ҚР «электрондық үкіметтің» дамуы: жетістіктер мен өзекті мәселелер


Рахатова А. Н.

Доцент Кайдаш И. Н.

АЭУ-ЕИР

Алматы-2013

ҚР «Электрондық үкіметтің» дамуы: жетістіктер мен өзекті мәселелер

Мақала «Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасы аясындағы «Электронды үкіметтің» өзекті мәселелерін қарастырады.

Статья посещена проблемам внедрения "Электронное правительства" РК в рамках программы "Информационный Казахстан - 2020".

The article is visited to the problems of introduction "Electronic governments" of РК within the framework of the program "Informative Kazakhstan - 2020".

2013 жылы қаңтар айында Елбасымыз: «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын қабылдау туралы жарлыққа қол қойды. Бағдарламаның мақсаты - Қазақстанның ақпараттық қоғамға көшуін қамтамасыз ететін талаптарды құру болып табылады. Бағдарлама Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты тапсырмасының шеңберінде дайындалды.

Бағдарлама қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы ақпараттық ортаны қалыптастыруға, сонымен қатар ҚР ақпараттық қоғамды дамытуға бағытталған. Бұл бағдарламаға сәйкес мемлекеттік басқару реформаларының барлық түрлерін қадағалайтын мемлекеттік органдардың ақпараттық-талдау ортасы енгізілетін болады. Бағдарламада «электрондық үкіметтің» алдағы дамуына ерекше көңіл бөлінеді. «Электрондық үкімет» (e-Government) термині барлық мемлекеттік органдарды біріктіретін бірыңғай жүйені білдіреді. «Электрондық үкіметтің» негізгі мақсаты: ұйымдар мен азаматтарға ақпараттық технологиялар арқылы қызмет көрсететін, жергілікті басқару органдары мен үкіметтің жұмыс істеу құрылымының ара-қатынасын қалыптастыру болып табылады. «Электрондық үкімет» технологиясының енгізілуі қарапайым тұтынушы көзқарасымен - азаматтардың ақпаратқа оңай қол жеткізуіне, барлық мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуы, билікті қоғам жақтан басқаруы, аты шулы адами фактордың атқарушы ақпарат қызметіне әсер етуін қысқарту, азаматтардың билікке әсер етуіне бағытталған.

Мемлекет, бизнес пен азаматтар арасындағы және электрондық үкімет ішіндегі қарым-қатынасты негізгі үш модель құрайды: G2C (мемлекет-азамат), G2B (мемлекет-бизнес) және G2G (мемлекет-мемлекет) . «Электрондық үкімет» жинақталған деректер инфрақұрылымы - ақпараттық қызметті веб-портал арқылы алуға мүмкіндік береді. Электрондық-мемлекеттік қызметтер қызмет көрсету аясына қарай: ақпараттық, интерактивті және транзакциялы; автоматизация деңгейіне қарай: толық автоматтандырылған және бөлшектей автоматтандаралған болып бөлінеді. Бүгінгі күнде интерактивті қызметтен транзакциондық қызметке толықтай көшу жұмысы аяқталды.

Елімізде жаңа ақпараттық технологияны толықтай «Электрондық үкімет» түрінде енгізу үшін көптеген жұмыстар атқарылды. БҰҰ-ның «Электрондық үкімет» даму индексінің рейтінгісі бойынша Қазақстан 190 әлем елдері ішінде 38 орынды иеленді. Ашық мөрлі Азиялық аймақтардың 2011 жылғы деректеріне сәйкес Қазақстан Малазия (8 орын) мен Біріккен Араб Әмірлігін (9 орын) артқа тастап 7 орынды иеленді. Айта кетерлік бір жай, «Электрондық үкіметтің» даму индексі онлайн режиміндегі қызметтер, телекоммуникациондық инфрақұрылым мен адами капитал бойынша есептеледі. Қазақстан «онлайн-қызметтердің» даму индексі бойынша 24-орыннан 14-ке көтерілді (Ресей-26, Малазия-13) . Е-қатысу көрсеткіші бойынша, яғни заң, ереже, қызметтер туралы ақпараттар, азаматттар мен үкімет арасындағы қарым-қатынас, азаматтардың шешім шығару процесіне қатысуымен Қазақстан он алты сатыға көтеріліп Сингапурмен бірге 2-орынды бөлісті. Бұл рейтінгінің келесі сатыларын Ұлы Британия, АҚШ, Израиль, Австраия, Эстония және Германия сияқты елдер жалғастырады.

Соңғы жылдары «Электрондық үкімет» порталын көрушілер саны 2 есеге өскен, яғни мемлекеттің электрондық қызметтеріне деген сұраныстың артқанын көрсетеді. 2013жыл бойынша сайтты қолданушылар деңгейі тәулігіне 20мың адамды құрайды. Порталдың арқасында осы аралықта 3489364 электрондық анықтама (бастапқы қосылған күнен бастап 14млн), ерекше тұтынушылар саны 4410558 (бастапқы қосылған күнен бастап 14148475) жеткен. 2013 жылдың бірінші айында 130 мыңдай Қазақстандық жеке электрондық қолтаңбамен тіркелді. Олардың 31, 5 мыңнан астамы төлқұжат чипына ЭСҚ (Электрондық Сандық Қолтаңба) жаздыртты.

Сарапшылардың болжауы бойынша Республикадағы халыққа қызмет көрсету орталығындағы көрсетілетін жаңа қызмет - ЭЦҚ жеке куәлікке жазу арқасында, осы ағымдағы жылы ЭЦҚ алған азаматтар саны көбеюде.

Бүгінгі күнде электрондық қолтаңбасы бар жаңа төлқұжатты беру қызметін атқаратын елімізде 144 ХҚО жұмыс істеуде. ЭСҚ иесі картридердің көмегімен қажетті мемлекеттік қызметті уйден шықпай-ақ ала алады.

АҚ «ЖАТ» (НИТ) ақпарат тарату қызметінің таратқан мәліметіне сәйкес 2013жылы е-үкімет порталы арқылы онлайн төлем төлеу көлемі жылдам өскен. 2013жылдың бірінші айына Қазқстан Республикасындағы е-үкіметпен 33, 9млн теңгеден астам төлем төленген. Яғни, бұл көрсеткіш 2012 жыл бойына төленген барлық онлайн төлемнің 25% құрайды. Төлемдердің алын бастап баж салығы тұр. Сонымен қатар, Қазақстандақтар портал арқылы тұрғын үй төлемдері, салықтар, айыппұл, некеге тұруға өтініш және мектепке дейінгі ұйымға баланы кезекке қою сияқты қызметтерді көптеп қолдана бастаған.

«Ақпараттық Қазақстан -2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында бірыңғай Call-орталық «е-үкіметтің» азаматтарға көрсеткен мемлекеттік қызметтің сапасына бағалайтын шағымдарды қабылдайды. Сонымен қатар, азаматтың бірыңғай жеке кабинеті қалыптасатын болады. Заңды және жеке тұлғаның мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметті көрсетудегі ресми арақатынасында жеке деректерді қолдану, және азаматтардың мемлекеттік органдармен өзара қатынасының бірыңғай жүйесі болады.

«Электрондық-үкіметті» жетілдіру мақсатында 2013 жылы Қазақстанда барлық әлеуметтік-маңызды қызметтердің жиынтығын электронды түрге көшіру жоспарланып отыр. Мобильді гаджеттерге деген сұраныстың артуына орай, «электрондық үкімет» тұтынушылары iOS және Android жүйелері арқылы жеңілдетілген қызметке қол жеткізе алады.

1-сурет. «Электрондық-үкімет» порталы

«Электрондық үкімет» технологиясын енгізу туралы жоспарына 10жыл бұрын сенгендер аз еді. Бүгінгі күнде әрбәр мемлекеттік органдар бұл технологияның көмегінсіз алға жылжи алмасын біледі. Ақпараттық - коммуникациондық технологиялардың енгізілу жұмыстарының қортындысы көңіл толарлықтай. Қазақстандық қолданушылар саны күннен-күнге көбеюде. Бірақ бұл сұрақтың қазір көптеген мәселелері бар. Ол бірінші кезекте елімізде компьютерлік білімділік деңгейінің өте төмен болуына байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында басқаруды құжаттамамен қамтамасыз ету: дамуы және проблемалары
Электрондық үкіметтің әлемдік тәжірибесі және оның Қазақстандағы қалыптасуы (салыстырмалы саяси талдау)
Мемлекеттi басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесiн қалыптастыру ерекшеліктері
Мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыздандыру
Тактикалық басқаруға арналған ақпараттар
Электронды сот өндірісі қызметінің құқықтық негіздері
Электрондық үкімет деген не
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ақпараттар ағынын ұйымдастыру мен олардың шындыққа жанасу негіздерін айқындау
Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің қағидалары
Ақпараттық технологиялар және әлемдік саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz