Күріш дақылы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Күріш дақылының зиянкестері
1.2 Күріш дақылының аурулары
1.3 Күріш дақылын өсіп . өндіру технологиясы
1.4 Химиялық тәсілдің ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Егіншілік мәдениетін арттыру өсірілетін дақылдардан мол өнім алудың негізгі кепілі болып саналады. Осы күрделі істің оңтайлы шешімін табу ауыспалы егіс жүйелерін кеңінен игерудің арқасында іске асырылмақ. Нәтижесінде біз егістік жерлерді тиімді пайдаланып, топырақтың құндылығын сақтап әрі қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға толық мүмкіндік аламыз. Күріш –жер бетіндегі ең өнімді әрі маңызды дақылдардың бірі.Әлемдегі барлық адамзаттың жартысынан көбі күріш дәнін тамақ ретінде пайдаланылады.Соның ішінде күріш аса бағалы дәнді дақыл ретінде әлемнің 110-ға жуық елдерінде 150 млн. гектар жерге егіліп, оның 90 пайызы Азияда, 4 пайызы Америкада, 2 пайызы Африкада, 4 пайызы басқа құрлықтарда өсіріледі, одан жыл сайын 400 млн. тоннадай жалпы өнім алынады. Құнды диетикалық тағам болып табылатын жармасының құрамында 7,7 пайыз ақуыз, 75,2 пайыз көмірсу 0,4 пайыз өсімдік майы, 2,2 пайыз клетчатка, 0,5 пайыз күл және 14 пайыз су болады. Қызылорда облысында Қазақстанда егілетін күріш көлемінің 80 пайыздан астамы өндіріледі. Жалпы аграрлық өндірісті тұрақтандыру –азық түлік қауіпсіздігі мен аймақтағы әлеуметтік тұрақтылығының негізі болып саналатын күріш өндірісінің тиімділігін арттыру күріш зиянкестері, аурулары және арамшөптерінің зияны 16-18 пайызға кемітуде. Күріш көгін зақымдайтын зиянкестерден ең қауіптісі - жағалық сұр шыбын, күріш масасы, арпа минері, шаян тектестерден лептестерия және щитень. Қызылорда облысында егін шаруашылығын әртараптандыру бағдарламасының аясында су тапшылығы мен топырақтың жырту қабатында тұз мөлшерінің жоғары болуы жағдайында тұзға шыдамды дәстүрлі емес дәнді дақылдар егісінің көлемін көбейту аймақтың ауыл шаруашылығы өндірісін арттырудың негізгі көзі болып саналады. Осы тұрғыда арпа дақылы бірден бір қолайлы дақыл қатарына жатады. Қызылорда облысының шаруашылықтарында арпа дақылы егілмеген. Қазіргі кезде арпаның аудандастырылған сорттарына Асем, Сауле, Арна, Жұлдыз сорттары жатады. Зерттеудің мақсаты – Қазақстандық Арал өңірі жағдайында өнімділігі мен сапасы бойынша аудандастырылған сорттарын жергілікті қоршаған ортаның тұзды топыраққа, қуаңшылыққа шыдамды арпа сорттарының өсіру технологиясын зерттеу болып табылады. Арпаның аудандастырылған сорттарының морфологиялық, биологиялық ерекшеліктерін, вегетация кезінде суару, арамшөптер, зиянкестер мен аурулардан қорғау шараларын жасау көзделуде. Тәжірибе Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының Қарауылтөбе тірек пункітінде жүргізілуде.
1. Абилдаева Ж.А., Тохетова Л.А Болезни, вридетели, сорные растения ячменя и меры борьбы с ними в условиях засоленных почв рисовых систем Казахстанского Приаралья.- Кызылорда:тұмар,2007-с.14-21
2. Тохетова Л.А., Сариев Б.С., Шермагамбетов К., Қожабаев Ж. «Диверсифиционные культуры в условиях рисовых систем Казахстанского Приаралья».-алматы,2008-с.93-94
3. Тохетова Л.А.,Сариев Б.С., Шермағамбетов к. «Қазақстандық арал өңірі күріш жүйесінің тұзданған топырағында арпа өсірудің ғылыми негізі»-//Жаршы.-Алматы.-2008.-6маусым 29-31 бет
4.Тілменбаев Ә.Т., Жармухамедова Ғ.Ә. Энтомология. Алматы, Қайнар, 1994

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Күріш дақылының зиянкестері
1.2 Күріш дақылының аурулары
1.3 Күріш дақылын өсіп - өндіру технологиясы
1.4 Химиялық тәсілдің ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Егіншілік мәдениетін арттыру өсірілетін дақылдардан мол өнім алудың негізгі кепілі болып саналады. Осы күрделі істің оңтайлы шешімін табу ауыспалы егіс жүйелерін кеңінен игерудің арқасында іске асырылмақ. Нәтижесінде біз егістік жерлерді тиімді пайдаланып, топырақтың құндылығын сақтап әрі қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға толық мүмкіндік аламыз. Күріш - жер бетіндегі ең өнімді әрі маңызды дақылдардың бірі.Әлемдегі барлық адамзаттың жартысынан көбі күріш дәнін тамақ ретінде пайдаланылады.Соның ішінде күріш аса бағалы дәнді дақыл ретінде әлемнің 110-ға жуық елдерінде 150 млн. гектар жерге егіліп, оның 90 пайызы Азияда, 4 пайызы Америкада, 2 пайызы Африкада, 4 пайызы басқа құрлықтарда өсіріледі, одан жыл сайын 400 млн. тоннадай жалпы өнім алынады. Құнды диетикалық тағам болып табылатын жармасының құрамында 7,7 пайыз ақуыз, 75,2 пайыз көмірсу 0,4 пайыз өсімдік майы, 2,2 пайыз клетчатка, 0,5 пайыз күл және 14 пайыз су болады. Қызылорда облысында Қазақстанда егілетін күріш көлемінің 80 пайыздан астамы өндіріледі. Жалпы аграрлық өндірісті тұрақтандыру - азық түлік қауіпсіздігі мен аймақтағы әлеуметтік тұрақтылығының негізі болып саналатын күріш өндірісінің тиімділігін арттыру күріш зиянкестері, аурулары және арамшөптерінің зияны 16-18 пайызға кемітуде. Күріш көгін зақымдайтын зиянкестерден ең қауіптісі - жағалық сұр шыбын, күріш масасы, арпа минері, шаян тектестерден лептестерия және щитень. Қызылорда облысында егін шаруашылығын әртараптандыру бағдарламасының аясында су тапшылығы мен топырақтың жырту қабатында тұз мөлшерінің жоғары болуы жағдайында тұзға шыдамды дәстүрлі емес дәнді дақылдар егісінің көлемін көбейту аймақтың ауыл шаруашылығы өндірісін арттырудың негізгі көзі болып саналады. Осы тұрғыда арпа дақылы бірден бір қолайлы дақыл қатарына жатады. Қызылорда облысының шаруашылықтарында арпа дақылы егілмеген. Қазіргі кезде арпаның аудандастырылған сорттарына Асем, Сауле, Арна, Жұлдыз сорттары жатады. Зерттеудің мақсаты - Қазақстандық Арал өңірі жағдайында өнімділігі мен сапасы бойынша аудандастырылған сорттарын жергілікті қоршаған ортаның тұзды топыраққа, қуаңшылыққа шыдамды арпа сорттарының өсіру технологиясын зерттеу болып табылады. Арпаның аудандастырылған сорттарының морфологиялық, биологиялық ерекшеліктерін, вегетация кезінде суару, арамшөптер, зиянкестер мен аурулардан қорғау шараларын жасау көзделуде. Тәжірибе Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының Қарауылтөбе тірек пункітінде жүргізілуде.

1.1 Күріш дақылының зиянкестері
Күріш көгін зақымдайтын зиянкестерден ең қауіптісі - жағалық сұр шыбын, күріш масасы, арпа минері, шаян тектестерден лептестерия және щитень.
Жағалық сұр шыбын Ephudra macellaria Lgg - кең тараған және күріш егістігінде қауіпті зиянкестер қатарына жатады. Жағалық сұр шыбынның зақымдау фазасы - дернәсіл. Күріш жаңа көктеп келе жатқан кезде оның өскінінің тамырын кеміреді. Зақымдалған күріш көгі судың бетіне қалқып шығады да күріш сиреп қалады. Әсіресе күріш көгінің тамыры топыраққа толық орнықпай, бір ғана тамырға ілініп тұрған кезде оның зияны көп болады. Дернәсілдің зақымдалуы барлық күріш өскіні тамырын қайшымен қиған секілді біркелкі ұзындықта болуы. Шыбынның дернәсілі күріштің су астындағы тамырлары мен сабақтарына және жапырақтарына, өткен жылдан, қалған шөптердің қалдықтарына жабысып , оны кеміре бастайды. Күріш тұқымы топыраққа сіңірілмей егілген болса, онда оған тым көп зиян келтіреді.Өсімдіктің көктеу фазасындағы зақымдалу коэффициенті 70 пайыздай, ал өнімнің азаюы 3-4 пайыз және одан да көп болады.
Күріш масасы.
Бұл - күріш егілетін барлық аудандарға әсіресе су режимі бұзылған атыздарда көп кездеседі. Күріш масасының Chironomidae тұқымдасына жататын екі туыстасы бар: Chironomus sp.және Cricotopus sp. Саны жағынан масаның ең көп кездесетін туысына Chironomus жатады.Оның басқа күріш зиянкестерінен айырмашылығы - ол себілген тұқымды, өскін жапырағын, сабақты зақымдайды. Масаның зақымдау фазасы - дернәсіл. Ол жапырақтың төменгі жағынан кеміріп жеп тек беткі жұқа қабығын қалдырады. Нәтижесінде жапырақ бұзылып жіңішке жіпке айналады және қурап қалады. Күріш масасының дернәсілі күріш өскінін түгел немесе жартылай кеміреді, соның арқасында өсімдік қурайды немесе бойы сау өсімдікке қарағанда қысқа болады. Күріштің себілген дәнін зақымдау кезінде бойына қажетінше ылғал жинаған дәннің қабығы ашылып, өскін шыққан кезде дернәсіл дәннің ішіне еніп, ұрықты түгел жеп қояды, ал эндоспермге тимейді. Осыдан кейін дән көктеу қабілетінен айырылып, өспей қалады. Бірақ сыртқы бейнесінде ешқандай өзгеріс байқалмайды. Күріш масасы өмір сүру кезеңінде ұрықтарын күріштің сабағының астыңғы жағына және атыздардың түбіне тастайды. Оңтүстік облыстарда күріш масасы үш ұрпақ, кейде тіпті төрт ұрпақ береді.
Арпа минері - Hydrellia griseola Fale Ephydridae тұқымдасына жатады.
Арпа минері Қазақстанның барлық күріш өсіретін аймақтарында кең таралған және одан ең көп зиян шегетін Қызылорда облысының күріш егістіктері. Минер үш генерацияда дамиды. Ересек түр сабан астында, өсімдік қалдығында, қыстап шығады.
Арпа минерінің зияндау фазасы - дернәсіл. Олар пайда болған бойда жапырақтың қабығын тесіп ішіне енеді де паренхимасымен қоректенеді. Дернәсілінің қоректену кезінде мина пайда болады. Жапырақтың өсуіне байланысты дақ та үлкейеді. Жапырақ бетінде бір немесе бірнеше минер болуы мүмкін. Егер жапырақта бір минер болса, ол орташа жапырақтың 15 пайызға жуық көлемінде, екі мина болса 25 пайыздай бетіне жайылады. Минердің жапырақта орналасу сипаты әртүрлі: жапырақтың негізгі жағында, ортасында және ең жоғарғы бөлігінде. Ең қауіпті зақымдалу - жапырақ негізіндегі екі немесе одан да көп минасының болуы. Осындай жағдайда жапырақ қурайды солады.
Арпа минерінің зияндылығы ауа райы жағдайымен байланысты әсіресе, жаздың салқын болуы оның зияндылығын арттырады. Дернәсілінің бірінші және екінші ұрпағы аса зиян келтіреді. Арпа минерінің зияндау коэффициенті, атыздағы судың тереңдігі 20-30 сантиметрден асса, 30 пайыздай болып, өнімнің жалпы төмендеуі 70 пайызға жетеді. Сонымен қатар зақымдалған өсімдік зақымдалмаған өсімдікке қарағанда 1-2 күндей кеш шашақтанады және аурумен зақымдалған күріш жапырағының ішіне еніп паренхимамен қоректенеді. Бір дернәсіл жапырақ тақтасының 15 пайызын, екі дернәсіл 25 пайызын зақымдайды.
Шаян тәрізділер - Crustacea
ТМД республикаларында шаян тәрізділер барлық күріш өсірілетін аймақтарда кездеседі. Кубанда А.И. Касьяновтың , А.С. Космачевскийдің, Орта Азия республикаларында К.И. Бобер, және Сборщикованың, зерттеуінен анықталған. Күріш зиянкесі ретінде щитень бірінші рет Қырғызстанда 1937 жылы, Краснодар өлкесінде және Ташкент облыстарында 1947-1949 жылдары тіркелген. Қазақстанда Tripos canciforms Scnof және Leptesteria dahalacengis Алматы және Қызылорда облыстарының күріш егістіктерінде 1967 жылы байқалды. Бұған дейін шаян тәрізділермен күріштің зақымдалуы жайлы ешқандай мәлімет болмаған.
Қызылорда облысында шаян тәрізділер бір ұрпақ береді. Олардың жұмыртқалары топырақтың беткі қабатында қыстап шығады. Күріш атыздарын суға бастырғаннан кейін 7-8 күннен соң шаян тәрізділердің дернәсілі жұмыртқадан шыға бастайды. Олардың өсіп үлкен шаянға айналуына 18-20 күн жетеді. 17-маусым мен 15-ші шілде аралығында жаппай шағылысу басталады. Шілде айының екінші онкүндігінен бастап шаян тәрізділердің жұмыртқа капсулаларынан жұмыртқаларды көріп санауға болады. Лептестерия 120-200-ге дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқа салған шаян тәрізділердің көпшілігі шілденің соңында қырылып қалады. Шаян тектестердің күрішке зияны - әлі өсіп үлгірмеген жас өскіндерді тамырымен жұлып құлатып кетеді. Сондай-ақ олар суды лайлап өскіндерге күн сәулесінің түсуін қиындатады. Күрішті щитеннің ересек жастағы дернәсіліличинкасы мен ересек имагосы зақымдайды. К.И. Бобердің (4) ойынша олар күріш өскінін кеміру арқылы зақымдайды. Арал өңірінде күріш тұқымын топыраққа сіңірмей сепкен жерде, кеш себілген және су режимі бұзылған жерде зиянкестер көп кездеседі. Ең зиянды кезеңі маусымның бірінші жартысы. Әсіресе кеш себілген күріш 2 - ден 7 пайызға дейін зақымдалады. Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының зерттеулері көрсеткендей егіс алқаптарын зиянкестерден қорғауда агротехникалық шаралармен қатар химиялық әдістерді қолдану да жақсы нәтиже береді.
Күріш бізтұмсығы - дене бітімі қамба бізтұмсығы секілді. Одан айырмашылығы қосалқы қанаттарында 2-ден қызғылт теңбілі бар. Ұшады. Күн жылығанда жылына 6 реткедейін ұрпақ береді. Қамба бізтұмсығы секілді қоректенеді, көбінесе жүгері дәні мен күріш жармасын бүлдіреді. Күрішті зиянды организмдерден қорғау жүйесінде 2 әдіс қолданылады.
Астық сабағының бүргесі - Chaetocnema aridula Gyll., Ch.hortensis Geofr. Қатты қанаттылар отрядның (Coleoptera) жапырақ жемірлер (Chrysomelidae) тұқымдасына жататын қоңыздар. Қоңыздар қола түстес немесе жасыл реңді жылтыр қара. Денесінің үстіңгі жағы дөңестеу, сандары жуан, жақсы секіреді, денесінің ұзындығы 2,5-3 мм. Дернәсілінің пішіні цилиндр тәрізді, жалпы түстері бозғылт, денелерінің ұзындығы 5 мм-ге жетеді. Қоңыздар өсімдіктің сола бастаған төменгі жапырақтарының паренхимасын кеміріп жейді. Көктем жылы және ылғалды кезең сабақ бүргелерінің дамуына қолайлы жағдай туғызатындықтан, Арал өңірінде күннің ыстық болуы олардың дамуын шектеді. Зиянкестермен зақымдану арпаның түптену кезеңінде аздап байқалады, олардың саны және егістікте кездесу тығыздығы экономикалық шектелуден асқан жоқ. Арамшөптерден алабұта, қоға, қамыс кездеседі.

1.2 Күріш дақылының аурулары.
Астықтың сызықты (сабақ) таты. Ауру республиканың барлық аймақтарында кездеседі, бірақ солтүстік бөлігінде - Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау және Ақмола облыстарында оның қаупі зор. Бұл ауру ерте себілген күздік немесе кеш егілген жаздық бидай мен күріште кездеседі. Өсімдіктің сабағында, жапырағында, оның қынабында, масақша қабыршағында, мұртшаларында сопақтау қоңыр татты бөртпелер пайда болады.
Ауру қоздырғышы - Puccinia graminis Pers.f.tritici Eriks. саңырауқұлағы паразит әр иелі, толық циклды дамиды. Аралық иесі - бөріқарақат және магония. Бөріқарақат жапырағының үстінде қоңыр дақ пайда болып, оның бетінде сары-қоңыр түсті спермагонийлер, ал дақтың астыңғы жағында түсі ақшыл-сары диаметрі 2-5 мм цилиндр немесе кесе тәрізді эцийлер түзіледі. Эциоспоралар шар тәрізді, қабығы түссіз, ұсақ-сүйелді, жоғарғы бөлігі қалыңдау. Бұл споралар дәнді дақылдардың сабағын залалдайды. Залалданған бөлікте жергілікті жіпшумақ дамып, оның үстінде урединий мен урединоспоралары түзіледі. Урединийлер қоңыр-қызыл түсті, пішіні сопақша (кейде 10 мм) көбінесе буын аралығында қатарласқан сызықшалар түрінде орналасады. Урединиоспоралары сопақтау, түсі сары-қоңыр, көлемі 26 -40 х 11-13 мкм, қабығы қоңырлау, қалың (1-3 мкм), беті тікенекті. Ол су тамшысы мен 3-300С температура аралығында (қолайлы 200С) өнеді. Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ урединоспора-лардың бірнеше ұрпағын береді. Алғашқы бір урединоспорадан миллиондаған споралар түзілуі мүмкін. Вегетация соңында урединийлердің орнында телиоспораларымен телий бөртпелер пайда болады. Телиспоралары ұзын сабақты, екі клеткалы, ұзынша шоқпар тәрізді, көлемі 25-78 х 10-24 мкм. Жоғарғы бөлігі сопақтау, кейде тегіс, жуандау, қабығы жылтыр, түсі сары-қоңыр немесе қоңыр. Ауру дамығанда эпидермис көп жерден (1500) жарылып өсімдіктің су алмасу процесі бұзылып, сабақ мерзімінен ерте қурайды. Сабақ таты қатты дамығанда астық жапырылып, өнім 6,8-50% кемиді.
Ергежейлі қара күйе. Ауру республиканың оңтүстік шығысындағы таулы аудандарда бидайды залалдайды. Кесел көбінесе теңіз деңгейінен 1000 м биіктіктегі құрғақ, тығыз топырақта шоғырланып кездеседі. Залалданған өсімдіктер аса түптеніп, көптеген сабақ (5-50 дана) түзеді. Кеселге шалдыққан өсімдіктердің биіктігі сауларынан 2-4 есе аласа болады. Залалданған масақтар тығыздау, сәл қысқалау, иректеліп орналасады. Үрпиген масақшалардағы тығыз, қатты, қара күйелі дәндері масақта терең орнығып, кейде жапырақ пішінді екі қосымшалары болады.
Ауру қоздырғышы - Tilletia controversa Kuehn. саңырауқұлағы. Телиоспоралары шар тәрізді, қабығы торланған, сыртында түссіз шырышты қабаты бар, диаметрі 19-28 мкм. Түсі қара-қоңыр, ал жиынтығы қарайып көрінеді. Телиоспоралар топырақта 2-9 жылға дейін сақталады. Саңырауқұлақ телиоспоралары жеткілікті жарық, ауа, жоғары ылғалдылық және төмен температурада (2-150С) топырақтың беткі қабатында өне бастап, өсімдік өскінін залалдайды. Сондықтан тұқым таяз себілген жағдайда өсімдік қатты залалданады. Телиоспоралар тұқымда, өсімдік қалдықтарында, топырақта, бидайық тамырларында сақталады.
Астықтың сары таты. Кесел республиканың көптеген аймақтарында кең таралған, әсіресе оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстардың тау және тау бөктері алқаптарында астықты қатты залалдайды.Аурудың белгісі өсімдіктердің масақтану кезеңінде кейде ертерек білінеді. Өсімдік жапырағында майда қызыл-сары немесе ашық-сары ұнтақты бөртпелер қатарласып, ретпен, кейде тізбектелген сызықша тәрізді орналасады. Жапырақтан басқа өсімдіктің жапырақ қынабы, кейде сабағы, қылтанағы, масақ қабыршақтары және дәндері ауруға шалдығады. Залалданған ұлпалар түссізденіп, жапырақ қурап, кейін эпидермис астында қара бөртпелер (телий бөртпелер) пайда болады.
Ауру қоздырғышы - Puccinia striiformis West. саңырауқұлағы. Қоздырғыштың дамуы жартылай циклмен өтеді. Аралық иесі белгісіз. Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ урединиоспораларының бірнеше ұрпағы түзіледі. Урединиоспоралары бір клеткалы, түсі қызыл-сары, шар тәрізді немесе сопақша, көлемі 18-32 х 14-25 мкм, қабығы түссіз, ұсақ тікенекті.

№1кесте Аурулар туралы негізгі деректер

Дакылдың аурудың және ауру қоздырғыштың аттары
Қыстайтын стадиясы қыстайтын
жері
Инфекцияның
Көзі жиналатын жері
Зақымдалатын бөліктері аурудың белгілері
Өсімдіктің дамуын ескеріп дәрілерді қолдану мерзімі
Астықтың сызықты (сабақ) таты. Puccinia graminis Pers.f.tritici Eriks.
Телоспоралар өсімдік қалдықтарында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күріш дақылының ауруларын анықтау
Күрішті өсіру, күту технологиялары
Күріш және күріш суы
Күріш ауыспалы егіс жүйесі
Күздік бидай және қара бидай
Күріш тамырының жүйесі - шашақ тамыр
Паразиттік арамшөптер
Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи музейі
Қазақстандық шығыс Арал өңірінің географиялық орны мен геоморфологиясы
Күріш дақылының биологиялық ерекшеліктері
Пәндер