Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басқару аппаратының құрылымы және олардың атқаратын қызметтері



Кіріспе 3
1 Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басқару аппаратының құрылымы және олардың атқаратын қызметтері
2 «Жеке тұлғаларды тіркеу, ақпаратын қабылдау және өндеу 13
орталығы» бөлімінің атқаратын қызметтері
3 Мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді талдау 16
4 Жергілікті бюджетке түсетін тікелей салықтардың 18
түсімдерінің қозғалысын талдау
5 Республикалық бюджетке түсетін тікелей салықтардың 21
түсімдерінің қозғалысына баға беру
Қорытынды 23
Пайдаланылған әдебиеттер 24
Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың бірі – салық жүйесін реформалау еліміз егемендік алғалы бері жүргізіліп келеді. Салық мәселелері сияқты күнделікті қызу пікірталас пен сын объектісі болып жүрген ешбір экономика саласы жоқ деуге болады. Себебі, салық жүйесі – бұл нарықтық қатынастың маңызды элементі болып, онымен елдегі экономикалық құрылулардың нәтижесі, жетістіктері тығыз байланыста болады.
Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады. Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық – нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Өз кезегінде жүргізілген салықтық реформаның тиімділігі мемлекеттің экономикалық дағдарысын, проблемаларын шешуші қызметін атқаруда. Яғни салық – бұл белгілі бір көлемде, белгілі бір мерзімде жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде бюджетке төленетін заңды және жеке тұлғалардың қайтарымсыз төлемдері.
Салық салудың методологиясы мен оның әдістемелік негіздері салық механизмі мен оның элементтерінің негізін құрайды. Қазіргі кезде, Қазақстанның даму моделі мен стратегиялық жоспарына сәйкес, мемлекеттік бюджеттің кіріс көзін құрайтын салық жүйесі құрылып жұмыс істеуде. Бұл салық жүйесі құрамындағы салықтарды біз екі топқа (тура және жанама) бөлеміз.
Жанама салықтар – бұл баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құн салығы және акциздер жатады. Қосылған құн салығы дегеніміз – тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар импорты кезіндегі аударым. Бүгінгі күні еліміздің салық жүйесі біршама өзгерістерге ұшырап, дамып және нығайып келеді.
1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "
Қазақстан Республикасының кодексі 12.06.2014 жыл
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы Қазақстан Республикасының Салық Кодексі,- Тараз: 2015, 13-17 бб.
3. « Әділет.kz » сайты
4. Ермекбаева Б.Ж., „Салықтар және салық салу”,- Тараз: 2014, 5-6 бб.
5. Салық кодексі
6. Худяков А.И., Бродский Г.М. „Теория налогообложения”,- Издательство норма – К Тараз: 2014, 6-12 бб.
7. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы ҚР-ң Салық Кодексі,- Тараз: 2014, 14-16 бб.
8. Найманбаев С.М. “Салықтық құқық”, - Тараз: “Жеті жарғы” 2015,
198-230 бб.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3

1. Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының
4
басқару аппаратының құрылымы және олардың атқаратын
қызметтері

2 Жеке тұлғаларды тіркеу, ақпаратын қабылдау және өндеу
13
орталығы бөлімінің атқаратын қызметтері

3 Мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді талдау 
16

4 Жергілікті бюджетке түсетін тікелей салықтардың
18
түсімдерінің қозғалысын талдау

5 Республикалық бюджетке түсетін тікелей салықтардың
21
түсімдерінің қозғалысына баға беру

Қорытынды
23

Пайдаланылған әдебиеттер
24

Кіріспе

Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың
бірі – салық жүйесін реформалау еліміз егемендік алғалы бері жүргізіліп
келеді. Салық мәселелері сияқты күнделікті қызу пікірталас пен сын
объектісі болып жүрген ешбір экономика саласы жоқ деуге болады. Себебі,
салық жүйесі – бұл нарықтық қатынастың маңызды элементі болып, онымен
елдегі экономикалық құрылулардың нәтижесі, жетістіктері тығыз байланыста
болады.
Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады.
Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма)
мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық
мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық –
нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық
реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Өз кезегінде жүргізілген
салықтық реформаның тиімділігі мемлекеттің экономикалық дағдарысын,
проблемаларын шешуші қызметін атқаруда. Яғни салық – бұл белгілі бір
көлемде, белгілі бір мерзімде жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өкілетті
мемлекеттік органдардың актілері негізінде бюджетке төленетін заңды және
жеке тұлғалардың қайтарымсыз төлемдері.
Салық салудың методологиясы мен оның әдістемелік негіздері салық
механизмі мен оның элементтерінің негізін құрайды. Қазіргі кезде,
Қазақстанның даму моделі мен стратегиялық жоспарына сәйкес, мемлекеттік
бюджеттің кіріс көзін құрайтын салық жүйесі құрылып жұмыс істеуде. Бұл
салық жүйесі құрамындағы салықтарды біз екі топқа (тура және жанама)
бөлеміз.
Жанама салықтар – бұл баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген
салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар.
Жанама салықтарға қосылған құн салығы және акциздер жатады. Қосылған құн
салығы дегеніміз – тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және
олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын
айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының аумағында тауарлар импорты кезіндегі аударым. Бүгінгі күні
еліміздің салық жүйесі біршама өзгерістерге ұшырап, дамып және нығайып
келеді.

1. Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басқару
аппаратының құрылымы және олардың атқаратын қызметтері
 
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті (бұдан әрі - Комитет) орталық атқару органының өз құзыретi шегiнде
кеден ісі саласындағы реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын,
салықтардың кеден және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң
толық және уақтылы түсуiн, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті
зейнетақы жарналарын есептеуді, ұстауды, аударуды, әлеуметтік аударымдарды
есептеуді және төлеуді қамтамасыз ету, этил спирті мен алкоголь
өнімдерінің, темекі өнімдерінің өндірісін, айналымын, мұнай өнімдерінің
жекелеген түрлерінің және биоотынның айналымын мемлекеттік реттеу, оңалту
және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау, салық саясатын
және кеден ісі саласындағы саясатты іске асыруға қатысу, Қазақстан
Республикасында Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізумен, оларды
Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда
тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік
рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен,
кедендік төлемдерді және салықтарды төлеумен байланысты қатынастарды,
сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және
мемлекеттік кірістер органдары мен билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар
арасындағы билік қатынастарын кедендік реттеуді әзірлеуге және іске асыруға
қатысу, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде экономикалық және қаржылық
қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу,
ашу және тергеу функцияларын және Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгінiң ведомствосы болып табылады.
Комитеттің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік
кірістер департаменттерi, Кедендер, мамандандырылған кеден мекемелері,
аудандар, қалалар, қалалардағы аудандар бойынша және арнайы экономикалық
аймаққа мемлекеттік кірістер басқармалары жататын, Қазақстан
Республикасының Үкіметі құратын және тарататын мемлекеттік мекеме
нысанындағы заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар. Комитет
өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына,
Қазақстан Республикасының Президентiнің, Үкiметiнiң актілерiне, өзге де
нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге
асырады.
Комитеттің міндеттері:
1. Өкілеттіктері шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін,
кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғамның және мемлекеттің заңды
құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;
2. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды анықтау және тергеу, сондай-
ақ көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты
қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегия мен бағдарламаларды әзірлеуге
және іске асыруға қатысу;
3. Салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің, арнайы демпингке қарсы және өтемдік баждардың толық және
уақтылы түсуін қамтамасыз ету;
4. Қазақстан Республикасының салық, кеден және бюджет саясатын іске асыруға
қатысу;
5. Комитеттің құзыретіне кіретін халықаралық ынтымақтастыққа қатысу;
6. Комитеттің құзыретіне кіретін Қазақстан Республикасының халықаралық
шарттарды әзірлеуге қатысу;
7. Өз құзыреті шегінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық
қауіпсіздігін, адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер
әлемін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
8. Кеден одағының кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының салық,
кеден заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының
сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету;
9. Мемлекеттік кірістер органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік
базасын дамытуға қатысу;
10. Өз құзыреті шегінде кедендік-тарифтік реттеу шараларының, Кеден
одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты тыйым
салулар мен шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
11. Кеден одағының бірыңғай сауда саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
12. Кедендік реттеу саласында тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің
сақталуын қамтамасыз етуді және Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы
тауар айналымын жеделдету үшін жағдай жасау;
13. Кеден одағының кедендік аумағы арқылы тауарлар өткізу кезінде
зияткерлік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету;
14. Кедендік декларациялау мен кедендік бақылауды жүзеге асыру және
жетілдіру жағдайларын жасау;
15. Қазақстан Республикасының өткізу пункттерін және транзиттік әлеуетін
дамыту;
16. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде
ветеринарлық-санитарлық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау
органдарының қызметтерін үйлестіру;
17. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде
көліктік және санитарлық-карантиндік бақылау жүргізу;
18. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде
радиациялық бақылау жүргізу;
19. Кедендік операциялар жасауды және кедендік бақылау жүргізуді, оның
ішінде өзара әкімшілік көмек көрсету шеңберінде жүргізу;
20. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын
және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен
аударудың, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік
аударымдарды есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз
ету.
Комитеттің функциялары:
1. Салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің, сондай-ақ арнайы демпингке қарсы және өтемдік баждардың
толық және уақтылы түсуін көздейтін заңнаманың сақталуын бақылау;
2. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
Қазақстан Республикасы Кодексінде (Салық кодексі), Қазақстан
Республикасындағы кеден ісі туралы Қазақстан Республикасының
Кодексінде және тиісті халықаралық шарттарда белгіленген тәртіпте
халықаралық шарттардың ережелерін қолдану;
3. Басқа мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл;
4. Комитет құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық
міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;
5. Мемлекеттік кірістер органдарының қарамағына жатқызылған мәселелер
бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл және өз
өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
6. Экономикалық және қаржылық қылмыстармен және құқық бұзушылықтармен
күрес мәселелері бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара
іс-қимыл және өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың
қызметіне қатысу;
7. Кеден одағының кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден,
салық заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық
және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл;
8. Бюджетке түсімдерді болжамдауға, мемлекеттік бюджетке кірістер түсімі
саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын
айқындауға қатысу;
9. Комитет құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметіне
бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
10. Дара кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің орындауға міндетті талаптарды
белгілеу және бекіту; салықтық және кедендік әкімшілендіру
өкілеттіктерін жүзеге асыру;
11. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық бақылауын
және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік
бақылауды (оның ішінде тауарларды шығарғаннан кейін) жүзеге асыру;
12. салықтық және кедендік әкімшілендіру бизнес-процестерін жаңғыртуды
және қайта инжинирингтеуді жүзеге асыру;
13. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес
ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
14. мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік
қызметтер көрсету;
15. мыналарды:
- сотқа дейінгі іс жүргізу барысында зерттеулерді ұйымдастыру бойынша,
сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қоса алғанда,
ақпараттық жүйелерді;
- байланыс және деректерді беру жүйелерді;
- кедендік бақылаудың техникалық құралдарды;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғау құралдарын және
мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген міндеттерді орындауды қамтамасыз
ететін өзге де ақпараттық жүйелерді әзірлеу, құру, сатып алу, пайдалану
және жаңғырту;
16. тәуекелдерді бағалау және басқару бойынша қызметті жүзеге асыру,
тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану;
17. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте салықтық,
кедендік тексерулерді, Қазақстан Республикасының баға белгілеу туралы
заңымен көзделінген баға белгілеу туралы мәселелер бойынша
тексерулерді, Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден
заңымен көзделген тәртіпте кедендік тексерулерді жүзеге асыру;
18. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоспардан тыс салықтық,
кедендік тексерулер тағайындау туралы шешім қабылдау;
19. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте
салықтардың, кеден баждарының, кеден алымдарының, бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдердің артық (қате) төленген немесе артық
өндіріліп алынған сомаларын қайтаруды (есепке жатқызуды) жүзеге асыру;
20. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте
салықтардың, кеден баждарының, кеден алымдарының, бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдердің артық (қате) төленген немесе артық
өндіріліп алынған сомаларын қайтаруды (есепке жатқызуды) жүзеге асыру;
Комитеттің құқықтары:
1. Өз құзыреті шегінде Комитеттің, оның ішінде салықтық және кедендік
тексерулерді жүргізу жолымен нормативтік құқықтық және құқықтық
актілерін әзірлеу және бекіту;
2. Қазақстан Республикасында қылмыспен күрес бағдарламаларын әзірлеу және
іске асыруға қатысу;
3. Салықтық және кедендік бақылауды, соның ішінде салықтық тексеруді және
кедендік тексеруді жүзеге асыру;
4. Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарына сәйкес Комитеттің негізгі міндеттері мен
функцияларды іске асыруға қажетті ақпаратты, құжаттарды, сондай-ақ өзге
де мәліметтерді сұрау салу және алу;
5. Салықтық және кедендік бақылауды жүргізген кезде Қазақстан
Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте түрлі ілім салаларының
мамандарын тарту;
6. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соттарға талаптар қоюға,
оның ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
бойынша берешегі бар салық төлеушіні (салық агентін) банкрот деп тану
туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарғылық
капиталында мемлекеттің қатысуы бар салық төлеуші акционерлік қоғамның
жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару туралы, Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында
көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы сотқа талап-арыз
беру;
7. Меншік нысанына қарамай ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды
тұлғалардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан құжаттарды, оның ішінде
коммерциялық, банктік және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын
өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, ақпаратты талап етуге;
8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік бақылау
ақпараттық жүйелерін, байланыс жүйелерін және деректерді беру
жүйелерін, техникалық құралдарын беру;
9. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi хаттамаға түсiру және
қарау, әкiмшiлiк ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген
басқа да шараларды қолдану;
10. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы
заңнамасында көзделген тәртіпте заңды күшіне енбеген әкімшілік құқық
бұзушылық туралы істер бойынша қаулыны қайта қарау.
11. Мемлекеттік кірістер органдарының қарауына жатқызылған мәселелер
бойынша шет мемлекеттердiң тиісті органдарымен, халықаралық ұйымдармен
қарым-қатынас жасау;
12. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ғылыми-
зерттеу, оқыту, баспа қызметiн жүзеге асыру;
13. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өзара
ақпарат алмасуды, сондай-ақ электронды тәсілмен қамтамасыз ете отырып,
мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу;
14. Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін міндетті нұсқаулар беру;
15. Салық заңнамасы және Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден
заңнамасы мәселелері бойынша қоғамның салық және кеден мәдениетін және
хабардарлығын арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
16. Комитет қызметкерлерін даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін
арттыруды жүзеге асыру;
17. Қазақстан Республикасында және шет мемлекеттерде салық және кеден
заңнамасын қолдану практикасын талдау және қорыту;
18. Салық салу және кеден ісі саласында халықаралық шарттар жасасу және
оған қосылу бойынша ұсыныстар енгізу;
19. Жолаушылар және тауар ағымының көлемін, жекелеген өңірлердің және
(немесе) сыртқы экономикалық және өзге қызметке қатысушылардың сыртқы
экономикалық байланыстарының даму қарқынын негізге ала отырып,
Комитеттің кедендік декларациялауды және кедендік бақылауды жүзеге
асыратын аумақтық органдарының орналасқан орнын айқындау;
20. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік декларациялауды
және кедендік бақылауды жүзеге асыратын Комитеттің аумақтық
органдарының жұмыс уақытын айқындау;
21. Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының, бағыныстағы
мекемелерінің жұмысын бақылау;
22. бұрын жасалған Өнімді бөлу туралы келісімге (бұдан әрі – ӨБК)
өзгертулер мен толықтыруларды талдау, сондай-ақ бұрын жасалған ӨБК-нің
қаржылық-экономикалық үлгілеріне өзгертулер мен толықтырулар бойынша
технико-экономикалық есептер жүргізу;
23. жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттарды жасау кезінде қолданыста
болған олардың бұрын жасалған келісім-шарттарының ережелері Қазақстан
Республикасының салық заңнамасына сәйкестігін, сондай-ақ ӨБК-ге
өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша жер қойнауын
пайдаланушылармең келіссөздер жүргізу және даулы мәселелерді анықтау
мақсатында, оның ішінде Қазақстан Республикасының және жер қойнауын
пайдаланушылардың экономикалық мүдделерінің бастапқы теңгерімдерін
қалпына келтіру мақсатында талдау жүргізу;
24. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдалануға
келісім-шарттардың және ӨБК ережелерін бірыңғай түсіндіру мақсатында,
оның ішінде тиісті жұмыс топтарына қатысуға, қажетті нұсхамалық
құжаттарды дайындауға әдістемелік жұмыстар жүргізу;
25. Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте салық
салумен байланысты объектілерді және (немесе) салық салу объектілерін
жанама әдіспен анықтау;
26. Оңалту рәсімдерін және банкроттық рәсімдерді жүргізуде Қазақстан
Республикасының заңымен белгіленген талаптарды әкімшімен сақталуына
тексеру жүргізу;
27. Оңалту рәсімдерін және банкроттық рәсімдерді жүргізуге басқа да
мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тартуда Қазақстан
Республикасының заңымен белгіленген талаптарды әкімшімен сақталуына
тексеру жүргізу;
28. Әкімшінің қызметіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған
бұзушылықтарды жою туралы, сондай-ақ осы бұзушылықтар үшін босатылған
бұның алдындағы әкімшінің қызметіне тексеру нәтижелері бойынша
анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберу;
29. Әкімшінің қызметіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған
бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалғаны туралы есеп берілуін
талап ету;
30. Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте банкроттық
рәсімін қозғамай банкротты тарату;
31. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын реттеу
мәселелері бойынша басқа мемлекеттердің және Қазақстан Республикасының
жеке және заңды тұлғаларынан консультанттар мен сарапшыларды, басқа да
мемлекеттік органдардың мамандарын тарту;
32. Алкоголь өнімдерін сақтау, бөлшек және көтерме сату бойынша қызметке
лицензия беру кезінде қызметін жүргізуші объектінің орналасқан жері
бойынша Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлерін тарту;
33. Этил спиртін, алкоголь өнімдерін, темекі өнімдерін, және мұнай
өнімдерінің жеке түрлерін өндіру және айналдыру саласында қызмет
ететін, технологиялық үрдістердің ережелерін және нұсқауларын,
техникалық регламенттер мен стандарттарын сақтау және әзірлеудің
субъектілермен сақталуын тексеру;
34. Этил спирті өндірісінің технологиялық желісін және алкоголь
өнімдерінің құйылу желісін тиісті спирт өлшеуші аппараттармен және
есепті бақылау құралдарымен жабдықтау және олардың жұмыс істеуін жүзеге
асыру;
35. Арақ пен ликер-арақ бұйымдарының, этил спиртін әзірлеудің ең төменгі
көлемін, Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген талаптардың
сақталуы үшін оларды әзірлеу бойынша нақты көлемін тексеру;
36. Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуін және
айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша субъектілерге тексеру
жүргізу;
37. Уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың салықты және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығы, алу толықтығы
және аудару уақтылылығы мәселелері бойынша тексеру жүргізу;
38. Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық декларациясын табыс ету
мерзімдерін ұзарту туралы шешім қабылдау;
39. Кеден одағының кедендік аумағынан мемлекеттік кірістер органдарының
рұқсатынсыз шығып кеткен көлік құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ су және
әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтару;
40. Өз құзыреті шегінде темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын
мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер беру туралы
темекі өнімдерін өндірушілерге сұрау салу жіберу;
41. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарлардың сынамалары
мен үлгілерін іріктеп алуды жүзеге асыру;
42. Көшпелі кедендік тексерулер жүргізу кезінде алып қою актісін жасай
отырып, тексерілетін тұлғадан құжаттарды не олардың көшірмелерін алып
қою;
43. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көшпелі
кедендік тексеру жүргізілетін тауарларды иеліктен айыруға не өзге
тәсілмен билік етуге бағытталған іс-әрекеттердің жолын кесу үшін
көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзіміне тауарларға тыйым салуға
немесе оларды алып қою;
44. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тауарлар
орналасқан үй-жайларға сүргі салу;
45. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет
мемлекеттерге кеден ісі мәселелері бойынша мемлекеттік кірістер
органдарының ресми өкілдерін жіберу;
46. Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарына және
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес құжаттарды,
тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлiктi алып қоюға немесе арасынан
алуды жүргiзу;
47. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес фактілер мен
оқиғаларды құжаттау, видео және аудио жазбаға, кино және фотоға түсіру;
48. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер
органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін қаруды, арнайы
техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, сондай-ақ тауарлар,
арнайы иттер сатып алу;
49. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене күшін, арнаулы
құралдарды және атыс қаруын қолдану;
50. Жедел-iздестiру қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңына
сәйкес жедел-iздестiру қызметін жүзеге асыру;
Комитеттің Төрағасы мынадай уәкілеттікті жүзеге асырады:
1) өз орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi
басшыларының, ішкі қауіпсіздік бөлімшілерінің басшыларының, арнайы кедендік
мекемелердің басшыларының, Достық кеденінің, облыстар, Астана және Алматы
қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері басшыларының
мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
- Комитеттің қызметкерлері мен қызметшілерін;
- облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер
департаменттері басшылары мен басшыларының орынбасарларын;
- аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар және арнайы экономикалық
аймақтар бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары мен
басшыларының орынбасарларын;
- кедендердің басшыларын, сондай-ақ Достық кедені бойынша басшыны және
басшының орынбасарларын;
- мамандырылған кедендік мекемелердің басшыларын;
- кедендік посттардың кедендік рәсімдеу орталықтары - басқармаларының
басшыларын; облыстар, Астана және Алматы қалалары және Достық кедені
бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің ішкі қауіпсіздік
бөлімшелерінің, басшыларын, басшыларының орынбасарларын және
қызметкерлерін;
- облыстар, Астана және Алматы қалалары және Достық кедені бойынша
мемлекеттік кірістер департаменттерінің экономикалық тергеу қызметі
басқармаларының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте тәртіптік
жауаптылық шараларын қолданады;
4) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi және облыстар, Астана және Алматы
қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері, Достық кедені,
мамандырылған кедендік мекемелер туралы ереженi бекiтедi;
5) Комитеттің штат санының лимитi шегiнде штаттық кестесiн бекiтедi;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте
Комитеттің қызметкерлері мен қызметшілерін, облыстар, Астана және Алматы
қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері басшыларын, Достық
кеденінің басшысын, мамандырылған кедендік мекемелердің басшыларын
іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау
(қайта даялау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және
сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
7) құзыреті шегінде Комитеттің құқықтық және нормативтік құқықтық
актілеріне қол қояды;
8) барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Комитеттi
бiлдiредi;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де
уәкілеттікті жүзеге асырады.
10) Төраға болмаған уақытта оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті бюджет кірістерін қалыптастыратын салықтар
Жамбыл облысы Шу ауданының жер ресурстарын басқару
Қазақстан Республикасының салық жүйесi: мәселелері мен даму болашағы
Бөлінетін ұйымдық басқару құрылымы
Өндірістік тәжірибенің есебі экономика мамандығы
Банктік менеджменттің негізгі теориялық аспектілері
Ұйымдағы қаржылық ресурстардың теориялық негіздері
Шымкент каласынын каржы
Жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру
Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлімдері
Пәндер