Техникалық дақылдардың карантинді зиянкестері



Мазмұны:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Техникалық дақылдардың карантинді зиянкестері ... ... ... ... ... ... ... ..7.9
2.2. Зиянкестердің таралған аймақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10.13
III. Қорғау шаралары
3.1. Жалпы күресу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14.15
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Өсімдік карантині мемлекет аумағын немесе оның жеке бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты-еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елдерге тасымалдау үшін арнайы карантиндік сертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі. Жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі.
Ішкі карантиннің мақсаты-республика аумағында кездесетін, бірақ та әлі аса кең тарала қоймаған зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу. Карантин шараларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің өсімдіктерді қорғау және карантин департаменті «Өсімдіктер карантині туралы» заңды басшылыққа ала отырып жүргізеді.
Кейбір аймақтарда өсетін карантиндік өсімдіктер болады, сондай-ақ басқа жерден немесе басқа елден астық, түрлі дақылдар тұқымы арқылы өсімдіктерде ауру қоздыратын немесе оларды зақымдайтын әр түрлі микроорганизмдер, жәндіктер, зиянды құрттар, саңырауққұлартар таралуы мүмкін. Сондықтан көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да карантиндік өсімдіктер туралы арнайы Заң қабылданған. Басқа елдерден әкелінген астық, тұқым мұқият тексеруден өткізілуі тиісті.
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Өсімдік карантині», Х. Торыбаев, Н.Ашықбаев. Алматы, 2007 ж
2. www.sevin.ru
3. www.pesticidy.ru

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Техникалық дақылдардың карантинді зиянкестері ... ... ... ... ... ... ... ..7-9
2.2. Зиянкестердің таралған аймақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10-13
III. Қорғау шаралары
3.1. Жалпы күресу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14-15
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
Өсімдік карантині мемлекет аумағын немесе оның жеке бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты-еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елдерге тасымалдау үшін арнайы карантиндік сертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі. Жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі.
Ішкі карантиннің мақсаты-республика аумағында кездесетін, бірақ та әлі аса кең тарала қоймаған зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу. Карантин шараларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің өсімдіктерді қорғау және карантин департаменті Өсімдіктер карантині туралы заңды басшылыққа ала отырып жүргізеді.
Кейбір аймақтарда өсетін карантиндік өсімдіктер болады, сондай-ақ басқа жерден немесе басқа елден астық, түрлі дақылдар тұқымы арқылы өсімдіктерде ауру қоздыратын немесе оларды зақымдайтын әр түрлі микроорганизмдер, жәндіктер, зиянды құрттар, саңырауққұлартар таралуы мүмкін. Сондықтан көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да карантиндік өсімдіктер туралы арнайы Заң қабылданған. Басқа елдерден әкелінген астық, тұқым мұқият тексеруден өткізілуі тиісті.

II. Негізгі бөлім
2.1. Техникалық дақылдардың карантинді зиянкестері
Картоптың колорадо қоңызы Leptinotarsa desemilineata қаттықанаттылар отрядының жапырақ жемірлері тұқымдасына жатады. Қоңыздың ұзындығы 9-12 мм, дене пішіні сопақша, арқа жағы дөңес, түсі қызғылт-сары, қанаттарының әрқайсысының үстінде бойлай орналасқан 5 қара жолақ болады. Алдыңғы арқасында 12-14 қара дақтар бар, олардың ортаңғы орналасқанының пішіні римдік цифрі V ұқсас. Мұртшалары 12 бунақтан тұрады, олардың түп бөлігі ақшыл, ұшы қара болады.
Жұмыртқалары сопақша келген сары немесе қызғылт-сары түсті жылтыр, ұзындығы 0,8-1,8 мм.
Дернәсілдері қызғылт-сары, алмұрт пішінді, басы және алдыңғы арқа сақинасы және аяқтары қара, бүйір жақтарында 2 қатар болып орналасқан қара меңді нүктелер бар, ұзындығы 15-16 мм жетеді.
Қуыршағы кірпіш реңді қызыл немесе қызғылт-сары, ұзындығы 12 мм дейін болады.
Колорадо қоңызы 1859 ж. Колорадо штатының (Солтүстік Америка) картоп алқаптарында кездесе бастаған және осыған байланысты аталған. Солтүстік және Орталық Америкада, Түркияда, Батыс Африкада және Еуропаның (Ұлыбритания мен Скандинавия елдерінен басқа) көптеген елдеріне тараған. Бұрынғы КСРО республикаларында 1949 жылдан белгілі бола бастаған. Сол кезден бастап Орал тауы арқылы шығысқа қарай, оның ішінде Қазақстанның батыс, солтүстік, оңтүстік-шығысына, оңтүстігінде таралған.
Қоңыз Батыс Қазақстан жағдайында жылына екі ұрпақ, Оңтүстік Қазақстанда 3, ал Солтүстік Қазақстанда бір ұрпақ беріп көбейеді. Қоңыздары мен ірі дернәсілдері топырақта 20-50 см тереңдікте 5Сқыстайды, кейбіреулері қайта қыстайды. Қоршаған орта температурасы 12 асқанда олар тіріледі. Қоңыздардың шығу кезеңі кейде 3 - 4 айға созылады. Қоңыздары мен дернәсілдері картоп, баклажан, қызанақ, т.б-дың жапырақтарын зақымдайды. Олар қорек іздегенде ұша бастайды (күніне 500 м-ге дейін).
Колорад қоңызы Қазақстанда ішкі карантиндік нысанға жатады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы облыстарында кездеседі.
Колорад қоңызы картоптан басқа баялдыны, қызанақты, бұрышты, темекіні зақымдайды, сонымен қатар алқа тұқымдасына жататын басқа өсімдіктермен де қоректенеді. Қоңыздардың және олардың дернәсілдері өте қомағай келеді, картоптың жапырағы мен сабағын күні-түні кеміріп жеп, қатты зиян келтіреді.
Қоңыз желмен, картоп таситын құрал-жабдықтармен де таралады.

1-сурет. Ересек қоңыз

2-сурет. Ұрғашы қоңыздың картоп жапырағына салған жұмыртқалары

3-сурет. Колорадо қоңызының дернәсілдері
Картоп рагы. Sуnchytrium endobioticum Pers. Бұл ТМД -да карантиндік ауру қатарына жатады. Ауру тамырдан басқа мүшелердің бәрін, әсіресе түйнектерді күшті зақымдайды. Аурудың бірінші белгілері жас түйнек көзшелерінен басталады, кейіннен ісік өсінділері үлкейе береді, кейде тіпті оның көлемі түйнек көлемімен бірдей болады. Ісік өсінділерінің ішінде саңырауқұлақтың қыстық споралары өсіп жетіледі. Ауру түйнекпен бірге жерге түскен ісік өсінділеріндегі споралар қыстап шығып, көктемде зооспорангия құрады және өніп шығады. Зооспорангияда жетілген талшықты зооспоралар сау түйнекке жабысып, оның эпидермисіне енеді. Осылай түйнекке түскен зооспора көбейіп дамып зооспорангия жиынтығына айналады. Зооспорангия споралары арқылы қоздырғыш жаз бойы жаңа өсімдік түйнектеріне тарайды.Саңырау құлақ жапырақта 5-6 жыл бойы өзінің тіршілігін сақтай алады.Бұл ауру картоптан басқа томатта, меңдуанада, т.б. алқа гүлді өсімдіктерде кездеседі.
Мақта күйесі Peсtinophora gossypiella saund. Қабыршаққанаттылар отрядының ойыққанатты күйелер тұқымдасына жатады. Көбелектің қанаттарының өрісі 12-16 мм. Алдыңғы қанаттары ұзыншақ, үшкір келеді. Қанатының түбіне қарай және ортасында анық байқалмайтын қоңырлау дақтары болады. Артқы қанаттарының ұш жағында ойығы болады. Шашақтары сұр түсті.
Ұрғашылары өсімдіктің генеративті мүшелеріне 500ге дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқасының ұзындығы 0,4-0,6мм, ені 0,2-0,3 мм сопақша келген алғашында жасылдау реңді, кейін дами келе қызарады. 3-12 күннен кейін жұмыртқадан жұлдызқұрт шығады.
Жұлдызқұрт ұзындығы 12-13мм болады. Оның астыңғы жағы қызғылт түсті. Жұлдызқұрттардың дамуы 9-30 күнге дейін жүреді. Қуыршақтың ұзындығы 8-10 мм, қызғылт түсті.
Мақта күйесі Африка, Австралия, Еуропа және Азияда (Қытай, Жапон, Ауғанстан, Пәкістан) елдерінде таралған.
Қазақстанда мақта күйесі сыртқы карантиндік нысанға жатады.
Зиянкес жұлдызқұрт күйінде мақта тұқымында, көбінесе сақтау орындарында, бұнымен қатар егістікте жерге түскен қауашақтарда қыстайды. Көбелек жер шарының әр түрлі аймақтарында 2-6 ұрпақ береді. Мақта көбелегінің жұлдызқұрты 70-тен астам өсімдік түрін, әсіресе мақта тағы басқа құлқайыр тұқымдасы түрлерін зақымдайды. Жұлдызқұрт қауашақтағы тұқымды және талшықты, кейде пердені зақымдайды.

4-сурет. Мақта күйесі Peсtinophora gossypiella saund.

5- сурет. Мақта күйесінің дернәсілі

6- сурет. Дернәсілдердің мақта қауашағында қыстауы

7-сурет. Мақта күйесімен зақымдалған мақта
Мақтаның антракнозы - Соllеtotriсhum gоssурii Sоиthw.
Ауру қоздырғышы жетілмеген саңырауқұлақтар деутеромицеттер (Deuteromycetes) класы меланкониялылар (Ме1аnсоniаlеs) қатарының меланкония (Ме1аnсоniасеае) тұқымдасына жатады. С. Gossypii саңырауқұлағы мақта өсімдігінің жер үстілік бөліктерін залалдайды және маусымдық өсу кезінде тоғышарлық тіршілік етуі мүмкін. Ауру өскінді залалдау нәтижесінде, оның жатып қалуы немесе өсімдіктің өлуіне әкеліп соқтырады.
Ауру тамыр мойында қызғылттау немесе күнгірт суланатын дақ түрінде сабақты айнала залалдап, бөліктенген күйде немесе жара түрінде байқалады. Ауру тұқым жарнақ жапырақгарында күнгірт-қоңыр түсті пішінсіз кызыл шеңберлі дақтар түрінде байқалады. Дақтар біртіндеп жапырақ бетін қаптап, онын шіруіне себепкер болады.Жетілген өсімдіктердің сабақтары мен жапырақтары бір себептерден әлсіреген жағдайда ғана залалданады. Сабақтарда кызғылт-қоңырлау ұзынша дақтар түзіледі. Жапырақтардағы дақтар күнгірт, дөнгелек пішінді болады. Антракноз ауру қоздырғышымен көбінесе қауашақтар қатты залалданады. Олардың жіктерінде ұсақ басылған күнгірт-қоңыр немеее қара қошқыл, қанқызыл дақтар түзіледі. Бұл дақтар біртіндеп қараяды, тек жиектерінде қызғылттау түс сақталады. Дақтар жайыла келе қауашақтың жартысын, кейде түгелдей қамтиды. Залалданған қауашақтың өсуі тежеледі, ашылмайды немесе аздап ашылады, ал жеміс ұстағышы залалданғанда қауашақтар түсіп қалады. Ылғалды ауа райы жағдайында антракнозбен залалданған өсімдік бөліктерінде қызғылт конидиялық өңез байқалуы мүмкін. Антракноз ауру қоздырғышымен залалданған тұқым, сау тұқымнан сыртқы белгілері бойынша анық ажыратылмайды. Қатты залалданған тұқым қалыпты сұрғылт-жасыл түсін жоғалтып, сарғыштау немесе қоңырлау болып, әлжуазданып өнгіштігінен толықтай айырылады. Саңырауқұлақтың даму циклінде конидиялды және қалталы стадиялары болады. Конидиялды стадиясы -Соllеtоtгісһum gоssуріі Sоutһw. - дөңгелек немесе ұзыншақ жастықша түрінде байқалады. Олар алғашында эпидермиспен жабылып, кейін жарылады. Бөртпедегі қылшықтар дара немесе шоқталған, түбі күңгірт-қоңыр, жоғарғы бөлігі түссіз, перделі, кейде бұтақталған болады. Конидия тасушылары түссіз, 12-28 х 5 мкм. Конидиялар ұзыншақ созылыңқы, түссіз, вакуолі ортасында орналасқан, қызғылт-ашық сары тусті, 10-20 х 4,5-5,5 мкм болады. Қалталы стадиясы - Glomella gossypii Еdg (Аscomycetes класы, Sрһаегіаles қатары, Gnomопіасеае тұқымдасына жатады), табиғи жағдайда сирек кездеседі, өлі өсімдік қалдықтарында түзіледі. Мақта антракнозы Еуропа, Азия, Африка, АҚШ және Австралияда таралған. Саңырауқұлақ залалдаған өсімдік қалдықтарында және ауру тұқымда ұзақ сақталады. Тұқым ішіндегі жұқпа тұқым және сақталатын орынның ылғалдылығына байланысты бір жылдан 13 жылғадейін қорланады.Өсімдіктің залалдануы көбінесе бунакденелілердің зақымдаулары немесе жарақаттары арқылы атқарылады, саңырауқұлақ конидияларының жұқпа жіпщесі зақымдалмаған ұлпа арқылы да енуі мүмкін. Ауру қоздырғыштың жіпшумағы эндогенді дамып, бетіне тек саңырауқұлақтың споралары (жиынтығы)-шығады.
Мақтаның техастық тамыр шірігі
Ауру қоздырғышы Рһуmatotrichum оmnivorum (Duggar) Неппеbегt (Рһуmatotrichum оmnivorum Duggar). Ауру қоздырғыш жетілмеген саңырауқұлақтар деутеромицеттер (Deuteromycetes) класы гифомицеттер (Нурһоmycetalез) қатарының монилия (Мопіlіасеае) тұқымдасына жатады. Негізгі иесі мақта, бірақта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Картоп дақылының, мақта дақылының, техникалық дақылдардың карантинді зиянкестері және таралған аймақтары
Систематикасы мен таралуы
Майлы дақылдар
Астық дақылдарының карантинді зиянкестері
Өсімдік карантині жайлы
Арамшөптер және өсімдіктерді қорғау мәселелері
Техникалық дақылдар
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыреті
Сыртқы және iшкi карантин
Ауылшаруашылық өсімдіктерінің карантині
Пәндер