Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I. Кіріспе .

Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы

II. Негізгі бөлім.

1. Дақылдың биологиялық ерекшеліктері

2. Дақылдың өсіру технологиясы

а) Алғы дақыл

ә) Топырақ өңдеу жуйесі

б) Себу жұмыстары

в) Күтіп-баптау жұмыстары

г) Жинау

3. Ғылыми еңбектер

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе .

Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы

Бидай (лат. Triticum) - астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі.

Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000-5000 жылдары Ежелгі Грекияда өсіріле бастаған. Мысыр мен Қытайда біздің заманымыздан 4000 жыл бұрын бидайдан тағамдар жасаған. Адамдар бидайды тек тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар емдік қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған.

Бидай - адам баласы ежелден пайдаланып келе жатқан ең негізгі дақыл. Ол жер шарында таралған, қазір барлық егіліп жүрген ауылшаруашылық дақылдарының ішінде бірінші орынды алады. Бидайдың мұндай кең таралуына, тек соның ғана химиялық қүұрамында болотын, сумен қосылып клейковинаға айналатын белоктардың болуы. Бидай наны жоғары дәмділігімен және жақсы қорытылатындығымен басқа дақылдардың көбінен жоғары тұрады. 13, 5% немесе 11-ден 25% дейін белок, 63-74% клетчатка, 2% май болады.

Бидай дәнді дақылдар тұқымдастығына Тритикум тегіне жатады, кейде қоңырбас тұқымдас деп те атайды. Бидай тегіне 27 түр кіреді. Оның ішінде ең көп тараған жұмсақ бидай екі түрге бөлінеді: жаздық және күздік бидай. Жаздық бидайды көктемде, күздік бидайды күзде егеді. Күздік бидай қысы жылы оңтүстік аймақтарға ғана егіледі.

Күздік қара бидай - маңызды азық-түліктік дәнді дақылдардын бір. Сортынна карай оның дәнінде 9-17% толыққұнды белоктар, көмірсулары, майлар, өте бағалы айырбасқа жатпайтын амин қышқылдары (лизин, валин, триптофан), сонымен қатар А, В 1 , В 2 , Е, РР дәрумендері және баска элементтер бар. Қара бидай ұныннан пісірілген нан дәмді, әрі кернеулі болады. Тағам ретінде пайдалану жөнінен бұл дақыл бидайдан кейінгі екінші орынды алады.

Сонымен қатар күздік қара бидай-мал азықтық та дақыл. Оны жем ретінде де пайдаланады. Көктей орылғанда одан сүлем, шөп ұнын, пішендеме, көкжем дайындайды. Сабабаны малға ірі азық ретінде пайдаланылады жіне астынна төселеді. Күздік қара бидайдың өндірістік те мәні бар, оның сабаны жоғарғы сапалы қағаз, тоқыма себет жіне қалпақ болады.

Күздік қара бидай техникалық дақыл. Оны спирт жіне крахмал дайындау өнер кәсіптерінде пайдаланады.

Күздік қара бидай егәлген танаптарды арам шөп көп баспайды, сондықтан ол көптеген ауыл шаруашылық өсімдіктері үшін жақсы алғы дақыл болып табылады.

Ақтөбе, Қостаннай, Семей және Батыс Қазақстан обылыстаында күздік қара бидай дән үшін, Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында мал азығы ретінде, ал Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында әрі мал азығы, әрі дән үшін егіледі.

1990 жылы Қазақстанда дәндік күздік қара бидайдың егіс көлемі 768мың гектар, онның ішінде суармалы жерде -4. 5 мың гектар, орташа өнімділігі 11. 6 центнер, ал жалпы түсімі 889 мыңтонна болады.

Республика бойынша 1991 жылы дәнді күздік қара бидайдың : Омка, Сарадовская-4, Сарадовская-5, Сарадовская крупнозерная, мал азығы реттінде : Кормаовая-51 Сиберская -5, Шолпан, Памирская сынды түрлері белгілі. [1]

Негізгі бөлім.

Дақылдың биологиялық ерекшеліктері

Мәденикүздік қара бидай Кіші және Орта Азия, Кавказдың таулы аймақтарындағы егістіктерді ластайтын далалық жабайы қара бидайдан шыққан.

Күздік қара бидайдың тамыр жүйесі, шашақты, жақсы дамыған 1, 5метр тереңдікке дейін бойлайды. Сабағы-қуысты сабан -5-6 түйін аралығы бар, биіктігі 1, 5-2метр дейін. Жапырақтары сызық жолды, бидайға қарағанда кең. Гүлшоғыры жұмсақ. Масақшалары қос гүлді. Өсімдіктері айқас тозаңданады. Жемісі- дән. 1000 дәннің массасы- 18-35г . Масақ ақ, сары, немесе күңгірт -сары, жартылай ашық немесе ашық орналасқан дәннің түсі сары және қоңыр.

Қара бидайдың тұқымы + 1-2г температура өсіп өнудің ең қолайлы температурасы + 20 -22градус, максимум +30градус. Астық дақылдарының ішіндегі қысқа ең төзімді өсімдік.

Өсіп өну кезеңінің ұзақтығы -270-350 күн негізінен күзде түптенеді. Күздегі өсіп өнуінің соңындажалпы түптенуі бір өсімдікке 4-6 сабақ құрайды. Масақтану кезеңінде күздік бидаәға қарағанда айтарлықтай ерте кіріседі бірақ 10-15 күн кеш гүлдейді. Гүлденуі 10-15 күнге созылады. Күздік бидайға қарағанда 8-10 күн, жаздық бидайға қарағанда 13-16 күн ерте піседі

Қара бидай суыққа тозімді дақыл. Академик В. П. Мосоловтың бақылауы бойынша, қара бидай 37градусқа дейінгі суықты көтереді береді. Ал академик Д. Н. Прянишниковтың зерттеуі бойынша, қара бидай тіпті қарсыз қыстарда 25 градустар суықтыда көтереді, ал қалың қар астында ол бұданда үлкен аязды 30-35градустық суықты көтере біледі. Ол топырақтың ылғалдығына көп талап қоймайды. өйткені оның тамыр жүйесі өте қуатты болады және суды аса коп буландырмайды. Күздік ұара бидайәр түрлі топырақтарда өсе береді, бірақ та ол, әсіресе, механикалық құрамы жеңіл топырақтарды тәуір көреді. Әрине, оның топырақты талғамайтындығы, тамыр жүйесінің қуатты болуымен байланысты. Өзінің жер бетіндегі асыл массасымен топырақты көлеңкелеп, ол арам шөптердің өсуіне жол бермейді. Қара бидай айқаспалы жолмен тозаңданатын дақылдар қатарына жатады. Ол жел арқылы да тозаңданады. Егерде қара бидай гүлдеген мезгілде ауа райы дымқыл болса, оның кейбір гулдеріне тозаң түспей, мұның салдарынан кейбір масақтардың масақшаларында дәннің пайда болмауы да мүмкін. Мұны болдырмау үшін, қара бидайды қолдан қосымша тозаңдандырады. Қосымша тозаңдандыруды өсімдік гүлдеп тұрған кезде арқанмен жүргізеді. Бұл қара бидай өнімділігін гектарына 2, 3 центнерге дейін арттырады. [2]

Дақылдың өсіру технологиясы

Қуаңшылық аудандарда күздік қара бидайды астыққа өсіргенде оны таза парға орналастырған жөн өйткені оны екпе пар мен пар алғы дақылдардан кейін ол күзде нашар дамиды да қыста өліп қалады. Қуаңшылық аудандарда екі парды қолдану ауыспалы егістіктің әр гектарына астықтық шығымын азайтады. Жемшөпке өсргенде күздік қара бидайды пішенге жиналатын біржылдық шөптен және жүгеріден кейін орналаады. Тұрақсыз ылғалданатын аймақтарда алғы дақылды жинасымен топырақты аз теңдікке жазық тілгішпен немесе дискілі құралмен өңдейді. Күздік қара бидай суперфосфат енгізуді қалайды. Көктемде азотты тыңайтқыштармен қоректендіріледі.

Күздік қара бидайдың күздік қалыпты дамуы үшін жалпы сөткелік температура 450-550градус болатындай 45-55 күн қажет. Бұл кезеңнің бас кезі орташа сөткелік температураның тұрақты +15 градусқа жетеді.

Ең қолайлы себу мерзімі 5 тамызбен 10 қыркүйек аралығы: Солтүстік аудандарда ол ертерек, ал Оңтүстікте- кештеу ылғалды аудандарда ең қолайлы себу мерзімі - тамыздың екіншіь онкүндігінің басы, қуаңшылық облыстарында осы айдың- бірінші және екінші онкүндігінің басы.

Қаңшылық жағдайында астық алу үшін жақсы алғы дақылдан кейін орналастырғанда себу нормасы 3, 5-4, 0 млн/га өнгіш тұқым(85-100кг/га), сіңіру тереңдігі-4-7 см.

Пішенге өсіргенде күздік қара бидайды, әдетте, паялы дақылдардан дейін орналастырады. Алғы дақыл жиналғаннан кейін топырақ бірден 5-7 см тереңдікке культивацияланады немесе дискіленеді және бір мезгілде малаланды тісті құралдармен. Жүгері мен тарыдан кейін, арамшөптен таза болғанда, малалаумен ғана өнгіш тұқым (100-120 кг/га) себіледі. Көктемде егістік азот тыңайтқышымен (40-45кг/га) үстеп қоректендіріледі де мазалалады.

Алғы дақыл: Алғы егіс деп өткен жылы танапта өсірілген ауыл шаруашылық дақылын немесе парды айтамыз. Дақылдардың өнімінің мөлшері мен сапасына алғы егістер күшті әсер етеді. Осыған байланысты алғы егістерді мынадай түрлерге болуге болады: - өте жақсы алғы егістер (таза сүрі жер, ықтырмалы сүрі жер) ; - жақсы алғы егістер (екпелі сүрі жер, күздік дақылдар, көп жылдық шөптер, отамалы және бұршақ тұқымдас бір жылдық дақылдар) ; - қанағаттанарлық алғы егістер (дәнді масақты дақылдар) . Дәнді масақты дақылдар . Дәнді масақты дақылдар түріне қарай алғы егіс ретінде әр түрлі бағаланады. Күздік бидай, жаздық бидай мен арпа, көптеген отамалы дақылдар үшін жақсы алғы егіс болып есептеледі. Себебі, ол тез қаулап өсуіне байланысты арамшөптермен жақсы күресе алады, танапты ерте босатады. Жаздың бидай мен жаздық арпа қанағаттанарлық алғы дақыл болып есептеледі. Бұлардың ішіндегі нашары - тары. Тары бастапқы кезде өте жай өседі де, өсіп-дамуы барысында арамшөптерден кейін қалып қояды, сондықтан тарыдан кейін танаптарда арамшөптер көп болады. Жаздық дақылдардың онша айтарлықтай алғы дақыл болып есептелмейтін тағы бір себебі бар. Олар топырақтағы жеңіл сіңірілетін қоректік заттарды едәуір мөлшерде пайдаланады. Сондықтан олар көбіне ауыспалы егістің соңғы танабына егіледі де, бұл дақылдардан кейін танаптар көбіне парға қалдырылады.

Күздік қара бидай тек жақсы алғы дақылдардан кейін сепкенде ғана жоғары өнім береді. Оның аса қолайлы алғы дақылдардың қатарына таза және ықтырма парлар, жүгері, дәнді-бұршақты дақылдар жатады. [3]

Топырақт өңдеу жүйесі : Топырақты дайындау шамамен күздік бидайға ұқсас. Күздік қара бидай екпе сүрі алғы дақ ылынан кейін себілгенде оның күздік бидайдың топырақ өңдеу жүйесінен еш айырмашылығы жоқ.

Күздік қара бидай картоп және басқа отамалы дақылдардан кейін себілетін болса жер жыртудың орнына, бірге тырмалаумен 8-10 см-ге сыдыра қопсытылады. Себу алдында топырақты себу тереңдігіне РВК-3, 6, ВИП-5, 6 немесе басқа агрегаттармен культивациялайды.

Күздік кара бидай тамыры 2 м тереңдікке дейін кететін, топырақ кұнарлылығын аса кажет етпейтін құмды, сазды жерлерде өсе беретін дақыл. Басқа күздік дақылдарға карағанда қуаңшылық пен аязға төзімді.

Күздік кара бидайдың 1 тонна астығы және соған сәйкес мөлшердегі сабаны топырақтан шамамен 25-30 кг азот, 10-15 кг фосфор жене 20-25 кг калий пайдаланады. Қоректік заттарды түптену кезеңінен бастап түтіктену кезеңіне дейін өте көп мөлшерде қажет етеді.

Негізгі тыңайтқыш ретінде көң пайдаланылады, қуаңшылық жағдайында гектарына 15-20 тонна енгізіледі. Топыраққа көңмен бірге фосфорит ұнын енгізген жақсы нәтиже береді, мұндай компост 10-15 тонна көңнен, 3-4 ц фосфорит ұнынан тұрады.

Азотты ерте көтемде тыңайтқыш түрінде қосымша беру-оның өнімін арттырудың бірден-бір қолайлы шарасы. Күзде топырақта фосфор мен калийдің жеткілікті болуы оның суыққа төзімділігін күшейтеді, бұл дақылдың топырақтағы фосфорды пайдалануы көптеген дақылдардан жоғары.

Қолданылатын тыңайтқыш мөлшері топырақ типіне, алғы дакыл түріне және жоспарланған өнім деңгейіне байланысты. Қазақстанның ылғал жеткіліксіз далалық аймағында азот тыңайтқьшының тиімділігі төмендеп, керісінше, фосфор тыңайтқышының тиімділігі жоғарылайды. Мысалы, таза сүріге берілген 40-60 кг Р 2 О 5 күздік кара бидай өнімін 2-2, 5 центнерге арттырады. Тұкыммен бірге қолданған 10-15 кг P 2 O 5 гектарынан 1-1, 5 центнер қосымша өнім жинауды қамтамасызетеді.

Тұқымды себуге дайындау: Себуге жақсы тазаланған, егістік кондициясы I-II классқа жататын тұқым пайдаланылады. Қазақстанда тұқымды себу алдында ауруларға қарсы өңдеуге жұмыстар жасалады. Себуге өткен жылғы өнімнен алынған тұқымды пайдалану керек, өйткені күздік қара бидай тұқымының піскеннен кейінгі физиологиялық жетілу кезеңі күздік бидайдікіне қарағанда біраз ұзақ.

Жаңа бастырылған тұқымды себуге мәжбүр болған жағдайда 3-5 күн күн көзінде қыздырған жақсы нәтиже береді немесе тұқым кептіретін қондырғыларда 45-50°С температурада белсенді вентиляция жасау арқылы тұқымның ылғалдылығын 14-15%-ға дейін төмендету керек.

Өте ерте себілген күздік қара бидай егістігі швед және гессен шыбындарымен жарақаттанады. Төменгі температураларға төзімділігін жоғалтады. Тым өсіп кеткен өсімдіктері, нәзік үлкен вегетативтік массасының әсерінен, ақұнтақ (мучнистая роса) ауруымен залалданады да кейіннен ақ зең (снежная плесень) ауруынан зардап шегеді. Мұндай егістіктер күз құрғақ болғанда топырақты кептіріп жібереді. Өте кеш пісетін егістіктер түптеніп үлгермейді. Және өсімдіктері қорғаныштық қорлық заттарды жинақтай алмайды, нәтижесінде күздік қара бидай нашар қыстайды. Көктемде нашар түптенетіндіктен күздік қара бидайдың кеш себілген егістіктері селдір өседі, 5-7 тәулік кешігіп піседі, өнімі төмендейді, әрі астық ысырабы артады және күзгі жұмыстар созылып кетеді.

Себу мерзімі. Күздік қара бидайдың себу мерзімі күздік бидайға қарағанда ұзақ болғанымен, дер кезінде себілгенде ол жоғары өнім түзеді. Көптеген зерттеулер нәтижесіне қарағанда қолайлы себу мерзімі - тәуліктің орташа температурасы 10°С-қа жеткен кезең болып есептеледі. Күзде күздік қара бидай 45-50 тәулік ішінде 420±60°С белсенді температуралар жиынтығын қабылдап, 3-4 сабақ түзіп қысқа кеткен жағдайда оның қыстың қолайсыз жағдайларына төзімділігі артып, келесі жылы жоғары өнім түзеді.

Қазақстанда күздік қара бидайдың кең тараған себу тәсілі- жаппай қатардағы тәсіл, тар қатарлап себуге де болады. Озық өсіру технологияларының маңызды элементтерінің бірі - оңтайлы қоректену алаңын таңдап алу. Ал ол сорттың биологиялық ерекшеліктерін, нақты өсірілетін өңірдің топырақ-климат және өсіру жағдайларын ескере отырып тиісті себу мөлшері, әрі себу тәсілдерімен белгіленеді.

Себу мөлшері . Себу мөлшері топырақ-климат жағдайларына қарай гектарына 3, 0-3, 5 мен 5, 0-7, 0 млн өнгіш дән себу аралығында өзгереді. Ылғалмен қамтамасыз етілген аймақтарда себу мөлшері жоғарылайды, ал қуаңшылық аймақтарда азаяды. Қазақстанның әртүрлі аймақтарында 3, 5-4, 0 тен 6, 0-6, 5 млн өнгіш дән себу мөлшері қолданылып жүр.

Себу тереңдігі. Күздік қара бидай түптену түйінін топырақ бетіне жақын салатын болғандықтан, оның тұқымын күздік бидайға қарағанда таяз 4-5 см тереңдікке себеді. 3-4, ал құрамы жеңіл топырақтарда 5-6 см тереңдіккесебеді, сіңірген дұрыс.

Күтіп-баптау жұмыстары: Қыста күздік қара бидай егістігінде қар тоқтатылады. Ерте көктемде жер дегдісімен егістікті себу бағытына кесе көлденең жеңіл тырмалармен тырмалап, топыраұ бетінде пайда болған қабықшаұтарды тазартады.

Еністіктегі арам шөптерді жою үшін күздік қара бидайдың түптену фазасында гербицидтер қолданылады.

Бір жылдық қос жарнақтыарам шөптерге қарсы әр гектарга 1, 5-2, 5 литр 40 процентік 2, 4-Д амин тұзын, немесе 0, 7-1, 2 литр 43 проценттік 2, 4-Д бутил эфирін бүркеді.

Күздік қара бидайды қамырланып пісе бастаған кезде бөлектеп орады, одан 4-5 күн күн кейін дестерлер астық комбайынмен жинап алады.

Егер күздік қара бидай малдарға азықтық дақыл ретіндесебілген, оны пішен үшін масақтану кезеңінде жинайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күздік бидай және қара бидай
Күздік арпа жапырақтарының түрлері
Өсіру технологиясы
Атбас бұршақ және бөрібұршақ дақылдарын өсіру технологиясы
Дақылдың халық шаруашылығындағы маңыздылығы
Эфир майын өсіру технологиясы
Ноқат - маңызды дәнді бұршақ дақылы
Мақсарының халық шаруашылығындағы маңызы
Арпа аурулары
Дақылдың өсіру технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz