Салықтық тексеруді ұйымдастырудың теориялық аспектілері



Салықтар - бұл мемлекетке заңды түрде белгілі бір мөлшерде және белгілі бір мерзімде төленетін міндетті төлем болып табылады.
Салықтың мәжбүрлі төленуі екі жағдайда байқалады. Біріншіден, салық мәжбүрлі түрде, яғни, міндетті төлем салық төлеушінің еркіне қарсы енгізіледі. Екіншіден, егер салық төлеуші өз міндеттемесін өз еркімен орындамаса, онда мемлекет одан ақшаны күшпен тартып алады. Осы салықты өндіріп алудың мәжбүрлі сипаты мемлекетке берілетін әр түрлі қайырымдылық жасаулардан ерекшелендіреді. Жалпы, салықты өндіріп алу мемлекеттік қазынашылықтың шығындарын көбейтпес үшін, халыққа арзан түсуі тиіс.
Батыс ғалымдары осыған байланысты мынадай қорытындыға келді: «Мемлекет ауыр салық салудан гөрі, салық ауыртпалығын төмендетуден көбірек ұтады; босатылған қаражаттар қосымша табыс табуға мүмкіндік береді, ал одан қазынаға салық түседі. Бұл кезде төлеушілер еш ауыртпалықсыз, өз еріктерімен бұл төлемдерді жасайды, ол сәйкесінше мемлекетті жазалаумен, еріксіз өндіріп алумен байланысты салықтарды жинауға кететін қосымша шығындарынан босатады». Салықтарды 40-50 %-дан жоғары өндіріп алу -кәсіпкерліктің іскерлік белсенділігін төмендетеді және салық базасының төмендетуіне апаратын салықтан жаппай қашуға жағдай жасайды.
Соныменен, салықтық қатынастар міндетті қарым-қатынас болып келеді. Бұл міндеттеменің мәні салықты төлеуінде жатыр: «Әрбір салық төлеуші заңмен бекітілген салықтармен алымдарды төлеуге міндетті».

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
І Тарау. Салықтық тексерудің ұйымдастырудың теориялық аспектілері.

1.1 Салықтық бақылау және тексерудің экономикалық мәні.

Салықтар - бұл мемлекетке заңды түрде белгілі бір мөлшерде және белгілі
бір мерзімде төленетін міндетті төлем болып табылады.
Салықтың мәжбүрлі төленуі екі жағдайда байқалады. Біріншіден, салық
мәжбүрлі түрде, яғни, міндетті төлем салық төлеушінің еркіне қарсы
енгізіледі. Екіншіден, егер салық төлеуші өз міндеттемесін өз еркімен
орындамаса, онда мемлекет одан ақшаны күшпен тартып алады. Осы салықты
өндіріп алудың мәжбүрлі сипаты мемлекетке берілетін әр түрлі қайырымдылық
жасаулардан ерекшелендіреді. Жалпы, салықты өндіріп алу мемлекеттік
қазынашылықтың шығындарын көбейтпес үшін, халыққа арзан түсуі тиіс.
Батыс ғалымдары осыған байланысты мынадай қорытындыға келді: Мемлекет
ауыр салық салудан гөрі, салық ауыртпалығын төмендетуден көбірек ұтады;
босатылған қаражаттар қосымша табыс табуға мүмкіндік береді, ал одан
қазынаға салық түседі. Бұл кезде төлеушілер еш ауыртпалықсыз, өз
еріктерімен бұл төлемдерді жасайды, ол сәйкесінше мемлекетті жазалаумен,
еріксіз өндіріп алумен байланысты салықтарды жинауға кететін қосымша
шығындарынан босатады. Салықтарды 40-50 %-дан жоғары өндіріп алу
-кәсіпкерліктің іскерлік белсенділігін төмендетеді және салық базасының
төмендетуіне апаратын салықтан жаппай қашуға жағдай жасайды.
Соныменен, салықтық қатынастар міндетті қарым-қатынас болып келеді. Бұл
міндеттеменің мәні салықты төлеуінде жатыр: Әрбір салық төлеуші заңмен
бекітілген салықтармен алымдарды төлеуге міндетті.
Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған
міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші:
1) салық міндеттемелерін дер кезінде және толық көлемінде орындауға;
2) салық қызметі органдарының анықталған салық
заңдарын
бүзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, сондай-
ақ қызметтік міндеттерін атқаруы кезіндегі заңды қызметіне кедергі
жасамауға; нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды
адамдарының
салық салу объектісі және салық салумен байланысты объект болып
табылатын мүлікті тексеруіне жол беруге;
3) салық есептілігі мен қүжаттарды заңда көзделген тәртіппен табыс
етуге;
4) заңға сәйкес қолма-қол ақшамен, төлемдік банк карточкаларымен,
чектермен сауда операцияларын жасаған немесе қызметтер көрсеткен
кезде түтынушылармен ақшалай есеп айырысуды фискалдық жадысы
бар тексеру-касса машиналарын міндетті түрде пайдалана отырып
және тұтынушының қолына тексеру чегін бере отырып жүргізуге
міндетті.
Осы салық міндеттемелері ішіндегі ең негізгі мақсаты - ол салықты
толығымен және уақтылы төлеу болып саналады.
Мемлекет салық қызметі органы арқылы салық төлеушінің өз салық
міндеттемелерін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған
жағдайда оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді және Қазақстан
Республикасының Салық Кодексінде көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату
шараларын қолдануға құқығы.
Салықтық міндеттемені орындамауы - салық заңын бүзуы деген сөз.
Салықтық құқық бұзушылық - бұл мемлекетпен бекітілген салықтар,
алымдар мен міндетті төлемдерді төлеуден салық төлеушінің бас тартуы болып
табылады.
Салық төлеуден жалтару - мемлекеттің кірісіне ақшалай қаражаттарды
төлеу бойынша міндеттемесін ол соманы төлеуге мүмкіндігі бола түрып,
әдейілеп орындамауы.
Американ экономисі А.Лаффер бүл жайында былай деген: Салық
ставкаларының неғұрлым жоғары болуы, экономикаға соғұрлым кері әсер етеді.
Ал бұл өз кезегінде салық төлеушілерге тиімсіз болады.
Яғни, салық
ауыртпалығы жоғары болған сайын, салық төлеушілер салықты төлеудің емес,
салықтан қалай жалтарудың жолын іздестіреді. Бұның басты себебі - өте
жоғары салық ставкасы кәсіпкерліктің дамуын тежейді, адамдардың жұмыс істеу
ынтасын жойып жібереді.
Салықтан жалтару түсінігі - салық төлеуге байланысты салық төлеушінің
заңсыз іс-әрекеті болып табылады. Салықтан жалтарудың салық декларациясын
бермеу, салықтық тексерулерге кедергі жасау, тиісті құжаттарды бермеу
сияқты көптеген нысандары бар. Жалпы салықтан жалтару көбінесе мынадай
жағдайларда көп туындайды. Салық төлеушінің салықтық сауаты аздығынан,
салық заңын дұрыс білмегендіктен немесе өте жоғары салық ставкаларының
болуынан, тиімді салық механизмдері жұмыс істемегендіктен және т.б.
жағдайлардан туындайды.
Салықтарды төлеуден жалтарудың макроэкономикалық зардаптары мемлекетке
едәуір зиян келтіреді. Бюджет тапшылығы - көптеген елдердің экономикалық
қиыншылықтарының негізінде жатыр және оны жою көптеген экономикалық
тұрақтандыру бағдармалардың басты мақсаты болып табылады. Сондықтан, бұл
жағдайларда салықтардың жиналуын жақсарту мәселесіне көп көңіл бөлінеді.
Салық салудан жалтару кез-келген қоғамға едәуір қауіп төндіретіні
туралы айтып кеткен жөн. Ол төмендегі жағдайларда бейнеленеді:
1) егер мемлекетке тиісті бюджеттік қаражаттар түспесе, онда мемлекеттік
бағдарламаларды қаржыландыру қысқарады;
2) салықтарды төлемеушілер заңды орындайтын, тәртіпті
төлеушілерге
қарағанда ұтымды жағдайда болады, ал олардың іс-әрекеттері
басқа
субъектілерді қызықтырады;
3) салық қылмыстарының көбеюі, таралуы бюджеттің кіріс
жағының
тапшылығына әкеледі, ал үкімет қаражаттардың жетіспеушілігін жаңа салық
түрш енгізу және салықтардың ставкасын жоғарлату арқылы толтыруға
мәжбүр болады.
Сондықтан да, үкімет пен сәйкесінше министрліктер салықтардың
толығыменен және уақтылы төленуіне тексеру жүргізу керек. Салық әкімшілігін
жүргізу - бұл салық қатынастарын мемлекеттік басқару жүйесі. Салық тексеруі
салық әкімшілігін жүргізудің қажетті шарты болып табылады.
Салық тексеруі - салық қызметі органдарының салық заңдарының
орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарна-ларының
толық және уақытылы аударылуын тексеру. Салық тексеруі тек салық заңдарының
орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының
толық және уақытылы аударылуын тексеру ғана емес, сонымен қатар, салық және
бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі мен
уақытылы төленуін тексеріп, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы заңдарының
бүзылмауын қадағалайды. Салық бақылауының мақсаты мен міндеті әр түрлі.
Басты міндеті - салықтан жалтаруға тосқауыл жасау, мемлекеттің табыс
бөлігіне түсетін кірістерді қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы
заңдарының бұзылуын жою.
Салықтық механизмді жүзеге асыру салықтық тексерусыз мүмкін емес.
Мемлекет салықтың бақылуға тек қана фискальдық мәселелерді іпешуде ғана
үлкен мағына бермейді, ол жеке шаруашылық субъектілердің әрекетін
әлеуметтік-экономикалық реттеуде, экономикалық қылмыс деңгейін төмендетуде
және құрамды тұрақтандыруда ерекше көңіл бөлінеді.
Салықтық тексеру, салықтардың тексеру функциясын жүзеге асыру нысаны
болып табылады. Одан басқа, фискалды және реттеуші функциясының жүзеге
асырылуының атқарылуы нақты салықтардың тексеру механизмі арқылы өтеді.
Сонымен, салықтық тексеру қаржылық сияқты, салықтың және қаржылық
тексерістер әрекеттері мен операцияларымен байланысты шаруашылық
субъектілердің әрекеттерінің сұрақтары және арнайы түрлерді
қолдануды
басқару, оны ұйымдастыру әдістері және елдің бюджет жүйесіне түсетін
салықтар мен басқы да міндетті төлемдерді толықтай шоғырландыру болып
табылады.
Бюджетке уакытылы және салықтардың толық төленуі мен есептелуінің толық
тексерістердің өткізілуі, бірінші орынды салық органдарына заң арқылы
берілген құқықтар мен міндеттеріне тәуелді болады, оларға құжаттар
ревизиясын өткізу, ол сынақтар мен басқа да төлемдерді меншік түрімен
ведомстволық қолдануына тәуелсіз заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардан,
есептеу мен төлеуі.
Салық органдары өткізетін салықтық тексерістері камералды және құжаттық
болуы мүмкін.
Камералды салықтық тексеріс, салық органның орналасқан жері бойынша
жүргізіледі, салықтық декларациялар, есептеулер, бухгалтерлік есептер,
баланстар, түсініктеме хаттар салық төлеуші берген және сальщ органына
берген қүжаттар мен мәлімдемелер негізінде жүргізіледі.
Камералды тексеріс салық органдарының тиесілі қызметкерлері мен олардың
қызмет міндеттемелеріне сай, басшының арнайы шешімсіз, жоғарыда көрсетілген
құжаттардың тапсырылған күнінен бастап үш ай ішінде өткізіледі.
Сонымен қатар салық органы, салық төлеушіден қосымша мәліметтерді талап
етуге, түсініктемелер мен қүжаттарды алуға, салықтың бюджетке дүрыс
есептеліп және толық уақытылы төленгенін дәлелдейтін қүжаттарды талап етуге
құқылы.
Камералды тексерістің негізгі мақсаты болып:
* салық төлеушінің салықтық есептері мен есептеулерінің сақталуын
қамтамассыз ету, алу және тексеру;
* бухгалтерлік есеп пен есептеулердің уақытылы тапсырмағаны үшін
қолданылатын салық санкцияларына байланысты дұрыс аударымдардың
болуына тексеруді жүзеге асыру;бюджетке және бюджеттен
тыс
қорларға аударылатын салықтар, алымдар және басқа да міндетті
төлемдерді есептеу сұрақтары бойынша салық төлеушілерді қабылдау. Камералды
тексерістің алдындағы мақсаттардан шыға, жұмысты өткізу кезеңдері
төмендегі кезеңдерге бөлінеді: камералды тексерісті өткізуге
дайындық; тексерісті өткізу; тексеріс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салықтық бақылауды ұйымдастырудың теориялық аспектілері
Пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындау бойынша ереже
Қазақстандағы салықтық бақылау
Салықтық бақылауды ұйымдастырудың экономикалық мазмұны
Салықтық бақылаудың тиімділігін арттыруды жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасының орталықтандырылған қаржыларын қалыптастырудағы салық комитетінің қызметіне талдау
Салық бақылауын жүргізудің әдістері және салық тексерулері
Салықтық бақылау жайлы
Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы
Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны, субъектілері
Пәндер