Бюджет тапшылығы және оны азайту саясаты



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 бөлім. Мемлекеттік бюджет және бюджет тапшылығы ... ... ... ... ... .5
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикадағы мәні мен рөлі ... ... ... ... ...5
1.2 Бюджет тапшылығының пайда болу себептері ... ... ... ... ... ... ... .10
2 бөлім. Қазақстан Республикасының бюджет тапшылығы ... ... ... ... .12
2.1 ҚР.ның 2008 жылғы бюджеті және бюджет тапшылығы ... ... ... ...12
2.2 Бюджет қаражатын басқару ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3 Бюджет тапшылығын қаржыландыру механизмі ... ... ... ... ... ... .18
3 бөлім. АҚШ.ның кірістері мен шығыстары
және бюджет тапшылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Әр аймақтың экономикалық - әлеуметтік жағдайы жіті көзқараспен, байыпты бағдар ұстап қарауды қажет ететін дүние. Оны өзгерту, көтеру жолында талпынған сол аймақ ерекшеліктеріне қарап шешім қабылдамаса болмайды. Өйткені, республика былай тұрсын, облыс аудандарының, тіпті аудан ішіндегі әр шаруашылықтың өзіне тән ерекшелігі, қалыптасқан еңбек ету дәстүрі болады.
Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке тиесілі.
Мемлекеттік бюджет –бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.
Қаржының айқындылығы – нақты демократияның бірден бір мәнді көрсеткіші. Бюджет, қаржы саласындағы заң, тәртіп бұзушылықтар мен зиянкестіктер небір хронологиялық байланысқа, ұлттық тамырларға ие емес, себебі:
- біріншіден, әр мемлекеттің қажеттілігі оның қаржылық мүмкіндіктерінен асады, сондықтан шенеуніктер тез арада, заңды және Парламентті айналып өтіп, қаржыны «тығыз» қажеттіліктерге бөлістіруге ұмтылады;
- екіншіден, әр қоғамда әртүрлі дәрежедегі түрлі компаниялардың , топтардың саяси және коммерциялық мүдделері айқындалады, аталған мүдделерді экономика саласында қорғау, түрлі жеңілдіктер алу көзделеді.
Курстық жұмыс тақырыбы – бюджет тапшылығы. Курстық жұмыстың басты мақсаттары:
- мемлекеттік бюджеттің маңызы мен мәніне айқындау;
- бюджет тапшылығы түсінігі және оның пайда болу себептерін зерттеу;
- бюджет тапшылығын қаржыландыру механизміне тоқталу;
- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы бюджетіне талдау жасау.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы: 1995ж.
2. Салық Кодексі. Алматы 2004ж.
3. «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау
туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. – 2002ж 29 қаңтар.
4. Аубакиров Я. «Экономикалық теория негіздері» Алматы
5. Әкімбеков С. «Экономикалық теория» Астана 2002ж.
6. Әкішев К. «Қаржы ұқсатуға ұқыптылық керек». Орталық Қазақстан 25 желтоқсан 2003ж.
7. Баянов Е. «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы 2002ж.
8. Белгібаева Қ.Қ. Мұханбетова Е.С. «Қаржы және банк системасы бойынша» Алматы 1999ж.
9. Дорнбуш Р. Фишер С. «Макроэкономика» Алматы 1997ж.
10. Жүнісов Б.А. «Нарықтық экономика негіздері» Ақтөбе 2001ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С.СЕЙФУЛЛИН атындағы ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономикалық теория және құқық кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бюджет тапшылығы және оны азайту саясаты

Орындаған: 15 Қаржы тобының студенті
Мекебаева С.

Тексерген: Кенжеболатова
М.Ш.

Курстық жұмыс қорғауға жіберілді ______________________________
(оқытушының қолы)

Астана 2009
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 бөлім. Мемлекеттік бюджет және бюджет тапшылығы ... ... ... ... ... .5
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикадағы мәні мен
рөлі ... ... ... ... ...5
1.2 Бюджет тапшылығының пайда болу себептері ... ... ... ... ... ... ... .10
2 бөлім. Қазақстан Республикасының бюджет тапшылығы ... ... ... ... .12
2.1 ҚР-ның 2008 жылғы бюджеті және бюджет тапшылығы ... ... ... ...12
2.2 Бюджет қаражатын басқару ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3 Бюджет тапшылығын қаржыландыру механизмі ... ... ... ... ... ... .18
3 бөлім. АҚШ-ның кірістері мен шығыстары
және бюджет тапшылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

Кіріспе
Әр аймақтың экономикалық - әлеуметтік жағдайы жіті
көзқараспен, байыпты бағдар ұстап қарауды қажет ететін дүние.
Оны өзгерту, көтеру жолында талпынған сол аймақ
ерекшеліктеріне қарап шешім қабылдамаса болмайды. Өйткені,
республика былай тұрсын, облыс аудандарының, тіпті аудан
ішіндегі әр шаруашылықтың өзіне тән ерекшелігі, қалыптасқан
еңбек ету дәстүрі болады.
Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып
қалыптасып, нарықтық экономиканың даму мен құрылу жолын
қабылдауы оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы жаңа деңгейін
анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке тиесілі.
Мемлекеттік бюджет –бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы
күштерді қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық
қызметтер атқаруға бағытталған ел үкіметінің қарамағында
болатын ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады.
Бюджет сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің,
шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы
шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.
Қаржының айқындылығы – нақты демократияның бірден бір
мәнді көрсеткіші. Бюджет, қаржы саласындағы заң, тәртіп
бұзушылықтар мен зиянкестіктер небір хронологиялық
байланысқа, ұлттық тамырларға ие емес, себебі:
- біріншіден, әр мемлекеттің қажеттілігі оның
қаржылық мүмкіндіктерінен асады, сондықтан
шенеуніктер тез арада, заңды және Парламентті
айналып өтіп, қаржыны тығыз қажеттіліктерге
бөлістіруге ұмтылады;
- екіншіден, әр қоғамда әртүрлі дәрежедегі түрлі
компаниялардың , топтардың саяси және
коммерциялық мүдделері айқындалады, аталған
мүдделерді экономика саласында қорғау, түрлі
жеңілдіктер алу көзделеді.
Курстық жұмыс тақырыбы – бюджет тапшылығы. Курстық
жұмыстың басты мақсаттары:
- мемлекеттік бюджеттің маңызы мен мәніне айқындау;
- бюджет тапшылығы түсінігі және оның пайда болу себептерін
зерттеу;
- бюджет тапшылығын қаржыландыру механизміне тоқталу;
- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы бюджетіне талдау
жасау.
1 бөлім. Мемлекеттік бюджет және бюджет тапшылығы
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикадағы мәні мен рөлі
Сан алуан қаржы байланыстарында жекелеген ерекшеліктері
бедерленетін айрықша салалар бар. Мемлекеттің
кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен және халықпен
қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнімді құндық
бөлудің айрықша саласын құрайды. Бұл қатынастарға бөлу
процесінде туындайтын ортақ белгілер тән және олар қоғамдық
қажеттерді өтеуге арналған , орталықтандырылған қаражат
қорын құрып, пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттің
тікелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы
қатынастарының бұл жиынтығы Мемлекеттік бюджет деп аталған
ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды.
Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы
ретінде объективтік сипатқа ие. Оны бөлудің дербес саласы
ретінде өмір сүруін қоғамдық өндірістің өзі айқындайды. Оны
жоспарлы дамыту орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді.
Қаражатты орталықтандыру бүкіл халық шаруашылығы ауқымында
қорлардың үздіксіз айналымын ұйымдастыру үшін, жалпы
экономика жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Арнайы
бюджет саласының құндық бөлінісі мемлекеттің табиғаты мен
қызметінен туындайды. Мемлекет қаржыландыруға бүкіл қоғам
ауқымында әлеуметтік-мәдени шаралар өткізуге, қорғаныс
міндеттерін шешуге, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын
жабуға орталықтандырылған қаржыны қажет етеді.
Сөйтіп мемлекеттік бюджет ұдайы өндірістің
қажеттіліктерінен, мемлекеттің табиғатынан объективті
қажеттілік туындайтын болып табылады.
Экономика қазіргі жағдайда орталықтандырылған қаржы
ресурстары мемлекетке қоғамдық өндіріс қарқынын қамтамасыз
ететін салалық және аумақтық құрылымдар құрып, ірі
әлеуметтік өзгерістер жүргізуге мүмкіндік береді. Орталықтан
бөлінетін қаржының көмегімен қаражат экономиканың басты
учаскелерінде шоғырландырылып, мемлекеттің экономикалық және
әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтіп
құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет
айрықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттік қажеттерді
қанағаттандыруға қызмет етеді.
Нақты объективті бөліс қатынастардың формасы
болғандықтан айрықша қоғамдық арналымды орындай отырып,
мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде көрінеді.
Қаржы қатынастарының жиынтығы ретінде мемлекеттік
бюджетте қаржы категориясына тән сипаттар бар: бюджет
қатынастары бөлістік сипатта мақсатты ақша қорларын құрып,
пайдалану арқылы жүреді.Сонымен қатар бюджеттік
қатынастардың белгілі бір ерекшелігі болады. Бірақ ол
ерекшелік қаржыға тән сипат шегінен шықпайды. Мемлекеттік
бюджет құн бөлінісінің айрықша саласы ретінде мыналармен
сипатталады:
жиынтық қоғамдық өнімнің мемлекеттің қолында
жинақталып, қоғамдық қажеттерді өтеумен байланысты бөліс
қатынастарының айрықша экономикалық формасы болып табылады;
құнды жасап, оны тұтыну процесін бедерлейтін
материалдық өндіріс қаржысы мен құнды тұтынуға қызмет ететін
өндірістен тыс сала қаржысынан айырмашылығы бюджет халық
шаруашылығы салалары, аумақтар, экономика секторлары,
қоғамдық қызмет салалары арасында құнды қайта бөліске салуға
арналған;
қоғамдық өнімнің тауар формасындағы қозғалысымен
тікелей байланысы жоқ құнды бөлісіп, одан алшақтау жүзеге
асырылады, ал материалдық өндірістен тыс салаларда қаржы
қатынастары тауар-ақша қатынастарымен астасып жатады.
Кез келген басқа экономикалық категория сияқты
мемлекеттік бюджет өндірістік қатынастарды бейнелеп, соған
лайықты материалдық-заттай көрініс табады. Бюджет
қатынастары мемлекеттің ақшалай қатынастарының
орталықтандырылған қорында – бюджет қорында заттанады.
Нәтижесінде қоғамда жүріп жатқан нақты экономикалық бөліс
процестері мемлекет жұмылдырып, пайдаланатын қаражат
тасқынынан көрінеді. Бюджет қоры- қоғамдық өнім мен ұлттық
табыстың құндық бөлінісінің тиісті кезеңдерінен өтіп, ұдайы
өндірісті ұлғайту, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету,
қорғаныс, басқару жөнінде қажеттерді қанағаттандыру үшін
мемлекет қарамағына түскен бөлігінің объективті алғышарты
бар экономикалық формасы. Бюджет қорын қалыптастыру мен
пайдалану, бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн
қозғалысының процесін білдіреді.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет
қоғамдық өнім құнының мемлекеттің орталықтандырылған қаражат
қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу
процесінде және оны ұдайы өндірісті ұлғайту, қоғамдық
қажеттерді қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен
қоғамдық өндіріске басқа да қатысушылардың арасында
қалыптасқан ақша қатынастарын бейнелейді.
Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқылы ықпал етеді.
Мұнда бюджеттің бүкіл экономикаға ықпал құралы ретіндегі
рөлі көрінеді. Бюджет механизмі- мемлекеттің ақшалай
қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану
формалары мен әдістерінің жиынтығы. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған қаражат қорының көлемін белгілеу, оны
құру, пайдалану формалары мен әдістерін реттеу, бюджетті
құру және орындау процесінде қаржы ресурстарын қайта бөліске
салу жолымен жүзеге асырылады.
Өндіріс құрал-жабдықтарына мемлекеттік меншіктің
әзірше, басым болуы шаруашылықты үйлестіре жүргізуді қажет
етеді. Мұның өзі бюджет қатынастарының жұмыс істеуінің
жоспарлы мақсатын алдын ала айқындайды. Бюджет
байланыстарының мақсатты сипаты, мемлекеттің ақшалай
қаражаттарының орталықтандырылған қоры қозғалысының осыған
ұқсас формасы бюджет байланыстарын тиісті қаржы құжаты-
елдің негізгі қаржы жоспарында бейнеленетіндігіне
жеткізеді. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын
бөліс процестері қарастырылады. Кірістер мен шығыстардың
баптары мемлекеттің ақшалай қатынастарының
орталықтандырылған қорын қалыптастыру көздері мен жұмсалу
бағыттарын көрсетеді. Негізгі қаржы жоспары- мемлекеттің
жоспарлы қызметінің нәтижесі; онда қоғамның барлық
мүшелерінің мүдделерін бейнелейтін мемлекет еркі көрінеді.
Мемлекеттің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері
республика үкіметінің Мемлекеттік бюджет туралы заңына
сәйкес міндетті түрде орындалуы тиіс.
Қоғамдық ұдайы өндірістегі мемлекеттік бюджеттің рөлі
ең алдымен, өндірілген ұлттық табыстың, жалпы қоғамдық
өнімнің бөлу және қайта бөлуінен көрінеді. Ол қаражатты
елдің халық шаруашылығы салалары, қоғамдық қызмет саласы,
өндіріс секторлары, экономикалық аудандары мен аумақтары
арасында бөледі. Бүкіл халық шаруашылығының бюджеті
болғандықтан, мемлекеттік бюджет экономикаға тұтас ықпал
жасайды.
Мемлекеттік бюджет материалдық өндіріс саласында оның
өсуінің стимуляторы ретінде зор рөл атқарады. Бюджет қаржысы
жеке жеке кәсіпорындар шеңберінде және қоғамдық бүкіл
халық шаруашылығы ауқымында қорлар қозғалысын қамтамасыз
ету үшін пайдаланылады. Кәсіпорындардағы күрделі жұмсалымдар
мен айналым қаржысын бюджеттен қаржыландыру, операциялық
және басқа шығындарын жабу бюджетке жеке кәсіпорындардың
өзіндік айналым қорларына қосылып, оның іркіліссіз
бірқалыпты жүруіне мүмкіндік береді.
Өндірістен тыс салалардағы бюджет қаржысы олардың
қызметінің одан әрі дамуының басты көзі. Бұл салалардағы
мекемелер мен ұйымдардың басым көпшілігі өздерінің табыс
көздері жоқ болғандықтан, мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырылады. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік
сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым, мәдениет,
әдебиет және өнер салаларындағы мемлекеттің шығындары- жалпы
мемлекеттік ауқымдағы әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге
асыруға мүмкіндік беретін қаржы базасы. Өндірістік емес
салалар құрылымын ұтымды құрауда бюджеттің маңызы орасан
зор. Өндірістік емес салалардың қызметін қаржы ресурстары
мен қамтамасыз ете отырып, мемлекет бюджет арқылы тұтыну
қорының нақты көлемін қалыптастыруға, оны пайдалануда
аумақтық пропорцияға әсер етуі мүмкін.
Мемлекеттік бюджет –бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы
күштерді қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық
қызметтер атқаруға бағытталған ел үкіметінің қарамағында
болатын ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып
табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік
реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа
қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып
табылады.
Бүгінгі мемлекеттердің бюджеттері олардың көпсалалы
қызметтерін бейнелейтін құжат деуге болады. Ол мемлекеттік
шығындардың және оларды өтейтін қаржы көздерінің жылдық
жоспары. Бюджеттің жобасы жыл сайын заң шығаратын органда
талқыланады және елдің, штаттың парламентінде немесе
муниципалдық жиналыста қабылданады. Қаржылық жыл біткеннен
кейін атқару үкіметінің өкілетті өкілдері, алдыңғы жылғы
бюджет туралы қабылданған заң бойынша өздерінің табыстарын
жинақтау туралы және жасалған шығындар туралы есеп береді
Орталық үкіметтің бюджеті мен жергілікті бюджеттердің
арасында бюджет табыстарының көзін бөлу туралы, ел
масштабында қаражаттарды қайта бөлу арқылы, орталық үкімет
жағынан жергілікті бюджеттерді қаржыландыру туралы жеңіл
емес қатынастар пайда болады. Сондықтан мемлекеттік бюджет
тек орталық үкіметтің бюджеті емес, ол мемлекеттік
әкімшілдік-территориялық үкіметтердің барлық дәрежедегі
бюджеттерінің жиынтығы болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлар мақсатты міндет атқаратын және
мемлекеттік бюджетке жатқызылмаған бюджетпен тығыз ұштасып
жатады. Бюджеттен тыс қаражаттар орталық және жергілікті
үкімет қарамағында болады және олар, әрқайсысы белгілі
қажеттер үшін құрылған арнаулы қорларда жинақталады. Мысал
ретінде ҚР зейнетақы қорын атап өтуге болады. Бюджеттен тыс
қорлар арнаулы (мақсатты) салықтар, заемдар, бюджеттік
субсидиялар есебінен құрылады.
Бюджеттен тыс қорлар бюджетті, сондықтан парламенттік
бақылауды айналып үкіметтің экономикаға кірісуінің
мүмкіндігін кеңейтеді.
Мемлекеттік бюджет экономиканы реттеудің ең маңызды
құралы деуге болады және тиімді де икемді жұмсай білу
экономикадағы көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі. Ол
арқылы жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға
болады. Сонымен қатар бюджет, шаруашылық конъюнктураға ықпал
етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты
құралы болып табылады.
Бюджеттік жоспарлау – қаржылық жоспарлаудың құрамдас
бөлігі. Бюджеттік жоспарлаудың негізі –республиканың
әлеуметтік – экономикалық даму жоспарлары мен болжамдары
және оның мақсатты бағдарламаларының көрсеткіштері мен
болжамдары.
Бюджеттік жоспарлауға тегінде оның кең мағынасында тек
бюджетті жоспарлау ғана емес, сонымен қатар оның атқарылуы
да жатады. Өйткені бюджеттің құрылуы мен орындалуы бір
принципке негізделгендіктен, бірін – бірі толықтырады,
белгілі бір процестің өзара байланысты екі бұтағы. Алдағы
жылға тікелей бюджет құрау ағымдағы жылдағы орындалу
барысына қарай және шаруашылық органдарға жіберілген қаржы
нормалары мен нормативтері негізінде жүргізіледі.
Бюджеттік жоспарлауды бюджет процесінен айыра білген
жөн. Бюджет процесі – бюджеттің сан алуан жұмыстары
кезеңінде құрылып, орындалу тәртібі, бұл жұмыстың орталық
пен жергілікті жерлерде ұйымдастырылуының нақты формалары
хақында, республиканың бүкіл аумағындағы мемлекеттің
шаруашылық, басқару органдары, жоспарлау – қаржы органдары,
банкілері, бірлестіктер, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер
арасында бюджетті құрау мен барлық қаржы жоспарларының
теориясы және әдістемелік мәселелері енеді. Мемлекеттік
бюджетті құраудың екі кезеңі бар:
1. Жиынтық бюджеттік жоспарлау. Оның барысында
жоспарлы жұмыстың негізгі бағыттары, қаржы
ресурстарын жинаудың жолдары мен әдістері
анықталып, мемлекеттің алдағы жылдағы
белгіленген кірістері мен шығыстарын
байланыстыру мүмкіндіктері іздестіріледі. Оның
негізінде жиынтық қаржы балансы жасалады.
Негізінен жиынтық бюджеттік жоспарлау
мемлекеттік бюджет жобасын алдын ала әзірлеу
кезеңінде жүзеге асырылады. Жиынтық бюджеттік
жоспарлау қаржы жүйесінің орталық буынында
қолданылады.
2. Екінші кезеңде бюджеттік жоспарлау
нақтыланады, яғни халық шаруашылығындағы
барлық қаржы жоспарының бюджетпен нақты
байланыстары орнатылады. Содан соң қаржы
міндеттемелері формасын қабылдайды.
Бюджеттік жоспарлау мынадай принциптермен жүзеге
асырылады:
- бюджеттік және халық шаруашылықтық жоспарлаудың
бірлігі;
- ресурстарды салалық, ведомстволық, аумақтық
жоспарлауды ұштастыру;
- еңбек, материал және қаржы ресурстары шаруашылық –
мәдени құрылысының барлық учаскелерінде пайдалану кезінде
үнем тәртібін сақтау;
- халық шаруашылығы, әлеуметтік – мәдени, қорғаныс,
басқару шараларын қаржыландыру тәртібімен бюджет қаржысын
мақсатты жұмсау.
Бюджеттік жоспарлауда оның кіріс және шығыс
бөліктерінің нақтылық, біртұтастық, ауқымдылық негізінде
баланс әдісі кең қолданылады.
1.2 Бюджет тапшылығының пайда болу себептері
Егер шығындар табыстардан асып кетсе, онда бюджет тапшылығы
пайда болады. Оның негізгі себептері:
- мемлекеттік аппарат шығындарының көбеюі;
- әскери мақсаттарға шығындардың көбеюі;
- мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық қызметінің
кеңеюі;
- шектен тыс өндіру нәтижесінде бюджетке түсетін
салық көлемі азаяды, сол кезде мемлекет
әлеуметтік қажеттіліктерге шығындарын көбейтуге
мәжбүр болады (жұмыссыздарға жәрдемақы беру).
Бюджет тапшылығын жою үшін табыс бөлігін толтыру қажет немесе
мемлекеттік бюджеттің шығын бөлігін қысқартқан жөн.
Бюджет тапшылығының тұрақтандыру деңгейіне әсері қаржыландыру
тәсілдеріне байланысты.
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру тәсілдері:
1) ақша –несие эмиссиясы(ақша шығару);
2) займ шығару;
3) мемлекетке түсетін салық мөлшерін көбейту.
Тапшылықты жою үшін ақша шығару жағдайында мемлекет сеньораж
табады. Сеньораж – мемлекеттің айналымға қосымша ақша шығару
арқылы табатын пайдасы.
Нақты ЖҰӨ өсуінің қарқынын ақша жиынының өсу қарқыны артық
болған жағдайда сеньораж пайда болады, бұл құбылыс орташа
баға деңгейін өсіреді. Бұл жағдайда экономикалық агенттер
инфляциялық салық төлейді және олардың табыстарының бір
бөлігі бағаның жоғарлауы арқылы мемлекетке түседі.
Қазіргі кезде сеньораж ақша шығару арқылы пайда табу ғана
емес, сондай-ақ коммерциялық банктердің резервтерін құру
арқылы да жүзеге асырылады.
Егер мемлекеттік бюджет тапшылығы мемлекеттік займ шығару
арқылы қаржыландырылса, онда орташа рыноктік пайыз
мөлшерлемесі өседі, ол жеке секторларға берілетінинвестицияны
төмендетеді. Бұл таза экспорттың және тұтыну шығындарының
төмендеуіне алып келеді. Осыдан ығыстыру әсері пайда болады,
ол қазналық саясаттың ынталандырушы әсерін төмендетеді.
Бюджет тепшылығын циклдық және құрылымдық деп бөледі.
Құрылымдық тапшылық – толық жұмысбастылық жағдайында
мемлекеттік шығындардың салық түсімдерінен асып кетуі.
Циклдық тапшылық – нақты бюджет тапшылығы мен құрылымдық
тапшылық арасындағы айырма.
Мемлекеттік қарызды талдамай бюджеттік тапшылық деңгейін
анықтау мүмкін емес.
Мемлекет Ұлттық банктің несие қорынан, тұрғындардың халықтық
банктегі салымынан, сақтандыру қоғамдары қорынан белгіленген
бөлігін рлып отырады. Олардың жиынтығы мемлекеттік қарызды
құрайды.бұл мемлекеттің ішкі қарызы.
Бюджет тапшылығын бәсеңдету үшін мемлекет тек ішкі
мүмкіндіктермен ғана шектелмей сртқы займдарды да
пайдаланады. Ол мемлекеттің сыртқы қарызын құрайды.
Мемлекеттік қарызды басқару шаралары:
1) жаңа займдар шығару;
2) конверсия- табыстылығына қатысты займдардың шарттарын
өзгерту;
3) консолидация- қысқа мерзімдік облигациялардыорташа және
ұзақ мерзімдікке ауыстыру.
2 бөлім. Қазақстан Республикасының бюджет тапшылығы
2.1 ҚР-ның 2008 жылғы бюджеті және бюджет тапшылығы

Қазақстанның мемлекеттік бюджеті 2008 жылдың бірінші
тоқсанында профицитпен орындалды, профицит көлемі 23,2 млрд
теңгені құрады.
2008 жылдың бірінші тоқсанында алынған несиелерді
есептемегенде мемлекеттік бюджет түсімдері 746 млрд теңгені
құрап, есепті мерзімде жоспарға шаққанда 83,3%-ға орындалды.
Кіріс көлемі 745,5 млрд теңге (83,4%), мемлекеттік бюджет
шығындары жабылған несиелер көлемін есептемегенде 722,9 млрд
теңге (89,3%) болып, мемлекеттік бюджет 23,2 млрд теңгелік
профицитпен орындалды.
2008 жылдың бірінші тоқсанында кіріс салық ставкалары
азайтылған жағдайда орындалды: Қосалқы құн салығы 1 проценттік
пунктке, ал әлеуметтік салық 30%-ға азайды. Экономиканың өсімі
және салық әкімшілігін жақсарту секілді факторлардың есебінен
аталған салықтар бойынша түсім жалпы алғанда 14,2%-ға өсті.
Еліміздің мемлекеттік бюджетіне бірінші тоқсанда кіріс өткен
жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 26,3%-ға немесе 115,4
млрд тенге артық түсті. Республикалық бюджет 79,9% орындалды.
Салық әкімшілігінің арқасында салық түсімдерінің өсім қарқыны
16%-ға өсті, бірақ, салық түсімдері бойынша жоспар толық
көлемде орындалған жоқ.
2.2 Бюджет қаражатын басқару ерекшеліктері

2007 жылдын. бюджетінің орындалуының мақсаты қаржы
ресурстарын жұмылдыру және оларды бюджеттік бағдарламалар
бойынша республикалык, өңірлерге қайта бөлу болып табылады.
2007 жылғы қорытындылар бойынша республикалык бюджеттін
кірістері 2006 жылмен салыстырғанда 19,2%-ға өсті. Қаржылык
активтер-ді сатып алуға жұмсалған шығындардың өсуі есебінен
бюджеттік кредиттердің көлемі, яғни өтеусіз каржыландыру
қысқарды. Нәтижесінде республикалық бюджеттің экономикадағы
ақша ағыстарын кайта бөлу процесіне тигізетін әсері
күшейетүсті .
Республикалык бюджет кірістерінін
қүрылымындағы салыктық түсімдер 91,3%-ға және ІЖӨ қатынасы
бойынша 21%-ға дейін артты, бұл көбінесе 2007 жылы шикізат
секторының ұйымдарынан республикалық бюджетке жоспарлы және
жоспардан тыс түсімдерді енгізуге байланысты болды. Бұл ретте
есепті жылы ақша қаражаты салыктардын бюджетке түскен күнінен
бастап 8 күннен 66 күнге дейін кідіріп, Ұлттық корға есепке
алынды. Нәтижесінде, есеп комитетінің есептеуі бойынша
алынбаған пайда 1,0 млрд. теңгеден астам сомаға тең келді.
2007 жылы республикалық бюджетке кірістер-дің, оның
ішінде корпоративтік табьгс салығының бірдей мөлшерде
түспегені байқалды. Салықтарды аванстық аударудың
қолданыстағы тетігі республикалык бюджет кірістерінің
атқарылуын реттейтін негізгі кұралдардың бірі болып табылады.
Соның салдарынан салықтар мен алымдар бойынша артық төлемдер
едәуір өскен, оның сомасы 2007 жылғы корытынды бойынша 543,0
млрд. теңгені құрады. Осындай көрініс жергілікті денгейде де
байқалды. Корпоративтік баскару, нәтижелілік,
транспаренттілік және коғам алдындағы есептілік қағидаттары
негізінде мемлекеттік басқарудын сапалык жаңа үлгісін енгізу
Қазакстан Республи-касы Үкіметі жүмысының маңызды бағыты
болып табылады.
Бюджеттік процссті бюджет каражатын ашык бөлуге және
мемлекеттік саясаттың басымдықгарына сәйкес каражатты барынша
тиімді басқаруға бағдарлай отырып, кыска мерзімді бюджеттік
жоспарлаудан орта мерзімді бюджеттік жоспарлауға көшуді
камтамасыз ету салықтық әкімшілік жүргізудің тиімділігін
жақсартуды қажет етеді.
Республикада салыктарға әкімшілік жүргізудің колданыстағы
тетігі көп кезеңді, күрделі және тиімділігі аз болып
калыптасып отыр. Салық міндеттемесін камтамасыз ету және
орындау рәсімі, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу
шаралары бюджетке салыктық тексерулердің нәтижелері бойынша
қосымша есептелген сомаларды толык көлемінде ондіріп алуды
камтамасыз етпеді. 2007 жылы бюджетке өндіріп алынған ҚҚС
бойынша қаражаттар сомасы 46,9 млрд. теңге мөлшерінде косымша
есептелген сомалардың 15,8%-ын ғана кұрады.
Құрылымды калыптастыруда, мониторинг жүргізуде және
шығыстарды орындауда кемшіліктер мен ол қалдықтарға ұласып
отыратын республикалық бюджет көлемінің едәуір өсуі бел гілі
бір дәрежеде республикадағы инфляция денгейіне әсер етті.
Қаржылық активтерді сатып алуға жұмсалған шығыстардың, ішкі
борышқа кызмет көрсетуге және оны өтеуге жұмсалған
шығындардың ұлғаюы, сондай-ақ нөлдік ставка бойынша ҚҚС өтеу
сомасының өсуі инфляция деңгейіне едәуір әсер еткенін ерекше
атап өткен жөн.
Жоспарлаудағы кемшіліктер, инвестициялык жобаларды
(максатты трамсфертгерді) іске асыру үшін қаржыландыру мен
мониторинг жүргізудін. тиімді схемаларынын болмауы оларды
іске асыруда түпкілікті нәтижелерге жетуге келенсіз әсер
етеді. Бұл ретте жекелеген жағдайларда тиісті инвестициялык
жобалар бойынша енгізілген обь-ектілерді пайдалануға беру
және одан әрі сүйемелдеу мәселелері пысықталмаған, бұл
жүмсалған бюджет каражатыньщ тиімділігін төмендетеді.
2007 жылы бюджет қаражатының уақытша бос калдығы, өткен
жылдардағы сиякты, негізінен Қазақстан Республикасы Ұлттык
банкінің депозитіне орналастырылған, бұл мемлекеттін уақытша
бос ақша каражатын баскаруда баламалы және тиімді құралдарды
белгілеу жөніндегі жұмыстың жеткіліксіздігін көрсетеді.
Мемлекеттік борышты баскарудың колданыстағы жүйесі ұлттык
компаниялар, мемлекеттің қатысуымен кұрылған акционерлік
коғамдар және даму институттары алатын қарыздардьщ күрт
ұлғаюымен байланысты катерлерді есепке алу бойынша тиімді
құралдар мен тетіктер толык қолданылмай отыр.
Мемлекет активтерінің пайдалану тиімділігіне бағалау
жүргізу барысында анықталған бұрмалаушылыктардың сомасы 2007
жылы 2006 жылмен салыстырғанда 2 еседен астам ұлғайын. 47
млрд, теңгені құрады. Бұл фактілер 2007 жылы қаржылық
тәртіптің жаксармағанын көрсетті.
Мемлекеттік органдарға бюджеттік процесті жетілдіру және
анықталған бұрмалаушылықтарды жою жөнінде мынадай ұсынымдар
беруге болады:
- республикалық бюджет кірістері орындалуының
шикізат секторынан түсетін түсімдергс
тәуелділігін азайту жөнінде толықкднды шаралар қолдану;
салыктардың, алымдардың санын де ақпараттык жүйелердін жұмыс
істеу тиімділігін
бюджетке түсетін салықтык және салықтык емес түсімдердің
жоспарлау сапасын казіргі заманғы болжау және факторлық
талдау әдістерін колдану арқылы арттыру;
- республикалық бюджет шығыстарынын мерзімді саясат
әзірлеу және әр түрлі ерекшеліктерді кысқарту мақсатында
бюджет шығыстарының экономикалық жіктелімін кайта қарау;
қаржылык, жыл ішінде бюджетке енгізілетін түзетулерді барынша
азайту және Үкімет резервінің пайдаланылу негізділігін
арттыру;

республикалық бюджет есебінен әлеуметтік манызды объектілерге
техникалык-экономикалық
сараптама жүргізудін орындылығын қарау;
республиканың индустриалдык-инновациялык даму стратегиясын
іске асыруға бағытталған мемлекеттік даму
институттары кызметінің тиімділігін арттыру максатында
олардын уақытша
бос каражатын орналастырудың өлшемдері мен тәртібін
әзірлеу;
мемлекеттік даму институттары кызметінің
тиімділігін арттыру максатында олардың уақытша бос
каражатын орналастырудың өлшемдері мен тәртібін әзірлеу;

мемлекеттік органдардағы акпараттық жүйелерд әзірлеу,
дамыту, сүйемелдеу және пайдалану процестерін реттейтін
нормативтік-кұкыктық актілерді жетілдіру жөнінде шаралар
кабылдау;
кепілгерлікті қоса алғанда, қаржылык, жыл ішінде борыштық
міндеттемелердін жаңа нысандарын және басқа да күралдарды
бюджеттікзаңнамада көзделмеген мемлекеттің каржы
ресурстарының
пайдаланылуынажол бермеу;
бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктердің бюджет каражатын
тиімсіз және негізсіз жұмсағаны үшін жауапкершілікті
күшейту жөнімде тиісті нормативтік-күкықтык актілерге
өзгерістер мен
толықтырулар енгізу аркылы шаралар кабылдау;

мемлекеітік каржы бақылауының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы саясаты және экономикалық реттеудегі рөлі
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қарыз мәселесі
Бюджет - салық саясаты туралы
Ақша инфляциясы
Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері
Инфляция мәні және түрлері
Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты жайлы
Инфляция - қолтаңба көп ақшамен кедейлену
Қазақстан Республикасында инфляцияны жүргізу саясаты және инфляциямен күресу жолдары
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану саясаты
Пәндер