Әлеуметтік инфрақұрылым және нарықтық экономика



Кіріспе
I. Әлеуметтік инфрақұрылым
1.1. Әлеуметтік саясат
1.2. Әлеуметтік жобаларға үлес
II. Нарықтық экономика
2.1. Нарықтық экономика артықшылығы
2.2. Нарықтық экономиканың маңызды элементтері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Инфрақұрылым - (латынша инфра - төменгі, астыңғы, структура - құрылыс, орналасу) - экономиканың және адамдардың қызмет етуінің жалпы жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін халық шаруашылығы салаларының жиынтығы (мысалы өндірістік инфрақұрылым - жолдар, көлік, байланыс, электрмен қамту желісі, қоймалар және т.б.; әлеуметтік- тұрмыстық инфрақұрылым - тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, сауда, жолаушылар көлігі және байланыс, білім беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау және т.б.; экологиялық инфрақұрылым - тазалаушы құрылымдар, бөгеттер, дренажды жүйелер, саябақтар және т.б.); материалдық өндіріс пен қоғамның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті ғимараттар, жүйелер мен қызметтердің жиынтығы.
Әлеуметтік инфрақұрылым – материалдық игіліктерді ұдайы өндіру (қызметтер көрсету) үдерісін және халықтың қалыпты тұрмыс жағдайын қамтамасыз ететін салалар тобы. Оған тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды салу және пайдалану, бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру, денсаулық сақтау, білім беру, т.б. жатады. Әлеуметтік инфрақұрылым материалдық игіліктерді тікелей жасамайды. Бірақ онсыз өндірістік үдеріс не жетілдірілмеген болады, не мүлде мүмкін емес. Әлеуметтік инфрақұрылым өзінше бір жүйелік түзілім ретінде материалдық-тұрмыстық, әлеуметтік-сауықтыру, рухани-білім беру, коммуникациялық және әлеуметтік-экономикалық жүйе тармақтарынан құралады. Материалдық-тұрмыстық тармақты жүйеге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық және сауда қызметін көрсету, қоғамдық тамақтандыру жатады. Бұл тармақты жүйе негізінен халықтың материалдық-тұрмыстық және табиғи физиологиялық қажеттерін қанағаттандырады. Әлеуметтік-сауықтыру тармақты жүйесі денсаулық сақтау мекемелерін, спорт ғимараттарын, туристік ұйымдарды қамтиды. Рухани-білім беру тармақты жүйесі халықтың танымдық, рухани қажеттерін (білім алу, мәдениет, өнер) қанағаттандыруға бағдарланған. Коммуникациялық тармақты жүйе жолаушы көлігі және халыққа байланыс қызметін көрсету аясын қамтиды. Әлеуметтік-экономикалық тармақты жүйе халықтың түрлі қызметтер көрсету және қаржы-несие операциялары бойынша қажеттерін (жинақ кассалары, банкілер, құқықтық мекемелер – заңды кеңестер беру, нотариалдық кеңселер) қамтамасыз етеді. Әлеуметтік инфрақұрылымның даму деңгейі: оны дамытуға жұмсалған шығынның шамасымен (материалдық, қаржы және еңбек шығыны); өндірістік-экономикалық көрсеткіштермен (кәсіпорындар мен объектілер торабы мен қуаты, инфрақұрылым дамуының тиімділігі); қол жеткізілген әлеуметтік нәтижелермен (халықтың Әлеуметтік инфрақұрылым игіліктерімен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етілуі, оның объектілері мен мекемелеріне халықтың қол жеткізе алуы) сипатталады.
1. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова.
2. Ауыл инфрақұрылымының жіктелуі және оның ауыл дамуындағы рөлі // С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылым жаршысы.–Астана, 2009. – №2(53).– Б.42-48.
3. Қазақ Энциклопедиясы"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том
4. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002.
5. Қазақ энциклопедиясы, 10 том
6. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
I. Әлеуметтік инфрақұрылым
1.1. Әлеуметтік саясат
1.2. Әлеуметтік жобаларға үлес
II. Нарықтық экономика
2.1. Нарықтық экономика артықшылығы
2.2. Нарықтық экономиканың маңызды элементтері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.
Инфрақұрылым - (латынша инфра - төменгі, астыңғы, структура - құрылыс, орналасу) - экономиканың және адамдардың қызмет етуінің жалпы жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін халық шаруашылығы салаларының жиынтығы (мысалы өндірістік инфрақұрылым - жолдар, көлік, байланыс, электрмен қамту желісі, қоймалар және т.б.; әлеуметтік- тұрмыстық инфрақұрылым - тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, сауда, жолаушылар көлігі және байланыс, білім беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау және т.б.; экологиялық инфрақұрылым - тазалаушы құрылымдар, бөгеттер, дренажды жүйелер, саябақтар және т.б.); материалдық өндіріс пен қоғамның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті ғимараттар, жүйелер мен қызметтердің жиынтығы.
Әлеуметтік инфрақұрылым - материалдық игіліктерді ұдайы өндіру (қызметтер көрсету) үдерісін және халықтың қалыпты тұрмыс жағдайын қамтамасыз ететін салалар тобы. Оған тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды салу және пайдалану, бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру, денсаулық сақтау, білім беру, т.б. жатады. Әлеуметтік инфрақұрылым материалдық игіліктерді тікелей жасамайды. Бірақ онсыз өндірістік үдеріс не жетілдірілмеген болады, не мүлде мүмкін емес. Әлеуметтік инфрақұрылым өзінше бір жүйелік түзілім ретінде материалдық-тұрмыстық, әлеуметтік-сауықтыру, рухани-білім беру, коммуникациялық және әлеуметтік-экономикалық жүйе тармақтарынан құралады. Материалдық-тұрмыстық тармақты жүйеге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық және сауда қызметін көрсету, қоғамдық тамақтандыру жатады. Бұл тармақты жүйе негізінен халықтың материалдық-тұрмыстық және табиғи физиологиялық қажеттерін қанағаттандырады. Әлеуметтік-сауықтыру тармақты жүйесі денсаулық сақтау мекемелерін, спорт ғимараттарын, туристік ұйымдарды қамтиды. Рухани-білім беру тармақты жүйесі халықтың танымдық, рухани қажеттерін (білім алу, мәдениет, өнер) қанағаттандыруға бағдарланған. Коммуникациялық тармақты жүйе жолаушы көлігі және халыққа байланыс қызметін көрсету аясын қамтиды. Әлеуметтік-экономикалық тармақты жүйе халықтың түрлі қызметтер көрсету және қаржы-несие операциялары бойынша қажеттерін (жинақ кассалары, банкілер, құқықтық мекемелер - заңды кеңестер беру, нотариалдық кеңселер) қамтамасыз етеді. Әлеуметтік инфрақұрылымның даму деңгейі: оны дамытуға жұмсалған шығынның шамасымен (материалдық, қаржы және еңбек шығыны); өндірістік-экономикалық көрсеткіштермен (кәсіпорындар мен объектілер торабы мен қуаты, инфрақұрылым дамуының тиімділігі); қол жеткізілген әлеуметтік нәтижелермен (халықтың Әлеуметтік инфрақұрылым игіліктерімен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етілуі, оның объектілері мен мекемелеріне халықтың қол жеткізе алуы) сипатталады.
Әлеуметтік инфрақұрылым - халықтың күнделікті тіршілігін қамтамасыз етуге қызмет ететін салалар (кәсіпорындар, денсаулық сақтау, ағарту, мәдениет, тұрмыстық қызмет ету орындары) жиынтығы.
Өндірістік инфрақұрылым - өндірістің жалпы жағдайын қалыптастырушы шаруашылық салаларының жиынтығы. Өндірістік инфрақұрылым қоғам мен адам факторларын ескере отырып, әлеуметтік жағдайды жақсартуға, халықты жұмыспен, материалдық және рухани қажеттілікпен қамтамасыз етуге әсерін тигізеді. Мемлекет өндірістік инфрақұрылымды дамыта отырып, өндірістік үдерістердің ұтымды жұмыс істеуіне экономикалық, өндірістік және технологиялық жағдайлар тудырады. Халықаралық өндірістік инфрақұрылым - ұлттық көлік жүйесі, байланыс және ақпарат таратушы жүйе элементтерінің жиынтығы. Ол халықаралық қарым-қатынасқа, ішкі экономикалық байланыстарға қызмет етеді. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Өндірістік инфрақұрылымды жетілдіру және дамыту аймақтың еңбек бөлінісінің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады және екі жаққа тиімді халықаралық шаруашылық байланыстарын қалыптастырады. Эконикалық жаһандану дәуірінде өндірістік инфрақұрылым халықаралық аумақтық еңбек бөлінісінде дүниежүзілік шаруашылық байланыстарын күшейтуге өзіндік септігін тигізетін элемент; қысқышы Инфрақұрылым.

1.1. Әлеуметтік саясат
Әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мемлекеттің әл-ауқатын арттырудың ең маңызды факторларының бірі. КазРосГаз компаниясы жыл сайын қорғалмаған бұқара топтарына көмек көрсете отырып, әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламаларын жүзеге асыра отырып, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілері құрылысына қаражат салу арқылы халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуді арттыруға бағытталған жобаларға белсене қатысады.Біздің компанияның әлеуметтік қызметі діни және мәдени құндылықтарды жаңғартуға, мәдениетті, білім мен спортты қолдауға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. КазРосГаз осы қолдау жүйелі болғанына талпынады.
Әлеуметтік бағдарламалар компанияның стратегиялық, мақсатты ұзақ мерзімді саясатын білдіреді. Осындай жағдайда бағдарламалар мен іс-шаралардан әлеуметтік пайданы алу қоғамның экономикалық әрі мәдени өміріндегі сапалы өзгерістерді білдіреді. Серіктестіктің қызметкерлеріне арналған әлеуметтік саясат кең көлемді мәселелерді қамтиды. КазРосГаз ЖШС-нің ұжымында жыл сайын аурулардың алдын алуға және қызметкерлер денсаулығын қорғауға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Компанияда басты назар салауатты өмір салтын қолдауға бөлінеді. Спорт іс-шаралары компанияның корпоративті рухын дамыту үшін жақсы мүмкіндік. Компания жергілікті еңбек ресурстарын дайындауға және өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға зор үлес қосады. Кадрлық әлеуетті дамыту КазРосГаз ЖШС айрықша назарды бөлетін тағы бір сала. Бүгінгі таңда оқыту, қызметкерлердің біліктілік деңгейін арттыру компанияның басты істерінің тізімінде бірінші орында. Осылайша, КазРосГаз ЖШС-нің әлеуметтік саясаты ұғымы компанияның қызметінде демеушілік және қайырымдылық ұғымынан кеңірек, өйткені компанияның қызметі табысты өндіріс қызметіне, жемісті серіктестікке, компания қызметкерлерінің, мемлекет тұрғындарының әл-ауқатына, қазақстандық қоғамның кейінгі дамына көзделген. КазРосГаз әлеуметтік жауапкершіліктің рөлін қоғамның әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларының дамуына бизнестің қосқан ерікті үлесі ретінде көреді.

1.2. Әлеуметтік жобаларға үлес
Еңбекте негізгі фактор әрдайым адам болады. Біздің компанияның ұстанған 4 бағытының: адамдар, жауаптылық, серіктестік, тиімділік болып табылуы да тегін емес. Қазіргі заманғы компаниялар кез-келген істе, кез-келген өндірісте ең басты құндылық - адам екенін түсінеді. Сол себепті де біздің компанияда әлеуметтік серіктестік мәселесіне зор мән беріледі. Қалыптасып отырған дүниежүзілік дағдарыс жағдайында Компания өз қызметкерлерін қысқартпауы, кадр саясатында бар жұмыс орнын сақтап қалуы - осы саясатының көрінісі. Бұл ғасырға тарта өнім беріп келе жатқан қарт Ембі үшін үлкен жетістік. Биылғы жылдың 8 айлық қорытындысына тоқталар болсақ, өнім өндіру жоспары 105 пайызға, тапсыру межесі 104 пайызға орындалды. Бұл жоспардан тыс 9 мың 921 тонна және 8 мың 455 тонна өнім деген сөз. Сонымен қатар, жыл басында бекітілген жоспарға сай 38 ұңғы қазылып, жыл соңына дейін тағы да 55 ұңғыма қазылмақ. Бұл көрсеткіштер мұнай өндіру табысын еселей түскені анық.
ҚазМұнайГаз БӨ АҚ-ын бүгінде өзге компаниялар, жергілікті басшылық әлеуметтік жауапкершілігі зор компания деп бағалайды. Осымен бірнеше жыл қатарынан Атырау облыстық әкімшілігі мен біздің компания арасында түсіністік, ынтымақтастық Меморандумына қол қойылып келеді. Осы құжаттың аясында облыстағы Мақат, Исатай, Жылой, Қызыл-қоға және Махамбет аудандарының әлеуметтік инфрақұрылымдарын дамытуға қомақты қаражат бөлініп, үлкен қолдау көрсетіліп келеді. 2010 жылға арналған Атырау облысының әлеуметтік инфрақұрылымын қолдау жөніндегі әлеуметтік серіктестік бағдарламасына сәйкес мұнайлы өңірде қолға алынып жатқан әлеуметтік жобаларға 420 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлініп отыр. Соның нәтижесінде жоғарыда аталған аудандардың барлығында күрделі жөндеуді қажет ететін әлеуметтік инфрақұрылым нысандары қайта жаңартылмақшы. Ал, 2006 жылы акционерлік қоғамның қолдауымен басталған қызметкерлерге жеңіл пайызбен, үй жағдайларын жақсартуға, баспана сатып алуға берілетін ссудалардың сомасы 735628,0 мың болса, ссуданы алған жұмысшы қызметкер саны бүгін 453 адамға жетті.Бұдан басқа, Қазмұнайгаз БӨ АҚ-ның бекіткен ережесі бойынша мүгедектерге айлық есептегіш көрсеткіштің 50 есе, Ауған соғысы ардагерлеріне 50 есе, зейнеткер жасына келген қызметкерге еңбек өтіліне қарай жарты айлықтан 1,5 айлыққа дейін еңбек ақы төленді, зейнеткерлерге жылына бір рет 3 тонна көмір бөлінсе, баспасөзге жазылу үшін де қаржы бөлініп отырады. Тек, биылдың өзінде Атырау шипажайына 1600 зейнеткер жолдама алған, - деді.
Филиал директоры Жиналғандардың қол шапалақтауы үстінде Ембімұнайгаз ӨФ-ның аға инженері Ж.Көшкінбаевқа, Жайық мұнай-газ өндіру басқармасының операторы Қ.Халидуллинге, Доссор мұнай-газ өндіру басқармасының операторы Б.Мұқатовқа, Жылой мұнай-газ өндіру басқармасының операторы Б.Берденовке, Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасының операторы Ә.Ғилымовқа, Ембімұнайэнерго басқармасының маманы Ө.Ізтілеуовке, Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау басқармасының өндірістік учаскесінің тас қалаушысы А.Қашқыновқа Ембімұнайгаз ӨФ-ның Құрмет грамотасын табыс етті.
Салтанатта мұнай саласында көп жыл еңбек еткен соғыс және еңбек ардагері Ө.Балғымбаев сөз сөйлеп, әріп-тестерін мерекесімен құттықтады. Ол, сондай-ақ, соңғы кездері көп сатылы басқару жүйесіне түсінбейтінін, оның көптігін сынға алды. Және бұрындары мұнайшылардың салтанатты жиналыс, мәдени шаралар өткізетін арнайы орындары болды. Қазір соның бірі де жоқ екеніне, мереке сайын әркімнен орын жалдап жүретініне өкініш білдірді.

2.1. Нарықтық экономика
Нарықтық Экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика - еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.Мазмұны Рынокта бәсеке барысында сұраным мен ұсыным, баға құралады. Сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті нарықтық экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін тетік болып табылады. Баға кәсіпорындар мен тұтынушыларға нарықта қалай әрекет ету керектігін - осы тауарды көп өндіру керек пе, жоқ па оның шығарылымын қысқарту немесе тоқтату керек пе, жоқ па дегенді хабарлайды. Бағаның құралу тетігімен қатар рыноктағы бәсекеге ерекше назар аударуға тура келеді, яғни бір-бірімен бәсекелесуші бірқатар фирмалар (кәсіпорындар) болса және олардың бірде-біреуі баға белгілеу үдерісін басқара алмаса - олар тұтынушылар алғысы келетін және төлей алатын тауарларды өндіруге мәжбүр болады. Алайда тауарлардың белгілі бір санаттары үшін баға тетігі жұмыс істемейді (мыс., қорғаныс), кейде тауар өндіруге жұмсалған барлық шығынды көрсетуге дәрменсіз болады, демек, баға мен шығын оның қоғамдық нәтижесін көрсетпейді. Нарықтың осы және басқа кемшіліктері нақты өмірде ұдайы кездесіп отырады, сондықтан "таза" нарықтық экономика, сұраным мен ұсынымның қандай үлгісінде құрылса да, болмайды. Нарық әрқашанда бірге әрекет етуші кәсіпорындар мен монополиялар, түрлі ұйымдар, саяси өкімет тарапынан араласу - реттеу арқылы толықтырылып, шектеліп отырады. Сонымен бірге нарықтық шаруашылық пен баға белгілеу тетіктерін толық алып тастап, оның орнына экономиканы толық басқару әкімш. және саяси шешімдермен шешілетін болса, онда "таза" жоспарлы экономика дейтін пайда болады.
Нарықтық экономика артықшылығы
Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де - жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де - елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды "жұмсартуына" тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан республикасындағы нарық инфрақұрылымының заманауи жағдайы
Шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымының қалыптасуы мен дамуы (Жамбыл облысы бойынша)
Қазақстанның ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементтері
Қазақстан экономикасын дамытуға қажетті экономикалық ортаны қалыптастыру
Инфрақұрылым мәні, оның мазмұны және функциялары
Нарықтық экономика туралы мәлімет
Мемлекеттің экономикалық функциялары
ҚР -ғы нарықтық экономиканың қалыптасуының теориялық негіздері
Нарықтық экономиканың теориялық негіздері
Нарықтың әлеуметтік- экономикалық заңы
Пәндер