Бизнес-жоспардың теориялық және практикалық аспектілері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
: 1
КІРІСПЕ . . .: БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
3: 5
: 1. 1
КІРІСПЕ . . .: Бизнес-жоспардың мәні, қызметі, мақсаты мен міндеттері .
3: 5
: 1. 2
КІРІСПЕ . . .: Бизнес-жоспарды құру жолдары мен мазмұны .
3: 7
: 1. 3
КІРІСПЕ . . .: Бизнес-жоспардың құрылымы . . .
3: 9
: 2
КІРІСПЕ . . .: «СЕМЬЯ» СУПЕРМАРКЕТІНІҢ БИЗНЕС-ЖОСПАРЫН ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ .
3: 12
: 2. 1
КІРІСПЕ . . .: «Семья» супермаркетінің бизнес-жоспары . . .
3: 12
: 2. 2
КІРІСПЕ . . .: Кәсіпорынның маркетингтік, менеджмент және стратегиялық жоспарының экономикалық тиімділігі . .
3: 19
: 2. 3
КІРІСПЕ . . .:

Бизнес-жоспардың даму стратегиясының экономикалық негіздемесі

.

3: 21
: 3
КІРІСПЕ . . .: НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ БИЗНЕС-ЖОСПАРЫН ЖЕТІЛДІРУ … . . .
3: 24
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 28
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 30
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОСЫМША А
3: 31
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОСЫМША В
3: 32

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бизнес-жоспардың негізгі талдауы - бұл жобалар - фирманың жаңа перспективалық даму стратегиясының бағдарламасын қамтамасыз етуші ретінде қарастырылады. Сондықтан, әрекет етуші кәсіпорынның жаңа өндірістік құрылымы жобалау кезінде негізгі кезең дамытудың жаңа бас мақсаты және болашақта оны жүзеге асыру стратегиясын қабылдау болып табылады. Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларына нарықтық бағаның, қаржы мен несиенің ынталандырушы рөлдерін жоғарлату, ең алдымен, қаржылық тепе-теңдік пен тұрақтылықты, экономикалық қауіпсіздік пен өтімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін біздің экономикамыз, ғылымымыз, өнеріміз, әдебиетіміз тең дәрежеде болуы керек. Бұған Елбасы да ерекше мән беріп отыр. Соңғы 17 жылдың ішінде елімізде үлкен өзгерістер болды. Қазақстан онша дамымаған кешегі кеңестік республикадан өркендеген, әлеуетті экономикасы бар, демократиялық мемлекетке айналды. Мемлекетіміз бен Елбасымызды дүниежүзі біледі, сыйлайды, құрметтейді.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауынан Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Оны «Бизнестің жол картасы - 2020» деп атауды ұсынған. Елбасының биылғы жолдауында шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Осы ретте кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру мәселесін айтсақ болады. Кәсіпкерлікпен айналысқысы келген адам алғашқыда несие алуға әрекет жасайтыны белгілі. Болашақ кәсіпкердің кепілге қоятын мүлкі жоқ болса, тіпті қиын. Жолдауда айтылғандай енді кәсіпті бастау үшін несие алған адамдарға мемлекет кепіл болатын болды. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау. Әрине, мемлекет кәсіпкерлерге жүз пайыз кепіл болмайтыны түсінікті. Дегенмен, еліміздегі екінші деңгейлі банктер сырттан займдар тартқанда мемлекет кепіл болды. Нәтижесінде банк саласы қарқынды дамыды. Осындай жағдайды шағын және орта кәсіпкерлерге де жасайтын кез жетті. Мемлекеттің кепіл болуы халықаралық іс-тәжірибеде бар. Айталық, мұндай тәжірибені Германиядан кездестіруге болады. Банк кәсіпкерлердің бизнес-жоспарымен танысып, оған қаржы салудың тәуекелі зор екенін білгеннен кейін, кәсіпкерлер мемлекеттің көмегіне жүгіне алады. Жолдауда айтылған тағы бір көңілге қонымды мәселе, еліміздің барлық аймақтарында кәсіпкерлерге кеңес беретін орталықтар ашу ісін атап айтуға болады. Мемлекет кәсіпкерлік қауымдастықтарға арнайы гранттар тағайындап, кәсіпкерлерге тегін ақыл-кеңес беру ісін ұйымдастыруына болады. Өйткені қауымдастықтардың бай тәжірибесі бар. Яғни кәсіпкерлер осындай кеңес беру орталықтарына жүгіне отырып барлық керекті сұрақтарына жауап таба алатын болады. Соның ішінде бізнес жоспарды таңдау, әзірлеу тәртібі мәселесі ерекше маңызға ие.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көптеген ірі батыс фирмаларында кәсіпорынды құру мен оны жетілдіру сияқты дамыту бөлімдері жұмыс істейді. Оның басты қызметі фирманың қабылданған жаңа даму стратегиясымен сәйкес басқарудың өндірістік және ұйымдық құрылымдағы өзгерістері бойынша жасалынатын бизнес-жоспардың қаншалықты мөлшерде фирмаға әкелетін тиімділігі мен әсер ету жағдайын талдап, барынша тақырыптың мазмұны мен мақсатын анықтап талдау. Яғни нарықтық экономикаcы дамыған шетел елдердің кәсіпорындарында бизнес-жоспар ең басты элемент болып табылады. Қазақстан енді ғана бизнес-жоспарды құрастыруды тәжірибе жинауда. Көбінесе қызығушылықты мекемелер мен ұйымдардың жеке формалары танытуда.

Бизнес-жоспар қазақстандық кәсіпкерлікті стратегиялық жоспарлау құралы ретінде кірді, сондай-ақ инвесторлармен, кредиторлармен және мемлекеттік басқару органдармен келіссөздерді жүргізу үшін қажетті құжат болып табылады. Нарықтық шаруашылық жағдайында бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр түрлі саласында қолданады және кәсіпорынның мәселелерін шешуге көмектеседі. Бизнес-жоспар берілген бизнестің шағын, нақты, түсінікті анықтамасы болып табылады. Бизнес-жоспар көптеген мәселелерді шешеді, ол бизнестің мақсаттарын анықтауға және бизнесті құруға, мәселелердің шешу жолдарын анықтайды және тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Бизнес-жоспар - коммерциялық iс-шаралардың зерттеп-дайындалған негiзгi аспектiлерiн, туындаған мәселелердi, мүмкiн болған кедергiлердi сараптау және оны жоюдың әдiстерiн көрсететiн фирмаiшiлiк құжат. Несие беру үшiн негiз болады, коммерциялық жобаның шынайылығын және тиiмдiлiгiн сараптау құралы болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты. Бизнес-жоспардың теориялық аспектілері ретінде оның негізгі мәні мен мазмұны, қызметтері мақсаттары, оның нарық жағдайындағы рөлі курстық жұмыстың бірінші тарауында қарастылылған. Ал, екінші тарау бойынша кәсіпорынның маркетингтік, менеджменттік және стратегиялық даму жолдары талданып, бизнес-жоспардың экономикалық негіздері мен тиімділігі қарастырылған. Кәсіпорынның бизнес-жоспарын қолдану мен жетілдіруі жайлы сөз үшінші тараудың бөлімінде талданады. Яғни, оның мысалы ретінде супермаркеттің құрылу жолы мен даму стратегиясы қарастырылып, жалпы бизнес-жоспарын талдау негізі міндеті ретінде көрсетіледі.

І БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Бизнес жоспардың мәні, қызметі, мақсаты мен міндеттері

Бизнес-жоспар құжат ретінде кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуының перспективаның жоспарын алмастыруға қабілетті. Сондықтан, бизнес-жоспар - бұл кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметінің рентабельдігін арттырудағы статистикалық даму бағдарламасы.

Бизнес-жоспар - коммерциялық iс-шаралардың зерттеп-дайындалған негiзгi аспектiлерiн, туындаған мәселелердi, мүмкiн болған кедергiлердi сараптау және оны жоюдың әдiстерiн көрсететiн фирмаiшiлiк құжат. Несие беру үшiн негiз болады, коммерциялық жобаның шынайылығын және тиiмдiлiгiн сараптау құралы болып табылады.

Бизнес-жоспар қазақстандық кәсіпкерлікті стратегиялық жоспарлау құралы ретінде кірді, сондай-ақ инвесторлармен, кредиторлармен және мемлекеттік басқару органдармен келіссөздерді жүргізу үшін қажетті құжат болып табылады. Бизнес-жоспар мен стратегиялық жоспар арасында бірқатар айырмашылықтар бар.

Стратегиялық жоспарды жалпы кәсіпорын бойынша құрастырады және барлық мақсаттар мен міндеттерді қамтиды. Бизнес-жоспар негізінде жаңа бизнесті құру мен дамыту үшін нақты мақсаттар мен міндеттер бейімделеді.

Бизнес-жоспар қатаң горизонтальдық жоспар болса, стратегиялық жоспарда кең ауқымды болып келеді. Осыдан бизнес-жоспар бұл стратегиялық жоспардың нақты бір мәселесінің қарастырылуын көрсететінін көреміз.

Бизнес-жоспарға ұқсас құжат болып техника-экономикалық негіз болып табылады, өйткені мұның бағыты бизнес-жоспардағыдай, бірақ технико-экономикалық негіз шағын негіз болып келеді. Бизнес-жоспар - бұл кәсіпкерлік жобаның негізгі формасы болып табылады.

Бизнес-жоспар негізгі мақсаты берілген бизнестің негізін салу және нақты кезеңге нәтижелерді бағалау. Осы тұрғыда бизнес -жоспар табысқа жету жолы болып табылады; Бизнес-жоспар бизнесті басқару және іс-әрекеттер бағытын анықтайтын құжат болып табылады. Бұл аспектіде бизнес-жоспар стратегиялық жоспардың және басқарудың орындалуы мен бақылаудың қажетті элементі.

Бизнес-жоспарды жоспарлау процесі және фирманың ішкі басқару инструменті ретінде қарастыруға болады. Сондықтан да бизнес-жоспар ылғи да өзгеріп отыратын құжат, ол фирманың жаңа еңгізулерге бағыттайды.

Бизнес-жоспар өзін-өзі үйрету құралы. Бұл аспектіде бизнес-жоспар бұл үзіліссіз тану мен өзін-өзін тану процессі құралы. Осыдан бизнес-жоспар шығармашылық процесс деп бекітуге болады.

Нарықтық экономикада бизнес-жоспардың құрылымы, формасы, мәні бойынша әр түрлі типте қолдануы мүмкін. Бизнес-жоспар келесідей жіктеледі:

  • Коммерциялық сана және инвесторлық жобаның толық бизнес-жоспары;
  • Коммерциялық сана және инвесторлық жобаның толық бизнес-жоспары және тұжырымдамасы;
  • Құрылымдық бөлімдердің бизнес-жоспары;
  • Бизнес-жоспар несиеге сұраныс;
  • Бизнес-жоспар - грантқа сұраныс;
  • Аумақтық даму бизнес-жоспары;

Берілген технология бойынша бизнес-жоспар әртүрлі қолдануына байланысты атқарылады.

Нарықтық экономика жағдайындағы бизнес-жоспардың қызметі - басқару құжаты ретінде оның экономикалық дамуында қабылданған стратегияларға, концепцияларға, мақсаттарға және міндеттерге сәйкес болуы. Қазіргі экономикалық теория мен тәжірибеде бизнес-жоспар төрт түрлі функция атқарады.

Бірінші функция, бизнестің концепциясы (тұжырымдамасы) мен стратегиясын дамыту мүмкіндігімен байланысты. Бұл функцияның міндеті кәсіпорынды құру кезеңінде жаңа іс-әрекет қажеттілігін дәлелдеуге саяды. Жаңа жобалар тек инвестициялық болып, ғылыми-техникалық жаңалықтармен анықталып қана қоймай, толығымен ойластырылып жасалған болуы керек, онда стратегияның экономикалық және қаржылық жағдайы барынша сипатталып, нақты шаралардың техникалық-экономикалық негіздемесі берілуі шарт.

Екінші функция жоспарлау. Ол фирманың (кәсіпорынның, кәсіпкердің) мақсаты мен міндетін дұрыс анықтауға, дамудың ағымдағы, орташа және ұзақ мерзімді бағыттарын белгілеуге, іс-әрекеттің жаңа бағыттарының даму мүмкіндіктерін бағалауға, даму процесін бақылауға, қауіп-қатер дәрежесін төмендетуге және қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

Үшінші функция өндіріс қуаттарын жасақтауға, ұлғайтуға және жаңартуға қажетті ақша қаражаттарын (ішкі және сыртқы инвестициялар) тартуға, жаңа технологияны енгізуге, шығарылатын өнімдердің түрін көбейтуге не өзгертуге және оның сапасын жақсартуға қызмет етеді. Бұл арқылы жобалардың жаңалануы және тәуекелділік дәрежесіне қарай капиталды жұмылдыру тәсілдері (несие қарыздар, үлестік қатынастар, т. б. ) анықталады.

Төртінші функция фирманың жоспарын жүзеге асыратын, біріккен өндіріс жүргізіп, өз капиталын, ресурстары мен қолындағы технрлогиясын қоса алатын әріптес тартуға мүмкіндік береді. Кез-келген әріптес (инвестор) ең әуелі (көбіне жобаны жасаушылармен кездеспей тұрып) бизнес-жоспар негізінде компанияның даму бағытына сәйкес фирманың мүмкіндіктерін (қаржыны қайтарып алу, кепілдіктің шын болуы, сақтандыру және басқа жағдайлар) мұқият зерттеп алады. Бұл жағынан алғанда бизнес-жоспар талдау құжаты және жарнама құралы қызметін атқарады. [5]

Сонымен, бизнес-жоспар фирманың тұрақты жұмыс құжаты болып табылады, ол фирманың стратегиялық бағытын (даму тұжырымдамасын) анықтап қана қоймай, кәсіпкерліктің барлық салаларындағы қызмет ету процесін де сипаттайды. Ол фирма ішінде қолданумен қатар, сыртқы байланысқа да қызмет етеді.

Бизнес-жоспар жобасын жасау кәсіпорынның болашақтағы даму стратегиясын анықтаудан басталады. Стратегияны қабылдауға сәйкес экономикалық концепция жасалады.

Концепция негізінен жаңа техниканы (жаңа өнім) шығаруды игеру және жаңа инвесторлар мен акционерлерді тарту, жаңа техникалар өндірісін игеру, сату көлемін арттыру, жаңа нарықтарды игеру және т. б. арқылы нарықта тұрақты жағдайды қамтамасыз ету негіздемесінен тұрады.

Қабылданған стратегия мен жасалған концепцияға сәйкес бизнес-жоспардың мақсаттары мен міндеттері анықталады.

Бизнес-жоспарда сапалы және пайдалы, сондай-ақ, бәсекеге қабілетті өнім өткізу нарығын жаулап алудың стратегиялық мақсаттары анықталады.

Мұндай мақсат бірқатар міндеттерді шешуде талап етеді:

  • кәсіпорын дамудың экономикалық мақсатқа сай бағытын негіздеу;
  • күтілетін қаржылық нәтижелерді негіздеу;
  • инвестициялық бағдарламаны дайындау процесінде қаржыландыру көздерін анықтау;
  • бизнес-жоспарды жүзеге асыру бойынша іс-шараларды әзірлеу және

экономикалық негіздеу.

Стратегиялар мен концепцияларды, мақсаттар мен міндеттерді өңдеу нарықтағы кәсіпорынның экономикалық жағдайын талдаудан басталады және кәсіпорынның стратегиялық (болашақтағы) дамуының бағыттары мен іс-шараларын экономикалық негіздеумен аяқталады. [7]

1. 2 Бизнес-жоспарды құру жолдары мен мазмұны

Нарық экономикасы дамыған елдерде капитал, ресурстар, технологияны ұсыну мәселелерін шешу тек белгілі мерзімге арналған, компанияның даму бағытын көрсете алатын бизнес-жоспар болғанда ғана жүзеге асады. Компаниялардың көпшілігі бизнес-жоспарды бір жылға жасайды. Оларда фирма қызметі айлық не тоқсандық мерзімге бөлініп көрсетіледі.

Бизнес-жоспардың құрылымы канондалған емес, әр компания бизнес-жоспарды өздігінше құрайды. Әлемдік тәжірибеде осы жоспарды құрудың бірегей немесе қатаң шектелген нұсқасы жоқ. Нарықтық экономика жағдайындағы бизнес-жоспардың мазмұны орталықтанған жоспарлаудан алдеқайда кең. Ол мынадай негізгі мақсаттарды шешуге мүмкіндік береді:

  • Экономикалық жағдайға сәйкес тиімді даму бағдарын таңдап алу,

мақсатты рыноктар және олардағы фирмалар орнын анықтау.

  • Рынок қажеттілігіне сәйкес жақын және ұзақ мерзімде өндірілетін

өнімнің (жұмыстың, қызметтің) қажетті көлемі мен сапасын дәлелдеу, өндірістік мүмкіндіктер мен қажетті ресурстарды бағалау.

  • Басқарудың ұйымдық-құқықтық нысаны мен құрылымын таңдау,

фирма кадрларын еңбек етуге ынталандыру.

  • Фирманың рынокты зерттеуге қажетті маркетингтік шараларын:

жарнама, сатуға ынталандыру, бағаны қалыптастыру, өткізу каналдары, т. б. анықтау.

  • Фирманың өндірістік және сауда шығындарын, күтілетін қаржы нәтижелерінің көлемін анықтау. Келешек және жылдық бизнес-жоспарда тұрғындардың әлеуметтік жағдайын, аймақтықэкологиялық хал-ахуалды жақсарту шаралары қарастырылады. [8]

Отандық және шетелдік мамандар бизнес-жоспардың әртүрлі құрылымдарын ұсынады. Мысалы «менеджменттің жеті нотасы» кітабында бизнес-жоспардың құрылымы менеджменттің компонентері тұрғысынан беріледі. Құрылым үш блоктан тұрады: Жобаның барлық басқару анализі; Іс шаралардың тізімі мен жоспары; Қаржылық жоспар.

Көптеген фирмалар бизнес-жоспарды 3-5 жылға, тек кейбірі (аса ірі компаниялар) ғана 5 жылдан артық мерзімге жасайды. [8]

Бизнес-жоспарға қойылатын негізгі талаптар және оны жасаудың принциптері:

  • Сенімділік, ол кәсіпорынның шын жағдайын көрсете білуі қажет;
  • Барлық жағдайдың нақтылығы және дәлелділігі;
  • Айқындылық, дәлелдің логикалық дәйектілігі және сендіре

алатындығы.

  • Қазіргі заманға сай болуы, яғни құжаттарды қажетті уақытында

жасау және мақсатына қарай бейімдеу;

  • Арнайы болуы, яғни қажетті ақпаратты қажет уақытында, оны

қажетсінетін адамға жеткізу.

Өнімге нарық қажеттілігін қамтамасыз ету бағыттарын таңдаудың экономикалық негіздемесі кәсіпорынның бизнес-жоспарын аяқталады, соның ішінде мынадай экономикалық бөлімдер бойынша:

  • өнім өндірісі мен кәсіпорын ресурстары;
  • өндіріс шығындары;
  • қаржы;
  • экономикалық тиімділік.

Төмендегідей экономикалық бөлімдер бойынша негіздеме жүргізіледі:

І бөлім. Өндірістік қуаттылық, өнім (тауар), нарықтық сұраныс, нарықтық сұранысты қамтамасыз ету.

ІІ бөлім. Өндіріс ресурстары.

ІІІ бөлім. Өндіріс шығындары.

ІV бөлім. Жобаланған баға мен өнім рентабельділігі.

V бөлім. Экономикалық тиімділік.

Әдістемелік және іс-тәжірибелік ұсыныстар “Кәсіпорын экономикасы”, “Инновациялық менеджмент” және басқа экономикалық пәндер, соның ішінде “Логистиканың экономикалық негіздері” бойынша курстық және дипломдық жұмыстарын орындау барысында қолдануы мүмкін. (2)

Бизнес-жоспар тек экономикалық бөлімдерден тұрады. Бизнес-жоспарда резюме, өнімнің сипаттамасы, нарықтық маркетингтік зерттеулердің нәтижелері, технология және өндірісті ұйымдастыру берілмейді, өйткені, шығарылатын өнім бәсекеге қабілетті болып табылады, нарықта сұранысқа ие. Кәсіпорын сипаттамасы бизнес-жоспардың “Кәсіпорын ресурстары” атты І бөлімде беріледі.

Бизнес-жоспар есептелген мәліметтер бойынша құрылады және курстық жобаның тиімділігін экономикалық негіздеу үшін болып табылады.

Өнімге деген нарық қажеттілігін қамтамасыз ету бағыттарын таңдауды экономикалық негіздеу кезінде бизнес-жоспарға жан-жақты және терең салыстырмалы талдау жасалынады. Өнім өндіру мен өткізуді арттыру орташа еңбекақы, банк несиесін өтеу және қайтару мерзімі және т. б. салыстырылады.

Салыстырмалы талдаудың жағымды нәтижелері кезінде қарастырылатын әдістеме бойынша экономикалық тиімділіктің негізгі критерийі ұзақ мерзімді банк несиесін қайтару мерзімінде салынған қаржыларды қайтару болып табылады: техникалық қайта жабдықтау және қайта құрастыру үшін - 5 жыл, ал кеңейту және жаңа құрылыс үшін - 5 жылдан аса мерзім белгіленеді.

Егер жоба кері нәтижелерге алып келсе, онда өндіріс тиімділігін көтеру жөнінде ұсыныстар жасалынады.

Кәсіпорын дамуының бизнес-жоспары мәліметтерінен болашақта кәсіпорынның өндірісішілік резевтерін пайдалану және техникалық қайта жабдықтау есебінен өнімді шығару мен өткізу көлемін 2 есеге арттыру экономикалық дәлелденген болып табылатынын көруге болады. Капитал салымы банктік ұзақ мерзімді несиенің мерзімі шегінде өтеледі. Шығынсыздық нүктесі өнім өткізу көлемінен әлдеқайда төмен, дегенмен қаржылық орнықтылық қоры шығарылытын өнім рентабельділігінің аз ған жоғарлауына байланысты жоғары болмайды.

Тиімділіктің басқа көрсеткіштері жағымды, мұны салыстырмалы талдау дәлелдейді. Болшақта өнімнің өзіндік құны елеулі түрде төмендейді, бұл оның нарықтық бағасын төмендетуге, ал осыған орай, өнімнің бәскеге қабілеттігін көтеруге мүмкігдік береді.

Болшақта өнім көлемін арттыру мәліметтерін қор қайтарымдылығы, рентабельділік, еңбек өнімділігі және орташа еңбекақы сияқты көрсеткіштрмен салыстыру еңбек өнімділігінің өсуі орташа еңбекақының өсуін едәуір дәрежеде басып озатынын көрсетеді. [7]

1. 3 Бизнес-жоспардың құрылымы

Бизнес-жоспар - бұл іскер жобаның негіздемесі. Бизнес-жоспардың құрылымы өзіне арналған міндеттерге тәуелді. Бөлімідерінің құрамы бизнестің ерешелігі мен нарықтың көлеміне байланысты көлеміне, проблемалық жағдайларға, алда тұрған міндеттерге тәуелді өзгеруі мүмкін. Жалпы, бизнес-жоспар келесі бөлімдерден құралады:

Титул парағы. Құжаттың атын, жобаның атын, шағын кәсіпорынның пішінін (бизнес-жоспардың жасалуына себепкер жағдай), өндірушілердің аты-жөнін, шағын кәсіпорындардың деректемелері менбизнес-жоспарды жасаудың орны мен уақытын белгілеуден тұрады.

Аннотация (негіздеме) . Барлық бөлімдердің қысқаша нәтижелерін құрайды (жобаның мәні мен тиімділігі, фирма туралы жалпы мәліметтер, басқару командасы, іс-әрекеттер жоспары, қаржыландыру көздері, инвестицияларды қайтару жлспары мен кепілі) .

Құпиялылық туралы меморандум. Әсіпесе фирманың дамуының перспективті саясатына қатысты бизнес-жоспардағы барық ақпараттардың құпиялылығы туралы әлеуетті инвесторларды ескерту үшін қажет.

Мазмұны. Бизнес-жоспардың мазмұнына оңай бейімделуге және қажетті ақпараттарды тез табуға мүмкіндік береді, ол бөлімдер жоспарының тізімін береді.

1-бөлім. Фирманың мүмкіндіктері(түйін) . Ағымдағы жағдайлар, ұйымдастыру құрылымы, шағын кәсіпорынның жетістіктері туралы мәліметтерді құрайды.

Бұл бөлімшенің көлемі 3-4 беттен аспауы керек. Оның мәтіні түсінікті де қарапайым болу керек. Осы бөліммен жұмыс істеу өте маңызды, өйткені егер де кәсіпкерлік жобаның тартымдылығы көрсетілмесе, бизнес-жоспарды ары қарай инвесторлар да оқымауы мүмкін. Сондықтан осу бөлімді жазу кезінде кәсіпкерге 2 кезеңді топтасқан түрде және негізделген түрде меңгеру қажет:

- инвесторлар үшін оның тартымдылығы мен іскер ұсыныстарының мәні;

- оның іс-әрекетінің негізгі бағыттарын сипаттау, жобаны табысты жүзеге асыру бойынша фирманың мүмкіндіктері.
Бөлім фирманың миссиясының және оның негізгі стратегиялық бағыттарын ұйымдастырумен басталады. Миссия - бұл ұйымның пайда болуын сипаттайтын басты мақсат.

2-бөлім. Тауар (қызмет) түрлері. Шағын кәсіпорынның тауарлық саясатының параметрлері қарастырылады.

Осы бөлімді жазуда кәсіпкерлерге төмендегілер қажет:

  • тұтынушыларғы ұсынылатын тауарларға (қызмет) сұраныс пен сатып алушылардың қажеттілігін бағалау;
  • тұтынушылардың қажетілігіндегі өзгерістер үрдісін болжамдау.

Бірақ, не өндіру керек екенін білу, әлі де жеткіліксіз. Ол таңдалған өнімді тұтынушылардың талаптарына толығымен жауап беретіндей етіп өндіре бәлу қажет. Бұл үшін фирманың келесідей мүмкіндіктерін талдау қажет: өндірістік, қаржылық, материалдық ресурстары, өнімді өткізу жүйесі, бар кадрлардың біліктілігі және т. б. Тауарларды сатудан түскен табыстар, сондай-ақ нарықта оның жүзеге асырылу процесінің ерекшеліктері көбінесе берілген тауар немесе қызметтің өміршеңдік циклінің қандай кезеңде тұрғанымен анықталады.

Жетілудің соңғы кезеңінде тауарлардың өміншеңдік циклін ұзарту мақсатында кәсіпкер тауарды жетілдіру, жаңарту, қолдану аясын кеңейту, жаңа өткізу нарықтарын іздеу сияқты шешімдер қолдануы қажет.

Шағын фирмамен шығарылатын түрлі тауарлардың өміршеңдік циклі бірін-бірі жауып, толықтырып отырған жағдайда, яғни тауармен нарықтың толығып кету мезетіне дейін келесі бір жаңа тауар нарыққа ендірілген жағдайда ғана фирманың өркендеуі сенімді түрде қамтамасыз етілетіндігін байқауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнестің тартымдылығы
Бизнес жоспарын құру жолдары
Бизнес - жоспардың даму стратегиясының экономикалық негіздемесі
Нарық жағдайындағы екінші деңгейлі банктердің несиелік-инвестициялық қызметтері
Бизнес жоспарды құрудың теориялық негіздері
Қаржылық жоспарлау және болжау
Өндірісті Басқару фуңцялары
Бизнес-жоспардың теориялық аспектілері
Қонақ үй маркетингі және қонақтарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының территориясында бизнесті ұйымдастыру түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz