Топырақ түйіртпектілігі, түйіртпектердің агрономиялық маңызы


Жоспары:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2. 1. Топырақ түйіртпектілігі
2. 2. Түйіртпектердің агрономиялық маңызы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттері
1. Кіріспе
Топырақтану - топырақ жəне оның құрлымы, құрамы, қасиеттері жəне географиялық таралу заңдылықтары, түзілуі, табиғаттағы орны, экологиясы, тиімді пайдалануы мен жақсарту жолдарын зертейтін ғылым. Топыраққа, табиғи дене санасында, бірінші анықтаманы В. Докучаев берген: «Топырақ деп - тау жыныстарының сыртқы ауа, су жəне түрлі тірі жəне жансыз организмдердің əсерінен табиғи өзгерген горизонттарын атау керек». Н. Сибирцев 1902 жылы оны былай деп толықтырған: «Табиғи топырақ тау жыныстарының беткі горизонтарында жалпы жылжымалы тыс құбылыстар мен организмдер əсерінен немесе биосфера элементтерімен байланысты құбылыстар арқылы жаралған». П. Костычев бойынша топырақ деп, тау жыныстарының жоғарғы, өсімдік тамырлары тараған қабаты аталады. В. Вильямс оны сапалы толықтырған: борпылдақ тау жыныстарының жоғарғы, өсімдіктерді қажетті су жəне қоректік элементтермен қамтамасыз ететін, құнарлы қабаты топырақа жатады деген. Топырақтану басқа ғылым салаларымен салыстырғанда əлі жас ғылым. Халық санының күн сайын өсуіне байланысты топырақтану ғылымының маңыздылығы өте зор. Топырақтану ғылымы жалпы табиғаттану ғылымдарының қатарына қосыла тұрып, оның іргелі, қолданбалы ғалымдар ішінде жəне халық шаруашылығының басқа салаларында да алатын орны ерекше.
2. 1. Топырақ түйіртпектілігі
Топырақта механикалық элементтер (түйірлер) бытыранды күйінде немесе əр мүсін мен мөлшердегі біріккен бөлшектер (агрегеттар, кесектер, дəн) түрінде кездеседі. Топырақ массасының агрегаттарға бөлшектену қабілетін түйіртпелік, ал агрегаттардың мөлшерін, мүсінін, сапалы құрамын топырақ түйіртпегі дейді. Құм жəне құмайт топырақтарда механикалық элементтер бытыранды, ал құмбалшық пен балшық топырақтар түйіртпекті, түйіртпексіз жəне шамалы түйіртпекті күйінде кездеседі. С. А. Захаров бойынша түйіртпек үш негізгі типке бөлінеді:
1) Куб тəріздес − түйіртпек бөлшектері 3 бағытында бірдей дамыған;
2) Призма тəріздес − бөлшектер екі көлденең бағытта жақсы дамыған;
3) Плита тəріздес. Кез келген түйіртпектер агрономиялық құнды емес.
Түйіртпектің мөлшеріне қарай келесі топтарға бөлінеді:
1) Мегатүйіртпектілік (сеңді) −>10 мм көп;
2) Макротүйіртпектілік −10-0, 25 мм;
3) Микротүйіртпектілік - 0, 01-0, 25 мм;
4) Майда микротүйіртпектілік - <0. 01 мм аз;
Түйіртпектер құрамы. Топырақтың ірі (макро) түйіртпектерін қалыптастыратын негізгі екі процесті ажыратады: топырақ массасының механикалық түйірлерге бөлшектеуі мен суда ыдырамайтын, яғни берік бөлшектер құралуы. Бірінші процесс топырақтың шашыранды бөлігін құрса, екіншісі - оның массасына түйіртпектілік қасиетін береді. Топырақта түйіртпекқұралу процестері физика-механикалық жəне биологиялық факторлар əсерімен жүреді. Физика-механикалық факторлар (ауыспалы қысым немесе механикалық əсер) негізінде топырақтың массасы ыдырайды - түйірлерге бөлшектенеді, көлемі өзгереді. Бұл жағдайларға топырақтың кезекті ылғалдануы мен кебуі, оның тоңазуы жəне жібу құбылысы, өсімдік тамырларының қысымы, жануарлардың іс-əрекеті жəне топырақты өңдейтін техникалық құралдар əсері жатады. Түйіртпекқұрауда басты рөлді биологиялық фактор, яғни топырақтың құрамындағы өсімдіктер мен жандылар атқарады. Өсімдік тамырлары топырақтың механикалық түйірлерін нығыздап, кесектерге бөледі де, органикалық калдықтар, ең басты түйіртпектену жағдай - қарашірінді қорын жасайды. Топырақ түйіртпектерін құрауда көпжылдық өсімдікке жететіндер жоқ. Көпжылдық шөптесін тамыр жүйесі топырақтың ендігі мен тереңдігіне жайылып шоғырланады да, ыдыраған кезде кальциймен əрекеттесіп, шірінді заттар түзеді. Көпжылдық өсімдіктер (бұршақты, масақты шөптер) астында бекем түйіртпекті топырақтар (шабынды, шабынды-қара жəне қара) дамиды. Түйіртпектердің ыдырауы. Топырақ түйіртпектерінің саны мен сапасы өте құбылмалы, түрлі факторлардың əсерінен не құрылуы, не ыдырауы мүмкін. Топырақтағы құбылыстарды басқару арқылы түйіртпектерді реттеуге болады. Топырақ түйіртпектері механикалық, физика-химиялык, жəне биологиялық процестер арқылы ыдырайды. Топырақ түйіртпектерінің механикалық жолмен бұзылуы ұзақ жырту салдарынан, топырақ жамылғысы үстімен ауылшаруашылық машиналары мен өндіріс құралдары, адамдар мен малдар ретсіз қозғалуы, күшті жауын-шашын тамшылары əсерінен болады. Түйіртпектердің механикалық ыдырауын азайту жолдарының ең бастысы - топырақты физикалы «піскен», - жетілген кезде жырту жəне оның санын азайту, тіпті минималды (аз) өңдеуге көшу. Топырақ түйіртпектерлерінің физика-химиялық жолмен ыдырауы екі валентті катиондарды (кальций мен магний) бір валентті катиондар (натрий мен аммоний) ығыстыруына байланысты. Гумустық заттар жəне Са2+ мен берік шөмендеген коллоидтар алданған кезде Nа + катионының əсерінен пептизацияға шалдығып, түйіртпекті бөлшектер бытыранды механикалық элементтерге ыдырайды. Сондықтан топырақты химиялық мелиорациялау (əктеу, ғаныштау) сіңіру кешенін алмаспалы кальциймен байыту арқылы оның түйіртпектену қабілетін арттыруды көздейді. Түйіртпектердің биологиялық жолмен ыдырауы негізінен, топырақта түйіртпекқұрайтын ең басты желімдік зат - қарашіріндінің жойылуына - минералдануына байланысты. 30 Түйіртпектерді қайта құру жолдары. Топырақтарды егіншілікте пайдаланғанда түйіртпектердің құралуы мен ыдырауы қолданатын агротехникалық шараларға байланысты. Түйіртпектену процесін жасанды тəсілдермен де жақсартуға болады. Топырақ түйіртпектерін құрайтын агрономиялық тəсілдерге мына шаралар жатады: ауыспалы егіс игеру, көп жылдық шөп егу, топырақты ңпіскенң - жетілген кезде өңдеу, қышқыл топырақтарды əктеу, кебір жəне кебірлеу топырақтарды ғаныштау, органикалық, минералдық жəне жасыл тыңайтқыштар қолдану жəне т. б. Физикалық пісу (жетілу) деп - түйіртпектер құралдарға жəне бір-біріне жабыспайтын деңгейдегі топырақтың ылғалдылығын айтады. Берік түйіртпектер көп жылдық шөптермен қатар, бір жылдық ауылшаруашылық дақылдарының астындағы топырақта да құралуы мүмкін. Күшті дамыған бидай, судан шөбі, жүгері дақылдарының тамырлары топыраққа түйіртпектер түзуге бейімді болса, нəзік болғандықтан зығыр, картоп пен капуста тамырларының түйіртпекқұрау қабілеті төмен.
Көп жылдық өсімдіктердің тамыр жүйесі топырақта жан-жақты жəне күшті өсіп дамиды, оның массасы бір гектарда 4-18 т/га жетеді, құрамында ақуыздар мен көмірсулар басым болғандықтан кішіжандылар тіршілігіне жəне қарашіріндіні құрауға бейімді. Ал бір жылдық ауылшаруашылық дақылдар тамырларын алатын болсақ, жетіліп піскен кезде құрамында тек клетчатқа қалады да, одан əрине гумус құралмайды. Топырақтың түйіртпектері құралуындағы органикалық тыңайтқыштарында (кең, шымтезек компосты, сидерат, биогумус) маңызы өте зор. Минералдық тыңайтқыштар болса, топырақ түйіртпектерін өсімдік биомассасын молайту арқылы жақсартады. Тыңайған топырақта тамырлар жақсы дамиды да, жырту қабатында тамырлар мен шабындық қалдықтары көп қалады. Топырақ түйіртпектерін жасанды заттармен құрауға болады. Ол үшін түйіртпекқұраушы органикалық қосындылар, яғни полимерлерді - крилиумдер қолданады; олар көбінесе акрил (СН2=СН-СО ОН), метакрил (СН2 - С(СН3) - СООН) жəне малеин (СООН - СН = СН - СООН) қышқылдарының туындылары. Метакрил кышқылының сополимерін (60%) жəне метакриламидті (40%) топыраққа салмағының 0, 1-0, 01 проценті мөлшерінде бергенде, онда суға төзімді түйіртпектер мөлшері бес есе көбейген.
2. 2. Түйіртпектердің агрономиялық маңызы
Топырақтануда морфологиялық жəне агрономиялық түйіртпектілік ажыратылады. Түйіртпектілік топырақтың физикалық жəне су-физикалық қасиетіне, су- ауа құбылымына, өңдеу жағдайына байланысты болғандықтан құнарлылық пен өсімдіктер өсіп-өнуіне əсерін тигізеді. Түйіртпек құралу ілімін П. Костычев, К. Гедройц, В. Дояренко, И. Антипов- Каратаев, Н. Качинский, Н. Саввинов, А. Тюрин, Д. Хан, Э, Рассел т. б. дамытқан. Түйіртпектің сапасы оның мөлшері, қуыстылығы, механикалық беріктілігі жəне суға төзімділігімен анықталынады. Агрономиялыкқ ең құнды ірі агрегаттардың мөлшері 0, 25-10 мм шамада, олардың қуыстылығы (>45 %), механикалық беріктілігі жəне суға төзімділігі өте жоғары болады. 0, 25-10 мм мөлшердегі түйіртпектер мен олардың 55 проценті суға төзімді болса, ондай топырақ түйіртпекті болып саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz