Бюджетті жоспарлау негіздері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны мен мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді.

Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.

Ел Президенті Н. Назарбаев өзінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деген Қазақстан халқына Жолдауында басымдықтар қатарына «нәтижелілік қағидасына негізделген мемлекеттік басқару жүйесін дамыту жөніндегі» шараларды жедел іске асыруды бөліп көрсетті. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдына «жоспарлау жүйесін жаңарту мен жетілдіру, бюджет қаражатын пайдалану мен мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысты жеделдету» міндеті қойылды.

Әкімшілік реформаны іске асыру шеңберінде Қазақстанда нәтижелер бойынша мемлекеттік басқару жүйесіне өту көзделеді. Нәтижелер бойынша басқару тұжырымдамасы басқару технологияларын жеке меншік сектордан мемлекеттік басқаруға көшіруді білдіреді. Нәтижеге бағдарланған басқару әдістері мен рәсімдерін енгізу атап айтқанда жоспарлау мен бюджеттік процесске деген көзқарастың өзгергенін білдіреді. Стратегиялық жоспарлау қағидасына өту мемлекеттік органдарда елді дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттемелеріне жетуге, мемлекеттік басқару сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады. Бюджеттік жүйе реформасының бір бағыты болып табылатын нәтижеге бағдарланған бюджеттендіруді (бұдан әрі - НББ) енгізу «шығындарды басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» өтуді білдіреді.

Нәтижелер бойынша басқару жөніндегі технологияларды, атап айтқанда стратегиялық жоспарлау мен НББ бойынша енгізу ұзақ уақытты талап етеді. Дамыған елдерде бұл процесс ұзақ уақыт бойы жүзеге асырылады және қазіргі уақытта нәтижелілік қағидасына негізделген тетіктің әбден жетілдірілуі жалғасуда.

Қазіргі уақытта Қазақстанда негізі 3-жылдық бюджет болып табылатын мемлекеттік жоспарлаудың жаңа моделі енгізілуде. Осыған байланысты 2007 жылы Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама бекітілді. Осы тұжырымдама бағдарламалық құжаттарды әзірлеу мен мазмұнына жаңа көзқарастарды енгізуді, бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру рәсімдерін сапалы қайта қарауды көздейді. Ағымдағы 2008 жылы үш пилотты әділет, қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдіктерінде мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінің негізгі элементтерін енгізу басталды.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесі мен бюджет саласындағы реформалар шегінде ҚР орталық мемлекеттік органдары алғаш рет өздерінің стратегиялық жоспарлары мен бюджеттік бағдарламаларын НББ қағидалары негізінде және ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әзірлеген және 2008 жылдың 25 наурызында Қазақстан республикасы Үкіметінің отырысында мақұлданған ҚР мемлекеттік органдарының Стратегиялық жоспарларын әзірлеу жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес дайындайды. НББ және осы тұжырымдамаға байланысты рәсімдерді енгізу үшін ҚР мемлекеттік органдары НББ қағидалары мен талаптарын айқын түсінуі қажет. Ол үшін НББ негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі кешенді әдістемелік нұсқаулықты әзірлеу, оқу тренингтерін жүргізу, енгізілетін жүйелердің тиімді жұмыс істеуіндегі әрбір мемлекеттік органның рөлі мен орны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әзірлеген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ҚР Мемлекеттік органдарының Стратегиялық жоспарларының жобалары мынадай құрылымда жасалуға тиіс:

1. Миссия және көрініс

2. Ағымдағы жағдайды талдау

3. Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері

4. Мемлекеттік органның функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал тәуекелдері

5. Бюджеттік бағдарламалар

Бюджетті жоспарлау негіздері

  1. Бюджетті жоспарлау мен болжаудың рөлі және мақсаттары

Бюджеттік жоспарлау / Бюджетті жоспарлау - бюджеттің жоспарлы түрде жасалуы, қаралуы, бекітілуі және атқарылуы барысы; басқарудың әрбір деңгейінде бюджеттік ресурстардың көлемін, құралу көздерін, нысаналы мақсатқа пайдаланылуын анықтауға мүмкіндік беретін қаржы жоспарлауының құрамдас бөлігі. Бюджеттік жоспарлауда бюджеттік ресурстарды елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарынан туындайтын мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жұмылдыру жолдары айқындалады. Нарықтық қатынастар жағдайында Бюджеттік жоспарлаудың мазмұны, әдіснамасы мен әдістемесі түбегейлі өзгерді. Ол директивалық жоспарлаудан индикативтік жоспарлауға айналды; онда жалпы шығындық көрсеткіштердің орнына пайда алуға бағдарланған өзге өлшеуіштерді пайдалануға мүмкіндік туды.

Бюджеттік құралдардың қалыптасу, бөлісу және пайдалану процестерін басқару бюджеттік жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен оларды негізгі мақсаттарды, яғни әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі қарай тереңдетуге, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, индустарлды-инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар - бюджетті құрғанда көрінді.

Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлық қаржылық жүйенің әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты орталықталандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді және әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді. Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметті-экономикалық даму бағдарламасы табылады.

Жалпы қаржылық жоспарлау және оның маңызды құрамалы буыны - бюджеттік жоспарлау, барлық халық шаруашылығын жоспарлаудың органикалық бөлшегі болады. Сонымен қатар, қаржы ресурстарын басқарудағы бюджеттік жоспарлаудың рөлі өте зор, себебі ол тек қана бюджеттің кірістері мен шығындарының жоспарын құруы және оларды атқаруы, яғни төлемдер бойынша міндеттемелерді тағайындау мен бюджеттік қаржыландыру көлемін анықтаумен шектелмейді. Бюджеттің басқа қаржы жоспарлар ішінде алатын ерекше ахуалы бюджеттік жоспарлауға жалпымемлекеттік мән береді. Ол мемлекеттік басқаруды реформалау мен биліктік өкілеттілікті орталықсызданудың барлық бюджеттік процеске қатысушылар арасындағы қаржылық және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру байланысында және мемлекеттік шығындарды, олардың формалары мен қаржыландыру әдістерін ұтымдылауда білінеді.

Бюджеттік жоспарлау қаржылық жоспарлаумен, бюджеттік арнаулардың мақсаттық сипаттарымен, резервтердің барлығымен және кірістер мен шығындардың теңгерушіліктерімен өзара байланыс талаптарына сәйкес болуы тиіс. Жоспарлау процесінің негізгі мақсаты - ол төлемдердің әрбір түрі бойынша салықтар мен басқа да кірістердің жылдық түсімін анықтау және әр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында кірістерді дәйекті бөлісін қамтамасыз ету. Кірістер мен шығындарды басқарудың мағынасы тиісті өкілетті органдардың мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін болжамдау, талдау мен бақылау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру мен басшылық ету, бюджеттік құралдарды тиімді жұмсау және мемлекеттік бюджеттің кірістік пен шығындық бөлімдерін атқару жөнінде есеп дайындаумен тұжырымдалады.

Бюджеттік жоспарлау процесінде келесі негізгі мақсаттар шешіледі:

  • орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық жоспар арасындағы қажетті арақатынас пен жалпы қаржылық қатынастарды анықтау;
  • бюджет процесінің әрбір қатысушыларының елдің дамуын қаржылық қамтамасыз етуді қатысу дәрежесін тағайындау;
  • қаржы ресурстарының жалпы көлемін тағайындау мен оларды мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бөлу.

Бюджеттік жоспарлау процесінде осы мақсаттарды шешу бөлек бюджеттер арасында мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығындарын тиімді бөлуді, әрбір бюджеттің нақты теңгерушілігін, жыл бойы кірістердің бірқалыпты түсуін және қарастырылған шараларды уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мемлекеттік материалды және қаржы резервтер, жоспарды орындау мен бюджетті атқару барысына қаржылық бақылау қарастырылады.

Бюджеттік болжамдаудың негізгі мақсаты - ол экономикада қазіргі кезеңде пайда болған тенденцияларды, нақты әлеуметті-экономикалық шарттарды және олардың өзгерістерінің болашақ бағалауларын есепке ала отырып, бюджеттің оңтайлы дамуын жасау мен дәйектемелеу. Мұндай болжамдау нәтижесінің мемлекеттің қаржы-бюджеттік саясатында тиімді шаралар қабылдауда өте маңызды мәні бар.

Бюджетті жоспарлау мен болжамдау келесі үш маңызды бағыттарда жұмыс істеуді қарастырады:

  • кірістер мен шығындардың барлық түрлері бойынша контингенттердің болжамдық мөлшерін анықтау;
  • әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша реттеуші кірістердің бөлісі;
  • қаржылық жәрдем мен бюджеттік қамсыздандырулықты теңестіру себебінен жоғары және төмен тұрған бюджеттер арасында арақатынасты тағайындау

2. 2. Бюджетті жоспарлау принциптері.

Жоспарлауда қолданатын норма мен нормативтердің рөлі және мәні.

Бюджеттік жоспарлау бірлестік, жалғастырушылық, басымдылық, теңгерушілік және дәйектемелік принциптер талаптарына сәйкес іске асырылады.

Бюджеттік жоспарлаудың бірлестік принципі құрамына республикалық және жергілікті бюджеттер кіретін елдің мемлекеттік бюджетін құрумен қамтамасыз етіледі. Әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бұл принцип республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар тізімін қалыптастыруға, бюджеттер деңгейлері арасындағы кірістер бөлісу нормативтері мен ұзақ мерзімді субвенциялар және бюджеттік алымдар мөлшерін тағайындауға негізделеді.

Жоспарлаудың жалғастырушылық принципі орта мерзімді фискалдық саясаттың бағыттары мен елдің әлеуметті-экономикалық даму болжамдарына негізделген ағымдағы және болашақ бюджеттік жоспарлау тіркесімімен қамтамасыз етіледі.

Басымдылық принцип елдің орта мерзімді әлеуметті-экономикалық даму жоспарының басымдылықты бағыттары негізінде бюджетті жоспарлаумен қамтамасыз етіледі.

Бюджеттің кірістері мен шығындарының теңгерушілік принципі бюджетті қалыптастыруда баланстық әдісті пайдалану негізі арқылы қамтамасыз етіледі. Бюджеттің теңгерушілігінің қажеттілігі кейбір деңгейдегі бюджетті атқару мақсатымен дәлелденеді және ол немесе жоғары бюджеттен субвенция беру арқылы немесе бюджет шығындарын қысқарту арқылы немесе мемлекеттік берешекті қалыптастыру арқылы не болмаса басқа да заңнамалармен қарастырылған әдістер арқылы қамтамасыз етіледі.

Дәйектемелік принцип бюджет жобасына осы немесе басқа түсімдер не шығындарды енгізу қажеттілігін анықтайтын нормативті құқықтық актілер негізі арқылы бюджет жоспарлаумен қамтамасыз етіледі.

Бюджетті жоспарлағанда аймақтар арасындағы табиғатты-климаттық және әлеуметті-экономикалық ерекшеліктерді есепке алу қажет, себебі олар әр аймақ тұрғындары жағдайларының негізгі және анықтаушы факторлары. Сондықтан бюджетті жоспарлауда нормалар мен нормативтер пайдаланады. Бюджеттік кодекске сәйкес натуралды нормативтер - ол бюджетті жоспарлау мен атқаруда міндетті түрде пайдаланатын материалды немесе материалды емес қажетті байлықты тұтынудың натуралды көрсеткіштері. Олар Үкіметпен жасалады және бекітіледі.

Жергілікті бюджеттерде қолданатын кірістерді бөлісу нормативтер - ол әр деңгейдегі бюджеттер арасындағы кірістердің пайыздық арасалмағы. Бұл нормативтердің тұрақты сипаты бар, себебі олар орта мерзімді фискалдық саясаттың негізінде анықталады және оларды пайдалану бюджет жүйесі бойынша шығындық өкілеттілікті шектеуге байланысты.

2. 3. Жоспарлау мен болжамдаудың кезеңдері, әдіс пен тәсілдері.

Бюджеттік жоспарлау - әр түрлі статистикалық, экономика-математикалық, сараптамалық және арнайы әдістер пайдалану арқылы іске асырылады. Негізінде бюджет - толық көлемдері бойынша барлық кірістер мен шығындарды есептеуге мүмкіншілік беретін баланстық әдіспен құрылады. Бұл әдіс бюджетпен қарастырылған кірістер мен шығындардан басқа бір де біреуі болуға тиісті еместігін көрсетеді. Жоспарлауда бюджет құрудың бюджет-брутто және бюджет-нетто атты әдістері де қолданылады. Егер де бюджетте мемлекеттің барлық кірістік және шығындық қаржы операциялары көрсетілсе, онда мұндай бюджетті бюджет-брутто деп атайды. Ал егер де бюджеттің көрсеткіштері баптары бойынша сальдолық нәтижелер ретінде есептелсе, яғни кірістердің әрбір баптары бойынша түсімдер көлемі сол кірістерді алуға жұмсалған шығындарсыз анықталса, онда мұндай бюджетті бюджет-нетто деп атайды.

Мемлекеттің әлеуметті-экономикалық мақсаттарын іске асырудағы бюджеттің құрал ретіндегі рөлі өте маңызды болғандықтан, сол рөлді атқаруға сәйкес арнайы бюджеттендіру әдістері негізіндегі орта мерзімді бюджеттік жоспарлауды қолдану қажет. Бағдарламалы-арнайы бюджеттелеу әдіс маңында бағдарламалық даму стратегия мен қолда бар бюджет ресурстары базасы және бюджеттік бағдарламалар жоспарлау негізі арқылы бюджеттік шығындарды жоспарлау, яғни алдымен елдің даму стратегиялық басымдылықтары анықталады, олар бюджет шығындарында көрсетіледі.

Бюджеттің жобасын құрастыру процесінде бюджеттік теңестірудің арнайы әдістері пайдаланады. Олар тікшіл (вертикальды) және көлбеулі (горизонтальды) теңестіру әдістерге бөлінеді. Мағыналары бойынша бұл әдістермен мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының қаржылық мұқтаждарын (жергілікті бюджеттердің шығындық бөлімі) нақты қаржы ресурстарымен (жергілікті бюджеттердің кірістік бөлімі) қамтамасыз ету мақсаттары шешіледі. Мысалы, тікшіл теңестіру әдістері көмегімен шығындық функияларды іске асырудың қаржылық базасы қамтамасыз ету мен биліктің әр деңгейлері бойынша бюджеттердің кірістік көздерін тиімді түрде бекіту әрекеттенеді.

Бюджеттерді кірістер бойы қалыптастырудың негізгі кезеңдері ретінде түсімдердің барлық түрлері бойынша болжамдық мөлшерлерін анықтау дәйектілік есептеледі. Барлық кезедердің ішіндегі ең маңыздысы - ол салықтық түсімдерді болжамдау кезеңі, содан кейін - маңыздылық мәні аз емес салықтық емес түсімдерді болжамдау кезеңі. Келесі кезеңдері - ол негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді болжамдау, ресми трансферттердің, берілген несиелерді өтеудің, қаржылық активтер сату мен Үкіметтік займдардың түсімдерін анықтау.

Алдағы жылғы бюджетке кірістердің түсуін болжамдау Салық, Бюджет кодекстері мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес іске асырылады. Сонымен қатар республика мен аймақтардың орта мерзімді әлеуметті-экономикалық даму жоспарларының макроэкономикалық көрсеткіштері, елдің орта мерзімді фискалдық саясаттың ережелері мен көрсеткіштері, ағымдағы мерзімнің бағалау мен салықтық түсімдерге әсер ететін негізгі көрсеткіштердің болашақ өзгерістері есепке алынады. Бюджетті болжамдауда пайдаланатын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер ретінде жалпы ішкі өнім көлемі, ақша құралдарының көлемі, еңбекақы қорының мөлшері, инфляция индексі, тауар айналымының көлемі, импортты-экпорттық операциялардың көлемі, Ұлттық валюта курсы қолданылады.

Кірістер түсімін болжамдаудың негізінде клесі принциптер жатыр:

  • республика бойынша болжамдық көрсеткіштердің есептемелер қалыптасуының бірыңғайлығы;
  • болжамдық көрсеткіштер есептемелерінің мөлдірлігі;
  • болжамдық көрсеткіштердің анықтығы мен объективтігі;
  • барлық бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша әр ай мен тоқсанға бөлінген және жалпы жылға болжамдаған бюджет түсімдерінің есептемелері.

Болжамдайтын бюджеттік көрсеткіштер есептеуі жылдық бюджет көрсеткіштерінің есептеуінен біраз ерекшеліктері бар, себебі жылдық көрсеткіштер тікелей есептеулер әдістерімен анықталады. Ал мұндай әдістер қажетті мәліметтер жоқтығынан болжамдауда қолдануы қиын. Сондықтан бюджет кірістерінің болжамдауы көбінесе әр түрлі динамикалық сипаттары бар әдістер пайдалану арқылы іске асырылады. Сондай дістердің бірі - ол бюджеттің тұрақты сипаты бар кірістерді болжамдауда қолданатын экстраполяция әдісі, екіншісі - эксперт-мамандар жасап дәлілдеген тұжырымдар негізінде пайдаланатын эксперттік бағалау әдісі. Тәжірибеде, объективтік болжам алу үшін осы екі әдісті бірге қолданады.

Бюджет кірістерін болжамдауда бюджеттік көрсеткіштерінің регрессия сызығы бойынша өзгерістер заңдылығын әшкерелеу мақсатта корреляциялық модельдер пайдалануы мүмкін. Мұнда бюджеттік көрсеткіштерді бюджет қалыптастыруға әсер ететін бірнеше факторлардың өзгеруіне байланысты қаралады. Бюджет кірістерінің әр түрлі факторлар өзгерістерінен функционалды байланыстылығын пайдалану сол кірістердің және жалпы шығындар көлемдерін анықтауға мүмкіншілік беретін экономико-математикалық модель құруға болады.

2. 4. Мемлекеттің орта мерзімді фискалдық саясаты

Бюджет кодексі мемлекеттің экономикалық саясатына сәйкес орта мерзімді бюджеттік жоспарлау негізінде бюджеттік процесті іске асыруын анықтайды. Ал бюджеттік жоспарлауға стратегиялық бағытты беретін Үкімет тарапынан жасалып, алдымыздағы үшжылдық мерзімге салықтық-бюджеттік бағдарламаны анықтайтын арнайы құжат - ол Үкіметтің Орта мерзімді фискалдық саясат атты құжат. Бұл құжат елдің Орта мерзімді әлеуметті-экономикалық даму жоспары мен басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде жыл сайын бір жылға ұзартылып отыратын үшжылдық мерзімге жасалады. Бұл құжаттың маңыздылығы мен қажеттілігі, ең алдымен елдің экономикалық дамуы көп жағдайда оның қаржы жүйесінің даму бағыттарына тәуелді екенімен, екіншіден, жүргізіп жатқан салықтық-бюджеттік саясаттың ахуалы мен оның бүгінгі талаптарға сәйкестігімен дәлілденеді. Келесі қаржы - жылға бюджет жасаудың негізі болғандықтан, фискалдық саясат мемлекеттің қаржы ресурстарын жұмылдыру және оларды тиімді пайдалануға, экономиканың басымдылық секторларын ынталандыру арқылы мемлекеттік билік оған нақты әсер етуге және халыққа әлеуметтік демеуді қамтамасыз етуге себепші болады. Бұл құжат мәнінен ел экономикасын басқарудың, яғни макроэкономикалық тиянақтылықты қамтамасыз ету мен қаржы ресурстарын қайта бөлісу құралдарының бірі болады.

Орта мерзімді фискалдың саясатты жасауда келесі негізгі мақсаттарға көңіл бөлінеді:

  • ағымдағы және болашақ нысандағы жетуді қамтамасыз ететін фискалдық стратегияны тағайындау;
  • алдағы үшжылдық мерзімге қажетті қаржы ресурстар көлемін анықтау;
  • стратегиялық басымдылықтардың негізінде бюджеттік құралдарды бөлісу бағыттарын анықтау;
  • мезгілінде жоспарлауды іске асыруға қажетті болжамдық бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;
  • бюджеттік процестің мөлдірлігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін оны ретке келтіру;
  • бюджеттік процестің жалғастырушылығын қамтамасыз ету;
  • фискалдық тәртіпті жоғарылату.

Орта мерзімдік фискалдық саясат мазмұны бойынша өз алды тізбекті түрде фискалдық саясаттың нысаны мен мақсаттарын, негізгі бағыттары мен оларды іске асырушы механизмдерін баяндайтын құжат. Бұл құжатта республиканың әлеуметті-экономикалық дамудың негізгі бағыттарын іске асыру әдістері, бюджеттердің болжамдық көрсеткіштері, бюджеттік құралдарды жұмсайтын басымдылық бағыттары, бюджетаралық қатынастардың даму бағыттары, фискалдық мүмкіндік тәуекелдер анықталады.

Демек, бұл құжат мемлекеттің алдыңғы үшжылдық мерзімге арналған салықтық-бюджеттік саясатын баяндайды, яғни салықтық пен кірістер саясатын, шығындар саясатын, бюджеттік несиелеудің саясатын, қаржылық активтер саласының саясатын, бюджетаралық қатынастар саясатын, мемлекеттік және мемлекеттің кепіліндегі қарыз алу мен борыш саясатын.

2. 5. Қазақстан Республикасындағы бюджеттік

жоспарлаудың құқықтық негіздері

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тиімділігі республикалық (орталық мемлекеттік бюджет ретінде) және жергілікті бюджеттерді мемлекеттің, сондай-ақ оның әкімшілік-аумақтық құрылыстарының орталықтандырылған қаржылық (бюджеттік) ресурстары ретінде жоспарлауға тікелей байланысты болады. Бюджеттік жүйенің тиісті деңгейлерінде жүзеге асырылатын бюджеттік жоспарлау Қазақстан Республикасының және оның әкімшілік-аумақтық бірліктерінің орталықтандырылған негізгі ақша қорларын құру, қалыптастыру, бөлу, сондай-ақ пайдалану (жұмсау) сияқты барлық стадияларды қамтиды.

Осы орайда, айта кететін бір жәйт, бюджеттік жоспарлау бюджеттің жобасын әзірлеу, қарау және бюджетті бекіту стадиялары, бюджетті атқару және оның атқарылуын бақылау стадиялары, бюджеттің атқарылуы туралы есептемені әзірлеу және бекіту стадиялары сияқты Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалған тәртіппен орналасады.

Бюджеттік жоспарлаудың (процестің) мән-жайлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік және бюджеттік құрылысының негіздеріне, мемлекеттің бюджет саясатының ұстанымдары мен мемлекеттік билік органдарының бюджеттік жүйедегі құзіретіне (құқықтарына) сай айқындалады, сондай-ақ оның барлық стадиялары үш жылдың көлемінде іске асырылады.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын уақтылы әрі сапалы әзірлеу республикалық және жергілікті бюджет комиссиялар тарапынан қамтамасыз етіледі.

Бюджеттік жоспарлау Қазақстан Республикасының бюджеті мен оның әкімшілік-аумақтық құрылыстары бюджеттерінің кірісі мен шығынын, олардың кірісіне салық салу жүйесінен, мемлекеттік қарыз алу жүйесінен және басқа да түсім көздерінен түсетін ақшалай ресурстарды басқаруға, сондай-ақ бюджеттік қаражаттарды шығындар бойынша пайдалануды реттеуге мүмкіндік береді.

Бюджеттік жоспарлау барысында мемлекеттің қаржылық (бюджеттік) ресурстарының көлемі мен оларды Қазақстан Республикасының аумағында бөлу арасындағы баланс қамтамасыз етіледі, сондай-ақ әрбір басымды әрі мақсатты бағытта жұмсалынатын бюджеттік қаражаттар қаржыландыру көзімен (жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге байланысты республикалық бюджеттің қаржылық әлеуетімен) тікелей байланыстырылады.

Бюджеттік жоспарлаудың барлық стадиялары ұйымдастыру бюджеттік құқықтық нормаларымен қатаң регламенттеледі. Республикалық және жергілікті бюджеттер бір қаржы жылына арналып әзірленетіндіктен (бекіту стадиясынан өткеннен кейін) тек бір жыл көлемінде, яғни ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін (оны қоса) жұмыс істейді.

Республикалық бюджетті жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсімдерінің көлемін және қоғамдық - мемлекеттік басымдықтарды ескере отырып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын нысаналау әрі айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттік бақылауды құқықтық реттеу
Мемлекеттік бюджеттің қаржы жүйесінде алатын орны
«ҚарағандыЭлектроМонтаж» ЖШС бюджетін құру
Қаржылық жоспарлау– шаруашылықты жургізу
Қазақстан Республикасындағы бюджеттік жоспарлаудың құқықтық негіздері
Республикалық бюджетке түсетін түсімдер
Бюджетті құру және орындауда туындайтын негізгі мәселелер
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және оның ұйымдастырушылық негіздері
Мемлекеттік бюджет экономикалық мәні, қызметтері
Нарықтық экономикадағы мемлекеттің ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz