Мемелекеттік сорт сынау әдістері мен түрлері



Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Сорт сынау әдістері мен техникасы
2.2.Мемлекеттік сорт сынау әдістері мен түрлері
III.Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Селекцияда тұқым шаруашылығы жұмыстарын табыспен жүргізу үшін және ауыл шаруашылығы өндірісінде сорттарды дұрыс пайдалану үшін сорттың не екенін, сорт топтарының өзара ұқсастығы мен олардың бір- бірінен айырмашылығын білу маңызды.
Өсімдіктерді жүйелеуде «форма» және «сорт» бір ұғымды білдіреді. Алайда, сорттар мен ботаникалық формалар арасында түбірлі өзгерістер бар. Сорт адамның өндірістік қызметі арқасында шығарылады. Ол ауыл шаруашылығы өндірісінің құралы болып табылады.Сорт деп, селекция тәсілімен алынған морфологиялық, биологиялық және тұқым қуалау ерекшеліктерімен шаруашылыққа құнды белгілері бар мәдени өсімдіктің жиынтығын айтады.Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары шығу тегі бойынша жергілікті және селекциялық болып бөлінеді.
Жергілікті сорт деп, дақылдардың нақты бір жерде өсірілуіне орай ұзақ, табиғи және жасанды сұрыптаудың қарапайым әдістерімен жасалған сорттарды атайды. Түрлі дақылдардың жергілікті сорттарының үлкен бөлігі халықтық селекция процесімен алынған.
Селекциялық сорт деп, селекциялық ғылыми әдістері негізінде ғылыми - зерттеу мекемелерінде шығарылған сорттарды айтады. Олар морфологиялық белгілері мен шаруашылық - биологиялық қасиеттері бойынша біркелкі болуымен ерекшеленеді.Өздігінен және айқас тозаңданатын элиталы тұқым өндіру жекелей сұрыптау әдісімен жүргізіледі.Осы әдіспен алынған сорттардың тұқымын өндіруде және болашағы бар, дефицитті (тапшы) элита тұқымдарын өндіру жаппай сұрыптау әдісімен жүргізіледі.Сорттың өнімділік сапасы егістікті тек қана жоғары сапалы тұқым мен сепкенде байқалады. Егістік материалдың құндылығы тұқымның егістік және сорттық сапасымен бағаланады
Пайдаланылған әдебиеттер

1.Агрономия негіздері. Қ.Әрінов,А.Нағымтаев-2007. Астана
2.Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық –түлік бағдарламасы –Астана, 2002.
3.Қ.К.Әрінов. Тұқымтану негіздері-Ақмола,1995
4.Можаев Н.И., ӘріновҚ.К.,т.б. Өсімдік шаруашылығы-Ақмола,1993.
5.А.Т.Тұрарбеков, А.В.Иванников.Солтүстік Қазақстан егіншілігі.-Алматы:Қайнар,1990.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылық Министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Кафедра: Агрономия

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Мемелекеттік сорт сынау әдістері мен түрлері

Қабылдаған: Абдразақов Е
Орындаған: Пернебек Р
Тобы:АГ-301Қ

АЛМАТЫ-2016

Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Сорт сынау әдістері мен техникасы
2.2.Мемлекеттік сорт сынау әдістері мен түрлері
III.Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Селекцияда тұқым шаруашылығы жұмыстарын табыспен жүргізу үшін және ауыл шаруашылығы өндірісінде сорттарды дұрыс пайдалану үшін сорттың не екенін, сорт топтарының өзара ұқсастығы мен олардың бір- бірінен айырмашылығын білу маңызды.
Өсімдіктерді жүйелеуде форма және сорт бір ұғымды білдіреді. Алайда, сорттар мен ботаникалық формалар арасында түбірлі өзгерістер бар. Сорт адамның өндірістік қызметі арқасында шығарылады. Ол ауыл шаруашылығы өндірісінің құралы болып табылады.Сорт деп, селекция тәсілімен алынған морфологиялық, биологиялық және тұқым қуалау ерекшеліктерімен шаруашылыққа құнды белгілері бар мәдени өсімдіктің жиынтығын айтады.Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары шығу тегі бойынша жергілікті және селекциялық болып бөлінеді.
Жергілікті сорт деп, дақылдардың нақты бір жерде өсірілуіне орай ұзақ, табиғи және жасанды сұрыптаудың қарапайым әдістерімен жасалған сорттарды атайды. Түрлі дақылдардың жергілікті сорттарының үлкен бөлігі халықтық селекция процесімен алынған.
Селекциялық сорт деп, селекциялық ғылыми әдістері негізінде ғылыми - зерттеу мекемелерінде шығарылған сорттарды айтады. Олар морфологиялық белгілері мен шаруашылық - биологиялық қасиеттері бойынша біркелкі болуымен ерекшеленеді.Өздігінен және айқас тозаңданатын элиталы тұқым өндіру жекелей сұрыптау әдісімен жүргізіледі.Осы әдіспен алынған сорттардың тұқымын өндіруде және болашағы бар, дефицитті (тапшы) элита тұқымдарын өндіру жаппай сұрыптау әдісімен жүргізіледі.Сорттың өнімділік сапасы егістікті тек қана жоғары сапалы тұқым мен сепкенде байқалады. Егістік материалдың құндылығы тұқымның егістік және сорттық сапасымен бағаланады

2.1. Сорт сынау әдістері мен техникасы
Егер селекциялық-тәжірибе мекемесінде жаңа шығарылған сорт өзінің өнімділігі мен сапасы жөнінен ең жақсы аудандастырылған сорттан асып түссе, онда ол мемлекеттік сорт сынауға берілуі мүмкін. Кейінгі жыл - дары өзіндігінен тозаңданатын сорттардың тұқымын сорт сынау телімінде өсіреді. Айқас тозаңданатын дақыл сортының тұқымдарын сорт сынау телімдері жыл сайын өз облысының (өлкесінің) селекциялық-тәжірибе мекемелерінен алады немесе оларды көбейту жұмысы сорт сынау телімдерінің бірінде ұйымдастырылады. Сонымен бірге тағы мынадай негізгі бағалы шаруашылық белгілері мен биологиялық қасиеттеріне ерекше назар аударылады: өнімнің сапасы мен өнімділігі, қысқы суыққа, құрғақшылыққа төзімділігі, интенсивті (озық) технология бой - ынша егіп-өсіруге жарамдылығы.
Жаңадан шығарылған сорттарды ғылыми-зерттеу (оригинатор) мекемесі үш жылдық конкурстық сорт сынау мен бір-екі жылдық өндірістік сорт сынау мәліметтері бойынша мемлекеттік сорт сынауға береді. Жаңа сортты мемлекеттік сорт сынауға берген кезде белгіленген үлгі бойынша оған сипаттама (бейнелеу) ұсынылады, онда сынау нәтижелері келтіріледі және сорттың агротехникаға қоятын талабы көрсетіледі.
Тұқым шаруашылығы ауылшаруашылығы дақылдарының аудандастырылған сорттар мен будандарының жоғары сапалы сорттық тұқымын көбейтіп, шаруашылықтарды қамтамасыз етумен қатар, тұқымдық дәннің сорттық билогиялық және өнім беру қасиеттерінің сақталуын қадағалап отыратын ауыл шаруашылыгы өндірісінің негізгі бір саласы.Тұқым шаруашылығы бір бірімен тығыз байланысты екі міндетті атқарады.
1. Біріншісі, белгілі бір аймаққа енгізілген жаңа сорттың жоғары сапалы тұқымын қажетті мөлшерге дейін көбейту. Бірақ жалпылама көбейтудің нәтижесінде және сортты ұзақ пайдаланудың әсерінен, олардың өнімділігі азаяды.
2. Екінші міндеті - аудандастырылған өндірістегі сорттық тұқымның сапасын сақтау. Сондықтан тұқым шаруашьшыгында сорт алмастыру және сорт жаңарту қызметтері жүргізіледі.
Сорталмастыру - мемлекеттік сынақтың қорытындысы бойынша өндірістегі ескі сортты өнімділігі мен сапасы жоғары жаңа сортпен алмастыру.
Сортжаңарту - сорттық биологиялық касиеттері төмендеген тұқымдарды сол сорттың жаңа тұқымдарымен алмастыру.
Тұқым жаңарту негізі - элита болып табылады. Элита француз тілінен аударғанда - өте жақсы, деген мағынаны білдіреді. Сорттың ең жақсы сұрыпталып алынған өсімдіктерінің ұрпағы.
Сорттың генетикалық тұрғыда сақталуын қадағалауда - жекелей және жаппай сұрыптаудың маңызы зор.
Элиталы тұқым өсіру кестесі:
I- жекелей сұрыптауда:
1) І-ші жылғы тұқымды сынау питомнигі
2) 2-ші жылғы тұқымды сынау питомнигі
3) 1-4 жылғы көбейту питомнигі
4) суперэлита
5) Элита
Жаппай сұрыптау:
1)1-2 жылғы көбейту питомнигі
2)суперэлита
3)Элита
2.2.Мемлекеттік сорт сынау
Мемлекеттік сорт сынау .Мемлекеттік сорт сынаудың басты міндеті - ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық сыналатын сорттары мен будандарын аудандастыру және өндіріске енгізу. Сорт сынау телімдері мен сорт сынау станцияларының жүйелері топырақ-климат жағдайларының барлық түрлерін қамтиды.
Жұмыстарының түріне қарай мемлекеттік сорт сы - нау телімдері мынадай түрлерге бөлінеді: егістік дақылдар телімдері; көкөніс дақылдары телімдері. Көптеген сорт телімдерінде дәнді дақылдар сортын өсімдіктердің татпен, шаңмен, қаракүйемен жасанды зақымдануы кезінде бағалайды.
Мемлекеттік сорт сынау кезінде сорттардың агротехникасына көп көңіл бөлінеді. 500-ден аса сорт сынау телімдері мен сорт сынау станциялары болашағы бар және аудандастырылған сорттарды ауыспалы егістік әр түрлі
алғы дақылдарына байланысты себу мен қоректендіруді, себу мерзімдерін, тыңайтқыштардың зерттеу нормаларын анықтайды.
Сорт сынау мен жаңа сорттарды көбейту үшін, шаруашылықта тұрақты жер телімін бөледі, оған өзінің ауыс - палы егісін енгізеді. Барлық жұмысты ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия бекіткен бірыңғай әдіс бойынша жүргізеді. Сыналатын сорттарды осы облыстағы (аймақтағы) ең жақсы аудандастырылған сортпен салыстыра - ды, ол сорт бақылаушы (стандарт) қызметін атқарады. Тәжірибелердегі қайталану - төрт-алты дүркін. Мөлтектің есептеу алаңы қағида бойынша 100 м2. Шағын габаритті техниканы пайдаланған кезде мемлекеттік сынау әдістемесі дақылдар қатары бойынша мөлдектер мөлшерін 25, тіпті алты дүркін қайталану кезінде 10 м2 дейін қысқартуға мүмкіндік береді және мемлекеттік сорт сынауға берілетін жаңа сорттарды бір мезгілде, ірі топырақ-климат аймағынын барлық сынау телімдерінде тез сынауға мүмкіндік береді.
Сорттар шаруашылық-биологиялық қасиеттерінің жиынтығы бойынша былай бағаланады: өнімділігі, өнім сапасы, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі, тыңайтқыштарға реакциясы, механизацияны пайдалануға жарамдылығы. Сорттарды бағалау әдісі әр жыл сайын жетілдіріліп отырады.
Мемлекеттік сорт сынау әрбір сорт сынау теліміне 3 жылдан кем болмайды. Негізгі сорт сынаумен бір мезгілде мөлдектерде ең жақсы, анағұрлым болашағы бар сорт - тарды 2-3 жыл ішінде өндіріс жағдайларына сынайды. Бұдан кейін бағалы сорттарды аудандастырады, ал болашағы жоқ сорттарды әрі қарайғы сынаудан алып тастайды. Кейбір ерекше жағдайларда бағалы сорттар екі жылдық сынаудан кейін аудандастыруға рұқсат етіледі.
Өндіріс үшін болашағы бар сорттардың жарамдылығын дұрыс және тез анықтау өндірістік сорт сынау жолымен жүргізілуі мүмкін. Мөлдектерге бір-екі жылдық сорт сынау нәтижелері бойынша сорт сынау телімі өз аймағының шаруашылықтарында жаңа болашағы бар сортты аудандастырылған стандартты сортпен салыстыра отырып сынауды ұйымдастырады. Дәнді дақылдар үшін мөлдек алаңы 2-4, картоп үшін 1-2 гектар болады. Сорт сынау телімдерінің басым көпшілігі төңірегіндегі шаруашылықтар үшін, егіншілік мәдениетінің үлгісі қызметін атқарады.
Сорт сынау мекемелері жаңа болашағы бар сорттың тұқымдарын көбейтеді және оларды өздерінің аумағында тұрған шаруашылықтарға, сондай-ақ қатар орналасқан шаруашылықтарға егу үшін береді.
Егер селекциялық-тәжірибе мекемесінде жаңа шығарылған сорт өзінің өнімділігі мен сапасы жөнінен ең жақсы аудандастырылған сорттан асып түссе, онда ол мемлекеттік сорт сынауға берілуі мүмкін. Кейінгі жыл - дары өзіндігінен тозаңданатын сорттардың тұқымын сорт сынау телімінде өсіреді. Айқас тозаңданатын дақыл сортының тұқымдарын сорт сынау телімдері жыл сайын өз облысының (өлкесінің) селекциялық-тәжірибе мекемелерінен алады немесе оларды көбейту жұмысы сорт сынау телімдерінің бірінде ұйымдастырылады. Сонымен бірге тағы мынадай негізгі бағалы шаруашылық белгілері мен биологиялық қасиеттеріне ерекше назар аударылады; өнімнің сапасы мен өнімділігі, қысқы суыққа, құрғақшылыққа төзімділігі, интенсивті (озық) технология бой - ынша егіп-өсіруге жарамдылығы.
Жаңадан шығарылған сорттарды ғылыми-зерттеу (оригинатор) мекемесі үш жылдық конкурстық сорт сынау мен бір-екі жылдық өндірістік сорт сынау мәліметтері бойынша мемлекеттік сорт сынауға береді. Жаңа сортты мемлекеттік сорт сынауға берген кезде белгіленген үлгі бойынша оған сипаттама (бейнелеу) ұсынылады, онда сынау нәтижелері келтіріледі және сорттың агротехникаға қоятын талабы көрсетіледі.
Тұқымның егістік сапасы - оның тазалығы, өскіндік қуаты, ылғалдылығы, 1000 тұқымның салмағы мен аурулар мен зиянкестермен зақымдану дәрежесімен сипатталады.
Сорттың сапасы - сорттың тазалығы және сәйкестілігімеп сипатталады.
Сорттың тазалығы процентпен көрсетілген, осы өсімдіктің негізгі сортының сабақ санының жалпы дамыған сабақ санына қатынасын айтады.
Тұқым өзінің тұқым қуалаушылық белгілерімен, қасиетін, оның ішінде жоғарғы өнімділігін, тек қана жоғары сорттың тазалығымен қамтамасыз етеді.
Жоғары сапалы тұқымның, жоғарғы сорттық тазалығы және жақсы егістік сапасы болу керек, осыған байланысты тұқым егістік сапалығы бойынша үш класқа, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киімнің сапасы және экспертиза. Оқулық
Селекциялық ауыспалы егістер
Астық дақылдарының тұқым шаруашылығы
Экономикалық қатнастар ортасы экономикалық көрсеткіштері
Астық дақылдары
Егістік жұмыстардың технологиясы. Себу, күтіп-баптау,сұрыптау, жинау және есептеу туралы ақпарат
Күздік бидай және қара бидай
Тұқымды себу мерзімі
Бақылау кезеңдері
Қарақұмық дамуының фенологиялық фазалары, вегетациялық мерзімі
Пәндер