Әлемдік экономикалық қатынастар түсінігі
КІРІСПЕ
3
1 ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТҮСІНІГІ 5
1.1 Әлемдік экономикалық қатынастардың пайда болуы, даму бағыттары 5
1.2 Әлемдік экономикалық қатынастардың мазмұны, құрылымы 7
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢІСТІККЕ ЕНУІ ЖӘНЕ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ 12
2.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орны 12
2.2 Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі, орны және ТМД елдері арасындағы экономикалық кеңістіктің дамуы 13
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА ЕНУІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 18
3.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер 18
ҚОРЫТЫНДЫ
23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
25

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады.
Соңғы 50 жылдықтағы әлемдік шаруашылылықтың үдерісі әлемдік экономикалық қатынастардың серпінді дамуымен тығыз байланысты. Әлемдік шаруашылыққа әсер етіп оны түбегейлі өзгертетін басты үдерістер, әлемдік шаруашылық пен капиталдың, қоғам мен адамдардың тіршіліктерінің негізгі түрлерінің интернационалдануы және ғаламдануы.
Әлемдік дамудың түбегейлі заңдылығы дүниежүзілік экономиканың өздігінен дамушы жүйе ретінде біртұтастығында және оның өзара байланысының тұрақты артуында.
Сонымен қатар бұл жүйенің кейбір бөліктері көлемдік және құрылымдық сипаты бойынша әлемдік шаруашылықтың қатынастарға әр түрлі енгені. Қандай да болмасын елдің, оның жеке аймағының әлемдік маңызы оның экономикалық әлуетімен, әлемдік тауар өндіру, технология, қаржы жүйесіндегі орнымен, жалпы экономикалық серпінділігімен анықталады.
Әлемдік экономикалық қатынастар – жалпы экономикалық жүйенің басты компоненті. Әлемдік экономикалық қатынастардың біріншіден, әлемдік экономикалық қатынастардың өзі, яғни әр түрлі елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы экономикалық байланыстар, екіншіден, бұл байланыстарды іске асыратын тетіктер жатады.
Әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне жеке елдер, интеграциялық бірлестіктер, сонымен қатар жеке кәсіпорындар арасындағы материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбас жасау және тұтыну бойынша өтелетін қатынастар тетігі кіреді.
Қазіргі, әлемдік экономикалық қатынастардың дамуының алғы шарты – әлемдегі жұмыс күшінің табиғи ресурстардың, техникалық құралдардың негізгі және айналым капиталының ғылыми – техникалық әлуеттің орналасуындағы географиялық және тарихи қалыптасқан теңсіздік болып саналады. Әлемдік сыртқы экономикалық қызмет барлық елдерде бірнеше функциялар атқарады: ұлттық және әлемдік экономикалық дамудың деңгейін теңестіруге әсер етеді; ұлттық және әлемдік өндіріс шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді; әлемдік еңбек бөлінісінің артықшылықтарын іске асырады, және соның негізінде, ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына әсер етеді.
Бұл функциялар Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметіне де тән. Сонымен бірге олардың Қазақстанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олар, бір жағынан ұлттық экономиканың осы заманғы даму кезеңімен, оның реформалануымен, нарықтық қатынастардың дамуымен, екінші жағынан Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялану үдерісінің тереңдеуіменде анықталады. Оған тек қана шикізаттарды экспорттау және дайын өндірістік тауарларды импорттау негізінде сыртқы сауда айналымын кеңейту ғана емес, сонымен қатар әлемдік өндірістік, ғылыми – техникалық, инвестициялық ынтымақтастықка кіруі, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың сыртқы экономикалык қызметке кең түрде қатысуы тән.

1. Авдокишин Е. Международные экономические отношения.-М.-«Маркетинг»,2006.-300с.
2. Алшанов Р. Жаһандық экономика және Қазақстан// Егемен Қазақстан.-2008.- 28-ақпан.-5б.
3. Аубакиров Я. Экономикалық теория негіздері.-Алматы.-2004.-360б.
4. Арынов Е. Международные экономические организации и экономические союзы.-Алматы, 2007.-300б.
5. Булатов К. Мировая экономика.-М, «Экономикс», 2007.- 480с.
6. Джапаркулов Д. Перспективы развития международных связей Казахстана со сторонами СНГ// Транзитная экономика.-2008.-№1.- с.45
7. Дукенов К. Международная позиция Казахстана// Юридическая газета.-2008.-21 марта.-с.3
8. Исмайлова А. Ретроспектива и тенденции развития экономической интеграции// Саясат.-2008.-№12-с.9
9. Кошаганов А. Интеграция Казахстана в международную торговую систему и ВТО// Транзитная экономика. – 2008.- №5.-с.19
10. Кулекеев Ж. Экономика Казахстана в условиях мирового кризиса// Транзитная экономика.-2007.-№1.-8с.
11. Мамыров Н. Әлемдік экономикалық қатынастар.-Алматы.-Экономика.-1999.-300б.
12. Назарбаеав Н. Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы// Саясат.-2006.-№2.с.7
13. Нәбиев Е. Әлемдік экономикалық қатынастар.-Астана, 2001.-300б.
14. Нурпейсова Ж. ТМД елдеріндегі экономикалық реинтеграция мәселелері мен ерекшеліктері // Саясат.- 2009.- .-№2-9б.
15. Раджаев К. Мировая экономика/ Учебник.-«Юнити».- 2007.-450с.

ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТҮСІНІГІ 5
1.1Әлемдік экономикалық қатынастардың пайда болуы, даму бағыттары 5
1.2Әлемдік экономикалық қатынастардың мазмұны, құрылымы 7
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢІСТІККЕ ЕНУІ ЖӘНЕ 12
ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
2.1Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орны 12
2.2Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі, орны және ТМД 13
елдері арасындағы экономикалық кеңістіктің дамуы
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА ЕНУІНДЕГІ 18
МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі 18
мәселелер
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25
КІРІСПЕ
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық
қоғамдастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып,
жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік
экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік
қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады.
Соңғы 50 жылдықтағы әлемдік шаруашылылықтың үдерісі әлемдік
экономикалық қатынастардың серпінді дамуымен тығыз байланысты. Әлемдік
шаруашылыққа әсер етіп оны түбегейлі өзгертетін басты үдерістер, әлемдік
шаруашылық пен капиталдың, қоғам мен адамдардың тіршіліктерінің негізгі
түрлерінің интернационалдануы және ғаламдануы.
Әлемдік дамудың түбегейлі заңдылығы дүниежүзілік экономиканың
өздігінен дамушы жүйе ретінде біртұтастығында және оның өзара байланысының
тұрақты артуында.
Сонымен қатар бұл жүйенің кейбір бөліктері көлемдік және құрылымдық
сипаты бойынша әлемдік шаруашылықтың қатынастарға әр түрлі енгені. Қандай
да болмасын елдің, оның жеке аймағының әлемдік маңызы оның экономикалық
әлуетімен, әлемдік тауар өндіру, технология, қаржы жүйесіндегі орнымен,
жалпы экономикалық серпінділігімен анықталады.
Әлемдік экономикалық қатынастар – жалпы экономикалық жүйенің басты
компоненті. Әлемдік экономикалық қатынастардың біріншіден, әлемдік
экономикалық қатынастардың өзі, яғни әр түрлі елдердің шаруашылық жүргізуші
субъектілері арасындағы экономикалық байланыстар, екіншіден, бұл
байланыстарды іске асыратын тетіктер жатады.
Әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне жеке елдер, интеграциялық
бірлестіктер, сонымен қатар жеке кәсіпорындар арасындағы материалдық
игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбас жасау және тұтыну бойынша
өтелетін қатынастар тетігі кіреді.
Қазіргі, әлемдік экономикалық қатынастардың дамуының алғы шарты –
әлемдегі жұмыс күшінің табиғи ресурстардың, техникалық құралдардың негізгі
және айналым капиталының ғылыми – техникалық әлуеттің орналасуындағы
географиялық және тарихи қалыптасқан теңсіздік болып саналады. Әлемдік
сыртқы экономикалық қызмет барлық елдерде бірнеше функциялар атқарады:
ұлттық және әлемдік экономикалық дамудың деңгейін теңестіруге әсер етеді;
ұлттық және әлемдік өндіріс шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді;
әлемдік еңбек бөлінісінің артықшылықтарын іске асырады, және соның
негізінде, ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына әсер етеді.
Бұл функциялар Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық
қызметіне де тән. Сонымен бірге олардың Қазақстанда өзіндік ерекшеліктері
бар. Олар, бір жағынан ұлттық экономиканың осы заманғы даму кезеңімен, оның
реформалануымен, нарықтық қатынастардың дамуымен, екінші жағынан
Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялану үдерісінің тереңдеуіменде
анықталады. Оған тек қана шикізаттарды экспорттау және дайын өндірістік
тауарларды импорттау негізінде сыртқы сауда айналымын кеңейту ғана емес,
сонымен қатар әлемдік өндірістік, ғылыми – техникалық, инвестициялық
ынтымақтастықка кіруі, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың сыртқы
экономикалык қызметке кең түрде қатысуы тән.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, курстық жұмыстың тақырыбының
мазмұнын ашуда төмендегідей міндеттер мен мақсаттар алға қойылып отыр:
– әлемдік экономикалық қатынастардың қалыптасу негізін зерттей отырып,
әлемдік экономикалық қатынастардың құрылымы, қызметтерін көрсету;
– әлемдік экономикалық қатынастардағы халықаралық экономикалық
ұйымдардың роліне сипаттама беру;
– Қазақстанның әлемдік – экономикалық қатынастарға ену жолдарын
қарастыру.
1. ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТҮСІНІГІ
1.1 Әлемдік экономикалық қатынастардың пайда болуы, даму бағыттары
Осы заманғы әлемдік шаруашылық бұл нарық экономикасының объективті
зандылықтарына бағынатын, өзара тығыз байланысты және әрекеттестіктегі
ұлттық экономикалардың жиынтығы, ғалами экономикалық организм.
Әлемдік шаруашылық өзінің қалыптасуы мен дамуында ұзақ және қиын
жолдардан өтті. Кейбір зерттеушілер оның пайда болуын Рим империясы
кезеңіне жатқызады.
Басқа ғалымдар әлемдік шаруашылықтың пайда болуының есебін ХҮ-ХҮІ
ғасырлардағы ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуынан бастап жүргізеді.
Негізінде осы жаңалықтар асыл бұйымдармен, құнды металдармен,
құралдармен әлемдік сауданың дамуына алып келді.
Бірақ ол кезеңдегі әлемдік шаруашылық, саудагерлік капиталды салу
саласы ретінде шектеулі болды.
Осы заманғы әлемдік шаруашылылық өндірістік төңкерістен кейін
капитализм өзінің монополистік кезеңіне көшуімен байланысты пайда болды.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы әлемдік шаруашылықтың XX
ғасырдың 60 – 90 – жылдарындағы әлемдік шаруашылықтан көп айырмашылығы
бар. [1; 7б.]
XX ғасырдың бірінші жартысындағы әлемдік шаруашылық капитал күшімен
емес, көп жағдайда ашық күшке, экономикалық емес зорлауға негізделген
болатын. Бұл кезеңде әлемдік шаруашылықта оны тұрақсыз қылатын қарама –
қайшылықтар болды. Бұлар империалистік мемлекеттер арасындагы және
өнеркәсібі дамыған елдер мен дамушы елдер арасындағы қарама – қайшылықтар.
XX ғасырдың орта кезеңінде әлемдік шаруашылық екі бөлікке бөлінді:
әлемдік капиталистік және социалистік шаруашылық. Әлемдік экономикалық
байланыстарда әлемдік капиталистік шаруашылық басты орын алды: 90-
жылдардың басында әлемдік сауданың 910 әлемдік капиталистік шаруашылықтың
шеңберіндегі тауар айналымы құрады, әлемдік экономикалық айырбастың
арналары арқылы 80-жылдардың аяғында капиталистік дүниенің жиынтық жалпы
өнімінің 15 өткізілді. [1; 9б.]
Бұрынғы социалистік елдерде әлемдік ұлттық табыстың 13, оның ішінде
Өзара Экономикалық Көмек Кеңесіне мүше елдерде 14 бөлігі өндірілді.
60–жылдардан бастап әлемдік шаруашылық жүйесіне дамушы елдер кірді.
Олардың ішінен 70–жылдардың ортасында Оңтүстік Шығыс Азия және Латын
Америкасында жаңа индустриялық елдер (ЖИЕ) – ерекшеленіп шыға бастады.
Оларға төрт кіші айдаһар деп аталатын Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг,
Сингапур және Бразилия, Мексика, Аргентина жатады.
Кеңестер Одағы тарап, Шығыс Еуропа елдерінде революциялық өзгерістер
болғаннан кейін әлмдік шаруашылық біртұтас кұрылым сипатын ала бастады.
Қалыптасып келе жаткан әлемдік шаруашылық, біркелкі емес, және оның
құрамына, өндірісі дамыған, дамушы және өтпелі экономикалық жүйедегі елдер
кіреді.
XXI ғасыр қарсаңындағы әлемдік шаруашылық XX ғасырдың ортасындағыға
қарағанда, өзінің көптеген қарама – қайшьшықтарын және әр түрлі даму
үрдістерін сақтай отырып біртұтас интеграцияланған, серпінді болып
табылады.
XXI ғасырдың карсаңындағы әлемдік шаруашылық – өзінің көлемі жөнінен
ғалами, нарық экономикасы принциптеріне, әлемдік енбек бөлінісінін
объективті зандылықтарына, өндірістің интернационалдануына негізделген.
Әлемдік шаруашылықтың екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
онжылдықтардағы басты даму бағыттарының бірі болып, көптеген елдердің тұйық
ұлттық шаруашылықтан, сыртқы нарыққа бейімделген ашық үлгідегі экономикаға
кірігуі табылады.
Осы заманғы қарқынды еларалық экономикалық байланыстар денгейін
төмендегілер көрсетеді: әлемдік шаруашылықта әлемдік еңбек бөлінісі
дәрежесінің терендігі; әлемдік шаруашылықтық байланыстардың серпінділігінің
күшеюі және көлемінің өсуі. Оған 90-жылдардағы әр жылғы әлемдік сауда
көлемінің тұрақты өсуі (6%-дейін), 10 трлн. долларға жақындаған абсолюттік
көлемі куә. Бұндай қорытынды жасауға шетел инвестициясы және әлемдік
капитал қозғалысы көлемінің өсуі, әлемдік өндіріс көлемінің және технология
мен ғылыми – техникалық және экономикалық ақпаратпен айырбас ауқымының
артуы мүмкіңдік береді; дәстүрлі әлемдік дайын бұйымдармен сауданың
көлемінің артуы, сипатының сапалық өзгеріске ұшырауы. Ол таза коммерциялық
сипаттан ұлттық өндірістік үдеріске қызмет көрсету құралына айналды.
XX ғасырдың соңғы ширегінде бүкіл әлемді орап алған қаржы капиталының
қарқынды өсу сипаты. Осы заманғы әлемдік экономиканың ХХ-ХХІ ғасырлар
тоғысындағы қаржылық сипаты, әлемдік ақша айналымы көлемі нақты
экономиканың жалпы өнімнің он есе басым.
Қаржы капиталының толқыны әлемдік экономика кемесін суға батыруға
жақын Ол елдік, аймақтық, әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында. Әлемдік
қаржы капиталы дүниежүзілік жалған капитал пирамидасын онан сайын
тарқатып отыр. Қаржы капиталы көлемі нақты экономикадан бұрынғыдан да көп
қашықтауда. Бұл қарама – қайшылықты тендестіру үшін пирамида құрылысына
дамып келе жатқан қаржы нарықтары, оның ішінде бұрынғы социалистік елдер
нарықтары тартылуда.
Әлемдік шаруашылықтың XX ғасырдың екінші жартысындағы
ерекшеліктерінің бірі әлемдік экономикалық қатынастардың қарқынды дамуы
болып табылады. Әр түрлі елдер, елдер тобы, экономикалық топтар, жеке
фирмалар мен ұйымдар арасындағы экономикалық қатынастар кеңіп, тереңдей
түседі. Бұл үдерістер әлемдік еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылыктық
өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономикалардың ашықтығының артуынан,
бір-бірін толықтыруынан, бір-бірімен біте қайнасып жақындасуынан, аймақтық
әлемдік құрылымдардың дамуы мен нығаюынан көрінеді.
1.2 Әлемдік экономикалық қатынастардың мазмұны, құрылымы
Бұл өзара әрекет ету, жақындасу, ынтымақтасу қарама – қарсы
диалектикалық сипатқа ие. Әлемдік экономикалық қатынастардың диалектикасы
мынада, жеке елдердің ұлттық экономикалық тәуелсіздікке, ұлттық
шаруашылықты нығайтуға ұмтылуы, нәтижесінде әлемдік шаруашылықтың
интернационалдануына, ұлттық экономикалардың ашықтығына, халықаралык еңбек
бөлінісінің тереңдеуіне алып келеді.

қозғаушы күші.

Әлемдік экономикалық қатынастардың дамуының алғы шарты – әлемдегі
жұмыс күшінін, табиғи ресурстардың, техникалық құралдардың негізгі және
айналым капиталының, ғылыми – техникалық әлуеттің орналасуындағы
географиялық және тарихи қалыптасқан теңсіздік болып саналады.
Негізінде әлемдік экономикалық қатынастар олардың субъектілерінің
әлемдік еңбек бөлініске қатысу жолымен іске асырылады.
Әлемдік экономикалық қатынастарды іске асыруға сонымен бірге саяси,
әлеуметтік – экономикалық, құқықтық және басқа да факторлар әсер етеді.
Әлемдік экономикалық қатынастардың макродеңгейіндегі тетігіне оларды
іске асыруға байланысты ұйымдық, құқықтық нормалар мен құралдар (әлемдік
экономикалық келісім шарттар мен келісімдер және т.б.), әлемдік
экономикалық ұйымдардың әлемдік экономикалық қатынастарды мақсаттарына
жеткізу үшін үйлестіре дамытуға бағытталған қызметі кіреді.
Осы заманғы әлемдік экономикалық қатынастар елеулі, тұрақты, мемлекет
аралық реттеуді талап етеді. Әлемдік экономикалық қатынастарды іске
асырудың микродеңгейін әлемдік маркетинг жүйесі және сыртқы экономикалық
қызметті ұйымдастыру мен оның техникасы кіреді. Әлемдік маркетинг, жалпы
(ішкі) маркетингпен сырттай ұқсастығы болғанымен, кәсіпкерлікті әлемдік
деңгейде баскарудың айрықша кұралы ретінде көрінеді. Оның айрықша сипаты
ұлттық нарықтардың ерекшеліктерін, сонымен бірге тауарлар мен қызметтердің
әлемдік нарығының зерттеу әдістерімен білінеді.
Әлемдік экономикалық қатынастардың құрылымына мыналар кіреді:
– Әлемдік еңбек бөлінісі.
– Тауарлар және қызметтермен әлемдік сауда.
– Капиталдар мен шетел инвестицияларының әлемдік қозғалысы.
– Әлемдік жұмыс күшінің миграциясы.
– Әлемдік валюталық – қаржылық және несиелік қатынастар
– Әлемдік экономикалық интеграция. [4; 9б.]
Әлемдік экономикалық қатынастар жеке елдер немесе әлемдік экономикаға
негізделе отырып көп жағдайда олардың дамуына байланысты болады.
Бірақ, әлемдік экономикалық қатынастар дами келе, өз заңдарына
бағынатын дербес кұбылысқа, әлемдік шаруашылықтың әрекет ету және даму
түріне, оның ішкі тетігіне айналады.
Әлемдік экономикалық қатынастардың қызметтері келесілермен көрінеді:
– Әлемдік экономикалық қатынастар халық шаруашылығының прогрессивті
салаларын дамыту жолымен қоғамдық өндірістің құрылымын жетілдіруге,
бүкіл өндірісті қайта техникалық жарақтандыруға мүмкіндік береді.
Себебі экспортқа өнім шығару бүкіл өндірістік үдерістің технологиясын
өзгертуді талап етеді;
– Экспортқа бейімделген ғылымды қажетсінетін өндіріс салаларын
дамытуға жағдай жасайды. Экспортга ғылымды қажетсінетін тауарлардың
үлес салмағы жоғарылайды;
– Экспортта қызметтің үлес салмағы (электронды есептеу машиналары үшін
бағдарламалар), әлемді жеке елдердің ақпараттық экспансиялауы іске
асады;
– Әлемдік несие орталықтары ретінде банктердің ролі артады, олар ішкі
шаруашылықты ғана емес, әлемдік шаруашылық байланыстарының барлық
түрлерін бақылайды;
– Өндірістің техникалық және технологиялық деңгейінің артуына
байланысты ішкі және сыртқы нарықта өте сапалы тауарлар өткізіледі.
Нарықта бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде тауар сапасы алға
шығады;
– Елге шетел капиталының келуі артады. Оның себебі несиелік пайыздың
мөлшерінін жоғарылығы, жалақы деңгейінің айырмашылығында ұлттық
ерекшеліктерді, олардың мамандануын пайдалану және т.б. болып
табылады;
– Патенттер, лицензиялар, ноу-хаулар экспорты ұлғаяды. Ол ғылыми
зерттеу, ғылым үшін кадрлар дайындау щығындарын үнемдеуге мүмкіндік
береді;
– Әлемдік экономикалық қатынастар шикізатқа және басқа да ресурстарға
бай, жаңа елдерді экспансиялауға мүмкіндік береді;
– Әлемдік экономикалык қатынастар жұмыс күшін экспорттауға мүмкіндік
береді. Шеберлігі жоғары жұмысшыларға көп еңбек ақы беру жолымен
немесе өте арзан жұмыс күші экспортталады.
Халықаралық ұйымдардың дамуы мен қалыптасуы – шаруашылық өмірді
интернационализациялауға көшірудің глобалды бағытын көрсету және халықтар
арасындағы экономикалық жақындасудың объективті процесі. Қазіргі кезде
халықаралық ұйымдардың бірнеше түрлері құрылды: ол ұйымдар глобальды
сиптатта БҰҰ-ға кіретін әлемдік институттар, ұйымдар болды.
Оның қалыптасу негізіне жататын прнциптер әлеуметтік – экономикалық,
жүйенің бірігуі бойынша, елдердің ұйымға кіруі, аймақтық ұйымдар
т.б.
Қазіргі кезде әлемдегі халықаралық ұйымдардың қызметінің маңызы
өсуде, осы жағдайда бірде-бір мемлекет экономикалық, мәдени, гуманитарлық
дамуда жеке – дара дами алмайды. Елдер арасындағы ең тиімді ұйымдардың
формасы әлемдік институттардың құрылуы.
Халықаралық ұйымдардың мақсаты – оның құрамына қандай елдер кіруімен
ерекшеленеді.
Дамыған капиталистік елдердің ұйымдары сауда, валюта, төлем
балансы, өндірістік қиындықтарды, сондай-ақ трансұлттық корпорациялардың
қызметін кеңейту мәселелерін шешеді.
Әлемдік қаржы экономикалық ұйымдардың маңызы қазіргі әлемде үлкейіп
келеді. Бұл ұйымдардың қызметі әр түрлі әлеуметтік құрылымдағы елдердің
арасындағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталған.
Әлемдік қаржылық – саудаға қатысатын елдер, осы облыста кездесетін
түсініспеушіліктердің себебін іздеуде және оны болдырмау немесе жұмсарту
шараларын қарастыруда. Бұл жағдайда осы проблемаларды шешуде әлемдік
сауданың табиғатына тән екі жақтылық айқын көрінеді. Бір жағынан, олар өз
күштерін сыртқы сауданың дамуы мен кеңею құралдарын іздеуге, екінші жағынан
қарама-қарсы бағыт туындайды – ол бағыт оның орталықтануы, яғни жекелеген
елдер арасында және экономикалық топтастырудағы айырмашылықтар.
Міне, осы екі жақтылық ұжымдық іс-әрекеттің объективті қажеттілігі
жағдайында, өз жолында күрделі қиындықтарға кездесуде. Өзара байланысты,
жинақты сыртқы сауда саясатын ойластыру өзінің ойдағыдай тиімділігін бере
алмады, бірақ та кейбір жетістіктер күрделі қарама – қайшылықтарды
жартылай шешуде.
Әлемдік саудаға қатысатын елдер келісімінде негізгі рол сыртқы
саудадағы протекционизм мен либерализацияны жұмсарту бағыты, сондай-ақ
келісім бойынша әлемдік ұйымдар құруда елдер арасындағы сыртқы сауда
саясатын мемлекетаралық деңгейде реттеу.
Соңғы уақыттағы сауда – саяси тәжірибеде әлемдік экономикалық
байланыстағы проблемаларды қарастыруда, жан – жақты шешімдер көбейді, осы
мәселелерді шешуде әлемдік саудаға тән күрделі қарама – қайшылықтар жиі
кездеседі.

жинақты сыртқы қаржы саясатын ойластыру өзінің ойдағыдай тиімділігін бере

Сауда және тариф жөніндегі Ассоциацияның (ГАТТ) қызметі. Бұл ұйым
(Сауда және тариф жөніндегі бас ассоциация) тариф және сауда келісімі
бойынша 1948 жылы құрылған. Осы ұйымға қатысушы елдердің келісімі бойынша
сыртқы сауданың мемлекеттік реттеу қағидалары мен принциптері
қарастырылған. Бұл ұйым үш негізгі принцип бойынша құрылған:
1) қатысушы барлық елдердің теңдігі;
2) жан – жақты келісім жүргізу арқылы салықты төмендету,
3) импорттық квоталарды жоғалту. [14; 83б.]
Нақты алғанда ұйымның негізгі қызметі тарифтік шектеулер бойынша жан
– жақты келісім жүргізу формасы. Қазіргі кезде ұйымға 100 ел кіреді және
сауданы либерализациялау бағытының дамуы маңызды фактор екеніне ешкімнің
күмәні жоқ. Басқа да ұйымдардан айырмашылығы келісімдердің негізі оның
икемділігінде. Ұйымдағы құқық және міндеттер айырбасы мемлекет келісімі
ретінде қарастырылады, сондықтан да катысушы елдер ұйымның мүшесі ретінде
емес, келісуші елдер деп қаралады.
Ұйымның қызметінің негізгі механизмдерінің бірі жан –
жақты келісімдердің қайта қаралуы бойынша жаңа қағидалардың пайда болуы.
Бұл жағдайда әлемдік саудада мемлекеттік реттеудің жаңа нормалары пайда
болады. Көп уақыт бойы негізгі күші кеден салығын төмендету бағытында болды
да, көптеген жетістіктерге жетті. 7 рет кездесудің нәтижесінде 50-жылдары
25-30% кеден салығынан 1980 жылы 5%-ке дейін төмендеді. [3, 38б.]
ГАТТ-тың көптеген ұйымдастыру сұрақтарын шешудегі күресте, АҚШ және
Еуропалық Одақ өзінің рөлін күшейтуге тырысуда. Олар жұмыс бағдарламасын
қалыптастыруда, шешімдердің механизмін және бірнеше жағдайларды шешуде
тәртіптерді қатаң ұстауда негізгі рычагты босатпау. Бір жағынан, осы
ұйымдастыру реформасының бағытына дамушы елдер кіруде. Бұл күресте маңызды
орынды бақылаушы ұйымдар алады. Халықаралық ұйымдардың ішінде бақылаушы
статусына кіретіндер: ЮНКТАД, ЮНИДО, ФАО, МВФ, МБРР, БҰҰ-ның аймақтық
комиссиялары, сондай-ак, дамыған елдердің аймақтық ұйымдары. [3; 39б.]
Еуропалық экономикалық комиссияның (ЕЭҚ) дүниежүзілік сауда
–экономикалық қатынастағы рөлі. Еуропалық экономикалық комиссияның (ЕЭҚ)
дүниежүзілік сауда – экономикалық қатынастағы рөлі және қызметі.
Қазіргі өзара бағынышты әлемде әлемдік экономикалық байланыстардың
күрделі мәселелерін шешуде барлық елдердің қызығушылығы артуда.
Осы мақсатта бірнеше авторитетті әлемдік экономикалық ұйымдар өзінің
қызметін жүргізуде, олардың ішінде ерекше орын алатыны Еуропалық
экономикалық комиссия (ЕЭК). Ол 1947 жылы кеңестік елдердің бастамасы
бойынша, Еуропа елдерінің соғыстан кейінгі ұлттық экономикасын қалпына
келтіру мақсатында құрылған. [14; 86б.]
Қазіргі кезде ЕЭК сауда – экономикалық ынтымақтастық ұйымы ретінде,
аймақта тәртіп орнату жұмыстарын жүргізеді. Комиссия мүшелері болып 34 ел
кіреді (барлық Еуропа елдері және АҚШ пен Канада). Оның қызметі жалпы
Еуропалық процесстермен тығыз байланысты комиссияның тәжірибесі және
мүмкіншілігі, сондай-ақ оның атына тікелей айтылатын ойлар қорытынды
мәжілісте қаралады.
Ол (ОБСЕ) Еуропалық ынтымақтастықтың қауіпсіздігі жиналысы, оған
қатысушылар екінші кәрзеңкедегі сұрақтарды талқылайды.
Олар: экономика, ғылым, техника, экология сұрақтарын шешу. 1987 жылы
қарашада болған әдейі арналған ЕЭК-дағы оның негізгі басты сұрағы.
Шығыс пен Батыс елдерінің сауда байланыстары. Бұл сұрақтармен сыртқы
сауданы дамыту комитеті шұғылданады.
Сауда мәселесі және өнеркәсіптік ынтымақтастық комиссиясының басқа да
қосымша ұйымдарының қызметімен толықтырылады, олар үздіксіз ЕЭО
сессияларында және де жиылыстар мен симпозиумдарда қаралады. Қорытынды
актының ұсынысы Хельсинки бағдарламасы бойынша сауда облысында бірінші
орынға Батыс-Шығыс сауда – экономикалық байланыстарын дамытуда қолайлы
жағдай тудыру проблемалары тұрды. Ол сұрақтарды шешуде сауда, өнеркәсіп
байланысы, информациялық айырбас, әкімшілік кедергілерді жеңудегі мәселелер
қойылды.
1983 жылы компенсациялық сауданы шешуде, ұзақ мерзімді ірі
масштабтағы байланыстар, дара коммерциялық жұмыстар және тауарды сатып алу
қаралды.
Қазіргі кезде ЕЭК өзінің қызметінде дамудың жаңа кезеңінде түр. Бұл
жерде Батыс және Шығыс елдерінің мүдцелерінің бірдей қорғау ұмытылысы
байқалады, бұрынғы жеміссіз сөзталастың керегі жоқ екенін түсініп, одан
шегіну. Бұл жаңа шараларды қолдану 1986 жылғы Шығыс пен Батыс сауда
байланыстарының болашағын қарастыру мәжілісінде болды. Шығыс-Батыс сауда-
экономикалық байланысы комплексі бір бағытта қаралды.
Жаңа маңызды фактор болып Солонник қаласындағы симпозиумда ЕЭК-ке
мүше елдерінің белсенді топтарының қатысуы, оның проблемаларын жеке –дара
талқылауға мүмкіндік берді.
Комиссияның қызметінің жаңа кезеңінің қалыптасуы оның жаңа
бағыттарының көтерілуі, әр түрлі әлеуметтік жүйедегі елдердің, олардың
арасындағы болашақтағы жаңа экономикалық өзара ықпал ету бағыттарының өсуі.
Халықаралық сауда – экономикалық сұрақтарды реттеуші ұйым – ЮНКТАД –
тың негізгі қызмет ерекшеліктері.
ЮНКТАД көлемінде қарастырылатын негізгі тақырыптары, сондай-
ақ секретариат қызметінің негізгі міндеті төмендегідей:
– дамушы елдердің экспортын кеңейту нәтижесінде өнім мен қызмет
көрсетуді шығарудың бағытын белгілеу, сондай-ақ елдің дамуы
үшін саясат пен шараларды пайдаланып, өздерінде ішкі нарық
ашу мен өндірістік құрылымды өзгерту;
– әлемдік нарықта шикізат тауарын қалыптастыру, дамушы елдердің
көпшілігі бүрынғыдай экспорттық түсуге байланысты болмай, өңдеуге
көбірек қатысуын кеңейту, шикізат тауарын бөлу және өткізу, өз
экономикасын диверсификациялау арқылы жетуі;
– дамушы елдердің экспорттық қуатын ішкі және сыртқы ресурстарды
шығару жолдарымен кеңейту, сыртқа капитал салуды пайдалануды дамыту,
кеме жолдарын дамыту, сондай-ақ сауда және көлік жолдарын
дамытуда ұлттық саясат жүргізу;
– дамушы елдердің экономикасындағы қарыздың ықпалының әлсіреуі және
қысқаруы. [3; 41б.]
–
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢІСТІККЕ ЕНУІ ЖӘНЕ
ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы
орны
Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егемеңді тәуелсіз мемлекет ретінде
дүниежүзінің 120-дан астам елі мойындады. Минералды ресурстарға бай
Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 200-дей біріккен кәсіпорын құрылды.
Өнеркәсібі дамыған елдермен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония,
Оңтүстік Корея т.б.) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге
асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе – Индонезия, Малайзия,
Сингапурмен жасалуда. Ынтымақтастық Таяу және Орта Шығыс еддерімен дамуда.
Оларға: Түркия, Иран, Сауд Аравиясын жатқызамыз. Ресей, Өзбек, Қырғыз
елдерімен экономикалыкқ қатынастар басым бағыттар ұстауда. Еуропа
экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен
стратегиялық мүдделілікті байқатады. Дәстүрлі экономикалық қатынастарды
Қазақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда. Қытаймен
өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан қазіргі
кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізуде.
[7; 3б.]
Қазақстан экономиканы реформалауда шетел капиталын бәсекелестік
негізде тартуды алға қоюда. Ол экономиканың күрделі мәселесін шешіп қана
қоймайды, жаңа технологияны әкелуді, экспорттық өнімнің бәсекелік қабілетін
арттыруды көздеп, ішкі нарықты өзімізде шығарылған тауар мен толтыруды
мақсат етеді.
Әлемдік экономикаға қарай интеграциялану, бүгінгі таңда Қазақстан
экономикасын тығырықтан алып шығудағы жүзеге асырылатын басты міндеттердің
бірі республиканың әлемдік экономикалық қоғамдастыққа тезірек бірігуі болып
отыр. Мұнда біз өз мүмкіндіктерімізді дұрыс бағалап, әлемдік еңбек
бөлінісінде өз орнымызды табуға және осы қоғамдастыққа кіру тәсілдеріне
байланысты болады. Осы күрделі міндеттерді орындау үшін бізде барлық
қажетті алғы шарттар: орасан зор шикізат, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және
маман кадрлар әлеуеті, нарықтық реформаларды белсенді жүргізуге
көмектесетін тұрақты қоғамдық – саяси жағдай сондай – ақ, Қазақстан
басшылығының шаруашылық жүргізудің нарықтық түрлеріне өту қажеттігіне деген
берік сенімі мен осы бағытта қолданылып жатқан шаралар бар.
Қазақстан мемлекетаралық қатынастарға 1992 жылдан бері шығып келеді.
Сол уақыттан бері 40-тан астам мемлекеттің іскер топтарының ресми
адамдарымен және өкілдерімен келіссөздер болды. 20-дан аса сауда-
экономикалық келісімдерге қол қойылды.
Бүгінде республикада 160-тан астам шет ел фирмаларының, банкілерінің,
өзге ұйымдардың өкілдерді тіркелді. Мысалы, АҚШ бізде өзінің 11, Жапония 9,
Швейцария 8, Ұ Ұлыбритания 5 өкілдіктерін ашты. Бұл ретте Германия ең
алдында келеді, оның 22 өкілдігі бар. [7; 4б.]
Сауда – экономикалық, ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық
комиссиялар Германиямен, Қытаймен, Тұркиямен, Израильмен, Иранмен,
франциямен, Үндістанмен және басқа да бірқатар елдермен табысты жұмыс істеп
жатыр.
Қазақстан қазір әлемнің 80-нен астам еліне өнімдер шығарады. Егер
тауар айналымы көлемі туралы айтсақ, онда оның ең үлкен үлесі 22% Қытайға
келеді. Ал батыс жақтағы елдердегі Қазақстан экспорты үлесінің көлемі 60%-
ке таяйды, соның ішінде Германияға 13,5%, Ұлыбританияға 11,6%, Швейцарияға
11%, Нидерландыға-4,7%, Австрияға 2,5% келеді.[1; 29б.]
Соңғы уақытта бірлескен кәсіпорындар саны тез өсуде. Біздің
серіктестеріміздің ішінде белгілі "Шеврон" мұнай – газ өндіретін
компаниялары бар. Шетел капиталын тартпайынша осы заманғы экономиканы тез
құру, оның құрылымдарындағы қиғаштықтарды жою тіпті де мүмкін емес.
Сондықтан республикада шетел инвесторлары үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз
ететін бірқатар заңдар қабылданды. Сырттан келетін капитал үшін
Үндістанмен, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz