Қазақстанда шағын және орта бизнестің дамуындағы салық салу ерекшеліктері



Шағын және орта бизнес- мемлекеттің экономикалық жандануына және халықтың экономикалық белсенділігін жоғарлатуға, сондай-ақ оның дамуы бәсекелесті, динамикалық және диверсификацияланған экономиканың құрылуына жағдай жасайды.
Шағын және орта бизнес экономиканың ірге қалаушы буыны, оның даму жағдайы мен деңгейінен ел экономикасы дамуының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі және жалпы ұлттық өнімнің сапасы мен құрылымы анықталады. Экономикасы дамыған мемлекеттерде Жапонияда, Германияда, Бельгия мен Италияда шағын және орта бизнес барлық кәсіпорындардың 90 пайызын құрап отыр. Көптеген дамыған елдердің жалпы ішкі өнімінің 50 пайызы шағын және орта бизнес үлесіне тиесілі [1].
Рыноктық экономикада шағын және орта кәсіпкерлік екі түрлі негізгі қызмет атқарады: экономикалық және әлеуметтік. Экономикалық қызмет негізіне бәсекелестікті дамыту, материалдық және материалдық емес ресурстарды тиімді пайдалану, ішкі сұраныстың импортқа тәуелділігін жою және т.б. жатса, әлеуметтік қызметі жұмыссыздық проблеммасын шешу, кедейшілікті жою және мемлекеттің экономикалық дамуын тежейтін көптеген проблемаларды шешу жолдарын қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл саланы дамыту еліміздің экономикасы үшін маңызды мәселе болып табылады.
Рыноктық экономикада шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі жолдарының бірі- салықтық реттеу болып табылады.
Салық салуды дұрыс жолға қоюды қамтамасыз ету күрделі және қарама-қайшылыққа толы, өйткені мемлекет үшін негізгі мәселе болып салық салуды жоғарлату болатын болса, ал жеке тұлғалар мен шаруашылық субъектілер салық төлеуді азайтуға ұмтылады. Сондықтан да халықтың әлеуметтік жағдайы салық салу саясатында негізгі фактор ретінде қаралуы тиіс.
Шағын және орта бизнес- мемлекеттің тірегі, орта тапты өсіретін инкубатор болыр табылады. Сондықтан осы салаға қолданылатын салық саясатын жетілдіруде келесі мәселелерді ескеру қажет:
- кәсіпкерлікке салық салғанда кәсіпкерлердің әл-ауқатымен санасу;
- кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсету;
- салық ауыртпалылығын мейлінше жеңілдету.
Салық салу мемлекеттің өз қызметін атқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ал шағын және орта бизнеске қолданылатын тиімді салық салу жүйесі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өсуіне оң ықпалын тигізеді [2].
Кесте 1-де Қазақстан Республикасының 2006-2008 жылдардағы мемлекеттік бюджетінің кірісіндегі салықтық түсімдердің құрамы мен үлес салмағы көрсетілген.
1. Ермекбаева Б.Ж. Налоговые стимулы развития малого бизнеса. Вестник КазНУ. Серия экономическая №1, 2003
2. Исахова П.Б. Орта және шағын кәсіпкерлікті дамытудағы салық салудың рөлі. Аль-Пари №3, 2005.
3. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. Салық кодексі - Алматы: ЮРИСТ, 2009.- 468б.
4. Скорикова В. Применение специальных налоговых режимов предпринимателями в 2009 году. Бухгалтер и право №3, 2009.
5. ҚР Статистика агенттігінің сайты: http//www.stat.kz.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Әлихан Н

Т.Рысқұлов атындағы КазЭУ магистранты

Қазақстанда шағын және орта бизнестің дамуындағы салық салу
ерекшеліктері.

Шағын және орта бизнес- мемлекеттің экономикалық жандануына және
халықтың экономикалық белсенділігін жоғарлатуға, сондай-ақ оның дамуы
бәсекелесті, динамикалық және диверсификацияланған экономиканың құрылуына
жағдай жасайды.
Шағын және орта бизнес экономиканың ірге қалаушы буыны, оның даму
жағдайы мен деңгейінен ел экономикасы дамуының тұрақтылығы қамтамасыз
етіледі және жалпы ұлттық өнімнің сапасы мен құрылымы анықталады.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде Жапонияда, Германияда, Бельгия мен
Италияда шағын және орта бизнес барлық кәсіпорындардың 90 пайызын құрап
отыр. Көптеген дамыған елдердің жалпы ішкі өнімінің 50 пайызы шағын және
орта бизнес үлесіне тиесілі [1].
Рыноктық экономикада шағын және орта кәсіпкерлік екі түрлі негізгі
қызмет атқарады: экономикалық және әлеуметтік. Экономикалық қызмет негізіне
бәсекелестікті дамыту, материалдық және материалдық емес ресурстарды
тиімді пайдалану, ішкі сұраныстың импортқа тәуелділігін жою және т.б.
жатса, әлеуметтік қызметі жұмыссыздық проблеммасын шешу, кедейшілікті жою
және мемлекеттің экономикалық дамуын тежейтін көптеген проблемаларды шешу
жолдарын қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл саланы дамыту еліміздің
экономикасы үшін маңызды мәселе болып табылады.
Рыноктық экономикада шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі
жолдарының бірі- салықтық реттеу болып табылады.
Салық салуды дұрыс жолға қоюды қамтамасыз ету күрделі және қарама-
қайшылыққа толы, өйткені мемлекет үшін негізгі мәселе болып салық салуды
жоғарлату болатын болса, ал жеке тұлғалар мен шаруашылық субъектілер салық
төлеуді азайтуға ұмтылады. Сондықтан да халықтың әлеуметтік жағдайы салық
салу саясатында негізгі фактор ретінде қаралуы тиіс.
Шағын және орта бизнес- мемлекеттің тірегі, орта тапты өсіретін
инкубатор болыр табылады. Сондықтан осы салаға қолданылатын салық саясатын
жетілдіруде келесі мәселелерді ескеру қажет:
- кәсіпкерлікке салық салғанда кәсіпкерлердің әл-ауқатымен санасу;
- кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсету;
- салық ауыртпалылығын мейлінше жеңілдету.
Салық салу мемлекеттің өз қызметін атқару мүмкіндігін қамтамасыз
етеді. Ал шағын және орта бизнеске қолданылатын тиімді салық салу жүйесі
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өсуіне оң ықпалын тигізеді [2].
Кесте 1-де Қазақстан Республикасының 2006-2008 жылдардағы мемлекеттік
бюджетінің кірісіндегі салықтық түсімдердің құрамы мен үлес салмағы
көрсетілген.
Кесте 1
Көрсеткіштер: 2006 2007 2008
Барлық кірістер (млн теңге) 2 338 034 2 887 874 4 034 410
Оның ішінде салықтық түсімдер 2 209 102 2 356 040 2 819 510
(млн теңге);
Бюджет кірісіндегі салықтық 94,4% 81,6% 69,9%
түсімдердің үлесі, %
Ескерту: ҚР ҚМ Статистикалық бюллетені, 2009, №1.

1-кестеден көріп отырғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер
құрап отыр.
Салық жүйесін жетілдіріп, қалыптастыру- күрделі процесс. Қазақстанда
кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірмейтін салық жүйесін қалыптастыру өзекті
мәселелер қатарында болып отыр.
Дүниежүзілік дағдарыстың әсерінен, 2008 жылы шағын және орта бизнес
субъектілерінің саны, осы секторда жұмыс істейтіндердің саны, шығаратын
өнімнің көлемі азайды. Дүниежүзілік дағдарысқа байланысты Қазақстандағы
шағын және орта бизнес секторын қаржыландыру көлемі де қысқарған болатын.
Тек 2009 жылдың 1 тоқсанында шағын және орта бизнес сегментіндегі өндіріс
көлемі 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе төмендеп кетті.
Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, экономикалық реформалар
жасауда және дағдарыстан шығуда шағын және орта кәсіпкерлік үлкен рөл
атқарады. Өйткені, шағын және орта кәсіпорындар икемді болып келеді,
сұранысқа тез жауап беріп, рынок сұранысы мен қажеттілігін тез
қанағаттандыра алады. Ірі кәсіпорындарға қарағанда, шағын және орта
кәсіпорындар өзінің икемділігінің арқасында экономика мен қоғамның жаңа
қажеттіліктеріне сай қызметін қайта құруға бейім болады.
Салық саясаты арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін
ынталандыруға немесе шектеуге болады. Салық ауыртпалығы неғұрлым жоғары
болса, соғұрлым салық төлеушінің салық төлеу ынтасы мен мүмкіншілігі де
кемиді. Сондықтан мемлекет салықтар, салық ставкалары мен жеңілдіктері
арқылы реттеушілік қызметін жүзеге асыру барысында экономиканы, өндіріс пен
инвестицияны, шағын және орта бизнесті ынталандыруға тигізетін әсерін де
басты назарда ұстауы шарт.
Қазіргі кезде елімізде шағын және орта бизнес субъектілері үшін
арнаулы салық режимдері қарастырылған. Арнаулы салық режимдерінің келесідей
түрлері бар:
- патент негізіндегі шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы
салық режимі.
- оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.
- шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі.
- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық
тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимдері [3].
Экономиканың көлеңкелі секторын қысқарту қажеттілігі мен рыноктағы
салық салу жүйесін ескере отырып, салық кодексінде біржолғы талон
негізіндегі салық режимін жою ұсынылды. Бірақ, Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының
кодексін қолданысқа енгізу туралы ҚР Заңының 9 бабына сәйкес кәсіпкерлер
біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін 2011 жылдың 1 қаңтарына
дейін қолдануға құқығы бар. Осы режимді алып тастау оны басынан бастап
құрғандарға, яғни эпизодтық қызметті жүзеге асырушы тұлғаларға әсер
етпейді. Олар салық салынбайтын минимумға 12 ең төменгі жалақы мөлшерінде
тең келетін болады немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы ретінде
танылмайды.
Кәсіпкердің жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық төлеуіне
мүмкүндігі бар. Салық төлеуші салықты есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар
бойынша салық есептілігін табыс етудің жоғарыда көрсетілген тәртіптердің
біреуін ғана дербес таңдауына құқылы. Арнаулы салық режимдерін ауыстыруға
болады. Мысалы, патенттен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе
оңайлатылған декларация негізіне ауысуына болады. Алайда, жалпыға бірдей
белгіленген тәртіпке ауысқан кезде жалпыға бірдей белгіленген тәртіп
күнтізбелік екі жыл қолданылғаннан кейін ғана арнаулы салық режиміне қайта
ауысуға болады.
Патент нысаны уәкілетті органдармен белгіленіп отырады. Патент бойынша
қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын, жылына табысы тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмеңгі жалақының
200 еселенген мөлшерінен аспайтын кәсіпкерлер жұмыс жасай алады. (2009 жылы
бұл сома 2 694 000 (13 470 х 200) теңгені құрады).
Патентпен кәсіпкер табысына салынатын жеке табыс салығы мен әлеуметтік
салық бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісі расталады. Патент кәсіпкердің
патентте көрсетілген мерзім ішінде салықты төлегендігін және кәсіпкерлік
қызметпен айналысуына құқықты екендігін растайды. Патент кәсіпкердің табыс
еткен салықтық өтініші мен патент құнын есептеу негізінде кемінде бір ай
және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі. Бюджетке төленетін патент
құнын, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын
аударуды растайтын құжаттар есеп-қисапқа қоса берілуі тиіс.
Патент құнын есептеу салық салу объектісіне (алынған табысқа) 2%
мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. Патент құны оның жарты
бөлігі мөлшеріндегі жеке табыс салығы және Міндетті әлеуметтік сақтандыру
туралы ҚР Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдарды алып
тастағаннан кейінгі патент құнының жарты бөлігі мөлшеріндегі әлеуметтік
салық түрінде бюджетке төленуге жатады.
Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен
кезде, әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең болады. Егер нақты табыс патенттің
қолданылу мерзімінің ішінде есеп-қисапта көрсетілген табыс мөлшерінен асып
түссе, жеке кәсіпкер бес жұмыс күні ішінде асып түскен сомаға қосымша есеп-
қисапты табыс етуге және осы сомадан салықтар төлеуге міндетті.
Оңайлатылған декларация негізіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік туралы
Қазақстан Республикасының шағын бизнесін талдау және оның даму перспективалары
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы
Шағын бизнестің клеткасы - шағын кәсіпорындар
Аграрлық өндіріс пен агробизнестің экономикалық мазмұны мен табиғи ерекшеліктері
Шағын кәсіпкерліктің белгілері мен түсінігі
Нарықтық экономика жағдайындағы шағын бизнесті ұйымдастырудың қажеттілігі мен экономикалық мәні
Шағын бизнестің Қазақстанның нарықтық экономикасындағы мәні мен маңызы
Шағын бизнестiң дамуындағы әлемдiк тәжiрибе
Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы шағын және орта бизнес секторының субъектілері мен олардың қызметтерінің жағдайы мен міндеттері
Пәндер