Валюталық қатынастар және валюта жүйесінің қалыптасып дамуы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР КIРIСПЕ . . . 3

І ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ . . . 4

  1. Халықаралық валюталық жүйесінің қалыптасуы және оның даму кезеңдері, мақсаты мен қызметтері . . . 4

1. 2 Валюталық қатынастың маңызы, қажеттігі және әдістері . . . 10

1. 3 Валюталық қатынастарды нарықтық және мемлекеттік реттеу . . . 17

ІІ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ӘЛЕМДІК НАРЫҚТА ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ВАЛЮТА ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУ БАРЫСЫ . . . 22

2. 1 Валюталық қатынастың даму жолдарының әлемдік тәжірибесі . . . 22

2. 2 ҚР-дағы валюталық қатынастың даму бағыттары . . . 26

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 34

КIРIСПЕ

Қазақстанның әлемдік экономикалық және валюталық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым-қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады.

Валюталық жүйелер дүниежүзiлiк шарушылықта құрал жабдықтар, сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.

Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде валюталық бағам, әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.

Ваюталық жүйе - ұлттық заңдылықтар немесе халықаралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы негізінде көрініс табады.

Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.

Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де әсер етедi.

Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын бүгiндегi өзектi мәселелердiң бiрi “Валюталық қатынастар және валюта жүйесінің қалыптасып дамуы” деп алдым.

Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым бiрiншiден, валюталық қатынастардың мәнін аша отыра, оны реттеудің нарықтық және мемлекеттік түрін талдау және екіншіден ҚР-ның валюталық қатынастарының даму барысына тоқталу болып табылады.

І ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ

1. 1 Халықаралық валюталық жүйесінің қалыптасуы және оның даму кезеңдері

Валюталық жүйелердiң даму заңдылықтары ұдайы өндiрiс белгiлерiне байланысты анықталып отырып, ұлттық және әлемдiк шаруашылықтың негiзгi даму кезеңдерiн көрсетедi.

Дүниежүзлiк валюталық жүйелердiң арсындағы дағдарыс тұсында оның құрылымдық қағидаларының әрекетi бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алды. Дүниежүзлiк валюталық жүйедегi дағдарыс ескi жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.

Жаңа дүниежүзлiк валюталық жүйенi құру үш басты кезеңнен жүргiзiледi:

1-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының қалыптасуы, алғы шарттардың түзiлуiн, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс сақталады.

2-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының құрылымдары толығымен аяқталып, бiртiндеп iске қосылады.

3-шi кезең, толық қызмет ететiн жаңа дүниежүзлiк жүйе құрылады.

Дүниежүзлiк ваюталардың жүйенiң мынандай эваолюциялары белгiлi:

  1. Жаңа валюталық жүйенiң құрылуының алғы шарттары.
  2. Париждiң валюталық жүйесi.
  3. Генуэз валюталық жүйесi.
  4. Бреттон - Вудс валюталық жүйесi.
  5. Ямайск валюталық жүйесi.
  6. Европалық валюталық жүйесi.

1929-1936 жылдарда дүниежүзлiк валюталық дағдарыстың басты ерекшелiктерi келесiдей:

- циклдiк сипат: валюталық дағдарыс дүние жүзлiк экономикалық және ақша несиесiмен байланысты болды;

- құрылымдық сипат: дүниежүзлiк валюталық жүйенiң алтын девиздiк стандарт қағидасы құлдырауға ұшырады;

- ұзаққа созылуы: 1929 жылдан 1936 жылдың күзiне дейiн болуы.

БҰҰ-ның Британ-Вудстағы 1944 жылы болған валюталық қаржылық конференциясында дүниежүзлiк сауданың ұйымдастырудың, валюталық, несиелiк және қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың ережелерi бекiтiлiп үшiншi валюталық жұйе дүниеге келдi.

60 жылдардың аяғынан бастап, Бриттан - Вудс валюталық жүйенiң дағдарысқа ұшырауы. 1976 жылғы қаңтардағы ХВК - ға мүше елдердiң Кинготондағы келiсiмi ХВК - дың жарғысына өзгерiстер енгiзе отырып, төртiншi валюталық жүйенiң келесiдей бағыттарын бекiттi:

  • Алтын - девиз стандартты орнына СДР стандарты енгiзiлдi;
  • Елдерге кез-келген валюталық бағам режимiнiң таңдауға құқық берiлдi.

СДР-дiң қызметт етуiнiң мынандай басты мәселесi болды:

  1. эмиссиялау және басу;
  2. қамтамасыз ету;
  3. бағамды анықтау әдiсi;
  4. СДР-дiң пайдалану ауқымы; [11, 27б]

Европалық валюталық жүйе, экономикалық интеграциялану процесiн ынталандыру мақсатында құрылды. Интеграцияналдану процесiнiң даму себептерiне: шаруашылықтың интеграциялануы, өндiрiстiң қарсылас орталықтардың дүниежүзлiк нарықтағы өзара қарсы күресi және валюталық тұрақсыздағы жатады . Европалық экономикалық қоғамдастық - бұл батыс европа елдерiнiң бiршама дамыған аумақты интеграцияналдыру тобын бiлдiредi, ол 1957 жылы наурызда алты елдiң: ФРГ, Франция, Италия, Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим елдерiнiң арасыында жасалған келiсiм шартында қабылданып, 1958 жылдың 1 каңтарында басты қызмет етедi.

Батыс еуропалық интеграция өзiнiң iрi ерекшелiктерiмен ажыратылады:

Бiрiншiден, ЕҚ құрылуы көмiрдiң ортақ нарығынан басталады және шаруашылық кешен интегралданғанға дейiн 6 ел және 12 саяси одақ болса, бiрiншi уақытта 15-16 мемлекетке жеттi.

Екiншiден, ЕҚ - ның институционалдық құрылымы мемлекеттiң құрылымына жақын және мынадай ұйымдардан тұрады:

  • Еуропалық кеңес;
  • Министiрлер кеңесi - заң шығарушы орган;
  • ЕҚ комисиясы - атқарушы орган
  • Еуропалық парламент - кеңес берушi орган. Бұл орган ЕҚ және министiрлер кеңесiнiң қызметiн бақылайды, ЕҚ бюджетiн бекiтедi.

ЕҚ соты - құқықтық нормаларын сақтамаудың қадағалау ұйымы.

Үшiншiден, интеграцйиялық процестiң материялдық негiзi болып, ЕҚ - тың бюджетiнiң бiр бөлiгiнен құралған көп бiрлескен қорлар қызмет етедi.

1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Еуро қолма - қолсыз төлемдер үшiн мемлекеттердiң жаңа қағаздарын орналастыру енгiзiлiп, эволюциялық одаққа мүше елдердiң ұмтық ақша бiрлiктерi 2002 жылы 1 шiлдесiнен бастап өз қызметтерiн жойды делiнген.

ЕВЖ, алтындынақты резервтiк активтер пайдаланды:

Бiрiншiден, Еуро - алтынмен жартылай қамтамасыз етiлген;

Екiншiден, ЕҚ - қа бiрлестiгi үшiн 207 кг мөлшерiнде бiрлескен алтын қоры құралған.

ЕВЖ-дегi мемлекет аралық аймақтықты реттеу орталықты банктерге уақытша төлем балансындағы тапшылықты жабуға және валюталық интеграцияға байланысты есеп айырысулар үшiн несие беру жолымен жүзеге асырылады.

Екiншi дүниежүзлiк соғыста Еуропа мемлекеттерiнiң қираған экономикасын қалпына келтiру және тұрақтандыру мәселелерiн шешу мақстында Бреттон-Вудстағы өткен халықаралық валюта қаржылық конференциясында 2 ұйым: Халықаралық валюта қорын (ХВҚ) және халықаралық қайта құру және даму банкi ( ХҚҚДБ) құру туралы қаулы қабылданды. Қор әлемдiк валюта жүйесiнiң тұрақтылығын қолдау үшiн, ал банк оған қатысушы елдердiң ұзақ мерзiмдi экономикалық дамуын ынталандыру үшiн құрылған .

ХВҚ Бiрiккен Ұлттар Ұйымының маманданған органы ретiнде өз жұмысын 1947 жылы наурызда бастады. Оның штаб-пәтерi Нью-Йоркте орналасқан, басқарушы органы барқрмалар кеңес қатысушы елдердiң қаржы министiрлерiнен немесе орталық банктердiң басқармаларынан тұрады, кеңес жыл сайын шақырылады. Атқарушы органы директат. алғашқы кезде бұл қорға 49 ел мүше болып кiрiп, оның капиталы 8 млд доллорды құрады. Қазiргi кезде мүшелерiнiң саны иөрт есе көбейiп, ал капиталы шамамен 18 есе өстi.

ХВҚ-ның негiзгi қызметтерi төмендегiлер:

Халықаралық сауданың немесе валюталық ынтымақтастықтың дамуына көмек көрсету.

  • Валюталық паритеттiң тұрақтылығын сақтау және валюталық шектеудi жою;
  • Төлем балансының теңелуi үшiн кез-келген қатысушы елге несие ресурстарын беру;

Қорға мүше болып кiру - мемлекеттiң ХҚҚДБ-ге және оған туыстас басқада валюта несие ұйымдарына кiруiнiң мiндеттi жағдайы.

Халықаралық қайта құру және даму банкi БҰҰ-ның маманданған және оның шешiмдерiне тәуелсiз орган ретiнде өз жұмысын 1946 жылы маусымда бастады . Банктiң өз жұмысын кеңейту барысында туыстас төрт бөлiмшелер ұйымдастырылады: халықаралық салық корпарациясы, халықаралық даму акциясы, халықаралық инвестицияладрды, таластарды реттеу орталығы және инвестициялықты қорғау жөнiндегi көп жақты агенттiк. Қазiргi кезде осы ұйымдар бiрiгiп әлемдiк банк (ӘБ) тобын құрайды, оның штаб пәтерi Вашингтонда орналасқан, ал ХҚҚДБ - осы топтың орталық буыны - оны әлемдiк банк деп атайды.

Әлемдiк банк топтың ең қуатты бөлiмшесi, ол 240 млд доллардан акциялық капиталды иемденедi, қазiргi кезде оның құрылтайшылар саны 180 мемлекетке жеттi. Банк басқару органы - басқармалар кеңесi - қатысушы - елдердiң қаржы министiрлiгiнен немесе орталық банктерден басқармаларынан тұрады. Оны президент басқарады. Банктiң күнделiктi атқарушы директорлар кеңесi басқарады, кеңес штап пәтрiнде орналасқан ол жетңi саиын кеңес отырысын өткiзедi. Кеңес 24 адамнан тұрады, олар-iрi акциянерлердiң бiр-бiр өкiлi және 19 аймақтың өкiлдерi.

Халықаралық қаржы коорпарациясы 1956 жылы мемлекеттiк кепiлдiк алмай-ақ дамушы елдердiң экономикасындағы жеке сектордың жұмысын анықтау үшiн құрылған.

ХВҚ Бiрiккен Ұлттар Ұйымының маманданған органы ретiнде өз жұмысын 1947 жылы наурызда бастады. оның штаб-пәтерi Нью-Йоркте орналасқан, басқарушы органы басқармалар кеңес қатысушы елдердiң қаржы министiрлерiнен немесе орталық банктердiң басқармаларынан тұрады, кеңес жыл сайын шақырылады. Атқарушы органы алғашқы кезде бұл қорға 49 ел мүше болып кiрiп, оның капиталы 8 млд доллорды құрады. қазiргi кезде мүшелерiнiң саны иөрт есе көбейiп, ал капиталы шамамен 18 есе өстi.

Инвистициялардың кепiлдiгi жөнiндегi көп жақтық агеттiк 1988 жылы дамушы елдердiң шетел жеке инвистициторларына инвестициясынан саяси қауыптен қорғану үшiн құрылған. Атап айтқанда: экспропорция, яғни жеке меншiктi айыру қаупi, келiсiм жағдайларды бұзу қауiптiлiгi т. б. 15-20 жыл бойы сақтауға кепiлдiк бередi. Агентiк мүшелерi болып тек ХҚҚДБ берген несиелер мемлекеттiң төлем қабылеттiлiгiне сүйенедi. [10, 61б]

Валюта ( италиян сөзi, сөзбе - сөз - құн ) - елдiң ақша бiрлiгi, оның шартты түрi, халықаралық төлем есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы. Осы халықаралық немесе ұлттық валюта қатынастарының негізінде валюталық жүйе ұғымы пайда болады.

Ваюталық жүйе - ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын бiлдiредi .

Халықаралық валюталар қатынастар - ұлттық шаруашылықтарының қызметкерлерiнiң нәтижесiнен өзара қызмет ететiн және әлемдiк шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуi барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастар жиынтығы бiлдiреді. Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және Римде вексель түрінде пайда болды. Яғни, оларда алғаш рет вексель жәрменкелері пайда болып, аудармалы вексель бойынша есеп айырысулар жүргізілді.

Шаруашылықтың интернационалдануы және әлемдiк еңбек бөлiнiсiн интенсивтендiрілуі халықаралық нарықтың құрылуына себепшi болды. Өндiрiс күштерiнiң дамуымен iшкi рыноктағы өркендеген салалардың өнiмiн сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетiлдiру - мiне осылардың бәрi әлемдiк сауда саттық байланыстардың кеңесiне әсер еттi. Яғни, сыртқы сауда жағдайларын, әр елдің валютасының құнын анықтау қажеттігі туындады. Алғашында мұндай айналыстарға елдер немесе аумақтар бойынша алтын қолданылса, ал осы заманғы күрделенген төлем жүйелерінің және төлем тәртіптерінің пайда болуына байланысты бұл валюталық қатынастар одан сайын күрделене түсті.

Әлемдегi елдердiң қарым - қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие жылдан - жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдағы ұдайы өндiрiс процесiнде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдiк нарыққа ұласады және де әрбiр егемен мемлекеттiң заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады. Елдердiң әлемдiк шаруашылыққа интеграциялауына ақша капиталының бiр бөлiгiнiң ұлттық ақшадан шетел валютасына және керiсiнше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта есеп айырылысу және несие - қаржы қатынастарында жүзеге асады.

Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың ұлттық және әсемдiк экономиксының дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арсындағы күштердiң шектi қатынастарына тәуелдi болып келедi. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның iшiнде валюталық байланыстарда саясат пен экономика, дипломация мен комерция, өнер кәсiптiк сауда мен өндiрiс бiр - бiрiмен өзара бетеме байланысуы валюталық қарыс - қатынастардың ұлттық және әлемдiк шаруашылықтағы орны ерекшелiгiн көрсетедi.

Капиталдың шеңбер айналысы процесiнде ұлттық нарықтан әсемдiк нарыққа қосылуы нәтижесiнде ұлттық ақшалардың iшiндегi ақшалай капиталының бiр бөлiгi шетел валютасына айналады немесе керiсiнше. Ол көрiнiстi халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелiк және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.

Шаруашылықтың жағдайында ұдайы өндiрiстiң сыртқы факторларға: әлемдiк өндiрiс динамикасы; шетелдiк ғылым деңгейiне, халық аралық сауданың дамуына, шетел капиталы ағымына арта түседi. Сондықтан да бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндiрiстiң арасында тiкелей және керi байланыстың болатынын көрсетедi. Халықаралық сауданың дамуына, валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндiрiс процентiне керi әсерiн тигiзедi.

Дүниежүзлiк валюталық жүйелердiң арсындағы дағдарыс тұсында оның құрылымдық қағидаларының әрекетi бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алды. Дүниежүзлiк валюталық жүйедегi дағдарыс ескi жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.

Валюталық жүйелер 3 түрге бөлiнедi:

  1. Ұлттық валюталық жүйе;
  2. Дүниежүзлiк валюталық жүйе;
  3. Аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе.

Тарихта ұлттық валюталық жүйе ең бiрiншi қалыптасқан.

Ұлттық валюталық жүйе - халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндiрiс процесiне қажеттi валюталық ресурсты сұрайтын және оны пайдалануға қөмектесетiн экономикалық қатынастар жиынтық бiлдiредi . Ұлттық валюта елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қолсыз формада (банктік шоттағы ақша қалдығы) бола алады. Оның эмитенттері Орталық және коммерциялық банктер. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады. Ұлттық валюта дүниежүзлiк валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзлiк валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына қарай құрылған .

Дүниежүзілік валюталық жүйенің мақсаты бұл халықаралық несие қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуiн қамтамасыз ететiн халықаралық келiсiм шарттары мен мемлекет аралық құқұқтардың нормалар кешенiн құрайды. Бұл ереже шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет.

Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес рөл атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептеу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. Дүниежүзілік валюталық жүйе мен ұлттық валюталық жүйе арасындағы тығыз байланыс, сыртқы экономикалық қызмет көрсететін Орталық банктер арқылы жүзеге асырылады.

Дүниежүзiлiк валюта жүйесiнiң негiзгi элементтерi болып төменде көрсетiлгендер саналады:

  • Резервтiк валюталар, халықаралық есептесулерге арналған валюталық бiрлiктер;
  • Валюталардың өзара айырбасталу шарттары;
  • Валюталық паритеттердiң үйлестiрiлген тәртiбi;
  • Валюталық бағамдау тәртiбiнiң ережесi;
  • Валюталық шектеулердi мемлекет аралық реттеу;
  • Халықаралық валюта өтiмдiлiгiн мемлекет аралық реттеу;
  • Халықаралық есептесулердiң негiзгi факторларын үйлестiру;
  • Дүниежүзiлiк валюта рыноктары мен алтын рыноктарының режимi;
  • Мемлекетаралық валюталық реттеудi жүзеге асырушы халықаралық ұйымдар.

Аймақтық валюталық жүйе өнеркәсiбi дамыған елдердiң әлемдiк валюталық жүйе тереңдiгiне құрылады. [5, 54б]

1. 2 Валюталық қатынастың маңызы, қажеттігі және әдістері

Нарықтық экономика жағдайында валюталық қатынастарды нарықтық және мемлекеттік қатынас жүзеге асырылады. Валюталық нарықта валютаға деген сұраныс пен ұсыныс және оның бағамдық қатынасы қалыптасады. Ол өз кезегінде, мемлекеттік және нарықтық қатынас белгілі деңгейде жүзеге асырылмаған жағдайда теріс нәтижеге алып келеді. Нарықтық қатынас сұраныс пен ұсыныс, баға заңына тәуелді болып келеді. Валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында осы заңдардың іс-әрекеті валюта айырбасының қатысты эквиваленттігін, тауар, көрсетілетін қызмет, капитал қозғалысымен байланысты халықаралық қаржы ағынының әлемдік шаруашылыққа деген қажеттілігінің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Осы арқылы нарық валюталық операциялар жағдайының ақпарат көзі ретінде қызмет атқарады.

Бірақ, мемлекет валюталық қатынасқа бұрыннан араласып келеді - алдымен жанама түрде, кейіннен оның әлемдік шаруашылықта алатын орнының маңызды екенін ескере отырып тікелей араласатын болды. Бағамдық айырма мен валютаның күйзеліске ұшырауы ұлттық және әлемдік экономикаға теріс әсерін тигізеді.

Нарықтық және мемлекеттік қатынас бір-бірін толықтырып отырады. Біріншісі, бәсекеге негізделе отырып, даму ынтасын туғызса, ал екіншісі валюталық қатынастарды нарықтық қатынастың нәтижесінде болатын жағымсыз нәтижелерді түзетуге бағытталған. Осы екі қатынасіш арасындағы шекара нақты бір жағдайдағы пайда мен шығын арқылы анықталады.

Валюталық қатынас - валюталық саясатты іске асыратын құрал болып табылады. Валюталық саясаттың бағыттары мен формалары елдің валюталық-экономикалық жағдайымен, әлемдік шаруашылықтың эволюциясымен анықталады. Бірінші кезекке валюталық саясаттың нақты мәселелері қойылады:

  • валюталық жүйе мен валюталық нарықтың тұрақты қызметін қамтамасыз ету;
  • валюталық күйзелісті жеңіп шығу және валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
  • ұлттық валютаның валюталық бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету ;
  • валютаның конвертациялануына өту;
  • валюталық операцияларды либерализациялау. [10, 44б]

Төлем балансы өз кезегінде халықаралық операциялардың баланстық шотын білдіреді - белгілі бір уақыт аралығында мемлекеттің шет елге төлеген валюталық сомасымен оған шет елден түскен соманың арақатынасы. Ол келесідей бөлімдерден тұрады: ағымдағы операциялар шоты, капитал және қаржы қозғалысымен байланысты шот.

Төлем балансы мемлекеттік қатынастың бұрыннан келе жатқан объектілерінің бірі болып табылады. Бұл келесідей себептермен негізделеді:

  • төлем балансына, бір елдегі ұзақ және ірі тапшылықтың және басқа елдегі активті сальдоның артық болуы кезіндегі тепе-теңсіздік тән. Халықаралық есеп айырысу балансының тұрақсыз болуы валюта бағамының динамикасына, капитал миграциясына, экономика жағдайына әсерін тигізеді;
  • төлем балансын бағалық қатынас арқылы түзетудің стихиялы механизмі өте әлсіз және төлем балансын қатынас мемлекеттің өте кешенді араласуын қажет етеді;
  • шаруашылық байланыстың глобализация жағдайындағы төлем балансы экономиканы мемлекеттік қатынас жүйесінде маңызды орын алады.

Төлем балансын қатынастың материалдық негізі болып келесілер табылады:

  1. ресми алтын-валюталы резерв;
  2. мемлекеттік бюджет арқылы бөлінетін ұлттық табыс;
  3. мемлекеттің халықаралық экономикалық қатынастарға капитал, несие, кепіл болушы, қарыз алушы ретінде қатысуы;
  4. нормативті актілер және валюталық қатынас органдарының көмегі арқылы сыртқы экономикалық операцияларды регламентациялау.

Төлем балансын қатынас кезінде мынадай сұрақ туындайды: қандай елдер оны түзету шараларын қолдануы қажет? Бюджет тапшылығына ұшыраған елдер үшін төлем балансын түзету өте қомақты мәселе болып табылады.

Төлем балансын мемлекеттік қатынас - бұл, төлем балансының негізгі баптарын құруға, сондай-ақ қалыптасқан сальдоны жабуға бағытталған мемлекеттің экономикалық, оның ішінде валюталық, ақша-несие және қаржылық іс-шараларының жиынтығы. Төлем балансын қатынастың түрлі әдістері қолданылады.

Төлем балансы тапшылыққа ұшыраған елдерде экспортты ынталандыру, тауар импортын ұстап тұру, шет ел капиталын тарту, капиталды сыртқа шығаруды шектеу мақсатында келесідей іс-шаралар қолданылады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы экономикалық қатынастардағы валюта жүйесінің даму кезеңдері
Қаржы нарығының экономикағы рөлі және мәні
Халыққаралық валюта табыстары
Халықаралық валюталық қатынастар мәні
Сыртқы экономикалық қатынастардың валюталы – қаржылық механизмі
Халықаралық валюта және қаржы қатынастарын реттеу
Халықаралық валюта қатынастары және валюта курсы
Дүниежүзілік экономикалық қатнастар
Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтағы валюта жүесі
Әлемдік валюталық жүйенің даму кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz