Геоақпараттық жүйелердің қолданылуы



ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Баяндама
Мақалада геоақпараттық жүйелердің енгізілуіне қатысты кеңістіктік және де сонымен қатар аз мамандандырылған деректер қолданылатын сұрақтарды қарастырады. Геоақпараттық жүйе басқару функциясына бағытталған біртұтас мемлекеттік басқаруға ие және де бұқаралық сұраныстық өнім болып табылады.

Реферат
В статье рассматриваем вопросы связанные с внедрением геоинформационных систем. Который широко используется как для обработки пространственных, так и узко специализированных данных. ГИС имеют общегосударственного управления, направленные функциями управления, и являются продуктом массового спроса.

Abstract
In article we consider questions connected with introduction of geoinformation systems. Which is widely used as for processing spatial, and narrowly specialized data. GIS have the nation-wide management, the managements directed by functions, and are a product of mass demand.

Қазіргі компьютерлік технологияның барлық саласындағы ғылыми және тәжірибелік қызметтің рөлі ұлғайған ортақ жетілдіру кезеңінде, геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) айрықша көкейкесті жүйе болып табылады және көптеген маңызды өзгерістер енгізеді. Функциональді жетілдіру және ақпараттың апаратты қуаттылығын өсіру шарттарында (жекелей алғанда, машиналардың жылдам қызметтерін көбейту және жад қорын өсіру) қазіргі кезде аймақтар мен қоршаған әлем көріністерінің ГАЖ базалар дерегіндегі көпқырлы ақпараттың үлкен көлемде шоғырлануы, көбінесе кеңістіктегі жүйеде құралады. Осы деректермен біртұтас басқару – ақпараттың көптеген түріне кең ауқымды кешенді мүмкіндік қолдануды қамтамасыз етеді. Яғни ГАЖ−дың болмау себебінен ұйымның технологиялық және техникалық қиындықтар мен маңызды шығындарды тудырмау.
ГАЖ – ақпараттық жүйелердегі өзінің жеке ерекшелігі бар класс болып табылады. Олар геоинформатика заңдылықтарын осы ғылымда қолданылатын әдістер негізінде құрылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Журкин И.Г., Шайтура С.В. Геоинформационные системы. – Москва: КУДИЦ-ПРЕСС, 2009. -272с. ISBN 978-5-91136-065-8
2. Самардак А.С. Геоинформационные системы: Учебник. – Владивосток: ДВГУ, 2005. – 124 с.
3. Бугаевский Л.М., Цветков В.Я. Геоинформационные системы. — М.: Златоуст, 2000.
4. Информационные технологии в управлении. / Под ред. Ю. М. Черкасова. М.: ИНФРА-М, 2001.
5. Цветков В.Я. Геоинформационные системы и технологии информации / Под ред. С. В. Назарова. М.: Финансы и статистика М.:1998.
6. Положение о Филиале Республиканского государственного казенного предприятия «Казгеодезия» «Казгеокарт», 2010
7. Турлапов В. Е. Геоинформационные технологии в экономике. – Издательство: НФ ГУ – ВШЭ, 2007
8. Сайт с коллекцией рефератов по геоинформационным технологиям, http://revolution.allbest.ru/programming/00171016_0.html
9. Сайт GIS-lab, http://gis-lab.info/docs/giscourse/05-esri.html
10. Сайт методического использования для учащихся и учителей (преподавателей) общего полного и начального профессианального образования, http://www.metod-kopilka.ru/page-1-2-2.html
11. Электронный учебник по геоинформационным технологиям GIS tech. – 2008-2009, http://gis-tech.ru/index.html

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Баяндама
Мақалада геоақпараттық жүйелердің енгізілуіне қатысты кеңістіктік және де сонымен қатар аз мамандандырылған деректер қолданылатын сұрақтарды қарастырады. Геоақпараттық жүйе басқару функциясына бағытталған біртұтас мемлекеттік басқаруға ие және де бұқаралық сұраныстық өнім болып табылады.

Реферат
В статье рассматриваем вопросы связанные с внедрением геоинформационных систем. Который широко используется как для обработки пространственных, так и узко специализированных данных. ГИС имеют общегосударственного управления, направленные функциями управления, и являются продуктом массового спроса.

Abstract
In article we consider questions connected with introduction of geoinformation systems. Which is widely used as for processing spatial, and narrowly specialized data. GIS have the nation-wide management, the managements directed by functions, and are a product of mass demand.

Қазіргі компьютерлік технологияның барлық саласындағы ғылыми және тәжірибелік қызметтің рөлі ұлғайған ортақ жетілдіру кезеңінде, геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) айрықша көкейкесті жүйе болып табылады және көптеген маңызды өзгерістер енгізеді. Функциональді жетілдіру және ақпараттың апаратты қуаттылығын өсіру шарттарында (жекелей алғанда, машиналардың жылдам қызметтерін көбейту және жад қорын өсіру) қазіргі кезде аймақтар мен қоршаған әлем көріністерінің ГАЖ базалар дерегіндегі көпқырлы ақпараттың үлкен көлемде шоғырлануы, көбінесе кеңістіктегі жүйеде құралады. Осы деректермен біртұтас басқару - ақпараттың көптеген түріне кең ауқымды кешенді мүмкіндік қолдануды қамтамасыз етеді. Яғни ГАЖ−дың болмау себебінен ұйымның технологиялық және техникалық қиындықтар мен маңызды шығындарды тудырмау.
ГАЖ - ақпараттық жүйелердегі өзінің жеке ерекшелігі бар класс болып табылады. Олар геоинформатика заңдылықтарын осы ғылымда қолданылатын әдістер негізінде құрылады. Әртүрлі ғылымның мақсаттарын шешуге және өндірісті кеңістік пен жергілікті нысандар туралы деректер мен табиғат және қоғамдағы өзгерістерді негізге ала отырып қолдануға бағытталған. ГАЖ бен геоақпараттық технологиялар тығыз байланысқан. Геоақпараттық технологияларды қоршаған орта туралы ақпараттың жаңа түрлерін алуға мүмкіндік беретін бағдарламалық - технологиялық құрал ретінде анықтауға болады. Геоақпараттық технологиялар: басқару үдерістерін, ақпаратты көрсету және сақтау, қабылданатын шешімді қолдау мен өңдеудің тиімділіктерін арттыруға арналған. ГАЖ өзіне ғана тән бірқатар ерекшеліктері бар. ГАЖ бен геоақпараттық технологияның бір ерекшелігі екеуі де қоғамдық ақпараттандыру элементтері болып табылады. Яғни, ГАЖ бен геоақпараттық технологияларды ғылымға, өндіріске, білім беру жүйесіне енгізу және ақпараттық−тәжірибелік қызметке пайдалану. Геоақпараттық технологиялар өндірісті басқару үдерісін ақпараттандыруға бағытталған жаңа ақпараттық технологиялар қатарына жатады. ГАЖ-дың келесі ерекшелігі ақпараттық жүйелердің эволюциясы болып табылады.
Автоматтандырылған − ақпараттық жүйелер деп автоматтандырылған ақпараттық технологияларды оқыту мақсатында, ғылыми−инженерлік жұмыс пен басқару үдерістерін ақпараттық−аналитикалық қамтамасыз ететін ұйымдасқан техникалық жүйені атаймыз. Яғни, ГАЖ автоматтандырылған ақпараттық жүйелер тобына кіреді. ГАЖ-дың тағы бір ерекшелігі − интеграцияланған ақпараттық жүйе болып табылады. Интеграцияланған жүйелер әртүрлі жүйе технологиясының шоғыры негізінде құрылған, олар көбінесе әртүрлі салада қолданылады. Мысалға, экономикалық жүйедегі автоматтандырылған басқару жүйесі, бухгалтерлік ақпараттық жүйелер, банктік ақпараттық жүйелер,биржалық жүйелер, марккетингтік ақпараттық жүйелер және т.б. ақпараттық жүйеде қызмет етеді. ГАЖ-дың интеграцияланған жүйе ретінде ерекшелігі - үш жүйенің технологиясын интеграциялайды: техникалық,ақпаратты−аналитикалық және экономикалық. Яғни, ГАЖ осы жүйелердің кез−келген саласында қолданылды.
ГАЖ жүзеге асыратын негізгі қызметтері:
* Деректерді енгізу және жаңарту;
* Деректерді сақтау және манипуляциялау;
* Деректерді талдау;
* Деректерді шығару және қорытынды келтіру.
ГАЖ-дың негізгі ішкі деректері болып: теориялық дерек құру әдісі мен барлық элементтері бірыңғай геодезиялық жүйелер координатындағы математикалық және геодезиялық негіздегі сандық карта мен сандық модель болып саналады. ГАЖ-дың дерек базасы болып табылатын - картаны құру және қолдану кезінде − геодезиялық өлшем жүйесін және картографиялық жобаның жазық тікбұрышты өлшемін, ГАЖ-дың сандық түрін қалыптастыру негізінде жүзеге асатын - геодезиялық өлшемдер мен базаның карта жобасын қолданады. Яғни, ГАЖ-дың барлық алға қойылған тапсырмалары жүзеге асады.
ГАЖ автоматтандырылған ақпараттық жүйелер жинағы сияқты, көп жағдайда география мен картографияға қатысты емес. ГАЖ-дың басқа автоматтандырылған жүйеден негізгі ерекшелігі − сызықтық және ареалдық нысандар топологиясын құру мен қисық сызықты өлшем жүйесі және картографиялық жобаны құруға граф теориясы қолданылады.
Геоақпараттық жүйе мен геоақпараттыық жүйелер технологиясын ажырата білу қажет. ГАЖ технологиясы дегеніміз - ол жүйені қабылдаумен қатарр, ГАЖ−ға қатысы жоқ ақпаратты өңдеу технологиясы. Геоақпараттық жүйе технологиясының қызмет ету аумағы ГАЖ бен салыстырғанда кең. Яғни ГАЖ аспаптық жүйе сияқты біріздендірілген деректермен жұмыс істейді, ал ГАЖ технологиясы біріздендірілмеген әртүрлі деректермен, олардың алғашқы өңдеуімен және ГАЖ көмегімен көрсетуді жүзеге асырады.
ГАЖ−ды ғаламдық ақпараттық жүйе деп те атаса болады.ГАЖ−дың құрамында деректер қоры болғандықтан, олар мамандандырыған ақпараттық жүйелер сияқты қолданылады. Яғни, ақпараттық сақтау тапсырмаларын шешу арқылы ГАЖ−ды автоматтандырылған ақпараттық жүйенің ақпарат сақтау жүйесіне жатқызуға болады. Бірақ функиональді қызметіне қарай интеграцияланған жүйе сияқты ГАЖ−ды үлкен дәрежедегі деректерді талдау мен басқару жүйесіне қосуға болады. Қазіргі ГАЖ жай ғана деректерді өңдеуге емес, көп жағдайда сараптау бағасын өткізуге есептелген[11]. Басқаша айтқанда,ГАЖ−дың құрамына сараптау жүйесін және сараптау технологиясын қосуға болады.
ГАЖ сараптау жүйесі негізіндегі тиімділігін шешім қабылдауға мүмкіндік беретін, электронды кеңсенің құралдар жинағының мүмкіншілігімен анықталады. Мысалы, мемлекет (үлкен) туралы ақпаратты біле отырып, оның экономикалық аймағын (орташа), ал одан тұрғылықты пунктті (кіші) анықтауға болады. Сонымен қатар, ГАЖ көмегімен фирма мен оның бөлімшелері туралы ақпаратты байланыстыруға болады.
ГАЖ−дың маңызды қасиеттерінің бірі ақпараттың жалпылама және бөлшек түрінде болуы. Яғни, әлемдегі көріністер мен үдерістер серпінділігін көруге мүмкіндік береді. Көбінесе, кез−келген мамандандырылған ақпараттық жүйеге қиын мәселе болып табылатын әртүрлі көлемдегі қатарлар мен деректерді байланыстырады. Жалпылау − керекті шекараның көлемін кішірейткенде ақпараттың жинақылығын қамтамасыз етеді, ал жеке бөлшектеу - көлемді ұлғайтқанда қажетті ақпаратты ерекшелеуге мүмкіндік береді.
ГАЖ−дың бұқаралық қолданушыларына іскерлік және компьютерлік кескінді әдістерді қолдана отырып шешім қабылдайтын жүйелері пайда болды. Сонымен қатар, картаны ғана емес, белгілі картографиялық жобаға айналатын, жергілікті ақпаратты салыстыруға және жаңартуға мүмкіндік беретін картографиялық ақпаратты - ғарыштық түсірілімдерді қолдану. ГАЖ - дың іздеу жүйесі - деректер қорындағы белгілі әдістерді қолдануға мүмкіндік береді. Ал, кескіндік деректерді сақтайтын ақпараттық жүйе ретінде деректерді кескіндік талдау жолымен сұраныс және іздеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді. ГАЖ - да сақталған әртүрлі нысандарды біріктірудің технологиялық мәселесі бірыңғай жүйемен айқындау негізінде шешіледі. Яғни, нысанды географиялық жағдайда біріктіру. Мұндай жағдайларда нысананың сипаттамасы иерархиялық немесе гипермәтіндік құрылымды құрауы мүмкін.
ГАЖ - дың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ГАЖ бағдарламасы
ГАЖ мүмкіншіліктері
Геоақпарат жүйелері бойынша дәрістер
Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы
Географиялық ақпараттық жүйелердің аспаптық құрылымдары
ГАЖ геодезияда қолдану салалары
ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР КЕҢІСТІКТІК МӘЛІМЕТТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
Геоақпараттық жүйе
Геоақпараттық технологияларды қолдану
Геоақпараттық жүйенің бөліктері
Пәндер