік және өндірістік жоспарлардың қаржылық және сандық тұрғыдан анықталған көрінісі.

2 Бөлім. Кәсіпорын бюджеті және бюджетті жоспарлау
2.1 Бюджетті жоспарлау мен болжаудың ролі және мақсаттары
Бюджеттік құралдардың қалыптасу, бөлісу және пайдалану ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджет баланысы. Бюджет тапшылығы
Бюджетті жоспарлау негіздері
Бюджеттік жоспарлау мен болжау
Бюджеттік бақылауды құқықтық реттеу
«ҚарағандыЭлектроМонтаж» ЖШС бюджетін құру
Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі және бюджеттік қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері
Қазақстан Республикасындағы қаржылық жоспарлау мен оның әдістері.
Кәсіпорын бюджетін қалыптастыру әдісі
Бюджет процессі
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі және оның сараптамасы
Пәндер