Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде салықтан жалтарынудың әсері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде салықтан жалтарынудың әсері

«Қаржы» кафедрасының доценті, э. ғ. к, Абиева С. Н.

«Қаржы» кафедрасының оқытушысы Иманалиев Б. Б.

Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде салық төлеуден жалтарудың әсері салықтық құқық бұзушылық, яғни мемлекетпен белгіленген салықтар мен міндетті төлемдерді төлеуден біле тұра бас тартуды білдіретін және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын іс-әрекет болып табылады. Салық төлеушілердің мұндай заңсыз іс-әрекеті еліміздің экономика тұрақтылығына, мемлекет мүддесіне айтарлықтай нұқсан келтіреді: мемлекеттік бюджет едәуір қаражаттарды ала алмайды, салық заңнамасын бұзушылар кірістерінің қосымша криминалдық көздері жасалынады, кәсіпкерлік қызмет сферасында, салада, өңірде және т. б. құн қозғалысының негізгі үйлесімдері бұрмаланады. Қазіргі таңда салықтан жалтарынудың себептері әр түрлі болуы мүмкін: шаруашылық, кәсіпкерлік немесе өзге де қызметті қалыпты жүргізуге мүмкүндік бермейтін елеулі салық ауыртпалығы; салықтардың көптігі және жоғары мөлшерлемелері салық салынатын субъектінің «көлеңкелі» экономикаға кетуіне жәрдемдеседі; салық службасын ұйымдастырудағы кемшіліктер; жұмыскерлердің төмен біліктілігі мен біліксіздігі, экономикалық білімдер мен құқықтық мәселелердің шектес салаларын жеткіліксіз білу; тексерулер кезіндегі жұмыскерлердің адалдыққа жатпайтын іс-қылықтары және т. б. Сонымен қатар, «Көлеңкелі экономиканың» орасан зор ауқымы, басқа елдердің банк мекемелеріне ақша аудару, кәсіпкерлік қызметтің шын ауқымын, мүлік құнының мөлшерін төмендету жөніндегі табысты күш салулары - мемлекет бақылауынан салықтық түсімдердің аса ірі сомаларын шығарады.

Кейбір мәліметтер бойынша Қазақстандағы құпия экономика ішкі жалпы өнімнің үштен бірінен 30 пайызына дейін құрайтын көрінеді. Құпия экономикадағы жаман жағдай оның салық базасын мемлекеттің қаржы ресурстарын молайту үшін пайдалануға және экономиканы тұрақтандыруға мүмкіндік бермейді. Қазірде шаруашылық субьектілерінде «қосарлы» есеп жүргізудің практикасы қалыптасқан: ресми органдар үшін және кәсіпкерлердің меншікті пайдалануы үшін; біріншісінде қызметтің тек аз болуы мүмкін нәтижелері, екіншісінде басқару мен бизнесті дамытуға қажетті, ақиқатты нәтижелер көрсетіледі. Соның нәтижесінде, салық салудан жалтарынудың әр түрлі әдістері пайдаланады. Тура салықтарды төлеуден жалтарыну көбірек таралған. Жанама салықтар бойынша оларды өндіріп алудың ерекшелігіне байланысты жасырыну қиынға түседі. Бірақ банктердің катысуынсыз тауар-ақша операцияларын жасау, яғни сатып алу-сату операцияларын есепке алудан іс жүзінде жасыру акциздерді, қосылған құн салығын төлемеуді мүмкін етеді.

Табыстарға салық салу бойынша жалтарынудың неғұрлым сипатты әдісі өндіріс немесе айналыс шығындарын арттыру арқылы табыстың мөлшерін азайту болып табылады; материалдық шығындарды жалған көтеріңкі баға бойынша, мысалы, оларды еркін бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алынғанына сілтеме жасау, немесе тікелей жалған есеп-қисап құжаттарын жасау жолымен өнімнің өзіндік құнына жазады. Осылайша амортизациялық аударымдардың сомасын көтеріңкілеу мақсатымен жабдықтың және басқа негізгі кұралдардың құны көтеріңкіленуі мүмкін.

Табысқа салық салудан жалтарынудың тараған әдісі кәсіпкерлік қызметтен түскен түсім-ақшаны кемітіп көрсету және жасырып қалу болып табылады. Бұл бұзушылық қиын анықталады, өйткені нағыз түсім-ақшаны анықтау үшін тексеріліп отырған төлеушінің тауарының қызметінің қозғалысымен байланыстырылатын, сәйкестірілетін шоттары мүмкін көптеген баспа-бас айырбас пен өзге де шаруашылық-қаржылық операцияларының фактілерін талдауы қажет. Барлық төлеушілердің және олардың операцияларының толық компьютерлендірілмеуі салықтық құқық бұзушылықты айқындауға көп уақыт кажет етеді.

Салық салудан жалтарыну бухгалтерлік есептің қанағатсыз қойылуымен немесе оның жоқтығымен мысалы, шаруа- фермер шаруашылықтарында байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда шаруашылық қызметтің нәтижелерін қалпына келтіру үшін: жұмсалынған электр қуаты, басқа ресурстар бойынша есептеу приборлары бойынша, нақтылы шығындар, айналымдар, активтердің құны, қызметтің ұқсас түрлерінің көрсеткіштері бойынша жанама немесе аналогиялық әдіс қолданылады.

Жеке тұлғалардың табыстарына немесе мүлкіне салық салу кезінде салық салудың прогрессиясын азайту, заң бойынша табыстарға шегерімдер таралатын табыстарды көбейту үшін табыстарды бірнеше бөліктерге бөлшектеу әдісі қолданылады. Өндіріс шығындарын есептеу ерекшеліктерімен, фирмаларды, компанияларды, ұйымдарды тіркеу тәртібімен байланысты жалтарынудың басқа әдістері де мүмкін. Көптеген жеңілдіктері бар немесе салық салу нормасы төмен аумақта салық салынатын объектіні жалған тіркеу әдістері қолданылады.

Әсіресе еңбекке ақы төлеуді өсіруге шектеуді алып тастаумен, өнім рентабелдігінің нормативтеріне және бағаны ырықтандыруға бақылаудың тоқталуымен байланысты салық заңнаманасын бұзушылық кең таралған. Бұл бағаларды шексіз өсіру арқылы салықтық төлемдерді кедергісіз тұтынушыларға - халыққа аудара салуға мүмкіндік береді.

Салықтан жалтарынудың мүмкіндіктері халықаралық қаржы-экономикалык қатынастарында да ашылып отыр. Бұл үшін шетелден кең салық жеңілдіктерін беру жолымен капиталдарды тарту саясаты жүргізілетін елдің «салықтан бас сауғалауы» деп аталынатын пайдаланылады. Мұндай елде бизнесті тіркеу алынатын пайданы, пайыздық табыстарды, дивидендтерді салық салудан алып шығаруға мүмкіндік жасайды. Мұндай мақсаттарға салық режімі нашарлайтын немесе заңнама бойынша табыстарды мағлұмдамалау міндетті емес оффшорлық, еркін, арнаулы аймақтарда тіркеу арқылы қол жетеді. Мұнда жалған еншілес компаниялар, филиалдар ұйымдастырылуы мүмкін, олар арқылы төлемдер өтеді және салықты азайту немесе одан толық құтылу мақсатымен салықтық оңтайландыру жүзеге асырылады.

Салықтық қылмыстардың қазіргі таңда өзекті проблемалардың бірі екендігіне мынадай көрсеткіштер дәлел: халықтың ресми және нақты табыстарының арасындағы елеулі алшақтық ; кейбір азаматтардың шығындары (үлкен көлемде валюталық құндылықтарды, жылжымайтын мүлікті, автокөліктерді, бағалы тұрмыстық заттарды және қымбат қызметтерді сатып алу) мен декларацияланылатын табыстарының арасындағы айдан-анық айырмашылық; халықтың жасырын жұмыспен қамсыздандырылуы (салықтық органдарда тіркелмеген немесе заңсыз кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындардағы жұмысшылардың болуы) ; банктен тыс айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшерінің өсуі; салық төлемеу дағдарысының өршігуі, яғни ұйымдардың комерциялық қызмет шегінде басқа шаруашылық субъектілерімен, сондай-ақ бюджетпен ақшалай есептесуге қабілетсіздігі немесе ақшалай есептескісі келемеуі және т. б.
Салықтық қылмыстар латенттілігі деңгейінің жоғары болу себебі: салықтық қылмыстың ашылуына мүдделі жәбірленушінің немесе басқа да тұлғалардың болмауы; салықтық қылмыскерлердің айлакерлігі; жасалынған салықтық қылмыстарды тиімді жасырылуы; салықтық қылмыстың жасалғандығын тікелей көрсететін нақты іздің болмауы; салықтық қылмысты жасау мезеті мен оны анықтаудың арасында елеулі уақыттың (бір жылдан жоғары) өтуі. Қазақстанда жыл сайын 40 %-ға дейін салық салынатын табыс жасырылынады және салық салынбайды
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында салық заңнмасын бұзушылық құбылысы ауқымды көлемге ие болып отыр. Жыл сайын салық төлеудан жалтаруға байланысты қылмыстардың саны өсуде (кесте-1) . Бірақ олардың латенттілігінің жоғары болуы және қылмыстың аз ашылуы, қарастырылып отырған қылмыстарды жасаған адамдардың барлығы жауапкершілікке тартыла бермейтіндігін алып келеді. Мұны салықтық және қылмыстық құқықтық заңнамалардың әліде толық жетілмегендігінен көруге болады.

Кесте 1 -Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарымен анықталған салықтық қылмыстардың саны

2003 ж.
2004 ж.
2005 ж.
2006 ж.
2007 ж.

2008 ж.

3 айы

: ҚР ҚК 221 бабы
2003 ж.: 75
2004 ж.: 144
2005 ж.: 165
2006 ж.: 147
2007 ж.: 161
2008 ж.3 айы: 33
: ҚР ҚК 222 бабы
2003 ж.: 278
2004 ж.: 430
2005 ж.: 450
2006 ж.: 497
2007 ж.: 540
2008 ж.3 айы: 157

Салық заңнамасын қолданы тәжрибесі көрсеткендей, салықтық қатынас тараптарының бірінің мүдделеріне шек қою міндетті түрде екінщі тарапқа жағымсыз салдар туғызады. Егер кәсіпкерлерге салық ауыртпалығы қатаңдатылса онда бизнестің басым бөлігі «көлеңкеге» кетеді, яғни ол мемлекеттік органдардың криминалдың және сыбайлас жемқорлықтың жандануына мүмкіндік береді.

Мұндай жағдайда нәтижеде кәсіпкерлер де, мемлекетте зардап шегеді.
Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты міндеті» тақырыбындағы өзінің жолдауында Үкіметке, экономиканы жаңғыртуға, әртараптандыруға және бизнестің «көлеңкеден» шығуына жағдай жасайтын жаңа Салық кодексін әзірлеп шғарудыңда бір себебі осында. Сондай-ақ, Елбасы, жаңа Салықтық кодекс экономиканың шикізаттық емес секторы, әсіресе, шағын және орта бизнес үшін жалпы салықтық ауыртпалықтардың төмендетілуін қарастыруы керек екендігін көрсеткен. Бұл қазіргі күні салықтық қатынастардың жаңа фазаға ауысып жатқандығын дәлелдейді. Егер бастапқыда салық салу саясаты тек мемлекеттің мүддесін ескеріп, экстенсивті сипатта болса, қазір барлық тараптардың мүдделерін ескереді.

Бүгінгі күні бәрі мемлекеттің салықтық саясатын дұрыс түсіне бермейді сондықтан өздерінің кәсіпкерлік қызметін салықтық заңнаманы бұза отырып жүзеге асыруда. Мемлекет пен салық төлеушлірдің мүдделерін қорғау мақсатында мұндай қоғамдық қатынастар қылмыстық заңнама тарапынан сенімді қорғауды қажет етеді, себебі салықтық қатынастарды бұзу кез-келген тарапқа ауыр зардаптар соқтырады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 7-ші тарауы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін, ал 222 бап ұйымдардан салық төлеудан жалтарғаны үшін жауаптылық жауаптылық қарастырады.
Осы бапқа сәйкес ірі мөлшерде, ұйымдардан салық төлеудан жалтару қылмыс ретінде, негізгі үш дербес құрамнан тұрады: декларация табыс ету міндетті болып табылатын жағдайларда жиынтық жылдық табыс туралы декларацияны табыс етпеу; декларацияға немесе салықты немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістер немесе шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу; салық салынатын басқа да объектілерді немесе өзге де міндетті төлемдерді немесе ұйымның нақты тұрған жерін жасыру арқылы.

Салықтың және басқа да бюджетке міндетті төлемдердің әрбір түрі бойынша салық салу объектілері және салық салуға байланысты объектілер Салықтық кодекстің ерекше бөліміне сәйкес анықталады (25 бап) .
Қолджаныстағы қылмыстық заңнмаға сәйкес салық төлеуден жалтарғаны үшін кінәліні жауаптылыққа тарту үшін міндетті шарт болып төленбеген салықтың ірі мөлшерде болуы. ҚР ҚК 221 және 222 баптардың ескертпесіне сәйкес ірі мөлшер болып саналады, егер жеке тұлғалар 500 АЕК, ал заңды тұлғалар 2000 АЕК мөлшерде салық төлеуден жалтарса.

Егер 2007 жылы Қазақстан Республикасы бюджетінің кіріс бөлігінде салықтық түсімдер 73 % құраса, ал 2008 жылы 82 % құрайды, бұл салықтық қылмыстар объектісінің жағары маңыздылығын көрсетеді. Қарастырылып жатқан қылмыс объектісінің жоғары маңыздылығын ескере отырып, егер ҚК 222 бабының 2 бөлігіне «аса ірі мөлшерде» салық төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілсе, онда қарастырылып жатқан қылмыс үшін жазаны қатаңдатқан тиімді, мысалы бас бостандығынан айыру түріндегі жасазаның мерзімін мүлкін тәркілей отырып, бес жылдан он жылға дейін деп өзгерткен жөн.

Сонымен қатар, субъектіні салықтық міндеттемесін орындауға ынталандыру үшін, егер кінәлі адам келтірген залалдың орнын толтырса, яғни мемлекеттің бюджетіне салықты төлеген жағдайда оны ақталатын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату туралы сұрақты шешу тиімді деп ойлаймыз.

Жалған кәсіпорынмен болған қарым-қатынастан пайда болған шығынды контрагенттердің есепке жатқызуынан алу процедурасы тәжірибеде былайша көрінеді:
1) Жалған кәсіпорын құру фактісі дәлелденген заңды күшіне енген сот үкімінің негізінде салық органдары жалған кәсіпорынмен мәміле жасасқан тұлғаларды тексерді.

2) Жалған кәсіпорынның қосымша құнға салық бойынша есепке алу туралы куәлігі қылмыстық іс әрекет басталға мезеттен бастап жоққа шығарылады, көп жағдайларда бұл мезет қосымша құнға салық бойынша есепке алу күнімен дәл келеді.

3) Осыған байланысты осы мезеттен бастап жалған кәсіпорынмен жазылып берілген шот-фактуралдағы қосымша құнға салық, жалған кәсіпорын контрагенттерінің есепке жатқызуынан алынады, өтіп кеткен кезең үшін қосымша құнға салықтың сомасына өсім есепетелінеді.

Жалған кәсіпкерлікпен күресуде негізгі проблема «обналды фирмалармен» қатынастағы контрагенттердің есепке жатқызуынан алу механизмін реттейтін заңның жетілмеуі.

Фирманы жалған кәсіпорын деп сотпен танудың қиыншылығы мынада, азаматтық және қылмыстық заңнамларда «жалған кәсіпорынның» нақты анықтамасы берілмеген, тек ҚК 192 бабында «жалған кәсіпкерлік» қылмысы құрамының түсінігіне анықтама берілген.

Осыған орай, тәжірибеде соттар, салық органдары, сондай-ақ қаржы полиция органдары осындай проблемаға тап болып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік қызметте салық салуды құқықтық реттеу
Салықтарды алу әдістері мен тәсілдері
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы
Салық төлеуден жалтарыну
Салықтардан жалтарыну проблемалары және оларды шешу жолдары
Қазақстан Республикасында салықтық заң бұзушылықтарға жауапкершілікті арттыру бағыттары
Пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындау бойынша ереже
Нарық экономикасы жағдайындағы салықтардың рөлі және уақытылы өндіріп алудың қажеттілігі
Салық жүйесі экономиканы мемлекеттік реттеу құралы ретінде
Салықтардың икемділік принципі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz