Қазақстан Республикасының консулдық қызметi
Кiрiспе 3
І. Қазақстан Республикасының консулдық қызметi 6
1.1 Консулдық қызметтiң құрылымы 6
1.2 Консулдық қызмет департаментi 8
II Консулдық қызметтің құқықтық негіздері 14
2.1 Консулдардың функциясы 14
2.2 Консулдың Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары мен азаматтарына қатысты функциялары 16
2.3 Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер 25
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер 29

Қазақстан Республикасы тәуелсiздiк алған алғашқы жылдары-ақ өзiнiң сыртқы саясатын тездетiп қалыптастыруы қажет болды, әйтпесе, бiздiң мүдделерiмiзге орасан нұқсан келуi мүмкiн едi.
Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзiнiң 1992 жылғы мамыр айында шыққан «Қазақстанның егемендi мемлекет ретiнде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегiнде атап көрсеттi. Елiмiз өзiнiң геосаяси жағдайын, этнодемографиялық және басқа факторларды ескере отырып, көп бағытты дипломатияны жүзеге асыруға кiрiстi. Мұның мәнi – әлемдiк деңгейдегi iстерде елеулi орын алатын және елiмiздiң нақты мүдделерi тоқайласатын мемлекеттердiң бәрiмен достық және өзара сенiмдiлiк сипатындағы қарым-қатынастарды дамыту деген сөз.
Шетелдiк ықпалдастарымызбен қарым-қатынасымыздың құқықтық негiзiн жасақтау қажет болды. Қазақстанға инвестиция тарту үшiн, ең алдымен, екi жақты дипломатиялық қатынас орнату шарты алға қойылды.
Сыртқы саясатымыздың қалыптасу кезеңi мынадай өрелi мiндеттердi жүзеге асырудан басталды. Бiрiншiден, бiздiң мемлекетiмiздiң тың сипатын танытуымыз, екiншiден, Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындатып, оның қауiпсiздiгi мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуiмiз қажет болды, үшiншiден, әлемдiк шаруашылық жүргiзу мен экономикалық байланыстарға белсене араласуымызға қажет болды.
Бұл мiндеттердi жүзеге асыруда, әрине, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегi аса зор. Қазақстанның қуаты мен мүмкiндiктерiн шетелдерде кеңiнен насихаттау үшiн дүниежүзi мемлекет басшыларымен тiкелей жеке байланысқа шықты, бiз әлемдiк қауымдастыққа тең құқылы және тәуелсiз әрiптес ретiнде танылдық. Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi екi айдың iшiнде әлемнiң 92 мемлекетi елiмiздi таныды. Қазақстанның сыртқы дүниемен өзара қарым-қатынасының шарттық-құқықтық базасы жасалды және дамыды, ядролық державалар – АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Қытай, Франция тарапынан қауiпсiздiк кепiлдiгi қамтамасыз етiлдi.
«Бүгiнгi таңда Қазақстан мемлекеттiлiгiн қалыптастырудың сын сағаттары артта қалды деп айта аламыз.
Бiз мұны неге сүйенiп айтып отырмыз егемендiгiмiз, аумақтық тұтастығымыз халықаралық деңгейде танылып, кепiлдiк берiлдi. Қазақстан әлденеше халықаралық ұйымдардың мүшесi болып табылады».

1. «Ғасырлар тоғысында». Н.Ә.Назарбаев алматы – 1996
2. «Қазақстанның егемендi мемлекет ретiнде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы.» Н.Ә. Назарбаев Алматы –1992
3. «Тәуелсiздiгiмiздiң 5 жылы». Н.Ә. Назарбаев
4. «Қазақстан Республикасының дипломатиясы.» Қ.Тоқаев. Алматы-2002 ж
5. «Беласу» (дипломатиялық очерктер) Қ.Тоқаев. Алматы-2003 г.
6. Международное публичное право. М-2000 г. Под редакцией доктора юридических наук профессора и.а. Бекяшева.
7. Дипломатическое право. М. 1990 г. И.П. Блищенко.
8. Основы консульской службы. М, 1990 г, Г.В.Бобылев, Н.Г.Зубков.
9. Статус дипломатических представительств и их персонала. М, 1995 г, ю.г. Демин
10. Азбука дипломатии М. 1993 г. А.Ковалев
11. Консульские отношения и консульское право. Учебник для вуз-ов. М, 1998 г. О.В. Плотникова
12. Международное право. Алматы, «Жетi жарғы» – 1996 г, М.А.Сарсенбаев
13. Основные тенденции в развитии консульского права. М,Юридическая литература 1969 г, Ю.Д.Ильин.
14. Консульская служба и консульские права республики казахстан Б.Сарсенбаев.
15. Қазақстан Республикасының консулдық қызметi туралы жарғысы 27.09.1999 жыл.
16. Основы консульского права Н.И.Петренко М, 1986
17. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңы 12.11.1997 жыл
18. Дипломатический словарь в 3 томах М. 1986 год
19. Курс международного права в 7 томах т 4 М. 1990
20. Записки дипломата. Исиналиев М.И. Алматы – 1998
21. Халықаралық құқық /дәрiстер курсы/ Алматы- 2003 жыл
22. Международное право Колосов Ю.М., В.И. Кузнецов М, 1998 год
23. Сборник документов по международному праву. Алматы – 1998 год
24. Консулдық мiндеттер туралы Каракас конвенциясы 1911 жыл
25. Консулдық шенеунiктер туралы Гавана конвенциясы 1928 жыл
26. Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясы 1963 жыл
27. Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы 18.04.1961 жыл
28. Қазақстан Республикасы мен Венгер Республикасы арасындағы консулдық конвенция Алматы 9.03.1995 жыл
29. «Ақиқат» республикалық саяси журналы №8 28,29,30,31 беттер
30. «Қазақстан Республикасы сыртқы iстер министрлiгiнiң консулдық басқармасы туралы» ереже 5.03.1993 жыл
31. «Қазақстан Республикасының құрметтi консулы туралы» №254 ереже 29.01.1997 жыл
32. Қазақстан Республикасының конституциясы Алматы 1995 жыл
33. Халықаралық жария құқық Ж.О.Құлжабаева Алматы- 2005 жыл
34. Международное право под ред Г.И.Тункина москва, 1994 год
35. Международное право под ред Г.В.Игнатенко москва, 1995 год
36. Международное право под ред И.И.Лукашук москва, 1996 год
37. Международное право под ред Ю.М. Колосова москва, 1995 год
38. Сындарлы он жыл Н.Ә.Назарбаев Алматы-2003 жыл
39. Токаев К.К. Под стягом независимости Алматы – 1997
40. Левин Д.Б. Дипломатический иммунитет М, 1949 год
41. Бирюков П.Н. Халықаралық құқық М, 2000 жыл.

ЖОСПАР
Кiрiспе 3
І. Қазақстан Республикасының консулдық қызметi 6
1.1 Консулдық қызметтiң құрылымы 6
1.2 Консулдық қызмет департаментi 8
ii Консулдық қызметтің құқықтық негіздері 14
2.1 Консулдардың функциясы 14
2.2 Консулдың Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары мен азаматтарына
қатысты функциялары 16
2.3 Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер 25
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер 29
Кiрiспе
Қазақстан Республикасы тәуелсiздiк алған алғашқы жылдары-ақ өзiнiң
сыртқы саясатын тездетiп қалыптастыруы қажет болды, әйтпесе, бiздiң
мүдделерiмiзге орасан нұқсан келуi мүмкiн едi.
Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын Президент Нұрсұлтан
Назарбаев өзiнiң 1992 жылғы мамыр айында шыққан Қазақстанның егемендi
мемлекет ретiнде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы атты еңбегiнде атап
көрсеттi. Елiмiз өзiнiң геосаяси жағдайын, этнодемографиялық және басқа
факторларды ескере отырып, көп бағытты дипломатияны жүзеге асыруға кiрiстi.
Мұның мәнi – әлемдiк деңгейдегi iстерде елеулi орын алатын және елiмiздiң
нақты мүдделерi тоқайласатын мемлекеттердiң бәрiмен достық және өзара
сенiмдiлiк сипатындағы қарым-қатынастарды дамыту деген сөз.
Шетелдiк ықпалдастарымызбен қарым-қатынасымыздың құқықтық негiзiн
жасақтау қажет болды. Қазақстанға инвестиция тарту үшiн, ең алдымен, екi
жақты дипломатиялық қатынас орнату шарты алға қойылды.
Сыртқы саясатымыздың қалыптасу кезеңi мынадай өрелi мiндеттердi жүзеге
асырудан басталды. Бiрiншiден, бiздiң мемлекетiмiздiң тың сипатын
танытуымыз, екiншiден, Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындатып, оның
қауiпсiздiгi мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуiмiз қажет болды,
үшiншiден, әлемдiк шаруашылық жүргiзу мен экономикалық байланыстарға
белсене араласуымызға қажет болды.
Бұл мiндеттердi жүзеге асыруда, әрине, Президент Нұрсұлтан
Назарбаевтың еңбегi аса зор. Қазақстанның қуаты мен мүмкiндiктерiн
шетелдерде кеңiнен насихаттау үшiн дүниежүзi мемлекет басшыларымен тiкелей
жеке байланысқа шықты, бiз әлемдiк қауымдастыққа тең құқылы және тәуелсiз
әрiптес ретiнде танылдық. Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi екi айдың iшiнде
әлемнiң 92 мемлекетi елiмiздi таныды. Қазақстанның сыртқы дүниемен өзара
қарым-қатынасының шарттық-құқықтық базасы жасалды және дамыды, ядролық
державалар – АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Қытай, Франция тарапынан қауiпсiздiк
кепiлдiгi қамтамасыз етiлдi.
Бүгiнгi таңда Қазақстан мемлекеттiлiгiн қалыптастырудың сын сағаттары
артта қалды деп айта аламыз.
Бiз мұны неге сүйенiп айтып отырмыз егемендiгiмiз, аумақтық
тұтастығымыз халықаралық деңгейде танылып, кепiлдiк берiлдi. Қазақстан
әлденеше халықаралық ұйымдардың мүшесi болып табылады.
Бiздiң дәуiрiмiзде бәсекелестiк әскери саладан, саяси және
экономикалық салаға ауыса бастауына байланысты шет мемлекеттермен тату
көршiлiктiң қалыптасуына бар күш-жiгер жұмсалды. Осыған орай сыртқы саяси
қызметке басымдық берiлдi. Сыртқы iстер министрлiгiн құру оңай iс болған
жоқ. Бiздiң сыртқы саяси қызметтегi дәстүрiмiз жұтаң едi, өйткенi, ол Кеңес
Одағы кезiнде дипломатиядан алыс қызметпен шұғылданатын. Сыртқы саяси
қызметтiң тиiмдiлiгi көбiне дипломатиялық кадрларға байланысты шешiледi.
Сондықтан алғашқы кезде КСРО сыртқы iстер министрлiгiнiң орталық
аппаратында және шетелдерде жұмыс iстеп жүрген қазақстандықтар елiмiздiң
сыртқы саяси ведомствосына қызметке шақырылды. Республикамызға 12 жоғары
маманданған дипломаттар келдi. Солардың бiрi – Қасымжомарт Тоқаев – 1994
жылдың қазан айынан бастап елiмiздiң сыртқы iстер министрi. 1992 жылғы
екiншi шiлдеде Республика Президентi жарлығымен Қазақстан Республикасы
сыртқы iстер министрлiгi туралы ереже қабылданды. 1997 жылғы қарашаның он
екiсiнде Дипломатиялық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңы
қабылданды. Онда дипломатиялық қызмет органдарына мынадай мiндеттер
жүктелдi:
- Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен
негiзгi бағыттарын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Президентi мен
үкiметiне тиiстi ұсыныстар жасау;
- дипломатиялық құралдар мен әдiстер арқылы Қазақстан Республикасының
егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығы мен шекараларының
мызғымастығын қорғауды, басқа мемлекеттермен өзара қатынастарда және
халықаралық аренада оның саяси, сауда, экономикалық және өзге де мүдделерiн
қамтамасыз ету т.б[1].
Қазақстанның Стратегиялық шабуыл қару-жарағын шектеу мен қысқарту
туралы шартқа, Орта және таяу қашықтықтағы ракеталарды жою туралы шартқа,
Еуропалық Кәдiмгi қару-жарақ күштерi туралы шартқа қатысуы, сондай-ақ, 1993
жылғы желтоқсанда ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуы – елiмiздiң
әлемдiк қауымдастыққа тұтасуының жаңа мүмкiндiктерiн ашты.
Қазақстан өзiнiң сыртқы саясат тұжырымдамасында көршi мемлекеттермен
арадағы өзара қарым-қатынасқа айқын басымдылық бердi.
1992 жылы 16 мамырда Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан
Назарбаев өзiнiң Қазақстанның егемендi мемлекет ретiнде қалыптасуы мен
дамуының стратегиясы атты еңбегiнде республикамыздың сыртқы саясатының
концепциясын (тұжырымдамасын) жасауға және оның басым бағыттарын таңдауды
негiздеуге кiрiскен болатын. Бұл құжатта: ең алдымен бiз өз саясатымыздың
бейбiтшiлiк сүйгiш бағытын жариялаймыз және әлемнiң бiрде-бiр мемлекетiне
территориялық талабымыздың жоқтығын мәлiмдеймiз. Кез келген әскери
жанжалдың апаты салдарға әкелiп соғатыны жөнiнде өзiмiздiң
жауапкершiлiгiмiздi түсiне және сезiне отырып:
- Қазақстан мемлекеттiк саясатының басым мақсаты ретiнде бейбiтшiлiк
сақтауды мойындаймыз.
- саяси, экономикалық және басқа да мақсаттарға жетудiң құралы ретiнде
соғысты және күш көрсету қоқан-лоққысын қабылдамаймыз.
- ядролық қарусыз мемлекет мәртебесiн алуға және ядролық қаруды
таратпау туралы шартқа қосылуға ұмтыламыз.
- Қалыптасқан шекаралардың бұзылуы, басқа мемлекеттердiң iшкi iстерiне
араласпау принциптерiн ұстанамыз деп басты–басты бағытымызды атап
көрсеткен болатын.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзiнiң Ғасырлар тоғысында,
Тәуелсiздiгiмiздiң 5 жылы, тағы басқа еңбектерiнде Қазақстанда
дүниежүзiлiк еңбек бөлiнiсi процестерiне, капитал мен ресурстардың
халықаралық ағымнан тарту мақсатында халықаралық, еуропалық және азиялық
экономикалық одақтармен ынтымақтасу мәселелерiне байланысты алда тұрған
келелi мiндеттердi белгiлеп бердi.
Бiздiң сыртқы мүмкiндiктерiмiз, ең алдымен, елiмiздiң географиялық,
геосаяси және геоэкономикалық жағдаймен айқындалады. Президент Нұрсұлтан
Назарбаевтың бағдарлауынша, Қазақстанның мүмкiндiгi ең алдымен, оның
еуразия аймағындағы жолдардың түйiскен торабында орналасқан географиялық
жағдайынан туындайды.
І. Қазақстан Республикасының консулдық қызметi
1.1 Консулдық қызметтiң құрылымы
Тәуелсiздiк алғаннан берi Қазақстан Республикасы халықаралық
қатынастық пен құқылығы бар дербес субьект ретiнде дүние жүзiлiк аренаға
шығуға мүмкiншiлiк алды. Бiрiккен Ұлттар Ұйымына, басқа да ықпалды
халықаралық ұйымдарға кiрiп, маңызды халықаралық келiсiмдерге қосылуы,
халықаралық қатынастарға белсене қатысуы Қазақстанның халықаралық беделiнiң
көтерiлуiне ықпал болды. Сонымен қатар, тиiмдi саяси жағдайы, бай табиғи
ресурсының әулетi және iшкi саяси тұрақтылығы шет мемлекеттердiң iскерлiк
және қаржылық топтарының қарым-қатынас жүргiзуге деген мүдделiгi
көтерiлуде.
Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының сыртқы iстер министрлiгiнiң
алдында Қазақстан Республикасы сыртқы елдермен жан-жақты қарым-қатынас
жасау үшiн өзiнiң жеке заңды және шартты-құқылық базасын құру мақсаты
тұрды. Дұрыс байқалғандай, кез-келген мемлекеттiң қарым-қатынасы тек қана
саяси қамтамасыздықты қажет етпейдi, сонымен қатар жеке iс-қимылдарды
қамтамасыз ету қажет. Кез келген шетке сапар шегу сыртқы iстер
министрлiгiнiң осы қызметiмен байланысты.
Қазақстан Республикасының консулдық қызметiн реттейтiн негiзгi құжат
болып Қазақстан Республикасында дипломатиялық қызмет туралы заң, Қазақстан
Республикасының консулдық жарғысы, Қазақстан Республикасының сыртқы iстер
министрлiгiнiң консулдық басшылығы туралы қағидасы, Қазақстан
Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы туралы қағидасы, әр түрлi
нормативтiк нұсқаулар, деректер. Негiзгi консулдық қызметтi реттейтiн
халықаралық құжаты – консулдық қарым-қатынас туралы Вена конвенциясы 1963
жылы бекiттi және сонымен бiр қатар көпжақтық, екiжақтық консулдық
конвенциямен келiсiмдер жасады.
Бұрынғы қалыпты кеңес одағы кезiнде қол қойылған бiрнеше қатар
құжаттар қолданылып жүр, бiрақ олар ескiргендiктен қайта қаралуы керек.
Осыған орай Қазақстан Республикасының сыртқы iстер министрлiгi консулдық
департаментiнiң алдында бiр қатар конвенция мен келiсiмдер дайындап қол
қоюға кешендi мақсаттар тұр.
Президент Н.Ә.Назарбаев бiрнеше мәрте сыртқы саяси құрылымның қызмет
аясына мемлекеттiң экономикалық мүддесiн тарту қажет екендiгiн айтқан
болатын. Бұл мақсатты жүзеге асыруда негiзгi мiндет консулдық қызметте
берiледi. Осы қызмет басқа мемлекеттер арасындағы экономикалық және мәдени
қарым-қатынастардың дамуына ықпал келтiрiп, мемлекеттiң экономикалық
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету керек. Келушi елдердiң кәсiпкерлерiмен
белсендi қарым-қатынасты, тиiмдiлiк ынтымақтастылықтың жолын қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының консулдық қызметiнiң мiндетi. Тағы бiр консулдық
қызметтiң мiндетi – департаменттiң басымдық бағытының бiрi – шет елдерде
тұрақты тұратын немесе уақытша мемлекеттен жол сапарға шыққан Қазақстан
Республикасының азаматтарының құқығымен мүддесiн қорғау. Кейiнгi жылдары
мұндай азаматтарымыздың саны өсiп, бiздiң шет елдегi консулдық
мекемелерiмiзге экономикалық дауды, заңдылық, азаматтылық iстерден туған
қиын мәселелердi шешуге тура келiп тұр.
Қазақстан Республикасының сыртқы iстер министрлiгiнiң консулдық қызмет
департаментi Қазақстан Республикасының территориясында және шетелдiк
консулдық мекемелерге заңдылық қызмет көрсетуге үлкен көңiл бөлуде.
Бұл бiрiншiден, құжаттарды жариялау, нотариалдық әрекеттер, азаматтық
жағдайы туралы актiнi тiркеу, тағы да басқа мiндеттер атқару. Осымен қатар
консул қызметкерлерiнiң құқықтық дайындығы өте маңызды.
Негiзгi бағыт, Қазақстанның консулдық қызметiнiң аса көңiл бөлiп
отырған, консулдық сұрақтар бойынша келiсiм-шарттардың орындалуын бақылау.
Iске қосылған келiсiмдердi пайдалану, бекiтiлген конвенцияның келiсiмдерге
уақытында көңiл бөлiп отыру шетелдегi Қазақстан Республикасының
азаматтарының құқығы мен мүддесiн қорғауда консулдық қызметтiң мiндетiн
арттырады.
Консулдық қызметтiң атқарымының басым бөлiгi – ақпараттың талдамалы
жұмысы.
Қазақстан жас мемлекет болқандықтан басым мақсаттарының бiрi – әсiресе
дипломатиялық өкiлдiгi жоқ елдерде, шетелдерде консулдық қызметiн
кеңейту[2]. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасын мiндеттi түрде
консулдық мекемелер таныстырады.
Қазақстандық консулдық қызметiнiң басымдылықы болып жеке құжаттық
визаландыру жұмысын жетiлдiру. Бұл аяда консулдық қызметi сыртқы iстер
министрлiгiмен және шекара қызметiмен тығыз байланыста жұмыс жүргiзедi.
Сыртқы iстер министрлiгiнiң консулдық департаментiнiң тiкелей
қатысуымен Қазақстан Республикасының азаматтарының ұлттық жеке құжаты және
арнайы виза тапсырмалары дайындалған, олар әлем стандартына сәйкес. Бiрақ
ең үлкен мәселе – Азия елдерiнiң, ең бiрiншi Ауғанстаннан келушiлердiң
құпия келуi болып қалады. Қазақстан Республикасының Ресейге және Еуропа
елдерiне өтетiн жолдың транзит орны болып саналады.
Шетелдiктердiң Қазақстан Республикасында болуына тiкелей бақылау
консулдық қызметiнiң құзiретiне енбейдi. Ол iшкi iстер министрлiгiнiң
жетекшiлiгiнде. Қазақстанның заңдарына сәйкес шетелдiктердi тiркеуге iшкi
iстер бөлiмiндегi қабылдаушы жақ алады (министрлiктер, ведомстволар, жеке
меншiк фирмалар). Бiрақ консул департаментiнде Қазақстан Республикасының
территориясына келген шетелдiктердiң келуiн реттеуден сырт қалмайды.
Сонымен, Қазақстан Республикасының қазiргi консулдық негiзгi бағыты:
шартты құқықтық және мемлекеттiң iшкi нормативтiк қорын әзiрлеу, дамыту
(сонымен қатар халықаралық келiсiмдердiң атқарылғандарын бақылауды
қамтамасыз ету); Қазақстан Республикасының экономикалық мүддесiн қорғаудағы
консул қызметiнiң маңызын көтеру көрсетiлген заң қызметiнiң көлемiмен
сапасын ұлғайту консулдық мекемелердiң торабын кеңейту. Шет мемлекеттерде
Қазақстан Республикасының азаматтарының құқығын және мүддесiн қорғауда
белсендi жұмыс жүргiзу, ақпаратты талдамдық жұмысты ұйымдастырып жетiлдiру;
Қазақстан Республикасына келу, жолсапарға шығу, келушiлер ақынын бақылау
мәселесi туралы басқа министрлiктермен қарым-қатынас жасау.
Қазақстан Республикасының консулдық қызметi iшкi саяси ақпараттың бiр
бөлшегi. Консулдық мiндеттердi атқару Қазақстан Республикасының iшкi iстер
министрлiгiнiң консулдық қызмет департаментiне және кейбiр облыс
орталықтарында халықаралық әуе жайында Астана, Алматы, Атырау қалаларында
қызмет көрсететiн бөлiмдерiне консулдық қызмет ету жүктелген.
Шетелдерде консулдық қызмет көрсету дипломатиялық өкiлдiктерге және
жекешеленген Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерiне жүктелген.
1.2 Консулдық қызмет департаментi
1982 жылға дейiн Қазақстан Республикасының сыртқы iстер министрлiгiнде
консулдық қызметiнен кiшiрек бөлiм айналысқан, кейiннен соның тарапынан
консулдық басқармасы құрылған. 1994 жылы консулдық жұмыстың көлемiмен
мөлшерi күрт өскендiктен басқарма бас басқарма болып қайта құрылған, 1997
жылы Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгiнiң құрылымының
өзгеруiне байланысты оның тарапынан консулдық қызметтiң департаментi
ашылған. Шетел дипломаттық өкiлдiктерiнiң басым көпшiлiгi және де
халықаралық ұйымдар Алматыда болғандықтан, құрамында 30 қызметкерi бар
Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгiнiң консулдық қызметiнiң
департаментi оңтүстiк астанада болып табылады.
Консулдық қызмет департаментi Қазақстан Республикасының сыртқы iстер
министрлiгiнiң ең iрi функционалдық бөлiмшесiнiң бiрi, сонымен қатар
Қазақстан Республикасының iшкi саяси мiндеттерiн атқарысуға тiкелей
қатысады. Ол Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгiнiң басқа
бөлiмшелерiмен, сонымен қатар шетелдегi, ТМД мемлекеттерiндегi
министрлiктер мен ведомстволар, ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс
жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының басқа елдермен консулдық қарым-қатынасын
кеңейтуге негiзгi көңiл аударуына байланысты, консул департаментi жақсы
дамыған келiсiмдi құқылық консулдық қарым-қатынас негiзiн құрған, оның
өзегi болып екi жақтық консулдық конвенциялар, консулдық мекемелер ашу
туралы келiсiм, екiжақтық азаматтықты болдырмау және азаматтық, қылмыстық
iсте құқылық көмек көрсету шарты.
1996 жылы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Беларус Республикасы
арасында консулдық конвенцияға қол қойылған. 28 наурызда 1994 жылы сондай
конвенцияға Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерация арасында қол
қойылып, 1995 жылы 23 наурызда екi жақпен бекiтiлген.
Қазақстан Республикасы барлық Еуропа, Азия, Африка, Солтүстiк және
Латын Америка елдерiмен консулдық қарым-қатынасын кеңейтуге тырысады,
өйткенi ондай қарым-қатынас Қазақстанмен сол регионның елдерiмен болашақта
саяси, экономикалық, қылыми-техникалық және мәдениет байланыстарының
дамуына себеп болады.
Осындай мысал: 1994 жылы екi жаққа жолсапарға шыққан азаматтардың
визасын рәсiмдеу тәртiбi туралы Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам
Республикасы арасында бекiтiлген меморандум.
Ұйымдық құрылымы

департаментi өзiнiң құрылымы бойынша аумақтық және атқарымды бөлiмдерден
тұрады. Аумақтыққа келесi: Еуропа, Америка елдерiнiң, Таяу Шығыс, Африка,
Азия елдерiнiң бөлiмдерi жатады. Департаменттiң аумақтық бөлiмдерi шетел
мемлекеттерiмен консулдық қарым-қатынасты дамыту мәселесiмен айналысады.
Қазақстан Республикасымен бекiтiлген консулдық конвенциялармен келiсiмдердi
сақтауды бақылайды; екi жақтық азаматтарының құқығы мен мүддесiн қорғайды;
Қазақстан Республикасының аумағындағы шетел консулдық мекемелердiң
қызметiне жәрдемдеседi.
Атқарымдыққа үш бөлiм қатысады:
жеке құжатты визаландыру, жалпы консулдық құқық сұрақтар бөлiмi және
кеңсе.
Жалпы консулдық құқық сұрақтары бөлiмi шетел мемлекеттермен визалық
және жеңiлдетiлген визалық тәртiп туралы консулдық конвенциялармен
келiсiмдердiң жобасын дайындайды; әлеуметтiк саладағы ынтымақтастық туралы
келiсiм; екi жақтық азаматтықты болдырмау. Басқа бөлiмдер өздерiнiң атауына
сәйкес қызмет көрсетедi.
Консул департаментi өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының
заңымен, халықаралық шарттармен, Қазақстан Республикасының Президентiнiң
жарлығымен, қаулысымен, өкiметтiң қаулысы өкiмiмен, Қазақстан
Республикасының iшкi iстер министрлiгiнiң бұйрығымен, нұсқауларымен
басшылық етедi.
Шетелдегi консулдық мекеме Қазақстан Республикасының iшкi iстер
министрлiгiнiң консулдық департаментiне бағынып, тұрған мемлекеттегi
республиканың дипломатиялық өкiлдiгiндегi басшының жетекшiлiк етуiмен
өзiнiң қызметiн атқарады.
Шетелдегi консулдық мекемелер Қазақстанның, Қазақстан Республикасының
азаматтарының және заңды тұлғаларының құқығы мен мүддесiн қорғайды, өзiне
берiлген құзырет, аумағында консулдық мекемелер iшкi iстер министрлiгiнiң
жетекшiлерiне Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүргiзуге көмек
көрсетедi, достық қарым-қатынасының, экономикалық, ғылыми-техникалық,
саясаттың байланыстардың дамуына жәрдемдеседi.
Консулдық мекемелер Қазақстан Республикасының дипломатиялық
өкiлдiктердiң консулдық бөлiмдерi, бас консулдық, консулдық, тете-консулдық
және консулдық агентi болып саналады.
Қазiргi уақытта Қазақстанның шетелдерде отыз консулдық мекемелерi,
оның iшiнде дипломатиялық өкiлдiктерде отыз консулдық бөлiм, екi бас
консулдық, алты консулдық және консулдық агенттiктерi бар.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiнiң консулдық
бөлiмдерiн консул бөлiмдерiнiң меңгерушiлерi басқарады, олар консул болып
аталады. Бұл бөлiмдер Қазақстан Республикасының барған мемлекеттермен
байланысына консулдық қызмет көрсетедi, басқа мемлекет аумағында жүрген
бiздiң елдiң азаматтарына, заңды тұлғаларға құқықтық қорғауды қамтамасыз
етедi.
Өздерiнiң қызметi кезiнде консулдық бөлiмдер халықаралық құқықтық
мөлшерiмен Қазақстан Республикасының заңды актiлерiмен, министрдiң
нұсқауларымен, елшiнiң өкiмiмен, сонымен қатар сол елдiң заңдылық
нормаларымен басшылық етедi. Елшiлер iшкi iстер министрлiгiмен келiсiп
консулдық қызметкерлердiң штатын, консулдық бөлiмiнiң құрылымын анықтайды.
Консулдық бөлiмнiң меңгерушiсi, қажет болған жағдайда, сол елдiң
өкiметiнiң келiсiмiмен, ресми түрде бас консул немесе жәй Қазақстан
Республикасының консулы деп аталуына болады.
Бас консулдықтар, консулдықтар, тете-консулдықтар, консулдық
агенттiктерге бас консул, консул, кіші-консул, консулдық агенттер басшылық
етедi.
Консулдық мекеменiң орналасқан жерi, оның класы, консулдық аймағы
тұрған мемлекетпен келiсiп анықталады.
Консулдық лауазымды тұлғалар консулдық мекемелердiң қызметкерлерi
Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгiнiң мемлекет қызметкерлерi
болып саналады.
Консулдық мекемелердiң функциясы
Қазақстан Республикасының консулдық қызмет департаментi өзiнiң
құзыретiнiң көлемiнде iшкi iстер министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының
консулдық мекемелерiне, штаттан тыс консулдардың құқығымен мүддесiн
қорғауда, оның шетелдегi азаматтарының және заңды тұлғаларының қызметiне
жетекшiлiк етедi. Департамент Қазақстан Республикасының шетел
мемлекеттерiмен қарым-қатынасының дамуы туралы сұрақтарға өзiнiң сынысын
жасайды, iшкi iстер министрлiгiнiң тапсырмасы бойынша (келiссөз) шетел
өкiлдiктерiмен келiссөздермен кеңес жүргiзедi, iшкi iстер министрлiгiнiң
келiсiмi бойынша шетелдерде Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiн
ашу туралы ұсыныс даярлап, консулдық аймақтардың шекарасын анықтайды.
Консулдық департамент шетелдегi Қазақстан Республикасының консулдық
мекемелердiң басшыларына патент дайындайды. Оның функциясына сондай-ақ
Қазақстан Республикасындағы шетел консулдық мекемелердiң басшысын
тағайындауға келiсiмi туралы ақпараттандыру және экзекватура (басқа елде
шықарылқан сот шешiмiнiң белгiлi бiр елде орындалуы) дайындау жатады.
Консулдық департаменттiң аймақтық бөлiмдерi мәлiметтерге басқа да
анықтамалық ақпараттық құжаттарға талдау жасайды, жүзеге асырылуына шара
қолданады. Сонымен қатар, бұл бөлiмдер консулдық сұрақтар бойынша келiсiм-
шарттардың орындалуын қадағалайды, қажет жағдайда толықтыратын, өзгертетiн
немесе күшiн жою туралы ұсыныстар дайындайды. Консул департаментi Қазақстан
Республикасының консулдық мекемелерiнiң және олардың лауазымды тұлғаларының
құқығын, артықшылықын, иммунитетiн (кейбiр заңдардың ерекше құқықты
адамдарға қолданылмауы) қорғау жөнiндегi шараларға жауапты.
Бiр қалыпты түсiнiктеме беру мақсатында консулдық департамент
министрлiктермен және ведомстволармен келiсе отырып Қазақстан
Республикасының заңдарының, жарлықтарының, қаулыларының өкiлдерiнiң
қолданылуы туралы талқылама, нұсқаулар дайындайды. Қазақстан
Республикасының шетелдегi консулдық мекемелерi Қазақстан Республикасының
консулдық сұрақтары бойынша бекiтiлген халықаралық шарттар туралы
департамент ақпараттандырылады.
Консулдық департаментпен Қазақстан Республикасының iшкi iстер
мннистрлiгiнiң және әртүрлi министрлiктермен, ведомстволармен, ұйымдармен
жұмыс бабымен кездесулер өтiп тұрады. Мұндай кездесулер Қазақстан
Республикасының дипломатия өкiлдерiмен және шетел консулдық мекемелерiмен
ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар, департамент Қазақстандық ведомстволар
аралық органдармен, ұйымдастыру комитетiнiң шетелде, Қазақстан аумағында
өткiзiлетiн iрi халықаралық шараларды дайындап өткiзу жұмыстарына қатысады.
Қазақстан Республикасының заңының белгiлеген тәртiбi бойынша шетел
мемлекеттерiнiң елшiлiктерiнiң талаптары бойынша департаменттiң жеке
құжатты визалау бөлiмi Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдiк
виза алу үшiн құжаттар дайындайды.
Департамент консулдық мекемелердiң шетел азаматтарына Қазақстандық
виза беру тәрiтiбiнiң орындалуына бақылау жүргiзiп, сонымен қатар құзыреттi
органдармен визаның үлгiлерi және жеке құжатқа визаны жазу үлгiлерi
келiсiледi.
Қазақстан Республикасының iшкi iстер мнистрлiгiнiң жетекшiлерiнiң
тапсырмасы бойынша департамент азаматтық сұрақтары бойынша нормативтiк
актiлер дайындауқа қатысады. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу,
азаматтығынан шығу және азаматтығынан айыру туралы консулдық мекемелердiң
материалдарына қорытынды дайындауға жауапты. Азаматтық сұрақтар туралы
Қазақстан Республикасының президентiнiң жанындағы комиссияға азаматтық
туралы басқа да құжаттар дайындайды.
Қазақстан Республикасының консулдық департаментiнде Қазақстанның
консулдық мекемелерiнiң шетелдердiң нотариалдық сұрақтарын, құжаттарды
жария ету, азаматтық жағдайы туралы актi жазу бойынша жұмыстары зерттелiп
тәжiрибесi таратылады.
Сыртқы iстер министрлiгiнiң консулдық департаментiнде жеке құжатты
визаландыру жұмысын жетiлдiруiмен қатар консулдық алымның тарифын
әзiрлейдi, сол үшiн алыс шетелдердiң, ТМД елдерiнiң сондай құжаттарын
талдайды. Қазiр iсте жүрген консулдық алымның тарифы 1994 жылы Қазақстан
Республикасының қаржы министрлiгiмен келiсiп қабылданған. Осы уақытта
консулдық департаментте шетелдегi консулдық мекемелердiң тәжiрибесiнiң
негiзiнде консулдық алым тарифiнiң жаңа жобасы дайындалуда.
Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшiлiгi Қазақстан визасын әзiрлеу
тәжiрибесiнiң консулдық алым мөлшерiн төмендету және ықшамдау жақын
қарастыру керек деп есептейдi. Тек Қазақстан Республикасының елшiлiгi АҚШ-
тағы 172 тiркелген дипломатиялық өкiлдiктерiнiң iшiндегi бiр жылдағы
бiрнеше виза үшiн 200 доллар көлемiнде консулдық алым алады, ал мұндай
визаны бiр күннiң iшiнде әзiрлеу үшiн 400 доллар алады.
Алматыдағы АҚШ-тың елшiлiгi консулдық алымның мөлшерiн екi жаққа
тиiмдi болатындай өзгерту енгiзейiк деген ұсыныс жасаған, олардың ұсынысы
қабылданбаған соң, Америка жақта Қазақстан Республикасының азаматтарына
өзiнiң тарифын көтерудi енгiздi. Ендi Қазақстан Республикасының азаматтары
бiр дүркiндiк үш айлық визаға 100 АҚШ долларын, ал бiр жылға дейiнгi
бiрнеше дүркiндiк визаға 200 АҚШ долларын төлейдi.
Консул департаментi консулдық әрекеттерi үшiн алым жинайды,
министрлiктермен, ведомстволармен Қазақстан Республикасының ұйымдарының
визаға, шетелге шығу құжаттарын әзiрлеу үшiн мемлекеттiк баж және консулдық
алым алады. Бұл жерде айта кететiн бiр факт, Қазақстан Республикасының
заңына сәйкес бiр қатар мекемелер және олардың қызметкерлерi консулдық
алымнан босатылады.
Консулдық департамент Қазақстан Республикасының iшкi iстер
министрлiгiнiң жетекшiлiгiне Қазақстан Республикасының iшкi iстер
мннистрлiгiнiң жұмыскерлерiне iс сапарымен шетелге шығуына байланысты
қолданылып жүрген нормативтi актiлерiне сәйкес кепiлдеме және мiнездеме
дайындап, оларға дипломатиялық дәреже иелендiрiп, лауазымға тағайындайды.
Шетелге тұрақты жұмысқа шығар алдында дипломатия қызметкерлерi
Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiнде сынақ мерзiмiн өткiзiп,
консулдық қызметке дайын деген тұжырым алады.
ii Консулдық қызметтің құқықтық негіздері
2.1 Консулдардың функциясы
Жоғарыда айтылғандай консулдар Қазақстан Республикасының және оның
азаматтарының консул аймағындағы заңды тұлғаларының құқығын және мүддесiн
қорғауды жүзеге асырады, бiрақ дипломатиялық өкiлдерден ерекшеленiп,
лауазымды тұлға ретiнде бой көрсетедi. Жалпы ереже бойынша консул сенiм
бiлдiрушi мемлекеттiң ұлттық құқықтық нормасын орындайтын iс-әрекет
жасайды, тұрған мемлекеттiң iшкi құқығына қарама-қайшы келмейдi.
Консулдық қызметiнiң қалыпты жүзеге асырылуына қажеттi кепiлдiк құру
үшiн екi жақтық консулдық шарттар мен конвенциялардың мақсаты мен
функциясын алдын-ала анықтайды. Сонымен, консулдық қызметаралық консулдық
құқық нормасымен реттеледi.
Халықаралық экономикалық, мәдениеттiк алмасудың өсуiнде, байланыс пен
қарым-қатынастың ұлғаюында мемлекеттердiң екiжақты тиiмдi ынтымақтастығының
тәжiрибесiн жүзеге асыруда консулдық мекемелер маңызды арнаның бiрi болып
келедi. Қазiргi уақытта бұл тұжырым 1963 жылғы Вена конвенциясының
консулдық қатынастар туралы кiрiспесiнде, осы конвенцияның 5-шi бабында
ортақ деп танылған.
Осы уақытта, қоғам өмiрiнiң материалдық және әлеуметтiк саласының
интернационалдандыруы күшеюiне байланысты, мемлекеттермен халықтар
арасындағы әр түрлi алмасудың дамуына байланысты консулдардың функциясы
кеңейiп, күрделендi, - дейдi Қ.Тоқаев.
Консулдық мекемелер мен консулдық тұлғалар өзiне жүктелген
функцияларын тұрған мемлекеттiң консулдық аймағында ғана орындайды. Барлық
мемлекеттерде қабылданғандай, Қазақстан Республикасының консулы лауазымды
қызметке тағайындалғанда Қазақстан Республикасының iшкi iстер
министрлiгiнен жазбаша түрде өзiнiң өкiлеттiгi туралы қуаттау – консулдық
патент алады. Ол жерде консулдық аймақтың шекарасы көрсетiледi. Консул
тұрақтайтын мемлекеттiң экзекватура (басқа елде шығарылған сот шешiмiнiң
белгiлi бiр елде орындалуы) нысана бойынша сол консулдық аймақта жұмыс
iстеуiне келiсiм алғаннан кейiн өз мiндетiн атқаруға кiрiседi.
Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 12 қараша айында шығарылған
дипломатиялық қызмет туралы заңына сәйкес консулдық лауазымды тұлғалар
және консулдық мекемелердiң қызметкерлерi Қазақстан Республикасының сыртқы
iстер министрлiгiнiң мемлекеттiк қызметiнде тұрады. Консулдық лауазымды
тұлға ретiнде тек қана Қазақстан Республикасының азаматы бола алады[3].
Консулдық мекеменiң басшысы және басқа да консулдық лауазымды тұлғалар
өз функцияларын консулдық аймақтың шегiнде тек тұрақтаған мемлекеттiң
келiсiмi бойынша ғана атқара алады. Консулдық аймақ басқа мемлекеттiң
аумағына таратыла алмайды, бiрақ консулдық лауазымды тұлғалардың консулдық
функциясын үшiншi елде атқару мүмкiндiгi шектелмейдi.
1963 жылғы Вена конвенциясының 7-шi бабында айтылқандай, өкiлденген
мемлекет, сәйкес мемлекеттердi хабарландырғаннан кейiн, егер де кейбiр
мемлекеттен айқын қарсылық болмаса, мемлекетте ашылған консулдық мекемеге
басқа мемлекетте консулдық функцияны атқаруды жүктей алады.
Қазақстан Республикасының аса маңызды болып келiсiмдерiнiң бiрi болып
Қазақстан Республикасы мен Ресей федерациясының iшкi саяси ведомстволары
арасындағы келiсiм саналады; соған сәйкес Ресейдiң барлық шетелдiк
консулдық мекемелерi Қазақстандық өкiлдiктер мен консулдық мекемелер жоқ
болғандықтан шетел азаматтарына Қазақстанға келуге Қазақстан
Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң консулдық департаментiнiң
қуаттауын негiзге ала отырып виза бередi.
Орталық азия одақтас елдердiң Қазақстан мен Қырғызстан iшкi саяси
ведомстволарының арасындағы ынтымақтастығында Қырғызстан Республикасының
шетелдегi азаматтары мен заңды тұлғаларының құқығы мен мүддесiн қорғаудағы
және Қырғызстанға келуге виза беруге өкiлеттiк табыстау туралы келiсiм
бекiтiлген.
Келiсiм 1996 жылы 2-шi тамызда Қырғызстан Республикасының астанасы
Бiшкек қаласында бекiтiлген. Бұл құжат Қырғызстанның дипломатиялық
өкiлдiктерi, консулдық шетелдiк мекемелерi жоқ елдерде, Қазақстан
Республикасының iшкi iстер министрлiгiнiң консулдық пунктiнiң Алматы
қаласындағы әуежайында Қырғызстан Республикасының iшкi iстер министрлiгi
арқылы рәсiмделген белгiлi үлгiдегi шақырылған кезде iске қосылады.
Вена конвенциясының 1963 жылғы консулдық қатынас жайы туралы 8-шi
бабына сәйкес, егер келген мемлекет қарсылық бiлдiрмесе, келген мемлекетте
үшiншi мемлекет атынан консулдық функциясын атқару өкiлеттелген мемлекеттiң
консулдығына жүктеледi.
Консулдық өкiлеттердiң негiзгi функциялары жалпы халықаралық құқықпен
реттеледi.
Консулдық функциялардың орындалу тәртiбi
Қазақстан Республикасының консулы өзiнiң жеке басына жүктелген
функцияларды орындауға мiндеттi, бiрақ кейде оны орындауға басқа консулдық
лауазымды тұлғаға тапсыруына болады. Қазақстан Республикасының консулдық
жарғысының 19-шы бабына сәйкес Қазақстан Республикасының консулы басқа
мемлекеттiң консулдық функциясын орындауы Қазақстан Республикасының iшкi
iстер министрлiгiнiң ерекше нұсқауымен және келген мемлекеттiң келiсiмiмен
орындайтыны орын алуы мүмкiн.
Өзiнiң консулдық аймағындағы консулдық мекеменiң ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz