Селекцияның негізгі әдістері: сұрыптау, будандастыру және мутациялық селекция



Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Селекция ғылымы
2. Селекцияның негізгі әдістері: сұрыптау, будандастыру және мутациялық селекция.
3. Саналы сұрыптау.
4. Будандастыру әдісі.
5. Гетерозис.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Селекция жануарлардың асыл тұқымын, өсімдіктердің сорттарын, микроорганизмдердің штампыларын шығарудың, жаңартудың әдістерін және биологиялық негізін зерттейтін ғылым. "Селекция" — сұрыптау деген мағынаны білдіреді. Генетика селекцияның ғылыми негізі болып есептелінеді. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары барлық организмге тән қасиет. Жануарлардың, өсімдіктердің жаңа тұқымы мен сорттарын шығаруда осы заңдылықтарды білудің маңызы зор. Себебі, ол тұқым қуалайтын өзгергіштікке негізделген. H.И.Вавилов селекцияның теориялық негізін қалады.
1. Жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің тұқымдық, сорттық, түрлік және туыстық ерекшеліктерін зерттеуді көрсетті.
2. Тұқым қуалайтын өзгергіштік белгілер мен қасиеттердің дамуына сыртқы орта факторларының әсер ететіндігін анықтады.
3. Организмдердің пайдалы белгілері мен қасиеттерінің тұрақтандырылуына жағдай жасайтын қолдан сұрыптау жүйесін жасады.
Селекцияның басты мақсаты мен міндеті — адам баласына қажетті мол өнім беретін, суыққа, ауруға төзімді өсімдік сорттарын, мал тұқымдарын және микроорганизмдердің штампыларын қысқа мерзімде шығару және жақсарту. Сорт немесе тұқым дегеніміз не? Жануарлардың асыл тұқымы немесе есімдіктердің сорттары деп тұқым қуалайтын морфологиялық, биологиялық және шаруашылық белгілері мен қасиеттері ұқсас, сұрыптаудың нәтижесінде шығарылған бір түрге жататын даралар жиынтығы. Н.И.Вавиловтың айтуы бойынша: "Селекция үшін қажетті бастапқы материалды білмей, олардың шығу тегі мен эволюциясын зерттемей тұрып, жануарлардың, өсімдіктердің қазіргі сорттарын, тұқымын жаңарту, жақсарту мүмкін емес". Сонымен қатар жануарлардың, өсімдіктердің жабайы арғы тегі формаларының, мәдени формаларына қарағанда бай екенін көрсетті. Сондықтан өсімдіктердің жаңа сорттарын, малдардың асыл тұқымын шығаруда олардың ата тегінің бағалы белгілері бар түрлерін будандастыруға пайдалану қажет екендігін анықтап берді. Ол мәдени өсімдіктердің ата тегінің шығу орталықтарын анықтау, зерттеу және олардың генофондысын сақтау мақсатында дүние жүзінің әр түкпірінде 180-нен астам экспедиция ұйымдастырды. Осы жұмыстың нәтижесінде 1700 түрге жататын 250 мыңнан асатын ауыл шаруашылығы есімдіктері үлгілерінің коллекциясын жасады. Өсімдіктердің сол уақыттағы жиналған коллекциясы осы күнге дейін мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығаруға пайдаланылады. Н.И.Вавилов барлық географиялық аймақтарда мәдени өсімдіктердің алуантүрлілігі бірдей емес екендігін анықтай келіп, аса маңызды жаңалық ашты. Ол мәдени өсімдіктер шығуының жеті орталығын белгіледі. Әрбір орталық белгілі бір мәдени өсімдіктердің шыққан отаны болып есептелінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Мал өсіру және селекция — 2011 жылы Алматы қаласы «Дәуір» —
Т. С. Садықұлов, Т. К. Бексейітов.
2. Микробиология жәнеиммунология :оқулық / Б. Т. Толысбаев, К. Б. Бияшев. - Алматы :Нур-Принт, 2006.
3. Ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы.Жалпы өсімдік шаруашылығыӘрінов Б. К. – Астана.
4. Интернет желісі.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Селекция ғылымы
2. Селекцияның негізгі әдістері: сұрыптау, будандастыру және мутациялық селекция.
3. Саналы сұрыптау.
4. Будандастыру әдісі.
5. Гетерозис.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Селекция жануарлардың асыл тұқымын, өсімдіктердің сорттарын, микроорганизмдердің штампыларын шығарудың, жаңартудың әдістерін және биологиялық негізін зерттейтін ғылым. "Селекция" -- сұрыптау деген мағынаны білдіреді. Генетика селекцияның ғылыми негізі болып есептелінеді. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары барлық организмге тән қасиет. Жануарлардың, өсімдіктердің жаңа тұқымы мен сорттарын шығаруда осы заңдылықтарды білудің маңызы зор. Себебі, ол тұқым қуалайтын өзгергіштікке негізделген. H.И.Вавилов селекцияның теориялық негізін қалады.
1. Жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің тұқымдық, сорттық, түрлік және туыстық ерекшеліктерін зерттеуді көрсетті.
2. Тұқым қуалайтын өзгергіштік белгілер мен қасиеттердің дамуына сыртқы орта факторларының әсер ететіндігін анықтады.
3. Организмдердің пайдалы белгілері мен қасиеттерінің тұрақтандырылуына жағдай жасайтын қолдан сұрыптау жүйесін жасады.
Селекцияның басты мақсаты мен міндеті -- адам баласына қажетті мол өнім беретін, суыққа, ауруға төзімді өсімдік сорттарын, мал тұқымдарын және микроорганизмдердің штампыларын қысқа мерзімде шығару және жақсарту. Сорт немесе тұқым дегеніміз не? Жануарлардың асыл тұқымы немесе есімдіктердің сорттары деп тұқым қуалайтын морфологиялық, биологиялық және шаруашылық белгілері мен қасиеттері ұқсас, сұрыптаудың нәтижесінде шығарылған бір түрге жататын даралар жиынтығы. Н.И.Вавиловтың айтуы бойынша: "Селекция үшін қажетті бастапқы материалды білмей, олардың шығу тегі мен эволюциясын зерттемей тұрып, жануарлардың, өсімдіктердің қазіргі сорттарын, тұқымын жаңарту, жақсарту мүмкін емес". Сонымен қатар жануарлардың, өсімдіктердің жабайы арғы тегі формаларының, мәдени формаларына қарағанда бай екенін көрсетті. Сондықтан өсімдіктердің жаңа сорттарын, малдардың асыл тұқымын шығаруда олардың ата тегінің бағалы белгілері бар түрлерін будандастыруға пайдалану қажет екендігін анықтап берді. Ол мәдени өсімдіктердің ата тегінің шығу орталықтарын анықтау, зерттеу және олардың генофондысын сақтау мақсатында дүние жүзінің әр түкпірінде 180-нен астам экспедиция ұйымдастырды. Осы жұмыстың нәтижесінде 1700 түрге жататын 250 мыңнан асатын ауыл шаруашылығы есімдіктері үлгілерінің коллекциясын жасады. Өсімдіктердің сол уақыттағы жиналған коллекциясы осы күнге дейін мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығаруға пайдаланылады. Н.И.Вавилов барлық географиялық аймақтарда мәдени өсімдіктердің алуантүрлілігі бірдей емес екендігін анықтай келіп, аса маңызды жаңалық ашты. Ол мәдени өсімдіктер шығуының жеті орталығын белгіледі. Әрбір орталық белгілі бір мәдени өсімдіктердің шыққан отаны болып есептелінеді. Бұл орталықтар, негізінен, жазық жер емес, таулы аудандар. Көптеген орталықтар ертедегі егін шаруашылығы орталықтарымен сәйкес келеді. Н.И. Вавилов мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын анықтау барысында жалпы бір заңдылықты байқаған. Өсімдіктер өзінің түр ретінде түзілген орталықтарынан алыстаған сайын, олардың түсінің өзгеретінін көрген. Мысал ретінде, Мексикада өсетін жүгері сабағының боялған қара түсі, Тынық және Атлант мұхиттарына жақын аудандарда ағаратынын көрген. Ал Еуропада өсетін бидайдың, арпаның, қара бидайдың ақ масақтары Африкадағыдан өзгеше болып келеді. Мәдени өсімдіктер шығу орталықтарынан басқа аудандарға тараған сайын олардың доминатты белгілері (гендерінің әсері) төмендеп, рецессивті формалары арта бастайды. Бұлай болу себебі, таулы, аралды және шөлді аймақтар рецессивті гені бар формаларды оқшауландырып, олардың көбеюіне жағдай туғызады. Мысалы, бір жағын Арал теңізі, екінші жағын Қарақұм алқабы қоршаған Хиуа (Өзбекстан) жерінде Н.И.Вавилов бастаған экспедиция зығыр өсімдігінің гүлінің түсінде рецессивті белгілері бар және дөні ақ түрлерін анықтаған. Сонымен шығу орталықтарынан алыстаған сайын есімдіктердің доминантты гендері әсерінің төмендеуін, ал керісінше, рецессивті формаларының арту заңдылығын "Вавилов әсері" деп атады.

2. Селекцияның негізгі әдістері: сұрыптау, будандастыру және мутациялық селекция.
Адамның қатысуымен жүретін сұрыптауды қолдан аррыптау деп атайды. Чарлз Дарвин өзінің қолдан сұрыптау туралы ілімінде оның екі түрін анықтаған: мақсатсыз және мақсатты сұрыптау. Адамдар жануарларды үй жағдайына қолға үйретудің алғашқы кезеңінде мақсатсыз сұрыптауды пайдаланды. Олар өздеріне ыңғайлы, жуас ұрпақ өрбітетін малдар мен мол өнім беретін өсімдіктердің түрін қалдырып, қолға үйретуге қиын, мінез-құлқы шәлкес малдарды жойып немесе күштеп үйретуге тырысты. Сонымен адам санасыз сұрыптаудың арқасында малдарды мінез- құлқына қарап, біртіндеп үй жағдайына үйрете бастады. Мысалы, қазіргі иттердің арғы тегі қасқыр екені анықталды. Жануарлармен қатар өсімдіктерді де санасыз сұрыптады. Мысалы, астық тұқымдас өсімдіктердің жабайы түрінің орта жағдайына бейімделуіне байланысты масағы сынғыш келеді. Олардың масағынан дәндері төгіліп тұрады. Адам бидай өнімін жинау барысында масағы мықты өсімдіктерді сұрыптау арқылы оның осы уақыттағы мәдени түрін алды. Санасыз сұрыптаудың нәтижесінде біртіндеп малдардың тұқымы мен өсімдіктердің түрлері жаңара түсті. Әйтсе де, осы санасыз сұрыптау, барлық мәдени өсімдіктердің, үй жануарларының алуан түрлілігінің шығуына ықпалын тигізді.
3. Саналы сұрыптау.
Үй жағдайында жануарлар мен өсімдіктерді өсіру кезінде, адамдар бағалы, пайдалы белгілері бар ата-аналық даралар өздеріне ұқсас, жетілген ұрпақ әкелетінін байқаған. Оларды бірнеше ұрпақ бойы қадағалап, көбейтіп, өсіріп отырған. Адам саналы сұрыптау барысында белгілі бір мақсат қойып, қандай нәтиже шығатынын да болжай алады. Осы сұрыптаудың нәтижесінде жануарлардың белгілері өзгеріп, адам қажетіне керек, жабайы ата тегінен өзгеше, жаңа түрлері пайда болады. Сұрыптаудың шығармашылық маңызы осында. Қолдан сұрыптаудың екі түрі бар. Ол -- жаппай және жеке сұрыптау. Жаппай сұрыптау деп фенотипі (сыртқы белгілері, қасиеттері) бойынша сұрыптауды айтады. Мұнда генотип есепке алынбайды, фенотип жағынан бірдей даралардың тобын іріктейді. Жеке сұрыптау кезінде жекеленген өсімдіктің немесе жануарлардың біреуін іріктеп, оның ұрпақтарының генотипін зерттейді. Ұрпақтарына бағалы, қажетті қасиеттер мен белгілерін тұрақты беретін дараларды сұрыптайды. Жеке сұрыптаудың маңызы генотипі жағынан бағалы бір дарадан көп ұрпақ алуға болатынында. Мысалы, қолдан ұрықтандырудың тәсілдерін пайдалана отырып, бір бұқадан, қошқардан ондаған, жүздеген ұрпақ алуға болады. Жеке сұрыптаудың жаппай сұрыптаумен салыстырғанда маңыздылығы жоғары. Өсімдіктерде жеке сұрыптауды кеңінен қолданады. Кез келген өсімдікті оның ұрпағы бойынша бағалау жүргізу үшін жеке-жеке көбейтіп, таза сорттармақ жағдайына жеткізеді. Таза сорттармақ, дегеніміз -- бір жұп ата-анадан тараған белгілері бойынша гомозиготалы ұрпақтар. Адам қолдан сұрыптаудың әдістері арқылы популяцияда қажетті, бағалы белгілері бар дараларды көбейтеді.

4. Будандастыру әдісі.
Өсімдіктердің сорттарын, жануарлардың жаңа тұқымын шығару үшін будандастыру әдісін қолданады. Олар туыстық будандастыру (инбридинг) және туыстық емес будандастыру (аутбридинг) болып бөлінеді. Туыстық будандастыру немесе инбридинг будандастыруда туылған ұрпақта гендердің гомозиготалы күйге ауысуына байланысты гомозиготалы даралардың үлесі арта түседі. Мал шаруашылығында бір ата-анадан туған төлдерді бір-бірімен, не ата-анасын өз төлімен шағылыстырады. Бұл өсімдіктердің өздігінен тозаңдануына ұқсайды және гомозигота санын кебейтуге әкеледі. Осымен қатар ұрпақта пайда болған (рецессивті гомозиготалы жағымсыз) мутациялар даралардың өнімділігіне, тіршілік қабілетіне кері әсер етеді. Жақын туыстарды бір-бірімен будандастырудың тиімді жағы да бар. Ұрпақта бағалы белгілер беки түседі және бұл қасиет ата-анасында бірдей болса, болашақ ұрпақтарына беріліп отырады. Туыстас будандастыру жануарлар мен өсімдіктердің селекциясы үшін қажетті сорттармақтар алу үшін кеңінен қолданылады. Туыс емес организмдердің будандасуын аутбридинг деп атайды. Аутбридинг: түр ішіндегі будандастыру және әріден будандастыру болып бөлінеді.

5. Гетерозис.
Гетерозис кезінде ата-анасымен салыстырғанда буданның тіршілік қабілеті артып, мол өнім береді. Бірақ бұл қасиет кейінгі ұрпақтарында біртіндеп төмендеп өше бастайды. Гетерозис құбылысын өсімдіктер және жануарлар селекциясында жиі қолданады. Бұл құбылысты ең алғаш 1914 жылы Америка ғалымы В. Шелл жүгері өсімдігінен байқайды. В. Шеллдің тәжірибесі бойынша, жүгері өсімдігі гетерозисті буданының бірінші ұрпағының өнімі екінші ұрпағының өніміне қарағанда -- 35%-ға, үшінші ұрпағында 50%-ға төмендегенін көрсеткен. Гетерозистің швед ғалымы А. Густафсон анықтағандай, өсімдіктерде бірнеше түрі бар. Олар жыныстық гетерозис -- жыныс органдарының жақсы дамуына байланысты тұқым мен жемістің өнімі артады. Денелік гетерозис -- вегетативті органдарының іріленуі. Бейімделгіш гетерозис -- будан өсімдіктердің ортаға бейімделіп тіршілік қабілетінің артуынан туады. Гетерозис ірі қара малдарда жиі кездеседі. Мысалы, ірі қара малдың Герефорт және Шортгорн тұқымдарын будандастырғанда, будандардың еті мол және өте жоғары сапалы болған. Ал қазақтың Ақ бас сиырын Санта-гертруда тұқымымен будандастырғанда, будан ұрпақтары етті болады. Бір өркешті түйені (нарды) екі өркешті түйемен будандастырғанда, сондай-ақ жылқы мен есекті будандастырғанда, ұрпақтарында гетерозис құбылысы байқалады. Қашар -- екі түрге жататын жылқы мен есекті шағылыстыру нәтижесінде алынған ұрпақ, бермейтін будан. Күші жағынан ата- анасынан бірнеше есе артық болады. Гетерозигота құбылысының табиғаты, оның молекулалық сыры әлі толық анықталған жоқ. Әріден будандастыру. Әр түрге және туысқа жататын организмдердің будандасуын әріден будандастыру дейді. Мұндай шағылыстырудың мақсаты -- бір түрге жататын дараларды будандастыруда беріле алмайтын белгілер мен қасиеттердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Селекцияның генетикалық негіздері
Селекция туралы жалпы түсінік
Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы
Хромосома типтері
Өсімдіктер селекциясы
Гетерозис және оны селекцияда қолдану
Генетика дамуының негізгі көрінісі
Жасушалар мен тіндерді өсіру әдістері
Гетерозис, оны өсімдіктер селекциясы тәжірибесінде пайдалану жолдары
Генетика және селекция
Пәндер