Бұқар жырау


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

БҰҚАР ЖЫРАУ

Қазақтың ХVІІІ-ХІХ ғасырларда тіршілік еткен Бұқар сияқты көп ақындарының өмірбаяны бізге толық мәлім емес. Ол кездерден қалған жазба белгі жоқ. Ауызша айтылған там-тұм сөздер болса, оның кейбір қатары бұл күндерге жетпей жоғалып , өшіп қалған. Және ауыздағы шала-шарпы әңгімеге карап өмірбаянын тізу тегі мүмкін емес. Онда, адам жайында желілі тұтас сөз болмайды. Ел ішінде қалған, аңыз болған көп аузына ілінген бірен-саран сөз, мінез, істер ғана айтылатын болады. Қазақта жазба белгі сақталудан бұрын шыққан тарихи адамдардың бәрінің жайындағы сөздер осы күйде ғана қалады. Пәлен хан, пәлен би, пәлен ділмәр - пәлендейлік ортаның, заманының тұрғысы болды деп кейінгіге үлгіғып көрсететін сол адамдарды шығарған үстем тап болады. Соның кейінгі орынбасары болған таптар, қоғамдар сол сөздерді ескінің мұра, жарасы қып сақтап, сөз кезегіне құрал етеді. Хан мен биін көпшілікке жарықтық дегізіп қойып, сол бұрынғыларынан қалған пікір және артқылы-кейінгі қаналушы қауымның ой-сезімін тұсап отырады.

Сондай өз дәуіріндегі біртұтас салт-сананың жыршысы болған адамның бірі - Бүқар жырау. Бірақ оның өмірі туралы тұтасқан мағлұмат жоқ дедік. Сол себепті, оның, кім болғаны туралы берілетін мағлұматта жамау-жасқау, үзінді-кесінді, шала-шарпы мағлұмат болады. Осындай хал Абайға шейін болған, бірқатар ақын Абай артынан шыққан, тағы бірнеше ақын туралы да еріксіз болады. Түк айтпай кетудің орнына, кейінгі уақытта толықталар деген үмітпен бір сөзге бір сөз жамау-демеу болар деген сеніммен, осы адамдар туралы өзіміз естіген азын-аулақ мағлұматтарды олардан қалған әдебиет үлгілерін тексеруден бұрын, қысқаша күйде айта отырамыз.

Осымен Бұқарға көшсек, бұл: XVIII ғасырда тіршілік еткен ақын болады. Сол ғасырдын соңғы жарымында, Орта жүзге хан болған Абылайдың жырауы деп аталады. Абылай 1772 жылы өлген. Бұқардың бұл ханнан кейін қанша жыл өмір сүргені мәлім емес. Бірақ Абылай ауырып, өлім үстінде жатқанда Бұқардың:

Қайырусыз жылкы бактырған ханым-ай,

Қалыңсыз қатын құштырған ханым-ай,

Үш жүздін, баласынан үш кісі айтсам

Қалар да ма екен жаның-ай, -

деген сөзі бұнын Абылайдан бертін кеп өлгендігін көрсетеді. Бірақ Абылайдан жасы үлкен болу керек, онысы:

Абылай, сені мен көргенде,

Тұрымтайдай ұл едің,

Түркістанда жүр едің

Үйсін Төле бидің

Түйесін жайған қүл едің.

деген сияқты сөзінен байқалады. Және бұдан басқа бірен-саран жерде де, омырау қыла сөйлегенде жасы үлкендігін сүйеу қылатын сияқты. Ал, Абылай 71 жасында өлген деседі. Одан үлкенірек болса, Бүқар XVII ғасырдың аяқ кезінде туған болу керек.

Сол жоғарғы, билеуші таптың тілегін-талабын бүктемей көрсетіп ұстаған ақын екенін Бұқардың жалғыз тақырыбы мен сөз мазмұны емес, толгауларының түрі, теңеулері, сырт қалыптары да байқатады.

Бұқар Асанқайғы сөзін шешкен толғауда:

Ханға жауап бермесең,

Ханның көңлі қайтады:

Қайтара жауап сөйлесем,

Халқым не деп айтады?-

деп, хан мен халықтың арасындары дәнекер сияқты боп, кішірейе сөйлейді.

Көптеп өзінің әмірші тобын жырып алып сыбаға, жүлдені соныкі ғана қып қоймақ. Сондықтан билік, өсиет сөздерді айтқанда тұтас көптің бәріне арнап айтпайды. Қайта көптің басынан асып, әмірші басшыға ұрарлық ділмар күйге, сыр мінез арнап айтады. Мысалы Керейге айтқан дауы: Арғын атынан айтқан омырау жуандық бола тұрса да, сол сөздің ішінде көпшілікке жұмбақ қып, билерге тұспал билік айтып, бітімін де ұсынып кетеді.

Абылай алдында сен бітсең,

Құдандалы таныспын.

Абылай алдында бітпесен,

Атасын білмес алыспын, -

дегені, қыз беріп құда болып бітім тап дегені боп шығады. Неше түрлі құба жондатқан, бір-бірімен байланысы жоқ аламыш суреттерді термелеп, қат-қаттап:

Бұл жырау деп аталады. Жырау демек, ақын деу емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек, өз жанры бар. Бұның сөз үлгісі, шығармасы -«толғау». Жыраудың мақсаты, міндеті-«не болса сол көңіл ашар», «әлдене» дерлік сөзді айту емес. Ол заман сыны, мезгіл, дәуір болжалын, тарихи уақиғаның мазмұн бағасын сөз қылады. Қөбінесе әрі жырау, әрі би болады. Олжа, табыс, абыройды ханмен қатар үлеседі.

Өзі хан қасына жуан рудың Арғынның қосқан «табан шеңгел биі» болуға лайық. Ол кез «ханнан қазық, биден тоқпақ» деген сияқты, «қолағашы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді» дегендей, хап мен ру басы бидің әмір дәрежесіне тең, немесе артық жүрген күйді білдіреді.

Бұл жағынан қарағанда Бұқар, Орта жүз ханы Абы-лай болса, соның орталық елі, жуан бел руы - Арғын ішінен шыққан анық үстем тап адамы болады. Мезгілі, орыс патшалығына қарамай белск хандық құрып, жеке әмір жүргіземіз деген талаптың мезгілі болады. Бұқар сонда үлкен, қырағы саясаттың толғаушысы боп, әрбір сөзін ірі-ірі уақиғалардың, ірі мәселенің тұсында ғана айтады.

Сол сөздері жыраудың таптың қоғамдық мазмұнын көрсетіп, дәуірінің тарихи сырын ашады.

Осы жайларын шығармалары арқылы түсіну үшін енді сол толғауларына көшеміз.

Бұқар сөздері

Бұқар айтты деген толғаулар оншалық көп смес. Кезінде көп болса да, бізге жеткені алтау-жетеу ғана. Соларының ішіндегі кернектілері: «Керей, қайда бара-сың?», «Асанқайғы сөзін шешуі», «Айналасын жср тұт-қан», «Ақсаннан биік тау болмас», «Ей, Абылай, Абы-лай», «Абылай орыспен соғысам дегенде айтқан толғауы» сияқтылар.

Бұл толғаулардың әрқайсысы Абылай меп Бұқар сияқты билер билігінін, әрбір ірі кесек уақнгаларымен байланысады. Сонда Бұқар сезі құр жыр, құр шешен сөз ғана болмайды. Ол не әкімшілік атынан, өкімет атьшан айтылған билік («Қерейге айтқаны») ; не екіметтіц саяси бет мақсатын болжаған программ сезі (Асанкайғы сө-зінен туған толғау) немесе хан мен қараның арасы, билер арасы ажырасуға айпалған кезде айтылған ашу, кайрат, қара күш сөзі. (Ей, Абылай, Абылай) . Тағы бір сөзі «Патшамен соғысамыз ба, жоқ па?» деген дүдәлдің үстінде билердің, кеңесшілердің бетін керсететін, тарихи талғаудан туған толғау болады.

Мінеки толғаудың айтылған кезі мен шешетін түйін-ді сөзі, мәселесінің өзіне қарағанда да Бұқардын, қан-дай тап жыршысы екені ап-айқын көрінеді. Ол хан атынан билік айтады. Хан жүретін саяси соқпақ, бағыт не екенін белгілейді. Ірі саяси мәселе үстінде, хан бай-лауы қолайына жақпай бүның дегенінен теріс жайыла бастаса, ажар салмағына қарамай сол ханның өзіне де қарсы келіп, тес табандап түрып басқа ұрады. Күлін көкке ұшырғандай қылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқар жырау шығармашылығындағы заман бейнесі
Бұқар жыраудың шығармаларын мектепте оқыту
Бұқар – өзі өмір сүрген дәуірдің болмыс-шындығын көркем бейнелеп, артына елеулі әдеби мұра қалдырған жырау
Бұқар жырау толғаулары
Бұқар жырау жырларының көркемдік қуаты
Бұқар жыраудың әдеби мұралары
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Жырау шығармаларының зерттелу тарихы
Бұқар жыраудың Абылайға арнаған жыр – толғаулары
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz